Ж Аупбаев - журналист, публицист

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 11:03, дипломная работа

Краткое описание

Осы мақсатқа сай диплом жұмысының алдына мынадай негізгі міндеттерді шешу мәселелері қойылды:
- Жанболат Ауытбаевның журналистикаға келіп, баспасөз ісіне араласуына, публицист ретінде қалыптасуына әсер еткен қоғамдық-саяси, әлеуметтік-тарихи факторларды анықтау;
- Жанболат Ауытбаевның журналистік қызметінің хронологиялық кезеңдерін саралап, қазақ баспасөзінің дамуына қосқан үлесіне баға беру;
- қаламгер публицистикасының қоғамдық-саяси салмағы мен идеясын, тақырыптық сипатын қазіргі заман шындығымен байланыстыра, сабақтастыра талдау;
- журналистің публицистикалық шығармаларының қоғамдық-саяси мәні өткір, мейлінше өзекті екенін бүгінгі заманның талап-талғамы тұрғысынан бағалап, дәлелдеу;
- Жанболат Ауытбаевның публицистикалық еңбектерінің басты сипатын, басқа публицистерден дараланатын негізгі ерекшеліктерін айқындау;
- публицист шығармаларының жанрлық әр алуандылығын, стильдік, тілдік ерекшелігі мен образ жасаудағы журналистік әдіс-тәсілдерді қолдану шеберлігін саралау;
- журналистің көркем-публицистикалық очерктерінің әдеби, публицистикалық тіл кестесіне талдау жүргізу;

Содержание

Кіріспе........................................................................................................3-6
1 Ж. Ауытбаевтың журналистік ғұмырбаяны..............................................7-31
1.1 Журналисттік қызметтегі алғашқы қаламгерлік ізденістер.........................7
1.2 Облыстық, республикалық басылымдардағы публицистикаларының проблематикасы.....................................................................................................15
1.3 Қазақ баспасөзін өркендетудегі публистистикалық еңбектерінің мәні....................................................................................................23
2 . Ж. Ауытбаевтың журналистикасы......................................................32-58
2.1 Қаламгер журналистикасының тақырып ауқымы, мазмұн тереңдігі..................................................................................................................32
2.2 Ж. Ауытбаев көсемсөздерінің жанрлық түр алуандығы, стильдік айшықтары.............................................................................................................40
2.3 тілши сухбаттары мен мақалаларындағы әдеби-көркем, публицистикалық тіл кестесінің ерекшеліктері......................................................................48
Қорытынды..............................................................................................59-60
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................61-63

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жандос Аупбаев журналист.doc

— 537.50 Кб (Скачать документ)

Ұлт мұңын жоқтап, бұқара халықтың арман-тілегін айтқан газет еліміздің қазіргі тарихи атауы «Қазақстан» атын иеленуінде үлкен сыр бар сияқты. Патша өкіметінің қазақ даласындағы билеуші ресми орындары біздің елді «Қырғыз өлкесі» деп тұқыртып, тіпті кеңестік жүйе түсында 1925 жылға дейін тарихи атын қайтара алмай келгені белгілі десек, империяның отарлық жүйесі күшейіп тұрған қатыгез заманның өзінде қараңғылық пен езгідегі халқын түнектен жарыққа алып шығып, бостандыққа, өнербілімге үндеген газеттің «Қазақстан» атымен халыққа таралуы ерлікпен пара-пар іс деуге болады.

«Қазақстан» газеті қазақ және орыс тілдерінде шығып тараған. Газеттің басы-қасында болған зиялы қауым өкілдері қазақ тіліндегі материалдарды орыс тіліне және керісінше, қазақ тіліне аударып басқан. Газеттің 18 нөмірінде жарық көрген мақалалардың дені көркем-публицистикалық тілмен жазылған және ол көсемсөз мақалалардың авторлары да кейін келе елге кеңінен танылған алаш қайраткерлері ғана емес, жалынды публицистер ретінде мәшһүр болды.

