Жалпы тіл білімі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2015 в 10:07, реферат

Краткое описание

Жалпы тіл білімінің анықтамасы. Ол, біріншіден, тіл білімінің теориялық саласы болса, екіншіден, оқу пәні болып есептелінетіні. Соңғы мағынадағы оның мақсаты мен міндеті. Жалпы тіл білімінің нысаны адамдардың дыбыстық тіл. Жалпы тіл ғылымы тілдің құрамын, функциялық сипаттарын, даму заңдылықтарын, сыртқы дүниемен, қоғаммен, ой-cанамен, мәдениетпен қарым-қатынасын түгел алып, жан-жақты зерттейтіні.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жалпы тіл білімі әдістеме.doc

— 674.00 Кб (Скачать документ)

«Тіл туралы жаңа ілімінің» негізгі бағдарламалық концепциялары болып есептелетін бұл тұжырымдардың қай – қайсысы да қоғам жөніндегі ілімінің мәніне жете түсінбей, оны тіл мәселелеріне теріс қолданудан туған жаңсақ қорытындылар еді.Бірақ осы қате тұжырымдар 1950 жылға дейін Кеңес тіл білімінде үстем болып келді. Кеңес тіл ғалымдары өз зерттеулерінде оларды басшылыққа алуға міндетті саналды.

Кеңес Одағы Коммунистік партиясының орталық органы «Правда» газеті 1950 жылы Кеңес тіл біліміндегі тоқыраушылықты сынап, бұл саладағы ғылыми жұмысқа дұрыс бағыт сілтеу үшін еркін айтыс ұйымдастырды.

Тіл біліміндегі айтыстан кейін Кеңес тіл білімінің ерекше назар аударған мәселесі «Тіл туралы жаңа ілімінің» қателіктерін, оның тигізген зиянды зардаптарын жан – жақты ашып көрсету болды.

Сөйтіп, 1950 жылғы тіл жайындағы айтыстың Кеңес тіл білімі тарихында жағымды мәні болды. «Тіл туралы жаңа ілімге» тыйым салды, салыстырмалы – тарихи тіл білмінің құқын қайта қалпына келтірді, Кеңес тіл мамандарының жалпы теориялық поблемаларын зерттеуіне дем берді.

4. Жалпы тіл  біліміндегі ғылымдар арасындағы  интеграция процесінің негізінде  туындаған когнитивті лингвистика  ғылымы соңғы жылдары қазақ  тіл білімін зерттеуші ғалымдардың  да назарын өзіне аударуда. Бұл  сала бойынша қазақ тіл білімінде соңғы кездері когнитивтік лингвистика мәселелеріне ерекше көңіл бөліп зерттеу нысанына айналдырған Р. Сыздық, Ә. Қайдар, Е. Жанпейісов, Г. Гиздатов, Қ. Жаманбаева, Ж. Манкеева, Э. Сүлейменова, Г. Смағұлова, Б. Момынова, А. Салқынбай, К. Күркебаев, Г. Снасапова, Ф. Қожахметова, Н. Айтова, А. Әмірбековалар секілді зерттеушілер бұл мәселені лексикология, этнолингвистика, когнитология, лингвомәдениеттану салалары тұрғысынан қарастырып зерттеу үстінде. Қазақ тіл білімінде когнитивтік лингвистикаға қатысты зерттеулер соңғы он жылдықта ғана қолға алына бастады. Академик Ә.Қайдардың этнолингвистика саласына қатысты ойлары қазақ тіл біліміндегі жағңа ғылыми бағыттардың қалыптасуына негіз болды./10/ Дәлірек айтсақ когнитивтік бағыттағы зерттеу еңбектерінде ретінде Г.Гиздатовтың еңбегін атауға болады. Зерттеушінің «Сөйлеу қызметіндегі когитивтік модельдер: типологиясы мен динамикасы» атты докторлық диссертациясы осы бағыттағы қазақ тіліндегі  алғашқы зерттеу болып табылады. Докторлық диссертацияда адам санасындағы білімнің көріну деңгейі, берілу тәсілдері, құрылымы мен динамикасы қарастырылған. Когнитивтік модельдер универсумдар ретінде қарастырылады.

