Кітапхананың ақпараттық іс-әрекетіндегі маркетинг

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2015 в 16:16, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты: Кітапхананың ақпараттық іс-әрекетін оңтайлы басқаруды көздейтін кітапханалық маркетингті теориялық тұрғыда негіздеу, әрі әдістемелік жақтарын ашып көрсету.
Курстық жұмыстың обьектісі: Кітапханалардың іс-әрекетінде ақпараттық маркетингі қолдану мәселелерін қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеті:
-Кітапханалық - ақпараттық жүйе қызметінің экономикалық негіздерін зерттеу;
- Кітапханалық - ақпараттық ресурстарды тимді пайдалану жағдайында кітапханалық - ақпараттық жүйенің ұйымдастырылған құрылымын басқарудың ғылыми негізін өңдеу;

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................................3
1. Маркетингтің теоретикалық негіздері және жетекші құрылымдық элементтері
1.1 Кітапхана қызметі саласында маркетингті пайдаланудың жалпы мәселелері.................4
1.2 Кітапханалық қызмет көрсетудегі маркетинг......................................................................9
1.3 Кітапхана қызметінде қолданылатын маркетингтің түрлері............................................19
2. Кітапхананың ақпараттық іс-әрекетіндегі маркетинг
2.1 Кітапхананың ақпараттық құрылым жүйесінде маркетингті қолдану............................29
2.2 Кітапханалық - ақпараттық маркетинг өнімдерінің маңызы мен жалпы сипаты...........32
Қорытынды.................................................................................................................................39
Әдебиеттер тізімі............................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

курстык жумыс.docx

— 98.77 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

Кіріспе...........................................................................................................................................3

1. Маркетингтің теоретикалық негіздері және жетекші құрылымдық элементтері

1.1 Кітапхана қызметі саласында маркетингті пайдаланудың жалпы мәселелері.................4

1.2 Кітапханалық қызмет көрсетудегі маркетинг......................................................................9

1.3 Кітапхана қызметінде қолданылатын маркетингтің түрлері............................................19

2. Кітапхананың ақпараттық іс-әрекетіндегі маркетинг

2.1 Кітапхананың ақпараттық құрылым жүйесінде маркетингті қолдану............................29

2.2 Кітапханалық - ақпараттық маркетинг өнімдерінің маңызы мен жалпы сипаты...........32

Қорытынды.................................................................................................................................39

Әдебиеттер тізімі......................................................................................................................41

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Қазіргі заман талабына сай пайдаланушылардың қажеттіліктерін, сұраныстарын қанағаттандыру, әрбір кітапхананың имиджін, артықшылығын көтеру, кітапхананың қызметі жайлы мәліметтерді көпшілікке жеткізу, тарату мақсатындағы жарнама, міне осының барлығы кітапханалық маркетинг қызметінің қажеттілігін айқындап берді.

Кітапханалық маркетинг спецификасы көпшілік кітапханаларында тегін кітапханалық - ақпараттық қызмет көрсету және олардың ауқымын кеңейтуге бағытталған. Ақылы қызмет қосымша қызмет ретінде атқарылады, ол кітапханаға қосымша қаржылай және материалды түрде кіріс кіргізу мақсатында іске асырылады.

Зерттеудің көкейтестілігі: Нарықтық экономиканың дамуы, жеке тұлғаның құқықтарының кеңеюі ақпараттар әлемінде де елеусіз қалған жоқ. Әрбір ақпаратты пайдаланушы өзіне қажетті ақпаратты таңдаумен ғана емес, сондай-ақ өзінің кәсіби қызығушылығы мен ықыласына сәйкес ақпаратты алуға, жеке білім жолын жобалап, жүйелеуіне құқылы.Мұндай жағдайда ақпарат пайдалану кеңістігі мен уақытындағы пайдаланушының білім алуын жақсартудың қажеттілігін мойындауға тура келеді.

Жұмыс тақырыбының өзектілігі ақпараттандыру адам өмірінің барлық жағының интелектуалды-гуманистік құрылымы ретінде танылып, ақпаратты мейлінше толығымен пайдалану оның даму ресурсы ретінде адамның ақпараттық мәдениетінің қалыптасуының маңызын арттырды.

