Жалпы тіл білімі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2015 в 10:07, реферат

Краткое описание

Жалпы тіл білімінің анықтамасы. Ол, біріншіден, тіл білімінің теориялық саласы болса, екіншіден, оқу пәні болып есептелінетіні. Соңғы мағынадағы оның мақсаты мен міндеті. Жалпы тіл білімінің нысаны адамдардың дыбыстық тіл. Жалпы тіл ғылымы тілдің құрамын, функциялық сипаттарын, даму заңдылықтарын, сыртқы дүниемен, қоғаммен, ой-cанамен, мәдениетпен қарым-қатынасын түгел алып, жан-жақты зерттейтіні.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жалпы тіл білімі әдістеме.doc

— 674.00 Кб (Скачать документ)

10 Этникалық тіл  білімі. Этнолингвистика 

11 Социологиялық (әлеуметтік) бағыт (социолингвистика)

 

№2 ДӘРІС ТАҚЫРЫБЫ: ТІЛ БІЛІМІНІҢ БАСҚА ҒЫЛЫМДАРМЕН БАЙЛАНЫСЫ

Дәріс жоспары:

1. Ғылымның жіктелу түрлері

2. Ғылымдар байланысының  себептері

а) Тіл білімі және философия

ә) Тіл білімі және логика

б) Тіл білімі және психология

в) Тіл білімі және физиология, физика, медицина

г) Тіл білімі және әдебиеттану ғылымы

д) Тіл білімі және тарих, этнография, археология

ж) Тіл білімі және география

з) Тіл білімі және кибернетика

е) Тіл білімі және семиотика.

 

1. Ғылым – шындық  өмірдің ақиқат заңдылықтары  туралы білімнің жоғарғы формасы, теориялық ойлаудың жемісі.Ғылым  адам баласының ой – санасының, дүние танымының өсуіне байланысты бірте – бірте туып қалыптасады.Қазіргі заманда ғылымның алуан түрі бар.Олар зерттейтін нысанының сипатына қарай әр түрлі топтарға жіктеледі.Әдетте, ғылымға нысан болатын мәселелерді жаратылыс құбылыстарына және қоғамдық құбылысқа жататын мәселелер деп ажыратып сол нысандарға орай бар ғылымды жаратылыстану ғылымдары және қоғамдық ғылымдар деп екі үлкен топқа бөледі.Бұл екеуіне қосылмайтын ғылым да бар: ол – философия ғылымы.Мұның оқшау тұратын себебі – ол жоғарыда аталған екі топтағы ғылымның екеуіне де қатысы бар жалпы заңдылықты зерттейді.Бұл – табиғаттың да, қоғам мен ойлаудың да жалпы заңдылықтарын қарастыратын методологиялық ғылым.

Тіл білімінің даму тарихында тіл білімін қай ғылым тобына қосамыз деген сұрауға әр түрлі жауаптар беріліп келді.Ол – ғалымдардың тілдің өзіндік сипатын әр түрлі түсінулерінен туды.Біреулер тілді биологиялық организм десе, екіншілер психологиялық құбылыс, ал үшінші біреулер физикалық құбылыс деген т.б. пікірлер айтты.Олардың әрқайсыларының өздерінше дәлелдері, сүйенген негіздері болды.Ал, шындығына келсек, тілде аталған сипаттардың барлығы да бар.Әңгіме солардың қайсысының негізгі екенін дұрыс тануда.

2. Ешнәрсемен байланыссыз  томаға – тұйық болып тұратын  құбылыс қоғам өмірінде де, табиғатта  да кездеспейді.Түрлі құбылыстар өзара байланысып, бір – біріне ықпал - әсерін тигізеді, біріндегі өзгеріске екіншісі себепші, түрткі болады.Бұл – ғылымға да тән.Тіл білімінің басқа ғылымдармен қатысы жөнінде де осыны айтуға болады. «Тіл білімі, - деп жазады Н.И.Конрад, - басқа да барша ғылымдар сияқты қоғамдық өмірдің барлық құбылыстары, сонымен бірге, табиғат дүниесі де өзара байланысты және бір – біріне әсерін тигізіп отыратын дүниеде өмір сүреді.Сондықтан басқа ғылымдардың мейлі ол қоғамдық болсын, мейлі жаратылыстану ғылымы болсын, тіл туралы ғылымға әсер ететіні заңды және ол тіпті болмай қоймайды да, солай болуы, белгілі шамада, қажетті де».

