Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2015 в 10:07, реферат
Жалпы тіл білімінің анықтамасы. Ол, біріншіден, тіл білімінің теориялық саласы болса, екіншіден, оқу пәні болып есептелінетіні. Соңғы мағынадағы оның мақсаты мен міндеті. Жалпы тіл білімінің нысаны адамдардың дыбыстық тіл. Жалпы тіл ғылымы тілдің құрамын, функциялық сипаттарын, даму заңдылықтарын, сыртқы дүниемен, қоғаммен, ой-cанамен, мәдениетпен қарым-қатынасын түгел алып, жан-жақты зерттейтіні.
Грамматикалық өнер ежелгі дәуірден сақталған діни жазбалар тілін зерттеу негізінде туған. Көне және Ортағасырлық Қытайда тілге байланысты үш түрлі филологиялық мәселеге ерекше көңіл аударылған. Оның бірі – көне сөздердің мағыналарын айқындау, екіншісі – иероглифтің құрылысы мен этимологиясын айқындау, үшіншісі – фонология. Тілдегі дыбыстық өзгешеліктерді айқындауда, тілді зерттеуде қытайлықтардың өзіндік ерекшелігі, дәстүрі болған. Оларда ежелден қалыптасқан ұғым бойынша, тілдегі ең негізгі тұлға – сөз. Сондықтан иероглиф жазуы жеке дыбысты емес, сөзді таңбалайды. Ежелгі Қытай лингвистикасының негізгі міндеті – тілдегі әр сөзге жеке таңба тағайындау, ол таңбалардың мағынасын, оларды қалай оқу, қалай қолдану жолдарын айқындау болған. Ол үшін таңбалар сөздігі жасалған. Біздің заманға жеткен сондай сөздіктердің бірі және қытайлар үшін ең беделдісі – қытайша «Эрья» деп аталатын сөздік. Біздің заманға дейінгі 3-2 ғасыр шамасында жасалған бұл сөздік бұрыннан сақталған діни жазбаның сөздерін – иероглифін түсіндіруге арналса керек. Ол жазбалардың сөздері – киелі, жоғары стилді, канондық сөздер деп саналған. Сөздікте оның иероглифін талдау, жүйелеу, оларды оқудың, түсінудің ережелері берілген. Сөздікті грамматикалық еңбектер қатарына жатқызуға себепші болатын да сол ережелер.
Кейінгі кездерде «Эрья» сөздігіне еліктеп, оның сырын аша түсуге арналған тағы да бірнеше сөздік жасалған. Біздің заманымыздың басында «Фан янь» («жергілікті сөз») деп аталатын диалектизмдер сөздігі жасалған. Біздің заманымыздың 121 ж. жасалған «Шо вянь» («Жазулар түсініктемесі») сөздігінде 10 мыңға жуық иероглиф қамтылған, бұл әлемдегі бірінші толық түсіндірме сөздік болып табылады. Олардың барлығы да Қытайдың иероглифін талдауға, олардың этимологиясын, мағынасын ашуға арналған. Сол себепті бұл сөздіктерді кейде иероглифтік грамматика деп те атайды.
Қытай
тілінің даралық сипатына
Қытай тіл білімі көрші жатқан Корея, Жапония, Вьетнам, 11-13 ғасырларда Таңғұт тіл білімдеріне зор ықпал еткен.
