Стратегическое управление

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2013 в 22:22, отчет по практике

Краткое описание

Ауылшаруашылығы саласы – ел экономикасының негізгі буыны, ежелден келе жатқан бар байлығымыздың бастауы. Халықтың әл-ауқатының жақсаруы негізінен әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақтануы және дамуымен тікелей байланысты. Осыған байланысты, қазіргі қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдай ғылыми тұрғыда терең зерделеуді, саланы кешенді дамытудың жолдары туралы жан-жақты дәлелденген қорытындылар мен байыпты ғылыми тұжырымдар жасауды талап етеді.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................3
1 «Новокубанское» ЖШС қызметінің ұйымдастыру-шаруашылық жағдайы........................................................................................................................5
1.1 «Новокубанское» ЖШС-нің жалпы сипаттамасы.............................................5
1.2 Кәсіпорынның ұйымдастырушылық-құқықтық формасы мен атқаратын қызметтері....................................................................................................................8
2 «Новокубанское» ЖШС экономикалық қызметтері және қаржы- шаруашылық жағдайын талдау................................................................................12
2.1 «Новокубанское» ЖШС-нің шаруашылық жағдайы мен экономикалық даму деңгейін талдау.................................................................................................12
2.2 Кәсіпорынның өндірістік негізгі құралдармен қамтамасыз етілуі және оларды тиімді пайдалануын талдау.........................................................................13
2.3 Табыстарды, пайданы және кәсіпорын рентабелділігін талдау.....................17
2.4 Еңбек ресурстарын пайдалану және еңбек ақы қорын талдау........................24
2.5 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау...................................................28
3 Кәсіпорындағы стратегиялық басқаруларды ұйымдастыру..............................31
Қорытынды.................................................................................................................43

Прикрепленные файлы: 1 файл

ОТЧЕТ!!!.docx

— 151.58 Кб (Скачать документ)

 

Осы кестенің мәліметтерінен  ең маңызды  жайт – ол 2012 жылы 1 тн астықтың өзіндік құны, тг 31739 тг құрады. Бұл 2011 жылға қараганда 13951 тенгеге қымбаттағанын көріп отырмыз. Бұл әрине, соңғы өнімге тікелей әсер ететін барлық қызметтер мен іс-әрекеттердің, материалдардың күрт қымбаттауына байланысты болып отыр.

Кесте 14 - Табыс және шығыс есебі, мың теңге

Көрсеткіштердің атауы

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

Өнім өткізу мен қызмет көрсетуден түскен табыс 

622 151

481 317

427 039

Өткізілген өнім мен көрсетілген  қызметтің өзіндік құны

488 592

395 663

367 911

Жалпы пайда 

133 559

85 654

59 128

Қаржыландырудан түскен табыс 

2 942

3 071

1 447

Басқа табыстар

109 768

99 777

60 861

Өнім өткізу мен қызмет көрсетуге кеткен шығындар 

6 097

7 125

10 203

Әкімшілік шығындар 

50 312

54 715

45 324

Қаржыландыруға кеткен шығыстар 

32 743

49 658

56 610

Басқа шығындар 

19 283

8 870

8 747

Үлестік қатысу әдісімен есепке алынған ұйым пайдасының/шығынының  үлесі

     

Жалғасып келе жатқан әрекет кезеңіндегі пайда (шығын) 

137 834

68 134

552

Тоқтатылған әрекеттен келген пайда (шығын) 

     

Салық салуға дейінгі пайда (шығын)  

137 834

68 134

552

Корпоративтік табыс салығы бойынша шығындар 

2 260

788

 

Азшылық үлесін шегерген кезеңге  дейінгі қорытынды пайда (шығын)

135 574

67 346

552

Азшылық үлесі 

     

Кезеңдегі пайда (шығын)  

135 574

67346

552


 

ROA активтерінің табыстылық (рентабельділілік) көрсеткіші кез келген компанияның активтерін пайдалану тиімділігін сипаттау үшін ең маңызды көрсеткіштердің бірі болып табылады. Басқа қаржы ұйымдарымен салыстырғанда, активтерінің рентабельділік көрсеткіші едәуір төмен, бұл жарғылық мақсаты активтерінің жоғары табыстылығы емес, республиканың аграрлық секторын жеңілдікті қаржыландыру болып анықталған Компания қызметінің ерекшелігене байланысты.

Осыған  байланысты негізгі қызметі бойынша  Компания табыстылығының деңгейі ауыл шаруашылық тауар өндірушілер үшін лизинг бойынша төмен (жеңілдікті) сыйақы мөлшерлемесін белгілеумен алдын  ала анықталған.