Газеттің алғашқы нөмірінің шығуын құттықтаған материалдардың өзі көркем-публицистикалық тілмен жазылғандығы ерекше назар аударады. «Это первый светоч, который вы вносите в темную массу своего народа; это первая ласточка весны. Сейте добро и жните, очищайте  путь к прогрессу» деп  «A. A.» бүркеншік атымен жазған белгісіз автор қуаныш сезімін білдірсе[14], екінші бір «Таловские» деген бүркеншік есімді оқырман: «Пусть же молодой «Казахстан» при помощи живого убедительного слова будит спящих во тьме наших букеевцев... Священный долг каждого киргиза, любящего свою родину, страдающего его страданиями, плачущего его слезами, поддержать это юное и великое дело - появление своего органа печати. Наконец, пусть «Казахстан» явится ярким фонарем, освещающим путь к духовному и экономическому перерождению нашего народа» деп жүрекжарды тілегін айтады[15].

«Газет не үшін керек» деген мақалада: «Жақсылық болса -жұрт болып мақтайды, жамандық болса - жұрт болып жаман-дайды. Сөйтіп, газет арқылы жақсылық бірден-бірге өсе береді, жамандық өше береді» дей келіп: «Ғазеттің асыл мақсаты кәсіп ету, ғылым үйрену турасында» деп негізгі идеялық мақсатын түсіндіреді[14].

Ағартушылық-демократиялық бағытты ұстанған газет бетінде оқу-ағарту, ғылым мен мәдениет, әйел тендігі мәселелеріне арналған көркем-публицистикалық мақалалар жиі жарияланып, қазақ халқын мешеу қалпындағы санасын оятуға, тұрмысы мен мәдениетін, шаруашылығын дамытып өркендетуге жөн сілтеген салиқалы ой-пікірлер айтылған.

«Қазақстан» газетінде аз мерзім ішінде әр түрлі әлеуметтік мәні бар мәселелер қамтылған публицистикалық материалдар жарияланып, әсіресе жер-су, елдің шаруашылық жайына жете көңіл бөлінді. «Хал жайымыз» атты бас мақалада қазақ жерінің отарлаушы өкімет орындарының құзырында болып, жергілікті халықты шұрайлы ата қоныстарынан айрылуы себепті құм басқан өңірді пайдалануға тура келгендігін ашына жазады, «...бұлай отыра берсек, мұнан да жарлы боламыз» деген ой тұжырымдау арқылы[16] ашық күреске, ерінбей еңбек етуге үндейді. «Енді қалай тұрмақ керек» деген тағы бір бас мақаласында: «От арба, от кеме шықты, телеграм, телефон шықты. Заводта, фабрикада түрлі затты өзі істейтін машиналар шықты. Бұл шыққан өнерлер адам баласының кәсібін бүтіндей өзгертіп жібереді. Бұрынғы амалсыз бір жерде отырған, яки амалсыз өнебойы бір кәсіпті  ететін заманды артта қалдырды» деп[17] жаңа өмір талабына сай отырықшы өмір салтына көшудің,  өнімді мол беретін егіншілікпен айналысу қажеттілігін әңгіме қылып, техника түрлерін игеру мақсатында ғылым, білімді үйренуге шақырады. Тіпті осы ой тізбегі орыс  тілінде берілген «Как живут киргизы» атты бас мақалада көркем-публицистикалық үндеу сарынымен жалғасып: «Мы, киргизы всех областей и орд, увы с каждым годом беднеем и пополняем ряды тех полуголодных пролетариев, которые живут трудами своих рук... В наших руках есть одно средство, за что и надо крепко держаться. Средство это – наш труд, при умелом приложении которого мы можем извлечь из нашей истощенной гораздо больше выгоду, чем дала бы она сама без труда. Нам нужно перейти к интенсивной системе хозяйства, переменив образ жизни, связанной экстенсивной системой хозяйства» деген жолдар арқылы[18] қазақ халқын өмір сүру жағдайын өзгертіп, тұрмысты жаңаша құруға, сөйтіп кәсіптің өнімді де мәдениетті жаңа түріне көшу қажеттігін айтқан жөн сілтеуге ойысады.

