Жалпы тіл білімі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2015 в 10:07, реферат

Краткое описание

Жалпы тіл білімінің анықтамасы. Ол, біріншіден, тіл білімінің теориялық саласы болса, екіншіден, оқу пәні болып есептелінетіні. Соңғы мағынадағы оның мақсаты мен міндеті. Жалпы тіл білімінің нысаны адамдардың дыбыстық тіл. Жалпы тіл ғылымы тілдің құрамын, функциялық сипаттарын, даму заңдылықтарын, сыртқы дүниемен, қоғаммен, ой-cанамен, мәдениетпен қарым-қатынасын түгел алып, жан-жақты зерттейтіні.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жалпы тіл білімі әдістеме.doc

— 674.00 Кб (Скачать документ)

20 ғасырға дейін  қазақтың жалпыхалықтық тілінің  шұрайлысы бейнелісі поэзиялық  туындыларда қолданылды.Бірақ поэзия  қаншалықты жетілген көркем болғанымен, ол әдеби тілдің бір тармағы  ғана. Әдеби тілдің басқа салаларына жататын көркем туындылардың басқа жанрлары, ғылым – білім, саяси, публицистика, үгіт – насихат, оқу – ағарту, алуан түрлі іс қағаздары тілдерінің ешқайсысы да 20 ғасырға дейінгі тілімізде болмағаны баршаға аян.Ал, бұлар жоқ жерде қалыптасқан шын мәніндегі әдеби тіл болып еді деу дәлелді бола алмайды.Сондықтан 19 ғасырдың екінші жартысынан бастап негізін орнықтыра бастаған ұлттық әдеби тіліміз Кеңес дәуірінде шын мағынасындағы әдеби тіл болып кең өркен жайды, дамыды.

Бұл пікірге қарсылар да баршылық.Олар әдеби тіл бір мезгілде ғана қалыптаса қала ма екен дегенді желеу етеді.Әрине, бір мезгілде қалыптаса қалмайды.Қазақ халқының ұзақ дәуірден бері қарай келе жатқан бай ауыз әдебиеті және ақын, жыраулардың поэзиялық туындылары, кейінгі ғасырларда көріне бастаған баспасөздері – осылардың бәрі – бәрі - әдеби тілді қалыптастырудың дайындықтары, қаланып жатқан ірге тастары.Ал, дайындалу дәуірі – шын мәніндегі әдеби тілдің өзі емес, бірі жетсе, бірі жетпей жатқан құралу дәуірі.

Әдеби тілдің сипаты да біркелкі болмайды.Көп жағдайда әр ұлт тек өзіне ғана меншікті жеке әдеби тілге ие болатындарымен қатар, кейде бір этникалық бірліктің екі бірдей әдеби тілге (жазба тілге) ие болатыны бар.Мысалы: мордвалықтар – эрзя – мордва, мокша – мордва деп аталатын екі тілді; комилер – коми –зырян, коми –перм деп аталатын екі тілді; марилер- лугово –шығыс –мари, таулық –мари деп аталатын екі тілді қолданылатын көрінеді.Кейде осының керісінше, екі немесе одан да көп халықтардың, ұлттардың ортақ бір ғана әдеби тілді қолданылатыны бар.Мысалы: кабардылар мен черкестер екі түрлі халық бола тұра, кабарды –черкес тілі деп аталатын бір тілді қолданады, карачай мен балқарлар да осындай: бұл екі халық та карачай –балкар тілі деп аталатын бір тілді қолданады.Бұған дәлел болатын фактілер осының алдында да айтылды.

Әдеби тілдің өзіндік нормасы, сол нормаға негізделген әр түрлі стильдік ерекшеліктері болады. Әдеби тіл нормасы тілдік жүйемен де, жалпыхалықтық тілді қолдануда қалыптасқан тілдік дәстүрмен де байланысты, солардың негізінде қалыптасады.Сондықтан әдеби тіл нормасын осылармен байланыста қараған жөн.