 

 

 

2.4 Еңбек ресурстарын пайдалану және еңбек ақы қорын талдау

 

Еңбек ресурсы – кез  келген кәсіпорынның басқарушысы үшін қамқорлық жасау мен назар  аударудың басты және тұрақты  объектісі болып табылада. Өйткені, соңғы нәтиже адамдардың біліктілігі  мен жұмыс істеу қабілеттілігіне  байланысты болады. Техникалық және технологиялық  ақауларды шешу жұмыскерлер коллективінің  ішіндегі конфликті шешуден оңай болып келеді.Адамдар өндіріс  механизміндегі «болт» емес, сондықтан  ақылды басқарушы әрбір жұмыскердің  мінезін, жеке бағыттарын және психологиялық  қалауын ескеру керек.

Еңбек ресурсының ең белсенді бөлігі жұмыс күші болып табылады. Жұмыс күші дегеніміз адамның  қажет заттарды құрудағы қолданатын физикалық рухани қабілеттіліктің  жиынтығы. Яғни, адамның еңбек процесінде физикалық және рухани қабілеттілктері  іске асқанда ғана еңбек ресурсы  жұмыс күшіне айналады.

Еңбек ресурсының құрамына қоғамдық өндірістегі жұмыскерлер, сонымен қатар еңбек процесіне  қатыспайтын, бірақ сәйкес келетін  жағдайда өнім өндірісінде қолданылуы мумкін тұрғындар бөлігі кіреді.

Еңбек ресурстарын басқарудың аясында  еңбек ресурстарын қалыптастыру мен дамыту, еңбек үрдісінің сапасын  жоғарлату кәсіпорынның алға қойған мақсаттарына жету мен бәсекеде артықшылыққа ие болуының негізгі факторы.

Кәсіпорында өндірістік үрдісін еңбек ресурсымен қамтамасыз ету үш кезеңнен тұрады:

  1. кәсіпорынның барлық құрылған бөлімшелердегі жұмысшылар саны мен біліктілігін анықтау.
  2. ағымдық және болашақтағы жоспарларды орындау үшін қажетті персоналдың саны мен сапалық құрамы жоспарланады.
  3. Еңбек ресурстарын қалыптастыру болашақтағы кадрларға қажеттілікті қамтамасыз ету жоспарын дайындау мен жүзеге асырумен анықталады.

Еңбек ресурстарын  талдаудың мақсаты:

  • кәсіпорынның еңбек ресурстарын сандық және сапалық параметрлер бойынша қамтамасыз етілуін талдау;
  • еңбек ресурстарды пайдалану көрсеткіштерін талдау;
  • еңбек ресурстарын неғұрлым тиімді пайдалану жолдарын анықтау.

Кәсіпорынның  еңбек ресурстармен қамтамасыз етілуі нақты жұмыскерлер  санын жоспарлы қажеттілікпен салыстыру арқылы жүзеге асырылады.

Еңбек ресурстарын  талдау, яғни кез-келген кєсіпорынның негізгі ресурсын пайдалануды талдау бүкіл шаруашылық үрдісінің тиімділігіне, сондай-ақ экономикалық өзге ресурстарды  пайдалану тиімділігіне түбегейлі  әсер етеді.

Шаруашылықтың тиімді жұмыс істеуі оның сапалы жұмыс  күшімен қамтылуына байланысты. Себебі шаруашылықта сапалы жұмыс күшінің  болуы шаруашылықтың өндіріс  нәтижесінен мол өнім мен пайда  алуға қол жеткізеді.  Еңбек қоғам байлығының көзі және адамзаттың материалдық рухани игілігін құраушы басты фактор болып табылады. Адамның мақсатты іс-әрекеті ретінде еңбек процесі бірнеше кезеңдерді қамтиды: жеке еңбек, еңбек заты, еңбек құралы және еңбек нәтижесі. Кәсіпорында еңбек ресурстарының жақсартуға арналған іс-шаралар жиі жүргізіледі, ол еңбек өнімділігін көтеруге тікелей өз әсерін тигізеді.

Кәсіпорынның  еңбек ресурстармен қамтамасыз етілуі нақты жұмыскерлер  санын жоспарлы қажеттілікпен салыстыру арқылы жүзеге асырылады.

