Тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартудағы аймақтық басқарудың тиімділігін жоғарылату

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Мая 2013 в 14:01, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі мыңжылдықтың басынан бастап әлемде орын алған ғаламдық оқиғалар сондай-ақ, қызығушылықты күшейту үшін серпін берді. Өмір деңгейі және сапасы мәселелері кенет қазіргі заманғы мемлекет үшін барынша маңызды мәселелердің бірі болды. Әлемдік дағдарыс нәтижесінде халықтың негізгі көпшілігінің өмір деңгейі мен сапасының төмендеуі жалпы бірқатар араб елдерінің басқарушы режимдері тақтан тайған оқиғаларға алып келді. Өңірдегі жағдайдың одан әрі тұрақсыздануы өмір сапасының одан әрі құлдырауына әкеп соқты.

Прикрепленные файлы: 1 файл

диплом.docx

— 687.62 Кб (Скачать документ)

6) Bodily Pain (BP) – аурудың  қарқындылығы және оның үйдегі  және үйден тыс жұмысты қоса  алғанда, күнделікті қызметпен  айналысу қабілетіне әсері. 

7) Vitality (VT) - тіршілік қабілеті (өзін әлсіздерге қарсы күші  және қуаты толық сезінуді  білдіреді).

8) Mental Health (MH) – психикалық  денсаулықты өзіндік бағалау,  көңіл күйді сипаттайды (депрессияның, үрейдің болуы, жалпы оң эмоциялардың  көрсеткіші).

Негізгі проблемалардың бірі бірыңғай синтетикалық көрсеткішті  есептеу үшін факторлардың әрбірінің (салыстырмалы және маңызды ауқымдарда өлшенетін) үлес салмақтарын анықтау  кезінде субъективтілікті жою болып  табылады.

Қазіргі сәтте оны БҰҰ-ның  Адам құқықтар декларациясы негізінде  жасай отырып, адамдардың өмір сапасын  анықтайтын факторлар тізбесін кеңейту  туралы әңгіме болып отыр.

    1. Еуропалық одақта өмір сапасын бағалау

Еуропалық Одақты кеңейту  Еуропарламентті Еуропадағы өмір сапасын  объективтік салыстыру үшін құрал  жасауға әрекет жасауға мәжбүрледі, осыған байланысты кеңейту нәтижесінде  Одақта материалдық ресурстарында, өмір сүру деңгейінде, мәдени дәстүрінде және дүниетанымында үлкен айырмашылықтары  бар елдер пайда бола бастады.

Әдістемені әзірлеу және зерттеу жүргізу Өмір және еңбек  шарттарын жақсарту бойынша Еуропа қорына (European Foundation for the Improvement of Living and Working Conditions, Eurofound) – ЕО саясатының мамандандырылған салаларында жұмыс мақсатында құрылған Одақтың еуропалық ұйымына тапсырылды.[28]

Жаңа жағдайларда Өмір және еңбек шарттарын жақсарту бойынша  Еуропа қоры 2003 жылғы жазда  пан-еуропалық  өмір сапасын өзінің бірінші зерттеуін  бастады. Ол  елді қамтыды: 15 ЕО мүше-мемлекеттер (ЕО-15) елдері, 10 қосылған елдер (қазіргі  уақытта жаңа мүше мемлекеттер) және ЕО мүшелікке үміткер үш ел. Зерттеуде  еуропалық елдердегі өмірдің  негізгі салаларындағы өмір сапасының  сипаттамалары қарастырылды.

Ұйым өмір шарттарын және жеке тұлғалардың мүмкіндіктерін қалыптастыратын  негізгі салалардағы өмір сапасының  субъективті және объективті аспектілерін зерделеуге тиіс болды. Олардың, жұмыссыздық, кедейлік және әлеуметтік оқшаулану  сияқты кейбірі ЕО үкіметінің басты  назарында болды. Денсаулық сақтау және тұрғын үй мәселелері сияқты басқа  да мәселелер бұрынғыға қарағанда  маңыздылықтың барынша жоғары дәрежесіне ие болуға тиіс болды.

