Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2015 в 10:07, реферат
Жалпы тіл білімінің анықтамасы. Ол, біріншіден, тіл білімінің теориялық саласы болса, екіншіден, оқу пәні болып есептелінетіні. Соңғы мағынадағы оның мақсаты мен міндеті. Жалпы тіл білімінің нысаны адамдардың дыбыстық тіл. Жалпы тіл ғылымы тілдің құрамын, функциялық сипаттарын, даму заңдылықтарын, сыртқы дүниемен, қоғаммен, ой-cанамен, мәдениетпен қарым-қатынасын түгел алып, жан-жақты зерттейтіні.
Сондай – ақ, әр адамның өзіндік сөйлеу мәнері, дауыс ырғағы, үн құбылысы, интонациясы, рифмі, акценті, көңіл күйін, ішкі толғаныстарын, айтып тұрған хабарға өз көзқарасын сездіретін алуан түрлі модальдық жайттардың барлығы тек сөйлеу процесінде ғана болатын құбылыстар.
Тілге «жақсы», «жаман», «норма жатады, жатпайды», «керек, керексіз» деген ұғымдарды қолдануға болмайды.Тілдегінің барлығы да керек, барлығы нормалы.Керексіздік, жамандық, нормасыздық, сөйлеуде (жазуда) болады.Сөйлеуші (жазушы) тіл материалын орынды, дұрыс қолдана білмейді де, тіл шұбарлығын, нормасыздықты туғызады.Осыдан келеді де, қоғамдық сипаттағы тіл жеке адамдардың сөйлеу (жазу) процесінде даралық сипатқа ие болды.Тіл мен сөйлеудің бір – бірінен өзгешеліктері де осында.
Тіл мен сөйлеу арасындағы өзгешелік жеке адамдардың сөйлеу шеберлігіне, даралығына ғана емес, одан әлдеқайда күрделі факторларға да байланысты.Ондай факторлар қатарына диалектілік ерекшеліктер, көршілес тілдердің әсері мен ықпалдары, сөйлеу тілі мен жазу тілі, әдеби тіл арасындағы өзгешеліктер, қоғамның, ой – сананың күрделене дамуы, тағы сол сияқтылар жатады.
Сөйлесуді екі я бірнеше адамдардың бетпе – бет отырып, ауызша сөйлеуді деп қана түсінбеу керек, оған жазба тіл де, іштен сөйлеу де, үн шығармай, ойды іште топшылау да жатады.Бірақ бұлардың әрқайсысының мән – мағынасы, көріну, қабылдану жолдары әр басқа.
Тіл мен сөйлеудің бір еместігі, бұлардың арасында айырма барлығын ғалымдар ертеде – ақ байқаған. Әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін жете ашып, екі бөлек мәселе етіп қоймағандарымен, сөйлеу мен тілдің бір еместігін 19 ғасырда өмір сүрген В.Гумбольдт, Г.Штейнталь, Г.Шухардт сияқты ғалымдар да айтқан.Бірақ тіл мен сөйлеуді екі бөлек мәселе етіп қараудың қажет екенін ғылыми тұрғыдан алғаш дәлелдеп берген ғалым деп, әдетте, Ф.де Соссюрді атайды.
Оның басқа теорияларының (ішкі және сыртқы лингвистика, синхрондық және диахрондық зерттеу, т.б.) барлығы да тіл мен сөйлеуді екі бөліп қарау тезисінен туатын логикалық қорытынды. В.А.Звегинцев: егер Ф.де Соссюр ілімінің тіл мен сөйлеу арасына шек қою жөніндегі тұжырымын алып тастаса, онда оның ішкі және сыртқы линвистика, синхрондық және диахрондық линвистика деп бөлулері ақылға сыймайтын, ештемемен дәлелдеуге болмайтын бірдеме болып шығар еді, - дегенді айтады.
Ф.де Соссюр тіл ғылымын тіл лингвистикасы, сөйлеу лингвистикасы деп екі салаға бөледі де, мұның алғашқысы – негізгі, оның нысаны – тіл, тіл индивидуумға тәуелсіз, әлеуметтік құбылыс, соңғысы негізгі емес, көмекші нәрсе, оның нысаны – сөйлеу әрекетінің индивидуалдық жағы, ол – таза психофизикалық пән, бұл екі пән өзара тығыз байланысты: тіл сөйлеу түсінікті болу үшін және өзінің барлық әрекетін жарыққа шығару үшін қажет, ал сөйлеу тіл қалыптасу үшін қажет деп біледі.
