Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2015 в 10:07, реферат
Жалпы тіл білімінің анықтамасы. Ол, біріншіден, тіл білімінің теориялық саласы болса, екіншіден, оқу пәні болып есептелінетіні. Соңғы мағынадағы оның мақсаты мен міндеті. Жалпы тіл білімінің нысаны адамдардың дыбыстық тіл. Жалпы тіл ғылымы тілдің құрамын, функциялық сипаттарын, даму заңдылықтарын, сыртқы дүниемен, қоғаммен, ой-cанамен, мәдениетпен қарым-қатынасын түгел алып, жан-жақты зерттейтіні.
4. Жүйе, құрылым деген терминдерді бұл күнде қолданбайтын ғылым кемде-кем. Қазіргі заман ғылымдарының қай-қайсысы да, өз нысандарының жүйелік, құрылымдық сипаттары айқындауды негізгі мақсат деп санайды. Көптеген көрнекті ғалымдар жүйелік, күрылымдық зерттеу 20 ғасырдың ортасы тұсындағы ғылымдар дамуының ең басты бағыты дегенді айтады.
Жалпы білім түрғысынан алғанда, жүйе деп белгілі тәртіпте, бір-бірімен тығыз байланыста, қарым-қатынаста тұратын элементтерден қүрылған біртұтас нысанды атайды. Жүйе құрамына енетін бөлшектер, тұлғалар жүйе элементтері де аталады. Жүйе элементтерінің бірлігі — әр түрлі бөлшек-тердің өзара жымдасып, берік бірлікте, шартты қатынаста тұратын үйымдасқан төртіпті бірлігі.
Өз нысанын жүйелік, құрылымдық түрғыдан зерттеу' істерімен ғалымдар ертеден бастап-ақ айналысқан, < ғылымдарды былай қойғанда, тек тіл туралы ғылымның өзін: алсақта, сонау көне заманнан бастап-ақ зерттеушілердің тілдің фонетика, морфология, синтаксис т.б. суалацарға жіктеп, әр саланы ез алдына қарастырғаны белгілі. Зерттеудің мүндг тәжірибелерінсіз тілді біртұтас жүйе, құрылым деп тану мүмкін болмас еді. Алайда, ол кезде нысан ұсақ элементтерге бөлшектеніп, әрбір элементтердің өзіндік қасиеттері жеке-жеке талданды да, элементтер бірлігіне, олардын. ара-қатынастарына жете мән берілмеді. Жүйе, құрылым деген терминдердің өздері де әр түрлі мағынада түсінілді.
Соның арқасында тіл — элементтері бір-біріне тәуелді, шартты қатынаста тұратын біртұтас нысан деп саналмай, әр түрлі элементтердің кездейсоқ қосындысы, жинағы тәріздес болып көрінді. Бұлар сияқты олқылықтарды жоюға бағытгалған алғашқы қадамдар 19 ғасырда басталғанымен, 20 ғасырға дейін баяу дамып келді. Тек 20 ғасырдың орта түсынан бастап нысанды жүйелік, құрылымдық бағытта зерттеу мейлінше кең етек алып , зерттеудің көпшілік таныған үстем бағытына айналды.
Дыбыс тілінің әр түрлі элементтердің кездейсоқ жиын-тығы емес, бөлшектері бір-біріне тәуелді, өзара тығыз байла-ныста, шартты қатынаста тұратын біртұтас, бір бүтін күрделі түлға екендігін алғаш атап айтқан ғалым — В.Гумбольдт. Ол - тіл-тілдің қай-қайсысында болса да, екі түрлі түлға, сала болады: оның бірі — тілдің сыртқы формасына жататын материалдық сала да, екіншісі — тілдің ішкі формасына жататын — идеялық жағы. Бұл екеуінің бірінсіз бірінде күн жоқ. Осы екі форма бірігіп тілдің құрылымын қүрайды деген болатын. В.Гумбольдт жасаған бұл түжырымдарды тіл білімінің басты міндеті деп санау — И.А. Бодуэн де Куртенэ мен Ф.де Соссюр еңбектерінен басталады. Жүйе, құрылым деген атаулардың тіл білімінде кең қолданылып, түракты ғылыми терминге айналуы да осы кез.
