Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Мая 2013 в 14:01, дипломная работа
Қазіргі мыңжылдықтың басынан бастап әлемде орын алған ғаламдық оқиғалар сондай-ақ, қызығушылықты күшейту үшін серпін берді. Өмір деңгейі және сапасы мәселелері кенет қазіргі заманғы мемлекет үшін барынша маңызды мәселелердің бірі болды. Әлемдік дағдарыс нәтижесінде халықтың негізгі көпшілігінің өмір деңгейі мен сапасының төмендеуі жалпы бірқатар араб елдерінің басқарушы режимдері тақтан тайған оқиғаларға алып келді. Өңірдегі жағдайдың одан әрі тұрақсыздануы өмір сапасының одан әрі құлдырауына әкеп соқты.
Маңыздылығы бойынша бірінші «Денсаулық» санаты анықталды. Халықтың денсаулығын жақсарту халықтың физикалық даму және жұмысқа қабілеттілігін арттырудың және тиісінше өнімдер және қызметтер жасау үшін мүмкіндіктерді кеңейтудің және т.б. маңызды факторы ретінде қарастырылады, сондықтан адамның денсаулығын жақсарту саласындағы қол жеткізуді көрсететін күтілетін өмірдің ұзақтығы көрсеткішін таңдау осы топта болды. Ана және нәрестелер өлімі көрсеткіштері сондай-ақ, осы топтың маңызды құрамдауыштары болып табылады. Қазақстандық нақты өмірді ескере отырып, топқа сондай-ақ, құрт ауыруы сияқты ауру бабы енгізілген, ол бойынша Қазақстан Әлемдегі алғашқы орындардың бірін алады.
Халықаралық тәжірибені бағалау кезінде адамдардың тамақтану сапасын анықтайтын көрсеткіштерді анықтау кезінде аштық проблемасы Қазақстан үшін өзекті болып табылмайтындығын ескеру керек, бірақ бұл ретте әлі де табыстар деңгейі әртүрлі халықтың энергияны тұтынудағы поляризациялау проблемаса бар. Сондай-ақ, энергияны тұтынудағы өңірлік саралану сақталады. Осыған байланысты қазақстандықтардың тамақтану сапасын бағалау үшін ҚРСА есептелетін «орташа халықтың жан басына тұтынылған тамақ өнімдерінің энергетикалық құндылығы» көрсеткішін пайдалану ұсынылады (ккал/күніне). Бұдан өзге, перспективада тұтынылған тамақ өнімдерін де алынбаған микроэлементтер (жабық аштық) деңгейін өлшеу үшін тиісті көрсеткіштерді әзірлеу және енгізу қажеттілігі бар, сондай-ақ, белгілі бір өнімдерді тұтыну тұрақтылығын бағалайтын көрсеткіштер болуы мүмкін.
Тұрғын үй шарттарын сипаттау кезінде халықаралық статистика ең алдымен тұрғын үй иесін бөліп көрсетеді. Осы мақсатта барлық тұрғын үй қоры жеке, жалдамалы және муниципальды болып бөлінеді. Ал атап айтқанда, тұрғын үй сапасын зерттеу кезінде қабаттар бойынша, қабырғалардың материалы бойынша, төбелердің биіктігі бойынша, оның коммуналдық-тұрмыстық жабдықтармен жабдықталу дәрежесі бойынша топтамалар пайдаланылады. Меншікті тұрғын үй үшін оған тиесілі жер учаскесінң көлемі көрсетіледі. Халықтың тұрғын үймен қамтамасыз етілуін жалпылама сипаттау үшін белгіленген стандартқа жауап бермейтін тұрғын үйлерде тұратын халық саны және жалпы халық санындағы оның үлесі; бір тұрғынға келетін бөлмелер саны сияқты көрсеткіштер қолданылады. Бұл ретте батыс елдеріндегі тұрғын үймен қамтамасыз етілу стандарты бір тұрғынға бір бөлме оған қоса жалпы бір бөлмені болуы ұсынылады. Біздің зерттеу үшін 1 адамға келетін тұрғын үй ауданы/бөлмелер саны; тұрғын үйдің суық және ыстық сумен, кәрізбен, газбен қамтамасыз етілуі, пәтерледің орташа көлемі сияқты тұрғын үй сапасын сипаттайтын көрсеткіштерді пайдалану ұсынылады.
