Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2015 в 16:16, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты: Кітапхананың ақпараттық іс-әрекетін оңтайлы басқаруды көздейтін кітапханалық маркетингті теориялық тұрғыда негіздеу, әрі әдістемелік жақтарын ашып көрсету.
Курстық жұмыстың обьектісі: Кітапханалардың іс-әрекетінде ақпараттық маркетингі қолдану мәселелерін қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеті:
-Кітапханалық - ақпараттық жүйе қызметінің экономикалық негіздерін зерттеу;
- Кітапханалық - ақпараттық ресурстарды тимді пайдалану жағдайында кітапханалық - ақпараттық жүйенің ұйымдастырылған құрылымын басқарудың ғылыми негізін өңдеу;
Кіріспе...........................................................................................................................................3
1. Маркетингтің теоретикалық негіздері және жетекші құрылымдық элементтері
1.1 Кітапхана қызметі саласында маркетингті пайдаланудың жалпы мәселелері.................4
1.2 Кітапханалық қызмет көрсетудегі маркетинг......................................................................9
1.3 Кітапхана қызметінде қолданылатын маркетингтің түрлері............................................19
2. Кітапхананың ақпараттық іс-әрекетіндегі маркетинг
2.1 Кітапхананың ақпараттық құрылым жүйесінде маркетингті қолдану............................29
2.2 Кітапханалық - ақпараттық маркетинг өнімдерінің маңызы мен жалпы сипаты...........32
Қорытынды.................................................................................................................................39
Әдебиеттер тізімі............................................................................
Кітапханадаға басқарушылық шешімдерді қабылдау механизмін негіздеуге мүмкіндік беретін классикалық микроэкономиканың маңызды кәсіби компоненттерінің арасынан төмендегілерді бөліп көрсетуге болады.
• сұраныс пен ұсыныс теориясы;
• пайдалылық концепциясы (қызмет, интеллектуалды өнім);
• пайдаланушылардың таңдауының белгісіздік эффектісі;
• бәсекелестік (жарысушылық) нарық идеясы;
• ақылы қызмет түрлеріне (баға нұсқаларының көптүрлілігі) баға диверсификация саясаты;
• экономикалық тиімділік теориясы. Сондай-ақ кітапханалық-ақпараттық мекемелердің практикалық микроэкономикалық стратегиясын дамытуда тәсілдік құрал рөлінде көрінеді, кітапханалардың жеке маркетингтік концепциясын жасауға әсер ететін негізгі факторлар ретінде де көрінеді.
Маркетингтің бірінші деңгейінде жинақталған және аналитикалық тұрғыдан өңделген көпаспекті мәліметтердің кешенді массивінің көмегімен кітапхананың нарықтық концепциясының негізгі импульсін анықтау мүмкін болады. Профильді рыноктың маркетингтік зерттеуі кітапханалық-ақпараттық мекеме қызметінің ұйымдастыраушылық-экономикалық циклді айқын бастап, аяқтап береді.
Екінші кезеңде қорытынды ақпараттық-библиографиялық және соған сай өнімдердің жұмыс бағыты және мүмкіндік реті қалыптасады, қызмет пен өнімдердің нормативтік сипаттамалары (мазмұнды, сапалы, санды) құрылады, қызмет көрсету жағдайы (оның ішінде тегін және ақылы, бағалы параметрлері) айқындалады, нақты қажеттіліктердің құжаттық дайындығы жүзеге асырылады. Профильді нормативті құжатты өңдеу - (қызмет) ішкі қызмет стандарты – кітапханалық-ақпараттық қызмет / өнім сапасының сәйкестігін кітапханаға дәлелдеуге мүмкіндік береді.
Үшінші кезеңнің мақсаты – кітапханалық-ақпараттық мекеменің ресурстық потенциалын бөлуге негізделген кітапханалық қызметтің бағыттарын ресурстық (қаржылық, материалды-техникалық, кадрлық) жабдықтауға бағытталған.
Төртінші кезең кітапханада ақпараттық-библиографиялық және басқа қызмет / өнімдердің айқын құрылымы мен деңгей сапасын құрудың мүмкіндігін қамтамасыз ететін технологиялық дайындық. Келесі бесінші кезеңде өнімге сәйкес келетін кітапханалық ақпараттық- библиографиялық және басқа қызметтің құрылуы жүзеге асады.
