Ж Аупбаев - журналист, публицист

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 11:03, дипломная работа

Краткое описание

Осы мақсатқа сай диплом жұмысының алдына мынадай негізгі міндеттерді шешу мәселелері қойылды:
- Жанболат Ауытбаевның журналистикаға келіп, баспасөз ісіне араласуына, публицист ретінде қалыптасуына әсер еткен қоғамдық-саяси, әлеуметтік-тарихи факторларды анықтау;
- Жанболат Ауытбаевның журналистік қызметінің хронологиялық кезеңдерін саралап, қазақ баспасөзінің дамуына қосқан үлесіне баға беру;
- қаламгер публицистикасының қоғамдық-саяси салмағы мен идеясын, тақырыптық сипатын қазіргі заман шындығымен байланыстыра, сабақтастыра талдау;
- журналистің публицистикалық шығармаларының қоғамдық-саяси мәні өткір, мейлінше өзекті екенін бүгінгі заманның талап-талғамы тұрғысынан бағалап, дәлелдеу;
- Жанболат Ауытбаевның публицистикалық еңбектерінің басты сипатын, басқа публицистерден дараланатын негізгі ерекшеліктерін айқындау;
- публицист шығармаларының жанрлық әр алуандылығын, стильдік, тілдік ерекшелігі мен образ жасаудағы журналистік әдіс-тәсілдерді қолдану шеберлігін саралау;
- журналистің көркем-публицистикалық очерктерінің әдеби, публицистикалық тіл кестесіне талдау жүргізу;

Содержание

Кіріспе........................................................................................................3-6
1 Ж. Ауытбаевтың журналистік ғұмырбаяны..............................................7-31
1.1 Журналисттік қызметтегі алғашқы қаламгерлік ізденістер.........................7
1.2 Облыстық, республикалық басылымдардағы публицистикаларының проблематикасы.....................................................................................................15
1.3 Қазақ баспасөзін өркендетудегі публистистикалық еңбектерінің мәні....................................................................................................23
2 . Ж. Ауытбаевтың журналистикасы......................................................32-58
2.1 Қаламгер журналистикасының тақырып ауқымы, мазмұн тереңдігі..................................................................................................................32
2.2 Ж. Ауытбаев көсемсөздерінің жанрлық түр алуандығы, стильдік айшықтары.............................................................................................................40
2.3 тілши сухбаттары мен мақалаларындағы әдеби-көркем, публицистикалық тіл кестесінің ерекшеліктері......................................................................48
Қорытынды..............................................................................................59-60
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................61-63

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жандос Аупбаев журналист.doc

— 537.50 Кб (Скачать документ)

Өмiр ғой, өзi де қария болғанымен, таңертең ерте келiп ағасының ұстаханасының есiгiн ашып, ауласын жинастырып, қас-қабағын күзеткен Әлиханның туған iнiсi Бақытжан ақсақал да ол кiсiнiң қас-қабағын бағып жүредi екен. Әлихан ағасы сексеннен асқан қарт iнiсi Бақытжанды жұмсайды. Ол дедек қағып жүгiре жөнеледi. Сөйтiп, бiр-бiрiне күнi кешеге дейiн медеу боп күн өткiздi. Бұл да дәстүр. Ата дәстүр. Қазiр қайран Әлекең жоқ. Iнi көңiлiнiң аулада тұрып құлазығанын, ұлының Арқадан Алатауға жалтақтап қарай беретiнiн көргенде, жүрегiм шым еткендей болады.

