Тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартудағы аймақтық басқарудың тиімділігін жоғарылату

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Мая 2013 в 14:01, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі мыңжылдықтың басынан бастап әлемде орын алған ғаламдық оқиғалар сондай-ақ, қызығушылықты күшейту үшін серпін берді. Өмір деңгейі және сапасы мәселелері кенет қазіргі заманғы мемлекет үшін барынша маңызды мәселелердің бірі болды. Әлемдік дағдарыс нәтижесінде халықтың негізгі көпшілігінің өмір деңгейі мен сапасының төмендеуі жалпы бірқатар араб елдерінің басқарушы режимдері тақтан тайған оқиғаларға алып келді. Өңірдегі жағдайдың одан әрі тұрақсыздануы өмір сапасының одан әрі құлдырауына әкеп соқты.

Прикрепленные файлы: 1 файл

диплом.docx

— 687.62 Кб (Скачать документ)

«Өмір сапасы» Mercer тексеру  тұжырымдамасына сәйкес жалпы қабылданған  «өмір сапасы» санатынан ерекшеленеді. Өмір сапасы субъективтік бағалаумен немесе өзінің жеке жағдайы және нақты  осы жердегі жағдайлар туралы пікірмен байланысты болжайды, ал Mercer өмір сапасының анықтамасы объективтік, бейтарап және араласпайтын бағалауға  негізделеді. Жалпы, жүйенің мақсаты  тартымды шетелдік жұмыс күші үшін өмір сапасын өлшеуді білдіреді.

 

Кесте 4 Mercer қолданатын санаттар мен өлшемдер келтірілген:

санаттар

өлшемдер

Саяси және әлеуметтік орта

Басқа да елдермен қатыныстар;

Ішкі тұрақтылық;

Қылмыс;

Құқық қолдану;

Келудің және кетудің оңайлығы.

Экономикалық орта

Валюталар айырбастау ережелері;

Банктік қызмет көрсету.

Әлеуметтік-мәдени орта

Жеке еркіндіктерді шектеу;

БАҚ және цензура.

Медицина және денсаулық

Аурухана қызметін көрсету;

Медикаменттермен жабдықтау;

Жұқпалы ауруалар;

Ауыз судың жарамдылығы;

Ағын сулар;

Қоқыс шығару;

Ауаның ластануы;

Қауіпті жануарлар және жәндіктер.

Аурухана қызметін көрсету;

Медикаменттермен жабдықтау;

Жұқпалы ауруалар;

Ауыз судың жарамдылығы;

Ағын сулар;

Қоқыс шығару;

Ауаның ластануы;

Қауіпті жануарлар және жәндіктер.

Мектептер және білім 

Мектептер

Табиғи орта

Климат;

Табиғи апаттар есебі.

Коммуналдық қызметтер және көлік

Электр қуаты;

Су құбыры суының қол жетімділігі;

Телефон орнату

Почта;

Қоғамдық көлік;

Жолдағы кептелістер;

Авиакөлік.

Демалыс

Мейрамханалардың әралуандығы;

Театрлық және музыкалық көріністер;

Кинотеатрлар;

Спорт және ойын-сауық іс-шаралары.

Тауарларды тұтыну

Ет және балық;

Жеміс-жидектер және көкөністер;

Күнделікті пайдалану  заттары;

Алкогольды ішімдіктер;

Автомобильдер.

Тұрғын үй

Тұрғын үй;

Тұрмыстық техника және жиһаз;

Үйге қызмет көрсетужәне  жөндеу.


 

Зерттеу әдістемесі 10 негізгі  санатқа топтастырылған 39 өлшемге  негізделеді. Жүйе өмір сапасының жалпы  индексінде оның мәнін көрсету үшін әрбір санатты өлшейді. Яғни шетелдік мамандар үшін өмір сүрудің әрбір нақты орнының тартымдылық дәрежесі, қабылдаушы елдің немесе қаланың саяси, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық факторларының өзара іс-әрекетіндегі факторинг бағаланады.

Mercer рейтингін есептеу  нүктесі ретінде Нью-Йорк қаласы  қабылданады, қалған қалалар оған  қатысты ранжирленеді.

 

 

 

2. ОҚО аймақтық  әлеуметтік-экономикалық жағдайын  талдау

2.1. Жаңа әлеуметтік экономикалық  саясаттың негізгі бағыттары

 

Қазақстан Республикасының  Конституциясы мемлекет демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік болып  табылатынын, оның басты байлығы  адам, оның өмірі, құқықтары мен еркіндігі  екендігін ресми жариялайды. Осыған сүйене отырып, мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі міндеті және оның тиімділігінің басты өлшемі халықтың үздіксіз өмір сапасын арттыруболып табылады.

