Жалпы тіл білімі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2015 в 10:07, реферат

Краткое описание

Жалпы тіл білімінің анықтамасы. Ол, біріншіден, тіл білімінің теориялық саласы болса, екіншіден, оқу пәні болып есептелінетіні. Соңғы мағынадағы оның мақсаты мен міндеті. Жалпы тіл білімінің нысаны адамдардың дыбыстық тіл. Жалпы тіл ғылымы тілдің құрамын, функциялық сипаттарын, даму заңдылықтарын, сыртқы дүниемен, қоғаммен, ой-cанамен, мәдениетпен қарым-қатынасын түгел алып, жан-жақты зерттейтіні.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жалпы тіл білімі әдістеме.doc

— 674.00 Кб (Скачать документ)

2. Тілдік мағыналардың негізгі түрлері – лексикалық мағына мен грамматикалық мағына.Лексикалық мағына деп, әр сөздің білдіретін өзіне тән атауыштық мағынасын айтады, ал, грамматикалық мағына сөздің лексикалық мағынасы үстіне қосымша, үстеме болып қосылатын көмекші мағыналар жатады.Көмекші (грамматикалық) мағыналар, негізінде, түрлі грамматикалық категориялар жасауға негіз болады.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Тіл білімі  мен психология ілімінің зерттеу  нысандары

2. Ойдың тілдік  көрінісінің әр тұрлі болатындығы

 

№6 ДӘРІС ТАҚЫРЫБЫ: Тілдің құрылымдық, жүйелік, таңбалық сипаты

Дәріс жоспары:

1. Дыбыс тілі  қатынас құралының ең маңызды  түрі

2. Жалпы семиотика  мен тілдік семиотика

3. Тілдік таңбалардың  түрлері

4. Жүйе мен құрылымның  ғылым нысанына айналуы.

5  Синтагмалық  қатынас

6.  Парадигмалық  қатынас

7.  Иерархиялық  қатынас

8. Тіл – жүйелер  жүйесі

1. Дыбыс тілі  қатынас құралының ең маңызды  түрі болғанымен, оны қолдану  әрдайым мүмкін де, тиімді де  бола бермейді.Кейде дыбыс тілі  арқылы хабарлауға, білдіруге болмайтын  жайттар өмірде жиі кездеседі.Мұндай жағдайларда бір нәрсе жайында басқаларға хабар беру үшін, сол хабардың шартты көрсеткіші ретінде әр түрлі материалдық белгілерді қолданған.Ондай шартты белгілер орыс тілінде знак, қазақ тілінде таңба деп аталады.Таңба деп басқаларға білдірмекші болған белгілі бір хабардың орнына қолданылатын сезім мүшелерінің біріне тән заттық, құбылыстық, дыбыстық, сәулелік, әрекеттік, тағы солар сияқты белгілерді айтады.Белгілі бір нәрсені білдіру, хабарлау қызметін атқарып тұрған материалдық көрсеткіш, яғни таңба, таңбалаушы деп аталады да, ол білдіріп тұрған мағына таңбаланушы деп аталады. Мысалы: бағдаршамның қызыл жарығы – таңбалаушы да, ол білдіріп тұрған «жүруге болмайды» деген мағына – таңбаланушы.Сондай – ақ, шеберханалар маңдайшасындағы телевизор, радио қабылдағыштардың суреттері таңбалаушы да, олар білдіріп тұрған «осы заттар осы жерде жөнеледі» деген мағына таңбаланушы т.б. Таңба ретінде кез келген затты, кез келген шартты белгіні қолдануға болады.Ондай шартты белгілер – материалдық жағынан да, білдіретін хабарының мазмұны, оны беру тәсілі мен таңбаның құрылымдық сипаты жағынан да алуан түрлі, ол – ғылым нысаны болуға әбден жарайтын, мейліеше күрделі құбылыс.Осы себептен 20 ғасырдың 30- жылдарынан бастап, таңбаларды зерттейтін семиотика деп аталатын дербес ғылым қалыптасты.Семиотика – грек сөзі, мағынасы – белгілі дегенді білдіреді.

Семиотика – хабаршы таңбалар туралы жалпы теориялық ілім, ол таңбалардың табиғатын, жүйесін, түрлерін, қолдану процесіндегі құбылыстарын, таңбалардың бір – бірімен және өздері білдіретін мағынамен қарым – қатынасын зерттейді.

