Ж Аупбаев - журналист, публицист

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 11:03, дипломная работа

Краткое описание

Осы мақсатқа сай диплом жұмысының алдына мынадай негізгі міндеттерді шешу мәселелері қойылды:
- Жанболат Ауытбаевның журналистикаға келіп, баспасөз ісіне араласуына, публицист ретінде қалыптасуына әсер еткен қоғамдық-саяси, әлеуметтік-тарихи факторларды анықтау;
- Жанболат Ауытбаевның журналистік қызметінің хронологиялық кезеңдерін саралап, қазақ баспасөзінің дамуына қосқан үлесіне баға беру;
- қаламгер публицистикасының қоғамдық-саяси салмағы мен идеясын, тақырыптық сипатын қазіргі заман шындығымен байланыстыра, сабақтастыра талдау;
- журналистің публицистикалық шығармаларының қоғамдық-саяси мәні өткір, мейлінше өзекті екенін бүгінгі заманның талап-талғамы тұрғысынан бағалап, дәлелдеу;
- Жанболат Ауытбаевның публицистикалық еңбектерінің басты сипатын, басқа публицистерден дараланатын негізгі ерекшеліктерін айқындау;
- публицист шығармаларының жанрлық әр алуандылығын, стильдік, тілдік ерекшелігі мен образ жасаудағы журналистік әдіс-тәсілдерді қолдану шеберлігін саралау;
- журналистің көркем-публицистикалық очерктерінің әдеби, публицистикалық тіл кестесіне талдау жүргізу;

Содержание

Кіріспе........................................................................................................3-6
1 Ж. Ауытбаевтың журналистік ғұмырбаяны..............................................7-31
1.1 Журналисттік қызметтегі алғашқы қаламгерлік ізденістер.........................7
1.2 Облыстық, республикалық басылымдардағы публицистикаларының проблематикасы.....................................................................................................15
1.3 Қазақ баспасөзін өркендетудегі публистистикалық еңбектерінің мәні....................................................................................................23
2 . Ж. Ауытбаевтың журналистикасы......................................................32-58
2.1 Қаламгер журналистикасының тақырып ауқымы, мазмұн тереңдігі..................................................................................................................32
2.2 Ж. Ауытбаев көсемсөздерінің жанрлық түр алуандығы, стильдік айшықтары.............................................................................................................40
2.3 тілши сухбаттары мен мақалаларындағы әдеби-көркем, публицистикалық тіл кестесінің ерекшеліктері......................................................................48
Қорытынды..............................................................................................59-60
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................61-63

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жандос Аупбаев журналист.doc

— 537.50 Кб (Скачать документ)

 Жоғарыдағы бұл екі  шағын үзінді Жанболаттың «Қазақстан»  баспасынан жарық көрген «Ашылмаған  аралдар» кітабынан алынып отыр. Алғашқысы – «Он екі жасында  орден алған» очеркінен, ал екіншісі  «Сарыарқаның «Сетон-Томпсоны» деректі  әңгімесінен. Осынау екі туынды да көзі қарақты, ойы сергек талғампаз оқырманның есінде болса керек. Ұмытылуы мүмкін емес. Кімді болсын, бейжәй қалдырмай, елең еткізер тақырыптарынан-ақ ауызға алған бетте жаймашуақ көңілің бөлекше қанаттанып, керемет бір сезім күйіне бөленерің хақ.

 Кеңес дәуірінде оқулықтардан, газет-журналдардан суреті түспей, жанкешті еңбекқорлығымен дүйім  державаға үлгі болған қаршадай  қыз – бір күнде 102 килограмм  мақта терген «кішкентай стахановшы»  Мамлакат Нахангова өмірінен  сыр шертетін очерктің кілтінен  көп жайды аңғару қиын емес. Бірінші сөйлемнен-ақ аңыз-кейіпкердің түр-тұлғасынан, оның өнегелі ғұмыр белестерінен хабардар боласың. Екінші дүниеде қазіргі заманның қаһарманы – фермер Тілеуқабыл Есенбекұлы хақында әңгімелейді. Әрине, кешегі мал соңында салпаңдаған қарабайыр шаруа емес, азат елдің азат ойлы кәсіпкер-фермері, менеджер-инженері Қарағанды облысының шалғайдағы ауданында табыс көзін еселеп жүр. Қиян қыстауда құдды қаладағыдай күн кешуде.