4. Ежелгі Үнді тіл білімі. Үнділерден бізге жеткен зерттеулер жыл санауымыздан бұрынғы 5 ғасырдан басталады. Бұл материалдардың ғылыми жүйелілігіне, ой тереңдігіне қарағанда Үнді тіл білімі бұдан да бұрын болғанға ұқсайды. Тіл білімі мұнда практикалық қажеттіліктен туған. Үнділердің өте ерте дәуірден сақталған аңыздардан, гимндерден, діни жырлардан құралған «Веда» деп аталатын жазба ескерткіштері болған. Олардың ең көне түрі «Ригведа» көне үнді тілі санскритке жатады. Санскрит – сол кездегі брахмандардың, ғалымдар мен шайырлардың өңделген, қолданылуы заңдастырылып қағидаға айналған, нормативті әдеби тілі. Ол халықтың ауызекі сөйлеу тілі пракритке қарама-қарсы қойылып зерттелген. Біздің дәуір алдындағы 6 ғасырларда белгілі болған бұл ескерткіштер жинағын үнділер қасиетті, киелі деп санаған және қазірде де солай санаушылық бар көрінеді. Бұл «киелі» жырлар тілінде сол уақыттағы үнділерге мағынасы түсініксіз көптеген сөздер, сөйлемшелер болған. Соларды айқындау және «Веда» тілін сөйлеу тілі әсерінен қорғау, оның айтылу мәнерін, беретін түсінігін өзгеріссіз сақтау мақсатымен «Веданың» тілін зерттеген. Бұл зерттеу төрт түрлі бағытта жүргізілген: а)дыбыстық жүйесі мен айтылу мәнерін, яғни фонетикасы мен орфоэпиясын зерттеу; ә) жырдың құрылысы мен өлең өлшемдерін зерттеу; б) грамматикасын зерттеу; в) жеке сөздердің тіркесін және оның мән-мағынасын, яғни лексикасы мен этимологиясын зерттеу. Ежелгі Үндістандағы тіл білімі, негізінде, осы төрт бағытта дамыған. Бірақ бұлардың даму тарихы, зерттелу дәрежесі біркелкі болмаған. Өз кезі үшін айтарлықтай жақсы, жан-жақты зерттелген мәселелер қатарына ғалымдар фонетика мен морфологияны жатқызады. Бұлар жөніндегі зерттеулер үнділердің атақты лингвисі Яски мен Панини жазған еңбектер арқылы біздің заманға жеткен. Яски біздің дәуірімізге дейінгі 5 ғасырда өмір сүрген. Ол - «Веда» тілінің бес томдық сөздігін жасап, түсінік берген адам.
Панинидің біздің дәуірге дейінгі 6 ғасыр шамасында жазған «Аштадхьян» (грамматикалық ережелердің сегіз бөлімі) деген еңбегінде төрт мыңдай грамматикалық ереже берілген. Бұл еңбегінде Панини «Веда» жыры тілінің дыбыстық жүйесін, көне әдеби тілінің және «Веда» жыры тілінің дыбыстық жүйесін, сөзжасам, сөз өзгерту жолдарын жан-жақты зерттеген. Зерттеушілердің айтуынша, Панини еңбегі - тіл білімі тарихындағы біздің дәуірге жеткен тұңғыш сипаттама грамматика. Ол санскрит тілінің грамматикасы деп те аталады. Мұнда сөздерді тапқа, түбірге, түрлі қосымшаларға бөлу, жұрнақ, жалғау, префикс дегендердің бәрі де бар. Панини грамматикасы ережелерінің дәлдігіне, зерттеулерінің терең және жан-жақтылығына қарап, бірсыпыра ғылымдар Үндістанда тіл білімі Паниниге дейін де даму басқышынан өткен, бірнеше грамматикалық еңбек жазылған болу керек деп жорамалдайды. Бірақ ондай еңбектердің болған-болмағаны ғылымда әзірше белгісіз.
Үнділер тілдегі барлық сөздерді есім, етістік, предлог, демеулік деп төрт топқа бөлген де, әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін жан-жақты сипаттаған. Етістіктің шаққа бөлінуі, есімдерге жеті түрлі септік жалғаудың барлығы, т.б. көптеген грамматикалық мәселелер өте дәлдікпен шешілген.
Үнділер синтаксис мәселелеріне жеткілікті көңіл бөлмеген.
Ежелгі Үнді тіл білімінде морфологиядан кейінгі мол зерттелген сала - фонетика. Фонетика ежелгі заман тіл білімінің ешқайсысында Үндістандағыдай зерттеудің жоғарғы сатысына көтеріле алмаған. Дыбыстардың физиологиялық сипаттары, сөйлеу органдарының тіл дыбыстарын жасаудағы артикуляциясы, дыбыстардың дауысты, дауыссыз, шұғыл, ызың болып кездесетіндіктері, олардың себептері жан-жақты және дұрыс сөз етілген.
Үнді тіл білімінің тарихын сөз ете келіп, В. Томсен: «Үндістан тіл білімінің көтерілген биігі ерекше. Бұл биікке, көп нәрсені үнділерден үйрене тұрса да, еуропалық тіл білімі 19 ғасырға дейін көтеріле алмады», - деп жазды.
