Ж Аупбаев - журналист, публицист

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 11:03, дипломная работа

Краткое описание

Осы мақсатқа сай диплом жұмысының алдына мынадай негізгі міндеттерді шешу мәселелері қойылды:
- Жанболат Ауытбаевның журналистикаға келіп, баспасөз ісіне араласуына, публицист ретінде қалыптасуына әсер еткен қоғамдық-саяси, әлеуметтік-тарихи факторларды анықтау;
- Жанболат Ауытбаевның журналистік қызметінің хронологиялық кезеңдерін саралап, қазақ баспасөзінің дамуына қосқан үлесіне баға беру;
- қаламгер публицистикасының қоғамдық-саяси салмағы мен идеясын, тақырыптық сипатын қазіргі заман шындығымен байланыстыра, сабақтастыра талдау;
- журналистің публицистикалық шығармаларының қоғамдық-саяси мәні өткір, мейлінше өзекті екенін бүгінгі заманның талап-талғамы тұрғысынан бағалап, дәлелдеу;
- Жанболат Ауытбаевның публицистикалық еңбектерінің басты сипатын, басқа публицистерден дараланатын негізгі ерекшеліктерін айқындау;
- публицист шығармаларының жанрлық әр алуандылығын, стильдік, тілдік ерекшелігі мен образ жасаудағы журналистік әдіс-тәсілдерді қолдану шеберлігін саралау;
- журналистің көркем-публицистикалық очерктерінің әдеби, публицистикалық тіл кестесіне талдау жүргізу;

Содержание

Кіріспе........................................................................................................3-6
1 Ж. Ауытбаевтың журналистік ғұмырбаяны..............................................7-31
1.1 Журналисттік қызметтегі алғашқы қаламгерлік ізденістер.........................7
1.2 Облыстық, республикалық басылымдардағы публицистикаларының проблематикасы.....................................................................................................15
1.3 Қазақ баспасөзін өркендетудегі публистистикалық еңбектерінің мәні....................................................................................................23
2 . Ж. Ауытбаевтың журналистикасы......................................................32-58
2.1 Қаламгер журналистикасының тақырып ауқымы, мазмұн тереңдігі..................................................................................................................32
2.2 Ж. Ауытбаев көсемсөздерінің жанрлық түр алуандығы, стильдік айшықтары.............................................................................................................40
2.3 тілши сухбаттары мен мақалаларындағы әдеби-көркем, публицистикалық тіл кестесінің ерекшеліктері......................................................................48
Қорытынды..............................................................................................59-60
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................61-63

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жандос Аупбаев журналист.doc

— 537.50 Кб (Скачать документ)

 Ол қазақтың тұғыры  биік бес басылымында қызмет  істеді. Жастығын «Жас Алашқа»  арнады. Байыпты байламдарын «Қазақстан коммунисінде» қалдырды. «Халық кеңесінде» шығармашылығының жаңа тынысын ашты. Аты өзгерген «Ақиқатты» парасатты пайымдарымен байытты. «Астана ақшамының» ізашары болып, оның соны сүрлеуге түсуіне үлес қосты. Қазір аға басылым «Егемен Қазақстанда» бас редактор болып отыр. Мұнда келген соң «Етжеңді «Егеменді» елмен қауыштырды. «Жәдігер» жинағы арқылы газеттің тарихын түзді. Аға басылымдағы 11 жыл ішінде «Потаниннің туысы», «Балуан Шолақтың немересі», «Ас!», «Конструктор Калашников», «Номад», «Тянь-Шанның ковбойы», «Димаш ағаның дәрігері», «Тимур», «Қойшыбай мен Тойшыбай» секілді 100-ге жуық танымдық мақалаларды өмірге әкелді. Басшылық қызметте жүрсе де жазудан қол үзген жоқ. Ең бастысы осы да.

* * *

 Ол әлі күнге дейін  өзінің журналистік ғұмырының ақ парағын тағдыры ерекше, болмысы бөлекше адамдар туралы ойлы жазбалармен, тың деректермен, мәнді мәліметтермен толтырып келеді. Бірақ оны кір шалдырмай үнемі таза ұстады. Аупбаевтың ақ парағына қаламның сиясынан басқа ештеңенің дағы түскен емес.

