Тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартудағы аймақтық басқарудың тиімділігін жоғарылату

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Мая 2013 в 14:01, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі мыңжылдықтың басынан бастап әлемде орын алған ғаламдық оқиғалар сондай-ақ, қызығушылықты күшейту үшін серпін берді. Өмір деңгейі және сапасы мәселелері кенет қазіргі заманғы мемлекет үшін барынша маңызды мәселелердің бірі болды. Әлемдік дағдарыс нәтижесінде халықтың негізгі көпшілігінің өмір деңгейі мен сапасының төмендеуі жалпы бірқатар араб елдерінің басқарушы режимдері тақтан тайған оқиғаларға алып келді. Өңірдегі жағдайдың одан әрі тұрақсыздануы өмір сапасының одан әрі құлдырауына әкеп соқты.

Прикрепленные файлы: 1 файл

диплом.docx

— 687.62 Кб (Скачать документ)

Осыған сәйкес экологиялық  экономист Роберт Констанза (PhD, Portland State University) былай деп жазады:

Өмір сапасы бұрыннан айқын  немесе айқын емес саяси мақсат болғаннан  бері осы терминді балама анықтаулар мен өлшеу ұзақ уақыт бойы өлшенбейтін  болды. Бірақ бұл проблема тұтас  бірқатар пәндер бойынша әртүрлі  объективтік және субъективтік көрсеткіштерді анықтау нәтижесінде шешіле бастады, сондай-ақ, субъективтік аман-саулықты (SWB), анықтау бойынша соңғы жұмыстар, бақыт психологиясы саласындағы  зерттеулер белгілі бір көмек  көрсетті.[2]

Өмір сапасын адамның  еркін әл-ауқаты деңгейін және дәрежесін, әлеуметтік және рухани дамуын, сондай-ақ, оның тән саулығын жан жақты сипаттайтын  интегралдық санат ретінде түсіндіруге  болады. Оның құрылымдық құрамдауыштарының  қатарынан мынадай негізгі құрамдауыштарды: халықтың денсаулық деңгейін және өмірінің ұзақтығын, халықтың өмір сүру деңгейін, халықтың  өмір сипатын атап өтуге  болады.

Өмір сапасымен сондай-ақ, еркіндік, адам құқықтары, және бақыт  сияқты ұғымдар жиі байланыстырылады. Алайда, бақыттың таза субъективтік субстанция болып табылатындығына және оны  өлшеу қиын болуына байланысты әдетте басқа да өлшеуіштерге басымдық беріледі. Констанза сондай-ақ, бақыт өлшемін, оны қаншалықты өлшеуге болатындығы, өз кезегінде табыстар деңгейіне  байланысты жайлылыққа байланысты емес екендігін дәлелдеуге тырысты. Нәтижесінде, өмір сүру деңгейі бақыт өлшеуіш  ретінде пайдаланылуға тиіс емес. Бұған дәлел ретінде қазіргі  заман тарихынан мысалдар келтіруге  болады. КСРО-дағы тұрмыста эскимостар обадан ыңғайлы пәтерлерге қоныс  аударғанда олардың өмір деңгейі  көтерілді, бірақ өлім-жітім деңгейі  оның ішінде алкоголизм нәтижесінде  күрт өсті және әлеуметтанушылардың  бірі айтқандай «олар құсадан  өле бастады». ГДР-да ГФР-ге қосылғаннан  кейін материалдық жағдайлар 3-5 есеге  көтерілді, алайда, өзіне қол жұмсау, қылмыс және өлім-жітім деңгейлері күрт өсіп кетті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 1. Өмір деңгейінің, сипатының және сапасының схемалық байланысы

 

Өмір сапасы проблемасына бірнеше еңбегін арнаған Ресей  ғалымы А.И. Суббето, өмір сапасын өмірдің  рухани, материалдық әлеуметтік-мәдени, экологиялық және демографиялық  құрамдауыштары сапаларының жүйесі ретінде анықтайды. Өмір сапасы–  ол арқылы өркениеттердің, мемлекеттердің, этностардың, адамзат пен адамның  тұрмыс мәні әлеуметтік және экономикалық саясаттың нысаналы функциялары  көрсетілетін негізгі санаттардың  бірі. Өмір сапасы өмірдің материалдық  және рухани-шығармашылық жақтарының, адамның тектік күшін іске асыру  деңгейінің, оның интеллекті, өмірдің  шығармашылық мәнінің синтезін білдіреді. Ол тек қана өмірдің материалдық  деңгейіне енгізілмейді, дегенмен «материалдық өмір сүру деңгейі» елеулі рөл атқарады. Өмір сапасы жеке адамның, отбасының, халықтың және жалпы адамзат қоғамының  рухани, зияткерлік, материалдық, әлеуметтік-мәдени, ғылыми-білім беру, экологиялық және демографиялық құрамдауыштарының  бірлігінің күрделі және қарама-қайшы  жүйесі болып табылады. Ол осылайша, жеке және қоғамдық (әлеуметтік) өмір сапасын  білдіреді, онда адамның қажеттіліктерінің  және қабілеттерінің, оның жанжақты, үйлесімді, шығармашылық даму әлеуетінің әртүрлілігі  көрініс табады [5]