Бесінші кезеңге алтыншы кезең қосылады. Ол кітапханалық-ақпараттық қызметтің немесе ақпараттық-библиографиялық өнімдердің үлгілерінің жекелеген түрлерінің сапалық параметрлеріне таңдаулы бақылау жасауды қамтамасыз етеді.
Жетінші кезеңде қызмет көрсетуге қажет материалдың дайын өнімдердің массивін, кітапхананың қызметінің технологиялық банкін жинау және сақтау жүзеге асырылады.
Сегізінші кезең – маркетингтік блоктың сенімділігіне негізделуіне тікелей бағынышты кітапханалық-ақпараттық қызметін басқару.
Тоғызыншы кезең – кітапхананың пайдалы қызметін ақпараттық-библиографиялық қызметті алуға пайдаланушыларды (жеке оқырмандарды, ұжымдық абоненттерді) соған сәйкес әдістемелік тәсілдер мен ережелерге үйретуді қарастырады.
Қорытынды оныншы кезең алдыңғы кезеңдердің нәтижелігіне байланысты болашаққа альтернативті нұсқаларды қарастырады.
Кітапханалық маркитингте ең бастысы – екі жақты, бірін-бірі толықтыратын тәсіл. Бір жағынан бұл оқырмандардың сұраныстарын қажеттіліктерін қызығушылықтарын жан-жақты, мұқият зерттеу, осы қажеттіліктерге сәйкес қызмет көрсетуге бейімделу, ал екінші жағынан сұраныс пен қызметті, қажеттіліктерді қалыптастыруға әсер ету. Осылайша кітапханалық маркетингтің негізі анықталады.
Маркетинг жеке мүмкіндігіңді бағалауға, өзіңе және жұмысыңа пайдаланушының көзқарасымен қарауға, өз стереотиптеріңді өзгертуге бағытталған құрал.
Жоғарыда айтылғандай кітапханадағы қабылданатын шешімдерді шешуде маркетингтік зерттеудің маңызы зор. Ол кітапхананың негізгі нарығын кешенді зерттеуге, ресурстық мүмкіндіктерді бағалауға жанама сұранысқа талдау жасап, кітапханалық-ақпараттық өнімдерге деген тікелей сұранысты жоспарлауға көмектеседі.
Осыған байланысты кітапхана үш негізгі иелену нарығына (қаржы, қызметкерлер персоналы, құжаттық қор) және бір тауар нарығына (кітапханалық-ақпараттық және соған сәйкес өнімдердің) қызмет етеді.
Алғашқы ақпарат массиві қалыптастыратын маркетингтік зерттеулер қымбат тұрады және белгілі бір мақсатқа бағытталады. Мұндай зерттеулердің кеңінен таралған нұсқаларына жататындар: сұрақ-жауап (жазба және ауызша, стандартталған және стандарттан тыс интервью және т.б.); бақылау (қосылған, қосылмаған, лабороториялық, жүйелік, кездейсоқ және т.б.), эксперимент, тестілеу және т.б.
Маркетингтік зерттеулерде маңызды орын алатын кітапхана орналасқан орта. Ол минимум үш ортада қызмет етеді: макроорта, қоршаған орта және ішкі орта.
Кітапхана құрылымындағы маркетингтік іс-шараларды координациялық және жүйелік циклін өткізу мақсатында ерекше мәселелі-бейімделушілік қызметтерін: орталықтар, бөлімдер, секторлар, маркетинг топтарын бөліп көрсетуге болады.
Іс-әрекеттегі кітапхананың маркетингтік құрылып атауының көп түрлілігі қызмет бағытын бөліп көрсетеді:
• кітапханалық маркетинг;
• инновация мен кітапханалық маркетинг;
• кітапханалық маркетинг пен инновациялық-әдістемелік қызмет;
• маркетинг және жаңа технологиялар;
• экономикалық анализ және кітапханалық маркетинг;
• маркетинг және координация;
• маркетинг және жарнама;
• маркетинг және паблик рилейшнз және т.б.