 Бауыржан Омарұлы.

«Ана тілі» газеті    2009 жыл, 16 сәуір

 

 

Тасада қалған тағдырлар

Журналист Жанболат Аупбаевтың жазғандарын көптен оқып жүрген адамдардың бiрiмiн. Өзi де, қаламынан шыққан дүниелерi де қарапайым, әрi табиғилығымен көзге жылы ұшырайтын. Кейiпкерлерi бiр қарағанда дүниенi дүр сiлкiндiрiп тұрғандар емес, көптiң назарынан тыс қалған тағдырлар секiлденетiн едi. Заманындағы заңғарларды суреттеген Плутарх пен Стендальдың азуы алты қарыс айбаттыларымен салыстыра алмайсың. М.Горький қаз-қалпында бейнелеген жоталыларға да жуықтамайды, кiлең елеусiз қалған есiмдер.

Анығында заңғарларды өзiң iздемейсiң ғой. Олардың қара жердi қақ жарған атақ-даңқы сенi елiктiредi. Сөйтiп, iндетiп табады. Iздемеген күнде «заманға жаман күй¬лейдi, замана оны илейдi». Бағзыдан солай. Бiр қанығы: «алыптардың» айтпасыңа болмайтындары мен айтпасыңа қойғызбайтындары бар. Өткен дәуiрлердiң жаңғы¬рығын бiзге жеткiзген қабырғалы қаламгерлердiң назарына солардың алғаш¬қылары көбiрек iлiктi. Бәлкiм, кейiнгiлерi де аз жазылмаған шығар. Оған ендi сарапшы уақыт куә.

Атағы атан түйеге жүк болған солардың көбiнiң заманына дәуренi жүргенiмен, мәңгiлiк өмiрдiң алдында қауқарсыз екен. Мәңгiлiк өмiр халықты мәңгiлiкке бастайтын қарапайым да табиғи ой-әрекеттi қадiрлейдi. Жасандылыққа жаны қас ол сонысымен құдiреттi, сонысымен жасампаз. Әлiмсақтан қаншама дауылпаз ұрандар мен даңғаза жырлар жарапазандалмады дейсiз. Ал халық олардан жалығып, өзi¬не етене жақын назқоңырлар мен жайқоңырларды жанына жақын тартумен келедi.

Жанболаттың «Ашылмаған аралдар» кiтабына кiрген дүниелерiнiң кейiпкерлерi маған әуенi де, сөзi де елдiң етжүрегiнен өрiл¬ген, саумал самалдай жайлы сол наз¬қоңырлар мен жайқоңырлар секiлдi жылы шырайланады. Бұған дәлел ретiндегi айтар әңгiмемдi ондағы «SOS белгiсi» деп аталатын туындыдан алған әсерiмдi баяндаудан бастайын.

1969 жыл. Павлодар қаласында  «Жас ұлан» ұйымы құрылады. Ұйым  халыққа таратқан үнпарақтағы  жолдар: «Сендер қазақ деген ұлы  халықсыңдар! Ғасырлар бойы еркiндiк iздеп, қаратүнек қанды жылдарда  бақыт аңсаған елсiңдер!» – деп басталады. Мақсаты – 1954 жылғы әйгiлi «тың игеру» науқанымен бiрге өршiген орыстандыру саясатына қарсы күресу, демография¬лық және рухани отарлауды тоқтату. Қазақстанның орталық және солтүстiк өңiрлерiнде үстi-үстiне жабылып жатқан қа¬зақ мектептерi, ұлт тiлiнiң күресiнге лақтырылуы, иман мен ибадан ада келiмсек то¬бырдың тұрмыстағы озбырлығы тудыр¬ған намыс осындай батыл қадамға қайрап салған.

Кеуделерiн қыз-қыз қайнаған ұлттық кек кернеген бұлар кiмдер едi? Небәрi 15 жас¬тағы мектеп оқушылары болатын. Же¬текшiлерi Павлодардағы № 3 қазақ интернатының шәкiртi – Арман Қаниев.