Бірақ сонымен қатар, Суббето  барлық ұлттар, халықтар және өркениеттер  үшін өмір сапасының бірыңғай үлгісі жоқ деген қорытындыға келеді. Адамзаттың әлеуметтік прогрессивті эволюциясының  қолданыстағы заңы – мәдениеттер, этностар және өркениеттер әртүрлілігі заңы жергілікті өркениеттер, мемлекеттік құрылымдардың «қоректендіруші ландшафттарының» (Л.Н. Гумилев), әралуандығымен сипатталған өмір сапасы үлгілерінің әралуандығын анықтайды.

Ресей экономисі Н.М Римашевская  өмір сапасының ең алдымен, адамның  қоғамдық өмірі субъектісінің өзінің жай-күйін сипаттайтынын анықтайды. Бірқатар авторлар «әл-ауқаты» және «өмір сапасы» ұғымдарын теңестіреді. Неміс ғалымы-теоретик И. Штиффен  «өмір сапасы» ретінде экономиканың көпшілік мүдделерінеде саналы қалыптастуын түсінеді.[4]

Осылайша, барлық аталған  зерттеушілер өмір сапасы –  бұл  «өмірлік маңызды құндылықтар қатарының  жиынтығы деген тұжырымға келеді. Адам қалай өмір сүруде, оның жоғары қатарлардағы қажеттіліктері қалай  қанағаттандырылуда, ол не үшін өмір сүруде, оның өмірінің мәні қандай, ол өзінің өміріне қанағаттана ма».

Егер осы өзара байланысты графикалық тұрғыда қарастыратын болсақ, өмір сапасы және оның негізгі құрамдауыштарымен  өзара іс-әрекет жүйесін мынадай  түрде көрсетуге болады:

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 2. Өмір сапасы объектілерінің өзара тәуелділігі

 

Сапа – күрделі соңына дейін танылмаған ұғым. Өнеркәсіптік дамыған елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, сапаны -саяси, экономикалық және адамгершілік санат деп айтуға болады. Өнім, жұмыстар, қызметтер сапасы - бұл  дербес экономикалық бірліктің және тиісінше бұл сапаны жасайтындардың  пайдасы. Денсаулықты және қоршаған ортаны қорғау сапасы – денсаулық. Білім сапасы – еңбек әлеуетінің жоғары жиынтық жиналған интеллекті. Барлығы бірігіп – бұл адамдардың жан рақатының жоғары деңгейі, ұлттың және мемлекеттің мәртебесі –  өмір сапасы.

Өмір сапасының мәнін  әлеуметтік-экономикалық санат ретінде  сипаттай отырып, оның мынадай бірқатар ерекшеліктерін атап өту қажет:

Біріншіден, өмір сапасы айтарлықтай кең, көпқырлы, «өмір сүру деңгейіне» қарағаныда салыстыруға келмейтін кең ауқымды ұғым. Бұл санат экономика шеңберінен едәуір алшақ шығады. Бұл ең алдымен қоғамның барлық салаларын қамтитын әлеуметтік санат, өйткені олар адамдардың өмірін және оның сапасын қамтиды.

Екіншіден, өмір сапасының екі қыры бар: объективтік және субъективтік. Өмір сапасын объективтік бағалау өлшемі индивидуумдар қажеттіліктерінің ғылыми негізделген нормативтері болады, оларға қатысты бұл қажеттіліктерді және мүдделерді қанағаттандыру дәрежесі туралы талқылауға болады. Алайда, екінші жағынан, адамдардың қажеттіліктері мен мүдделері жеке және оларды қанағаттандыру дәрежесін тек қана олардың өздері бағалай алады. Оларды қандай да болмасын статистикалық шамалармен тіркеуге болмайды және олар іс жүзінде  тек қана адамдардың санасында және тиісінше олардың жеке пікірлерінде және бағалауларында бар.