11. Тілдік дәстүр  және әдеби тіл нормасы. Жалпыхалықтық тілдің де, әдеби тілдің де нормасының негізі – тілдік жүйе. Жүйе – тілдің құрылымдық мүмкіндігі, дерексіз схемасы деп түсінілсе, норма – сол дерексіз құрылым, жүйе мүмкіндіктерінің тілдік мәтін жасау тәжірибесінде көрінуі, сөйлеу процесіндегі күйі. Норма тілдік жүйеде бар тұлғалардың қызметінде, тілді қолдану тәжірибесінде орныққан, заңға, дәстүрге айналған, іріктеліп екшелеген, тілдік қауым қабылдаған, жалпыхалықтық, әлеуметтік мәнге ие болған жиынтығы.

Норма тілдік жүйеге негізделеді дедік, бірақ бұдан оны тілдің тек ішкі заңдылығынан ғана туатын, тек соған ғана бағынатын, қоғамға, тілдік қауым еркіне тәуелсіз, объективтік құбылыс деп түсінуге болмайды.Тілдік норманы қалыптастырып дамытуда, реттеп оған сындарды сипат беруде тіл иелері, тілдік қауым шешуші қызмет атқарады.

Тіл білімінде тілді қолданудағы заңдылықтарды сөз еткенде узус, норма деген терминдер қолданылады. Бұл екеуінің арасында өзара байланыстылық барлығына қарамастан, бір – бірінен елеулі өзгешеліктері де бар. Узус – этникалық топ өкілдерінің тілді қолдану процесінде қалыптасқан, орныққан дәстүрі, дағдысы, ережесі. Бұл дәстүрлерді, дағдыны біраз әдебиеттерде норма, нормалық (нормативность) деп те атайды. Біздіңше, норма деген терминді тек әдеби тіл үлесіне қалдырып, жалпы тілдік норма, тілдік дәстүр дегенді узус деп атаған жөн.Өйткені узустың мағынасы кең және мұндағы талап нормадағыдай қатал да, берік те емес. Узус  диалектілік, әлеуметтік ерекшеліктеріне қарамастан, тілді қолданудағы барлық көріністерді, құбылыстарды қамтиды.Ал, олардың ішінде нормаға жататыны да, жатпайтыны да болады. Мұндай еркіндік, мол кездесетін ала – құлалық әдеби нормаға түспеген тілде кездесе береді. Бірақ бұдан әдеби үлгіге, нормаға түспеген тілді бейберекет жатқан жүйесіз, әркім өз қалауынша қолдана беретін, заң – ережемен шектелмеген бірдеме деп түсінуге болмайды.Егер тілде оны қолданушыларды «олай демес, былай де, ананы қолдану теріс, мынаны қолдану дұрыс» деген тәріздес тежеп отыратын қалыптасқан тілдік дәстүр, үлгі болмаса, тіл қатынас құралындық қызметін атқара алмас еді.Тілді қолданушылардың ауа жайылуына жол бермейтін узусқа да, нормаға да тән бірнеше тежеуіш белгілер бар.Олардың қатарына мыналарды жатқызуға болады.

Бірінші, тілдік материалдарды, тіл мүмкіндігін қалай болса, солай ала салмай, іріктеп, екшеп қолдану.Бұл – тіл мүмкіндіктерінің бір тектес болмай, әр қырынан көрінуін узус пен норманың әр түрлі нұсқалы, динамикалы болуын қамтамасыз етеді.Сөйтіп, тілдің сымбаттылық, сомдық қасиетін үздіксіз жетілдіріп, тілдік қауымның сөйлеу мәдениетін дамытып, олардың тілді қолданудағы жауапкершілігін, ұқыптылығын арттырып отыруға түрткі болды.