Автордың бұл туындысынан тағы бiр бiлгенiмiз, осы ұйым жайлы алғаш рет 90-шы жылдардың басында «Халық кеңесi» газетiне журналист Ғалымбек Жұматов шағын мақала жазыпты. Арманды содан кейiн бүкiл Қазақстанда iздеген адам – Жанболат. Басқа ақсақал, қарасақалдардың бәрi тым-тырыс. Неге?

Менi қинағаны осы сауал. Ұлттық ерлiктiң үлкен-кiшiсi жоқ. Қаһармандық бағасын алуы үшiн құрбандықтар мiндеттi емес қой. Сусыма сөзге келгенде желiге жөнелiп, желдей есетiн мыңдардың жүрегi дауаламаған азаматтыққа бесiктен белi жаңа ғана шыққан жеткiншектердiң баруы бүкiл қоғамды елең еткiзуi керек едi. Жоқ, олай емес. Осы күнге дейiн Арман Қаниев туралы бiлгендер де ештеңе бiлмейдi, бiлмегендер де ештеңе сезбейдi. Тәуелсiздiк тойлары оның қанаты күйген қарлығаштары Армандарсыз өтiп жатыр. Бәлкiм, сол тойлардың алдыңғы қатарында кезiнде Армандарға тарпа бас салып: «Егер маған билiк берсе, Сталин заманындағыдай бұл балаларды ата-анасымен қосып қойып, өз қолыммен атар едiм», – деген физика пәнiнiң мұғалiмi Омаровтар қасқайып отыратын болар. Оған күмәнiмiз жоқ. Кiтап авторы сөз орайында орынды айтып өтетiнiндей: «Осы күнi жалған ақсақал «күрескерлер» мен қарт «қаһармандар» көбейiп кеттi ғой». Оларға сенсеңiз, Компартияға құлдық ұрып жүрiп-ақ бүгiнгi егемендiктiң «негiзiн қалап», тәуелсiздiк үшiн қасық қаны қалғанша «шайқасқан». Сондықтан да олар қайдағы бiр Армандарды мойындамайды. Мойындаса, «күрес¬кер¬лiгiне» дақ түседi. Қоғамда қоразданып жүре алмай қалады. Оның үстiне Армандарды кезiнде алқымнан алған қылмыстары және бар. Армандар ардақталып кетсе, әлгi күнәлары ашылып қалуы мүмкiн. Масқара ғой.

Мұндайлардың шет жағасын өзiмiз де көрiп, естiгенбiз. 1979 жылы Целиноград қаласында Орталық Қазақстанда немiс автономиясын құруға қарсы ереуiлге шыққан жастарды мiндеттi түрде қатаң жазалау керек деп қайта-қайта мәселе көтерген қандасымыз есiмiзде. Лауазым иесi ретiнде коммунистiк қаны қызып кеткен шығар. Оған күмәнiмiз жоқ, тек сон¬дайлардың ел еркiндiгiн алып болған соң ұлт¬тық қаны ойнап шыға келгенiне екi дүниеде сене алмаймыз. Қайран Абайды кө¬кiрек¬те күрсiндiрiп: «Алашқа iшi жау боп сыр¬ты күлмек, Жақынын тiрiде аңдып, өлсе өкiр¬мек», – деп күйзелемiз де тынамыз.

Ал Армандарды, 15 жасар қаһарманда¬рын iздеген қоғам әлi жоқ. Iздетем, сол бiр отты, жiгерлi көкөрiмдердiң ерлiгiн есте қал¬дырамын деп Ертiс бойын шарлаған Жа¬н¬болат бар. Өйткенi, оның ойында да, санасында да ұлт үшiн ерте есейген, бозбала шағынан тоталитарлық режимнiң қысымына ұшыраған, келешегi келте қайырылған қайран азаматтар тұр. Автордың кеу¬де¬сiнде солардың бiр кездерi тәуелсiздiк үшiн күресiп, ал тәуелсiздiккке қолымыз жет¬кен ақжарылқап кезде қалтарыста қалға¬нына қиналған, таңырқаған, көлеңкеленген көңiлi бар. Ол «SOS белгiсiн» бергiсi келедi. Тәуелсiздiк үшiн тәуелсiздiк жоқ кезде күрескен шын қаһармандардың еркiн елге: «Таңқалмаңыздар. Бiздейлер де бол¬ған!»¬ – деген сәлемiн жеткiзгiсi келедi.

