Тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартудағы аймақтық басқарудың тиімділігін жоғарылату

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Мая 2013 в 14:01, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі мыңжылдықтың басынан бастап әлемде орын алған ғаламдық оқиғалар сондай-ақ, қызығушылықты күшейту үшін серпін берді. Өмір деңгейі және сапасы мәселелері кенет қазіргі заманғы мемлекет үшін барынша маңызды мәселелердің бірі болды. Әлемдік дағдарыс нәтижесінде халықтың негізгі көпшілігінің өмір деңгейі мен сапасының төмендеуі жалпы бірқатар араб елдерінің басқарушы режимдері тақтан тайған оқиғаларға алып келді. Өңірдегі жағдайдың одан әрі тұрақсыздануы өмір сапасының одан әрі құлдырауына әкеп соқты.

Прикрепленные файлы: 1 файл

диплом.docx

— 687.62 Кб (Скачать документ)

Халықаралық рейтингтердің  объективтілігіне  осындай компаративтік  зерттеулерде жеке мемлекеттердің ерекшелігін  ескермейтін сыңаржақ рәсімдердің  жиі пайдаланылуы әсер етеді, ал қорытындылар барлық елдерге таралады.

Осылайша, мұндай зерттеулерге жергілікті ерекшелікті ескере отырып, байыппен қарау керек жеген қорытынды  шығады.

Өмірсапасының деңгейін анықтайтын халықаралық рейтингтердің көрсетілген  кемшіліктеріне қарамастан басқа мемлекеттермен салыстырғанда елдің дамуын объективті бағалауға мүмкіндік беретін  салыстырмалы талдауға жүгінбеуге болмайды. Сондықтан ағымдағы жылдың шілдесінде үкімет отырысында Еңбек және халықты  әлеуметтік қорғау министрі мәлімдегендей  Қазақстанда Өмір сапасының стандарты  енгізілетіндігі таң қалатын  жағдай емес. Оның айтуы бойынша  ағымдағы жылы Қазақстанда Өмір сапасының  стандартын енгізу шеңберінде халықаралық  сарапшылардың қатысуымен ең төменгі  әлеуметтік стандарттарды жетілдіруге  бағытталған зерттеулерді жүргізуді  аяқтау жоспарланады. Зерттеулердің  нәтижелері бойынша ең төменге әлеуметтік стандарттар ең төменгі күнкөріс деңгейі, ең төменгі жалақы мөлшерлері, зейнетақылар, әлеуметтік жәрдемақыларды жетілдіру бойынша тұжырымдама  жобасы дайындалатын болады.

Бұл шешімде қолдау ретінде  қазіргі заманғы мемлекет тек  қана оның экономикалық саясаты азаматтардың өмір деңгейі және сапасының өсуіне өзінің бағдары болу шартымен дамуы  мүмкін екендігі туралы деректемені  келтіруге болады. Адам капиталы теориясына сәйкес халықтың еларалық көші-қоны қоныстанушының болжанатын қоныстану ауданында  оларды өзгерту мүмкіндігімен қолда  бар өмір деңгейі және сапасын  ұтымды салыстыруына және мұндай қоныс  аударудан күтілетін пайданы  бағалауына негізелген. Мемлекеттің  азаматтарына өмірдің қанағаттанарлық  деңгейін және сапасын қамтамасыз етуге  қабілетсіздігі осылайша, «ми ағысы» нысанында теріс көші-қон теңгерімін қалыптастырады. Соңғысы ең алдымен, еңбек ресурстарының сапасында  теріс көрініс табады және экономикалық өсу және экономиканың шикізат бағытынан  кету перспективаларын болдырмауы мүмкін. Осы теорияны бүгінде Қазақстанда  сыртқы көші-қон сальдосы біршама  жылдар ішінде оң шамаға ие болғандығы растайды. Мәселен, 2011 жылдың қорытындылары  бойыншаелге 38 004 адам кірген, ал кері бағытта 32 902 адам шыққан, көші-қонсальдосы осылайша, 5 102 бірлікті құрады [30]

Қазақстандағы өмір сапасын  сипаттайтын позицияларды қарастыруды  жалғастыра отырып, халықтың білімділік деңгейі сияқты көрсеткішті атап өтпеуге болмайды. Қазақстанда халықтың біліммен қамтылуы кеңестік білім жүйесінің  құлдырау сәтіндегі жай-күйі бойынша  шамамен 95 пайызды құрады, және бұл  көрсеткіш бойынша ел Әлемнің  дамыған мемлекеттерімен қатарласты. Алайда тәуелсіздік жылдарының басында  жүйенің жеткілікті қаржыландырылмауының ауыр кезеңінен кейін 2000-жылдардан  бастап мемлекет білім жүйесіне шығындары  жыл сайын өсіп отырғандығын ескеру керек. Мұның себебі сондай-ақ, КСРО-ның  құлауы және экономикалық көрсеткіштердің  күрт төмендеуі болды. Қазіргі уақытта  білім беру жүйесінің негізгі  міндеті білім сапасын көтеру болып табылады. Осы міндетті шешу әдістерінің бірі әлемдік стандарттарға, оның ішінде 12 сыныптық оқыту жүйесіне өту болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы  халықтың өмір сапасын талдау және бағалау мақсатында мемлекеттік  даму бағдарламаларын, оның ішінде «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты векторы» атты ҚР Президентінің Жолдауын  іске асыру мақсатында қабылданған стратегияны (өңірлік даму, әлеуметтік, тұрғын үй-коммуналдық саласы қызметтерінің сапасы және қол жетімділігі, көліктік инфрақұрылым, қоғамдық қауіпсіздік, экологиялық жағдай, демократиялық даму, саяси тұрақтылық, бос уақытты және демалысты ұйымдастыру,  туристик саланы дамыту және т.б.) толық қарастыру қажет.

Осылайша, одан әрі біз  өмір сапасының даму дәрежесін сипаттайтын  қарастырылған көрсеткіштерді талдаймыз  және мемлекеттік бағдарламалар  және стратегиялардың жоспарланған нәтижелері тұрғысында Қазақстандағы  осы санатты бағалау үшін олардың  қолданылу дәрежесін анықтаймыз.

Қазақстандағы өмір сапасын  талдау және бағалау шеңберінде қарастырылатын қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар  және стратегиялар тізбесі.

  1. «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты векторы»

атты ҚР Президентінің  Жолдауы.

  1. Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық- инновациялық дамыту

жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама.

  1. Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2011 - 2014 жылдарға

арналған бағдарламасы.

  1. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі<span class="dash0410_0431_0437_0430_

Информация о работе Тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартудағы аймақтық басқарудың тиімділігін жоғарылату