Уақыт өткен сайын пайдаланушылардың да ақпаратқа деген қажеттілігі тереңдеп, әр түрлі сипатқа ие бола бастады. Ал оны қанағаттандыруда кітапханалардың атқаратын қызметі ұшан-теңіз. Пайдаланушылардың кітапханаға деген қызығушылығын ояту, ақпаратқа деген сұранысты жоғарылату, кітапханалық қызмет көрсетуді сапалы жүргізу, кітапхананың пайдасын, оның қажеттілігін дәлелдеу, міне осылардың барлығы кітапханалық маркетингтің өмірге келуіне септігін тигізді.

Курстық жұмыстың мақсаты: Кітапхананың ақпараттық іс-әрекетін оңтайлы басқаруды көздейтін кітапханалық маркетингті теориялық тұрғыда негіздеу, әрі әдістемелік жақтарын ашып көрсету.

Курстық жұмыстың обьектісі: Кітапханалардың іс-әрекетінде ақпараттық маркетингі қолдану мәселелерін қарастыру.

Курстық жұмыстың міндеті:

 -Кітапханалық - ақпараттық жүйе қызметінің экономикалық негіздерін зерттеу;

- Кітапханалық - ақпараттық  ресурстарды тимді пайдалану  жағдайында кітапханалық - ақпараттық  жүйенің ұйымдастырылған құрылымын  басқарудың ғылыми негізін өңдеу;

- Пайдаланушыларды ақпаратпен  қамтамасыз ету;

- Кітапханалық қызмет  көрсетудегі маркетингтің маңызды  сипатын ашып көрсету.

Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде курстық жұмыстың көкейтесті мәселелері, яғни ақпараттандырудың адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналып, ақпаратты таратудағы кітапханалардың маңызы, қызметі өскені, кітапханалық іс-әрекетті басқарудағы ақпараттық маркетингтің қажеттілігі мәселесі қозғалды.

Курстық жұмыстың бірінші тарауында «Маркетингтің теоретикалық негіздері және жетекші құрылымдық элементтері» деп аталып, бұл тарауда кітапхана қызметі саласында маркетингті пайдалану, кітапханалық қызмет көрсетудегі маркетинг, кітапханада қолданылатын маркетинг түрлері мәселелері қарастырылды.

Курстық жұмыстың екінші арауында «Кітапхананың ақпараттық іс-әрекетіндегі маркетинг» деп аталып, кітапхананың ақпараттық жүйесінде маркетингті қолдану, кітапханалық-ақпараттық өнімдер маркетингінің олар маңызын, жалпы сипаты көрсетілді.

Қорытындыда курстық жұмыстын алға қойған мақсатын айқындап, кітапханалық маркетингтің кітапханаларда қолданылу аясының тар екендігіне баса назар аудардым. 

1. Маркетингтің теоретикалық негіздері және жетекші құрылымдық элементтері

1.1 Кітапхана қызметі саласында маркетингті пайдаланудың жалпы мәселелері

«Маркетинг» терминінің негізінде «нарық» десен сөзді білдіретін «market» сөзі жатыр. Сондықтан маркетинг термині басқару философиясы, нарық жағдайындағы басқару, нақты пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған процесс ретінде түсініледі.

Кең мағынада маркетинг – бұл индивидтер мен жекелеген топтардың өнімді шығаруы мен алмасу арқылы өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатындағы әлеуметтік - басқарушылық процесс. Бұл процесстің негізінде келесі түсініктер жатыр: қажеттілік, сұраныс, өнім, айырбас, келісім, нарық. Қажеттілік - қанағаттандыруды талап ететін бір нәрсеге деген зәрулік. Егер адам қандай да бір қажеттілікті қанағаттандыра алмаса, онда ол оны өзгертеді немесе қажеттілік деңгейін төмендетеді. Маркетингтің басты мақсаты – қажеттілікті табу және оны қанағаттандыру.

Қазіргі кітапханалардың мамандары, бірінші кезекте директор, меңгеруші және құрылымдық бөлімдерді басқарушылар – кітапханалық менеджерлер маркетингтің негізгі мәнін теоретикалық білуі және кітапханалық-ақпараттық мекемені басқарудың нарықтық концепциясын практикада қолдана білуі тиіс [14].

Классикалық интерпретацияда маркетинг жеткізіп беруші (өнімді, қызметті) және сатып алушы (пайдаланушы) арасындағы қарым-қатынасты оңтайлы жолмен шешуге бағытталған әрекетті ұсынады. Бұл қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған, профильді сұранысты қалыптастыратын басқарудың жүйелі әдісі. Маркетингтің (М) келесі «формуласын» модельдеуге болады:

- сұранысты зерттеу, қосу;

- оны қанағаттандырудың тиімді тәсілдері, қосу;

- өнім / қызметті ойланып «беру» детальдарына дейін.