Бірақ Ф.де Соссюр тіл өз алдына тұйықталып жатқан жүйелерден тұрады, өзара шарттас қатынаста тұратын элементтерден қүралады, сол себепті тіл жүйесінің тек синхрондық күйі зерттелуі керек, ал, тіл жүйесін диахрондык түрғыда зерттеу тілдің жүйелік қалпын нақты көрсетпейді деп есептеген. Дегенмен, Ф.де Соссюрден кейінгі зерттеушілер тіл жүйесі деген ұғым тілдің синхрондық күйімен бірге диахрондық күйіне де қатысты екенін анықтады.
Содан бері қарай тілдің жүйелік сипатын сөз етпеген ғалым кемде-кем. Онымен шетел ғалымдары да, орыс ғалымдары да айналысып келеді, бірақ соған қарамастан тілдік жүйе, тілдің құрылымы дегендер — күні бүгінге дейін түбегейлі шешілмей келе жатқан проблемалар. Жүйе мен кұрылымның арақатынасына байланысты айтылып жүргеіг пікірлерді екі үлкен топка бөлуге болады. Оның бірі — бұл екі атаудың арасына шек қоймау, екеуін абсолют синощ ретінде карау, болмаса екеуінің де мағынасын, ұғымын камтитын термин ретінде біреуін ғана пайдалану. Мұндай көзқараска бұл екі атаудың кейбір тіркестердегі мағыналас-тығы, бірінің орнына екіншісін қолдануға келетіндігі себепші болса керек. Екіншісі жөне көрнекті тіл ғалымдарының көпшілігі даусыз деп санайтыны — сөз болып отырған екі терминді бір-бірінен ажырату, оларды синонимдес атау деп санамау.
Тілдік жүйе, тілдік құрылым деген терминдердің өзара тығыз байланысты екені, бірақ олардың тепе-тең еместігі, бір-бірінен өзгешеліктері барлығы, тіл білімі үшін ол өзге-шеліктерді анықтаудың қажеттігі — бұл күнде айқындалған шешім. Жүйе тілдік құрылым деген ұғымға қарағанда кең мағынаны білдіреді, бүкіл тілдік фактілердің барлығының жиынтығына, бірлігіне қатынасты ұғым ретівде қолданылады, ал кұрылым тілдік элементтердің тек қарым-қатынасына ғана қатысты, жүйенің айырықша бір бөлшегі ғана деп саналады.
Жүйе, құрылым дейтін атаулардың және бұлардың арасындағы жақындық пен өзгешеліктердің ғылыми проблема ретінде Кеңес тіл білімінде зерттеле бастауы елуінші жылдардан бері карай.
Тілдік жүйе қүрайтын кесек тұлғалар — фонетика, лексика, грамматика. Бұлар ғылымда ярус — қабат, уровень — деңгей немесе жүйе я құрылым элементтері деп аталады. Бұл элементтер бірлігі — белгілі тәртіпке, ретке келтірілген, бірімен бірі жалғасып, бірінен-бірі туындап өрбіп, ұлғайып жататын өзектес, біртұтас-бірлік. Бұлар — тіл*деп аталатын түтасқан күрделі бүтін нысанның жеке тармақтары. Өзара бірлікте тұратын бұл салалардың құрылымы жағынан да, аткдратын қьізметі, мән-мағыналары жағынан да бір-бірінен елеулі өзгешеліктері бар, оның құрамына енетін элементтер белгілі тәртіпте сала-сала, жүйе-жүйе болып, ұсақтары бірлесіп кесек тұлғалар жасал, кесектері өздерінен төменгі элемент-терге бөлшектеніп, бір-бірімен сабақтасып жатады. Жүйе элементтері жүйе мүшесі ретінде жүйе құрамына еніп, өзі сияқты баска тұлғалармен не тікелей немесе жанама түрде байланысқа, қарым-қатынасқа түседі. Тілдік тұлғалар байланысыньщ тілдерде кездесетін төмендегідей бірнеше типтік түрлері болады.