Тұжырымдама ретінде өмір сапасы

Жеке тұлғаның өмір шарттарының  кең анықтамасын білдіретін өмір сапасы сондай-ақ, бүкіл қоғамның әл-ауқаты шарттарымен тікелей байланысты. Яғни тұжырымдамаға сәйкес қоғамның мақсаты адамдар бұл мүмкін болатындай, өзінің жеке мақсаттарына қол жеткізу  үшін кемшіліксіз өмір сипатын таңдай алатын жағдайларды жасауға тиіс. Бұл мағынада, өмір сапасы тұжырымдамасы өмірдің материалдық шарттарының шеңберінен шығады. Идеологиялық негіз ретінде өмір сапасымен байланысты үш негізгі сипаттама алынды:

1. Өмір сапасы елеулі  дәрежеде жеке тұлғалардың жеке  өмірлік жағдайларына жатады, яғни  тұжырымдама соңғыларын онда  адамдардың жеке сезінуі негізгі  рөл атқаратын шағын деңгейде  қарастырады. Елдегі экономикалық  және әлеуметтік жағдайды сипаттайтын  макрокөрсеткіштер сондай-ақ, нәтижелерге  әсер етеді, бірақ субъективті  факторлар басымдықта қалады.

2. Өмір сапасы көп шамалы  ұғым болып табылады. Жоғарыда  атап көрсетілгендей, өмір сапасы  ұғымы тек қана адамдардың  табыстарына және материалдық  өмір шарттарына назар аударып  қоймай, сондай-ақ, адам қызметінің  бірден бірнеше салаларын бір  уақытта қарастыруды талап етеді. 

3. Өмір сапасы объективтік  және субъективтік өлшем бірліктермен  өлшенеді. Субъективтік және мінез-құлықты  қабылдау жеке адамның жеке  мақсаттар және бағдарларын   анықтауда ерекше мәнге ие. Жеке  қабылдау және бағалау оның  үстіне олардың объективтік өмір  шарттарымен байланыстылығымен  құнды болып табылады. Өмір сапасын  өлшеудің екі әдісін қолдану  барынша толық көріністі береді.

Алдыңғы зерттеулерге сүйене отырып, Қор зерттеу үшін алты негізгі  саланы таңдап алды. Оларға мыналар  жатады:

• жұмыспен қамтылу;

• экономикалық ресурстар;

• отбасылар және үй шаруашылығы;

• қоғамдық өмір және әлеуметтік белсенділік;

• денсаулық және денсаулық  сақтау;

• білім деңгейі және білім.

Кеңейтілген Еуропаға арналған стратегия

Еуропаның өмір сапасы тәсілінің  негізіндеге екі негізгі проблема:

1. ЕО стратегиялық мақсаты  – тұрақты экономикалық өсуге  қабілетті, біліктілігі жоғары  жұмыс күшіне ие ең бәсекеге  қабілетті, серпінді және ғылымды  қажетсінетен экономика болу, сондай-ақ, Лиссабон стратегиясына сәйкес  әлеуметтік біріккен қоғам құру.

2.Тұрақты кеңейту нәтижесінде  бүгінде Еуропалық одаққа 27 ел  кіреді, мынадай 6 ел үміткерлер  мәртебесіне ие: Исландия, Македония,  Сербия, Түркия, Хорватия және Черногория. Одаққа кірмеуді дұрыс көрген  Батыс Еуропаның үш мемлекеті  ішінара одақтық экономикаға  қатысады және мынадай кейбір  директиваларды ұстанады: Лихтенштейн  және Норвегия Еуроплық экономикалық  аймақ арқылы жалпы нарыққа  кіреді, Швейцария соңғыларымен  екіжақты шарттар жасасып, ұқсас  қатынастарға ие. Еуропаның шағын  мемлекеттері: Андорра, Ватикан,  Монако және Сан-Марино евроны  пайдаланады және кооперация  туралы әртүрлі шарттар арқылы  одақпен қарым-қатынаста. Осылайша, бүгінде біріккен Еуропа өмірдің  мәдени және әлеуметтік шарттарындағы үлкен әралуандықтар алаңы болып табылады және бұл әралуандықтың бірыңғай өлшеуіші түбінде, одақ мемлекеттерінің әлеуметтік бірігуін нығайтуды ықпалдастыруға ықпал ету.