“Жұмсау” демекшi, Жанболаттың да “жұмсалғысы” келiп тұратын әдетi бар. 90-жылдарғы өтпелi кезеңнiң алмағайып кезiнде мен басқарған М.Әуезов мұражайының жұмыс қарбаласы көбейiп, естелiктердi құрастырып, аудару, редакциялау қиынға соғып жатты. Соны көрiп, сезген Жанболат: “Жә, Жұртбаев! Келiсiп алайық. Кейiн сөз болып жүрмесiн. Мен саған ана шаруаны, мына шаруаны бiтiрiп берейiн. Соған риза боласың”, –деп бел шешiп кiрiсiп кетiп едi. Мұхаңның 100 жылдығында жанымды жалдап жүргенiмдi, бiр қолымды екi ете алмай сансырағанымды көрiп, қол ұшын бергенi бар оның сонда. Бiрақ: “Өзге де достар бар емес пе едi? Олар қайда?” дегiзбегенiнiң өзi неге тұрады. Бұл ендi ата-тегiнен жұғысты болған мiнез болса керек. Өйткенi оның бабасы Абиыр Дәркембаев 1916 жылғы Қарқара көтерiлiсiне қатысқан, жолдасын жолда қалдырмаған, бiр сөздi, шарт мiнездi ел ағаларының бiрi болған. Ол кiсi туралы тарихи деректер менiң “Бейуақ” деген кiтабымда айтылған. Тұқым-тұғиянынан адалдықты, жақсылықты мұрат тұтқан дәстүрлi тек деген мiне, осы.

Айтпақшы, менiң өзiмнiң туған әкем Құдакелдi екеумiзге Ләззаттың атасы Омар әулетiнiң дәмiн татуға тағдырдың өзi бұйыртқан сияқты. 2001 жылдың көктемiнде Ләззатпен шай үстiнде әңгiмелесiп отырып: “Менiң әкем 1932 жылы Алматының түрмесiнен қашып шығып, тағы да қолға түскенде әуелi Аягөз маңайындағы Қарақолдағы “Қызыл әскер” лагерiне қамалыпты. Содан кейiн Тарбағатайдағы Өкпетiнiң баурайындағы “Омардың күнгейi” деген қыстақтағы лагерьге ауыстырылып, бiр қыс жатыпты. Сонда...”, – дегенiмде, Ләззат: “Ой, ол менiң үлкен атамның аты. Бұрын “Омар күнгейi” дейтiн. Қазiр “Омар қыстауы” деп аталады. Менiң атажұртым сол. Өзi сенiң дәмiң ежелден бiздiң үйден бұйырған екен ғой”, – дегенi. Тағдырдың мұндай қиыстыратын қисыны болады екен-ау. “Бiздiң әулетке ежелден сендердiң дәмдерiң бұйырылған екен. Қой, әкем бiр қыс дәм татқан үйден мен бiр түнеп кетiп қалсам, дәстүр бұзғандық болар”, – деп алғаш Астанаға келгенде табандап үш ай жатып, үш ай бойы Ләззатқа ас әзiрлетiп, Жанболатпен таңды таңға ұрып әңгiмелесiп, ақыры үй кезегiне жетiп, пәтер алып кеткенiм бар. Сөйтiп, әкемнiң түрмеде тата алмаған дәмiн мен татып жүрмiн. Сондықтан ондай “тегiн ырыздықтың” еншiсiнен жуық арада бас тарта қоймайтын шығармын. Ең бастысы:, Жанболаттың жан ырыздығы – жазғандарын оқудан кенже қалмасам екен, соның дәмi бұзылмаса екен деп тiлеймiн.

Қысқартып айтқанда, қазақтың мәтелi қалай құбылтса да, әкеге де, шешеге де тартып туған ұл болады және бар. Ол – Нұрша шешемiз бен Әлихан әкемiздiң адал, қоспасыз таза әрi елгезек, әрi салмақты түйiнi, қазақтың адамгершiлiгi мол азаматтың түйiнi Жанболат Әлиханұлы Аупбаев. Бiз онымен бiрге қырық бес жылдан берi иық сүйесiп өмiр сүргенiмiздi дәтке қуат санаймыз. Бiрде құрдасым Сауытбек: “Осы сен сескенетiн не бар?” – деп қалғаны. Мен: “Жанболаттан қатты қорқамын”, – дедiм. “Қалай? Неге?”, – дедi таңданып. Мен: “Оның ары тым таза. Мен ары таза адамдардан қатты қорқамын. Өйткенi байқамай дақ түсiрiп алуым мүмкiн ғой”, – дедiм. “Оның шындық”, – дедi Сауытбек.

Ол – арына дақ түсiрмей келе жатқан ожданы таза азамат. Жанболаттың осы қасиетiнiң өзi де, жазғаны да бiр қазаққа үлгi боларлық түйiн деген сөзбен тәмсiлiмдi аяқтаймын.

 

 

 

 

 

Тұрсын ЖҰРТБАЙ,

 

филология ғылымдарының докторы, профессор.