Семиотика – 20 ғасырдың 20-30-жылдарында ғана қалыптасқан жас ғылым болғанымен, әр түрлі материалдық белгілерді хабаршы таңба ретінде қолдануды адамдар ежелгі заманнан бастап – ақ білген.Сондай – ақ, атқаратын қызметі жағынан алғанда сөйлеу тілінде де жалпы таңбаларға тән сипаттардың барлығын, сондықтан оны жа жалпы таңбалар тобында қарудың керектігін еделгі заман ойшыларының өздері де айтқан.Аристотель ауызекі айтылған сөздер – ойдағы түсініктің символы, ал жазу – сөздің символы деген.Кейінгі заманда өмір сүрген Гоббс, Локк, Лейбниц т.б. философтар тіл – таңбалар жүйесі деп есептеген.Тілде таңбалық сипаттың барлығын 19 ғасырдағы көрнекті тіл ғалымдары – Ф.Бопп мен В.Гумбольдт та айтқан.Дегенмен, бұл мәселенің тіл білімінің негізгі проблемаларының бірі ретінде қойылып, тіл білімінде оны зерттейтін тілдік семиотика дейтін саланың болу қажеттігіне көз жеткізген ғалым – Ф. Де Соссюр.Сөйтіп, бүкіл таңба атаулыны зерттейтін жалпы семиотика мен тіл түйіскен жерден аралық ғылым ретінде тілдік семиотика деп аталатын ғылым қалыптасты.

2. Жалпы семиотика мен тілдік  семиотика. Жалпы семиотика бүкіл таңба атаулығы бірдей дәрежеде қолдануға болатын ортақ теория қалыптастыруды көздейді.Ол таңбалар арасында болатын өзгешеліктерге, әсіресе тілдік таңбалардың ерекшеліктеріне онша мән бермейді.Семиотика үшін тілдік таңбалар да, тілдік емес, көмекші таңбалар да бірдей, барлығы да хабар беруші, коммуникативтік қызмет атқарушы тұлғалар.Сондықтан олардың барлығы да бірыңғай ортақ заң – ережелерге бағынуы керек.Бірақ іс жүзінде семиотиканың теориялық тұжырымдары, көбінесе, тілге жатпайтын көмекші таңбаларға негізделеді, соларға тән сипаттарды басшылыққа алады.Бірақ тілдік таңбалар мен тілге жатпайтын таңбалар арасында түбірлі өзгешеліктер болады.Осы себептен семиотиканың жалпы теориялық тұжырымдары тілдік таңбалардың сырларын ашуда біраз септігін тигізгенімен, таңбалардың өзіндік сипаттарын, таңба мен ол білдіретін мағына арасындағы қарым – қатынасты айқындау мәселелеріндегі оның қағидалары тілдік таңба сипатына сай келмейді.Бұл жағдай тілдің таңбалық сипатын жалпы семиотиканың шеңберінде қалдырмай, одан бөліп алып, ерекше сөз етудің қажеттігін байқатады.Тілдік таңбаларды зерттейтін тілдік семиотика ғылымын дүниеге келтірген де сол өзгешеліктер.Тілдік семиотика біраз мәселеде жалпы семиотиканың қағидаларына сүйенеді, соны басшылыққа алады.Өйткені жалпы таңбаларға тән кейбір қасиеттер тілдік таңбада да болады.

1) Барлық басқа  таңбалар сияқты тілдік таңба  да сезім мүшелерінің бірі арқылы білінетін материалды сипатта болды;

2) бір нәрсе  жайын хабарлайды, коммуникативтік  қызмет атқарады;

3) белгілі бір  мағынаға, мазмұнға бағытталады, онымен  шартты қатынаста болады;

4) өзі білдіретін  мағынамен қатынасы емін –  еркін болады, олардың арасында табиғи байланыс болмайды;

5) өз жүйесіндегі  басқа таңбалардан бір немесе  бірнеше айырым белгілері арқылы  жекеленіп танылады.

Қандай да болмасын белгілі бір материалдық көрсеткішті таңба деп санау үшін, ол өзінің материалдық табиғатына тән емес, қосымша қызмет ретінде жүктелген бір нәрселерді білдіруі, хабарлауы қажет.