Ф.де Соссюр «сөйлеу әрекеті» деген терминді де қолданады.Оның пікірінше, тіл мен сөйлеу – сөйлеу әрекетінің екі саласы, екі жағы.Ол: «Тіл – сөйлеу әрекетінің бір бөлшегі, рас, маңызды бөлшегі ғана», - деп жазады.Бірақ Ф.де Соссюр сөйлеу әрекеті дегенді сөйлеу мағынасында да қолдана береді.
Ф.де Соссюрдің тіл мен сөйлеуге қатысты көптеген құнды пікірлерімен қатар кейбір қайшылықтары да бар, ол сөйлеуді тек индивидуумдық даралық құбылыс, онда әлеуметтік ештеме де жоқ дей тұра, тілді сол сөйлеу әрекетінің бір бөлшегі дейді.Бұл арадағы қайшылық – тілді әлеуметтік, сөйлеуді индивидуалдық дей тұра, тілді сөйлеу әрекетінің бір бөлшегі деп қарауында.Егер тіл әлеуметтік болса, онда ол индивидуалдық болып табылатын сөйлеу әрекетінің бір бөлшегі болмауы керек не болмаса сөйлеу әрекеті таза индивидуалдық болмауы керек.Сол сияқты, тіл «сөйлеу әрекеті» түсінікті болу үшін, ал, сөйлеу тілдің іске асуы, әжетке жарауы үшін қажет дей тұра, сөйлеуді таза индивидуалдық құбылыс деуі де қисынсыз.Егер сөйлеуде тек индивидуалдық қана сипат болса, адамдардың бір – бірімен түсінісуі мүмкін болмаған болар еді.
Сөйлеген адам жалпыхалықтық тілдегі бар тұлғаларды, формаларды пайдаланады, оларды тілде қалыптасқан жалпы ережеге, нормаға сәйкес бір – бірімен байланыстырады,ал, тыңдаушы адам айтылған тілдік тұлғаларды, олардың тіркестерін тілде қалыптасқан, қауым қабылдаған мағынада түсінеді.Бұл жағдай сөйлеуді түгелдей индивидуалдық құбылыс деп қараудың, оны тілге қарсы қоюдың жөн еместігін байқатады.Жоғарыда айтылғандай, сөйлеуде даралықтың болатындығы даусыз.Бірақ ондағы даралық сөйлеудің индивидуалдығын сөз еткенде, оның әлеуметтік негізде құрылатынын, әлеуметтік материалды (тілді) пайдаланатынын естен шығармаған жөн.Сөйлеудің индивидуалдық сипаты дегенді жеке адамдардың сөйлеу (жазу) процесінде кездесетін жалпы нормадан, қабылданған, орын тепкен дәстүрден ауытқуы деген мәнде түсінген жөн.Тілдегідей жүйе, норма сөйлеуде де болады.Сөйлеудегі өзгешелік қауым мүшелерінің бәріне бірдей міндетті сол тілдік жүйеден, нормадан ауытқудан көрінеді.
Ф.де Соссюрдің жоғарыдағы көрсетілген қайшылықтары бұл проблеманы одан кейін зерттеушілер арасында елеулі ала ауыздықтар туғызып келеді.Олардың кейбіреулері (Л.Ельмслев, А.И.Смирницкий, Н.Хомский т.б.) Ф.де Соссюр қағидаларын негізінен қабылдай отырып, оны дәлелдей, толықтыра түсуді көздесе, екінші бір топ ғалымдар бұл мәселені пікір таластарына нысан боларлықтай мәнді проблема деп есептемейді.Ал, дескриптивтік лингвистиканың өкілдері тіл мен сөйлеу арасына шек қойып, оны екі бөлек мәселе етіп қараудың тіпті қажеті жоқ деп есептейді.
Бір – біріне қарама – қайшы пікірлердің барлығына қарамастан, тіл мен сөйлеу арасындағы бірлік пен өзгешеліктерді айқындау талабы – қазіргі заман тіл білімінің өзекті бір мәселесі ретінде әбден орнықты.Сондықтан бұл екеуінің арасындағы байланысты көрмеу немесе оларды бір – біріне мейлінше қарсы қою, сондай – ақ олардың арасындағы өзгешеліктерді ескермеу, тіпті оны лингвистикалық проблемалар қатарына қоспау сияқты әрекеттер негізсіз, бос талас.