5. Синтагмалық қатынас. Грек тілінен тараған бұл атау алғашқыда бір нәрселердің қосылуы, жалғасуы деген мағынаны білдірген. Қазіргі заман тіл білімінде тілдік элементтердің бір-біріне тіркесе жалғасуы дегенді білдіреді. Синтагмалық қатынасқа алдынғысы кейінгісіне тіркесе, жалғаса айтылатын я жазылатын элементтер байланысы жатады.
Тілдік тұлғалар байланыстары іщінде синтагмалық кдтынастың мәні ерекше. Тіл өзінің қатынас құралымдық қызметін элементтердің синтагмалық қатынасы, байланысы арқылы атқара алады. Сөйлеу сөйлеу процестері кезеңінде тілдік тұлғалардың бір-біріне тіркесе, жалғаса байланыстары нөтижесінде іске асады. Синтагмалық қатынас элементтер байланыстарының ең алғашқысы. Синтагмалық қатынасқа жататын бір тектес тұлғалар: морфема мен морфема, сөз бен сөз (үй-шік, от-ағасы, қоралы қой). Құрылымы, мағынасы, қызметі жақтарынан әр тектес болып келетін тұлғалар синтагмалық байланысқа келе алмайды. Мысалы: дыбыс пен морфема, сөз бен сөйлем т.б.
Тіл жүйесіндегі синтагмалардың, синтагмалық қатынас-тардың негізінде тіл жүйесін зерттеудің негізгі аспектілерінің бірі синтагматика қалыптасқан. Синтагматиканың қарас-тыратыны — жүйелі түрде орналасқан тілдік тұлғалардың сөйлеу процесінде (немесе мәнін қүрастыруда) бір-бірімен тікелей байланысқа түсіп тіркесуінен туатын синтагмалық қатынастарды таддап зерттеу. Синтагматика парадигматикаға қарама-қарсы қойылып қарастырылады, өйткені ол тілдің бір мезгілдік деңгейіндегі күйін, яғни тарихына бармай, оның көлденең (горизонталь) бағытта байланысатын күйін зерт-тейді.
6. Парадигмалық кдтынас. Грек тілінен ауысқан бұл атау мысал, үлгі деген мағынаны білдірген. Кдзір де ол — бір тектес элементтердің тобы, класы деген мағынаны білдіреді. Парадигмалық топ құрамына енетіндер — мағыналық, құрылымдық жақтарынан бірыңғай болып келетін тұлғалар. Мысалы, септік жалғаулар парадигмасы, фонемалар парадигмасы т.б. Парадигмалық топ құрамына, класына өзара синтагмалық қатынасқа келе алатын тұлғалар енеді.
Тіл жүйесіндегі парадигмалардың, парадигмалық қатынастардың негізінде тіл жүйесін зерттеудің негізгі аспектілерінің бірі прадигматика қалыптасқаН; Парадигматиканың қарастыратыны — парадигмалық қатынастардың құрылымын, топтарын, жіктелуін, қызметін зерттеп анықтау. Парадигматика синтагматикаға қарама-кдрсы қойылып қарастырылады, өйткені ол тіддің бір мезгілдік емес, әр мезгілдік күйін, яғни ассоциялық қалпын, тіл элементтерінің тік бағытта (вертикаль) байланысуын зерттейді.
7. Иерархиялық қатынас (
Иерархиялық қатынас арқылы фонетика, лексика, грамматика жүйелік сипатқа ие болады.