Ғылымдардың бір-бірімен байланысы, олардың зерттейтін нысандарының ортақ болуынан да туады.Ғылым жаратылыстағы, қоғамдағы белгілі бір құбылысты, затты өзіне нысан етіп тұтас алуы да немесе оның белгілі бір жағын, бір саласын ғана алуы да мүмкін.Осыдан барып жаратылыстағы, қоғамдағы белгілі бір болмыс, құбылыс бірнеше ғылымға ортақ нысан болады.Мысалы, жерді география ғылымы да, геология ғылымы да зерттейді, бірақ екеуі екі түрлі бағытта, екі түрлі біліміндей байланысы мол ғылымды табу қиын.Ол қоғамдық ғылымдардың да, жаратылыстану ғылымдарының да алуан түрлерімен ұштасып жатады.

Тіл білімінің кең өрістілігі оның нысаны – сөйлеу тілінің орасан күрделі, сан – сапасы, қыры мен сыры шексіз мол нысан болуынан.

 Дыбыс тілінде  бір ғана ғылымның, оның әдіс  – тәсілдерінің шеңберіне сыймайтын  ғылымдараралық мәселелер аз  емес.Өйткені дыбыс тілінде қоғамдық  сипат та, физика, физиологиялық, философиялық сипаттар да орасан мол.Сондықтан тіл білімі қоғамдық ғылымдармен де, табиғаттану ғылымдарының алуан түрлі салаларымен де, философия ғылымымен де байланысты.Бірақ бұл ғылымдардың ешқайсысы да тіл білімі сияқты тілге тән мәселелерді тегіс қамтып, жан – жақты зерттемейді, тек өздеріне тиісті мәселені ғана алып, өз мүддесі тұрғысында сөз етеді.Бұған көз жеткізу үшін басқа ғылымдардың тіл білімімен байланысты жайына тоқталайық.

Тіл білімінің философиямен бірлігі ежелгі замандардан басталады.Сөз бен сөз атау болған зат арасында қандай байланыс бар? Атау заттың табиғатына сәйкес қойыла ма, болмаса тағайындалған, әдетке, дағдыға айналған шарттылық бойынша қойыла ма? – деген мәселеге қатысты айтыс ежелгі грек философтарынан басталады.Содан бері тіл мен ойлаудың бір – бірімен қарым – қатынасы жөніндегі мәселе күн тәртібінен түскен емес.

19 ғасырға дейін  тіл білімі, көп жағдайда, философия  ғылымының бір саласы ретінде  қаралды.Тіл мәселелерімен айналысушылардың  басым көпшілігі философтар немесе  әрі философ, әрі тіл ғалымдары болды.Тіл білімі өз алдына дербес ғылым болып қалыптасқаннан кейін де, философиядан біржола қол үзіп кеткен жоқ, қол үзбейді де.Өйткені философия, қандай бағыт ұстанғанына қарамастан, өз жақтаушыларына тілдің көптеген жалпы теориялық мәселелерінде (тілдің мәні, қоғам өмірінде атқаратын рөлі, даму заңдылықтары, шығу, қалыптасу жолдары, ой – санамен байланысы, тілдегі форма мен мағына бірлігі, т.б.) бағыт – бағдар сілтейді, методологиялық негіз болады.

