Ж Аупбаев - журналист, публицист

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 11:03, дипломная работа

Краткое описание

Осы мақсатқа сай диплом жұмысының алдына мынадай негізгі міндеттерді шешу мәселелері қойылды:
- Жанболат Ауытбаевның журналистикаға келіп, баспасөз ісіне араласуына, публицист ретінде қалыптасуына әсер еткен қоғамдық-саяси, әлеуметтік-тарихи факторларды анықтау;
- Жанболат Ауытбаевның журналистік қызметінің хронологиялық кезеңдерін саралап, қазақ баспасөзінің дамуына қосқан үлесіне баға беру;
- қаламгер публицистикасының қоғамдық-саяси салмағы мен идеясын, тақырыптық сипатын қазіргі заман шындығымен байланыстыра, сабақтастыра талдау;
- журналистің публицистикалық шығармаларының қоғамдық-саяси мәні өткір, мейлінше өзекті екенін бүгінгі заманның талап-талғамы тұрғысынан бағалап, дәлелдеу;
- Жанболат Ауытбаевның публицистикалық еңбектерінің басты сипатын, басқа публицистерден дараланатын негізгі ерекшеліктерін айқындау;
- публицист шығармаларының жанрлық әр алуандылығын, стильдік, тілдік ерекшелігі мен образ жасаудағы журналистік әдіс-тәсілдерді қолдану шеберлігін саралау;
- журналистің көркем-публицистикалық очерктерінің әдеби, публицистикалық тіл кестесіне талдау жүргізу;

Содержание

Кіріспе........................................................................................................3-6
1 Ж. Ауытбаевтың журналистік ғұмырбаяны..............................................7-31
1.1 Журналисттік қызметтегі алғашқы қаламгерлік ізденістер.........................7
1.2 Облыстық, республикалық басылымдардағы публицистикаларының проблематикасы.....................................................................................................15
1.3 Қазақ баспасөзін өркендетудегі публистистикалық еңбектерінің мәні....................................................................................................23
2 . Ж. Ауытбаевтың журналистикасы......................................................32-58
2.1 Қаламгер журналистикасының тақырып ауқымы, мазмұн тереңдігі..................................................................................................................32
2.2 Ж. Ауытбаев көсемсөздерінің жанрлық түр алуандығы, стильдік айшықтары.............................................................................................................40
2.3 тілши сухбаттары мен мақалаларындағы әдеби-көркем, публицистикалық тіл кестесінің ерекшеліктері......................................................................48
Қорытынды..............................................................................................59-60
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................61-63

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жандос Аупбаев журналист.doc

— 537.50 Кб (Скачать документ)

                                     

 

 

 

 

 

 

 

Жанболат Аупбаев – журналист, публицист  
      МАЗМҰНЫ

 

 

Кіріспе........................................................................................................3-6

 

1  Ж. Ауытбаевтың журналистік  ғұмырбаяны..............................................7-31 

1.1  Журналисттік қызметтегі  алғашқы қаламгерлік ізденістер.........................7

1.2 Облыстық, республикалық  басылымдардағы публицистикаларының  проблематикасы.....................................................................................................15

1.3 Қазақ баспасөзін өркендетудегі  публистистикалық еңбектерінің  мәні....................................................................................................23

 

2 . Ж. Ауытбаевтың журналистикасы......................................................32-58

2.1 Қаламгер журналистикасының  тақырып ауқымы, мазмұн тереңдігі..................................................................................................................32

2.2 Ж. Ауытбаев көсемсөздерінің  жанрлық түр алуандығы, стильдік  айшықтары.............................................................................................................40

2.3 тілши сухбаттары мен  мақалаларындағы әдеби-көркем, публицистикалық тіл кестесінің  ерекшеліктері......................................................................48

 

Қорытынды..............................................................................................59-60

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................61-63

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Диплом жұмысының өзектілігі. Жанболат Ауытбаев – XX ғасырдың сексенінші жылдарынан бастап өзінің қоғамдық және шығармашылық қызметімен тәуелсіз мемлекетіміздің іргетасының қатайып, нығаюына елеулі үлесін қосып келе жатқан, ұлттық әдебиетімізден алар орны айрықша қаламгерлердің бірі. Таза журналистік еңбектерімен де оқырмандарының жүрегін жаулап, республикалық басылымдар беттерінде проблемалық мақалалар мен очерктер жазған Ж. Ауытбаев – қоғамның күн тәртібінде тұрған сан-салалы проблемаларды қозғап қана қоймай, оларды шешудің жолдарын да көрсете білген публицист.     