Маркетинг теориясының пайда болуы тікелей өмірмен байланысты. Қоғамның даму жағдайларындағы өзгерістер, жинақталған тәжірибелер мен өндірушілермен тұтынушылар арасындағы әрекеттің жинақталуы маркетинтің дамуына жағдай жасады.

«Маркетинг», «менеджер», «менеджмент» түсініктері әлемдік экономикалық сөздікке тез енді.

Әлемдік тәжірибеде маркетинг теориясы бірден пайда бола қойған жоқ. Тек XIX ғасырдың ортасында ғана маркетингтің принциптері мен әдістері пайдаланыла бастады. XX ғасырдың басында АҚШ-тың кейбір университеттерінде оқу процестеріне «Маркетинг әдістері» курсы енгізілді. Осы жылдар нарықтық қызметке арналған көптеген жұмыстар жарық көреді. 20 жылдары «Маркетинг» теориясы экономика ғылымына тауарлық қатынас саласының қызметтің барлық түрі ретінде мықтап енді. 1931 жылы маркетингтің американдық ассоциациясы құрылды.

60 жылдары көптеген батыс американдық және жапондық компаниялар маркетингті жоспарлау негізінде пайдаланыла бастады. Осы жылдары халық аралық маркетинг деп аталған нарықтық концепцияның бір түрі пайда бола бастады (international marketing). Бұл халықаралық сауданың қарқынды дамуына байланысты маркетингтің теориясы мен практикасындағы жаңа бағыт.

Қызмет көрсету маркетингінің тауарды және өнімді тұтынушылардың маркетингінен айырмашылығы бірыңғай модель құрмайды. Керісінше, тұтынушылық және өнім маркетингіне бөлініп, өз ерекшелігі бойынша өнім құралдар маркетингімен қосылады.

Қызмет көрсетуді жіктеу қызметке деген сұраныс , қажет етілген қызмет көлемі мен оның күнделігіне байланысты. Материалдық емес қызмет сапасын тек қана қызметті орындағаннан соң бағалауға болады. Сондықтан қызмет көрсету деңгейін әрқашан бірқалыпты сақтап тұруға болмайды, өйткені қызмет көрсету әр түрлі деңгейдегі мамандардың қатысуымен өзгеріп отырады.

Қызметке сұраныс қанағаттандырылмай қалуы да мүмкін. Бұл жерде фирманың мүмкіндіктерін есепке алу қажет, бұл сұранысты бақылауға септігін тигізеді.

Ақпарат – қоғамның таусылмайтын және шектеусіз ресурсы. Осы ресурстарды өңдеуде және тұтынушының ақпаратты пайдалануына жағдай жасауда көрсетілетін қызмет маркетингіне жатады. Кітапхананың қызмет маркетингі кейде кітапханалық өнім маркетингі кешеніндегі қызмет ретінде жүзеге асырылады. Бұл ерекшелік кітапханалық өнім мен кітапханалық қызметті тұтыну процестерінің сәйкес келу нәтижесі. Көбінесе бұл еңбек құралы ЭВМ болып табылатын өнімдер мен қызметке жатады [3].

Кітапхана өнімінің бағалылығы үлкен маңызға ие және жалпы адамзаттық жетістік ретінде ерекшеленеді. Қоршаған ортаны талдауды, нарықты жан-жақты зерттеуді (нарықтық зерттеу), ресурстарды бағалауды, қажеттіліктерді талдауды, қанағаттандырылмаған сұранысты және жанама пайдаланушыларды көрсетуді, қызмет өнімдерінің бөсекелестікке жарамдылығын анықтауды қамтамасыз ететін кітапханалық маркетингтің теориясы келесі жағдайларға негізделген:

- Өнім мен қызмет (өнім  саясаты) ассортименттерін (номенклатурасын) жоспарлау;

- Өзіндік баға мен жалпы  бағаны (баға саясаты) жоспарлау;

- Өткізуді жүзеге асыру  және жоспарлау(дистибуция саясаты);

- Өнім мен қызметті  жоспарлау(өнім саясаты);

- Ұйымға ықпал ету және  нақты қызметті басқару (коммуникация  саясаты).