Қазіргі кездегі тіл білімі философияның тіл философиясы дейтін тарауымен байланысады.Бұл екеуіне ортақ нысан болатын мәселе – тіл мен ойлаудың, мағына мен форманың байланысы.Олай болатын себебі ойлау мен оның заңдары – философияның негізгі проблемаларының бірі.Ал, тіл – ойдың жемісі, ойды қалыптастыратын, оны жарыққа шығаратын форма, яғни ой құралы.Адамдар өз ойын тіл арқылы басқа адамдарға білдіріп, тіл арқылы, сөйлеу арқылы басқаның ойын біледі.Сондықтан ойлаудың жемісі, оның материалдық формасы, құралы болып табылатын тілге философия ғылымы мән бермей тұра алмайды, онсыз ойлау заңдылықтарын дұрыс шешу мүмкін емес.Екінші жағынан, тіл – ойлау құралы, ой – оның мазмұны, мағынасы, ал мағынасыз жалаң қуыс форма.Сондықтан тіл ғалымдары тілдің мағыналық жағына, оның ойды қалай жарыққа шығаратынына, форма мен мағынаның арақатынасына селсоқ қарай алмайды.Ал, оны білу үшін ойлау заңдылықтарынан хабардар болуы, бұл мәселе жөніндегі философия ғылымының жетістіктеріне сүйенуі қажет.

Тіл білімі мен философия арасындағы байланыс екі жақты: философия жалпы заңдылықтарды зерттейтін ғылым ретінде тіл біліміне методологиялық негіз болса, тіл білімі ойды қалыптастыруда, оны жарыққа шығаруда тілдің қандай қызметтер атқаратыны және қалай атқаратыны жөнінде философияға материалдар береді.Дегенмен, философия үшін тіл – жалпы заңдылықтар тұрғысында ғана қаралатын жанама нысан.

Тіл білімі мен логиканың түйісетін жері – тіл мен ойлаудың арақатысы мәселесі.Логика – ойлау формаларын, ол формалардың өзара байланысын, даму жолдарын зерттейтін ғылым.Ал, ойлаудың заңдылықтарын тілдік материалдарсыз білу мүмкін емес.Ойлау формалары тілдік элементтермен тығыз байланысты.Сондықтан ұғым, байымдау, ой қорытындысы сияқты логикалық категориялардың тілдік элементтер арқылы көріне алатыны да, олардың арасындағы бірлік пен өзгешелік те логиктер үшін өте қажетті.Сол сияқты тіл ғалымдары үшін тілдің мағыналық, мазмұндық жағы да аса маңызды.Ал, тілдік мазмұн дегеніміз – ой, байымдау.Бұлар – логикалық категориялар.Айтылғандарды жете меңгеру үшін логиктер мен тіл ғалымдары бір – біріне өзара көмектеседі.Бірақ әрқайсысының көздейтін мақсаты әр басқа: логиктер тіл арқылы ойлаудың заңдылықтарын, ал тіл зерттеушілер тілдегі заңдылықтарды білуге тырысады.Тіл білімін қызықтыратын мәселе – ойлау заңдылықтарын тіл құрылысына қандай дәрежеде әсер ететіні.Ойлау заңдылықтары жалпы адамзаттық, ал тілдердің құрылымы мен заңдары, негізінде, жеке халықтық, ұлттық, дара – дара болады.Сондықтан да белгілі бір ұғым, мағына, байымдау әр тілде әр басқа тәсілмен беріледі.Тілдің логикалық категорияларды, ұғым мен байымдауды білдіруі оның толып жатқан функциялық құбылыстарының бір жағы ғана.Тілде бұдан басқа да өзіндік ішкі мағыналық, формалық құбылыстар, өзіндік категориялар мен заңдылықтар көп.Онда тіпті ешқандай логикаға сыймайтын жайттар да аз емес.Мысалы, орыс тіліндегі ночь сөзінің – женский родқа, день сөзінің мужской родқа жатуын, қарным ашты, түйе көзіңе түсті ме? Көз – құлақ бола жүр деген тәріздестердің білдіретін мағыналарын қазіргі логикаға сай деуге болмайды.

Бірақ бұл айтылғандар логика ғылымының тіл білімінің дамуындағы қызметін төмендету емес.Логика тіл білімінің қалыптасуында, дамуында елеулі қызмет атқарады.Көптеген грамматикалық ережелер, терминдер логиканың әсерімен және соның тікелей қатынасымен жасалып қалыптасады.Тіл білімі тарихи логикалық грамматикалардың болғанын да біледі.