Халықтың ұзақ мерзімді пайдалануға арналған әртүрлі заттармен қамтамасыз етілуіне келер болсақ, онда халықаралық статистика орташа 100 отбасыларға, немесе халықтың 1000 адамына ұзақ мерзімді пайдалануға арналған заттар санын есептейді. Халықтың азық-түліктік емес тауарларды тұтыну сипаттамасы халықтың жан басына осы тауарларды орташа жылдық тұтыну көрсеткіштерін анықтау жолымен жүргізіледі. Біздің жағдайда халықтың жан басына ұзақ мерзімді пайдалануға арналған сатып алынатын тауарлар (автомобильдер, жиһаз, тұрмыстық техника, ұялы телефондар, компьютерлер және т.б.) санын өлшеу ұсынылады.
Халықтың ақылы қызметтерді сатып алуға шығындар үлесі – өсуі біздің көрсеткіштер жүйесінде теріс қабылдануға, ал төмендеуі тиісінше өмір сапасын жақсартуды сипаттауға тиіс көрсеткіш. Бұл қазақстандықтардың коммуналдық қызметтер және көлік және байланыс қызметтеріне ақы төлеуге алаңдаушылығы, ал осы екі бап ақылы қызметтерге барлық шығындардың шамамен 70%-ын құрайтындығымен, адамдардың өзінің өмірінің басқа да сапалық сипаттамаларын жасқарту мүмкіндігінің азаюына байланысты.
Халықаралық зерттеулерде көлікпен қамтамасыз етілу санаты және олармен байланысты қызметтер үлкен қалалардың көліктік қамтамасыз етілуін анықтауға елеулі дәрежеде шоғырланған. Бұл дамыған елдердегі халықтың үлкен тығыздығымен және қарбалас кезінде жұмыс орындарын және үйлерге барудың қиындығымен байланысты. Қазақстандық жағдайда өзгеше көрініс көрсетіледі: халықтың төмен тығыздығына байланысты, елдің барлық елді мекендерін тұрақты көлік қатынасымен қамтамасыз етумен және жоғары салыстырмалы көлік шығындарымен байланысты қиындықтар бар. Сондықтан Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі Көліктік стратегиясында анықталған үш көрсеткіш таңдап алынды:
Коммуникациялар құралдарына келер болсақ, елдің интернетті пайдаланушылармен және ұялы телефондарды пайдаланушылармен толығуы қоғамның техникалық дамығандық дәрежесін сипаттайды.
Қоршаған ортаның жай-күйі адамдар өмірінің сапалық сипаттамаларына тікелей әсер етеді. Сондықтан бұл көрсеткіштің салмағы үлгіде тиісті мәнге ие болуға тиіс. Ұсынылған көрсеткіштер қоқыс өңдеу үлесін сипаттайтын көрсеткішін қоспағанда қазіргі уақытта бар - бұл елдегі жаңа, бірақ үлкен перспективасы бар. Қазіргі заманғы энергетиканың маңызды үрдісі оның өндірісінің балама көздерінің дамуы болып табылады, сондықтан көрсеткіш тізбесіне балама көздерімен электр энергиясын өңдеу үлесін енгізуді ұсынамыз, өйткені үлесті ұлғайтуэкологиялық жағдайға тікелей әсер етеді.