Еуропалық қордың зерттеуі сегіз негізгі сәтті қарастыруға  негізделген. Олардың алғашқы алтауы объективтік мән-жайларды, соңғы  екеуі субъективтік мән-жайларды қарастырады:

1. Экономикалық жағдай.

Қоғамдағы табыстарды бөлу және жіктелу бүкіл Еуропа бойынша  айтарлықтай алуан түрлі. Бұл  әлеуметтік біріккен Еуропалық қоғамды  қалыптастыру мақсатында байланыстырылған өте маңызды мәселе.

2. Тұрғын үй мәселесі  және қоршаған орта.

Бұл фактор материалдық ресурстарды  және елдің ұзақ мерзімді қауіпсіздігін  сипаттайды. Тұрғын үй шарттары және қоршаған орта өмір сапасын қалыптастыру кезінде  бірдей дәрежеде маңызды.

3. Жұмыспен қамтылу, білім  және машықтар.

Жұмыс орындарының жоғары сапасы әлеуметтік ықпалдастыру үшін шешуші мәнге ие және адамдарды және үй шаруашылықтарын кедейліктен  қорғаудың маңызды құралы болып  табылады. Сапасы жақсы көп жұмыс  орындарын құру еуропалық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға  ықпал етеді және ЕО жұмыспен қамту  саласындағы саясатының негізгі  мақсаты болып табылады. Гендерлік  теңдікті ілгерілету саясаты сондай-ақ, әсересе Одақты кеңейту тұрғысынан жұмыспен қамтудың еуропалық стратегиясы  үшін маңызды

4. Үй шаруашылықтарының  құрылымы және отбасылық қатынастар.

Отбасы және онымен байланыстының  барлығы жеке тұлғалардың әл-ауқатына айтарлықтай дәрежеде ықпал етеді  және олардың қорғалу және тиесілілік сезімін анықтайды. Ерлер және әйелдер  үшін мінез-құлықтың әртүрлі үлгісі олардың отбасылық және үй шаруашылығындағы орнын анықтауды жалғастырады. Еңбекті  гендерлік  еңбек бұрынғысынша адамдар  отбасындағы үй бойынша негізгі  міндеттерін реттейді. 

5. Жұмыс және жеке өмір  арасындағы теңгерім.

Жұмыс және махаббат, Фрейдтің пікірі бойынша уақыты бойынша бөлінген жеке тұлғаның екі қыры болып табылады. Бұдан өзге, отбасы тек қана мұндай жеке қатынастарды емес сондай-ақ, ескішілдікке негізделген жұмысты білдіреді, сондықтан "отбасылық жұмыс махаббат жұмысы болып табылады". Эмоциялық  профиттер жұмыста және жеке өмірде орын алады. Отбасылық және ақы төленетін  жұмысты үйлестіру мақсаты өткен  кезеңде еңбекті гендерлік бөлу болды, бірақ бұл тәсіл қазіргі  уақытта тек қана әйелдер тарапынан  емес, сондай-ақ, ерлер тарапынан  күмән туғызуда. Осыған байланысты жұмыс және жеке өмір арасындағы жаңа теңгерім табылуға тиіс

6. Денсаулық және денсаулық  сақтау.

Жақсы денсаулыққа ие болу жеке саулықты сезінудің міндетті шарты  болып табылатындығы анық. Сондай-ақ, бұл санат адамдардың мақсаттарға  қол жеткізу қабілетін анықтайды. Бүкіл Еуропа бойынша адамның  денсаулығының жай-күйі елеулі айырмашылықтарға ие және сондықтан денсаулық сақтау қызметтерінің сапасы мәселелері саяси ракурста қарастырылуға тиіс.

