Стратегическое управление

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2013 в 22:22, отчет по практике

Краткое описание

Ауылшаруашылығы саласы – ел экономикасының негізгі буыны, ежелден келе жатқан бар байлығымыздың бастауы. Халықтың әл-ауқатының жақсаруы негізінен әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақтануы және дамуымен тікелей байланысты. Осыған байланысты, қазіргі қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдай ғылыми тұрғыда терең зерделеуді, саланы кешенді дамытудың жолдары туралы жан-жақты дәлелденген қорытындылар мен байыпты ғылыми тұжырымдар жасауды талап етеді.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................3
1 «Новокубанское» ЖШС қызметінің ұйымдастыру-шаруашылық жағдайы........................................................................................................................5
1.1 «Новокубанское» ЖШС-нің жалпы сипаттамасы.............................................5
1.2 Кәсіпорынның ұйымдастырушылық-құқықтық формасы мен атқаратын қызметтері....................................................................................................................8
2 «Новокубанское» ЖШС экономикалық қызметтері және қаржы- шаруашылық жағдайын талдау................................................................................12
2.1 «Новокубанское» ЖШС-нің шаруашылық жағдайы мен экономикалық даму деңгейін талдау.................................................................................................12
2.2 Кәсіпорынның өндірістік негізгі құралдармен қамтамасыз етілуі және оларды тиімді пайдалануын талдау.........................................................................13
2.3 Табыстарды, пайданы және кәсіпорын рентабелділігін талдау.....................17
2.4 Еңбек ресурстарын пайдалану және еңбек ақы қорын талдау........................24
2.5 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау...................................................28
3 Кәсіпорындағы стратегиялық басқаруларды ұйымдастыру..............................31
Қорытынды.................................................................................................................43

Прикрепленные файлы: 1 файл

ОТЧЕТ!!!.docx

— 151.58 Кб (Скачать документ)

Жұмысшылардың сапалық құрамындағы өзгерістер жұмыс күшінің қозғалысының әсерінен болады, сол себепті талдау барысында  еңбек ресурстарының қозғалысына  баға беру керек.

Жұмыс күшінің  қозғалысына баға беру үшін келесідей  көрсеткіштердің динамикасы қолданылады:

Кесте 18 - 01.01.2011 ж. кезеңіне дейін жұмыс күшінің қозғалысына баға беру

Көрсеткіштер

Есептеу жолы

Мәні

Құрылымы

1

Жұмысқа қабылдау бойынша  айналым коэфициенті

Жыл ішіндегі жұмысқа қабылданғандар саны / Орт.ж.тізімдік жұмыскерлер санына

Жұмыскерлердің орт.ж.санының  қанша пайызы жұмысқа қабылданғанын  сипаттайды

7,5%

2

Жұмыстан босату бойынша  айналым коэфициенті.

Жыл ішіндегі жұмысты босатқандар  саны /Орт.ж.тізімдік жұмыскерлер санына

Жұмыскерлердің орт. санының  қанша пайызы осы жұмыстан босатылғанын сипаттайды

4,2%

3

Кадрлардың  ағымдылық  коэфициенті.

Өз еркімен және еңбек  тәртібін бұзған үшін босатылғандар  саны / Орт.ж.тізімдік жұмыскерлер санына

 

4,2%

4

Кадрлардың тұрақтылық коэфициенті

Жыл бойы тізімдік тұрақты  саны / Орт.ж.тізімдік жұмыскерлер санына

Жұмыскерлердің орташа санының  қанша пайызы жыл бойы тізімде  тұрақты тұрғандығын сипаттайды

84,6%


Кестені талдау барысында, кәсіпорын кадрларының ағымдық коэффициенті 4,2 пайызды құрап, бөлімшелер арасындағы ауысым үрдісінің қарапайым серіктестіктердегідей көрсеткіште тұрғанын байқаймыз, сонымен бірге кәсіпорынның тұрақты жұмыс атқаратын  жұмыскерлердің үлесі 84,6 пайызды құрап отыр. Бұл деген жұмыс күшінің қозғалысының оң  бағыта екенін көрсетіп отыр.

 

 

2.5 Кәсіпорынның қаржылық  жағдайын талдау

 

Бизнесті қажетті қаржы ресурстарымен  қамтамасыз ету кез келген кәсіпорын  қызметінің анықтаушы факторы болып  табылады. Кәсіпорын басшылығы қонақ  үйінің  қызметі ресурстардың қандай көздерінен қаржыландырылатынын және капитал қандай іске салынатынын нақты білуі қажет.