Логиканың бір саласы – математикалық логика соңғы жылдары тіл білімінің алдына жаңа проблемалар, тіл зерттеу ісінде математикалық формулаларды қолдану міндетін қойып жүр.Мұндай формула күрделі есептерді шығаратын және мәтінді бір тілден екінші тілге аудару міндетін атқаратын электрон машинасына әрекет үстінде басшылыққа алатын нақтылы нұсқау – ережелер жасау үшін, тілдік мазмұнды шартты белгілерге, кодтарға айналдыру үшін керек.Айтылғандарға қарамастан, тіл – логика үшін де негізгі нысан емес, жанама, көмекші нысан.

Тіл білімі және психология. Психология – психика туралы ілім. Психологияның мақсаты – адамдардың психикалық әрекеттерінің объективтік заңдарын, адамның ой – санасын, психикалық қасиеттерінің қалыптасып, даму жолдарын айқындау.Ал, психикалық құбылыстарға сезу, қабылдау, түйсіну, ойлау, байымдау, қиялдау сияқтылар жатады.Бұлардың барлығы да мидың жемісі және барлығы да сөйлеу процесімен тығыз байланысты.Сондықтан ойлау мен сөйлесудің арақатысы жөніндегі мәселе психологиялық зерттеулерде де көрнекті орын алады.Бұл салада психологияның ерекше мән беретін мәселесі – сөйлеу процесінің қалай іске асатындығы, сөйлеудің түрлері, оның адам психикасымен байланысы, сөйлеу процесіндегі мидың қызметі мидың зақымдануының сөйлеу әрекетіне, сөйлеу органдарының қызметіне тигізетін зиянды әсерлері тәрізді мәселелер.Бұлар тіл білімі үшін де маңызды.Осы мәселелерді шешуде психология тіл біліміне, тіл білімі психологияға қол ұшын беріп, екі жақты байланысқа, қарым – қатынасқа түседі.Сөйлеу, сөйлесу процестерін, сөйлегенді қабылдау, түсіну жағдайларын психологияның қатынасынсыз шешу мүмкін емес.Сөз мағынасындағы алуан түрлі құбылыстар, сөздердің келтірінді мағыналарында қолданылуы, т.б. психологияның ассоциация заңына негізделеді.

Адамның сөйлеу әрекеттерінің көп жағдайда психологиялық құбылыстармен ұштасып жататынына қарап, бірсыпыра ғалымдар психологияның қызметін сыңаржақ, асыра бағалап келді.Олар тілді – психикалық құбылыс, тіл білімін психологияның бір саласы деп жариялады, сөйтіп, тіл мәселелерін зерттеуде психологияға сүйенді.Психология сөйлеу әрекеті мәселесінде ғана тіл білімімен ұштасады.Бірақ тілде адамдардың психикалық құбылыстары тұрғысынан қарап қана шешуге болмайтын толып жатқан мәселелер бар.Оның үстіне, бұл екі ғылымның ортақ нысанды зерттеудегі көздейтін түпкі мақсаты да екі басқа: бірі – тілдік материалдардың жәрдемі арқылы психикалық құбылыстардың сырын ашуды, екіншісі (тіл білімі) – психология ғылымының табыстарына сүйене отырып, тілдік құбылыстарды жете түсінуді айқындауды көздейді.

Тіл білімі және физиология, физика, медицина. Сөйлеу, сөйлесу дыбыс органдарының артикуляциялары арқылы жасалатын дыбыстар тасқыны түрінде іске асып, ауа толқыны арқылы құлаққа естіледі.Сөйлеу әрекеті – физиологиялық күрделі процесс.Оған мидың да, сөйлеу органдарының да, нерві жүйесінің де қатысы бар.Бұл жағынан тіл білімі физиология,физика, медицина ғылымдарымен де байланысты болады.