Үдемелі индустриялық-инновациялық дамуға қазақстандық бағдар сондай-ақ, әлеуметтік даму үлгісіне жаңа жоғары талаптар қояды. Мемлекеттік стратегияны  әлеуметтік басымдықтар жағына барынша  ығыстыру байқалады. «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға бірдей Еңбек Қоғамына жиырма қадам» деген бағдарламалық  мақаласында ел Президенті қоғамға  елдің одан әрі дамуының тұжырымдамалық векторын - Жалпыға бірдей Еңбек  Қоғамына құруды ұсынды, оған тек қана өндіруші еңбекарқылы іске асыырлатын әлеуметтік жаңғырту арқылы қол жеткізуге  болады.

Ел Президентінің нұсқауына  сәйкес біздің республиканың мемлекеттік  саясатының негізгі басымдықтары адам капиталының дамуы және халықтың өмір сапасын арттыру болып табылады және болып қалады. Бұл мақсаттарды  іске асырылатын Үкіметі бағдарламалары ең алдымен, жұмыспен қамтылуды сақтауға және табыстар деңгейін арттыруға, халықтың барынша қауқарсыз санаттарын әлеуметтік қорғауға бағытталған. Тіпті құлаш  жайған әлемдік қаржы дағдарысы  жағдайларында мемлекет өзінің азаматтарын  әлеуметтік қолдаудан бас тартқан  жоқ. Ұлттық қор қаражаты түрінде  қаржы «жастығы» арқасында мемлекет барлық әлеуметтік бағдарламаларға  қол сұғылмаушылықты сақтаудың  және тіпті олардың кейбірі бойынша  қаржыландыруды ұлғайтудың сәті түсті.

Тәуелсіздік жылдарында өмір сапасы саласында қазақстандықтар  орасан өтпелік кезеңдерді бастан өткерді. Кеңес Одағы және оның барлық мемлекеттік  құрылымдары құлағаннан кейін халықты  әлеуметтік қамтамасыз етудің тұтас  жүйесі де құлдырады. Одақ құлағаннан кейін қазақстандық тұрғындар бұрынғы  империяның қалған халқы сияқты өмір сапасын сипаттайтын көптеген әлеуметтік кепілдіктерден айырылды. Халық қиын жағдайларға тап болды: ескі экономиканың құлауы, тиісінше табыстардың күрт төмендеуі, жұмыссыздық, қалмыстың жоғары деңгейі және т.б.

Құлдырау бүкіл 90-жылдар ішінде жалғасты, бұл ретте Қазақстан  айтарлықтай шамада құдырауды жұмсартудың  сәті түсті, ол кезде бұрынғы Одақтың  кейбір басқа да республикаларының  жағдайы нашарлап кеткен еді. 2000-жылдардың  басынан бастап ел экономикасының тұрақты  өсуі басталды, бұл құлдырауды тоқтатып, өмір сапасының көрсеткіштерін жақсартуды бастауға мүмкіндік берді.

Ең алдымен,Қазақстанға  кедейлікпен және жоқшылықпен күресуде айтарлықтай табыстарға жетудің  сәті түсті. Егер 2006 жылы табысы ең төменгі  күнкөріс деңгейінен төмен азаматтар  үлесі 18,2 пайызды құраса, 2011 жылы бұл  көрсеткіш 5,3% құрады.

Бұл ретте, қалалық және ауылдық  жерлердегі табыстар айтарлықтай саралануы  қауіпті белгі болып қалады. 2011 жылы ауылдық жерлердегі кедейлік деңгейі 3,7 еседен асып кетті, ал 2007 жылы айырмашылық  тек қана  2,6 есені құрады. Бұл  қала тұрғындарының өмірінің сапалық  көрсеткіштері ауыл халқының көрсеткіштерінен айрамасы мемлекет қабылдайтын шараларға  қарамастан ұлғайғандығын көрсетеді. Қазақстандық ауылда бүгінде шамамен 45,5 пайыз халық өмір сүретінін  атап өту маңызды, сондықтан мұнда  кедейлікпен күрес республиканың  өмір сапасы бойынша көрсеткіштерін айтарлықтай жасқартуға ықпал етеді.[6]

Оң бетбұрыс мемлекеттің  инвестиция саласындағы іс-әрекеттерімен  байланысты. Жолдар, мектептер, балабақшалар белсенді салынуда, биліктің қолдауымен жаңа өндірістік кәсіпорындар құрылуда, жұмыс орындары ашылуда.