 Қайран қалмасқа, таңдай  қақпасқа шараң жоқ. Өмірдің өзінен  ойып алған осындай кейіпкерлерді қаламгер Жанболат Аупбаев шарқ ұрып іздеумен келеді. Көкөрім балауса кезінде «Ленжаста» басталған іссапар байсал тартқан шағында да үзілген емес. «Егеменде» одан әрі жалғасуда. Оған айғақ – әлгінде назарларыңызға ұсынған штрих-үзінді. Зер салып үңілгенде ғана байқайтын жалғыз деректі қаперіңізге ескерте кеткенді жөн көрдім. Тілге тиек еткен екі дүниенің арасында бақандай жиырма үш жыл жатыр. Бірақ, көзге көрінбейтін құдіретті уақыттың демі сетінемей, әп-әдемі қалпында, сезімдерді шымырлатып, ғажайып әсерге шомылдырғандай. Бұл – қағылез қаламгер шеберлігі, бұл – қайратты қалам қуаты.

 Орайлы тұста «Ашылмаған  аралдардың» сүйегін құрайтын  туындыларды бұтарлап талдамай, желе-жортып шолғанды дұрыс санадым. Белгілі спорт журналисі Несіп Жүнісбайұлының тұңғышы Толқынды аялап ұстап отырған әйгілі ғарышкер Алексей Леонов («Жер – ғарыш жағалауы»), атақты қолөнер шебері Дәркембай Шоқпарұлы («Үндестік заңы»), ғарышқа тұңғыш рет жол салған Юрий Гагаринге сабақ берген ақмолалық ұстаз Ж.Ысқақов («Гагаринді оқытқан Жақыпбек»), әлемнің 65 елінде болып, «Киносаяхаттар клубын» жүргізуші жүрекжұтқан тележурналист-саяхатшы, есімі «Гиннесстің рекордтар кітабына» жазылған Ю.А.Сенкевич («Дүлей мұхит. Қамыс қайық. Адамдар»), сирек мамандық иесі Тыныбек Танин («Каскадер»), ионосфераны зерттеуші физик-ғалым Данабек Бименов («Антарктидаға барған»), «Комсомолец» сүңгуір қайығының 1-ші рангалы капитаны Талғат Бөріқұлақов («Біз білмейтін бейне»), тағдыр тәлкегін белден кешкен жазушы Кәмел Жүнісов («Диссидент»), т.б. деп соза беруге болар еді. Өйтпедік.

 Жанболат-журналистің, Жанболат-жазушының  авторлық айдары аясында қаламынан  туған тамаша туындылардың ұзын-ырғасы  үш-төрт томға жетерлік. Сүйікті  тақырыбына құлай ынтыққан оның  кейіпкерлері сан алуан мамандық  өкілдері. Сондықтан да оларды қаламгер өзінше жіктеп, өзінше тізіп жеке-жеке кітаптардың алтын арқауына талғап-таңдап іріктеуі тегін болмаса керек. «Ұлылардың ұрпақтары», «Біртуарлар» аталатын кере қарыс кітаптардан бәрі-бәрін ұшыратасың. Шетінен – таныс, шетінен – мәшһүр. Бұдан бұрын жүздескен бейнелер. Әр кітапты парақтаған сайын бір-біріне ұқсамайтын іс-әрекетімен, мінез-құлқымен, бітім-болмысымен қарсы алатыны және күмәнсіз. Олар — антрополог, орнитолог, генерал, альпинист, диктор, ақын, жазушы, футболист, суретші, актер, инженер, атбегі, фотограф, мұнайшы, жұмысшы… Бұлардың легіне атақтары жер жарған ұлылардың ұрпақтарын қосыңыз… Тұтастай бір кейіпкерлер көрмесін, образдар галереясын тамашаларыңыз даусыз.