1. Студенттiк шақ.

2. Бүгiнгi күнде (Жанболат  пен Тұрсын).

 

 

Зейін қойып, зер салмайтын секілдіміз. Өзіміз бейнелеп «Мың бір мамандық» атайтын кәсіптің мен үшін ең қастерлісі де, қасиеттісі де – журналистік. Осынау романтикалық мамандықтың дәуірлеп асқақтаған тұсы өткен ғасырдың 60-80-жылдарына сәйкес келеді. Сол замандағы әлемдегі, кеңестік аймақтағы талайларды тамсандырған, аузымен құс тістеген журналистердің жазғандарын жалпақ жұрт іздеп жүріп оқитын-ды. Ондай дүлдүлдер қазақ топырағында да ұшырасатын. Кәні, тізейікші. Сейдахмет Бердіқұлов, Ұзақ Бағаев, Жекен Жұмаханов, Оралхан Бөкеев, Рашит Рахымбеков, Ақселеу Сейдімбеков, Мағира Қожахметова, Әшірбек Көпішев, Қали Сәрсенбай, Қайнар Олжай, Нұртөре Жүсіп… Іріктелген ірілердің ұзын санын, шамамен осылайша түзер ек…

 Бұл жерде мен журналистиканың  бұтарланған жанрларында маңдай  терін сорғалатып, жанкештілік танытқандарды  әдейі іріктім. Ойымызды бұдан  әрі жіліктемей, негізгі арнаға  ойысайық.

 Жоғарыдағы Сейдағаң  бастаған сиректер сойына еш мүдірместен өзіміздің Жәкеңді – Жанболат Аупбаевты қосар едім. Сүйенер тілегім де, жүгінер айғағым да жетіп жатыр. Соның ең бастысы, Жанболат қауырсын қаламын журналистиканың киелі ұстаханасы «Лениншіл жастың» («Жас Алаш») жалын-көрігінде шыңдап, үлкен ұстаз Бердіқұлов мектебінен дәріс алды. Университет қабырғасында терген ілімін өмірге іңкәр, өмірге ғашық алау жүректердің ұшқынында ұштағаны мәлім. Өйткені, «Ленжастың» өзіне ғана тән бөлекше құдіреті бар. Осынау құдірет-қайрақта жанылған Жанболат қаламы күні бүгінге дейін майырылмай, алмастай жарқылдап тұр. Әу бастан-ақ өз ізін салып, соны соқпағын саралаған ол тың тақырыптарға ғана қалам тербеді. Не болса, соны шоқып, шөпті де, шөңгені де жазбады. Деректі прозаның ұңғыл-шұңғылын кен іздеген геологша үңгіп қазып, тылсым сырын ақтарды. Тосын тақырып, қилы-қилы тағдырлар, сирек мамандық иелері журналист қойын дәптерін толтырып, басылым беттерін ажарлап, кітаптар көркін келтірді. Әлгінде мен жүздеген, мыңдаған жазармандар ішінен сараңдықпен іріктеп түзген хас шеберлердің сапына қаламгер Аупбаев тұлғасын айрықша асқақтатып тұрған осы ерекшеліктеріне қарап қойғанмын. Ол не жазса да жүрек домнасынан сүзіп, ақ парақ бетіне кестелеп өрнектеп, сезім қылын шертіп, өзіңді ғажайып әсерге бөлейтін дүниелер ұсынады. Журналист-жазушының шарқ ұрып іздеген жалғыз түйір дәні, елең еткізер дерегі, ең ақыры, зергерлікпен қашаған ойларына дейін еріксіз назар аудартады. Әдебиет тамыршысы, профессор Құлбек Ергөбекше жеткізсек, «Жанболаттың сөйлемдері ән салып тұрады». Мұндай әдемі үлгілі үрдіс бұл күнде кітаптан кітапқа ұласуда. Кәне, Жанболат шығарған оннан астам елең еткізер жинақтардың аттарын еске түсірейікші. «Мынау ғажап дүние», «Ғұмыр-дария», «Таңғажайып тағдырлар», «Ашылмаған аралдар», «Бізге беймәлім бейнелер», «Жанарымда – туған жер», «Сырымды саған айтамын», «Елім менің – ертегі», «Өмірге таңдана қара!», «Автограф», «Біртуарлар», «Ұлылардың ұрпақтары»…