Оның осындай биік адамгершілік қасиеттерін, туған халқы мен еліне, жеріне деген мәңгілік іңкәр махаббатын, ғұмырында өмірден жинаған мол ғибраттық тәжірибесін, оның ішінде публицистік мұрасын уақыт талабына сай журналистиканың ғылыми айналымына түсіріп, болашақта өзінен кейінгі ұрпаққа озық тәжірибе, үлгі-өнеге ретінде ұсынып, тәуелсіз мемлекетіміздің мұрағатына айналдыру – диплом жұмысының басты мақсаты болып табылады.

Бұл орайда  Жанболат Ауытбаевның әр жылдары баспасөз беттерінде түрлі жанрда жарияланған материалдары мен баспалардан жарық көрген публицистикалық шығармаларының қоғамнан, қазақ журналистикасы тарихынан алатын орнын айқындап, өзіндік ерекшеліктерін көрсету қажет. Сонымен қатар, оның публицистикасының тақырыбы мен идеясы, көтерген жүгі, мән-мазмұнын анықтап, жанрлық алуан түрлілігі,  стильдік сипаты, суреткерлік шеберлігін жан-жақты қарастыру да керек.    

Өйткені қазақ публицистикасының тарихы сонау XIX ғасырдың екінші жартысынан – Шоқан, Ыбырай, Абай шығармашылығынан басталады десек, оның дәстүрлі жалғастығының арқауы күні бүгінге дейін үзілмей, қайта жаңа заман үрдісіне сай жаңарып, түрленіп, төртінші биліктің мұқалмас қаруына айналып отырғандығы шындық.  Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдарына бүгінгі күннің тәуелсіз көзқарасынан қарайтын болсақ, оның түп-тамырының тым әріде жатқандығы байқалады.  Қай заманда, қай қоғамда болмасын бұқаралық ақпарат құралдарының атқаратын рөлі, көтеретін жүгі, адамзат баласы алдындағы міндеті өте зор. Әсіресе, бүгінгідей ескі кеңестік біржақты идеологияны бұзып-жарып, жаңа тәуелсіздік заманның сұранымына сай әлеуметтік-саяси көзқарас қалыптастырып, орнықтырып жатқан кезде бұқаралық ақпарат құралдары мен оның өкілдеріне де қойылатын міндеттер өте қиын, әрі жауапты болмақ. Бұл тұрғыдан алғанда қазақ мерзімді баспасөзінің көп жылдық тарихының талай белестерден өткен тәлім-тәжірибесі бар. Мұның өзі өткенді бүгінгі күн биігінен бағамдап, күрішті күрмектен ажыратып, өз ұлтымызға тән жаңа тәуелсіз қоғам орнату үшін де маңызы зор. Олай болса,  Шоқан, Ыбырай, Абай ғана емес, олардың ізбасарлары Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Әлихан Бөкейханов, Жүсіпбек Аймауытұлы, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгірұлы, Бейімбет Майлин, бергісі Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұқанов, Әзілхан Нұршайықов, Сәуірбек Бақбергенов, Ұзақ Бағаев, Сафуан Шаймерденов, Ғафу Қайырбеков, Сырбай Мәуленов, Шерхан Мұртаза, Жанболат Ауытбаев сияқты  біртуар жазушы, публицист, қоғам қайраткерлерінің бай мұраларынан тәлім-тәрбие алып,  олардың шығармашылықтарын зерттеу нысандары қылып, тәжірибе мектептеріне айналдыру қажеттігі де журналистиканың өзекті мәселелерінің бірі болмақ.

