Ж Аупбаев - журналист, публицист

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 11:03, дипломная работа

Краткое описание

Осы мақсатқа сай диплом жұмысының алдына мынадай негізгі міндеттерді шешу мәселелері қойылды:
- Жанболат Ауытбаевның журналистикаға келіп, баспасөз ісіне араласуына, публицист ретінде қалыптасуына әсер еткен қоғамдық-саяси, әлеуметтік-тарихи факторларды анықтау;
- Жанболат Ауытбаевның журналистік қызметінің хронологиялық кезеңдерін саралап, қазақ баспасөзінің дамуына қосқан үлесіне баға беру;
- қаламгер публицистикасының қоғамдық-саяси салмағы мен идеясын, тақырыптық сипатын қазіргі заман шындығымен байланыстыра, сабақтастыра талдау;
- журналистің публицистикалық шығармаларының қоғамдық-саяси мәні өткір, мейлінше өзекті екенін бүгінгі заманның талап-талғамы тұрғысынан бағалап, дәлелдеу;
- Жанболат Ауытбаевның публицистикалық еңбектерінің басты сипатын, басқа публицистерден дараланатын негізгі ерекшеліктерін айқындау;
- публицист шығармаларының жанрлық әр алуандылығын, стильдік, тілдік ерекшелігі мен образ жасаудағы журналистік әдіс-тәсілдерді қолдану шеберлігін саралау;
- журналистің көркем-публицистикалық очерктерінің әдеби, публицистикалық тіл кестесіне талдау жүргізу;

Содержание

Кіріспе........................................................................................................3-6
1 Ж. Ауытбаевтың журналистік ғұмырбаяны..............................................7-31
1.1 Журналисттік қызметтегі алғашқы қаламгерлік ізденістер.........................7
1.2 Облыстық, республикалық басылымдардағы публицистикаларының проблематикасы.....................................................................................................15
1.3 Қазақ баспасөзін өркендетудегі публистистикалық еңбектерінің мәні....................................................................................................23
2 . Ж. Ауытбаевтың журналистикасы......................................................32-58
2.1 Қаламгер журналистикасының тақырып ауқымы, мазмұн тереңдігі..................................................................................................................32
2.2 Ж. Ауытбаев көсемсөздерінің жанрлық түр алуандығы, стильдік айшықтары.............................................................................................................40
2.3 тілши сухбаттары мен мақалаларындағы әдеби-көркем, публицистикалық тіл кестесінің ерекшеліктері......................................................................48
Қорытынды..............................................................................................59-60
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................61-63

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жандос Аупбаев журналист.doc

— 537.50 Кб (Скачать документ)

Дегенмен, мына ғажапты қараңыз! Бес-алты жыл бұрын Алматыда қазақ журналистикасының топ-менеджері Сейітқазы Матаевтың арқасында тірі Песковпен жүздескенім бар. Студент кезімнен көрсем деп армандайтын кәдімгі Василий Михайлович Песков. Тегі төңірегіндегі ассоциацияның әсері ме, қарсы алдымда орыстың егде азаматы отырғанымен, құмда өскен қыр өңірінің қоңыр шалын көріп отырғандай сезіндім. Қай мемлекетке барса да сол елдің тумасындай көрінетін талантты адамдарға дауа бар ма?! Жатсына алмайсың! Жүзіне үңіле түскен сайын біздің Жанболат Аупбаев көз алдыма келе берді. Айтары жоқ, аң-таңмын. Василий Михайловичтің сөйлеу мақамы мен дене тұрқына дейін Жанболатты еске түсіре берді. Жәкеңнің сексенге таяп қалған түрін уақыт машинасынан жиырма жыл бұрын көріп үлгергендей күй кешкенім де бір жағынан күлкілі, бір жағынан қызық.