Білім деңгейін арттыру адам капиталының сапасы – қоғамның байлығын көбейтудің негізгі факторына айтарлықтай әсер етеді және қоғамдық еңбектің өнімділігінің өсуіне негізделеді. Білім деңгейі жиынтық білімдер және машықтар қорын - қоғам «рухани байлығын» құра отырып, жиналған білім, еңбек, ғылыми, зияткерлік және шығармашылық әлеуетті сипаттайды. Бұл сапа ұрпақтан ұрпаққа беріледі және адамның дамуына және жалпы қалпына келтіру процесінің тиімділігінің өсуіне маңызды алғышартты білдіреді. Бұдан өзге оқу жылының саны және отбасы, мемлекет, кәсіпорындар және ұйымдар жүргізетін оған кететін шығындар туралы деректер негізінде белгілі бір күнге жиналған білімдер әлеуетін анықтауға болады. Бұл толық шамада қоғамның мәдени деңгейіне жатады – адамның рухани дамуы жоғары болған сайын оның өмір соншалықты сапалырақ және толыққанды болады. Сондықтан қоғамның рухани дамуының сапалық сипаттамаларын анықтау мақсатында білімділік дәрежесін және қоғамның мәдени дамуын анықтайтын көрсеткіштер ұсынылды.
Әлеуметтік қажеттіліктердің қанағаттандырылуын сипаттау мақсатында бүгінде қолда бар көрсеткіштерді пайдаланумен қатар жаңа көрсеткіштерді әзірлеу ұсынылады.
Мәселен, еңбек шарттарын сипаттау үшін өндірісте зардап шеккен және өлімге әкеліп соққан өндірісте зардап шеккен адамдардың саны (жұмыс істейтін 10 000 адамға) сияқты көрсеткіштерді пайдалану болжанады.
Демалыс шарттарын бағаланатын
кезеңде демалып жатқан қазақстандықтар
санының екі сандық көрсеткіштері
және Қазақстанның туристік тартымдылығын
сипаттайтын бір жанама сандық көрсеткіші
көмегімен бағалау
АДИ мысалы бойынша әлеуметтік қамтамасыз етілу дәрежесін статистикалық деректер негізінде есептік шамалар көмегімен өлшеу болжанады. Бұл цифрлар ел азаматтарының әлеуметтік қамтамасыз етілуінің орташа/ең жоғары/ең төмен көрсеткіштері арасындағы алшақтықты көрсетуге тиіс:
Қоғамдағы әлеуметтік-тұрмыстық жағдай Мағриб елдеріндегі және Жаңаөзен қ. соңғы оқиғалар тұрғысында биліктің және халықаралық ұйымдардың назарын барынша аудара бастады. Ақпараттық байланыстармен толыққан қазіргі заманғы әлемде қоғамдағы кез келген ауыртпалық жоғары жылдамдықпен таралады. Адамдардың өз өмірінің шарттарын объективті бағалау және оларды басқа да елдердегі, өңірлердегі шарттармен салыстыру мүмкіндігі бар. Сондықтан өмірдің қанағаттандырылмауы (100 мың тұрғындарға өзіне қол жұмсау санымен сипатталады); қоғамның агрессияшылығы (100 мың тұрғындарға кісі өлітіру санымен сипатталады); меншік проблемаларын шешудің сәйкессіздігі (100 мың тұрғындарға ұрлық, қарақшылық және тонау саны арқылы көрсетіледі); отбасылық қатынастардың тұрақсыздығы (1000 некеге ажырасулар саны) және т.б.. сияқты адам және қоғамдық қатынастардың жақтарын өлшеу маңызды. Барлығы бұл бөлімде 1-кестеде ұсынылған 11 индикаторларды пайдалану болжанады.
Өмір сапасының субъективтік индикаторлары. Субъективтік көрсеткіштерсіз өмір сапасының көрінісі толық және объективтік болмайды, ол халықтың субъективтік бағалауларынан қалысптасады. Мұндай тәсіл өмір сапасын әлеуметтану сауалнамалары негізінде анықтауды болжайды. Субъективтік индикаторларды пайдалану - халықтың өмір сапасының шынайы көрінісін алудың қажетті шарты.
Батыс мамандарының арасында субъективтік көзқарасы тұрғысынан өмір сапасының анықтамаларының бірінші әдістемелерінің бірі Л.В. Портер әзірлеген сауалнама болды, оның көмегімен өмір сүру қажеттіліктерінің, әлеуметтік қажеттіліктердің, эго-қажеттіліктер және өзін-өзі іске асыру қажеттіліктерінің қанағаттандырылу дәрежесін анықтау мүмкін болды. [23]
АҚШ әлеуметтанушылары жүргізген соңғы 20 жылдағы зерттеулер жеке тұлға мәртебесіндегі өмір сапасымен байланысты және жеке тұлғалардың құндылықтарын ашты. Жалпы жағдайда өмір сапасына қатысты мәртбелік индикаторлар мыналардан тұрады.
