Ж Аупбаев - журналист, публицист

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 11:03, дипломная работа

Краткое описание

Осы мақсатқа сай диплом жұмысының алдына мынадай негізгі міндеттерді шешу мәселелері қойылды:
- Жанболат Ауытбаевның журналистикаға келіп, баспасөз ісіне араласуына, публицист ретінде қалыптасуына әсер еткен қоғамдық-саяси, әлеуметтік-тарихи факторларды анықтау;
- Жанболат Ауытбаевның журналистік қызметінің хронологиялық кезеңдерін саралап, қазақ баспасөзінің дамуына қосқан үлесіне баға беру;
- қаламгер публицистикасының қоғамдық-саяси салмағы мен идеясын, тақырыптық сипатын қазіргі заман шындығымен байланыстыра, сабақтастыра талдау;
- журналистің публицистикалық шығармаларының қоғамдық-саяси мәні өткір, мейлінше өзекті екенін бүгінгі заманның талап-талғамы тұрғысынан бағалап, дәлелдеу;
- Жанболат Ауытбаевның публицистикалық еңбектерінің басты сипатын, басқа публицистерден дараланатын негізгі ерекшеліктерін айқындау;
- публицист шығармаларының жанрлық әр алуандылығын, стильдік, тілдік ерекшелігі мен образ жасаудағы журналистік әдіс-тәсілдерді қолдану шеберлігін саралау;
- журналистің көркем-публицистикалық очерктерінің әдеби, публицистикалық тіл кестесіне талдау жүргізу;

Содержание

Кіріспе........................................................................................................3-6
1 Ж. Ауытбаевтың журналистік ғұмырбаяны..............................................7-31
1.1 Журналисттік қызметтегі алғашқы қаламгерлік ізденістер.........................7
1.2 Облыстық, республикалық басылымдардағы публицистикаларының проблематикасы.....................................................................................................15
1.3 Қазақ баспасөзін өркендетудегі публистистикалық еңбектерінің мәні....................................................................................................23
2 . Ж. Ауытбаевтың журналистикасы......................................................32-58
2.1 Қаламгер журналистикасының тақырып ауқымы, мазмұн тереңдігі..................................................................................................................32
2.2 Ж. Ауытбаев көсемсөздерінің жанрлық түр алуандығы, стильдік айшықтары.............................................................................................................40
2.3 тілши сухбаттары мен мақалаларындағы әдеби-көркем, публицистикалық тіл кестесінің ерекшеліктері......................................................................48
Қорытынды..............................................................................................59-60
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................61-63

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жандос Аупбаев журналист.doc

— 537.50 Кб (Скачать документ)

Мен де жарты жыл жүріп екі-үш материалымды әзер шығарғанмын. Сол кезде «Комсомол прожекторы» деген бар еді. Солардың жұмысы туралы жазған мақалам «Рейд идеядан басталады» деп аталатын. Қалған мақалалардың тақырыбы есімде жоқ. Жәкең бір күні маған да оң қабағымен қарады. Тапсырма берді. Қалай жазу керектігін де тәптіштеп түсіндірді. Өзім де көп іздендім. Қапшағай қаласындағы «қиын балалар» туралы жазуға бел байлаған мен қалалық комсомол комитеті жанындағы ОКД (оперативті комсомол дружинасы) мүшелерімен бірге жүріп, талай «қиын балалармен» пәтерлеріне барып сөйлестім. Нәтижесінде жаман материал шыққан жоқ. Қонжитып тақырыбын да қойдым: «Бәрі бесік жырынан басталады». Алып-ұшып Жанболатқа апардым. Бастан-аяқ оқып шықты. Өзінің «коренное движениесін» жасады: бас бармағы мен сұқ саусағын сондай бір нәзіктікпен қасының қақ ортасына апарып қондырды.

– Жақсы екен, – деді. – Бірақ сенің заголовкаларыңның бәрі «басталадымен» бітеді екен, – деп күліп қойды. Мен де амалсыз қосыла жымидым. Шынымды айтсам, жарты жыл бұрын шығып кеткен материалымның «Рейд идеядан басталады» деп аталғанын ұмытып қалсам керек. Ал ол Жәкеңнің есінен шықпаған. «Комсомол тұрмысы» сияқты ең жетекші бөлімді басқаратын жинақы жігіт жадының сақтау қабілетіне риза болдым.

– Сен Аграновскийді білесің бе? – деді ол аяқ астынан сұрақ қойып.

– Қай Аграновский? Ағасы ма, інісі ме? – дедім бірдеңеден хабарым барын білдіріп.

Жәкеңнің жауабыма қуанып қалғанын байқап тұрмын.