Кереғарлыққа толы осы сөйлемдер ойымызға «математикалық ортаны» табудың амалын көрсетіп бергеніне қуанып отырмын. Екі тұлғаны бір қатарда қарастырудың қиямет-қайымы сонда, «тауларды аласартпай, даланы асқақтату» ісінде тұлғаларды бір-бірінің көшірмесіне айналдырып алмау – азаптың азабы. Мені осы қиындықтан әлгі Песковпен кездесу құтқарып кеткен секілді. Шынында да Песков пен Аупбаев арасында шығармашылық ұқсастықтармен қатар, адами ортақ мінездер де өте көп.

Пендешілігіміздің басты белгілерінің бірі – атаққа қызығушылық. Бұл жағынан келгенде екеуі де атақ біткеннен кенде емес. Василий Песков – Шыңғыс Айтматовтан да жас күнінде, 34 жасында Лениндік сыйлықтың лауреаты атанған атышулы журналист-жазушы. Солженицыннің «Иван Денисовичтің бір күні» әңгімесіне берілгелі тұрған сол кездің ең жоғары сыйлығы соңғы сәтте саяси қитұрқылыққа салынып, Вася ағайға бұйырғанын бұрындары бір жерден оқығаным бар. Дардай атағын мақаласына қол қойғанда бірге көрсетпеу сырын «Архипелаг ГУЛАГ-тың» авторының шамына тиіп алмау болар деп болжайтынмын. Ойымның жаңсақ екеніне кездескенде көзім жетті. Туа біткен қарапайымдылығы ілкі сәтте адамды өзіне тартып әкетеді. Бұл қасиетінен өле-өлгенше ажырамайтыны да әр сөзінен білініп тұр. Осыдан кейін Лениндік сыйлықтың өзі өзгерте алмаған адамды басқа нәрсе өзгертеді дегенге сену қиын.

Жанболатта да награда жетіп-артылады. Тізіп жатқым келмейді, онда қазіргі заманғы журналистерге берілетін қошеметтің бәрі бар. Дей тұра, қайда барсаң да өмір бақи қоңырқай, жұпыны, көптің бірі сияқты елеусіз жүреді. Міне, қарабайырлықтан ада қарапайымдылықтың классиктері кім десе, Вася ағай мен Жанболатты ұялмай айтуға болатын шығар!

Ресейді шаршамай шарлап, ең аяғы «Тайга түкпіріне» дейін түгін қалдырмай қопарып жазған орыс қаламгері мен ұлтынан шыққан тұңғыштарды түгендеумен қатар қилы тағдырлар мен таңғажайып табиғат құбылыстарын иін қандыра ақ қағазға түсіріп, қаттап келе жатқан қазақтың құмбыл (жинақы, нәзік) жігітінің жан-дүниесі мен болмыс-бітімін, кәсіби мүддесі мен өмірлік нанымын бір қалыпқа сыйғызып құйған Жаратқанның шеберлігінде шек жоқ екеніне тағы да көз жеткізесің!

Орыстардың бір әдемі сөз тіркесі тіл ұшына оралып тұр: «Мысли материализуются». Қазақ журналистерінің арасында «Құм баласының» құмбыл сыңарындай қабылданып кеткен Жанболат Аупбаев пен Василий Песковтың табиғи жаратылыстары өте ұқсас екенін қайталап айта бергің келеді. Фотоаппаратын асынбаса, қарыс қадам баспайтын Вася ағайдың өзін білмек түгілі атын естімей тұрған сәби кезінде сурет өнеріне машықтанған Жанболаттың телепатиясы тіптен қызық! Ең аяғы, екеуінің киім кию cтиліне дейін айнымайтынын қайтерсің. Мүмкін Песков-Аупбаев визавиінің санамызға соншалықты сіңісті болып кеткенінен де біздің қиялымыздағы ой шындыққа айналып шыға келді ме екен?!