7. Субъективтік саулық.

Өз өміріңінің сапасын  субъективтік бағалау өмір сапасының  бұрын қалыптасқан көрінісін  түзетуі мүмкін маңызды фактор болып  табылады. Бұл санат сауалнамалар нәтижесінде бағаланады.

8.  Қоғамның қабылданатын  сапасы.

Өмірсапасын қабылдау сондай-ақ, Еуропаның әртүрлі елдері азаматтарының  өздерінің саяси институттарына сенім дәрежесімен байланысты болуы  мүмкін.  Бұл ретте, одақ азаматтарын  әлеуметтік және этникалық белгілері  бойынша бөлу айтарлықтай маңызды  болып табылады. Зерттеу нәтижелер  әлеуметтік топтар арасындағы ауыртпалықты қабылдау ЕО ескі және жаңа мүшелерінің  арасында өзара ерекшеленетінін  көрсетеді.

Баяндаманың қорытынды бөлігінде  сауалнаманың негізгі нәтижелері дәстүрлі қысқаша баяндалады, бұл ретте  олар соңғы саяси оқиғалармен  салыстырылады және арақатынасы  белгіленеді.

Әдістеме. Зерттеу үшін деректер жинауды әлеуметтану саласында мамандандырылған Intomart GfK компаниясы ұйымдастырады. Компания әрбір жеке елде зерттеулер мен сұхбаттар алуды жүргізетін ұлттық институттарды анықтайды. Деректер жинаудан кейін соңғыларын ұлттық сарапшыларға жүгіне отырып, Қоғамдық-ғылыми орталық (WZB) мұқият тексереді.

Қорытынды баяндамада зерттеуге 28 қатысушы елдердің әрбірі үшін жеке жиналған нәтижелер келтіріледі.

Баяндамадағы жиынтық  мәндер орташа өлшенген болып табылады. Бұл бай елдердің халқы бойынша  деректердің үлкен мәнге ие екендігін  тиісінше және бай елдердің нәтижеге әсері айтарлықтай бай емес елдердің әсерімен салыстырғанда елеулі екенін білдіреді.

Есептегі барлық талдау сипаттау сипатына ие. Бұл зерттеуді оқушыға  әртүрлі қатынастардағы еуропалық  елдердің айырмашылықтарын көрсететін кестелер мен суреттер ұсынылатынын білдіреді, графикалық материалға соңғысының серпінін сипаттайтын белгілі бір  талдама қоса беріледі, ал жалпы  қорытындылар жасау құқығы зерттеуді  тұтынушының өзіне беріледі.

Зерттеу өмір сапасының мынадай  аспектілеріне және оларды бағалайтын индикаторларға негізделеді: Кесте 2

 

Кесте 2 Өмір сапасының аспектілері  мен бағаланатын индикаторлары

 

Өмір сапасының аспектілері

Бағалайтын   индикаторлар

Экономикалық жағдай

Табыстар, байлық және теңсіздік

Сатып алу қабілетінің  паритеті бойынша халықтың жан басына ЖІӨ;

Үй шаруашылығының орташа табысы;

Жас санаттары бөлінісіндегі  табыстар.

Үй шаруашылықтарының  қарыздары

Үй шаруашылықтарының  қаржы институттары алдындағы берешегі;

Үй шаруашылықтарындағы  өндіріс.

Қала және ауыл үй шаруашылықтарындағы  өндіріс көлемдері.

Субъективтік  экономикалық қиындықтар.

Экономикалық ауыртпалықты сезіну.

Тұрғын үй және қоршаған орта

Тұрғын үй алаңы.

Адам басына бөлмелер саны;

Адам басына квадрат метрлер саны.

Тұрғын үй жағдайлары.

Қазіргі заманғы әжетханалары жоқ үй шаруашылықтарының үлесі.

Меншік құрылымы.

Меншікті баспанасы жоқ  үй шаруашылықтарының үлесі.