Кесте 19 - Тұрақтылық коэффициенті

Көрсеткіштердің атауы

Ұсынылатын мән

2010

2011

2012

Қаржы тәуелсіздігі коэффициенті (Баланс валютасындағы меншікті капитал  үлесі) = (Меншікті капитал) / (Баланс валютасы)

>= 0.5

0,5

0.5

0.5

Қаржы қарбаластық коэффициенті (Баланс валютасындағы қарыз қаражаттарының үлесі) = (қарыз капиталы) / (Баланс валютасы)

<= 0.5

0,9

0.5

0.5

Берешек коэффициенті  (қарыз  және меншікті қаражат арасындағы ара  қатынас) = (Қарыз капиталы) / (Меншікті капитал)

0.67

0,9

0.8

1.1

Өзін-өзі қаржыландыру коэффициенті  (Меншікті және қарыз қаражатарының  ара қатынасы) = (Меншікті капитал) / (Қарыз капиталы)

>= 1.0

1,0

1.2

0.9

Меншікті айналым қаражаттарымен қамтамасыз етілу коэффициенті  (Айналым активтеріндегі меншікті айналым  қаражаттарының үлесі)

>= 0.1

0,6

0.3

0.4

Маневрлік  коэффициент (Меншікті капиталдағы меншікті қаражат үлесі)

>= 0.5

1,0

1.0

1.0




 

Қаржы тәуелсіздігі коэффициентінің мәні сыртқы қаржыландыру көздерінен мүмкін тәуелділік деңгейді көрсететін ұсынылатын 0,5 деңгейде тұрады. Шеттен алып пайдалану дәрежесін  сипаттайтын қаржы қарбаластық  коэффициенті де ұсынылатын шекте сақталып қалады.

 

Кесте 20 - Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық көрсеткішін есептеу тәсілі

 

Көрсеткіштер

Мәні

Есептелуі

1.Қаржылық тәуелсіздік

Жиынтық капиталдағы меншік капитал үлесі

665586/1342089

614303/1377661

2.Қаржылық тәуекелділік

Жиынтық капиталдағы заемдық  капитал үлесі

326739/1342089

556274/1377661

3.Төлем қабілеттілік

Заемдық капиталдың 1 теңгесіне  келетін меншікті капитал

665586/326739

614303/556274

4.Қаржылық тәуекел

Меншікті капиталдың 1 теңгесіне  келетін заемдық капитал

326739/665586

556274/614303

5.Қаржылық тұрақтылық

Жиынтық капиталдағы  меншікті капитал мен ұзақ мерзімді міндеттемелердің үлесі

665586+349764/

1342089

614303+207084/

1377661


 

Берешек коэффициентін көбейтуді және өзін-өзі  қаржыландыру коэффициентін төмендетуді  Ұлттық қор қаражаты есебінен ауыл шаруашылығын жеңілдікті ұзақ мерзімге қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылатын мемлекеттік қолдауды күшейту позициясынан бағалаған  жөн. Қарыз қаражаттары құрылымының  өзгеруін ескере отырып, Ұлттық қор  қаражаты есебінен сырттан алып пайдалану  үлесі көбейгенде, аталған коэффициенттер қылығы мүмкін болып саналады. Маневрлік  коэффициент жалғыз акционер тарапынан  жарғылық капиталға салынатын жыл  сайынғы инвестицияның арқысында  тұрақты.

 

Кесте 21 - Өтімділік коэффициенті

Көрсеткіштер атауы

Ұсынылатын мән

2009

2010

2011

Ақша қаражаттарының және қысқа  мерзімді қаржы салымдарының ағымдағы пассивтерге қатынасына тең абсолюттік өтімділік коэффициенті

>= 0.2

0.21

0.57

0.64

Өтімділігі жоғары ағымдағы активтердің  ағымдағы пассивтерге қатынасына тең  шапшаң «шұғыл) өтімділік коэффициенті.