Өзін-өзі тексеруге аранлған сұрақтар:
№4 ДӘРІС ТАҚЫРЫБЫ: ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ
Дәріс жоспары:
1. Тіл мен қоғам
2. Дыбыс тілінің пайда болуы
3. Тіл және этникалық бірлік
4. Тілдердің бөліну, бірігу процестері
5. Тілдік жағдаят
6. Билингвизм
7. Креол тілдер
8. Әлемдік тілдер
9. Сөйлеу тілі мен кітаби тіл
10. Әдеби тіл
11. Тілдік дәстүр және әдеби тіл нормасы
12. Тілдің диалектілік және әлеуметтік жіктері
1. Қоғамсыз тіл
болмайды, тілсіз қоғам да болмайды
деген қағида қазіргі заман
тіл білімінде берік орын
Содан бері ұзақ уақыт ішінде тілдің табиғаты мен мәні, тіл тарихы мәселелерімен айналысқан ғалымдардың ешқайсысы да тілдің қоғаммен қарым – қатынасына соқпай өткен емес, олай болатыны аталған мәселелердің бірде – бірін тілді адамдардың қоғамдық өмірімен байланыстырып қарамай шешу мүмкін емес.
Тіл білімі тарихында бұл мәселеге байланысты әр түрлі көзқарастар болды және қазірде де бар. Біраз ғалымдар тіл тағдырын, онда болатын өзгеріс – құбылыстарды қоғам тарихынан, оның экономикалық және әлеуметтік даму тарихынан ғана іздеу керек деп түсіндірсе, екінші көзқарас бойынша, тіл қоғамда билеушілік, бағыт сілтеушілік рөл атқарады. Адамдардың өздері де өз тілінің құзырында болады. Тіл адамдары сыртқы өмірмен байланысқа келтіретін «үшінші әлем», зор күш. Бұл бағыт В.Гумбольдтан басталып, неогумбольдтшылар арқылы өріс алды.
Тіл мен қоғам арасында болатын қарым – қатынас - өте күрделі, көп қабатты, кең салалы проблема. Бұл проблеманың қарауына жататын басты тараулар қатарына: тілдің табиғаты мен әлеуметтік мәні, оның шығу, даму тарихының адам қоғамы тарихымен бірлігі, тілдің адамдардың этникалық бірліктерімен, қоғамдық формациямен байланыстылығы, тіл қызметінің салалары, олардың әлеуметтік сыры, қоғамның тілге, тілдің қоғамға тигізетін әсерлері, тілдің қоғам мәдениетімен, ғылыми – техникалық прогреспен қарым – қатынасы, олардың тілдегі көріністері, тілдер араларында болатын қарым – қатынастар, халықаралық қарым – қатынастағы тілдік бөгет, одан құтылудың жолдары, т.б.
2. Ежелгі заман
ойшылдарының тілді әлеуметтік
туынды деп санаған пікірлері
дыбыс тілінің қайдан, қалай пайда
болғандығына байланысты
Бұл еңбектердегі болжамдарға қарағанда дыбыс тілінің пайда болуы үшін екі түрлі шарт қажет: ббірі және ең алғашқысы – биологиялық, екіншісі – әлеуметтік алғы шарт. Ф.Энгельс, Ч.Дарвиннің іліміне сүйене отырып, адам баласының арғы тегі бір кездері ағаш бонымен, дыбыс тілі өз табиғатынан-ақ әлеуметтік қажеттіктен туған қоғамдық құбылыс ретінде дүниеге келген.
Дыбыс тілі алғашқыда неден басталды, қандай болды? Деген сұрау адам қоғамы тарих үшін де, тіл ғылымы үшін де соншалықты маңызды, өте қажетті болғанымен, оған ешкім де еш уақытта нақтылы жауап бере алмайды. Өйткені, тілдің өз дәуіріндегі күйінен мәлімет берерлік ешқандай факті жоқ, оның болуы да мүмкін емес. Сондықтан бұл сұрауға берілетін жауап дыбыс тілінің пайда болуы жөніндегі пікір сияқты ғылыми жорамалға ғана негізделеді.
Ғалымдар дыбыс тілі жеке дыбыстарға сараланатын сөз түрінде бірден пайда болған емес, жалпы жан иелерінде болатындай әр түрлі диффузды дыбыстарды адам тектес маймылдар да шығара білген болу керек, өз үйірлестеріне бір нәрсені хабарлау үшін қолданылған сондай диффузды, яғни мағыналық жағынан да, материалдық жағынан да бөлшектеп саралауға болмайтын одағай дыбыстарды олар дыбыс тілінің бастамасы ретінде қолданған болар да, келе-келе солардың негізінде дыбысты тіл пайда болған болар деп жорамалдайды. Дыбыстық сигналдарға қосымша маймыл-адамдар ымдау, нұсқау сияқты әр түрлі дене қимылдарын да қатынас құралы ретінде пайдаланған болу керек дегенді де айтады. Қалай болған күнде де, өз дамуының алғашқы басқышында тұрған кезде дыбыс тілінің өте қарапайым, тым жұпыны, сөздік құрамы өте тапшы болуы табиғи нәрсе.