1. Табыс. Н. Акерман
және Б. Палуччидің пікірі
2. Жұмыстың сипаты. А. Кэмпбелл,
П.Е. Конверс және В.Л.
3. Білім. Осы мамандар
білім өмір сапасымен тікелей
байланысты емес екендігін
4. Жас. Дж. Бреннанның пікірі
бойынша жас адамдар өмір сүру
орнына қарамастан егде
5. Пол. Тендер Б., В. Брайант
және Д. Верофф ерлер және
әйелдер өмір сапасы
6. Неке мәртебесі бақытты
жалпы бағалаумен байланысты.
Р. Инглхарттың және Дж. Рабьердің
пікірі бойынша деректер
7. Ұлт. Ф.М. Эндрюстің
және Р. Инглхартың пікірі
8. Тұрғылықты жер (қала-село).
Р.М. Фернандес және Д.С.
9. Денсаулық. А.
10. Сыртқы келбет. Ол тартымды
ретінде бағаланатын
11. Әлеуметтік орта. Әлеуметтік
ортаның мән елеулі, бірақ оны
ұлғайту керек емес. Кемпбелл
А., Конверс П. және Роджерс
В. әлеуметтік орта аспалылары
және өмірдің
Кесте
«Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығы» ЖМ ұсынатын ҚР халықтың өмір сапасының өлшеудің өзекті индикаторларының жүйелендірілген тізбесі
Көрсеткіштер |
Индикаторлар |
Негізгі физикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру | |
1. Денсаулық |
1.1. Өлім-жітім (оқыс жағдайлардан, уланулардан және жарақаттардан өлімді қоспағанда қатерлі ісіктерден; қан айналымы жүйесі ауруларынан, өкпе ауруларынан аурулар түрлері бойынша бөле отырып 1 000 адамға). 1.2. Балалар өлім-жітімі (1000 тірі туғандарға); 1.3 Аналар өлім-жітімі (100 мың тірі туғандарға); 1.4. Туу кезіндегі күтілетін өмірдің ұзақтығы (жас, ерлер және әйелдер); 1.5. Белсенді құрт аурумен ауру (100 000 халыққа), 1.6. Аурухана орындарының саны 10 000 халыққа; 1.7. Денсаулық сақтау жүйесімен қанағаттандырылу дәрежесі. |
2. Тамақтану |
2.1. Орташа халықтың жан басына тұтынылған тамақ өнімдерінің энергетикалық құндылығы (ккал/күніне). 2.2. Тамақ сапасының қанағаттандырылу дәрежесі. |
3. Тұрғын үй |
3.1. Тұрғын үйлерді пайдалануға беру (жалпыауданның мың ш.метр); 3.2. Халықтың 1000 адамынатұрғын үйді пайдалануға беру(жалпыауданның ш.м); 3.3.Халықтұрғын үймен орташақамтамасыз етілуі, бір тұрғынға жалпы аудан ш.м саны /бөлмелер саны; 3.4. Пәтерлердің орташа көлемі (ш.м.); 3.5. Тұрғын үймен қанағаттандырылу дәрежесі. |
4. Ұзақ мерзімді пайдалануға арналған заттар |
4.1. 100 отбасыға жеңіл автомобильдермен қамтамасыз етілу; 4.2. 100 отбасыға телефон аппараттар/ұялы телефондар саны; 4.3. 100 отбасыға компьютерлер саны. |
5. Материалдықәл-ауқаты |
5.1. Халықтың жан басына ЖІӨ (теңге); 5.2. Орташа жан басына табыс, ең төменгі өмір сұру деңгейіне еселегенде; 5.3. Алдыңғы жылға пайызбен халықтың нақты ақшалай табыстары; 5.4. Нақты жалақы индексі (% алдыңғы жылға); 5.5. Ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасынан төмен табыстармен халықтың үлесі, пайызбен. 5.6. Материалдық әл-ауқаттың қанағаттандырылу дәрежесі. |
6. Ақылы қызметтер |
6.1. Халыққа ақылы қызметтерді сатып алуға шығындар үлесі (%); 6.2. Ақылы қызметтер сапасының қанағаттандырылу дәрежесі. |