0.5 - 0.8

2.03

3.04

3.52

Ағымдағы активтердің ағымдағы пассивтерге қатынасына тең ағымдағы өтімділік коэффициенті

1.5 - 2.5

2.10

2.47

2.88


 

Өтімділік коэфициенттері әрқашан резервтерінің жоғары деңгейімен сипатталатын, бұл ауыл шаруашылығына байланысты көтеріңкі тәуекелдік дәрежесін есепке ала отырып, дәлелденген. Компания мәртебесі экономиканың басқа салалары бойынша әртараптандыру мүмкіндігінсіз аграрлық сектордағы қызметтің орталықтандырылуын алдын ала анықтайды. Инвестицияның әлеуметтік бағыттылығы инвестициялау объектілерін іске қосу ұзақтығымен шарттасылған ақша қаражаттарын салу мен оларды қайтару арасындағы ұзақ уақытша алшақтықпен сипатталатын мемлекеттік маңызы бар жобалар бойынша жеңілдікті шарттардың берілуін көздейді.

 

Кесте 22 – Мал шаруашылығының қаржылық нәтижесі

 

 

Көрсеткіштер

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

Тізбекті ауытқу (+;-)

1.

Мал шаруашлығына жұмсалған  шығындар, мың тг

15251,9

20721,7

24886,1

5469,8

4164,4

2.

Шығарылған өнім құны, мың  тг

8899,8

11362,9

26262,3

2463,1

14899,4

3.

Пайда (зиян), мың тг

-6352,1

-9358,8

1776,2

-3006,7

7582,6


 

22 -  кестеде мал шаруашылығы продукциясың өткізу 2010-2011 жылдары теріс нәтижемен шыққанын көріп отырмыз. Тек 2012 жылы оң нәтиже берді — 1176,2 құрады. Бірақ, атап кеткендей бұл тым аз мөлшер. Яғни бұл салада оң нәтиже алу үшін үлкен комплекстік шешімдер қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 Кәсіпорындағы стратегиялық басқаруларды  ұйымдастыру

 

Стратегия ең алдымен өндіріс деңгейіндегі ағымды басқарумен жоғары деңгейдің  айырмашылығын көрсетеді. Оның көптеген анықтамалары бар. Мысалы: стратегия  – дамудың жалпы бағыты, басқарудың жоғары деңгейіндегі шешімдерді талап  ететін әлуетті қызмет. Стратегиялық басқару дегеніміз – ол ұйымдардың қоршаған ортамен өзара қатынастарын басқару барысындағы ұйымдардың мақсатын жүзеге асыру миссиясы. Стратегиялық басқару – ол ұйымның өз алдына қойған мақсатына жетудегі шешімдер жиынтығы мен әрекеттері. Стратегия  – ол негізгі мақсаттарға қол  жеткізудегі басымды мәселелер  мен ресурстарды анықтаудағы  әрекеттердің бас бағдарламасы.

Стратегиялық басқаруға өтудегі  негізгі мақсат жоғары басқарудың көңілін  өз мүддесіне аудару және онда болып  жатқан үдерістерді реттеу. Қазіргі  менеджментте стратегиялық және тактикалық аспектілерін атауға болады. Стратегиялық мәселелерге ұйымның мақсаты, оның негізгі әрекеттік түрлері мен  бағыты, одақтастары мен қарсыластарын, өз артықшылықтарын анықтау жатады. Құжаттардың айналу технологиясы, өнімді тұтынушылармен жүргізілетін әрекеттерді  тактикалық мәселелерге жатқызуға  болады.

Стратегиялық басқарудың нысандарына  коммерциялық фирмалар, аймақтар, ел, шағын  кәсіпорындар және тағы басқалар жатады. Стратегиялық басқарудың субъектілеріне ұйымдық басқару жатады. Мұнда  басқарудың жүйелік субъектілері бар, олар әр деңгейде қызмет етеді. Мысалы, корпоративті стратегия, бизнес стратегиясы (жеке бизнес түрлері), функционалды стратегия (жүзеге асыру стратегиялары).

Стратегиялық менеджменттің негізгі  мазмұнын мыналар құрайды: фирма  бизнесін белгілеу мен негізгі мақсатын анықтау; фирманың сыртқы ортасын талдау; оның ішкі жағдайын талдау; фирманың шаруашылық аймағы деңгейінде стратегияны таңдау мен дайындау; әртараптандырылған фирманың портфелін талдау; оның ұйымдық құрылымын  жобалау; компания стратегиясы мен  нәтижелерінің кері әсерін қамтамасыз ету; стратегияны, құралымды және басқаруды  жетілдіру.

Ұйымдастыру деңгейінің негізгі түрлері: корпорациялық деңгей; стратегиялық қожалық ету аймағының деңгейі; функционалдық деңгей: төменгі деңгейдегі менеджмент (оперативтік стратегия).