XX ғасырдың бас кезіндегі көрнекті қоғам қайраткері, талантты көсемсөзші Бақытжан Қаратаев газеттің елді отырықтанып қоныстануға, қала болуға шақырған ойлы пікірін «Азаматтарға бір-екі ауыз сөз» атты публицистикалық арнау мақаласында «Балуан бірді, білімді мыңды жығады» деп бұл ретте ғылымды игеру мәселесімен сабақтастыра қостағанымен, қоныстану пікірін толық қолдамаған сыңай танытады[19]. Оған қарсы жауап ретінде үн қатқан көрнекті ақын, публицист Ғұмар Қарашев өз халқының көшпелі жағдайда қалуы яки отырықшылыққа көшуі туралы: «Қазақ елі көшпелі болып қала бере ме, болмаса отырықшылыққа айналғаны жөн бе?» деген риторикалық сауал қойып: «Мен бұған иманыммен жауап беремін: қазақтың қазіргі халін һәм келешегіндегі жайын тереңірек ойлап қарағанда: шүбә жоқ, ешбір тоқтаусыз жиылу, қала болу керек. Қазақ жиылмаса, қала салмаса, бытырауменен бәрінен айрылады, қазақ азады, тозады» деп[20] қала болудың прогрессивтік маңызына назар аударып, бұл жолда кері кетудің тығырыққа әкелетіндігін баса айтады. Бұл прогрессивтік ойын ол «Тіршілік таласы» атты көркем-публицистикалық мақаласында одан әрі тың пікірлермен, терең тұжырымдармен сабақтай түседі. Әлеуметтік тіршілік таласында, яғни өмірге бейімделу жағдайындағы халықтардың өнер-білім, ғылымды үйрену арқасында үстем болып, алға озып кеткендігін мысал етіп келтіреді, заманның өзгеруімен қат-қабат тіршіліктің де өзгеріске ұшырап, өмір сүру салты мүлдем басқаша дами бастағанына көз жүгіртіп, бұл тіршілік таласында қазақтың да өз үлесін алып, көштен қалыспауын тілейді, ол мақсат жолында бұрынғы жайбарақат тіршіліктен серпіле оянып, «дүниежүзінде қалғымыз келсе, адам баласын гәйри жан иесінен бір адамды бір адамнан артық еткен ғылым, өнер үйреніп, өзімізден ілгері кеткен халықтармен қатарласуға талап ету тиіс» деп философиялық ой қорытады[21,212] «Құйрықсыз, желкемсіз тіршілік теңізінде бағытсыз жел айдап жүрген кемемізді жұрт кетіп жатқан ғылым, өнер жолына қарай жүргізуді кемешілерімізге де, мінушілерімізге де міндет деп білеміз. Қазіргі бағытта жүрумен тасқа соғылып, су түбіне кетуімізге де шек-шүбә жок» деген өнер-білім игеруге шақырған тобықтай сөз түйінін шешеді.

Өзі шыққан екі жыл аралығындағы аз уақыт ішінде елді өнербілімге, ғылымға шақырған, алдыңғы қатарлы халықтардан үлгі алуға ундеген демократиялық-ағартушылық бағыттағы «Қазақстан» газетін патша цензурасы тұтқындап жауып тастайды. Бұл газетгің қазақ халқының мәдени өміріндегі орны туралы шетелдік ғалымдар А.Беннигсен мен Ш.Лемерсье-Келькежей 1964 жылы Парижде атақты Сорбон университеті басып шығарған «Баспасөз және 1920 жылға дейінгі Россия мұсылмандары арасындағы ұлттық қозғалыс» атты кітапта жарияланған. Қазақ баспасөзі туралы мақаласында жылы лебіз білдіре келіп: «Орыс цензурасы газетті қудалап, ақыры 4 нөмірінен кейін оны тұтқындайды... бірақ соның өзінде қазақтардың саяси ой-санасы мен мәдени дамуына үлкен әсер етті» деп жазады[22,76].