8. Тіл — жүйелер жүйесі. Тілдік жүйенің өмірдегі басқа жүйелерден бір өзгешелігі — оның күрделігінде, көп кабаттылығында. Тіл бүтін, кесек жүйе бола түра, өз ішінен эр түрлі ұсақ жүйелерге бөлшектенеді. Сондыктан тілдік жүйе жалаң болмайды, жүйелер жүйесі немесе гетерогендік 16 жүйе деп Яталады. Гетерогендік жүйе әр тектес тұлғалардан қүралады, басқаша айтқанда, бұған мүше болатындар — фонетикалық, лексикалық, грамматикалық жүйелер. Ұсақ жүйелерді, әдетте, гомогендік11 жүйе деушілік те бар. Гомо-гендік жүйе бір тектес тұлғалардан қүралады. Тіддің жоғарыда аталған әр қабаты өз алдарына жеке бір-бір гомогендік жүйе болып есептеледі.
Жалпытілдік (гетерогендік) жүйе мен ұсақ жүйелер (гомогендік) арасында елеулі айырмашылықтар бар. Гетеро-гендік жүйеге мүше болатындар — әр тектес элементтер. Бұлар бір-бірімен тек иерархиялық қатынасқа ғана келе алады. Сондықган жалпы тілдік жүйеге өзара иерархиялық қатынаста тұратын әр тектес элементтердің бірлігі, байланысы деген анықтама дәл келеді. Ал, оның құрамына енетін гомогендік жүйелерді қүраушы бөлшектер бір тектес болады және олар бір-бірімен синтагмалық, парадигмалық қатыста болады. Сондықтан гомогендік жүйе дегенге өзара синтагмалық, парадигмалық қатынастарда тұратын бір тектес элементтердің жиынтығы деген анықтама сай келеді.
Ұсақ жүйелер де өз ішінен тағы әр түрлі ұсақ салаларға, топтарға бөлшектеніп келеді. Мысалы, тілдің дыбыстық құрамы өз алдына тұтас бір жүйе. Оның күрамындағы элементтердің, яғни жүйе мүшелерінін барлығына ортақ қасиет — олар жеке қолданылмайды, жеке тұрғанда ештемені де білдірмейді. Олардың мәні бір-бірімен өзара байланысқа келгенде ғана айқындалады. Мұндай байланыста тұрғанда тіл дыбыстары сөз жасауға қажетті ең кіші материал ретінде пайдаланылады да, сигнификативтік қызмет (сөз мағынасын ажырату, бір сөзді екінші сөзден бөліп таныту) атқарады. Міне, бұл — дыбыстық жүйе кұрамындағы элементтерге тән ортақ қасиет. Осындай ортақ белгілерімен қатар, дыбыстық жүйе құрамындағы элементтердің бір-бірінен азды-көпті өзгешеліктері де жоқ емес. Мысалы, т дыбысы мен а дыбысын салыстырып кзрасақ, алдымен, алдыңғыда үннің, дауыстыі жоқтығын, соңғыда олардың барлығын көреміз. Осы қасиеттеріне қарай жіктелгенде, т дыбысына ұқсас келетін де, а дыбысына ұқсас келетін де дыбыстардың барлығы' айқындалады. Сөйтіп, т дыбысына ұқсастары өз алдына дауыссыз дыбыстар деген атпен бір топ болып бөлінсе, а дыбысына ұқсастары дауысты дыбыс деген атпен екінші топ, болып бөлінеді. Осындай салыстыруды т мен д, а мен э дыбыстарына да қолдануға болады. Соның нәтижесінде қатаң дыбыстар тобы, ұяң дыбыстар тобы немесе жуан дауысть дыбыстар тобы, жіңішке дауысты дыбыстар тобы деген тәріздес әр түрлі ұсақ топтар келіп шығады. Ал, осы ұсақ топтар жоғарыда айтылған ортақ қасиеттері негізінде бірігіп, парадигмалық ең жоғары топ (қабат) — тілдің біртұтас дыбыстық (фонетикалық) жүйесін құрайды.