Ал, И.А. Бодуэн де Куртенэ «19 ғасырдағы тіл ғылымы немесе лингвистика» деген еңбегінде: «Егер де үнді грамматистерінің 18 ғасырдың аяғы мен 19 ғасырдың бас кезіндегі Еуропа зерттеушілерінің ақыл-ойына тигізген орасан зор әсері болмаса, салыстырмалы грамматиканың, тіпті Еуропа мен Америка топырағында пайда болған тіл ғылымының гүлдеп дамуы болмаған болар еді», - дейді.
Шынында да, үнділер тіл білімінің дамуына елелі үлес қосқан. Тіл фактілерін зерттеуде олар синтетикалық тәсілді де қолданған. Сол арқылы тідік элементтердің өзара ұқсастығын және бір-бірінен өзгешеліктерін айқындаған.
Кейінгі дәуірлерде Үндістанда Панини грамматикасының мән-мағынасын талдап түсіндірген, оның жолын ұстанған бірнеше лингвист ғалымдар болған.
Эдинбург университетінің прфессоры Джон Лайонз 1978 жылы орыс тілінде жарияланған «Теориялық лингвистикаға кіріспе» деп аталған еңбегінде Панинидан кейін Үндістанда он шақты грамматикалық бағыт болған. Бізге олардан көне үнді грамматикасын зерттеген мыңға жуық еңбек жетті. Олардың көпшілігі Панини дәстүрін қолдаған деп жазды.
5. Ежелгі Грек тіл білімі. Ежелгі дәуір тіл білімінің тағы бір отаны - Ежелгі Греция. Грецияда туған тіл біліміндегі ой-пікір бүкіл Еуропа тіл ғылымының қалыптасып дамуына күшті әсерін тигізді. Ф. Энгельстің: «Греция мен Рим қалаған негіз болмаса, қазіргі Еуропа да болмас еді» деген сөзін тіл біліміне байланысты да айтуға болады. Тіл мәселелеріне байланысты бұл елден біздің дәуірге жеткен жазба материалдар жыл санауымыздан бұрынғы 5 ғасыр жыл санауымызға дейінгі 5 ғасыр шамасынан басталады.
Ғалымдардың айтуына қарағанда, Грек тіл білімі Гомердің «Илиада» мен «Одиссея» жырының тілін зерттеуден басталыпты. Көне заманнан сақталған бұл дастан тілінің көп жері гректердің сөйлеу тілінен мейлінше алыстап, оларға түсініксіз бола бастаған да, герк ойшылдары соны зерттеу, айқындау істерімен шұғылданған. Бұл жағынан алғанда, Үнді тіл білімі мен Грек тіл білімін туғызған себеп бірдей.
Әдетте, Грек тіл білімін екі кезеңге бөліп қараушылық бар. Оның бірі – философиялық кезең, екіншісі – филологиялық кезең деп аталады. Бірінші кезең біздің дәуіріге дейінгі 5-3 ғасырлар арасын қамтиды. Бұл – Грек тіл білімі қалыптасуының алғашқы кезеңі. Мұны қалыптастырушылар философтар болған. Олар тіл мәселелерін лингвистикалық тұрғыда емес, философия тұрғысынан сөз еткен, философияға тәуелді, соның ажырамайтын бір саласы деп есептеген жөн деп нақтылы тілдік фактілерге сүйенбей, абстракты болжаулар, философиялық тұжырымдар жасаумен шұғылданған. Бұл бағыт Грек тарихында эллинизм деп аталатын дәуірге дейін сақталады.
Ежелгі Грек философтарының тілге қатысты мәселелерден ерекше сөз еткендері – атаудың табиғаты, зат пен оның атауы арасында қандай байланыс болатыны, тілдің қайдан, қалай пайда болғаны және тілдің грамматикасы мен логика арасындағы қарым-қатынас жөніндегі мәселелер.
Заттың өз атауына қатысы жөніндегі мәселе Ежелгі Грецияда бірнеше ғасырға сөзылған және Грек философтарын екі топқа бөлген аса күрделі мәселе болған. Олардың Героклит бастаған бір тобы – атау зат тың табиғатына сәйкес жаратылыстан берілген, сөз табиғат туындысы десе, Демокрит бастаған екінші тобы оған қарсы – зат пен оның атауы арасында табиғи байланыс болмайды, ол екеуінің арасындағы байланыс – шартты, кездейсоқ байланыс деген тұжырым жасайды.