Расында атына заты сай ғұмырлы туындылар. Қазір журналистика – маңдайының сорын қалыңдатқан қарабайырлықтан, жалғандықтан, сенсация қуушылықтан, жадағайлықтан, даңғойлықтан, кіл инкубатордың әлжуаз шөжесіндей сүреңсіз дүниелерден ада. Шетінен маржан. Кезінде бәрі де газетте жарияланған. Таусыла сөйлеуіміздің астарын түсінген шығарсыз? Бүгінгі журналистердің жазғандарының дені кітапқа жарамайды. Еріксіз әйгілі сайқымазақ актер Құдайберген Сұлтанбаевтың «Теріп алар, шаншып алар түгі жоқ» дегені ойға оралады. Шүкір, Жанболат көтерілген шыңды қазақ баспасөзінің асқары деп батыл айта аламыз. Қаламына сүйенген жанға бұдан артық ештеңенің қажеті шамалы. Қызмет пе, жоғары лауазым ба, қоқиған орынтақ па?.. Журналистикадағы биік баспалдақтарға рет-ретімен өрлеп жоғарылады. «Қазақстан коммунисі» журналында, «Халық кеңесі» газетінде жауапты қызметтер атқарды. Қазір «Егемен Қазақстанда» — Вице-президент-Бас редактор. Бір жақсысы, өзі айтпақшы, «Қызмет атаулы мені өзі қуып келеді». Бұл да қаламның күші мен құдіреті болса керек.

 Бақытты, маңдайы жарық  қалам иесі осындай-ақ болар…

 

***

 …Астананың аязы бет  қариды. Жел күшейген сайын өршелене түсетіндей. Сенбі-жексенбі күндері жылы үйде шәниіп жатқанда көп нәрсені білмейді екенбіз. Әншейінде сеңдей соғылысып ағылған жеңіл мәшине де көрінсейші! Автобус тосқанымызға да біраз уақыт. Қиястау, басқа бағытпен жүретін екі-үш маршруткаға отырмағанымызға өкініп тұрғанымызда күткен автобусымыз да ыңыранып кеп тоқтаған. Бүрсеңдеген топпен бірімізді-біріміз итере-митере ішке лап қойдық. Әйтеуір, мес қарын әйдік автобус бостау көрінді. Орта тұстағы орындыққа жайғасуым мұң екен, жанымда түрегеп тұрған Жанна:

 – Байқадың ба, қарама-қарсымыздағы  үлкен кісіні, – деді құлағыма  сыбырлай. – Жанболат ағаның «Ашылмаған  аралдарын» оқып отыр.

 Әуелде онша мән  бермеген мен бусанған көзілдірігімді  сүртіп, ілгері ұмсына мойнымды  создым. «Жазу-сызуға қатысы бар  таныстардың бірі боп жүрмесін, ә?..». Жоқ, мүлдем көрмеген адамым. Сыртқы пошымы да, киім киісі де қалалықтан гөрі, қырдың қазағына көбірек ұқсаңқырайды. Аязды елейтін түрі сезілмейді. Түлкі тымағын шешіп алыпты. Жылтыр тысты «Ашылмаған аралдардың» астында жатыр. Бір айдың о жақ бұ жағында сыпырып тастаған қайратты бурыл шашы үрпиіп-үрпиіп шалынады. Нағыз сахараның серке серісі. Бейқам, кітаптан бас көтерер емес. Қасындағы орыс кемпір орнынан ауыр қозғалып, түсуге әзірлене бастағанда мен де бейтаныс жолаушыға жақындадым.

 – Е-е… келіңіз, мұнда  жайғасыңыз, – деді ол жалма-жан  ыңғайымды сезе қойып.