Қалай дегенде де, Жанболаттың публицистік талғамының қалыптасуына «Құм баласының» ықпалы аз болған жоқ. Десек те, қазір басқалардың талғамына әсер ете алатын Аупбаевтың бары да ақиқат. Өйткені, тамырынан ажырамай әлемдік мәдениетті меңгерген қаламгер ғана басқаларды мойындата алатын өз деңгейін орнықтыра алады. Жанболат ұлттық қасаңдық пен томаға-тұйықтықтың да, оған керісінше ұлы өркениет жолында қазақы қалпын құрбандыққа шалудың да абырой әпермейтінін әлімсақтан білетін сияқты. Тек сауатты синтез ғана биікке көтеретінін жыға ұққан Жанболат талғамы жаһандық деңгейге барар жолда бір саты көтерілгеніміздің белгісі екенін басқалар болмаса да, ең алдымен өзіміз мойындайтын кез келді.

2. Шам түбіндегіні көруге  құмарлық немесе ізденімпаздық  бекеті

«Шамның жарығы түбіне түспейді». Жарық түспей тұрған жерде біздің де шаруамыз шамалы әдетте. Қалтарыстағыны қарауға деген құштарлық қалыптаспаған. Көзге көрініп тұрғанға ғана құмармыз. Назардан тыс тұрғанды терең үңіліп іздеуге ерінетінімізді былай қойғанда, ойлауымыздың өзі қиын. Жанболат осы жерде бізден өзгеше. Онда шам түбіндегіні көруге деген құмарлық басым. Оған елдің бәрі жазып жүргенді шиырлау шабыт әкелмейді. Жанболаттың құндылығы сонда, басқалардың құлқы жоқты қопарғанды қалайды. Құпиясын бойына жасырып жүрген жандарды жарыққа шығару тек ізденімпаздық қасиеті бар адамның ғана қолынан келетінін бізге Аупбаев амплуасы анықтап берді. Қарап отырсаң, оның бүкіл саналы өмірі о басынан ойластырылған бір сызықтың бойындағы бұра тартпайтын жүйеге шоғырландырылған шығармашылыққа арналғандай әсер қалдырады.

Жайсаң жүйенің жүрек дүрсілімен ғана жүретін Жанболаттың жүрдек қаламынан туған кесек дүниелер – жеке журналистің ғана шығармашылық галереясы емес, ұлт қазынасы. Кез келген халықтың тарихы құбылыстар мен тұлғалардан құрылым түзейтінін алға тартсақ, бұл пікірімізге көп адам қарсы тұра қоймас. «Ашылмаған аралдарды» айшықтаған, «Біртуарлардың» бөлек бітімін бүтіндеген, «Ұлылардың ұрпақтарын» да ұлықтаған, «Табиғат терезесінен» терең ойларын түйіндеген Жанболат – шын шебер. Әлгі жүйенің жұлын жібіндей есіліп шыққан оның төрт томдық шығармалар жинағы – талас жоқ, қазақ журналистикасындағы феномен ретінде қатталады.

«Ашылмаған аралдардағы» кейіпкерлердің ұшы-қиыры көрінбейтін тізімінің өзі көз алдыңа көп тарихты әкеледі: Матросовтың ерлігін қайталап тірі қалған Сабалақ Оразалинов, Порт-Артур шайқасына қатысқан патша армиясының полковнигі, 1919 жылы Мұстафа Шоқайды шетелге өткізіп жіберуге көмектескен Оспан Көбеев, Қытай Халық Республикасының әскерінде 54 жыл қызмет еткен қазақ генералы Хасен Рүстемұлы, неміс концлагерінде төрт жыл адам баласы төзбейтін азапты көрген биолог Владимир Фурсов, 1937 жылы түсірілген «Бірінші Петр» фильмінде басты кейіпкерлердің бірінің рөлінде ойнаған тұңғыш қазақ актері Қойлыбай Қарсақбаев, Антарктидадағы «Мирный» станциясында екі мәрте жұмыс істеп қайтқан ғалым Данабек Бименов, каскадер Тыныбек Танин, Эвересті бағындырған альпинист Қазбек Уәлиев, антрополог Ноэль Шаяхметов, диссидент Кәмел Жүнісов…