 Сөзбен өрнектелген, сөзбен  сомдалған, сөзбен қашалған қаһармандардың тылсым сырына үңіліп, жұмбақ ғұмырына саяхат шегесің, яғни, қаламгер Әлиханұлының әлемін әр қырынан қызықтайсың. Ғажабы сол, әркім өз іздегенін табады. Мен оған бек сенімдімін.

 

***

 …Журналистика жүйрігі  Жанболат қолтаңбасына тән дара сипат оның сафари жолжазбалары мен сыр-сұхбаттарынан да «менмұндалап» тұрады. Қаламгердің өзіндік жазу мәнер-машығын әр туындының лүпілінен сезесің. Ең бастысы, сөз сапыруды жаны қаламайтын ол оқиғаны сағызша созбай, тақ-тұқ сөздермен жеткізуге ұмтылады. Қызықты танымдық деректерді молынан, әрі орнымен пайдалана отырып ежелгі қоңыр әуенінен жаңылмайды.

 Әрдайым ізденісте  жүретін публицист кейіпкеріне  қатысты көп жұрт біле бермейтін  елең еткізер дәйектерді, беймәлім  штрихтарды ұтымды қиюластырады. Әдетте, «сұхбаттар, интервьюлер, сапарнамалар оқылмайды, бірін-бірі шиырлап, қайталап жатады» деп безбенге салатынымыз бар. Жоқ! Олай айту – ұшқарылық. Тек бәрі де жазушының шеберлігіне, ұсталығына, қарымдылығына байланысты.

 Ендеше, Жанболаттың «Азияның  айдары», «Құбылаға қара», «Қаһан еліндегі қазақтар», «Жер түбіндегі ел», «Бір қиырдан… Бір қиыр!» тәрізді сафари хикаяларын қайталап оқыңыз. Өкінбейсіз. Ал заманымыздың ұлы ақыны Олжас Сүлейменовпен сұхбат-әңгімесі осы жанрдың бәсіресін асырып, бағын жандырып, көсегесін көгертудің озық үлгісіндей көрінеді. Төмендегі үзік-деталь сұхбаттың беташарынан алынып отыр. Ықыласыңызды еріксіз аударары даусыз. Кезінде назарыңыздан қалыс қалса, іздеп тауып алыңыз…

 «Ол өмірге келгенде  дүние дүбірлі оқиғаларға толы  еді. Қалай дейсіз ғой? Бұл кезде алыстағы Абиссиния жері от-жалынға оранып, Мадридте алапат шайқас басталған болатын. Ұшқыш Валерий Чкалов әлем тарихында тұңғыш рет Солтүстік полюс арқылы Мәскеу – Портленд (АҚШ) аралығын қонбастан ұшып өтуге әзірленіп жатты. Ал, автономия атауынан арылған, сөйтіп, одақтас республикалар қатарына жаңа ғана қосылған Қазақстанның өнер шеберлері болса бұл уақытта Үлкен театрдағы өздерінің алғашқы онкүндігін сәтті өткізіп, елге табыспен оралған еді. Осымен бір мезетте… иә, осымен бір мезетте жазықсыз жазалау – репрессияның қара құйыны біздің республикамызға да үйіріліп кеп қалған болатын.