Және осы бағыттағы іргелі еңбектердің бірі ретінде Қ.Жаманбаеваның «Тіл қолданысының когнитивтік негіздері»/11 / атты монографиясын атауға болады. Бұл еңбекте зерттеуші тілдік сананың құрылымын анықтап, гештальт теориясынның негізін жан жақты ашып көрсетеді. Қазақ тіл біліміндегі когнитивтік лингвистика ғылымның қалыптасуына негіз болған аталмыш еңбектер тіл қолданысындағы когнитивтік негіздердің зерттелуіне айтарлықтай өз үлесін қосу үстінде. Когнитивтік құрылымның концептуалды көрінісі, күрделі жүйе тудыру ерекшеліктері де бүгінгі күні жан жақты қарастырылуда.

Профессор Ж.Манкеева «Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері»/12 / атты ғылыми мақаласында когнитивтік лингвистикадағы тілдің бейнелеушілік қызметінің зор екендігін атап көрсете келе, негізгі үш ұстанымдарын айқындап береді. Сол секілді ғалым Б.Момынова Қазақ тіліндегі қоғамдық саяси лексика (әлеуметтік-бағалауыштық, сөзжасам)»/13/ атты еңбегінде когнитивтік бірліктердің көріністену (репрезентациялану) ерекшеліктеріне тоқталып, бағалауыштық сипатын қарастырса, профессор А.Ислам өз мақалаларындағы когнитивтік лингвистикадағы «тілдік тұлға» мәселесін көтереді. С.И.Жапақовтың  жұмысында  этикалық фразеологизмдердегі ақиқат пен бейақиқат, дүние фрагменттерінің тілдік бейнесі мен когнитивтік лингвистиканың басқа да мәселелері туралы сөз етеді./14 / С.Ақаев «Сөздің когнитологиялық сипаттары» атты мақаласында когнитологиялық талдаудың тәсілдеріне тоқталып, ойлау ой түю, қабылдау, қорыту сияқты абстрактілік құбылыстарды зерттеу әдісі ретінде қарастыру жайлы мәселені көтереді. Сонымен қатар жас зерттеушілер Г.Снасапова /15 /, Ш. Елемесова, А.Әмірбековалар көркем мәтінге концептуалдық талдау жасаудың үлгілерін ұсынады. Ал А.Сыбанбаева/16 /, Н.Зайсанбаевалар /17 / метафораның танымдық сипаты туралы пікірлерін ортаға сала отырып, диссертациялық жұмыстарын осы бағытқа арнайды.

Когнитивтік лингвистиканың жеке ғылым саласы ретінде танылуы үшін оның негізгі ұғымдары, өзіне тән негізі категориялары мен бірліктері болуы шарт. В.В.Петров когнитивтік ғылымның түпкілікті идеясының негізін құрайтын бірліктер турасында мынадай ой айтады: «Мышление представляет собой манипулирование внуренними (ментальными) репрезентациями типа фреймов, планов, сценариев, моделей и других структур знания» (18, 95).

Антропологиялық тіл білімін зерттеушілер «білім, концептуалдылық, концептуалды жүйе, когниция, когнитивтік модель, вербалдылық, менталдылық, концепт, әлем бейнесі, концептілік өріс, ұлттық мәдени бірліктерді» когнитивтік лингвистиканың негізгі ұғымдары ретінде қарастырады. Аталған ұғымдардың адам санасындағы әрекеттері, тілдегі көрінісі, сол арқылы «әлемнің тілдік бейнесін» тануға мүмкіндік жасау қабілеті туралы мәселе бүгінгі таңда жалпы лингвистер алдында негізгі де өзекті проблемалар санатында тұрғандығын кейінгі зерттеулерден айқын көруге болады. Қазіргі тіл білімінде концептуалдылық таным процесіндегі білімнің нәтижесінен көрініс табуда. Бұл атауға байланысты Е.С.Кубрякова: «Концептуализация интерпретируется как «некоторый» «сквозной» для разных форм познания процесс структура знаний из неких минимальных концептуальных единиц»-деген болатын (2, 93).