Грек философтары арасында болған бұл айтыс Платонның «Кратил» деп аталатын диалогы арқылы біздің дәуірге жетті. Демокрит атаулардың жаратылыстан берілген табиғи еместігіне төрт түрлі дәлел айтады. Олар тілдерде бір затты әр түрлі атаумен білдіретін синоним және атауы біркелкі бола тұра әр түрлі мағынаны білдіретін омоним сөздердің болуы, сондай-ақ, көптеген заттардың тілдік атауларының болмауы немесе зат атауларының кейде өзгеріп кететіні – осылардың барлығы атаудың зат табиғатына тән еместігін білдіреді деген дұрыс қорытынды жасайды.
Ежелгі Грек философтарының тілге байланысты сөз еткен екінші проблемасы – тілдің шығуы жөніндегі мәселе. Бұл мәселеде де олар дұрыс шешімге келе алған жоқ. Олардың бір тобы тілді дыбысқа еліктеуден шыққан десе, екінші бір тобы ертедегі адамдардың өзара келісуінен барып шыққан дегенді айтады. Тіл білімінде мұның алғашқысын дыбысқа еліктеу теориясы десе, соңғысы келісім теориясы деп аталады. Бұл екі тұжырымның екеуінің де ғылыми негізі жоқ.
Грек ғалымдары көтерген тағы бір проблема – грамматикалық мәселелері. Грамматиканы да алғашында философия, әсіресе логика ғылымына тәуелді, соның бір саласы ретінде, логикалық категориялардың көрсеткіші ретінде ғана қараған. Бұл саладағы алғашқы пікір Платон мен Аристотель еңбектерінде кездеседі. Платон тілдегі сөздерді есім, етістік деп екі топқа бөлсе, Аристотель алдыңғы екеуінің үстіне жалғауыш дегенді қосып, үш топқа бөледі. Аристотель – грамматика мен логика арасындағы қарым-қатысты алғаш сөз еткен ғалым. Оның логика мен поэтика жөніндегі ілімі кейінгі заман оқымыстыларына да күшті ықпал жасады. Аристотель логиканы ұғым, байымдау сияқты категорияларды зерттейтін ғылым деп анықтайды да, сөз табы деген – сөйлемнің элементтері, ал, сөйлем – есім мен етістіктің байланысы, бұл екі категория арасында елеулі өзгешеліктер бар: етістік шақты білдіреді, предикативтік қызмет атқарады, ал, есім септеледі, сөйлемде субъектілік қызмет атқарады дейді. Бірақ Платон да, Аристотель де сөздерді тапқа бөлгенде, біздің қазіргі түсінігіміздей тілдік категория ретінде емес, логикалық категория ретінде қарайды. Есім мен етістік – байымдаудың мүшелері, бұлардан басқа сөздер осы екеуінің төңірегінде топталып, жалғауыштық қызметтер атқарады деп түсіндіреді. Соған қарамастан Аристотельдің лингвистикалық көзқарастары бұл ғылымның кейінгі замандардағы дамуына зор әсерін тигізді. Күні бүгінге дейін қолданылып жүрген грамматикалық категориялардың, терминдердің көпшілігі сол Аристотельден қалған.
Бұл елдегі тіл ғылымы өз дамуының ең биігіне Греция тарихында эллинизм деп аталатын дәуірде көтерілді. (Бұл - жыл санауымызға дейінгі 3 ғасыр мен біздің дәуірдің 4 ғасыры арасы). Тіл білімі тарихында грамматистердің Александрия мектебі деп аталатын бағыт та осы дәуірде қалыптасқан. Бұл кезең Грек тіл білімі тарихында филология дәуірі деп аталады. Оның басты бір ерекшелігі – грамматикалық ілімнің философияның, логиканың ықпалынан босанып, өз алдына дербес пән ретінде қаралуы еді. Грамматистердің Александриялық мектебін қалыптастырып, грамматика ілімін дамытушылар: Аристрах Самофракийский (б.з.д. 200-150 ж.), оның шәкірттері Дионисий Фракийский, Аполлоний Дискол (біздің заманымыздың 2 ғасыры) болды. Аристрах тілдегі сөздерді есім, етістік, есімше, член (артикль), есімдік, предлог, үстеу, жалғаулық деп сегіз топқа бөлген. Дионисий Фракийский негізгі сөз таптарының көптеген грамматикалық категорияларын, Аполлоний Дискол синтаксис мәселелерін зерттейді. Дегенмен, Ежелгі Грецияда морфологияға қарағанда синтаксис, фонетика, лексикология аз зерттелген.