Баспанамен қанағаттандырылу.

Қабылданатын баспанамен қанағаттандырылу.

Қоршаған орта.

Шу, ауаның ластануы, «жасыл аймақарға» қол жетімділіктің болмауы  және судың сапасы.

Жұмыспен қамту, білім және машықтар

Жұмыссыз және жұмыспен қамтылған үй шаруашылықтары

Ақы төленетін жұмысы жоқ  немесе отбасылық кәсіпорындарда ақы  төленбейтін жұмысқа пайдаланылатын отбасыларда тұратын 0-64 жас аралығындағы адамдардың үлесі.

Екінші жұмысы бар жұмыс  істейтіндердің үлесі.

Жұмыспен қамтылудың қабылданатын тұрақтылығы.

Елдер бойынша бөлінісінде  жұмыспен қамтылған сұралушылардың арасындағы кейінгі алты айда жұмысынан  айырылып қалудың қабылданатын ықтималдығы.

Таяу алты айда жұмысынан  айырылып қалу ықтималдығы жоғары немесе барынша ықимал деп ойлайтын жұмыспен қамтылған адамдардың үлесі.

Жұмыс сапасы.

Өз жұмысында әртүрлі  өтініштермен («менің жұмысымның перспективасы  жақсы», «менің жұмысыма ақы жақсы  төленеді», «менің жұмысым өте қауіпті  және/немесе ауыр», «менің жұмысым зеріктірерлік», «мен ұдайы қысқа мерзімдер жағдайында жұмыс істеймін», «мен қауіпті және/немесе кінәратты жағдайларда жұмыс  істеймін») келісетін немесе толық  келісетін сұралушылардың үлесі.

Білім деңгейі  және ағылшын тілінде оқуға қабілеттілік.

Ағылшын тілінде оқи білу.

Білімі мен жас деңгейіне  қарай ағылшынша «өте жақсы» немесе «жеткілікті жақсы» оқи алатын сұралушылардың үлесі.

Интернетті пайдалану.

Білімі мен жас деңгейіне  қарай аптасына бірнеше мәрте  немесе жиі Интернетті пайдаланатындардың үлесі.

Алдыңғы айлармен салыстырғанда  аптасына бірнеше мәрте немесе жиі  Интернетті пайдаланған ерлердің және әйелдердің үлесі.

Өмір бойы білім  алу және оқу.

Алдыңғы жылдармен салыстырғанда  жұмыспен байланысты және олардың жұмысымен  байланысты емес білім алған немесе оқу курстарынан өткен сұралушылардың үлесі.

Білім деңгейімен қанағаттандырылу.

Үй шаруашылықтарының  құрылымы және отбасылық қатынастар

Үй шаруашылықтарының  құрамы.

Жастардың тұрмыстық жағдайлары (жаңадан құрылған үй шаруашылықтары).

Егде адамдардың тұрмыстық  жағдайлары.

Үй шаруашылығының мүшелері туралы қам жасау үшін жауапкершілік  және үй жұмысы.

Үй жұмысы және гендер.

Үй жұмысының жиілігі, елдер және жас топтары бойынша  топтастыру.

Балаларға қам  жасау және аналардың жұмыспен қамтылу  дәрежесі.

Балаларға күнделікті қам  жасау сағаттары, елдер және ата-ана  жынысы бойынша топтастыру.

Өзара отбасылық  қолдау үлгілері және кеңейтілген отбасы мүшелерімен қарым-қатынас.

Отбасы және басқа да адамдар  тарапынан сұралушыларға қолдау көрсету («Орташа а) сіздің балаларыңыздың кез келгенімен, б) сіздің анаңызбен  немесе әкеңізбен, в) сіздің достарыңыздың  немесе көршілеріңіздің кез келгенімен сіздің тікелей байланысыңыз қаншалықты жиі болатындай сіздің отбасыңыздан тыс өмір сүретін адамдар туралы ойлай отырып», «Жиі байланыстар» мыналарды  қамтиды: «күнінен бір реттен көп», «әр күні немесе әр күні дерлік», «ең  кемінде аптасына бір рет», «Күйзеліс  жағдайында сіз кімнен көмек аласыз: а) отбасыңыздан, б) басқалардан, в) ешкімнен, : «Шұғыл түрде 1000 евро қажет болған кезде сіз кімнен көмек сұрайсыз: а) отбасыңыздан, б) басқалардан, в) ешкімнен.»)