Адамдар кез келген затты таңба ретінде пайдалана алады.Мысалы: терезе алдында бір шоқ гүл қою арқылы «үйде бөтен адам бар» дегенді хабарлай алады, бірақ ол үшін хабар беруші мен хабар алушы арасында келісім болуы қажет.Олай болмаған да, таңба қосымша қызметін атқара алмайды.Қазіргі уақытта көпшілікке танымал болып қалған бірсыпыра таңбалар бар.Олардың қатарына көше және жол бойларындағы жүріс – тұрыстарды реттеу мақсатныда қолданылатын бағдаршамдар, жол бойына қойылатын әр түрлі белгілер, зауыт – фабрикалардағы гудоктар, оқу орындарында қолданылатын қоңыраулар, әлеуметтік топтардың өзіндік киім ерекшеліктері, белгі – значоктары, мемлекеттік рәміздер мен ордендер, кейбір ғылымдарда қолданылатын арнаулы графикалық таңбалар, т.б. Мұндай таңбалар өмірдің әр саласында қолданылады және олардың материалдық сипаттары да алуан түрлі.

Семиотикалық әдебиеттерде таңбаларды негізгі таңба, көмекші немесе жасанды таңба деп екіге бөлушілік бар.Негіз таңба деп тілдік таңбаларды айтады.Оның негізгі болатын себебі ол алғашқы, басқа көмекші таңбалардың барлығы да соның негізінде туған, сол арқылы ұғынылады.Осы себептен де ғалымдар тілдік таңбаны  «барлығын да айтуға келетін» (А.Мартине), «барлық басқа семиотикалық таңбаларды аударуға болатын» (Л.Ельмслев), «барлық типтегі таңбалардың оркестірі» (Т.Милевский) деп санайды.

Көмекші таңбаларды материалдық сипаттарына қарай төмендегідей түрлерге бөлушілік бар.

Графикалық таңбалар. Бұған математика, физика, химия, логика ғылымдарында қолданылатын таңбалар және әр түрлі жазулар, мөр таңбалар жатады.Бұлар көру мүшесі арқылы қабылданады.Оларға кейбір ғылымдар ымдау, нұсқау белгілерін де, мылқаулардың мимикалық тілін де, әр түрлі іздер мен белгілерді де жатқызады.

Акустикалық таңбалар. Бұған сөйлеу мүшелерінің артикуляциялары арқылы жасалатын таңбалар, белгілі мақсат үшін берілетін алуан түрлі сигналдар, дабылдар, қоңырау мен гудоктар жатады.Олардың барлығы да есту мүшесі арқылы қабылданады.Есту арқылы қабылданатын таңбаларды олардың жасалу тәсілдеріне қарай кейбір ғалымдар вокалды таңбалар, аспапты таңбалар деп екі бөледі де, алдыңғысына дыбыстау мүшелері арқылы жасалатын сигналдарды, соңғысына әр түрлі музыкалық аспаптар арқылы берілетін арнаулы сигналдарды, дабылдарды жатқызады.

Заттық таңбалар. Бұған жол бойына, көшелерге, кәсіпорындары мен мекемелердің маңдайшаларындағы белгілер, көрсеткіштер және әлеуметтік топтардың өздеріне тән киім түрлері мен формалары, зночоктар мен гербтер, әскери белгілер, түрлі жалаулар арқылы берілетін сигналдар, ен – таңбалар жатады.

Ақша таңбалар. Бұған әр елдің, әр дәуірдің қағаз, күміс, бақыр ақшалары жатады.

Сәуле таңбалар. Бұған жарық арқылы берілетін әр түрлі белгілер, сигналдар – бағдаршамдар, су жолында қолданылатын маяктар, бакендер (су бетіне қауіпті жерлерге қойылатын қалқыма шырақтар) жатады.

Ымдау, нұсқау таңбалары. Бұл – семиотикалық таңбалардың ең күрделісі.Ол әр түрлі дене қимыл – қозғалыстары арқылы беріледі.Кейбір ғалымдар ым тілін адамдардың қатынас құралының алғашқы түрі, бастапқы тіл – ым тілі болған, дыбыс тілі ым тілінен кейін шыққан, ым тілі адамдар қатынасы дамуының дербес бір сатысы дегендерді айтқан.Мұндай пікірді Кеңес тіл білімінде Н.Я.Марр да жақтады.