Осы орны бөлек жандардың әлемін бізге тарту еткен Жанболат ізденісі әлгі шежіре бетінде сайрап жатыр. Бауыржан Омаровтың бір сөзі бар: «Сұм соғыстың небір қоясын ақтарған Жанболат Матросов ерлігін Матросовтан бұрын қайталаған қазақты тауып берсе де таңғалмайтын едік». Әзілге құрылса да Жанболат ізденімпаздығы жеріне жеткізіліп айтылған сөзге ешнәрсе алып-қоса алмайсың.

Біртуарларымыз туралы да көп қаламгерлеріміз жазып жүр. Дей тұра, Жанболат олардың портреттерін де басқаларға ұқсамай сомдайтындығымен ерекшеленеді. Бұл жазғандарында да ол белгілі бір тұлғаның бізге беймәлім тұстарын әдемі әңгімелеуімен ерекшеленетіні әрбір шығармасынан көрініп тұрады. Соның бірінде сонау 50-ші жылдары Мәскеуде студент болып жүрген Шерхан Мұртаза әскери академияда сабақ берген Бауыржан Момышұлымен ойда жоқ жерде Тверь көшесінде танысатынын жазған. Осыны екі ірі тұлғамыздың да Жуалы жерінен екенін білетін көп адамдардың таңғалмай оқымасқа амалы қалмайды. Талғамға адалдықтан туған ізденістерге тағы да риза боласың!

Жанболат шығармашылығының бізге қуаныш сыйлайтын тұстары өте көп. Қазақтың маңдайына біткен талай тамаша тұлғаларымыздың артында қалған ұрпақтары қайда жүр? Олардың тағдырлары қалай өрбіді? Және басқа толып жатқан сұрақтар кез келгенімізді қызықтыратынын жасырып қайтеміз. Жанболат Аупбаев оқырман көңіліндегі жоғарыдағыдай көптеген күпті сұраққа да жауап іздеуден жалыққан емес. «Ұлылардың ұрпақтары» да осынысымен ұтып тұр.

Біздің кейіпкеріміздің «37-інші скважина» деген көлемді мақаласы бар. Онда 1985-1986 жылдары Теңіз кенішінде 400 күнге созылған алапат өрт туралы баяндалады. «Гиннестің рекордтар кітабында» тіркелген әлемдегі өрттердің ұзақтығынан да асып кеткен бұл сұмдық апат туралы қазақстандықтардың бәрі біледі деп айта алмайсың. Қазірде де. Кеңес Одағының басшылығы оқиға туралы ешқандай ақпарат таратуды жөн көрмеген. Сол кездері оқиға ортасынан табыла білген Жанболатқа да бұл туралы жазуға тыйым салған. Нәтижеге жетуге ұмтылатын журналиске аса қажет – «қадалған жерден қан алмайтын» қабілет кейіпкерімізде, құдайға шүкір, жетеді. Басқа біреу болса, «кестесі келіспеген» істі бір жетіден кейін ұмытып кетер еді. Ал Жанболат кеніштегі келеңсіз жәйтті 21 жыл бойы қалай жазамын деп есінен бір шығарған емес. Сол оқиғаның бастан-аяқ қасында жүрген маманды ақыры тапты да. Ширек ғасырға жуық бізден тасаланып келген шындықты осылайша Жанболат ашты. Шыдамды адамға ғана ізденімпаздық қасиет қонады-ау! «Табиғат терезесі» кітабын оқып отырып осындай ойға тоқтайсың.