Отбасылық өмірмен қанағаттандырылу.

Жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдік

Жұмыс пен отбасылық  өмірді бірлестірудің қиындықтары

Аптасына бірнеше мәрте  жұмыс пен отбасылық өмірді бірлестіру қиындықтары («үй жұмысы үшін қатты  шаршаймын», «отбасылық міндеттерді  орындауда қиындықтар бар», «жұмыста жиналуда қиындықтар бар») бар жұмыспен қамтылған адамдардың үлесі.

Сұралушылардың жынысына байланысты отбасылық міндеттерді  орындаудың қиындықтары.

Жынысқа байланысты жұмыс  аптасының ұзақтығы.

Аптасына бірнеше мәрте  отбасылық міндеттерді орындаудың қиындықтары: төрт жастан кіші балалары бар жұмыс істейтін ата-аналардың  барлық жұмыспен қамтылған адамдарға  қатынасы.

Шартты жұмыс уақыты мен  отбасылық жұмысқа кеткен уақыт  арасындағы қатынас.

Денсаулық және денсаулық  сақтау

Денсаулық жағдайы

Жасқа байланысты созылмалы  аурулар немесе мүгедектік, %.

Үй шаруашылықтарының  табысына байланысты денсаулық жағдайы (төмен, орта, жоғары квартиль).

Медициналық көмекке қол  жетімділік қиындықтары (өте қиын, шамалы қиын, қиын емес).

Медициналық қызметтер сапасы, әлеуметтік қызметтер сапасы («Жалпы сіз [елдегі] мемлекеттік қызметтердің әрқайсысының сапасын қалай бағалар  едіңіз. Бірден бастап 10-ға дейінгі  шәкіл бойынша бағалаңыз, онда 1 өте  төмен сапаны және 10 – ең жоғары сапаны білдіреді.»)

Субъективтік саулық

Өмірге қанағаттанушылық және бақыт («Барлық жағдайларды  ескере отырып, сіз осы сәтте өз өміріңізге қаншалықты қанағаттанасыз? 1-ден бастап шәкіл «өте қанағаттанбаймын» 10-ға дейін «барынша қанағаттанамын», «Барлық аспектілер туралы айта отырып, сіз қаншалықты бақыттысыз? 1-ден  бастап 10-ға дейінгі шәкіл бойынша 1 «өте бақытсызбын» және 10 «өте бақыттымын»  дегенді білдіреді»).

Өмірге орташа қанағаттанушылық және әлеуметтік топтар бойынша орташа қанағаттанушылықтан ауытқу.

Әлеуметтік топтар бойынша  болашаққа нық сеніммен қарау («Мархабат, маған: Мен болашаққа нық сеніммен қараймын деген пайымдаумен толық  келісетініңізді, кейбір дәрежеде келісетініңізді, онша келіспейтініңізді немесе толық  келіспейтініңізді айтыңыз»)

Қоғамның қабылданатын сапасы

Қоғамдағы ауыртпалықты сезіну

Әлеуметтік топтар арасындағы қатынастардағы ауыртпалық («Барлық  елдерде әлеуметтік топтар арасында ауыртпалық бар. Сіздің ойыңызша, сіздің елдегі келесі топтардың әрқайсысының арасында қаншалықты мұндай ауыртпалық бар? Кедей және бай адамдар, менеджмент және жұмысшылар, ерлер мен әйелдер, қарттар мен жастар, әртүрлі нәсілдік және этникалық топтар: күшті ауыртпалық, кейбір ауыртпалық, ешқандай ауыртпалық жоқ»).


