Ж Аупбаев - журналист, публицист

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 11:03, дипломная работа

Краткое описание

Осы мақсатқа сай диплом жұмысының алдына мынадай негізгі міндеттерді шешу мәселелері қойылды:
- Жанболат Ауытбаевның журналистикаға келіп, баспасөз ісіне араласуына, публицист ретінде қалыптасуына әсер еткен қоғамдық-саяси, әлеуметтік-тарихи факторларды анықтау;
- Жанболат Ауытбаевның журналистік қызметінің хронологиялық кезеңдерін саралап, қазақ баспасөзінің дамуына қосқан үлесіне баға беру;
- қаламгер публицистикасының қоғамдық-саяси салмағы мен идеясын, тақырыптық сипатын қазіргі заман шындығымен байланыстыра, сабақтастыра талдау;
- журналистің публицистикалық шығармаларының қоғамдық-саяси мәні өткір, мейлінше өзекті екенін бүгінгі заманның талап-талғамы тұрғысынан бағалап, дәлелдеу;
- Жанболат Ауытбаевның публицистикалық еңбектерінің басты сипатын, басқа публицистерден дараланатын негізгі ерекшеліктерін айқындау;
- публицист шығармаларының жанрлық әр алуандылығын, стильдік, тілдік ерекшелігі мен образ жасаудағы журналистік әдіс-тәсілдерді қолдану шеберлігін саралау;
- журналистің көркем-публицистикалық очерктерінің әдеби, публицистикалық тіл кестесіне талдау жүргізу;

Содержание

Кіріспе........................................................................................................3-6
1 Ж. Ауытбаевтың журналистік ғұмырбаяны..............................................7-31
1.1 Журналисттік қызметтегі алғашқы қаламгерлік ізденістер.........................7
1.2 Облыстық, республикалық басылымдардағы публицистикаларының проблематикасы.....................................................................................................15
1.3 Қазақ баспасөзін өркендетудегі публистистикалық еңбектерінің мәні....................................................................................................23
2 . Ж. Ауытбаевтың журналистикасы......................................................32-58
2.1 Қаламгер журналистикасының тақырып ауқымы, мазмұн тереңдігі..................................................................................................................32
2.2 Ж. Ауытбаев көсемсөздерінің жанрлық түр алуандығы, стильдік айшықтары.............................................................................................................40
2.3 тілши сухбаттары мен мақалаларындағы әдеби-көркем, публицистикалық тіл кестесінің ерекшеліктері......................................................................48
Қорытынды..............................................................................................59-60
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................61-63

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жандос Аупбаев журналист.doc

— 537.50 Кб (Скачать документ)

Екінші, көптеген қылқалам шеберлері кітап графикасындағы иллюстрацияларды жасау барысында алдымен сол шығарма авторының портретін салып, содан кейін оның әдеби дүниесіндегі сюжеттерді бейнелеп, одан қала берді көркем туындыны оқу барысындағы ұсақ-түйек елестерден коллаж құрастырып ұсыну сияқты шиыр ізден шыға алмайтын. Қайырбай ондай стилизацияға ұрынбаған. Ол бұл жердегі өзінің басты міндеті ақын шығармаларына өзек болған сол кездегі рухани өмірді кескіндеу, Базардың жандүниесін ашатын тұстарды тап басып бейнелеу, жырау идеялы – ізгілік нұрын суретпен сөйлету деп түсінген. Дұрыс шешім. Дәл осындай тамаша идея бір кездері марқұм  Мақым Қисамединовтің 6 линогравюрадан тұратын «Махамбет»  графикасында жарқырай көрінген еді. Бұл туралы Әбекең – Әбіш Кекілбаев сол уақытта: Ол кітап графикасындағы ең көп тараған әдіс – шығармада суреттеліп отырған жағдайға сай иллюстрация жасауға да, не әдеби шығарманы оқи отырып суретші көңілінде туған көркем ассоциацияларды бейнелеп, өлең авторымен бәсекеге түсуге де ұрынбаған. Сондай-ақ Мақым Қисамединов Махамбетті бейнелейтін линогравюраларында оның ақындығын бір бөлек, азаматтық келбетін бір бөлек көрсетемін деп  бөліп-жарып жатпайды. Суретші күрескер ақын өмірінің кез келген күнінде кездесетін, күллі өмірінің мәні болған сәттерді тап басып бейнелеуді мақсат тұтқан. Бұл кітап графикасында, әсіресе, поэтикалық шығармалар иллюстрациясында аса сирек ұшырасып жүрген соны мінез, соны шешім»,- деген болатын. Ол Қайырбайда да солай. Қылқалам шебері «Бұқар жырау» кітабына иллюстрация» серияларын осы сарындас, бірақ өзіне тән қолтаңба, өзінің фантазиясына лайық шешім арқылы орындап шыққан. Ескерте кетейік, қасаң композиция , жаттанды схематизмнен ада мұндай стиль кейіпкеріміздің тек осы иллюстрациялық топтамаларында ғана кездесіп қоймайды. Еркін де жаңаша ойлау машығына толы ондай сырлы сызықтар мен буырқанған бояулар Қайырбайдың «Шыңғыс Айтматов шығармаларын оқығанда», «Ақын Иранбек Оразбаев өлеңдерінен туған ой» атты графикалық туындыларында да молынан ұшырасады. Бұл қасиет нағыз таланттарға ғана тән қажыр-қайрат пен рухани қуат-күшті аңғартқандай.