Жанболаттың жазбаларында тәуелсiз¬дiк үшiн тоталитарлық жүйе заманында теперiш көргендер тағы да бар екен. Iздеп жүрiп тапқан ғой. Бiрақ қазiргi кең замандағыдай «сансыз» емес, ол кезде олар санаулы ғана болыпты. Солардың бiрi кiтаптағы «Әуезов – Әуезовтiң ұлы» дүниесi мен «Диссидент» туындысы. Алдыңғы мақаладағы объект – «Жас тұлпар» ұйымынан бүгiнде ел жақсы хабардар. Өйткенi, оны 70-80-шi жылдардағы жастар 60-шы жылдардағы студент ағаларынан бiр кiсiдей естiп, бiлген. Оның үстiне тәуелсiздiктiң алғашқы жылдарында қазақ баспасөзi бұл тақырыпты жамырай жаз¬ған.¬ Сол кездерi «Халық кеңесi» газетiнде iстейтiн Жанболат та одан тыс қалмапты. Тағдырлы тақырыпқа тәуекел деп талаптанған екен. Жаман болмапты. Iз қалыпты. Жақсы iз.

Ендi бұрын жазылмаған тың тақырып – «Диссидентке» келейiк. Оның кейiпкерi – Кәмел Жүнiсов. Ұлт мүддесiн жоқтаудың соңы немен тынарын бiле тұра басын бәйгеге тiккен осы азамат жайлы жазылған¬ еңбектi оқып отырғанда ойға өткен күндер оралған.

1963 жылдың жазы едi. Қарағанды  қаласындағы политехникалық институтқа  оқуға түсуге жүргелi жатырмын. Буынып-түйiнiп  болған соң әкей әңгiмеге шақырды.

– Қалаға барған соң абайлап жүр, – дедi де қалтасынан бүктелген қағазды алып қолыма ұстатты. – Оқы.

Көз жүгiртiп шықтым да iшiмнен қайта оқи бастадым.Түсiнiксiз бiрдеңелер. «Қазақ тiлi жоғалып барады, орыстар көбейiп кеттi, тың игеру отарлаудың жаңа түрi», – деген секiлдi бұрын-соңды естiмеген тосын ойлар.

– Не ұқтың? – дедi әкей.

– Ештеңе.

– Қарағандыда «Есеп» деген партия құрылыпты. Ұйымдастырғандар сонау 37-де атылып кеткендердiң балалары көрiнедi. Әкелерi үшiн үкiметпен есеп айырыспақ болған. Былтыр бiразы ұсталып, түгел сотталыпты, – деп күрсiнiп қойды әкей. – Аман қалғандары да бар сияқты. Сен бара жатқан институт студенттерiнiң арасында жақтастары табылып қалуы мүмкiн. Солардың сыбыр-күбiрiне елiгiп жүрме.

Әлгi қағаздан да, әкейдiң сөзiнен де сескене қоярлық қатердi сезiне қоймаған- мен «37» дегеннен ғана бiрдеңе түсiнгендей болғам. Көз алдыма мектептегi «СССР тарихынан» оқыған халық жаулары елестедi. Троцкийшiлер, Бухарин, Алашорда ...

– Байғұстардың көбi айдалып кетiптi, – дедi әкей. – Мұндайда сезiктiлердi iздейдi емес пе. Әйгiлi «37-де» менiң туған ағам мен үш бiрдей жақын ағайынымыз Қарағандыдағы «Карлагта» қамалған. Үшеуi де сол жерде атылды. Содан ғой, анада аудан¬ға шақыртып, «Есеп» партиясы жайлы сұрап бiраз мазалады. Саған мұны айтпай тұра алмадым. Егер әлгiндей әңгiмеге iлiксең, кешегi халық жауларының тұқымы ретiнде аямайды.