Осылайша, өмір сапасын бағалау  екі нысанда көрінеді:

- ғылыми-негізделген қажеттіліктер  мен мүдделерді қанағаттандыру  дәрежесі;

- адамдардың өздерінің  өмір сапасымен қанағаттандырылуы.

Үшіншіден, өмір сапасы басқа да әлеуметтік-экономикалық санаттардан бөлінген санат болып табылмайды, бірақ олардың көпшілігін біріктіреді оларды сапалық аспектіде қамтиды.

Мәселен, өмір сапасының  құрамдауыштары сапалық бағалаулармен  байытылған және өмір сипаты, және өмір сүру деңгейі, және қоршаған орта болып  табылады. Мысалы өмір сапасын сипаттай отырып қоректенуді оның қоректік құндылығына  қарай (құнарлылығы, грамында ақуыздардың, майлардың болуы) бағалаумен шектелуге  болмайды. Қоректенудің тұрақтылығы, әралуандығы  дәмдік қасиеттері сияқты сапаларына тоқталмауға болмайды. Өмірдің еңбек  сапасын сипаттай отырып, жұмыспен қамтылу, жұмыссыздық, жұмыс күнінің  аптаның, жылдың ұзақтығы көрсеткіштерімен (өмір сүру деңгейін талдау кезіндегідей) өндірістік жарақаттың деңгейімен шектелуге  болмайды, бірақ қызметкерлердің  мүдделеріне еңбек мазмұнының және сипатының сәйкестігін, оның қарқындылығын, еңбек ұжымы ішіндегі өзара қатынастарды және т.б. бағалау қажет.  

Нақты өмір сапасы - бұл халықтың мемлекет азаматтар алдындағы өзінің міндеттерін қалай орындауына қанағаттандырылуының өзіндік индексі. Адамдарға өмірлік  перспектива керек. Шектеулер мен  кедейшілікті емес, әл-ауқатты жоспарлау  және қамтамасыз ету керек. Таза экономикалықтан  өмір сапасын анықтайтынға бағдарды ауыстыру қажет. Азаматтар республикалық  және өңірлік биліктің қызметінен ел экономикасының одан әрі дамуы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесін  реформалау, халықтың қауқарсыз санаттарын әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз ету, экологияны сауықтыру, білім және денсаулық сақтау қызметтерін алу  кезінді тең құқықтарды қамтамасыз ету сияқты мәселелерді шешуді күтеді. Ал бұл өмір сапасының мәселелері болып табылады.

Әртүрлі ғалымдардың өмір сапасына көзқарастарын талдау бізге  мақсаттар ағашы түрінде өмір сапасының анықтамасына кіретін  мынадай топтарды анықтауға мүмкіндік  береді. [22]

 

 

 

 

Сурет 3. Халықтың өмір сапасының мақсаттар ағашы

 

Осылайша, өмір сапасы адамның  өмірі және қызметі проблемаларын  пайымдауға жаңаша, тұтастық ұстанымдары  тұрғысынан келуге мүмкіндік беретін  үлкен теориялық және әдістемелік  әлеуетке ие.

«Өмір сапасы» санаты тек  қана тіршілік қызметі, өмірді қамтамасыз етуді емес сондай-ақ, тұтас әлеуметтік организм ретінде қоғамның тіршілік қабілетін, әлеуметтік сапаларды ашатын адамдар өмірінің интегралдық сапалық  сипаты болып табылады.

Тіршілік қабілеті жеке тұлғаның және қоғамның өзінің әлеуметтік, рухани және биологиялық функцияларын тиімді  жүзеге асыру қасиетін білдіреді. Бұл  қабілет көбінесе экономикалық даму мүмкіндіктерін анықтайды. Адам үшін тек  қана әл-ауқаттың белгілі бір деңгейі  емес, сондай-ақ, табиғи ортаның жай-күйі, денсаулықтың жай-күйі, бос  уақыттың болуы, рухани бағдарланған өмір елеулі мәнге ие.

 

1.2. Халықтың өмір сүру  сапасы және көрсеткіштері

«Қолданбалы экономиканы  зерттеу орталығы» ЖМ осы тарауда  қолданыстағы статистикалық көрсеткіштер жүйесін, қолданыстағы мемлекеттік  даму бағдарламаларын талдау және мониторингін, елдің шарттарында қолданылатын халықаралық тәжірибені ескере отырып,сондай-ақ, Қазақстан қоғамының даму басымдықтарын  ескере отырып, жасалған Қазақстан  Республикасындағы халықтың өмір сапасы өлшеудің өзекті индикаторларының жүйелендірілген тізбесін ұсынады.

Халықаралық әдістемелерде  қолданылатын өмір сапасының факторлары және көрсеткіштері алдыңғы тарауда  қарастырылды.