3. Халыққа қамал алдырған  погонсыз генерал немесе ұстаным  бекеті

Жанболат – таңғажайып құбылыстарды бүге-шігесіне дейін қопарып, өмірі өзгеше өрілгендерді елге таныстыратын публицист қана емес, өзі сол таңғажайыптардың бел ортасында шапқылап жүретін, кейіпкерлерінің өмірден лайықты бағасын алуы үшін қолды-аяққа тұрмай қызмет етуден тайынбайтын ақберен азамат. Мұны дәлелдеу үшін бір ғана штрих жеткілікті. Алайда ол өзі аш ішектей созылған ұзақсонар әңгіме. Десек те, заманауи қазақ журналистикасындағы ұрпақтар сабақтастығының жарқын үлгісіне айналған бұл тарихты айтпай кетуге тағы болмайды. Өйткені, Жанболаттың журналистік ерлігіне балта шапқандай болар едік.

Қазақ журналистикасындағы кесек тұлға Кәкімжан Қазыбаевтың аманатын орындаған Жәкеңді кәсібінен бақыт тапқан адам деп айтпасқа амалың жоқ. Салиқалылық салмағы зілбатпан адам жолай кетіп бара жатып-ақ сенің де абыройыңды аспандатып кететіні бар. Бірақ біз үшін бұл – маңызды емес. Ең маңыздысы – ЦК-ның секретары болып отырып қолынан келмеген шаруаны Кәкімжан аға біздің кейіпкерімізге аманаттап кеткені. Көзі бар кісі екен. Кім болғанда да аманатты сенетін адамына айтады. Жанболат сол аманатты орындағанымен адал. Дәл қазір осы маңызды.

Сонау 1958 жылдың 21 ақпанында Кәкімжан ағамыздың “Лениншіл жас” газетінде “Рейхстагқа ту тіккен қазақ” деген очеркі шыққан. Кейіннен “Кернеген кек” деректі повесіне айналған осы дүниеден басталған жорық 1999 жылы мамырда ғана өзінің мәресіне жеткені – қазіргі қазақ тарихындағы таңғаларлық ғажайыптардың бірі. Рахымжан Қошқарбаевқа Батыр атағын алып беру жолындағы 54 жылға созылған марафонға кім араласпады десеңізші. Бауыржан Момышұлы, Жұмабек Тәшенов, Ілияс Омаров, Әзілхан Нұршайықов… Аттарынан ат үркетін талай адамдардың тізімін жалғастыруды қажет деп таппай отырмын. Қысқасы, 1980 жылы тамызда Алматыға Леонид Ильич Брежнев «айтшылап» келеді. Әлгі әңгіме билік басында тағы көтеріледі. Бас хатшының: “Тарихты қайта қарап қайтеміз”, деген өте қысқа жауабынан кейін басылып қалған әңгімені алты-жеті жылдан кейін Кәкімжан аға Жанболатқа аманаттаған еді.

1999- жылдың 1- қаңтарында «Егемен Қазақстанда» жарық көрген Жанболат Аупбаевтың мақаласы “Халық ала алмаған қамал” деп аталды. Неге? Ол жазды: “Халқымыз кезінде еш пәрмен, жарлықсыз “Батыр” деп өз жүрек қалауымен ат берген үш қаһарманның бар екенін жақсы білесіздер, құрметті оқырман! Жариялылық пен демократия, тәуелсіздік тұсында солардың екеуі – Бауыржан Момышұлы мен Қасым Қайсенов кеш те болса, сол атаққа қол жеткізді емес пе? Ал Рахымжан Қошқарбаев ағамыз ұмыт қалды. Неге? Бізді, міне, осы сұрақ мазалайды. “Халық алмайтын қамал жоқ”, дейді қазақ даналығы. Әділеттілік қалпына келсін десек, ел екенімізді білдіргіміз келсе, К.Рахаң туралы 60-70-ші жылдардағы қоғамдық пікір негізінде бір дүмпіп барып басылған ұмтылысты тағы да қайталап көрсек қайтеді? Сөйтейік, жарандар! Пікір білдірейік. Ұсыныс айтайық. Халық ала алмай келе жатқан қамалға тағы бір рет шабуыл жасап көрейік. Нәтижесі болып қалар…”

Сол-ақ екен, жер-жерден редакцияға қолдау хаттар қаптасын. «Егемен» жұртшылық ұсыныстарын ортақ тақырыптарға бағындырып, айына арнайы кесте бойынша екі реттен топтама берсін де отырсын. Осының арқасында журналист жанкештілігінің нәтиже көрсететін күні де таяп келе жатты.