Дене қимылдары арқылы түсінісу, хабарласу әрекеттерінің ежелгі замандардан бері келе жатқанын, оның адам қоғамының өте балаң кездерінің өзінде де мол кездесу мүмкіндігін ғылым бекер демейді.Бұл мәселені зерттеуші мамандар оны хайуанаттар дүниесінде қазір де кездесетін әр түрлі дене әрекеттерімен төркіндес емес пе екен; қазірде қолданылып жүрген әр түрлі ымдау, нұсқауларымыз адамдардың хайуандар тобынан бөліне қоймаған кезенің өзінде де болмады ма екен деген болжаулар айтады.Қазіргі хайуандар дүниесіндегі осыған ұқсас әр түрлі жәйттерге қарағанда дене қимылдары арқылы түсіндірудің төркіні тым арғы заманда дейтін пікірдің жаны бар.Бірақ оны дербес қатынассыз өмір сүрген дербес тіл еді деуге, қоғам дамуында ым тілі дәуірі болған деуге ешқандай дәлел жоқ.Қайта өмір тәжәрибесі дене қимылдарының дыбыспен, үнмен қосарлана, соған көмекші ретінде қолданылатынын көрсетеді.

Ымдаудың қызметі жағынан семиотикалық таңбалардан елеулі өзгешеліктері бар.Ым тілі, ең алдымен, жасанды емес, ол – ұрпақтан ұрпаққа ауысып, мұра ретінде беріліп отыратын табиғи құбылыс.Шарттылық ым тілінде тым елеусіз, сондықтан ол – негізінде интернационалдық құрал, оны бірінің тілін бірі білмейтін адамдар да түсінісе алады.Барлық халықта жұдырық көрсетуді қорқыту деп, қол бұлғауды шақыру деп түсінеді.

 Семиотика ғылымы таңбаларды табиғи таңба, жасанды таңба деп те бөледі.Табиғи таңбаны кейде белгі таңба, симптом деп те айтады.Бұған заттардың өз бойына тән, одан бөліп алуға болмайтын табиғи белгілері, симптомы жатады.Олар бір затты я құбылысты екінші бір заттардан, құбылыстардан, айыруға белгі болады.Соған қарап мұны кейде көрсеткіш, танытқыш таңба деп те айтады.Көрсеткіш таңбалар өздері белгісі болатын затпен, құбылыспен тығыз байланыста, айырылмайтын бірлікте болады.Бұлар - өмір тәжірибесі арқылы танылған, заттардың, құбылыстардың табиғатына тән симптомы.Мысалы: қар қыстың, түтін оттың, дене қызуының көтеріліуі науқастың, термометрдегі сынаптың төмендеуі салқындықтың белгілері т.б.Семиотикалық таңбалар білдіретін хабардың, мағынаның, таңбалық қызмет атқарып тұрған затпен, құбылыспен ешқандай табиғи байланысы болмайды, ол екеуі тек шартты қатынаста ғана болады және оны біреулер я шағын бір қауым белгілеп береді.Тек олардың нені білдіретіні алдын ала келісілген болса болғаны.Мысалы: бағдаршамның «жүруге болмайды» деген мағынаны білдіретін қызыл жарық орнына басқа бір жарықты алуға да болады, онда тұрған түк те жоқ, тек оны пайдаланатындар алдын ала білсе болғаны.Бұл – семиотикалық таңбалар мен олар білдіретін мағына арасында айырылмайтын бірліктің жоқтығын, олардың автономиялығын байқатады.Ал табиғи белгілерде мұндай емін – еркіндік болмайды.Бірақ адам баласы табиғи белгілерді хабаршы таңба ретінде қолдана алады.От жағу, түтін салу арқылы басқаларға хабар берілуі мүмкін, тек оның нені хабарлап тұрғанын хабар алушының күні бұрын білу шарт.Олай болмаған жағдайда олар таңбалық қызмет атқара алмайды.

Семиотикалық таңбаларды өз ішінен сигналдық, символдық, тілдік, субституттық таңба деп бөлушілікте кездеседі.