 Қазақ журналистикасының  өсіп, өркендеп нығаюына айтарлықтай өзіндік үлес қосқан, публицистика мен журналшы дәрежесін биікке көтеріп, шынайы әдеби-публицистикалық мұраларды дүниеге әкеліп,  бүгінгідей егемендік еркіндігіне үн қосып, қолынан қаламы түспей келе жатқан ірі суреткердің бірі – Жанболат Ауытбаев. Ол – танымал шығармашылығымен қатар, баспасөзінің дамуына айтарлықтай үлес қосты. Сонымен қатар, Ж. Ауытбаев – өзі өмір сүрген дәуірдің бағдаршамы ретінде туған халқының мұң-мұқтажын жоқтап қана қоймай, соның шешімін табу үшін қаламын қару етіп күресіп келе жатқан абзал азаматтардың бірі.     Бұл орайда алгашкы қадамының алғашқы баспалдағын журналистикадан бастаған Жанболат Ауытбаев –  қарапайым хат қорытудан бастап, кейін хабарлама, репортаж, фельетон, көкейкесті тақырыпты көтерген очерктер, проблемалық мәселелерді қамтыған ойлы мақалалар, естелік-эсселер, жолсапар очерктеріне дейін жазып, публицистиканың көптеген жанрларына қалам тартқан журналист. Сондықтан, біз диплом жұмысының нысаны ретінде алып отырған ақын, жазушы, публицист Жанболат Ауытбаев шығармашылығындағы публицистикалық еңбектерінің өзіндік ерекшеліктерін жан-жақты қарастыруды – өзекті мәселе ретінде алға қойдық.

   Диплом жұмысының нысаны. Диплом жұмысының материалдық зерттеу өзегіне Жанболат Ауытбаевның журналист ретінде қолына алғаш қалам алған 1970- жылдардан бастап, Қазақстан халық жазушысы атанып, Мемлекеттік сыйлыққа ие болған кезіне  дейінгі аралықта жазған публицистикалық еңбектері,  мемлекеттік мұрағат құжаттары, Ұлттық және республикалық орталық кітапханалардың арнайы және сирек қолжазбалар қорларында сақталған материалдар, сондай-ақ Жанболат Ауытбаевның әр жылдары баспадан жарық көрген кітаптары, газет-журналдардағы мақалалары алынды. Зерттеу нәтижесінде осы жылға дейінгі уақыт аралығындағы басылымдарда жарық көрген публицистикалық мақала, очерктері пайдаланылды.

  Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері: Дипломдық жұмыстың басты мақсаты – Жанболат Ауытбаевның публицистикалық шығармаларының өзіндік ерекшеліктерін жан-жақты ғылыми талдаудан өткізу арқылы оның журналистік және публицистік шеберлік сырын ашу, сол негізде ұлттық баспасөз тарихындағы қаламгердің алар орнын айқындау.   Осы мақсатқа сай диплом жұмысының алдына мынадай  негізгі міндеттерді шешу мәселелері қойылды:

     - Жанболат  Ауытбаевның журналистикаға келіп, баспасөз ісіне     араласуына,    публицист ретінде қалыптасуына әсер еткен қоғамдық-саяси, әлеуметтік-тарихи факторларды анықтау;

     - Жанболат  Ауытбаевның журналистік қызметінің  хронологиялық кезеңдерін саралап, қазақ баспасөзінің дамуына қосқан  үлесіне баға беру;

     -  қаламгер  публицистикасының қоғамдық-саяси  салмағы мен идеясын, тақырыптық  сипатын қазіргі заман шындығымен  байланыстыра, сабақтастыра  талдау;

     -   журналистің  публицистикалық шығармаларының  қоғамдық-саяси мәні өткір, мейлінше  өзекті екенін бүгінгі заманның талап-талғамы тұрғысынан бағалап, дәлелдеу;

     -  Жанболат  Ауытбаевның публицистикалық еңбектерінің  басты сипатын, басқа публицистерден  дараланатын негізгі ерекшеліктерін  айқындау;

     -  публицист  шығармаларының жанрлық әр алуандылығын, стильдік, тілдік ерекшелігі мен образ жасаудағы журналистік әдіс-тәсілдерді қолдану шеберлігін саралау;

     - журналистің  көркем-публицистикалық очерктерінің  әдеби, публицистикалық тіл кестесіне  талдау жүргізу;

     -    қаламгердің  публицистикалық қызметін кезеңге бөліп, журналистік ғұмырбаянымен байланыста қарастыру.