Олардың кейбірі объективтік  мән-жайларға байланысты Қазақстандық шарттарда қолдануға келмейді, алайда Қазақстандық статистикалық жүйеге бейімделген бола отырып, көрсеткіштердің  көпшілігі өмір сапасын анықтау  үшін табысты қолданылуы мүмкін.

Өмір сапасының ұсынылатын көрсеткіштерінің тізбесінің анықтамасы халықаралық зерттеулермен ұқсастықтарға  сүйене отырып және жалпы адам құндылықтарына негізделе отырып пайда болды, осының негізінде негіз ретінде Адамның  даму әлеуеті индексінің төрт принципі алынды:

  • табысты және экономикалық өсуді арттыруға бағытталған тиімді қызмет нәтижесі ретінде өнімділік;
  • қабілеттерді іске асыруда және ізгіліктерді пайдалануда мүмкіндіктер теңдігі ретінде түсінілетін теңдік;
  • тек қана қазіргі емес, сондай-ақ, болашақ ұрпақтарға өркениет мүмкіндіктеріне қол жетамділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тұрақтылық;
  • даму тек қана адамдардың мүдделерінде емес, сондай-ақ, олардың күш-жігерімен жүзеге асырылатындығын болжайтын мүмкіндіктерді кеңейту.

Өмір сапасын анықтайтын көрсеткіштердің қатарында тамақтанумен, тұрғын үймен, киіммен қамтамасыз етілу  деңгейі, рухани және әлеуметтік қажеттіліктердің қанағаттандырылу дәрежесі сияқты негіз  қалаушы санаттар ұсынылады. Бірге  алынған олар сапалы өмір эталонын аман-сау және ұзақ өмірді, кең және қолжетімді білім, дамыған инфрақұрылым, қаныққан қоғамдық және мәдени өмір және т.б. көрсетеді.

Ұсынылған көрсеткіштердің  көпшілігі хабарланғандай бүгінде  Қазақстанның министрліктері және ведомстволары  есептейді және көрсеткіштер әртүрлі  салаларда қолданылады. Бұл әртүрлі  салаларда Қазақстанның дамуын сипаттайтын  көрсеткіштердің жеткілікті болуы  себебінен жасалған, олардың оның азаматтарының өмір сапасын бағалау  үшін қолданылуы мүмкін. Мұндай тәсіл  арнайы көрсеткіштерді әзірлеу қажеттігі  болмауына байланысты өмір сапасы индексін іс жүзінде есептеу міндетін оңайлатады.

Жіктеу мақсатында «Қолданбалы  экономиканы зерттеу орталығы»  қажеттіліктер иерархиясын анықтайтын және адамның барлық қажеттіліктерін  маңыздылығы дәрежесі бойынша мынадай 5 санаттарға бөлетін Маслоудың «Уәждеме және жеке тұлға» [21] негіз қалаушы  теориясына сүйенеді:

  • физиологиялық: аштық, шөлдеу, жыныстық құштарлық және т.б.;
  • қауіпсіздікке қажеттіліктер: ыңғайлылық, өмір шарттарының тұрақтылығы;
  • әлеуметтік: әлеуметтік байланыстар, қарым-қатынас, тәуелділік, өзгелер туралы ойлау және өзіне назар аудару, бірлескен қызмет;
  • мәртебе: өзін-өзі құрметтеу, басқалар тарапынан құрмет, мойындау, табысқа және жоғары бағаға қол жеткізу, қыметтік өсу.
  • Рухани: таным, өзін-өзі өзектендіру, өз ойын білдіру, өзін-өзі сәйкестендіру,

Оңайлату мақсатында көрсеткіштерді қажеттіліктердің мынадай 3 тобына біріктіру  ұсынылады:

  • негізгі тән қажеттіліктері;
  • рухани қажеттіліктер;
  • әлеуметтік қажеттіліктер.

Өз кезегінде, «Қолданбалы  экономиканы зерттеу орталығы»  ЖМ қажеттіліктердің негізгі топтарын негізгі көрсеткіштері 68 индикаторлармен өлшенетін 13 кіші топтарға бөлуді ұсынады.

Индикаторлардың кіші топтары  өмір сапасының көрсеткіштерін халықаралық  жіктеумен сәйкес келеді және жалпы  қазақстандық көрсеткіштердің қолданыстағы құрылымына сәйке келеді. Бұл ретте  олар адамның даму дәрежесін сипаттайтын  салалардың ең жоғары санын қамтиды.

Информация о работе Тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартудағы аймақтық басқарудың тиімділігін жоғарылату