Ендi-ендi әлдененi аңғара бастағандаймын. «Ақтау» деген iргелi совхоздағы бiлдей мектеп-интернаттың директоры қызме¬тiндегi әкей соңғы уақытта аудан орталығына жиiлетiп екi-үш рет барып қайтқан. «Қызметiнен алатын болыпты», – деген қаңқу сөз де шығып жүрген.

– Ал жолың болсын, – дедi ол орнынан тұрып. – Айтылған сөз екеумiздiң арамызда қалсын.

Сол «Есеп» партиясы жайлы мiне, Жанболаттың очеркiнен оқып отырмын. Маған жұмбақ күйiнде қалған осы оқиға жайлы баянды әуелi асыға қарап шығып, соңынан қайта үңiлдiм. Жасырын ұйым 1960 жылы құрылыпты. Аз ғана уақытта Орталық Қазақстандағы оқу орындарын қамтып үлгерген. Мақсаты – 63-тiң жазында әкей қолыма ұстатқан қағазда айтылғандай: орысша газет-журналдар мен кiтаптардың көп тиражбен басылуы түптiң түбiнде қазақ тiлi мен мәдениетiнiң жоғалуына әкеп соқпақ, ұлттық кадрларды басшылыққа тарту принциптерi бұрмалануда, Тың өлкесiн құру қазақ халқына тиiмдi емес, бұл күндердiң күнiнде солтүстiк облыстарды РСФСР-ға қосудың амалы.

Көңiл бiрде қиырды, бiрде қиянды шарлады. Жасырын ұйым таратқан үнпарақтар республиканың бiраз өңiрiне жеткен-ау. Әкей көрсеткен қағаз соның бiрi болар. Ол кiсiнiң қолына қалай түстi екен? Осылай бiр толғанасың да сол кездегi өрiмдей жастардың осыншалық терең ойлап, батыл әрекет етуiне қайран қаласың. Ұйымды құрған кезде оның жетекшiлерi Зейнолла Игiлiков -23, ал Кәмел Жүнiсов -21 жаста ғана екен.

Жиырмасыншы ғасырда саяси-рухани майданға шыққандардың бәрi дерлiк кiлең жас буын болуында қандай тарихи – әлеуметтiк заңдылық бар екенiн пайымдағымыз келдi. Атақты Алашорданың кө¬сем¬дерi болса, 30-дың төңiрегiнде. Мәскеудегi «Жас тұлпардың» жетекшiлерi Мұрат Әуезов пен Болатхан Тайжанов және Сәбет¬қазы Ақатаев 22-25-те, Павлодардағы «Жас ұланды» құрған Арман Қаниев 15-те, 79-дың жазында Ақмолада елiм-жерiм деп басын бәйгеге тiккендер мен 86-дағы Алматыда болған желтоқсан сапындағылар 18-20-лардағы көкөрiм студенттер болатын. Сондай-ақ 90-шы жылдары республика өңiрлерiнде жағалай шаңырақ көтерген қазақ тiлi қоғамдарының көш басында да: «Менiң атым – 25!» – деп жалындаған жастар жүрдi.

Мұстафа Шоқай «Ұлттық зиялы» атты мақаласында немiс философы Канттың халық пен ұлт жөнiндегi тұжырымдарын келтiредi. Канттың түйiндеуiнше, халық бiрiн-бiрi және өзiн-өзi басқара алмайтын, басқалардың басқаруында ғана болатын тобырлар. Ұлт – басқаларға тәуелдi болмаған, өзiнiң мекемелерiне ие және өзiнiң бiрыңғай мүддесi бар халықтар жиынтығы. Философияның тұжырымдауынша халық – объект, ұлт – субъект.

Қазақтың көрнектi қайраткерi осы байламға сүйене отырып бұл қағиданы одан әрi былай байытады: «Халықты ұлт дең¬гейiне көтеру, яғни оны жат үстемдiктiң тепкiсiнен құтқарып өз мекемелерiне ие, тәуелсiз бiр жеке тұлғаға айналдыру сынды негiзгi мақсатқа жету үшiн ұлттық зиялы қауым мен ол өзi тән болып отырған халық бұқарасы арасында бiр ортақ сана болуға тиiс. Мiне, осы сананы айқындау, яғни халық тiлегiн дұрыс және анық бiр формаға келтiрiп, аталған мақсатқа жету үшiн iс пен әрекет бағдарламасын жасау – зиялылардың мiндетi».