– Анатолий «Известияда» ғой. Бізге жақыны – «Комсомолкадағы» Валерий. Соны айтып тұрмын, – деп тағы да «коренное движениесін» жасады. – Сол Валерий Аграновскийдің «қиын балалар» туралы жазған әлеуметтік-педагогикалық повесі «Остановите Малахова!» деп аталады. Сенің материалыңда да Малахов деген бала жүр екен, мақалаңның бас жағына шағын аннотация жазып жіберіп, «Малаховты тоқтатыңдар! немесе бәрі бесік жырынан басталады» деп қойсақ, қалай қарайсың?

– Тәжірибе тақырып қоюдан басталады! – деп қалжыңдауға батылым барғаны әлі есімде.

Жанболат аға да сөзден тосылған ба?

– Ендеше, сенің де журналистік жолың осы мақалаңнан басталады! – деген ол сол күнгі «басталады» сөзіне құрылған қалжыңымызға нүкте қойды.

Менен төрт-бес жас қана үлкендігі бар, бірақ сол сексенінші жылдардың өзінде мол тәжірибе жинақтап үлгерген Жәкең «өте кеш жетілген» маған осылайша мандатты да демократиялық түрде тапсырғаны ешқашан ұмытылмайды. «Алмақтың да салмағы бар» демекші, келешекте оның көңілінен шығатын журналист болу үшін мен бұрынғыдан бетер іздене түсуді әдетке айналдырдым. Өйткені, мандат берушінің сенімін басқаша ақтау мүмкін еместігін анық түсіндім.

 

 

5. Көркем журналистикадағы  көшелі кісі немесе тұрақтылық бекеті

 

«Жақсы кітап – жан азығы». Газет те сондай. Социализм кезінде біздің ұстазымыз Әбілфайыз Ыдырысов айтушы еді: «Правда» газетін бес жыл оқыған адам университет бітіргенмен бірдей», деп. Жаны бар сөз. Жетпісінші жылдары зиялы қауым «ЛГ» мен «Қазақ әдебиетін» оқып, үлкендер «Правда» мен «СҚ»-ны оқып, жастар «Лениншіл жас» пен «КП»-ны оқып, білімін де жетілдіретінін, рухани шөлін де қандыратынын әлі ұмыта қойған жоқпыз. Әсіресе, қазір «Лениншіл жасты» қатты сағынамын. Оралхан Бөкеев қызмет істеген жылдардан бастап Жанболат Аупбаев «Қазақстан коммунисі» журналына ауысып кеткен тұсқа дейінгі кезеңді.

Сіресіп тұрған социализм заманында «ЛЖ» қазақ журналистикасын түрен түспеген тың жолға салғаны көп адамның есінде. Газет контентіне реформаторлық сілкініс енгізген Шер-ағаңның жолын осы басылым пішініне серпін әкелген Сейдахмет аға әрі қарай дөңгелетіп әкеткен жетпісінші жылдары «Лениншіл жас» алабөтен «көзайым модельмен» (модель ожидания) жарыққа шыға бастады. «Трафареттік журналистиканы» ауыстырған жаңа журналистика өмірге осылай келген. Оны көркем журналистика деп атаса да жарасып кетеді. Жанболат сол көркем журналистиканың алдымен қара қазанында қайнап өсті. Сонан соң лиризм мен психологизм және драматизм элементтері үйлесім тапқан сол көркем журналистиканың көрігін қыздырды. Осы күні ол сол керемет колориттің жұрнағы да қалмауға айналып бара жатқан көркем журналистиканы қызғыштай қорып жүр. Дәлел мынау: «Егемен Қазақстанға» келген бетте «Етжеңді «Егеменді» шығаруды қолға алған Жанболат талай авторлардың ел қызығып оқитын жүздеген мақалаларының дүниеге келуіне мұрындық болды. Айына бір рет шығатын «Етжеңді «Егеменді» елегізе күтіп жүретін ел көп. Осыдан кейін Жәкеңді көркем журналистикадағы көшелі кісіге теңемей көр!