Кітапхананың мамандандырылған бөлімшелерінде құжат түсіміне анализ жасау жұмыстың мақсаты мен бағыттарын көрсетуге мүмкіндік береді:
• кітапханалық-ақпараттық қызмет нарығын және оның өзгеруін зерттеу;
• ақпаратқа және соған сай сервиске ағымды сұранысқа анализ жасау;
• пайдаланушылардың тікелей ақпараттық қажеттіліктерінің анализі;
• бәсекелестер мен іскерлік қатынастағы тұлғаларды бөлу;
• кітапхана ұсынатын тегін және ақылы қызмет көрсету формаларының көлемі мен ресурстық сипатын қамтамасыз ету анализі;
• кітапханалық-ақпараттық және соған сәйкес қызметтердің сәйкестелген номенклатурасын қалыптастыру;
• ақпараттық өнімдердің түрлері мен қызметінің жаңа түрлерін пайдаланушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту әдістерін өңдеу;
• қызмет көрсетудің ақылы түрлеріне баға саясатын анықтау принципі (баға маркетингі);
• келісімді қарым-қатынасты жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
• кітапхананың әр түрлі қызметін жарнамалау.
Кітапханалық-ақпараттық маркетинг қызметі көпаспектілі, кешенді зерттеу және аналитикалық жұмысты жүргізуге негізделген.
Басқару концепциясының маңызды бағыты болып саналатын маркетинг әрбір жеке кітапханаға ақпараттық қызметте қажетті бағыттарды таңдауға мүмкіндік береді, ақылы ақпараттық-библиографиялық және басқа қызмет көрсету мен нақты ақпарат пайдаланушылардың шекарасын анықтауға көмектеседі.
Қызмет белгісіне байланысты маркетингті ұйымдастырудың классикалық принциппін қолдану қабылданып отырған шешімге қызметкерлердің жауапкершілігін арттырып, бақылау жасауға мүмкіндік береді. Осының негізінде келесі факторларды есепке алған дұрыс:
• ішкі және сыртқы жағдай;
• мақсат және міндет (стратегия);
• өнім тарату жолдары мен құралдары (тактикасы);
• қаржылық шығындар (бюджет).
Ақпараттандыру адам өмірінің барлық жағының интелектуалды-гуманистік құрылымы ретінде танылып, ақпаратты мейлінше толығымен пайдалану оның даму ресурсы ретінде адамның ақпараттық мәдениетінің қалыптасуының маңызын арттырды.
Бүгінде ешкім де ақпаратты оперативті түрде табу мен пайдалану өмір сапасын жақсартатынына шек келтірмейді. Адамдар ақпаратты игеру нәтижесіне байланысты ойлауды және белгілі бір шешімге тоқталады. Ақпараттық мәдениетті қалыптастыру жанұяда басталады, келе-келе оған балабақша, мектеп, жоғарғы оқу орын және т.б. қосылады да ол өмір бойына жалғасады. Ақпаратты мәдениетті қалыптастырудағы ерекше маңызды рөльді кітапхана алады.
Уақыт өткен сайын пайдаланушылардың да ақпаратқа деген қажеттілігі тереңдеп, әр түрлі сипатқа ие бола бастады. Оқырман шығармашылығының назарына ақпарат көздерінің мейлінше кеңеюі қажет болды. Кітапханада жоқ керекті әдебиетті табуға көмектесу үшін кітапханашылар оқырманға (пайдаланушыларға) басқа кітапханаларға, ақпарат орталықтарына баруға кеңес беретін болды, дәстүрлі қызмет көрсетуден басқа, мысалы интернетті пайдалануға ұсыныс жасады. Ақпарат туралы ақпарат бірнеше мәселені шешеді. Біріншіден, ол пайдаланушыға кітапхана ішінде, сондай-ақ оның жекелеген бөлімдері – оқырман залдары, абономенттер, филиалдар ақпаратты табу мүмкіндігін оңайлатады. Бұл үшін әр түрлі көрсеткіштер, хабарландырулар, құрылымдық сызбалар және т.б. шығарылады.
Ақпараттық қажеттіліктерді зерттеу үшін арнайы әдістер мен тәсілдер қажет:
1. Ақпараттандыру процесінің өзі нені білдіреді. Осыны анықтау қажет.
2. Ақпараттандырудың құқықтық жағдайын айқындау, яғни авторлық құқық, сөз бостандығы тұлғаның ақпараттық қауіпсіздігі және т.б.
3. Қазіргі уақыттағы ақпараттық
ресурстардың, жекелеген құжаттардың,
ақпарат жүйесіндегі құжаттар
массивтерінің сипаты мен
4. Әр түрлі ақпарат тасымалдаушылардың, дәстүрлі және электрондық құралдардың, систематизацияның мүмкіндіктерін жете түсіну.