Өткен ғасырлардың бәрiнде ұлттық естi қауым мен туған халқының арасында белгiлi мүддеге арналған ортақ сана ұдайы болып тұрды. Қазтуған, Доспамбет, Махамбет заманында да, Абылай тұсында да, Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Мұстафа Шоқай кезеңiнде де солай-тын. Ал осы ұлттық сананың бiрде жеңiп, бiрде күйреуiнiң түрлi себептерi бар.

Ұлттық сана дәуiрлесе, оны естi атаулының бәрi қолдады және жанын салып қорғады. Бұл Абылай заманына тән.

Ұлттық сана күйресе, оны ел зиялыларының белгiлi тобы ардақтап, өзге шоғыры қасқырша талады. Бұл Алашорда мен Мұрат Әуезов, Сәбетқазы Ақатаев, Арман Қаниев, Зейнолла Игiлiков, Кәмел Жүнiсов кезеңiне тән.

Ұлттық сана ақсақал, қарасақалдар мен қоғамда орны бар тiсқаққандар арқылы емес, көкөрiм жастардың ерiк-жiгерi арқылы буырқанса, ұлттың рухани жiкке айқын бөлiнгендiгi, саналық тұтастықтан айрылғаны. Ұлттың бүгiнгi және ертеңгi тағдырын жеке мүддеге қиналмай құрбан ететiн сатқындық психологиясының етек ала бастағандығы. Зиялы қауымның басым бөлiгiнiң ұлттан бөлiнiп қалуы, ұлтжандылардың аздығы, ұлтсыздардың көптiгi.

Мұндай жағдайда, ұлт зиялылары өз iшiнен iрiгенде ұлттық сана намысы – нартәуекел, қаны таза, көкiрегi ояу жастардың жүрегiнде жаңғырығады. Қадам бас¬қан¬ сайын күдiгi ұлардай шулайтын, тегiнен жерiген, тарихына тепсiнген, iшiнде пайда қай жақтан деген құлтасы бар зиялылар шоғыры ұлттық дертке айналғанда, сол дертке дауа iздеген ел кектi жас ұрпағының жiгерiн қайрайды. Ұлттық сана осылай жанығады.

Иә, ұлттың басқа амалы қалмаса қайт¬пек. Ал ұлтсыздар ұлтшылдықтың бой көтеруi қоғамның ұлтсызданғанынан еке¬нiн ойлағысы келмейдi. Ұлтжандылық олар үшiн санадан да, қоғамнан да тыс қылмыс қана. Қылмыс болған соң әшкерелеу керек, жазалау керек, отырса опақ, тұрса со¬пақ етiп мансұқтау қажет...

Бұл өзiмiздiң де басымыздан өткен. 90-шы жылдарда республикада алғаш рет қазақ тiлi қоғамын құрып, ұлттық балабақшалар мен сыныптарды, жоғары оқу орындарында қазақ бөлiмдерiн көбейтiп, Ақмоланың байырғы атын қайтарғанда, ұлтшыл деген атақты жағалай таңғандар аз болмаған. Сотқа да берген, қаһарланған, қаралаған.

Зейнолла Игiлiков пен Кәмел Жүнiсов Қазақ КСР Қылмыстық кодексiнiң 56-бабының 1-тармағы мен 58-бабы бойынша төрт жылға бас бостандығынан айырылады. Этаптан этап қуып жүрiп қияндағы саяси тұтқындар лагерi – Потьмадан бiр-ақ шығады. Бар-жоғы 20-дағы жастар үшiн бұл ауыр соққы едi. Басбұзарлық, ессiздiк үшiн емес, елiнiң бүгiнiн түгендегенi үшiн итжеккенде қорлық көру азаптың азабы болатын.

Информация о работе Ж Аупбаев - журналист, публицист