 – Кейін барша жұрт  «замана трагедиясы» деп атап  кеткен 37-ші жылғы нәубет басталғанда  мен бір жасқа жаңа ғана  толған сәби екенмін, – деді  Олжас аға Медеу іргесіндегі үкінің ұясындай дача терезесінен қылаулай жауған қарға көз тастаған күйі ойлана тіл қатып. – Есейе келе білдім, оның ызғары біздің отбасымызды да қарып өтіпті. Олай дейтінім – туған әкем, әскери қызметкер Омар Сүлейменовтың сол зобалаңда халық жауы атанып, атылып кеткендігі. Анам Фатиманың айтуынша, ол кісі республикамыздағы тұңғыш құрылған қазақ атты әскер полкінің офицері болған. Еске түсірейік, Сталин 37-ші жылғы нәубетті ойластырғанда бұл бағыттағы «ұйымдастыру жұмысын» ең алдымен барлық жердегі ұлттық әскери бөлімдерді таратудан бастады емес пе? Сөйтіп, олардағы басшы командирлер құрамын атып-асып, лагерьлерге айдауға жібергені мәлім. Менің әкем, міне, осы кезеңнің құрбаны. Ол сол кезде ұсталып, хабарсыз кетті. Рас, кейін тарихшы Лев Николаевич Гумилев маған өзінің репрессия жылдарындағы көрген азабын сөз ете келіп, түрмеде Омар Сүлейменов деген адаммен жылға жуық уақыт бірге жатқанын, сөзіне, сырт келбетіндегі ұқсастықтарға қарағанда ол кісінің менің әкем екенін айтып сендіргені бар. Бұдан басқа ешқандай дерек жоқ.

 Ақын аға осы сөздерді  айтты да ауыр күрсінді. Күрсінетін  жөні бар. Неге десеңіз, әңгімеміз  жоғарыдағыдай көңілсіз, қиын жайтты  еске алудан басталып кетті  емес пе? Оның үстіне бұл күні  Алматының ауа райы да онша  оңып тұрған жоқ болатын. Астана аспаны біртүрлі тұнжыраңқы, тұмандатқан күйде еді».

 …Шымыр штрих. Көп  жайдан сыр шертіп тұр. Артық-ауыс  ештеңе айта алмайсыз. Бір Алланың  алқауымен алапат сұрапылдан  аман қалған үлкен ақынның  тағдыры, ғұмыр белестері кімді  болсын қызықтырары сөзсіз. Ал асылдың сынығы, тектінің тұяғы, есімі орбитаға шығып кеткен аңыз-адаммен емен-жарқын тілдесіп, әңгіме өрбіту үшін де қаламгерлік батылдық, биік өре керек-ау.

 

***

 – Жанболат фамилиясын  неге өзгертті?

 Қаламдас ағайындармен  кездескенде осы сауал үнемі алдымнан шығып жүрді.

 Әрқайсысына жеке-жеке  қалай түсіндіресің. Реті келді. Айтайын. Оқиға былай болған еді.

 …Жылашар нөмірде (2001 ж.) Жанболаттың «Ашылмаған аралдар»  аталатын төл айдарымен «Диссидент»  очеркі шығып бара жатқан-ды. Ол  өзінің материалына тұңғыш рет мынадай подпись қойған – Жанболат Әлиханұлы (Аупбаев). Әдеттегідей кешкісін мерекелік газеттің әзірленген ең соңғы беттерін жалбыратып апарып Бас редактордың заңғарадай бөлмесіндегі дөңгелек үлкен үстелге жайып тастап, редактораттың мүшелері шұқшиып қарай бастаған. «Егемен Қазақстанға» жаңадан басшы боп келген Сауытбек Абдрахманов әр бетке ықтияттап жанар жүгіртіп, келесі бетке үңілген күйі:

 – Жәке, ендігі жерде  подписіңізді осылай жазасыз  ба? Жақшадағы фамилия қашанға  дейін тұрмақ, – деді жымиып.

 – Бұдан былай аты-жөнімді  өстіп жазбақшымын, Сәке. Жаңа төлқұжат  алдым. Атамның аруағы риза шығар  маған. Ендігі жерде дүниелеріме  өз әкемнің атын қоямын. Наурызға  дейін оқырманның көзі үйренсін, сосын жақшадағы фамилияны алып  тастаймын ғой.