5. Қазіргі ақпараттық
технологияларды пайдалану, өзіндік
компьютерлік сауаттылықты
Кең мағынасында ақпараттық бағалығын пайдаланушы мен ақпарат арасындағы өзара байланыс ретінде анықтауға болады. Ақпарат сапасының басты мақсаты адамның ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандырып, оның қызметіне көмектесу.
Кітапханада маркетингті қолдану кітапхананы басқаруды ұйымдастыру спецификасын және формасының деңгейіне байланысты болады.
Маркетинг – дамып келе жатқан ғылым, сондықтан бір ғана әмбебап түсінікте оның құрылымын, принциптері мен қызметін сипаттап бере алмаймыз. Қазіргі уақытта маркетингтің 2000-нан астам анықтамасы бар, олардың әрқайсысы маркетингті әр қырынан қарастырып, оның кешенді сипатын береді.
Ақпараттық кітапханалық қызмет көрсетуге қосымша ақылы қызмет түрлерін пайдалануға негізделген. Осылайша кітапханалық-ақпараттық маркетинг әр түрлі спецификалық келісімдер дайындауда қолданылады.
Кітапхананың әр түрлі оқырмандарының топтарына көрсетілетін ақылы қызметтері негізінде сұранысты қадағалауға болады. Ол үшін сұранысты сол кітапхананың ақылы қызметтің қандай түрі көрсетілетіні дұрыс екенін табуға болады.
Ақпарат-маркетинг зерттеулері барысында жиналған мәліметтердің жиынтығы. Жақсы ақпарат мына мәселелерді шешуге мүмкіндіктер береді:
• бәсекеде басымдылықты алу;
• шығын қаражатының қауіп-қатерін төмендету;
• тұтынушылардың тауарға деген ынтасын анықтау;
• сыртқы ортаны терең бақылау;
• фирманың өз жұмысын дұрыс бағалау;
• тұтынушылардың жарнамаға деген сенімін арттыру;
• тиімділікті көбейту.
Ақпарат әртүрлі сипатталады. Сондықтан шығу мерзіміне, оған жүктелген міндетіне, оны өңдеуге қарай жіктеуге болады.
Шығу мерзіміне қарай мынадай ақпарат түрлерін айыруға болады:
• тұрақты ақпарат-маркетингтік ортаның ұзақ уақыт өзгермейтін көрсеткіштерін бейнелейді;
• айнымалы ақпарат-маркетинг обьектілерінің өз мәніндегі іс-әрекетін ағынды сандық және сапалық сипаттамасымен көрсетеді;
• ауық-ауық ақпарат – керек кезде ғана анда-санда ғана жиналатын мәліметтер (мысалы, тауардың бағасын өзгерту мүмкіндіктерін анықтау үшін жаңа бәсекелес фирма туралы мәліметтер жинау).
Ақпарат міндетіне байланысты ол былайша бөлінеді:
• анықтамалық ақпарат – танымды сипат алады және маркетинг объектілерінің біршама тұрақты белгілерін анықтап, анықтама жүйісі ретінде шығады;
• кепілдемелік ақпарат – арнайы жүргізген маркетинг зерттеулері қорытындысының немесе мәліметтерді талдаудың негізінде пайда болады. Оған өнім өткізуді болжау, нысаналы рынокты, делдалдарды, жабдықтау фирмалары талдау приоритеттері жүктеледі;
• нормативтік ақпарат – негізінде өндіріс саласында қалыптасады, өндірістің әртүрлі құрылым ережелері, нормативтері баяндалады;
• хабаршы ақпарат – маркетинг ортасы объектілерінің іс жүзіндегі өзгеріс бағыты жоспарға үйлеспеген кезде пайда болады;
• реттеуші ақпарат – хабаршы ақпараттың кемшілік себептерін жоюға бағытталған әрекеттерді баяндайды.
Ақпаратты өңдеуге қарай жіктеу маңызды мағына алып, мына түрлеріне бөлінеді:
• бастапқы ақпарат – нақтылы мақсатты көздей бірінші рет жиналған мәліметтерді баяндау;
• екінші ретті ақпарат – басқа мақсатпен бұрын жиналған қолда бар мәліметтер;
• туынды ақпарат – басқа мақсатты шешу үшін бастапқы, екінші ретті ақпараттың, немесе өзге ақпараттың мәліметтерін баяндау.
Ақпаратты ұйымдастыру алдында оған келесі талаптар қойылады:
1. Ақпараттың өзектілігі
– маркетинг ортасының
Информация о работе Кітапхананың ақпараттық іс-әрекетіндегі маркетинг