 

Кесте 15 - Еңбек ресурстарының құрамы мен құрылымы

Көрсеткіштер

Жылдар

2010

2011

2012

адам

%

адам

 

адам

%

Жалпы жұмыскерлер саны

179

100

193

100

196

100

О.і.: қызметкерлер

50

27,93

46

23,83

35

17,86

жұмысшылар

129

72,07

147

76,17

161

82,14

О.і.: өсімдік шаруашылығы

73

40,78

78

40,41

79

40,31

мал шаруашылығы

26

14,53

23

11,92

25

12,76

МТЖ

8

4,47

8

4,15

6

3,06

Автогараж

15

8,38

16

8,29

17

8,67

АУП

9

5,03

5

2,59

7

3,57

Басқа да бөлімшелер

48

26,82

63

32,64

62

31,63


 

15-кестеден көріп отырғанымыздай шаруашылықта еңбек ресурстарының ең төмендеп кеткен жылы 2010 жыл. 2011 жылды 2010 жылмен салыстырғанда 14 адамға немесе 7,8 пайызға артқан. 2010 жылы шаруашылыќтаѓы жұмысшылар саны 179 адам, бұның ішінде ең көп үлесті негізгі өндірісі өсімдік шаруашылығы болған соң 73 адамға немесе 40,7 пайызға, одан кейін көмекші офис қызметкерлері 50 адам немесе 30 пайызды құрады.

Ал 2011 жылы жұмыскерлер саны артқан, бұған себеп өсімдік шаруашылыѓында астыққа сұраныстың болуынан. 2012 жылы жұмыскерлердің жалпы саны 196-ға жетті. Бұл 2010 жылға қарағанда 17 адамаға артық, яғни 9,5 % артық.

Ауыл  шаруашылығында еңбек өнімділігі қызметкерлердің  өнімінің белгілі бір мөлшерін, жұмыс  уақыты мөлшеріне осы саланы өндірісте  істейтін бір қызметке шаққанда тұтыну құнының белгілі бір өндіру қабілетін білдіретін манызды экономикалыќ категория болып табылады.

 Жұмыс  күшінің қайтарымы  еңбек өнімділігімен  сипатталады. Ауыл шаруашылығы  өнімін өндіруді жақсарту үшін  қолданылатын ресурстар санын  көбейту есебінен немесе оларды  пайдаланудың экономикалық тиімділігін  жоғарлату арқылы қол жеткіземіз.

 

Кесте 16- Еңбек ресурстарын пайдаланудың тиімділік көрсеткіштері

 

Көрсеткіштер

Жылдар

2010

2011

2012

Өндірістегі орташа жылдық жұмыскерлер саны, адам

179

193

196

Барлық жұмыскерлердің жылына істеген күндері, күн

52299

51239

53563

Барлық жұмыскерлердің жылына істеген сағаттар, сағат 

443790

420031

423271

Орташа жұмыс күнінің  ұзақтығы, сағат

8,5

8,2

7,9

Жалпы өнім құны, мың тг

384642

330712

202360

Өндірістегі 1 жұмыскердің  орташа жылдық өнімділігі, мың тг

2148,84

1713,53

1032,45


 

16-кестеден көріп отырғанымыздай 2012 жылы 2010 жылмен салыстырғанда өндірістегі орташа жылдық жұмыскерлер саны 179 адамнан 196 адамға, яғни 17 адамға өсіп отыр. Сонымен қатар барлық жұмыскерлердің 1 жылда істеген күндері де 52299 күннен 53563 күнге, яғни 1264 күнге өсті. Осының салдарынан кәсіпорындағы жалпы өнім құны 384642 мың теңгеден 202360 мың теңгеге, яғни 182282 мың теңгеге өскенін байқауымызға болады. Бірақ жұмыскерлердің орташа санының 2012 жылы 17 адамға өсуіне орай өндірістегі 1 жұмыскердің орташа жылдық өнімділігі 2010 жылмен салыстырғанда 2012 жылы 1116,39 мың теңгеге қысқарды

 

 

 

 

Кесте 17 - Еңбекақы қоры, мың тг

Көрсеткіштер

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

сомасы, мың тг

үл. сал., %

сомасы, мың тг

үл. сал., %

сомасы, мың тг

үл. сал., %

 

Еңбекақы қоры

69684

100

70042

100

66663

100

1.

О.і.: өсімдік шаруашылығы

21455

31

33630

48

19885

30

2.

мал шаруашылығы

5410

8

7222

10

6807

10

3.

МТЖ

3715

5

2368

3

3311

5

4.

Автогараж

5229

8

6985

10

4279

6

5.

АУП

7964

11

8575

12

8242

12

6.

Басқа да бөлімшелер

25911

37

11262

17

24139

37

 

Орта тізімдік саны, адам

178

х

193

х

179

х

 

Орташа айлық еңбек  ақы

33378

х

30243

х

30926

х


 

Орташа жалақының  ең жоғары мөлшері 2010 жылы байқалған. Ол — 33378 тенгені құрады. 2012 жылғы орташа еңбекақы мөлшері — 30926 тенгені құрады. Бұл 2010 жылға қарағанда  2452 тг кем, яғни 7,4% -ға төмендеген.

Информация о работе Стратегическое управление