3. Тіл ғылымында
тілді адамдардың этикалық
Тіл бірлігі – бір қалыптан өзгермейтін, қатып қалған құбылыс емес, өзгеріске ұшырап отыратын тарихи құбылыс. Белгілі бір тіл бір ғана этникалық бірліктің тілі болуы да, араласып кеткен бірнеше этникалық топтың ортақ тілі болу да мүмкін.Соған қрай тілдік бірліктің географиялық көлемі де әр түрлі.
Негізінен алғанда, тайпалық бірліктің бірнеше рулардың, халықтық бірліктің бірнеше тайпалардың бірігуінен барып қалыптасатын ғылым бекер демейді.Этникалық топтардың бұлай күрделене шоғырлануы олардың тілдерінің де бірігіп, күрделенуін туғызады.Бұлай шоғырлануда тайпа құрамына немесе халықтық бірлік құрамына енген белгілі бір этникалық топтың тілі басқалар арасына кеңірек тарап, бара – бара бірлік құрамына енгендердің барлығына ортақ тілге айналады да, өзге тілдер бірте – бірте соның құрамына еніп сіңеді.Бұл жағдай қоғамның этникалық бірліктерінің ұсақтан іріге қарай күрделене дамитындығы сияқты тілдің де көптеген ағза күрделене дамитындығын байқатады.
Белгілі бір ұлт немесе этникалық бірлік тілінің бірнеше ұлттарға, этникалық бірліктерге ортақ тіл болуы қазіргі заманда да бар: мамандардың айтуына қарағанда, ағылшындар мен шотландықтар, солтүстіктегі американдықтар бір ғана тілде, испан тілінде сөйлейді.Сондай – ақ, неміс тілі бірнеше топтарға ортақ тіл болып есептеледі (неміс, австриялық). Португал тілінде бразиялықтар да сөйлейді.Дүние жүзіндегі тілдер қызмет өрістері жағынан да, қолданушыларының саны жағынан да, даму сатысы, зерттелу тарихы, қызметі, грамматикалық құрылыстары жақтарынан да алуан түрлі болып келеді.Олардың ішінде жеке ұлттық тіл де, ұлтаралық тіл де, халықаралық тіл де бар.Жүзден миллион адам сөйлейтін алып тілдер де, бірнеше мыңдаған адамдар сөйлейтін шағын тілдер де бар.Біздің жыл санауымыздан көп бұрын жазба тілі болған көне тілдер де, күні бүгінге дейін жазба тілі қалыптаспаған тілдер де бар. Дыбыстық, грамматикалық құбылыстары жағынан алғанда да әр түрлілік мол.
Бірақ бұл айтылғандардан дүние жүзіндегі тілдер арасында тек бір – бірінен өзгешеліктер ғана болады, олардың арасында жақындық, ұқсастық болмайды деген қорытынды шықпайды.Дыбысты тіл жалпы адамдық құбылыс.Сондықтан адам баласының бәріне де тән ортақ сипаттардың, қасиеттердің болатыны сияқты дыбысты тілде бірлік пен ұқсастық мол кездеседі.Ондай ұқсастықтардың негізгі түрлері осы еңбектің кіріспе бөлімінде айтылды.
Ғылым атаулының қай – қайсысы да зерттеуді, түсінуді жеңілдету үшін, өз нысанын түрлі топтарға бөліп, жіктеп қарайды.Бұл тәсіл тіл білімінде де кең қолданылады.Мұндай жіктеулер ғылымда латын тілінен ауысқан термин бойынша классификация деп аталады.Жіктелу нысандары арасындағы бірлікке, жақындыққа, ортақ белгілерге негізделеді.Ондай ортақ белгілер, классификациялық белгі, классификациялық принцип деп аталады.Жіктелудің әр түрінің басшылыққа алатын, сүйеніш ететін белгілері әр басқа болады.Мысалы, ареалдық (аймақтық, географиялық) жіктеуге негіз болатын тілдің немесе диалектілердің тараған аймағының, орналасу ыңғайының бірлігі болса, қызметіне қарай жіктеу тілдің өзін қолданушы қауыммен, халықпен байланысына (рулық, тайпалық, халықтық, ұлттық тіл болып бөлінуі), тілді қолданушылардың әлеуметтік жіктеріне, сипаттарына (диалект, жаргон, кәсіби лексика), генеалогиялық жіктеу тілдердің материалдық жақтарындағы жақындыққа, туыстық, төркіндестікке сүйенеді, ал, енді типологиялық жіктеу сөздердің тұлғалық құбылыстарындағы өзара байланысып, сөйлем құрау тәсілдеріндегі ұқсастықтарға негізделеді т.б.