 Жанболаттың мына сөзінен кейін ештеңеге зер сала қоймаған редактораттың өзге мүшелері де жақшадағы фамилияға тесіле түскен еді. Қаламдас достың өмірбаянына қатысты осынау беймәлім жайт біраз сырдың ұшығын жеткізгендей. Ашылмаған аралдардай көрінер сұрапыл оқиғаның сызын сездіреді. Зерде қоңырауын қағып жіберсең, 28 бен 37-ші жылғы зобалаң құрсауына түсіп, тағдыр тәлкегін кешкен әулеттің, Әлихан әкенің қилы-қилы өткелекті ғұмыр белестерінен әңгіме өрбітіп қоя беретіндей…

 Міне, содан бері де  бір мүшел айналыпты-ау!? Сөйтсе де, оқырман қауым сүйікті қаламгерін тек «Аупбаев» тұлғасында көргісі келетін тәрізді.

 

***

 Қадірлі оқырман, белгілі  журналист жайындағы жазбамыздың  жанрын эскиздер атауымыздың  жөні бар. Жанболат та ет пен  сүйектен жаратылған. Ол туралы  көсіліп, ашылып, ағылып қалам тербеудің сәті мен мүмкіндігі әлі алда.

 Біз бүгін қырық  жылдан бері қоян-қолтық, тонның  ішкі бауындай қатар келе жатқан  әріптес хақындағы әңгіменің  кейбір нобайларын ғана назарларыңызға  ұсындық. Оның қарапайым адами  қасиеттері, үлкен ұжым мүшелерімен өзара қарым-қатынасы, шығармашылық ізденіс-жетістіктерімен бірге, күнделікті газет жасаудағы ешкімге ұқсамайтын жетекшілік, тізгін ұстар басшылық қарым-қабілеттері, іс-әрекеттері, жеке ой-пікірлері төңірегіндегі сөз бөлек.

 

***

 …Кейіпкеріміз жөніндегі деректерді түйіп-түйіп жеткізсек. Ол – Баубек Бұлқышев атындағы журналистік сыйлықтың лауреаты. Ол – Қазақстан Жазушылар одағының халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері. Ол – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

 

Жанат ЕЛШІБЕК,

 жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты.

 Астана.    «Ана  тілі»    2012 жыл, 26 сәуір 

 

АҚ ПАРАҚ

(Эссе)

Басқа біреу емес, талай жылдан бері әйгілі «Комсомольская правданың» құтына айналған табиғат тамыршысы Василий Песковтің өзі бірде оған былай депті:

 — Сен өзің жап-жас жігіт екенсің. Мына ақ парақ секілдісің. Өмірің жаңа ғана басталды. Көп болса, журналистік өмірбаяныңа бір-екі ақ сөйлем ғана жазылған шығар. Қалғанының бәрі аппақ. Сондықтан сен өзің белгілі бір тақырып тауып ал. Әйтпесе, бәрі бекер…

 

* * *

 Бұл Мәскеудің төріндегі  жастар журналистикасының шынайы  шеберханасы «Комсомольская правданың»  шаңырағында, жазу өнерінің майталманы  Песковтің бөлмесінде болған  әңгіме. Сол кездегі Одақ астанасына  тәжірибе жинақтауға барған жас  журналист табиғаттың тілін білетін, төрткүл дүниеге танымал аға буын әріптесін іздеп күнде келеді. Ол кісі редакцияда көп отырмайтын көрінеді. Жолқапшығын арқалап, фотоаппаратын мойнына іліп, дүниенің қойны-қонышын шарлайды да жүреді екен. Қос ат мініп қусаң да ұстай алмайсың. Бір күні ол кезекті сапардан келеді. Атағы жер жарғанымен қарапайым адам екені байқалады. Шынында да журналистиканың жампозы ешқашан мақаласының соңына Лениндік сыйлықтың лауреаты екенін көрсетпейтін. Тіпті аты-жөнін де толық жазбай, «В.Песков» деп қана қысқа қайырып, қол қоятын. Василий Михайлович өзін іздеп, сонау қазақ жұртынан келіп отырған қағілез қара жігітке ризашылық білдіреді. Сөйтеді де әңгімеге тартады.

 — Иә, жарқыным! Немен  шұғылданып жүрсің өзі? Айтшы  маған?

 — Жазып жүрмін…

 — Ал не жазасың  сонда?