 – Кітаптың қызығымен  түсетін аялдамаңыздан өтіп кетіп  жүрмеңіз, – деп күдікті ойымның  ұшын шығардым. – Бағанадан бері  сырттай бажайлап келемін. Астананың  қонағы боларсыз…

 Ол кітабын сарт  еткізіп жауып, бүкіл ықылас-назарын  аудара тіл қатқан:

 – Саспа, қарағым. «Көкталға»  барамын, ең соңғы аялдамадан  түсемін. Дұрыс айтасың, осындағы  ұлымның үйіне қыдырып келгенбіз, кемпір екеуміз. Өз еркіміз өзімізде. Пенсиядамыз. Астаналарың әжептәуір еңселеніп, көріктеніп қалыпты. Үлкен ұлым осыдан алты-жеті жыл бұрын «Көкталдан» жер алып, үй салуға кіріскенде қатты алаңдап, әбіржіген едік. «Тәуекел түбі – жел қайық» демей ме? Құдайға шүкір, ел қатарлы үш-төрт қуысы бар шағын үй салып алды. «Өз үйі – өлең төсегі». Қазір көңілім бірленгендей. Жыл аралатып келіп, аунап-қунап қайтамыз, қарағым. Емін-еркін қозғалуға қол қысқа. Азын-аулақ малдың арқасы ғой. Зейнетақымыз шамалы… Сонда да ептеп-септеп қағыстырып, керекті кітаптарымды іздеп жүріп сатып алатын «жаман» әдетім бар. Бүгін Астананың орталығындағы екі-үш дүкенді сүзіп шықтым. Барлық кітабың осында сықиып тұр. Біздің Аягөзден қажетті кітаптарыңды таппайсың-ау…

 – Сонда, сіз Аягөзденсіз  бе?

 – Иә, қарағым. Мен  саған өзімді жөндеп таныстырмаппын. Аты-жөнім Ерғазы Қоянбаев. Зейнеткерлікке шыққанға дейін мектепте мұғалім болдым. Онан кейін де тиіп-қашып, құрылыста, жол бойында істедім. Ақша деген жетуші ме еді? Қанағат керек, ынсап керек. Қазір үйдемін, кемпірдің қасында. Өз тізгінім өзімде дегенді әлгінде бекер айтпасам керек. Кітап дүкендерін аралап, мыналарды сатып алдым емес пе?..

 Әңгімешіл ақсақал  тізесінде жатқан тымағын милықтата  киіп алды да, пакетін саудыратып-сылдыратып  аша бастады.

 – Өңкей жерлестеріңізді  жинап алыпсыз ғой, – дедім таныс мұқабаларға көзім түскен мен.

 – Қой, қарағым. Өзіме  ұнайтын жазушылар осылар. – Сәл  ыңғайсыздана ыршып түскен Ерекең  мән-жайды түсіндірген. – Мұхтар  Мағауин қазіргі ең мықты жазушы  ғой. Ақиқатын айтшы өзің, одан  асатын кімің бар? Ал Қабдеш  Жұмаділовтың «Мәңгілік майданын»  бүкіл зиялы қауым ауыздарынан тастамай мақтап жүр емес пе?! Тұрысбек Сәукетайдың «Ай қараңғысы» романы туралы Әзілхан Нұршайықов ағамыз кезінде жылы лебізін білдірген. Қолыма түсіре алмай жүр едім. Енді ауылға барған соң оқимын. Мына Жанболат Аупбаевты көптен бері білемін. Жазғандарын қадағалап жүремін. Газет-журналдарда шыққандарын тегіс қиып алып, бір папкеге сақтаушы едім. Міне, жақсы болды. «Ашылмаған аралдар» деген жеке үлкен кітап қып жариялапты. Жанболаттың жазғандары тамаша. Тағдыры қызық әйгілі адамдар жөніндегі дүниелері кімді болсын қызықтырады. Шетінен парақтап отырмын, бәрі-бәрі бар екен. Осыдан отыз-қырық жыл бұрын біздің «Таңсықтағы» Қозы-Көрпеш – Баян-Сұлу мазарының мүшкіл хәлі жайында жазған сын мақаласы еміс-еміс есімде. Меніңше, Жанболаттың осы материалының жаңғырығы аудан, облыс басшыларына қатты ықпалын тигізсе керек. «Махаббат мазары» атанған тарихи ескерткіштің әу бастағы қалпын сақтап қалуға, тіпті, республикалық қорғауға алынатын ғажайып жәдігерлер қатарына қосылуына әсер еткені даусыз. Жанболатты бертінге дейін Семей өңірінің азаматы деп ойлайтынмын. Сөйтсем, ол біздің Аягөздің күйеу баласы көрінеді. Мейлі, қайда жүрсе де аман-есен болғай! Ол да Алаштың бір азаматы емес пе?! Өз басым жазғандарын өте қадірлеп, құрметтеймін… Бірақ өзімен кездесудің, жолығып сөйлесудің сәті түскен емес.

