Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2015 в 10:07, реферат
Жалпы тіл білімінің анықтамасы. Ол, біріншіден, тіл білімінің теориялық саласы болса, екіншіден, оқу пәні болып есептелінетіні. Соңғы мағынадағы оның мақсаты мен міндеті. Жалпы тіл білімінің нысаны адамдардың дыбыстық тіл. Жалпы тіл ғылымы тілдің құрамын, функциялық сипаттарын, даму заңдылықтарын, сыртқы дүниемен, қоғаммен, ой-cанамен, мәдениетпен қарым-қатынасын түгел алып, жан-жақты зерттейтіні.
КІРІСПЕ
Жалпы тіл білімінің анықтамасы. Ол, біріншіден, тіл білімінің теориялық саласы болса, екіншіден, оқу пәні болып есептелінетіні. Соңғы мағынадағы оның мақсаты мен міндеті. Жалпы тіл білімінің нысаны адамдардың дыбыстық тіл. Жалпы тіл ғылымы тілдің құрамын, функциялық сипаттарын, даму заңдылықтарын, сыртқы дүниемен, қоғаммен, ой-cанамен, мәдениетпен қарым-қатынасын түгел алып, жан-жақты зерттейтіні. Жалпы тіл білімі дыбыс тілі атаулының барлығына тән ортақ мәселелерді ортақ заңдылықтарды сөз ететін. Зерттейтін нысаны – жалпы тілдік болғандықтан, одан шығатын теориялық тұжырымдар да тіл атаулының барлығына немесе басым көпшілігіне бірдей қолдануға болатын жалпы тілдік теория екені. Курста қамтылуға тиісті негізгі мәселелер:
1. Тілдің өзіндік табиғаты мен мәні, сөйлеумен, ойлаумен, қоғаммен байланысы, атқаратын қызметі.
2. Тілдің құрылымы,
құрылымдық элементтерінің бір-
3. Тілдің таңбалық, жүйелік сипаттары.
4. Тілдің деңгейлері. Грамматикалық категориялар.
5. Тілдер дамуындағы ортақ заңдылықтар, тілдік құбылыстарға түрткі болатын ішкі, сыртқы жағдайлар, тілдер дамуында болатын дифференциялық (даралану), интеграциялық (жақындасу) процестер, жалпыхалықтық тіл, диалект, сөйлеу тілі мен әдеби тіл, тілдік одақ т.б.
6. Тілдердің типологиялық, генеалогиялық топтары, жіктелісі.
7. Тіл білімінің зерттеу әдістері.
8. Тіл білімінің негізгі салалары, басқа ғылымдармен қатынасы, өзіндік орны.
9. Тіл білімінің тарихы, ондағы басты кезеңдер.
10. Тіл білімі тарихындағы негізгі бағыттар мен мектептер екендігі.
Зерттеу сипатына қарай қазіргі заман тіл білімі қолданбалы, салыстырмалы-тарихи, типологиялық, структуралық, ареалдық, математикалық т.б. тіл білімі болып бөлінетіні.
Жалпы тіл білімінің әлемдік ғылымда теориялық саласы ретінде танылуы – 19 ғасырдың басында, салыстырмалы – тарихи әдістің тіл білімінің зерттеу әдісіне айналуы нәтижесінде қалыптасқаны. Ол әлемдік тілдердің универсалды, барлығына ортақ мәселелерін зерттеп, соның негізінде жалпы тілдік теорияны қалыптастырғаны. Сондықтан жалпы тіл білімі бүкіл тіл ғылымының бағыт – бағдар сілтейтін жетекші, бағдарлағыш ғылым деп есептелінетіні.
Тіл білімі қоғамдық ғылымдармен де, табиғаттану ғылымдарының алуан түрлі салаларымен де, философия ғылымымен де байланысты екені.
Тіл - өзінің пайда болуы, дамуы жағынан адамзат қоғамымен тікелей байланысты қоғамдық құбылыс, ол – қоғамда аса маңызды қарым-қатынас құралы қызметін атқарады. Сонымен бірге тіл, оны зерттейтін тіл білімі қоғамдық санамен, ойлаумен тығыз байланысты. Сол себепті тіл білімі адамды, адамзат қоғамын зерттейтін қоғамдық (әлеуметтік) ғылымдарға жататыны.
Тіл білімін зерттеуде қолданылатын әдіс-тәсілге, зерттеушінің ұстанған бағыт-бағдарына қарай жіктеушілік бар екені. Ондай жіктеулер қатарына салыстырмалы-тарихи, типологиялық, ареалдық, структуралық, психологиялық, этнографиялық, эстетикалық, синхрондық, диахрондық, қолданбалы тіл білімі т.б. жататыны.
І. ТІЛ БІЛІМІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1. Тіл теориясының мән-мағынасы, негізгі проблемалары, күрделі салалары, ол салалардың басқа ғылымдармен байланысы.