     Диплом  жұмысының зерттеу әдістері. Зерттеу әдістері мен тәсілдері жұмыстың алдында қойылған мақсаты мен міндеттеріне сәйкес анықталды. Диплом жұмысында объективтік-аналитикалық, салыстырмалы әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, талдау, қорыту, жинақтау және өз тұжырымымды дәйектеп жүйелеу арқылы негіздеп саралауға күш салдым.

     Диплом жұмысын  жазу барысында қазақ мерзімді  баспасөзінің тарихы, теориясы мен  тәжірибесі туралы ғылыми зерттеулер жазған белгілі ғалымдар А. Байтұрсынұлы, Б.Кенжебаев, Қ.Бекхожин, Т.Қожакеев, Т.Амандосов, М.Барманқұлов, Т.Ыдырысов,  Ү.Сұбханбердина, К.Смайылов, Ә.Ыдырысов, Ә.Қалмырзаев, С.Қозыбаев, Н.Омашев, Ш.Нұрғожина, Б.Жақып, Қ.Алдаберген, А.Шәріп, С.Байменов, Қ.Тұрсын, Қ.Сақ, М.Шындалиева, т.б.  еңбектері пайдаланылды.

   Диплом  жұмысының ғылыми жаңашылдық  сипаттары мен қорғауға ұсынылатын  тұжырымдары. Жанболат Ауытбаевның журналистік, редакторлық қызметі, оның публицистикалық шығармаларының өзіндік ерекшеліктері алғаш рет бүгінгі күн талабы тұрғысынан арнайы тақырып аясында алынып, қарастырылды. Сөйтіп, Жанболат Ауытбаевның күні бүгінге дейінгі облыстық және республикалық мерзімді басылымдарда әр түрлі жанрда жарияланған 200-ден астам проблемалық мақалалары мен хабарлары, суреттемелері мен репортаждары, эсселері мен очерктері, сын пікірлері мен фельетондары, жалпы, тұтас публицистикалық мұрасы қамтылып, мүмкіндігінше жан-жақты журналистік талдау жүргізілді. Сол негізде диплом жұмысының төмендегідей ғылыми жаңашылдық сипаттары қорғауға ұсынылатын тұжырымдар аясына топтастырылып ұсынылды:

     -   Жанболат  Ауытбаевның облыстық және республикалық  басылымдарда қызмет атқарған  кездеріндегі публицистикалық еңбектері  алғаш рет толық және хронологиялық  ретпен зерттеу нысанына алынды;

     -  қаламгердің  публицистік қызметінің даму  кезеңдеріне талдау жасалып, жаңаша  көзқарас тұрғысынан бағаланды;

     - Ж. Ауытбаевтыңбарлық  шығармашылық кезеңін қамтитын  публицистикалық еңбектері  библиографиялық  ретпен барынша қамтылды;

     -   Ж. Ауытбаевтың  кезінде жарияланбай қалған туындылары  кейінгі басылымдар негізінде  жанрлық, стильдік жағынан сараланды;

     -  Жанболат  Ауытбаевның республикалық баспасөзде  басшылық еткен жылдарындағы  редакторлық қызметінің ерекшеліктері жан-жақты талданды;

     -  қазақ  көсемсөзінің өкілі  Жанболат  Ауытбаевның ұлт журналистикасын  дамытуға қосқан үлесі бүгінгі  заманның талап-талғамы тұрғысынан  қарастырылды.

 Диплом жұмысының теориялық және практикалық мәні. Жалпы публицистік шеберлік журналистика ғылымының теориясы мен тәжірибесін зерттеудің құрамдас бір бөлігі болғандықтан, Ж. Ауытбаевтыңондаған жылдар бойы жинақталып, шырқау шыңына жеткен публицистикалық шеберлігі өз алдына  бөлек журналистік шеберлік курсына алынып, журналистика факультетінің студенттеріне арнайы сабақ ретінде өткізуге лайық мұра. Сол себепті болашақ журналистерге, баспасөзде қалам тартып жүрген публицистерге Ж. Ауытбаевтыңжурналистік шеберлігін көрсете отырып, оның тәжірибесін үйрену, тілі мен стилін оқып білу, жалпы қазақ публицистикасының теориялық-методологиялық деңгейін көтеруге ықпалын тигізетін жарияланымдар болғандықтан, оларды практикада үлгі ретінде қолдануға жарайды.

Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Ж. АУЫТБАЕВТЫҢ ЖУРНАЛИСТІК  ҒҰМЫРБАЯНЫ

 

1.1 ЖУРНАЛИСТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ  АЛҒАШҚЫ ҚАЛАМГЕРЛІК ІЗДЕНІСТЕР

 

 

Көркем әдебиетте публицистиканы өмірдің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық құбылыстарын, рухани құндылықтарын арқау ететін әдеби жанр ретінде қарастырсақ, екінші жағынан алғанда, публицистика журналистер мен жазушылардың өмір, қоғам, заман шындығын тебірене жазатын толғауы іспетті ақиқат айнасының сырлы суреті болып табылады. «Публицистика -әдебиет пен журналистиканың қоғамдағы көкейкесті, өткіп мәселелерді қозғайтын саласы»[1,122] болғандықтан оның   негізгі өзегі - шындық, нысаны — өмір, зерттеу орны — адам десек, бұл әдебиет саласының қай уақытта, қай ғасырда болсын, қоғамда алар орны ерекше. Сол ретте аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ағартушы-демократ, ақын, жазушы, ғалым сөз болып отырған көркем жанрдың дамып көркейуіне зор үлес қосқан алаш зиялысы Ахмет Байтұрсынов өзінің атақты «Әдебиет танытқыш» атты іргелі зерттеу еңбегінде публицистиканы әдеби жанрдың озық үлгісі ретінде бағалап, «көсем сөз» деп атаған, соған орай «Көсем сөз — шешен сөз сияқты әлеуметке айтқанын істету мақсатпен шығарылатын сөз»[2,405]  деп басып айтқаны белгілі.                                                   

Көсемсөзші, яғни публицист өзі өмір сүрген кезең тынысын дәл танып, күнделікті тіршілікке белсене араласатын, саяси-әлеуметтік, экономикалық құбылысты қалың көпшілікке пәрменді жеткізіп, жұртшылықтың талаптілегіне дер кезінде үн қоса алатын қоғам қайраткері дәрежесіне көтерілген жан-жақты білімді, өзі көтерген мәселелерге байланысты қоғамдық пікір туғыза алатын қаламы жүйрік, ойы ұшқыр жазушы болуы шарт. Сол ретте публицистикаға назар аударып, ден қойған көптеген ғалымдардың пікірінше публицист өз кезегінде ағартушы-педагог, фәлсафашы, тарихшы, экономист, заңгер, жиһанкез, ғылымды көркем әдебиетпен тығыз сабақтастыра білетін сегіз қырлы, бір сырлы қаламгер болуға тиіс. XIX ғасырда қалыптасқан қазақ публицистикасының негізін салған ұлы ағартушы-ойшылдар Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин мен Абай Құнанбаевтардың қай-қайсысы болса да, публицистке қойылатын талаптардың кез келгеніне де сай екендіктерін сондарында қалдырған публицистикалық мұраларымен айқын байқатты.

Шоқан Уәлиханов өзінің публицистикалық еңбектерінде туған халқының өзі өмір сүрген XIX ғасырдың бірінші жартысындағы әлеуметтік-саяси, экономикалық жағдайы мен мәдениетін әңгіме қылып, көкейкесті мәселелерді күн тәртібіне қойды, патшалық үкіметтің қазақ даласында жүргізіп отырған озбыр саясатын, отарлаушы өкімет орындарының жергілікті халыққа жасаған қиянат қылықтарын аяусыз әшкереледі, қазақ билеушілерінің басбұзарлық әрекеттері мен қарапайым халыққа жасаған зорлық-зомбылығын сынап, өзінің әділетсіздік, озбырлық, ұлттық езгі атаулыға наразылығын білдірді.

Информация о работе Ж Аупбаев - журналист, публицист