Сонымен когнитивті лингвистика ғылымының қысқаша түсініктемесі Ғ. Қалиевтің «Қазақ тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігінде» былайша: «Когнитивтік тіл білімі орыс.-когнитивная лингвиситика (лат. cognito білім, түсінік)-табиғи тілді сана эрекетінің көрінісі, ойдың тікелей шындығы ретінде зерттейтін тіл білімінің саласы. Когнитивтік тіл білімі табиғи тілдің игерілу, қолданылу механизімін түсіндіруді және соған лайық оның моделін жасауды мақсат етеді. Ол үшін ниет, ес, еске сақтау, түсінік, жоспарлау, басқару сияқты сөйлеуге қатысты тілдік, психологиялық, физиологиялық т.б. ақпараттардың басын біріктіретін когнитивтік категориялар пайдаланылады. Когнитивтік тіл білімі тілдің көмегімен ақпараттың берілу, сақталу тэсілдері мен құрылымы жайында түсінікті кеңейтеді және машиналық аударма, ақпараттық-ізденіс, есептеу жүйесімен т.б. байлаьшісты бірқатар қолданбалы міндеттерді шешуге мүмкіндік береді» - деген анықтама береді.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Н.Я.Маррдың «Тіл  туралы жаңа ілім» еңбегінің  мазмұны

2. Кеңес тіл  білімінің тіл дамуына қосқан үлесі

 

 

 

 

 

 

 

 

            

3. Курс  бойынша тест тапсырмалары

1 –  нұсқа.

  1. Жалпы тіл білімі оқу пәні ретінде қай жылдан бастап белгілі болды ?

      А. 1980     Б. 1960      В. 1961       Г. 1964        Д. 1985

   2.  Жалпы  тіл білімінің нысанына не жатады ?

         А. техникалық құрал жапбдықтар      Б. жан-жануарлардың тілі

    В. аң-құстардың  тілі      Г. әр елдің  сөйлеу ерекшеліктері

    Д. Адамдардың  дыбыстық тілі

3.  Тіл ғылымында  тіл білімін неше топқа бөліп  қарастырады ?

    А. 6       Б. 5        В. 4        Г. 3        Д. 2

4.  Диахрониялық  тіл білімі нені қарастырады ?

    А. тілді  адамдардың қоғамдық қызметі  тұрғысынан

    Б. бір  дәуірдегі қалпын, құрылымын

    В. тілдің  уақыт ішіндегі өзгеруі мен  дамуын

    Г. тілді  формалды түрде

   Д. тілдің ішкі жүйелік құрылымын

5.  Синхрониялық  тіл білімі нені зерттейді ?

    А. тілді  адамдардың қоғамдық қызметі  тұрғысынан

    Б. бір  дәуірдегі қалпын, құрылымын

    В. тілдің  уақыт ішіндегі өзгеруі мен  дамуын

    Г. тілді  формалды түрде

    Д. тілдің ішкі жүйелік құрылымын

6.  Жаратылыстану  және қоғамдық ғылымдардың қатарына  қосылмайтын қай ғылым ?

    А. физиология    Б. логика   В. сөз өнері  Г. философия  Д. математика

7.  20 ғасырдың 50 жылдарынан бері қарай тіл  біліміне ерекше әсер ете бастаған ғылымды ата

    А. география      Б. кибернетика  В. семиотика   Г. этнография   Д. археология

8.  Таңбаларды  зерттейтін ғылым қалай аталады ?

     А. семиотика      Б. графика   В. симптом     Г. сигнал     Д. символ

9.  Акустикалық  таңбаларға нелер жатады?