«Қазақстан» газетінің әр санында дерлік әйел тендігі мәселесін сол кездің басты тақырыбы етіп қозғаған көркем-публицистикалық мақалалар жарияланған. «Қазақ ер баласы мен әйел баласын бірдей көрмейді, оларды оқытпайды, малға сатады, ондай теріс әдетті жою керек» деп мәселені төтесінен қойып, қазақ қыздарын ел қатарлы оқытып, ескі дәстүрден құтылу қажеттігіне назар аударады.

Газет әдебиет мәселелеріне де көңіл бөліп, әдеби сынға байланысты нақты материалдар жарияламағанымен қазақ жастарын оқу-білімге, ғылымға үндеген мақалаларында ұлт әдебиеті, оның көрнекті өкілдері туралы ой-пікірлерді сөз арасында үлгі-онеге ретінде келтіріп, әдеби тұжырымдар жасаған. Мәселен, «Әдебиет таңы» деген көркем публицистикалық мақалада: «Россияның ішінде әр облыста таралып жатқан қазақ халқы бір жерге ақылы қосыла алмай жүрген заманды артымызға тастап, енді матбұғат арқылы сөйлесіп, пікірді майданға салып, иттифактың астына жиналып, бір тілекте болса ғана жүрт қатарына қосыла алады. Ел билеген азамат, ғылым жолындағы талапкерлер әрқайсысы өз пайдасын ғана ойламай, халық мүддесін жоғары санаса, біз де тез заманда кім екенімізді жұртқа танытармыз» деген[23] қазір де мәні жойылмаған ойлар айтылып, Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге, өнерпаз болсаң арқалан» деген өлеңінен үзінді келтіру арқылы "Қазақ жазба әдебиетінің таңы атты десек, алдымен осы ұлы ақынның есімін атауымыз керек» деп Абайды сол кездің өзінде-ақ ұлттық жазба әдебиетінің көшбасшысы ретінде бағалап, көшелі пікір білдіреді.

Газет аз уақыт шыққанымен бүкіл қазақ даласын қамтып, ел болудың ұраншысы болған негізгі мұратын орындады, ең бастысы мемлекетіміздің қазірге елдік атауын бірінші рет ресми түрде қолданып, Ресей империясы әкімшілік орындарының үкіметтік деңгейдегі құжаттарында ресми түрде айтылуына қол жеткізді. Бұл туралы белгілі журналист Т.Боранғалиүлы «Қазақстан» газетінің редакторы Елеусін Бұйрин туралы «Ел атауына ақжол тілеген" атты мақаласында: «1911 жылы газет өзіне ту еткен «Қазақстан» сөзі бұрын-сонды ресми тілде, не жазба шежіреде, орыс тарихшыларының бірде-бір еңбегінде, ауыз әдебиетіміздің нұсқасында кездеспеген тың ұғым еді. Е.Бұйрин газет шығаруға рұхсат сұрап генерал-губернатор Дубасовқа жазған өтінішінде Қазақстан сөзі қазақ елі, қазақ өлкесі деген мағынаны білдіреді деп түсіндірген» дей келіп, Дубасовтың бұл атауды құптағандығы туралы куәлік берген тың дерек келтіреді. Мақалада берілген осы куәлік мәтіне назар аударайық: «Настоящее свидетельство выдано Военным губернатором Уральской области имеющему звание народного учителя из киргиз Внутренней орды Илеусину Бюйрину, согласно его заявления, на право издавать под его личным ответственным редакторством, газеты на киргизском языке под названием «Казахстан» что означает в переводе «Киргизский край»[24].