Жарты ғасырға жуық әңгімені жарты бетке сыйғызу бізге де оңай болып отырған жоқ. Сағыздай созылған сарсаңның соңғы аккорды туралы Жәкеңнің өзін сөйлеткен орынды секілді: «Әлі есімде, сол жылғы 4 сәуір күні Мемлекеттік хатшы Әбекең, Әбіш Кекілбаевтың көмекшісі Тілекқабыл Боранғалиұлы редакцияға телефон соғып, “Егемен Қазақстандағы” Рахаң туралы соңғы үш ай ішінде шыққан материалдарды жинақтап жеткізіп беруді өтінді. Содан кейін 30 сәуірде жоғарғы жақтың бізбен тағы бір рет хабарласқаны бар. Ал 7 мамыр күні түскі сағат 12-лер шамасында редакцияға тілеуіңді бергір Тілекқабыл алақайлай телефон соғып, бізді Мемлекеттік хатшыға қосты. Әбекең аман-саулықтан соң осы жаңа ғана Елбасының кабинетінен шыққанын, Президент Рахымжан Қошқарбаевқа “Халық қаһарманы” атағын беру туралы Жарлыққа қол қойғанын толқи тұрып айтты. Осы қуанышты хабардан кейін телефон арқылы Рахаңның Астанада тұратын немере інісі Кәртай Мұсабеков пен әпкесі Гүлшен Жұмағожинаны тауып, әңгімелесіп құттықтағанымыз есімде. Ол сұхбат 11 мамыр күні аға газетте “Халық алған қамал” деген тақырыппен жарық көрді».

Міне, осылай! “Халық ала алмаған қамал” мен “Халық алған қамал” арасында менмұндалап Жанболаттың ұстанымы тұр. Ол ұстаным адалдық деп аталады. Аманатқа адалдықтан туған әділеттілік деп те атауға болады. Ал әділеттіліктен асқан позиция бар ма? Жанболат бізге дәл қазір де, кейін де осынысымен абыройлы. Өйткені, жасампаздыққа бастайтын әділеттіліктің ешқашан жасын сұрамайды. Мәңгілік белгісімен (sub species aeternitatis) жазылған шығарма деген осы болар!

4. «Малаховты тоқтатыңдар!»  немесе тәжірибе бекеті

Жетпісінші жылдардағы «Лениншіл жаста» осалдардың отырғанын көз көрген жоқ. Соған қарамастан журфактың жүгірмектері Жанболатты жағалағысы келіп тұратын. Одан тапсырма алып, мақала жазған студенттерге қызғана қарайтынбыз. Ондай жігіттерді журналистикаға мандат алған адамдай көретінбіз. Аупбаевтан мандат алу – тозақ. Өйткені, сәлемдесіп келген адамның бәріне тапсырма бере қоятын Жанболат жоқ. Қанша жерден қарапайым болса да қадір-қасиетінен айырылатын жерді ол да біледі. Оның үстіне мандат дегеніңіз – лимитсіз, тегін жатқан дүние емес. Тек талабы тау қопаратындай көрінетін, «шөп берсе, мал болып кетеді-ау» дегендерге берілетін аванс. Осы қасиеттеріңді дәлелдеу үшін сен ең алдымен өздігіңнен «ЛЖ»-да екі-үш материалыңды міндетті түрде жарыққа шығаруың керек. Бұл барьерден бір күнде өту мүмкін емес. Айлап еңбектенесің.

Информация о работе Ж Аупбаев - журналист, публицист