Елдегі орташаөмірдің  ұзақтығы 69 жасқа жетті, ұзақ мерзімді пайдалануға арналған тауарлар сатып  алуға қаражаттарды көп жұмсай бастаған халықтың әл-ауқаты көтерілді. Өмір сапасының  басқа да индикаторлары және демографиялық  көрсеткіштер жақсарды, оларға елдің  тұрақты дамуы және оның сыртқы сахнада  бәсекеге қабілеттілігі байланысты. Бұл ретте, өлім-жітімнің негізгі  себептері жүрек-қантамырлары аурулары, бақытсыздық жағдайлары, жарақаттар, кісі өлтіру, жаңа құрылымдар болып  қалуда.

Сонымен бірге, Қазақстанда  шешілуі халықтың өмір сүруінің сапалық  көрсеткіштерін арттыруға мүмкіндік  беретінкөптеген проблемалар бар. Мысалы, ауылдарда қаладан қалып  қоюдың елеулі себептерінің бірі сапалы ауыз судың жетіспеушілігі болып  табылады. Халықтың жан басына есептегенде  сумен қамтамасыз етілу көрсеткіші бойынша Қазақстан ТМД-да соңғы  орын алады. Сапасыз суды тұтыну ел халқының денсаулығына айтарлықтай  әсер етеді. Мәселен, Қазақстан халқының 80,0% аурулары ҚР Денсаулықмині бағалауы бойынша судың сапасының төмен  болуымен байланысты. АШМ Су ресурстары комитетінің Төрағасы баяндамасының  деректері бойынша елдің көпшілік ауылдарының халқы (72,4% немесе 3 млн. астам адам) суды орталықсыздандырылған  көздерден, яғни құдықтардан, бұлақтардан  және артезиан ұңғымаларынан тұтынады.

Өмір сапасын сипаттайтын келесі аспект-өмір сүру орындарындағы экологиялық жағдай. Ауа – халық денсаулығының маңызды құрамдауышы. Атмосфералық ауа – адамның тіршілік етуінің негізгі орталарының бірі және оның сапасына көбінесе адам организмінің денсаулығы, тән дамуының деңгейі, репродуктивті мүмкіндіктер, ауру жұқтыру, өмірдің ұзақтығы, жалпы халықтың өмір сапасы байланысты. Барлық осы зиянды факторлар халықтың денсаулығына теріс әсер етеді.

Адам әлеуетінің жаңа сапасын  қалыптастырудың басқа да маңызды  индикаторы ел халқының білімділігі  болып табылады. Бұл бағытта Қазақстан  дамудың жоғары деңгейіне жетті. Жоғары деңгей қазақстандықтардың білім  деңгейі 99,7% құрайды. Бұл жетістіктер  көбінесе елдің мемлекеттік бюджетінің білімге шығындары айтарлықтай  жоғары болғандығынан, 2011 жылы бұл көрсеткіш  ЖІӨ-ден 4,2%-ды құрады. Осы арқылы Қазақстан  ЮНЕСКО ұсынатын ЖІӨ-ден 5-6% нормаларына  жақындап келеді.

Елдің бүкіл тұрғын үй қоры 2012 жылдың басында 283,9 млн.ш. метрді құрады, олардың ішінен 167,3 млн. ш. метр, немесе 58,9% қалалар және басқа да қалалық  жерлерде, ал 116,6 млн. ш. метр (41,1%) – ауылдық  елді мекендерде орналасқан. Бұл ретте, тұрғын үй қор барлығы дерлік (96,3%) ел халқының жеке меншігінде және тек  қана 3,7% (10,3 млн. ш. метр) мемлекет меншігінде калды.[30]

Соңғы 6–7 жылдағы жаңа тұрғын үй ғимараттарының құрылыс көлемдерінің айтарлықтай өсуіне қарамастан ел халқының тұрғын үймен қамтамасыз етілуі елеулі өткір проблема болып қалуда. Көптеген отбасылар күтуде немесе тек қана тұрғын үй жағдайларын жасқартуға емес, шалғай ауылдық елді мекендерден  соңғы онжылдықтарда қоныс аударған қалаларда меншікті тұрғын үй сатып  алуға тырысуда. Мәселен, 2009 жылғы  халық санағының деректері бойынша 2009 жылдың басында 12,0 мың үй шаруашылықтары жалпы коммуналдық пәтерлерде, 75,4 мың жатақханалардағы  отбасылық  пәтерлер жанынан жарақталған бөлмелерде, 46,9 мың – қалалар  маңындағы  саяжай поселкелерінің саяжай үйлерінде (үйшіктерде) (барлығы 134,3 мың отбасылар) тұрды. Қолданыстағы 25 мың отбасылар  тұрып жатқан тұрғын үйлердің 2,1 млн. ш. метрдерлігі апатты деп танылған. Бұдан өзге, халық санағы кезінде  тұрақты баспанасы жоқ (үйсіздер) 4253 (оның ішінде қалаларда - 4084) азаматтар  тіркелген.