Узус пен нормаға тән екінші принцип – тұрақтылық.Бұлар ұрпақтан – ұрпаққа көшіп отыратын тілдік норманы тілдік дәстүрге айналдырады, тілді қолданушылардың оны әлеуметтің, қоғамның, көпшіліктің ортақ мүлкі деп санауына, әлеуметтік дәстүр деп сенуіне себепші болды. Норманың тұрақтылығы арқасында әр тарихи кезеңде өмір сүрген тілдік қауымның сөйлеу әрекеттері сөйлеу үлгілері бір – біріне жалғаса, ұштаса алады.Бірақ тұрақтылық дегенді абсолюттік мәнде түсінбеген жөн.Оның да шегі бар.Заман өткен сайын тілдік норма да шыңдалып, жетіліп отырады.Белгілі бір тарихи дәуірде үйлесімді, қолайлы көрінген норма кейінгі бір замандағы жаңа ұрпақтың талап – талғамына сай келмеуі, қанағаттандыра алмауы мүмкін.

Норма мен узустың үшінші ерекшелігі – тілдік қауым мүшелерінің барлығына бірдей дәрежеде міндетті болуы. Норманың жалпыхалық, ортақтық сипаты, екінші жағынан, оны бұзбауды, тәжірибеде одан ауа жайылмай, берік сақтауды міндетті етеді. Норманың міндеттілігі – жүйенің өзіндік ішкі заңынан туатын, соған тәуелді жай емес, сыртқы әлеуметтік талаптан, тілдің қатынас құралындық қызметі қажетінен туатын талап.Тіл өзінің негізгі қатынас құралындық қызметін дұрыс атқару үшін, оның элементтерін, мүмкіндіктерін тілдік қауым мүшелерінің барлығы да біркелкі дәрежеде, біркелкі қызметте қолдануы шарт.Сөйлеуші мен тыңдаушы арасында ондай бірлік болмаса, түсінісу де болмайды. Норманың міндеттілігі осы бірлікті қамтамасыз етеді.Қоғам таныған, қабылдаған заң – ереже, норма, сол қауым мүшелеріне міндетті болғандықтан, ол бірден – бір үлгі болып та есептеледі.

Норма пайда болу үшін, алдымен, тілдік қауымның немесе оның алдыңғы қатардағы бір тобының тілдегі барды қандай орында, қалай пайдаланса дұрыс болады, дұрыс болмайтыны қайсы деген талғамының болуы шарт.Ондай талғамсыз әдеби норманың болуы мүмкін емес. Норма тіл қызметінің барлық саласында да, барлық көрінісінде де болуы шарт.Мұндай норманы қалыптастырып бүкіл этникалық топ ішіне тарату және оны тұрақтандыру тек кітаби – жазба тілдің ғана қолынан келеді.Сондықтан   әдеби норманың қалыптасуы үшін кітаби – жазба тілдің болуы шарт.Өйткені нормаға орфоэпия мен орфографияның бірізді болуы да енеді.Ал, қазақ орфографиясының тілдік материалдары әр түрлі таңбалауға жол бермейтін морфологиялық принципі қазақ жазуында тек 1938 жылдан бастап қана қолданылды, бас әріпті қолдану тек 30-жылдан басталды, ғылыми – техникалық, саяси - өнерлік терминдер қолданысын бір ізге келтіру талабы да осы кездерде қолға алынды. Осыларды ескермей кейбір зерттеушілердің қазақ әдеби тілінің, оның нормасының қалыптасу тарихын көнелендіруге тырысатындықтарын мақұлдауға болмайды.

Норма тілдің ішкі заңына, жүйелік құрылымына тәуелді, соның қажетінен туатын объективтік құбылыс емес, қоғамдық қажеттіліктен туады.Оны реттеп, бір жүйеге келтіріп, заңдастырып отыратындар тілді қолданушылар, мемлекеттік орындар. Әдеби нормада узусқа қарағанда тілдік материалдарды пайдалануда саналылық, жауапкершілік мейлінше күшейеді.

Әдеби нормада бірізді, тұрақты болады дегенді абсолюттік мәнде түсінбеген жөн.Бірізділік деген бірқалыпта қатып қалу деген емес, әр түрлі нұсқада келу әдеби нормаға да тән.Олай болмаған жағдайда, ол сымбаттылықтан, тартымдылықтан, бейнеліліктен айырылған, семиотикалық таңбалар сияқты тақ – тақ тіл болып қалмақ.