Сигнал таңбалар – көру, есту арқылы қабылданатын таңбалар.Мұның қатарына қоңырау, дабыл, теміржолда, су жолында, дала жолдарында, көше бойында қолданылатын алуан түрлі белгілер жатады.Сигнал таңбалардың мағыналары шартты болғандықтан, жағдайға қарай өзгеріп отырады.Мысалы: қоңырау бірде сабақтан шығуды білдірсе, енді бірде сабаққа кіруді білдіреді т.б.

Символ таңба көмекші таңбалардың басқа түрлеріне қарағанда анағұрлым күрделі, ол дерексіз, бейнелі ұғымдарды білдіреді. Бұған әр елдің мемлекеттік гербі, туы, мөрлері, жалаулары, әскери атақ – дәреже белгілері, значоктар, ордендер т.б. жатады.

Таңбаның бұл екі түрінде де олар білдіретін мағына таңба құрамына енбейді, таңбалық қызмет атқарушы материалдық көрсеткіштерден тысқары болады, сондықтан бұларды бір жақты таңбалар деп атайды.

Жоғарыда аталған тілдік және соның бір көрінісі болып есептелетін субституттық (материалдық) таңбалар – тілдік семиотиканың негізгі нысаны болып табылатын негізгі таңбалар.

3. Тілдік  таңбалардың түрлері. Жалпы семиотикалық ереже бойынша таңба бір жақты тек материалды ғана болады, мағына таңба құрамына енбейді.Таңбалық қызметтен айырған күнде де олар бастапқы табиғи қалпында қала береді.Бұл қағидаға жеке тұрғанда ешқандай мағынаны білдіре алмайтын, бір жақты элемент болып есептелетін фонемалар болмаса, тілдегі басқа тұлғалардың ешқайсысы да сай келмейді, өйткені тілдегі сөз болсын, сөйлем болсын – бәрі де екі жақты тұлғалар.Оның үстіне, бұлардың мағыналары өздерінің материалдық жағынан бөліне алмайды, бұл екеуі айырылмастық бірлікте тұрады, егер бір – бірінен айырылса, өмір сүруден қалады.

Шындығында, тілдік жүйе көмекші, шартты таңбалар жүйесіндей емес, мейлінше күрделі, көп сатылы, көп қабатты, көп элементті жүйе.Тілдегі алуан түрлі тұлғалар тек құрылымдары жағынан емес, мағыналары мен қызметі жағынан да түрлі – түрлі.Олардың ішінде екі жақты да, жартылай екі жақты да, бір жақты да тұлғалар бар.

Екі жақтыға сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер жатады.Жартылай екі жақтыға көмекші морфемалар жатады.Бір жақтыға фонемалар жатады.

Тілдің негізгі тұлғалары қатарына дыбыс, морфема, сөз, сөйлем жатады.Дыбыс – тілдің ең кіші материалды бөлшегі.Ол, біріншіден, тілдің өзінен бірер басқыш жоғары тұратын тұлғаларын жасауға материал болса, екінші жағынан, бір тұлғаны екінші тұлғадан айыратын танытқыш белгі қызметін атқарады.Дыбыс жеке тұрғанда ештемені де білдіре алмайды, мағынасыз болады, сондықтан ол екі жақты мәні бар таңба жасауға қатысқаны болмаса, өзі таңбалық қызмет атқара алмайды.Өйткені таңба болу үшін бір нәрсені хабарлауы, білдіруі керек.Дыбыстардың осы айтылған ерекшеліктеріне қарап, оны ғалымдар бірде диакритикалық белгі десе, енді бірде фигура деп атайды.Фонемалардан бір басқыш жоғары тұратын тұлға – морфема.Морфеманы, әдетте, өзіне тән мағынасы бар екі жақты тұлға деп санайды.Бірақ морфеманың мағынасы атауыштық, хабаршы мағына емес, грамматикалық мағына және ол мағынасы номинативтік мәні бар негізгі морфемамен бірге тұрғанда ғана білінеді.Екіншіден, сөздердің морфемаларға жіктелуі тіл атаулының барлығына бірдей тән құбылыс та емес, сөздердің құрамын морфемаларға бөлуге болмайтын тілдер де болады.Морфема – атауыштық мәні бар лексемалар мен фонемалар арасындағы аралық категория.Ол – тілдің структуралық тұлғасы, бірақ хабаршы таңба бола алмайды.

Информация о работе Жалпы тіл білімі