Бұл дәуірдегі жазба ескерткіштерді жинау, зерттеу ісімен ерекше шұғылданған. Ежелгі Грек дәірінен келе жатқан зат пен оның атауы арасындағы қарым-қатынас жөніндегі талас бұл кезеңде де болды. Бірақ бұл кездегі талас тілде белгілі бір заңдылық деген бола ма, жоқ па деген мәселе төңірегінде болды. Оны бар деушілер аналогистер, жоқ деушілер аномалистер деп аталады.
Аномалистер (Ктатес Малос) зат пен оның атауы және грамматикалық категориялар мен логикалық категориялар арасында ұқсастық, заңдылық жоқ десе, аналогистер (Аристрах Самофракийский) тілде аналогияның рөлі ерекше, тілдік элементтерде аналогия жолымен бірыңғай, біркелкі болу тенденциясы күшті болады, тілдегінің барлығы да белгілі заңдылыққа бағынады деді.
Тіл білімі тарихында елеулі мәні барлығына қарамастан, Ежелгі Грек тіл ғылымының әлсіз жақтары да мол болған. Тіл мәселелері алғашқыда философия, логика ғылымдарына тәуелді, соның бір саласы ретінде қаралғандықтан, тілдік категорияларды логикалық категориялармен теңестіріп қарау, алдыңғысын соңғысының мүддесіне бағынышты ету әрекеті кейінгі заманға дейін арылмай келді. Тілдік категорияның өзгеріп, дамып отыратын тарихи құбылыс екеніне гректер де жете мән бермеді. Оның үстіне гректер өз тілінен басқа тілдерді зерттемеді. Сондықтан олардың зерттеулері бір ғана тіл фактілеріне негізделеді. Бұл – олардың лингвистикалық мәліметтерінің өсуіне, жалпы тілдік теориялық терең тұжырымдар жасауларына мүмкіндік бермеді.
6. Рим тіл білімі. Грецияны жаулап алған римдіктер тіл білімін дамытуға айтарлықтай үлес қоса алмады. Олар Александрия грамматистерінің ілімін өз тіліне сәйкестендіріп қолданудан аса қойған жоқ. Рим грамматистері ішіндегі ең көрнектісі – Варрон (жыл санауымызға дейінгі 1 ғасырда өмір сүрген), кейінірек Доната (4 ғасырда) болды. Бұлар латын тілі грамматикасын жазды.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Тіл білімінің
дамуын шартты түрде неше
2. Ежелгі Қытай тіл білімі
3. Ежелгі үнді тіл білімі
4. Ежелгі грек тіл білімі
5. Ежелгі рим тіл білімі
№10 ДӘРІС ТАҚЫРЫБЫ: ОРТА ҒАСЫР ТІЛ БІЛІМІ
Дәріс жоспары:
1. Орта ғасыр дәуірінің ерекшеліктері.
2. Әлемдік діндердің,
канондық тілдердің пайда
3. Араб тіл білімі.
1. Орта ғасыр – адамзат қоғамы дамуының он шақты ғасырын қамтитын және прогресс тұрғысынан алғанда әр тектес болып келетін күрделі де шытырманы көп дәуір. Еропа тарихы тұрғысынан қарағанда бұл мезгілді үш кезеңге бөлуге болады: а) 3-5 ғасырлар арасы. Бұл – құлдық дәуірдің ыдырап, феодалдық қоғамның құрыла бастаған кезеңі; ә) 6-10 ғасырлар аралығы. Бұл – феодалдық қатынастың әбден орнығып, гүлденген заманы; б) 11-16 ғасырлар аралығы. Бұл - феодалдық қатынастың ыдырап, капиталистік қоғамның туа бастаған, тарихта қайта өркендеу дәуірі (ренессанс) деп аталатын кезең.