«Қазақстан» газеті туралы толығырақ мағлұмат беріп, тақырыптан ауытқып кетуіміздің негізгі себебі — «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналы туралы материалдар, ғылыми деректер өте көп те, аталған газет туралы мәліметтер жұтаң. Оның үстіне зерттеудің басты өзегі — XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі көркем публицистика мен әдеби сын мәселелерін осы газет бірінші болып қозғағандықтан ұлт баспасөзі мен мәдениеті, әдебиеті тарихында өзіндік орны бар басылымға көбірек тоқталудың жөні бөлек деп білдік.     

Қазақ публицистикасының қалыптасуы мен дамуын зерттеген ғалым Б.Жақып: «Қазіргі уақытқа дейінгі қазақ публицистикасының зерттелуі негізгі екі бағытта жүргізіліп келеді. Оның бірі – жалпы журналистиканың құрамдас бөлігі ретінде публицистика тарихы, теориясы, тәжірибесіне арналған еңбектер»[1,5], – дей келіп, қазақ публицистикасын зерттеудің екінші бағыты туралы: «Қазақ публицистикасын зерттеудің екінші бағыты еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін жүзеге аса бастады. Бұл – көрнекті қазақ публицистерінің шығармашылығын монографиялық тұрғыдан қарастыру негізінде публицистиканы зерттеу. Осы ретте А.Байтұрсыновтың, М.Әуезовтың, С.Қожановтың, Ә.Бөкейхановтың, Н.Төреқұловтың, С.Ерубаевтың, Х.Досмұхамедұлының, Ә.Әлімжановтың, К.Смайыловтың, С.Мәуленовтың, Ш.Мұртазаның, Е.Букетовтың публицистік шығармашылығына қатысты еңбектер шоғырын айтуымыз керек»[1,6],– деген тұжырым жасайды.

      Қазақ публицистикасын  зерттеудің екінші бағытына жататын, яғни еліміз тәуелсіздігін алғаннан  кейін жүзеге аса бастаған  еңбектердің қатарына  Жанболат Ауытбаевның публицистикасына қатысты материалдарды қосуымызға болады.  Алайда, Ж. Ауытбаевтың публицистикасы туралы сыншылардың, зерттеуші ғалымдардың жекелеген пікірлері жарияланғанымен, арнайы зерттеу нысанына әзірге алына қойған жоқ. Сонымен, журналщы, көсемсөзші Ж. Ауытбаевтың шағын ғұмыр баянын парақтай зерделеп шықсақ:  Қазақ Мемлекеттік университетін бітірген (1974). "Лениншіл жас" газетінде (1974-86) үйренуші-шәкірт, әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, "Қазақстан коммунисі" журналында бас редактордың орынбасары (199196), "Ақиқат" журналында бас редактордың бірінші орынбасары (1996-98). Қазіp "Егемен Қазақстан" газетінің (2003) бас редакторы. "Мынау ғажап дүние" (1983); "Жанарымда - туған жер" (1984); "Оққа тосылған отжүрек" (1985); "Сырымды саған айтамын" (1990); "Ғұмырдария" (1997); "Таңғажайып тағдырлар" (1998) және "Бізге беймәлім бейнелер" (2000) атты кітаптары жарық көрген. О. Сүлейменов, С. Санбаев шығармаларын Қазақ тіліне аударған. Сондай-ақ "Қажымұқан мен Қажытай" ("Қазақтелефильм", 1991), "Хан Тәңірі" ("Қазақтелефильм", 1994) атты деректі киноленталар сценарийлерінің авторы. ҚР Жастар одағының Б. Бұлқышев атындағы және Қазақстан Жазушылар одағының арнайы сыйлықтарының иегері. Көзі тірі ағамызды зерттеу қиынның қиыны екенін біле турсақ та, өмірі туралы тексергенде ол кісі туралы жазылған мақалалардан аттап өте алмайтынымыз түсінікті.