2. Тілдің анықтамасы,
бұл мәселедегі ала-құлалық. Тілге
дұрыс анықтама берудің
3. Тілдің табиғаты
және мәні. Тіл табиғаты дегенге
оның қандай құбылыстар
Кеңес тіл мамандары басшылыққа алған қағидалар.
4. Тіл мен сөйлеу. Бұл екеуі арасындағы бірлік және өзгешеліктер. Сөйлеуде болатын индивидуалдық сипаттар. Сөйлеудің психологиялық жақтары, пайда болу жолдары. Тіл тіршілігі, оның дамуы, өз мүмкіндіктерін жан-жақты көрсете алуы сөйлеуге байланысты екені, сөйлеу тілдің жаны болып есептелетіні. Сөйлеу әрекеті мәселесін шешуде тіл білімі мен психология ғылымдарының өзара байланыста екені. Тіл мен сөйлеу арасындағы қарым-қатынастарды айқындауда Ф.де Соссюр заманынан бері қарай болып келе жатқан пікір таластары.
5. Тіл мен ой-сана
арасындағы қарым-қатынас. Бұл проблеманың
замандық тарихы барлығы. Бұл
екеуі арасындағы қарым-
6. Тілдің жүйелік,
структуралық сипаттары. Бұл екі
термин жөніндегі көзқарастар. Тілдің
структуралық элементтерін
7. Тілдің таңбалық сипаты. Жалпы семиотика мен тілдік семиотика. Таңба, оның түрлері: графикалық, акустикалық, заттық, ақша таңбалары мен нұсқау. Бұлардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері. Тілдік таңбалар, олардың түрлері мен функциялық ерекшеліктері. Семиотиканы сипаттаудағы философтардың арасындағы қайшылықтар.
8. Тіл және қоғам.
Социологиялық тіл білімі, оның
обьектісі. Дыбыс тілінің пайда
болуы, бұған байланысты көзқарастар.
Тіл және этникалық бірлік. Дүние
жүзіндегі тілдердің сандық
Тілдің функциялық, аймақтық, әлеуметтік типтері, олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері. Әдеби тіл. Тілдік дәстүр (узус) және әдеби тіл нормасы.
9. Тілдің даму заңдылықтары. Бұл мәселеге байланысты айтылып жүрген пікірлер. Тіл дамуының өзіндік заңдылықтары. Тілдік өзгеріске әсер ететін ішкі және сыртқы себептер. Тілдің функциялық және структуралық салаларының дамуының біркелкі болмайтыны, оның себептері лексиканың, фонетиканың, грамматиканың дамуындағы өзгешеліктерге байланысты екен. Тілдің қай саласында болса да тұрақты тұлғалар мен тұрақсыз, өзгерімпаз тұлғалардың болатыны.
10. Тіл деңгейлері.
Олардың қалыптасуындағы
11. Грамматикалық категория. Ол жайындағы пікірлер, қалыптасу шарттары, грамматикалық категорияның қалыптасуында формаға қарағанда грамматикалық мағынаның шешуші қызмет атқаратыны туралы пікірлер.
ІІ. ТІЛ БІЛІМІ ТАРИХЫ
Тіл білімі тарихы обьектісі. Тіл білімі тарихын дәуірге бөлу проблемасы.
1. Ежелгі заман
тіл білімі. Бұл дәуірде пайда
болған философиялық бағыттар. Филологияның
тууына түркі болған себептер.
Ежелгі заман лингвистикасына
тән ортақ сипаттар мен
Ежелгі қытай тіл білімі. Мұнда қалыптасқан атау теориясы мен иероглифтік грамматика. Қытай грамматикалық ілімінің өзіндік ерекшеліктері.
Ежелгі үнді тіл білімі. Оны туғызған себептер. Яски мен Панини еңбектері. Панини жазған санскрит грамматикасының мәні. Үндістан тіл білімінің тіл білім тарихындағы орны, маңызы. Ол жөнінде пікірлер. Үнді тіл білімінің кемшіліктері мен әлсіз жақтары.
Байырғы грек тіл білімі. Мұны туғызған себептер. Грек тіл білімінің қалыптасуындағы философтардың рөлі. Грек тіл білімінің негізгі обьектілері: атау теориясы, тілдің шығуы, грамматикалық өнер. Бұл салаларға байланысты айтылған негізгі тұжырымдар, олардың әлді, әлсіз жақтары. Александрия тіл мектебі, оның көрнекті өкілдері. Бұл мектеп грек тіл мектебі, оның көрнекті өкілдері. Бұл мектеп грек тіл білімінің кейінгі дәуірлерде тіл білімі дамуына тигізген әсері мен ықпал еткенін білдіретін..
2. Орта ғасыр
тіл білімі. Бұл дәуірдің ерекшеліктеріне
қысқаша шолу. Әлемдік діндердің,
канондық тілдердің пайда
Орта ғасырдағы Рим тіл білімі. Рим тіл білімінің грек тіл білімімен бірлігі мен оған қосқан үлесі. Латын тілінің канондық тілге айналуы, оның грамматикасының бүкіл Еуропа халықтары тілдерінің грамматикасына үлгі болуы. Орта ғасырдың соңғы кездеріндегі грамматикалық туындылар.