 – Келіп қалдық, келесі  аялдамадан түсеміз.

 Қалың топтың арасынан  естілген жұбайымның даусы орнымнан  еріксіз тұрғызған.

 Жол үстінде танысқан  Ерекеңмен асығыс-үсігіс қоштастым…

 Аз уақытта әңгімеміз  жарасқан жаңа танысымның түр-тұлғасы күні бүгінге дейін көзімнің алдында көлбеңдеп, аңқылдаған сөзі құлағымның түбінде күмбірлеп тұрғандай. Құдды бір ежелгі танысымдай…

 

***

 «Сәлеметсіз бе, апай!

 – Хуш омадед!

 Кездесудің алғашқы  сәтіндегі осы бір сөздерден  кейін мен өзімді сәл-пәл еркін сезінгендей болдым. Қараймын, денесі орта бойлыдан сәл қалқыңқы келген ол кісінің қимылы, тіптен, ширақ. Шығыстық сөйлеу мәнері басым қоңыр үнінен кішіпейілділіктің, адамды жатырқамайтын бауырмашылдықтың лебі еседі. Сырт көздің шағын уақыт аралығындағы шамалап үлгерген сыншыл әсері қойсын ба? Дегенмен, дәл қазіргі сәтте қарсы алдымызда отырған осы бір жанды өзіміз білетін өмірбаянына қарап, енді «баршын жасынан асты» деудің өзі қиын сияқты.

 – Ғафу етіңіз, –  деді сәл үнсіздіктен кейін  ол. – Жаңа бір әзірде ғана тәжік телевизиясының жастар редакциясы осында телефон соққан еді… Орталық газеттердегі маған қатысты әлдебір мақалалардың шыққан мерзімін анықтап беруді сұрайды. Егер асықпасаңыз, сол шаруаны реттеп тастаған соң әңгімелессек…

 – Жарайды!».

 

***

 «Дала. Қыс. Аяз. Қожыр-қожыр  қойтастардың арасындағы қарлауыт  жол. Таңғы бұрқасын үріп тастаған  онымен жүргенімізге де біраз  уақыт болған. Бірақ алдымыздағы  қайқайып жатқан құбажон қыраттар  таусылар емес. Бір белестен соң…  бір белес. Шеті де, шегі де жеткізбейтіндей көрінеді адамға.

 Аудан орталығынан  шыққалы бері әр әңгіменің  басын бір шалған біздер мәшиненің  жайсыз жүрісінен кейін үнсіз  қалғанбыз. Тек жүргізуші жігіттің  қимылында ғана дамыл жоқ. Тарам-тарам  дала жолдарының сұлбасын тапжылтпай тап баса отырып, Газ-69-ды ұршықша үйіріп келеді. Ал, айнала төңірек болса… шыр-көбелек айналып, артта қалуда. Дүние тым-тырыс. Көкала аяздан көзін аша алмай тұрған Арқаның айшықты белдері марғау тіршілікке бөгіп тұр.

 Міне, жол тағы бір  жолбарыс жонды жотадан асып түсті. Осы мезетте мәшине рөлімен алысып келе жатқан жүргізуші жігіт: «Әне, Тасқора!» – деп қуана дауыстап жіберді. Алға көз тіккенімізде сырты аппақ жұмыртқадай боп әктелген, еңселі әрі ауласы қардан тап-таза боп аршылған үш үй көрінді. Жақындай келе байқадық, мамағашта ертоқымды кертөбел ат тықыршып тұр. Қора жақта қасқырға салсаң да қаймықпайтындай қауқары бар қарала төбет төңіректі басына көтере үруде. Ал, қоршаудың күншуақ жақ бетіндегі тұғырда дүр-дүр сілкіне шаңқылдаған шегір көзді қыран бүркіт отыр. Осының бәрі қияндағы мына қыстаудың өзгеге көп ұқсай бермейтін өмірінен бірден хабардар еткендей».

Информация о работе Ж Аупбаев - журналист, публицист