Тіл білімі физиологиямен тіл дыбыстарының қалай жасалатындығы жөніндегі мәселеде істес болады.Тіл дыбыстарын жасауда қандай мүшелердің қызмет атқаратынын физиологияның артикуляция немесе артикуляциялық физиология деп аталатын саласы зерттейді.Ал, тіл дыбыстарының қалай жасалатынын білу – тіл білімі үшін, әсіресе оның фонетика саласы үшін өте қажет.Бұл мәселеде физиологиялық артикуляция тіл зерттеушілеріне көп жәрдем бере алады.

Дыбыстардың жасалу жағымен қатар естілу жағы, дыбыстық сапасы деген болады.Мұнымен физиологияның есту физиологиясы дейтін саласы да, физиканың акустика дейтін саласы да айналысады.

Акустика тек тіл дыбыстарын ғана емес, құлаққа естілетін басқа дыбыстарды да зерттейді.Ол – жалпы дыбыс әуезі жөніндегі ілім.Оған тіл дыбысының сапасын зерттеу – оны тек электр жазуына түсіруді айқындау үшін ғана керек.Ал, тіл дыбыстарының фонетика зерттейтін басқа толып жатқан мәселелерінің оған қажеті жоқ.

Сөйлеу әрекеті мимен, жоғары нерві жүйесінің сөйлеу, есту органдарымен тығыз байланысты.Бұлардың зақымдануы сөйлеу әрекетіне зиянды әсерін тигізеді.Бұл мүшелердің ауру – саулығын медицина ғылымы, оның психиатрия, дефектология, логопедия деп аталатын салалары тексереді.Олардың афазия (сөйлеудің бұзылуы, мылқаулар, саңыраулардың «тілдері») жөніндегі ғылыми табыстары тіл білімі үшін де пайдалы.Сол сияқты, физиология ғылымының сигналдар жүйесі жөніндегі ілімінің де дыбыс тілінің қалыптасу тарихын айқындауда берері аз емес.

Тіл білімі және әдебиеттану ғылымы. Бұл екі ғылым ежелгі заманнан бірлікте және филология деген ортақ атаумен аталып келеді.Әдебиет пен тіл – айрылмас бірліктегі құбылыстар.Тіл - әдебиеттің жаны.Тілсіз әдебиет жоқ.Тіл әдебиеттің материалдық жағы болса, әдебиет – тілдің материалдық қызметінің жемісі.Тіл әдебиеттен бұрын пайда болған.Тіл білімі де, әдебиеттану ғылымы да ежелгі заманнан сақталған тілдік нұсқаулардың мазмұнын, тілін, пайда болу тарихын зерттеу негізінде қалыптасқан филология ғылымынан бөлініп өрбіген төркіндес, кіндіктес ғалымдар.Осы тұрғыдан алғанда, тіл маманы әдебиет заңдылықтарын, әдебиетші тілдің заң – ережелерін жақсы білуге және оны қатал сақтауға тиісті.Бұлай болу – аталған екі ғылымның арақатынасын күшейтуге, ортақ мәселелерін бірлесе отырып, терең де жан – жақты шешуге мүмкіндік береді.

Бірақ тәжірибеде бұлай бола бермейді.Кейде екі пән мамандары арасында қайшылықтар, «менің ісіме қол сұғасың» деушіліктер ұшырасады.Мұндай қырғиқабақтық сөз болып отырған екі ғылымның әрқайсысына тән нысанның ара жігі жете ашылмағандықтан болса керек.Бірақ ұқыптылықпен кіріскен адамға ондай нысанды айқындау онша қиынға соқпайды.Қорыта айтқанда, көркем туындының тілдік, стильдік сипаттарын айқындау – тіл білімінің қарауына жатады да, оның идеялық – көркемдік жақтарын ашу, көркем образдар, характерлер жасаудағы тілдік тұлғалардың қызметі деген тәрізділер әдебиеттану ғылымының үлесіне тиеді.Басқаша айтқанда, көркем мәтін талданғанда тіл мамандары тілдік тұлғалардың, тілдік категориялардың шығарманың көркемдік – эстетикалық мазмұнындағы қолданысын зерттесе, әдебиетшілер, керісінше, шығарманың идеялық – көркемдігінен бастап, оларды ашуда тілдік құралдардың қызметін зерттейді.

Информация о работе Жалпы тіл білімі