12. Тілдің диалектілік, әлеуметтік жіктері. Диалект - жалпыхалықтық, біртұтас ұлттық тілдің өзіндік дыбыстық, сөздік, грамматикалық ерекшеліктері бар саласы. Диалектілер негізінде тілдік қауым қоныс ыңғайына қарай әр түрлі аймақтарға бөлінеді. Диалектінің мұндай түрі жергілікті диалект деп аталады.Жергілікті диалектіге белгілі бір аймақта тұратын адамдар тілінде кездесетін ерекшеліктердің жиынтығы жатады.

Белгілі бір этникалық бірлікке тән жалпыхалықтық тіл мен диалект арасында әлеуметтік те, функциялық та, құрылымдық та өзгешеліктер болады.Тіл бүкіл этникалық бірліктегілердің барлығына да ортақ, бәріне бірдей қызмет етеді, ал, диалект оның белгілі бір аймақта тұратын бір бөлігіне ғана қызмет етеді.Тіл қызметі сан – алуан болады, ал, диалектінің қызметтік шеңбері тар, ол, негізінде, сөйлеу тілі түрінде ғана болады.Тіл құрылымдық жағынан басқаға тәуелсіз дербес болады, ал, диалект құрылымдық жағынан жалпыхалықтық тілге тәуелді болады.

Диалектілік ерекшеліктердің пайда болуының негізгі себептері, жоғарыда айтылғандай, бір кезде жалпыхалықтық тілде сөйлейтін қауымның белгілі тарихи себептермен бір – бірінен бөлініп, қоныс аударып, ұзақ заман бойына бір – бірімен қатынастарының үзілуінен немесе көрші тілдер әсерінен болулары мүмкін.

Жалпыхалықтық немесе біртұтас ұлттық тіл құрамындағы диалектілердің бір – бірінен өзгешеліктері әр түрлі дәрежеде болады. Мысалы, белгілі бір аймақта тұратын адамдар тілінде бар сөздер екінші бір аймақта тұратын адамдар тілінде немесе әдеби тілде болмайды, болғанымен де біраз өзгешелікте айтылады, болмаса олардың әрқайсысында әр түрлі мағынаны білдіретін болады. Дәл осындай өзгешелік дыбыстық жүйеде де, грамматикада да кездесуі мүмкін. Әр аймақ тұрғындарының тілінде кездесетін ондай өзгешеліктердің жиынтығы олардың өз алдына жеке-жеке диалект екендіктерін байқататын көрсеткіш болып есептеледі.

Жалпыхалықтық тілдер сияқты жергілікті диалектілер де тарих құбылыс.Олар да қоғам дамуының белгілі бір тарихи дәуірінің жемісі. Қоғамдық жағдайларға лайықты, соған негізделе пайда болып, дамып, өзгеріп отырады. Диалектілік ерекшеліктер, негізінде, рулық, тайпалық, феодалдық дәуірлердің жемісі.

Жалпыхалықтық тілдің жергілікті диалектілерге қарағанда қызметі жағынан да, ерекшелігі жағынан да, қолданушы қауымның сандық шамасы жағынан да, едәуір шағын көлемді тармағы әлеуметтік диалектілер. Әлеуметтік диалектілерге кәсіби, жаргондық ерекшеліктер жатады.Бұлардың өзіндік ерекшелігі мынады: жергілікті диалектілердің өзіндік лексикалық та, фонетикалық та, грамматикалық та ерекшеліктері болады.Және ол белгілі бір аймақ тұрғындарын тегіс қамтиды. Ол ол ма, тіпті кейде жоғарыда аталған әлеуметтік тілдік ерекшеліктер сол жергілікті диалект ішінде де болуы мүмкін.Әлеуметтік типтер деп аталатындардың ерекшеліктері, негізінде, олардың лексикалық жағында ғана және олар белгілі шағын топ арасында ғана қолданылады.Бұлардың ішінен кәсіби ерекшеліктерді бөліп алған жөн. Ол – тек шартты түрде атағандық болмаса, диалектіге де, жаргонға да қосылмайды. Кәсіби лексика - әдеби тіл сөздігінің бір саласы және оның әдеби тілге жаттығы да жоқ. Әр кәсіпорындарының өз ерекшеліктеріне лайықты қолданатын атауыш сөздері - әдеби тілдің байлығы.