    А. математика, физика   Б. сигнал, дабыл, қоңырау, гудок

    В. семиотика, графика    Г. значоктар, гербтар

    Д. физика, химия, логика

10. Тілдің негізгі  қатарына нелер жатады ?

     А. дыбыс, морфема, сөз, сөйлем    Б. сөйлем, сигнал, дыбыс, үн

     В. үн, морфема, сөз       Г. сигнал, үн, дыбыс, морфема

     Д. морфема, дыбыс, үн

11. Интралингвистика  қай тілден енген және қандай  мағына береді ?

     А. латын /кеңістік/     Б. латын /аудан/      В. француз /орта/    Г. латын / сыртқы/

     Д. латын /ішкі/

12.  Экстралингвистика  нені зерттейді ?

   А. тілдің  сыртқы дүниемен, қоғаммен байланысын   Б. жүйелік құрылымын                                                   В. тілдің саласын         Г. тілдің құрылысын      Д. тілдің мағынасын

13. Тілдің тарихи уақыт ішінде өзгеруі мен дамуын зерттейтін тіл білімі

      А. Синхрониялық тіл білімі            Б. Диахрониялық тіл білімі

      В. Структуралық тіл білімі            Г. Психологиялық тіл білімі

      Д. Типологиялық тіл білімі

14. Паралингвистика дегеніміз қандай мағына береді ?

      А. Халық (Лат.)     Б. Тайпа (француз)    В. Соңында (грек)      Г. Ішкі (грек)

      Д. Жанында, қасында (грек)

15. Структуралық  бағыттың бір саласы

      А. Семасиология      Б. Семантика  В. Диалектология   Г. Текстология

      Д. Глоссематика

16. Тілдік мағыналардың  негізгі түрлері

      А. Лексикалық мағына мен грамматикалық  мағына

      Б. Фонетикалық мағына мен морфологиялық  мағына

      В. Синтаксистік мағына мен грамматикалық  мағына

      Г. Лексикалық мағына мен морфологиялық мағына

      Д. Фонетикалық мағына мен лексикалық  мағына

17. Семиотика грек  тілінен аударғанда қандай мағына  береді ?

      А. Көркемдік      Б. Белгілі      В. Сапалы      Г. Таңбалы     Д. Шартты 

18. Лингвистикалық  мектептердің дами бастаған дәуірі

      А. ХІХ ғ.     Б. ХХ ғ.   В. ХІХ ғ. соңғы жылдары      Г. ХХ ғ. соңғы кезеңі

      Д. Қайта өрлеу дәуірі

19. Мәскеу лингвистикалық  мектебінің негізін салушы

     А. Фортунатов      Б. Ф.де Соссюр      В. Б. де Куртэне     Г. Виноградов

     Д. Гумбольд

20. Қазан қаласындағы  университетте қалыптасқан мектепті  көрсетіңіз

      А. Жас грамматикалық мектеп       Б. Биологиялық мектеп

      В. Психологиялық мектеп           Г. Мәскеу лингвистикалық мектебі

      Д. Қазан лингвистикалық мектебі

21. Қазан лингвистикалық  мектебінің негізін салушы

     А. Фортунатов      Б Фортунатов В. Б. де Куртэне     Г. Виноградов

     Д. Гумбольд

22. Жас грамматикалық  бағыттың негізгі өкілі кім?

      А. Ф.де Соссюр        Б. Г.Шухард      В. Б. де  Куртэне     Г. Виноградов

     Д. Гумбольд

23. Жас грамматизм  бағытына қарсы бағытты атаңыз

      А. Натурализм     Б. Психологизм     В. Эстенцианализм    Г. Эстетизм

      Д. Футурализм

24. Дескриптивтік  мектеп қай елде, қай ғасырда  қалыптасқан ?

     А. Америка     Б. Греция     В. Турция      Г. Германияда     Д. Латвия

25. Прага мектебі  қай жылы қалыптасқан ?

      А. 1926 ж.      Б. 1936 ж.     В. 1937 ж.    Г. 1953 ж.     Д . 1925 ж.