Қазақстан тәуелсіз дамуының 20 жылында  айтарлықтай экономикалық өсуге  қол жеткізді. Қазақстан Республикасының  нарықты экономикасын әлемдік қоғамдастық  мойындады. Соңғы бірнеше жылдар ішінде орталық пен аймақтардың  өзара қарым-қатынастарында басқарудың тиімді формаларын іздестіруде бірнеше  өзгерістер болды. Осылайша кәсіпорынды  дамытуды басқарудың міндеттерін шешу, тиімді экономикалық ортаны қалыптастыру мәселесін қарастыруға және кәсіпорынның дамуын қамтамасыз ететін басқарушылықтың  маңызды элементтерінің бірі болып  стратегиялық басқару негізделеді.

Стратегияның негізгі мәні –  бизнесті қоршаған ортаға бейімдеу. Тек  осы жағдайға сәйкес болғанда ғана аман қалып және әрі жақсы дамуына  мүмкіндің болады. Стратегияны үдеріс ретінде қарастыруға оның үш белгіленген  сатылары дәлел болады: стратегиялық талдау, стратегиялық таңдау, стратегия  мен менеджменттің іске асуы.

Стратегиялық талдаудың негізгі  мақсаты ақпарат жинау. Бұл талдаудың  ішкі және сыртқы екі кезеңі бар. Негізгі  мақсаты талдаудың күшті және әлсіз жақтарын анықтау мақсатында ішкі талдау жүргізіледі. Стратегиялық таңдау талдаудың нәтижелерін зерттеуден басталуы керек. Стратегия мен менеджментті іске асыру стратегиялық талдау мен  таңдауға қарағанда әлдеқайда қиындау  үдеріс.

Ең алдымен, ұзақ мерзiмдi перспективадағы кез келген кәсiпорынның табысты қызметi дұрыс стратегия, бiлiктi басшылық, бағалы қорлар, өткiзу нарықтарының бар болуынан, сонымен  бiрге инвестициялық капиталға  рұқсаттың мүмкiндiктерiне тәуелдi болады. Қазақстан үшiн ағымдағы мерзiмнiң  өзектi мiндетi бұл – объективті факторлардан туындаған күрделі саяси, экономикалық жағдайларда экономикалық дамудың  тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Стратегиялық басқару теориясында  да, күнделікті тәжірибеде де микродеңгей  шешуші объект болады. Кәсіпорынды, жеке өндіріс түрін, әрі қоғамның экономикалық бет-бейнесін жасайтын заттай-материалдық  құндылықтарды өндіретін салаларды  басқару объективті қажеттілік болып  табылады. Яғни басқарудың осы деңгейі  барлық басқару жүйесінің басты  назарында ұстайтын объектісі болуы  керек.

Кәсіпорындарды басқару ісі  барлық экономикалық байланыстар мен  қатынастардың жиынтғын толық қамти  алмайды. Өндірісті басқарудың ғылыми сипатында кәсіпорын халық шаруашылығының біртұтас жүйесін құрайтын қоғамдық басқа да өндірістік және тұтынушы ұяшықтарымен бірге қарастырылады.

Кәсіпорынның экономикалық стратегиясының теориялық және тәжірибелік жақтарын зерттеумен айналысқан экономист-ғалымдардың  көзқарастарын жалпылай келе, біздің пікірімізше: «Экономикалық стратегия – кәсіпорынның экономикалық мақсаттарын, саясатын және іс-әрекеттерін үйлестіретін үлгі немесе жоспар» - деп тұжырымдауға болады.

Кәсіпорынды басқарудың әр түрлі деңгейлеріндегі  экономикалық стратегия өз мақсаттары бойынша алуан түрлі болады. Олар басқару деңгейлерінің әр түрлі стратегиялық бағыттарымен, сондай-ақ экономикалық категориялардың бірі-бірінен өзгеше қызметтерімен ерекшелінеді (сурет 3). 

 

 

 

 

 

 

 


 


 



 

Инвестициялық

Өндірістік

Маркетингтік

 

Бәсекелестік

Инновациялық




 



 

 

Сурет 3 -  Кәсіпорынның жалпы стратегиясындағы экономикалық стратегияның ролі мен орны

 

Кәсіпорынның экономикалық стратегиясының дұрыс жүргізілуі көптеген факторларға тәуелді болып келеді. Зерттеу жұмысымызда экономикалық стратегияға ықпал етуші факторларды былай топтастырамыз: сыртқы және ішкі факторлар.

Информация о работе Стратегическое управление