       Қылқалам  шеберінің келесі біз сөз етпек  болып отырған «Ежелгі Жент  қаласы туралы фрагменттер» топтамасы да әп дегенде түсінуге өте ауыр, жұмбақ туынды. Мұның күрделігі сонда, жұршылық бұл картиналар сериясынан орта ғасырдағы аруақ қонып, нар шөккен, «Жібек жолының» шулы да дулы шаһары атанған кентті көре алмайды. Ондай панорамалық полотноның орнында есте жоқ ескі замандағы ғасырлар бәйгесінен бізге озып келіп жеткен қираған қамал құландылары, қаңырағанкеруен сарай қабырғалары, су шайып, жел мүжіген күзет мұнаралары пішіндес қаңқалар тұр. «Бұлардан не түсінуге болады?» - дейсің алғашында абдырап. Содан соң барып суретшінің қарт Сейхун бойындағы аңыздар қаласын жеке-жеке деталь арқылы бейнелегенін ұғынасың. Иә, ежелгі көне кент-Жент қылқалам құдіретімен бізге өзінің суға салса батпаған, отқа түссе күймеген тірі айғақ, нақты заттық белгі – архитектуралық-археологиялық ескерткіш үлгілері арқылы сөйлеп тұр. Көзге елестетіп көріңіз, қанқұйлы шапқыншы жау ойранынан кейінгі жермен-жексен болып қираған қаладан не қалушы еді? Құлаған қорған...Төбесі ортасына түсіп қираған үй...Қаңыраған көшелер мен желден ысқырық тартқан мұржалар...Атамекен абыройы – туған қалас үшін бастарын өлімге тігіп, шейіт болған мың сан боздақ...Сол сұрапыл кезеңдерден бергі ғасырларда уақыт шаңына көміліп қалмай бізге аман жеткен жәдігерлерді образ ретінде алған Қайырбай өз фрагменттерінде оларды былай тірілтеді.  Женттегі археологиялық қазба жұмысы кезінде табылған темір ошақ шеңбері қазақ жұртының киесі болып саналатын шаңырақ та, ал оның үш бұты сол шаңырақты көкке көтеріп тұрған үш сарбаз; жаңбыр жуып, жел мүжіген керуен сарай; бағанасы – балбал; күнге қурап, құр қаңқасы ғана қалған құранды ер – алға қарай атылайын деп тұрған дәуіт – шегіртке; шөп басып кеткен ор жиегіндегі тот басқан қыпшақы қайқы қылыш – көзге түртсе көргісіз қараңғы түндегі қияннан ілмиіп туып келе жатқан жартыкеш жіңішке ай; қошқар мүйізді оюмен өрнектелген көне фасадтың сынығы – жиырылып тұрған ұлы ретінде көрініс тапқан. Ал, қос қыш құмыра ше? Ол екі бүйірін таянып жоқтау айтып отырған қаралы әйелді көзге елестетеді. Айта берсек мұндай мысал-теңеулер көп. Тіптен көп! Бұдан түйер қорытынд: осы фрагменттердегі қосарлы деталь-образдар  бірігіп келіп, ежелгі Жент шаһарының  жиынтық бейнесін бергендей. Басқа көрермендер оны қалай ойлайды білмейміз, ал біз өзіміз сөз етіп отырған жоғарыдағы картиналар сериясын осылай түсініп, осылай қабылдадық.