Жанболат Аупбаев туралы мақалаларға кезек берсек, біздің зерттеуімізді жеңілдете тусеріне дау жоқ.

Мектеп – университет – докторантура. Бұлар талпынған адамға логикалық жолымен келетін процестер. Бірақ адамның жеке дамуы үшін мұның бәрі аз. Бұл оқу «аялдамаларында» біз білімнен гөрі бағдар алатынымызды өмір дәлелдеп отыр. Күн системасындағы қай планетаның суық, қай планетаның ыстық екенін ажырата алмайтын ғылым кандидаттары арамызда өріп жүр. Дәлел деп отырғаным осы. Ата қаны, ана сүтімен келетін құндылықтардан бөлек ақық қасиеттерді бойында қалыптастыру үшін адамға міндетті түрде «самообразование» қажет. Онсыз тылсым дүниені тану, өзіңді өзің білу мүмкін емес.

Өздігінен білімін жетілдіру ғана шығармашылық адамына аса қажет компонент – талғамды қалыптастыратыны анық. Талғамы жоқ шығармашылық иесі оқырманын тәнті ете ала ма?! Жоқ. Ал талғам өз кезегінде келесі саты – ізденімпаздыққа жетелейді. Ізденістегі адамда ғана өзіндік ұстаным орнығады. Ұстанымы бар кісі тәжірибеге барып табан тірейді. Ал мол тәжірибесі бар адам бойына тұрақтылық қасиетті сіңіреді. Осы ұзақ жолдан өткен Жанболат Аупбаевтың білімнен тамыр жаятын «талғам – ізденімпаздық – ұстаным – тәжірибе – тұрақтылық» деп аталатын бес бекетті бағдары жампоз журналистің кіршіксіз кредосы екені бүгінгі күні аксиомаға айналды.

1. «Құм баласының» құмбыл  сыңары немесе талғам бекеті

Алпысыншы жылдарға дейінгі қазақ журналистикасы өз майында шыжғырылып келгені – шындық. Жетпісінші жылдардан бастап қана басқалардың не «бүлдіріп» жатқанына көз жүгірте бастағанымыз тағы рас. Журналистік қызметін сол кезде бастаған Жанболат Аупбаев та басқаларға мүлдем ұқсамайтын алабөтен талғамын осы жылдары қалыптастырып үлгерді. Содан да ол әлемдік деңгейдегі журналистиканы зерттеп-үйренгендердің алғашқы сапында тұр деп батыл айта аламыз. Әсіресе, кейіпкеріміз «Комсомольская правда» корифейлерінен көп үйренді. Басқа жұрттың жақсысын бойына жинай білді, бірақ ұлттық ұстынымызға ұтымсыз тұстардан аулақ болды. Дәлірек айтсақ, аты жер жарып тұрған Василий Песковтың таңдап алған жолына аңсары ауды да тұрды. Бірақ оның ізімен жүрген жоқ. Сол жолға өзінің соқпағын салды. Жанболат Аупбаев бізге осынысымен құнды. Песков пішінінің параметрлерінен шыға алмай қалғанда біз оны бүгін іздемес те едік!

Қалай десек те Жанболаттың публицистикасын Песковсыз қарастыра алмайсың. Бұл әділетсіздік те болар еді. Әрине, екеуі де – жеке-дара тұлға. Бірақ бірі – ұстаз, бірі – шәкірт. Солай бола тұра, бұл жерде «шәкіртсіз ұстаз тұл», «ұстаздан шәкірт озады» секілді мәтелдерді қолдану да орынсыз. Ал «қазақтың Песковы» тәрізді тіркесті қолдану тіптен күлкі тудырар еді. Тек екі тұлғаны бір деңгейде салыстыра отырып ұқсастықтар табу ғана абырой әкелетінін жақсы білемін.

Информация о работе Ж Аупбаев - журналист, публицист