Жоғарғы және төменгі топтарға морфема, сөз жүйелері де жіктеле алады. Мысалы: морфема өз ішінен түбір морфема, қосымша морфема деген топтарға бөлінсе, қосымша морфема өз ішінен жүрнақ, жалғау деп аталатын, алдыңғылардан гөрі де ұсақ топтарға, кластарға бөлінеді. Ол ол ма, жалғаулардың- өзін септік, көптік, тәуелдік жалғаулар деп бүрынғыдан да гөрі ұсақ топтарға бөлшектеп әкетуге болады.
Бұл топтағылар сөздің мағыналы бөлшектері, сөз құрайтын материалдар дейтін барлығына ортақ қасиеттері негізінде бірігіп парадигмалық ең жоғарғы топ (қабат, уровень) — тілдің біртұтас морфемалық жүйесін құрайды.
Осы айтылғандардай жоғарғы, төменгі топтарға сөздер жүйесі де, синтаксистік жүйелер де бөлінеді. Ондай бөліктер тілдердің табиғатында бар нәрселер болғандықган, оған ешкім таласпайды. Пікір таласы сол топтардың әрқайсысын жеке-жеке жүйе дейміз бе, болмаса, ең жоғарғы бірліктерін ғана (дыбыс, морфема, сөз т.б.) жүйе деп, олардың бөліктерін жүйе ішіндегі жай бірлік қана дейміз бе, жүйе деу үшін нені критерий етуіміз керек — дейтін мәселелерде.
Біраз ғалымдар бір-бірімен салыстыруға, біріне-бірін қарсы қоя қарауға болатын, өзара байланыста, шарттық кңтынаста тұратын бір тектес элементтер бар жердің бәрінде де жүйе бар дегенді айтады.
Бірсыпыра ғалымдар тілдің жүйелік құрамын бұлай көбейтуді мақұлдамайды. Олар белгілі бір тілдік элементтер тобын бір жүйе, гомогендік жүйе деп санауға синтагмалық, парадигмалық қатынастардың болуын ең негізгі критерий ету керек, олай болмағанда парадигмалық бір класс құрамына енетін элементтердің де жүйелік белгіге жатқызылуы мүмкін деседі.
Расында да, жүйе дегенді бөлуге элементтердің тек қана өзара жақын, бір тектестігін меже ететін болсақ, онда бір ғана дауысты дыбыстардың өзін жуан-жіңішке, ашық-қысаң, еріндік-езулік, созыңқы-келте дауысты т.б. деп алуан түрлі жүйеге бөлуге болатын еді. Ал егер жүйені бөлуге жоғарыда көрсетілген қатынастарды өлшеу етсек, белгілі бір парадигмалық топ ішіндегі элементтердің дауысты дыбысқа байла-нысты жоғарыда айтылғандай ішкі ұсақ белгілерін жүйелік белгі деп санамайтын боламыз. Өйткені бұлар сияқты ұсақ топтар арасында синтагмалық қатынастар бар тәрізді дегеннің өзінде де, оларда қатынастың үшінші иерархиялық түрі бар дей алмаймыз. Қатынастың бұл түрі дыбыс жүйесі деп аталатын ең жоғарғы топқа тән қасиет. Тек бір бүтін ретінде алынған фонетикалық жүйе ғана өзінен жоғары тұрған морфемалар жүйесімен иерархиялық қатынасқа келе алады. Морфемалар мен сөз жүйелері туралы да осыны айтуға болады.
Тіддің фонетика, морфология, синтаксис салаларының өз алдарына жеке бір-бір жүйе екендіктерін, бұл жүйелердің бір-бірінен сапалық өзгешеліктері барлығын көрнекті тіл ғалымдарының қай-қайсысы да бекер демейді. Бірақ бірсыпыра ғалымдар лексикада жүйелік сипат бар дегенді құптамайды.