Маркетингтің негізгі мақсаты мен міндеті тұтынушының толық қанағаттануына, максималды түрде тұтынуға қол жеткізу, нарықтық профильді сегментін қатайту, өнім мен қызметтің оңтайлы таңдауын ұсыну, перспективті сұранысты дамыту , позитивті имиджді қалыптастыру.

Маркетинг теориясының принциптеріне байланысты кітапханаларды қазіргі заман талабына сай басқару мен қызмет логикасы 1981 жылдың өзінде-ақ ағылшын кітапханашысы Б.Кронин құрастырған коммерциялық емес ұйымдар, кітапханалар, ақпарат пен құжат жүргізу органдарына арналған маркетинг концепциясына сәйкес келеді. Кейіннен бұл концепция модификацияланып (өңделіп) «материктік» жағдайлар мен П.Борхард басқаратын неміс кітапханалық институтының (Берлин) эксперт топтарының европалық кітапханалық ландшафтына сәйкестендірілді.  

Кітапханалық маркетингте ең бастысы – екі жақты және бірін-бірі толықтырып отыратын әрекет. Бір жағынан бұл оқырмандардың қажеттіліктерін, сұраныстарын, қызығушылықтарын мұқият және жан-жақты зерттеу, осы қажеттіліктерге сәйкес қызмет көрсетуге бейімделу, қызмет көрсету мекенінің тұрақтылығы; екінші жағынан – сұранысқа сәйкес көрсетілетін қызметті пайдалануға белсенді ықпал ету, қажеттіліктерді қалыптастыру. Міне, осылайша кітапханалық маркетингтің негізі анықталады.

Маркетинг жеке мүмкіндіктерді бағалауды, өзіңе және өз жұмысына пайдаланушының көзқарасымен қарауды, өз кемшіліктеріңді жоюды талап ететін құрал болып табылады.

Маркетингті кітапханаларға енгізу маркетинг концепциясын зерттеуден басталады. Кітапханалардың дамуына мемлекеттік тұрғыдан қолдау көрсетілу қысқартылып жатқан қазіргі уақытта кітапханалар қолда бар қорды оңтайлы пайдалану және өзінің әлеуметтік, мәдени-қоғамдық қажеттілігін әрдайым дәлелдеп отыру үшін өз қызметінің жаңа концепциясын қарастыруы тиіс. Мұндай жаңа концепция маркетинг болып табылады.

Осыдан келіп қазіргі заман талабына сай кітапханалық маркетинг концепциясын біз қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайда тиімді жұмыс істеуге жағдай жасайтын жүйе ретінде кітапханаларда маркетингті пайдалану қажеттілігін түсінеміз. Кітапханалық маркетинг концепциясы кітапхананың жалпы мақсатын, міндетін және қызметін, оның жетістіктері мен бағытын айқындайды. Концепция – бұл кітапхананың қызметінің өзіндік атауы. Маркетингтік концепцияның жай концепциядан айырмашылығы, ол маркетинг теориясы мен нарықтық жағдайға сүйене отырып жасалады, пайдаланушылардың сұраныстарын, қызығушылықтары мен ерекшеліктерін есепке алады.

Маркетингтік концепция жұмысының негізгі кезеңдері:

- негізгі жағдайларды  анықтау;

- негізгі қызметтің мақсатын, міндетін анықтау;

- ішкі жағдайды (күшті  және әлсіз жақтарды) талдау;

- қоршаған ортаны, бәсекелестерді, серіктестерді талдау;

- мақсаттық топтарды, олардың  сұранысын (нарық сегментациясын) анықтау;

- пайдаланушыға бейімдеу  арқылы қызмет номенклатурасын  жасау;

- экономикалық талдау, бағалау, қосымша қаржы көздерін талдау;

- жарнамалық іс-шараларды, «паблик рилейшнз» өткізу;

- маркетингтік қызметті  бағалау және бақылау әдісін  анықтау;

- кітапханаға құрылымдық  өзгерістер енгізу.

Сонымен, кітапханада маркетингті пайдалану әр түрлі деңгейде болатын пайдаланушылардың сұранысына тез арада жауап берудің арқасында қызмет көрсету деңгейін жақсартуы тиіс. Сондықтан да кітапханалық технологияларды өзгерту және қолда бар қорды талдау қажет.

Информация о работе Кітапхананың ақпараттық іс-әрекетіндегі маркетинг