 — Не жазайын… Тапсырма береді. Зырылдап заводқа кетем. Шапқылап шаруашылыққа аттанам. Барып келемін де бұрқыратып жазам, — дейді бұл.

 — Сен олай істеме, — депті сонда әйгілі әріптесі  жас журналистке, — Ондай науқандық  тапсырмаларды сол қолыңмен сүйкей  сал. Ал өзіңнің рухани діңгегіңе айналатын дүниелеріңді оң қолыңмен жаз. Сонда үш-төрт жыл өткен соң артыңда із қалады. Жазғаның ертең кітап болып шығады. Ал қар тоқтату, мал төлдету, қора-қопсыны жөндеу туралы жаздың делік. Мұның бәрінен ешқандай белгі қалмайды. Оны ертең парақтайсың да терең бір күрсінесің. Сондықтан тосын тақырыптың соңына түс. Нәтижесі жаман болмайды. Сөйт, көгершінім!

 

 Талайға арман болған  «Комсомольская правданың» шаңырағында  отырып, Песковпен пікірлесіп қайтқан  жиырма алты жастағы Жанболат  Аупбаев келген соң талап тұлпарына қамшыны басты дейсің. Бұл кезде оның «Лениншіл жастың» қабырғасында жүргеніне үш жыл болып еді. Бір тақырыпқа бейімделу орыс журналистерінің дәстүрінде қашаннан бар үрдіс. Ылғи науқандық шаруалардан көз ашпайтын жастар газетінің қызметкерлері соларға қатты қызығатын. «Шіркін-ай, біз де осылай жазсақ қой»,– деп армандайтын. Ол тұста қазақ баспасөзіндегілердің ішінде бір тақырыпты қаузағаны некен-саяқ. Сейдахмет Бердіқұлов жас күнінен спорт тақырыбын серік етті. Ақселеу Сейдімбек этнографиялық тақырыпқа бойлады. Олардың соңын ала журналистикаға ат қосқан Жарылқап Бейсенбайұлы сурет өнері туралы қалам тербеп, газеттің «Аққу» эстетикалық клубын жүргізді. Кейін жолқапшығын арқалап, Шоқан ғұмыр кешкен, ұлы ғалымның ізі қалған мекендерді бетке алып, саяхатқа шықты. Аға буынның ішінен белгілі бір тақырыпқа маманданған осы үшеуінің ғана аты ауызға ілінетін еді.

 Содан кейіпкеріміз  Песковтың «Таңғы шық» деп  аталатын кітабына жазып берген  қолтаңбасына қарап отырып, ойға  берілді. Тыңнан жол іздеді. Ақыры, жеке творчествосының кілтін тапты. Тағдыры ерек, мінез-құлқы бөлек, айрықша адамдар Аупбаев шығармашылығының алтын арқауына айналды. Елді елең еткізген, талайды таңғалдырған, бұрын беймәлім болып келген қазақтар жайында құлшына қалам сілтеді. Әлем құлақ түрген оқиғалардың өз жұртына қатысты қалтарыс тұстарын қазбалады, тосын құбылыстардың қыр-сырын ашуға ұмтылды. Жер жаһанды қанға бөктірген сұрапыл соғыс тарихындағы ақтаңдақтарды іздеп тапты. Бұл жағынан ол қазақ журналистикасына «Комсомольская правданың» үлгісін әкелді. Бірақ жазған дүниесінің бәрінің өн бойында ұлттық ұстын айқын аңғарылып тұрды. Журналистикада жаңа жол тапқан Жанболат Аупбаев әр мақаласы арқылы елді селт еткізетін жаңалық ұсынып, қалың Қазақ елінен сүйінші сұрап отырды. Оның әрбір жарияланымы келесі мақаласына жарнама болды. Сол кездің жастары Жанболаттың жазғандарын жата-жастанып оқыды. Сөйтіп, ол жаңа басталған журналистік өмірінің ақ парағын өзгеше өрнектеп толтыра бастады.

Информация о работе Ж Аупбаев - журналист, публицист