7. Көлік және коммуникациялар |
7.1. Елді мекендердің тұрақты көлік қатынасымен қамтамасыз етілуі (1000 адамға маршрут саны); 7.2. Соңғы өнім және
қызмет құнындағы көлік 7.3. Жолаушылар айналымының өсуі (%); 7.4. Халықтың 1000 адамына Интернет пайдаланушылар саны; 7.5. Халықтың 1000 адамына кабельді теледидар абоненттерінің саны; 7.6. Көліктік жүйесімен
және коммуникациялармен |
8. Қоршаған орта және климат |
8.1. Стационарлық көздерден
ластағыш заттардың 8.2. Көлікпен ластағыш
заттардың атмосфераға 8.3. Қоқыс тастайтын орын жанындағы аумақ ауданы, халықтың жан басына га. 8.4. Қоршаған ортаға эмиссия халықтың жан басына кг. 8.5. Халықтың жан басына су тұтыну, т.; 8.6. Тұрмыстық қалдықтардың жалпы көлемі және қайта өңделетін қоқыс үлесі т, %.; 8.7. Баламалы энергия көздері өндіретін энергия үлесі, %; 8.8. Ластанған ағын суларды шығару көлемі, млн.т.; 8.9. Қоршаған орта және
климаттың жай-күйімен |
II. Әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру | |
9. Еңбек шарттары |
9.1. Өндірісте зардап шеккен адамдардың саны (жұмыс істейтін 10 000 адамға); 9.2. Өлімге әкеліп соққан
өндірісте зардап шеккен 9.3. Еңбек шарттарының қанағаттандырылу дәрежесі. |
10. Демалыс шарттары |
10.1. Жазғы сауықтыру лагерлерінде демалған балалар саны; 10.2. Туристік жолдамалар сатып алған азаматтардың саны; 10.3. Республикаға (өңір) келген шетелдік туристер саны; 10.4. Демалыс шарттарының қанағаттандырылу дәрежесі. |
11. Әлеуметтік қамтамасыз ету |
11.1. Барынша көп және барынша аз қамтамасыз етілген халықтың 10% табыстарының арақатынасы, бөл; 11.2. Әлеуметтік қамтамасыз
ету жүйесімен |
12. Әлеуметтік-тұрмыстық жағдай |
12.1. Жұмыссыздық деңгейі; 12.2. Жұмыспен қамтылған халық санындағы бетінше жұмыспен қамтылғандар үлесі; 12.3. Бақытсыз жағдайлардан,
уланулардан және 12.4. 100 мың тұрғындарға өзіне қол жұмсау саны; 12.5. Ереуілдер (жұмыс уақытындағы адам–күндер шығындарының саны, қатысушылар саны); 12.6. Саяси еркіндіктер дәрежесі (ҮЕО саны); 12.7. Тіркелген қылмыстар деңгейі; 12.8. Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар үлесі, 12.9. Өлімге әкеп соққан ЖКО саны; 12.10. 1000 некеге ажырасулар саны; 12.11. Әлеуметтік-тұрмыстық
жағдаймен қанағаттандырылу |
III. Рухани қажеттіліктерді қанағаттандыру | |
13. Халықтың мәдени деңгейі және білім |
13.1. Экономикалық белсенді халықтың жалпы санына жоғары білімі бар халықтың үлесі, (%); 13.2. Шығарылатын кітаптар және брошюралар көлемі (бірл.); 13.3. Шығарылатын журналдар
және басқа да мерзімді 13.4. Халықтың жан басына шаққандағы театрлар саны (бірл.); 13.5. Халықтың 1000 адамына театрларға келу; 13.6. Халықтың жан басына шаққандағы музейлер саны (бірл.); 13.7. Халықтың жан басына шаққандағы музейлерге келу; 13.8. Мәдени ізгіліктермен қанағаттандырылу дәрежесі. |