Қайырбайдың «Арал туралы триптих», «Ақын Иран-бек Оразбаевтың өлеңдерін оқығанда туған ой» туындыларының айтар ойы мол. Алдыңғы аталған шығармадағы экологиялық апаттан тілім-тілім боп жарылып кеткен теңіз табаны – қу тақыр тасбақаның кебір қабығын көзге елестетеді.  Сол тасбақа – тажал өзінің өлі қабатымен бірте-бірте адамдар тіршілік етіп жатқан аймақты қусырып,  қыспаққа ала тарылтып келе жатыр. Арал трагедиясын қылқаламмен бұдан артық қалай түсіндіруге болады.? Ал, екінші картинадағы замана желі шайқаған алып шынар мен түйе үстінен құлап бара жатқан адам бейнелерін де терең ой құшағына берілмей көру мүмкін емес. Әсіресе мұндағы оқыс мінез, тентек қылық, көрсете бермейтін көнтерілі қара нар силуэті... Осыны бір момын жануарды қатты шамдандырып алған мынау бейбақтың құйысқанға қарай сыпырыла түсіп бара жатқанын көргенде оны елдің  мұң-мұқтажын елемей келіп, енді құрдымға құлаған жайдақ басшылардың бірі ме деп қаласың. Сондай-ақ, «Дала». Тұлпар. Кеңістік» деп аталатын офорттағы әдеттегі табиғи қапастан атылып шығып, арындай шапқан бұл тұлпардың еркін екпіні көз алдымызға егемендік алған еліміздің  тәуелсіздігін елестеткендей.

         «Шабы поэзияда қандай керек  болса, геометрияда да сондай  қажет»,-деген екен математик  А.Лобачевский. Дұырс айтылған сөз. Себебі, буырқанған бұла сезім мен қылт еткенді қағып алатын қағылез қиял, жаныңды жеп жан таптырмайтын жігерлі ізденіс болмаған жерде істеген ісіңнен береке көріп, барқадар таппайсың. Осы тұрғыдан алғанда  біз суретші Қайырбай Зәкіровтің шығармалары нағыз шамырқанған шабыттан туған толыққанды туындылар деп айтар едік. Оған оның жоғарыдағы картиналары анық дәлел. Логикасы жүйрік жандарға қылқалам  шеберінің творчествосын түсіну қиын емес. Кілтін тапқан адамға олар құдды өлең жолдары сияқты үнсіз сөйлеп қоя береді.

Өлең  жолдары демекші көрмеде суретші Қайырбай Зәкіровтің жиырмадан астам поэзиялық туындылары да қойылған. Өзіне ғана тән қоңыр үні бар бұл сазды шумақтардан қылқалам иесінің әр жылдардағы  көңіл-күй ауанын аңғарғандайсың. Мәселен:

Саққұлақ түн. Сауран маңы. Саналарда сары мұң.

Жұлдыздардың пейілдері: аумағындай тарының.

Қамал іші...қурайлардан семіп қалған үміттер

Сараң айдың жарығы...

...Тілім-тілім тұнжыраған  тұлғасына қарасаң,

Сары атандай Сауран биік: ал көңілі аласа.

Жетігеннің шанағында жеті ғасыр өксіді

Табылмай-ак ал алашта қарындасқа араша.

деген шумақтарды да толқымай, тебіренбей оқу мүмкін емес. Тұнып тұрған теңеу мен образдарға толы бұл өлең жолдары оқырманға сөзбен салынған суреттей әсер қалдырады.

График- суретші Қайырбай Зәкіров... Ол ақын да. Сыр сүлейлері Балқы Базар, Шораяқтың Омары, Кете Жүсіп, Дүр Оңғар, Нұртуған жыраулардың толғауларын түнді-түнге ұрып жадуалдай жатқа айтатын  термешілік өнері және бар. Бұған оның зергерлік, реставраторлық, архитекторлық қырын қосыңыз...Осындай тамаша қасиеттердің иесі, еңбекқор жан ол бұл күндері творчество адамдары ғана түсінетін Евклид кеңістігіндегі шабыт траекториясымен қалықтап келе жатыр. Самғауың сәтті, жолың жемісті болсын ақкөңіл де аңғал, ақжарқын Қайырбай дос!

1996 жыл

Авторлық анықтама. Қайырбай Зәкіровтің өмірбаянында көп өзгеріс жоқ. Ол сау-сәлемет қазір сол Қызылорда қаласында тұрып жатыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3 тілши сухбаттары мен  мақалаларындағы әдеби-көркем, публицистикалық  тіл кестесінің  ерекшеліктері

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1-Шархан ҚАЗЫҒҰЛ. Егемен Қазақстан. Астана .2013 жыл. 16 наурыз

 

 

 


 



Информация о работе Ж Аупбаев - журналист, публицист