Орта ғасырлық араб тіл білімі. Арабтардың ежелгі заман тіл білімін пайдаланып, тіл білімін дамытуы. Арабтардың тіл зерттеуіндегі өзіндік бағыттары, тың жүйелері. Араб ғалымдарының шет тілдерін зерттеу тәжірибелері, тіл білімі тарихында бірінші болып әр түрлі тілдік фактілерді бір-біріне салыстыра зерттеу әдістерін қолданғаны. Олардың түркі, маңғол, парсы, араб тілдерінің салыстырмалы сөздіктерін, грамматикалық очерктерін жазғаны. Бұған түркі тайпаларынан шыққан ғалымдардың қатынасқаны. Ислам дінінің тарауына байланысты араб тілінің канондық сипатқа ие болғаны.
3. Қайта өркендеу дәуірі тіл білімі. Бұл дәуірдің өзіндік сипатына қысқаша шолу. Жаңа жерлердің, бұрын белгісіз халықтар мен тілдердің ашылуы, соның негізінде тіл білімінің жаңа сипатта дамуы. Бұл дәуірдегі тіл білімінің негізгі проблемалары: а) ұлттық тілді қалыптастырып дамыту, ә) жаңадан ашылған тілдерді үйреніп зерттеу, б) ежелгі заман тіл біліміндегі ой-пікірді, филологияны дамыту. Ұлттық сезімнің оянуына байланысты ұлттық тіл мен ұлттық мәдениетті, әдебиетті дамытуға күш жұмсау. Салыстырмалы сөздіктердің, грамматикалық еңбектерінің көбеюі.
Тілдік зерттеулердің бұрын болмаған жаңа түрлерінің көріне бастауы, логикалық бағыттың күшеюі, логикалық (рационалдық) грамматикалардың жарық көруі. Пор – Рояль грамматикасы, оның өз заманындағы мәні, әсері. Тіл біліміндегі универсиализм бағытының кейінгі дәуірлердегі дамуы.
4. 19 ғасыр тіл білімі. Онда 17-18 ғ. Тіл біліміндегі ой-пікірдің әрі қарай тереңдеп дамығаны.
1.Әр түрлі тілдердің
фактілерін бір-біріне
Компаративистика дамуының екінші кезеңі. Бұл дәуірдің өзіндік ерекшелігі, алдыңғы дәуірден өзгешелігі, көрнекті өкілдері: К.Бругман, Б.Дельбрюк, А.Мейе т.б.
Салыстырмалы – тарихи тіл білімінің үшінші кезеңі, яғни қазіргі замандағы жай-күйі. Бұл дәуір компаративистиканың ең жетілген, кемшіліктерден едәуір арылған кезең екендігі.
19 ғасыр тіл білімінде қалыптасқан тіл білімі мектептері мен ағымдар. Олардың дүниеге келтірген себептері.
а) Натуралистік – биологиялық бағыт. Бұл бағыттың өзіндік концепциялары. Көрнекті өкілдері. Зерттеген негізгі проблемалары, қателіктері.
ә) Логика – грамматикалық бағыт. Көрнекті өкілдері. Көтерген проблемалары. Әлсіз жақтары.
б) Психологикалық бағыт. Даралық (индивидуалдық) және әлеуметтік психологизм. Бұлардың негізгі концепциялары. Психологиялық тіл білімінің қазіргі заман тіл біліміндегі орны.
в) Жас грамматикалық бағыт (младограмматизм). Қалыптасқан мерзімі, көрнекті өкілдері, негізгі концепциялары, тіл білімі дамуына қосқан қомақты үлесі, әлсіз жақтары, қате тұжырымдары.
Қазан және Мәскеу тіл білімі мектептері. Бұлардың көрнекті қайраткерлері. Ұстанған негізгі бағыттары. Зерттеген проблемалары.
5.20 ғасыр линвгистикасы.
Оның жас грамматикалық
Көрнекті қайраткерлері.
20 ғасыр тіл
білімінде Ф.де Соссюр
Структурализм, оның тіл білімінде алатын орны, негізгі концепциялары мен ұстанған бағыттары. Структурализмнің негізгі мектептері: Прага мектебі, Копенгаген мектебі, дескриптивтік (Йельск) мектеп. Бұлардың көрнекті қайраткерлері, зерттеген проблемалары.
Кеңес тіл білімі. Оның маркстік философия қағидаларына сүйенгені, сонны өзіне методологиялық негіз еткені. Кеңес тіл білімінің алғашқы дәуірі, бұл дәуірдің тіл білімі алдында қойған негізгі міндеттері. Н.Я.Маррдың «Тіл туралы жаңа ілімі», оның негізгі концепциясындағы қателіктер. 1950 жылы «Правда» газеті ұйымдастырған еркін айтыс. Кеңес тіл білімінің әлем тіл біліміне қосқан үлесі.