Жаргон – тілдің әлеуметтік бір жарқыншағы. Бұл табиғаты жағынан да, қызметі жағынан да, шығу төркіні жағынан да, қызметі жағынан да, шығу төркіні жағынан да диалектілерден мейлінше өзгеше. Жаргонның географиялық ұғымға, қоныс ыңғайына ешқандай қатынасы жоқ. Ол – тұрмыс, тіршілік, кәсіп ыңғайлары бір – біріне ұқсас келетін әлеуметтік шағын топтар арасында пайда болады. Өзінің жаргондары бар әлеуметтік топ әр түрлі болуы мүмкін (саудагерлер, қайыршылар, бұзақы, ұры – қарылар т.б.), солар ішіндегі елеулі де күрделісі таптық жаргондар. Таптық жаргондардың едәуір елеулігіне қарап кейбір ғалымдар, мысалы, академик Н.Я.Марр да тіл таптық болады, әр таптың өзіндік тілі болады дегенді айтқан. Дұрысында, жаргондар мейлі ол таптық болсын, мейлі таптық болмасын – бәрі бір, дербес тіл емес, жалпыхалықтық тілден өзіндік кейбір сөз өзгешеліктері арқылы ғана оқшауланатын тілсымақ қана.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Қоғам және  тілдің біртұтастығы

2. Техникалық прогрестің  тілге әсері

 

№5 ДӘРІС ТАҚЫРЫБЫ:  ТІЛ ЖӘНЕ ОЙЛАУ.ТІЛ МЕН САНА

Дәріс жоспары:

1. Тілдің ой-санамен  қарым-қатынасы

2. Тілдік мағына

1. Тілдің ой  – санамен қарым – қатысы. Тіл мен ой – сананың бір – бірімен қарым – қатынасы жөніндегі мәселе – біздің дәуірден көп бұрын басталған көне тақырып. Қазір бұл мәселені филосовтар да, тіл ғалымдары да, логиктер де, психологтар да зерттейді.Бұл саладағы пікірлерді былайша топтуға болады.

1) Тіл мен ойлау  тепе-теңдік бірлікте, ешқандай өзгешеліктері  жоқ дейтін көзқарас.Бұл –  менталистік бағыт деп аталады (неміс ғалымдары Ф.Э.Д.Шлейермахер, И.Г.Гаман, 18-19 ғ.).

2) Тіл мен ойлау  арасында ешқандай бірлік, ұқсастық  жоқ, екеуі екі бөлек дүние  дейтін көзқарас (неміс ғылымы  Ф.Э.Бенеке,19 ғ.). Бұл екі көзқарастың  екеуі де тіл мен ойлаудың  қарым – қатынасы жөніндегі мәселені жоққа шығарады, оны проблема етіп көтеруді қажетсіз деп санайды.

3) Тілдің рөлін  асыра бағалап, тіл мен ойлауды  өте жақын деген көзқарас (неміс  ғалымы В.Гумбольдт, француз ғалымы  Л.Леви – Брюль, 18, 19 ғ.).Бұл бихевиористік  бағыт деп аталады.

4) Тіл мен ой  – сана өзара тығыз байланысты, бірінсіз бірі өмір сүре алмайды.Бірақ  бұлардағы бірлік абсолюттік, тепе  – теңдік бірлік емес, әрқайсысының  өзіндік дербестіктері, қайшылықтары  бар дейтін көзқарас.Тіл мен  ой – сананың арақатысы жөніндегі  бірден – бір дұрыс шешім де осы соңғы бағыт деп есептеуге болады.

Тіл мен ой – сана арасындағы қарым – қатынас екі жақты: екеуінің де бір – біріне берері де, бір – бірінен алары да аз емес.Тіл - ой – сананың қалыптастыратын, оны материалдандырып жарыққа шығаратын, басқаларға білдіретін, ой – сана табыстарын сақтап, оны кейінгі ұрпақтарға жеткізетін құрал.

Информация о работе Жалпы тіл білімі