Жанболат таланты – басқаға ұқсамайтын ерекше талант. Оны тұрақтылық таланты деген жөн болар. Кейіпкеріміздің тұла бойы тұнып тұрған – тұрақтылық. Сол алғашқы күні көрген Жанболат әлі сол Жанболат. Одан бері 35 жыл өтті. Ол мінезіне де тұрақты. Шығармашылығына да сатқындық жасаған емес. Сол баяғы креативтік кредосынан айнымай келеді. Қоңыр қалпынан бір танып көрген жоқ. Асықпай жүріп мақаласын жазады. Ешкіммен таласпай-тармаспай кезегін тосып кітабын шығарады. Таңғы тоғыздан түнгі он екіге дейін редакцияда жан беріп, жан алып жұмыс істейді. Үйіне тек ұйықтауға барады. Бұл – қызыл сөз емес. Ол – Жанболаттың күнделікті өміріндегі реалий. Жұмыстан жаны киналмайтын адам көрсем, осы Жәкең болар. Көп журналистің еңбектен ләззат алатынын көз көріп, құлақ естіп-ақ жүр. Бірақ шектен астам нәрсенің рахаты бола қоюы да екіталай-ау. Дегенмен, Жанболат шектен асқан жұмыстан да көңілін демдеп жүретін секілді. Бұл да – кейіпкеріміз өміріндегі жағымды парадокстардың бірі. Ол үшін ең басты нәрсе – ұшталу, ұшталу және ұштала түсу. Өмірін осы девизге арнаған адам ғана еңбектен рахат табатынына осыдан кейін ғана сене бастайсың. Мұның бәрін біреуден жақсы сөз есту үшін жасамайтынын да үнемі байқаймын. Оның сүйегіне сіңген қасиетті мақтап та береке таппайсың. «Сен мықтысың» дегенді естіген адамның одан кейін өнімді еңбек етуі екіталай екенін ол санасына мықтап түйген. Мақтағаныңа иланбайтыны да сондықтан болар деп топшылаймын. Осы киелі қасиет көбіміздің бойымыздан табыла бермейтіні ойға оралғанда, Жанболаттың қадірі бұрынғыдан да арта түседі.

 

 

1.2 Ж. Ауытбаевтың Облыстық, республикалық басылымдардағы публицистикаларының проблематикасы

 

 

 

 

1.3 Қазақ баспасөзін өркендетудегі  публистистикалық еңбектерінің  мәні

 

    «Құлынынан қолда  өскен тұлпардың тай аты қалмайды»  деген бір қазақы қағида бар. Бәлкім, өкшемізді басып, өкпемізді қысып, өнер бәйгесіне іркес-тіркес түскен кейінгі толқын інілерді баяғыдай бала көретініміз де содан болар. Бірақ жас өспей, жалын үдемей тұра ма, шабыты шалымды, қаламы қарымды сол талапкерлердің біразы бүгінде өзімізбен үзеңгі қағыстырып, кейбірі бір мойын озық келе жатыр. Әйткенмен, бәйге болған соң дүбірге елікпей, додаға қызбай қоясың ба, сен де талап тұлпарына қамшы көміп, қалың шоғырдан қалмауға тырысасың. Дүбіріне еліктіріп дүрмектен қалдырмай келе жатқан сондай қуатты толқын қаламдас інілердің бірі бүгінгі белгілі қаламгер қатарына қосылып қалған журналист-жазушы Жанболат Аупбаев дер едім.  Көсемсөз бен көркемсөздің тізгінін тең ұстап, өнікті де жемісті еңбек етіп келе жатқан осынау әріптесім туралы толғансам, шабайын деп тұрған пырағының жалынан сипап, жанайын деп тұрған шырағына тамыздық тастаған аға ретінде ойыма бір болмашы оқиға оралады.

     Жадым жаңсақ  бастырмаса, алпысыншы жылдардың  аяғы болуы керек.  Онда мен  астаналық облыстық қазақ газетінде  редактордың орынбасары едім. Газеттің күнделікті күйбеңімен үйге уақытында бару қайда, бет қарасып, баспаханамен байланысып, мақала өңдеп отырып қаласың. Бірде кешкісін бөз бір мақаланы үстінен өңдеп, шимай-шатпағы көбейіп кеткен соң, қалғанын машинкаға айтып ширатып шықсам, дәлізде есіктердің сыртын сүзе қарап, тостаған көз талдырмаш бір қара бала жүр.

- Жұмыс күні аяқталды  ғой, кештетіп кімді іздеп жүрсің, балақан?

- Мен бе, мен ту сонау  Нарынқолдан оқуға түскелі келіп  едім.  Журналистикаға жолдамасыз  қабылдамайды екен, газеттен мінездеме керек деп құжаттарымды қайтарып тастады,- деп бала асығып-аптығып мән-жайын баяндай бастады.

- Ә, олай болса  бері  жүр,- деп кабинетке ертіп ала  кірдім.

- Бізде жарияланған бірдеңелерің  бар ма еді?

- Төрт-бес дүнием шыққан  тәрізді.