Қоғамның әлеуметтік саулық индикаторы ретінде халық денсаулығының  жай-күйі тек қана елдегі денсаулық  сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету  жүйесінің деңгейіне және ресурстарына емес, сондай-ақ, бірқатар басқа да факторларға - салауатты өмір салтын ұстану, адамдардың тіршілік ету және өмір сүру қоршаған ортасын қорғау және т.б. байланысты. Мәселен, халықтың белсенді құрт ауруымен ауру деңгейі 2011 ж. халықтың 100 000 адамына 95,3-тен 86,6-ға дейін төмендеді. Қазақстандағы өкпе құрт ауруына жұқпалы және паразиттік аурулардан өлу жағдайларының 80%-ға дерлігі келеді.

Қалыптасқан жағдайды таладу Қазақстандағы  басқа да әлем елдеріндегідей құрт ауруының таралуы әлеуметтік және экономикалық факторларға, өңірлердің экология жағдайына, халыққа көрсетілетін емдеу-сауықтыру шараларының көлеміне және сапасына байланысты.

Қазақстандағы, соңғы онжылдықтың  оң өзгерістері ел халқының өмір сүру деңгейінің көрсеткіштерінің жақсаруынан  көрініс тапты: табысы төмен халық  үлесі, азық-түлік себетінің құнынан  төмен табыстарға ие халық үлесі  қысқарды. Барлық бақыланатын азық-түлік  тауарлары бойынша олардың тауарлық баламасы арқылы көрсетілген халық  номиналды ақшалай табыстармен  сатып алу қабілеті өсті, орташа ел бойынша орташа жалақыға сатып  алуға болатын ең төменгі күнкөріс деңгейі топтамасының саны ұлғайды  – 2011 жылы 5,6 есеге.

Өткен жылмен салыстырғанда  республикада жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі байқалады, 2011ж. ол 5,4%-ды құрады. Соңғы 10 жыл ішінде өз бетінше жұмыспен қамтылған халықтың жалпы саны 2,6-2,7 миллион адам шеңберінде қалып отыр, бұл елдегі еңбекке қабілетті  жастағы халықтың төрттен бірін  немесе экономикалық белсенді халықтың жалпы санының 30%-дан астамын құрайды. Бұл ретте, қазіргі санның 70,5% өз бетінше жұмыспен қамтылған халық  елдің ауылдық жерлеріне келеді, ал 29,5% –  қалаларда.[30]

Ауыл мен қала арасындағы өмір сапасын теңестірудің басқа  да аспектілері - сапалы және әртүрлі  тамақтану, қызметтер саласының  дамуы. Басқаша айтқанда, бұл үстіңгі  бөліктегі бағыттар, оларда табысқа  жеті елдің әлемдік рейтингтердегі позициясын жасқартуы мүмкін. 

Алайда көбінесе халықаралық  рейтингтер Қазақстанға қатысты  өмір сапасын өзінің бағалауларында жеткілікті объективті емес. Әрине, Қазақстандағы  және Еуропа елдеріндегі өмір сапасы индекстері әзірге салыстырып өлшеуге  келмейді. Жоғарыөмір сапасыадам айлық  жалақысына өзінің барлық ағымдағы физикалық  және зияткерлік қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндігіне ие болады және бұл ретте  оның ұзақ мерзімді пайдалануға арналған заттарға инвестициялар үшін қаражаттары  болады дегенді болжайды. Мұндай схема  бойынша өмір сүру әрекеті адамды ортқа топқа жатқызуға мүмкіндік  береді. Орташа, еуропалық елдерде  орта топ барлық халықтың шамамен 60%-ын құрайды. Қазақстандағы бұл сан  «Эксперт Консалт» зерттеуінің деректері  бойынша шамамен 10%-ды құрайды.

Алайда, оның үстіне Қазақстанның Өзбекстан және Тәжікстан сияқты елдерден төмен позицияларды иеленуі  күмәнді көрінеді, біздің еліміз көрсетілген  елдерден тек қана экономикалық даму деңгейі бойынша емес, сондай-ақ, қоғамдық қатынастардың даму дәрежесі бойынша, азаматтық еркіндіктер  деңгейі бойынша асып түседі.

Информация о работе Тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартудағы аймақтық басқарудың тиімділігін жоғарылату