26. Прага мектебін  қалыптастырушы

      А. Матезиус     Б. Ф.Энгельс    В. Гумбольд     Г. К.Маркс     Д. Ф.де Соссюр

27. Парадигмалық  топ құрамына енетіндер

      А. Мағыналық тұлғалар     Б. Құрылымдық жақтарынан бірыңғай  тұлғалар

        В. Мағыналық құрылымдық жақтарынан  бірыңғай болып келетін тұлғалар

      Г. Жауап жоқ     Д. Бірыңғай тұлғалар қатары

28. Иерархиялық  қатынас қандай мағына береді ?

      А. Тұлғалар бірізділігі        Б. Әр  тектес тұлғалар байланысы

      В. Бір тектес тұлғалар байланысы    Г. Тұлғалар жиынтығы

      Д. Тұлғалар тұтастығы

29. Психологиялық  бағыт қай ғасырда пайда болды ?

      А. 17 ғ. аяғында      Б. 18 ғ. орта  шенінде      В. 19 ғ. басында

      Г. 19 ғ. орта шенінде       Д. 19 ғ. аяғында

30. Әлеуметтік  психологизмнің басты өкілі кім ?

      А. Г.Пауль       Б. А.Арно      В. Г.Штейнталь      Г. К.Ланело    Д. А.Потебня

31. Тілдік мағыналардың  негізгі түрлері

      А. Лексикалық мағына мен грамматикалық  мағына

      Б. Фонетикалық мағына мен морфологиялық мағына

      В. Синтаксистік мағына мен грамматикалық  мағына

      Г. Лексикалық мағына мен морфологиялық  мағына 

      Д. Фонетикалық мағына мен лексикалық  мағына

32.  Семиотика  грек тілінен аударғанда қандай  мағына береді ?

      А. Көркемдік      Б. Белгілі      В. Сапалы      Г. Таңбалы     Д. Шартты

33.  Лингвистикалық  мектептердің дами бастаған дәуірі

      А. ХІХ ғ.     Б. ХХ ғ.   В. ХІХ ғ. соңғы жылдары      Г. ХХ ғ. соңғы кезеңі

      Д. Қайта өрлеу дәуірі

34. Мәскеу лингвистикалық мектебінің негізін салушы

     А. Фортунатов      Б. Ф.де Соссюр      В. Б. де Куртэне     Г. Виноградов

     Д. Гумбольд

35. Қазан қаласындағы  университетте қалыптасқан мектепті  көрсетіңіз

      А. Жас грамматикалық мектеп       Б. Биологиялық мектеп

      В. Психологиялық мектеп           Г. Мәскеу лингвистикалық мектебі

      Д. Қазан лингвистикалық мектебі

36. Қазан лингвистикалық  мектебінің негізін салушы

     А. Фортунатов      Б Фортунатов В. Б. де Куртэне     Г. Виноградов

     Д. Гумбольд

37. Жас грамматикалық бағыттың негізгі өкілі кім?

      А. Ф.де Соссюр        Б. Г.Шухард      В. Б. де  Куртэне     Г. Виноградов

     Д. Гумбольд

38. Жас грамматизм  бағытына қарсы бағытты атаңыз

      А. Натурализм     Б. Психологизм     В. Эстенцианализм    Г. Эстетизм

      Д. Футурализм

39. Дескриптивтік  мектеп қай елде, қай ғасырда  қалыптасқан ?

     А. Америка     Б. Греция     В. Турция      Г. Германияда     Д. Латвия

40. Прага мектебі  қай жылы қалыптасқан ?

      А. 1926 ж.      Б. 1936 ж.     В. 1937 ж.    Г. 1953 ж.     Д . 1925 ж.

41. Прага мектебін  қалыптастырушы

      А. Матезиус     Б. Ф.Энгельс    В. Гумбольд     Г. К.Маркс     Д. Ф.де Соссюр

42. Парадигмалық  топ құрамына енетіндер

Информация о работе Жалпы тіл білімі