«Кәне, көрелік!» деп алдымдағы газет тігіндісін ақтарып, суреттеме секілді екі-үш нәрсесін тауып шолып шықтым да:

- Аудандық газетке жазбаушы  ма ең, мінездемені содан неғып  алмағансың? – деп сұрадым.

- Мінездемені беріп еді, мөр басылмапты деп қайтарды. Онда өлеңдерімде жарияланған,- деп ол күйшіге тән сүйрік саусақтары дірілдеп қойнынан газет қиындыларын шығарды. Қолынан бір қиындыны алып көз жүгірткенімде:

«Сай-сала, сағым басқан қыр төбені,

Заңғардан далаға күн нұр төгеді.

Қоңылтақ  қоңыр желі табиғаттың

Қаңғып кеп жусандарға сүйкенеді.» - деген жолдарды оқып бүйрегім бүл ете қалды. «Қаңғып кеп жусандарға сүйкенетін жел»  шынында да қаламының желі бар, өзіндік өрнек салуға бейім талапкерден туатын тіркес. Дереу машбюроға бастырып әкеп, баланың қолына ұстатып сәт-сапар тілеп шығарып салдым.

        Сонымен, сол бозбаланы қайтып көргенім  жоқ. Оқуға түскен-түспегенін де  білмедім. Оны ежіктеп сұрастырып  жатуға мұрша қайда. Қырықтың  бірі қызыр шығар деп, жағдайын  айтып, жолдама сұрап келгендердің  бетін қайтармай талайына мінездеме беріп тілектестік білдіргенмін. Кейін көбінің аты-жөні есімнен тарыс шығып та кетті. Ал мына жігіт араға төрт-бес жыл салып жастар газетінің бетінен жарқ еткенде, «Е,  сондағы сөз бастарда алдымен жымиып күліп алатын ұяң мінезді ұялшақ қара бала екен ғой», деп бірден-ақ  сол екенін біле қойдым. Сұрастырып көрсем, осы өзіміздің университетті ойдағыдай бітіріп «Лениншіл жасқа» ( қазіргі «Жас Алаш») қызметке кіріпті. Жарайды, жастар газеті деген жүрегінің оты бар жаза білер жанның ұшар қанаты, ұшталар қаламы үшін үлкен мектеп қой. Белгілі бір шеңберден шығармай, қиялыңды арқандап, құлашыңды жайғызбай қоятын ресми басылымдардай емес, мүмкіндігі мол.

         «Қар қылаулап тұр» деген тырнақ  алды очерктен басталған Жанболаттың  апыл-тапыл қадамы бірте-бірте  батылданып, тапырақтаған  қаламы бірте-бірте төселіп, өзіндік қолтаңба танытуға бой ұрды.  Тың тақырып көтеріп, өзіндік өрнек салуға, соны сөз айтуға талпынды. Қазақ журналистикасы ат-тонын ала-қашып бірер сәтті дүние көрінісі, көзге ілмей жүрген табиғат тақырыбын қозғап, әдемі этюдтер, әрлі суреттемелер жазды. Кейін онысы «Жанарымда – туған жер» деген атпен жеке кітап болып шықты.

     «Шөп те  өлең, шөңге де өлең»  деп жанарына  іліккенді жаза бермей, тақырыпты  таңдап, талғап қозғайтын ол жеке  адамдар жайындағы очерктеріне кейіпкер етіп кілең бір сирек мамандықтың иелерін алды.  Мәселен, «Мынау ғажап дүние» деген кітабының түндігін көтеріп тұрған кейіпкерлеріне көз салалықшы – шетінен ілуде бір ұшырасатын мамандық меңгерген адамдар. Қазақ бұрын заты тұрсын, атын сирек естіген мамнадар – антрополог, яғни адамның бас сүйегі арқылы бейнесін жасап беретін Ноель Шаяхметов, әлемдегі ең биік Эверест заңғарына алғаш шыққан қазақ альпинисі Қазыбек Уәлиев . Антарктикаға барып қайтқан ғалым-физик Данабек Бименов, халықтың зергерлік өнерін қайта жандандырушы хас шебер Дәркенбай Шоқпарұлы, құстар әлемін зерттеуші орнитолог Ернар Әуезов және басқалар.

         Рас, редакция тапсырмасымен кейде  журналистің көңілі қаламайтын  тақырыпқа да қалам тартуына  тура келеді. Сонда да қаламына адал, талғамына мұқият қаламгер өз соқпағын салып, бұрынғы тақырыбын жалғастырар жаңалық тауып жүреді. Жанболат та дүние жүзі жастарының Мәскеуде өткен ХII фестиваліне барып, өнердің сан түрін байытқан әлемнің жас саңлақтары жайында мөлтек сыр сияқты миниатюралар, ылғи бір ықшам суреттеме-репортаждар жазып, оларды кейін жеке кітап етіп шығара қойды.  Газеттің өзі бір күндік болғанымен, сөзі мың күндік екендігін ескерсек, деректі дүние ешқашан далада қалмаса керек. Тарихымызға үңілер адам түбі оларды бір ақтармай қоймайтыны ақиқат.