 

Өмір сапасы, жалпы адамдардың жалпы саулығы ретінде өлшенеді, дегенмен зерттеушілер нысанасында  тар ауқымды немесе бір өлшемді  адамның жеке тұлғасы болады.

Өмір сапасы және шарттарының  мониторингі таза "ғылыми" санат  болып табылмайды, айтарлықтай қолданбалы сипатқа ие болады және қоғамның негізгі проблемаларын және мақсаттарын шешуге көмек ретінде ұсынылған. Бұл зерттеуді жүргізу одақтың еуропалық әлеуметтік саясатының өзгерісін көрсетті. Көптеген жылдар ішінде ЕО саясаты әлеуметтікке қарағанда барынша экономикалық болды. Бұған қоса, соңғы жылдары ЕО-да ішанара нарықты біріктірудің теріс салдарларынан кейбірін өтеу қажеттігі туындағандықтан әлеуметтік саясат саласындағы құзыреттілікті арттыруға талап өсуде. Грециядағы және Испаниядағы соңғы оқиғалар осы тұжырымдаманың дұрыстығын растайды.

Соңғы сауланаманы Intomart GfK28 елдерде жүргізді: сауалнама алынғандар саны 600 адамды құраған "шағын" елдер - Кипр, Эстония, Люксембург, Мальта және Словенияны қоспағанда одақ елдерінің  әрбірінде жас санаты 18 жас және жоғары шамамен 1000 адамға сауалнама  жүргізілді. Әзірленген сауаланама жұмыспен қамтылу және еңбек шарттары, тұрғын үй, отбасылық, өмірдіңәлеуметтік және саяси жақтары, қоғамның өмір сапасы, сондай-ақ, субъективтік саулыққа екпін  бере отырып, өмір салаларының кең  ауқымын қамтыды.

Деректерді өңдеу берлиндік  Әлеуметтік ғылымдарды зерттеулер орталығында (WZB) жүргізілді. Бірнеше макрокөрсеткіштер  жеке тұлғалардың қабылдауы (мысалы, табыстар үй шаруашылықтары) мен жалпы  елдегі әлеуметтік жағдай (мысалы, халықтың жан басына ЖІӨ) арасындағы байланысты қамтамасыз ету үшін сұрау кезеңінде  қосылды.

Зерттеу әртүрлі елдердегі  өмір сапасын зерттеудің амбициялық мүмкіндігін білдіреді. Ол жуырдағы кеңейту тұрғысынын ЕО алдында тұрған проблемаларды көрсете отырып, маңызды  ақпарат көзі болып табылады. Сондай-ақ, ол кеңейтілген қоғамдастықтағы  әлеуметтік жағдайдың дәлме-дәл  көрінісін,  объективтік және субъективтік элементтерді қамтитын көріністі береді. Сонымен бірге, деректерге кейбір шектеулердің бар екендігін атап өту керек. Сонымен қатар іріктеме көлемі әрбір  елде шамамен 1000 құрайды, мысалы босқындар  немесе толық емес отбасылар сияқты кіші топтарды егжей-тегжейлі талдауды қамтамасыз ету үшін оның көлемінің  шағын болуына байланысты іріктеменің  репрезентативтілігі толық шамада қамтамасыз етілмейді. Бұдан өзге, зерттеуде  қамтылған мәселелердің кең ауқымы бір жағынан басымдықты білдіргенмен, бірақ бұл сондай-ақ, тақырыптардың  ешқайсысы терең қарастырыла  алмайтынын білдіреді. Өмір сапасы аспектілерінің кейбірі мамандандырылған зерттеулерде қолдану мүмкін болатынға қарағанда  көрсеткіштердің шамалы ауқымды  топтамасын пайдаланумен өлшенеді. Бұған  қоса, бұл зерттеудің күші оның объективтік  және субъективті көмір сапасының  негізгі аспектілері туралы ақпараттың жиналуын қамтамасыз ететіндігінде.

Информация о работе Тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартудағы аймақтық басқарудың тиімділігін жоғарылату