    Сөйтіп, сырттай  қадамын аңдап, қаламын барлап  жүрген жігітім бір күні ойда-жоқта  келіп тұр. Онда мен « Социалистік  Қазақстанда» қазіргі «Егемен  Қазақстанда»  бас редактордың  бірінші орынбасары болатынмын. Баяғы талдырмаш қара бала бүгінде байсал тартқан жігіт ағасы, қайратты қара шашын оңға қайырып әп-әдемі ғып мұрт қойыпты. Екеуі де ашаң жүзіне жарасып тұр. Баяғы биязы ұяң қалпынан арылмаған тәрізді. Бір жақ езуінен жымиып алды да:

    - Аға, баяғыда  өзіңіздің жолдамаңызбен университетке түсіп едім, соны ырым етіп енді Жазушылар одағына өтуге  жолдама сұрағалы отырмын, - деп төрт кітабын алдым қойды.-Кейбіреуін  көрген де шығарсыз. Сонда да өзім қолымнан бергелі келдім.

      - Иә, «Қазақстан  коммунисіне»  бөлім бастығы болып  келді дейді. Жаңа  қызмет құтты  болсын. Кәкең ұжымын жасартуға  кіріскен ғой шамасы Болат  Бабақовты да алыпты...

Жанболаттың жақсы көретін және жете игеріп, жаңа өрістерге шығарып жүрген жанры – сұхбат. Кәдімгі кейіпкермен кең отырып кеңесу. Ашық-жарқын, бүкпесіз сырласу. Әдетте мұны мерзімдік басылымның бүгіннің төтен тақырыбын ашуға арналған ғұмыры қысқа бір күндік өтпелі айдары деп топшылаушылар бар. Бірақ ол таңдап алған тақырыпқа, сұхбаттасар адамының ой-өрісіне, әңгімеге ұйтқы болар автордың тапқырлығына байланысты. Кілтін тауып әңгімені өрбіте білсең бір сұхбатпен бірқыдыру мәселе қамтуға болады. Кейіпкерінің жүрегіне  жол тауып, ішкі пікірінің пердесін дөп басып,  бүгінгінің ғана емес, бұрынғының да шежіресінен сыр тарқата алсаң, сұхбат тарихи очерк деңгейіне көтеріліп, деректі дүниеге айналады. Жанболаттың жазушы Шерхан Мұртазамен, сәулетші Шота Уалихановпен, ақын Олжас Сүлейменовпен сұхбатқа құрылған сырласу орайындағы эссе-очерктері осындай дүниелер.

       Жанболаттың  және бір жақсы қасиеті ұстанған  принципінен, алған бағытынан танбайтын  табжылмас табандылығы. Белгілі  қайраткер жайында жұрттың пікірі  заманына қарай құбылып, сан-саққа  жүгіріп жатса да , бұл өз ойынан  айнымайды. Қайта сондай кезде сырласып, әр қырынан көруге бой ұрады. Мысалға Әбіш Кекілбаевты алайықшы. Жоғарғы Кеңестің Төрағасы болып жүргенде оған жалпақтағыштар жыртылып-айырылды. Ал Парламент тарап, орнынан ол түскен кезде көп жұрт одан сырт айналған және белгілі. Дәл осы тұста Жанболат оны таудағы үйіне іздеп барып,  тағылымды дүние жазды. Сол сияқты заманның жаман кезінде жалындап, ойындағысын айтып сап жүрген арынды ақын Олжас жариялықтың  жақсы кезінде кертартпа, халықтың қамын ойламайтын өзімшіл болып шыға келді-міс. Баспасөз одан ат-тонын ала қашып, журналистер жуымай жүргенде, бұл барып «Олжас» атты ойлы очерк жазды. Оның ақынның «37-нің» зұлматында қайғлы қазаға ұшыраған әкесі туралы дерек сөзінен басталып, сыртта күн жамылшын болып жаңбыр жауып тұруы, жазықсыз жапа шегіп әріптестерінен қисынсыз сөз естіген ақынның жиі-жиі күрсінуі бірден-ақ шығарманың бояуын қалыңдатып оқиғаға шым батырып жібереді.

Информация о работе Ж Аупбаев - журналист, публицист