Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 11:03, дипломная работа
Осы мақсатқа сай диплом жұмысының алдына мынадай негізгі міндеттерді шешу мәселелері қойылды:
- Жанболат Ауытбаевның журналистикаға келіп, баспасөз ісіне араласуына, публицист ретінде қалыптасуына әсер еткен қоғамдық-саяси, әлеуметтік-тарихи факторларды анықтау;
- Жанболат Ауытбаевның журналистік қызметінің хронологиялық кезеңдерін саралап, қазақ баспасөзінің дамуына қосқан үлесіне баға беру;
- қаламгер публицистикасының қоғамдық-саяси салмағы мен идеясын, тақырыптық сипатын қазіргі заман шындығымен байланыстыра, сабақтастыра талдау;
- журналистің публицистикалық шығармаларының қоғамдық-саяси мәні өткір, мейлінше өзекті екенін бүгінгі заманның талап-талғамы тұрғысынан бағалап, дәлелдеу;
- Жанболат Ауытбаевның публицистикалық еңбектерінің басты сипатын, басқа публицистерден дараланатын негізгі ерекшеліктерін айқындау;
- публицист шығармаларының жанрлық әр алуандылығын, стильдік, тілдік ерекшелігі мен образ жасаудағы журналистік әдіс-тәсілдерді қолдану шеберлігін саралау;
- журналистің көркем-публицистикалық очерктерінің әдеби, публицистикалық тіл кестесіне талдау жүргізу;
Кіріспе........................................................................................................3-6
1 Ж. Ауытбаевтың журналистік ғұмырбаяны..............................................7-31
1.1 Журналисттік қызметтегі алғашқы қаламгерлік ізденістер.........................7
1.2 Облыстық, республикалық басылымдардағы публицистикаларының проблематикасы.....................................................................................................15
1.3 Қазақ баспасөзін өркендетудегі публистистикалық еңбектерінің мәні....................................................................................................23
2 . Ж. Ауытбаевтың журналистикасы......................................................32-58
2.1 Қаламгер журналистикасының тақырып ауқымы, мазмұн тереңдігі..................................................................................................................32
2.2 Ж. Ауытбаев көсемсөздерінің жанрлық түр алуандығы, стильдік айшықтары.............................................................................................................40
2.3 тілши сухбаттары мен мақалаларындағы әдеби-көркем, публицистикалық тіл кестесінің ерекшеліктері......................................................................48
Қорытынды..............................................................................................59-60
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................61-63
Жоғарыдағы бұл екі
шағын үзінді Жанболаттың «
Кеңес дәуірінде оқулықтардан,
газет-журналдардан суреті
Қайран қалмасқа, таңдай
қақпасқа шараң жоқ. Өмірдің өзінен
ойып алған осындай
Орайлы тұста «Ашылмаған аралдардың» сүйегін құрайтын туындыларды бұтарлап талдамай, желе-жортып шолғанды дұрыс санадым. Белгілі спорт журналисі Несіп Жүнісбайұлының тұңғышы Толқынды аялап ұстап отырған әйгілі ғарышкер Алексей Леонов («Жер – ғарыш жағалауы»), атақты қолөнер шебері Дәркембай Шоқпарұлы («Үндестік заңы»), ғарышқа тұңғыш рет жол салған Юрий Гагаринге сабақ берген ақмолалық ұстаз Ж.Ысқақов («Гагаринді оқытқан Жақыпбек»), әлемнің 65 елінде болып, «Киносаяхаттар клубын» жүргізуші жүрекжұтқан тележурналист-саяхатшы, есімі «Гиннесстің рекордтар кітабына» жазылған Ю.А.Сенкевич («Дүлей мұхит. Қамыс қайық. Адамдар»), сирек мамандық иесі Тыныбек Танин («Каскадер»), ионосфераны зерттеуші физик-ғалым Данабек Бименов («Антарктидаға барған»), «Комсомолец» сүңгуір қайығының 1-ші рангалы капитаны Талғат Бөріқұлақов («Біз білмейтін бейне»), тағдыр тәлкегін белден кешкен жазушы Кәмел Жүнісов («Диссидент»), т.б. деп соза беруге болар еді. Өйтпедік.
Жанболат-журналистің, Жанболат-жазушының
авторлық айдары аясында
Сөзбен өрнектелген, сөзбен
сомдалған, сөзбен қашалған
***
…Журналистика жүйрігі
Жанболат қолтаңбасына тән
Әрдайым ізденісте жүретін публицист кейіпкеріне қатысты көп жұрт біле бермейтін елең еткізер дәйектерді, беймәлім штрихтарды ұтымды қиюластырады. Әдетте, «сұхбаттар, интервьюлер, сапарнамалар оқылмайды, бірін-бірі шиырлап, қайталап жатады» деп безбенге салатынымыз бар. Жоқ! Олай айту – ұшқарылық. Тек бәрі де жазушының шеберлігіне, ұсталығына, қарымдылығына байланысты.
Ендеше, Жанболаттың «Азияның
айдары», «Құбылаға қара», «Қаһан
еліндегі қазақтар», «Жер түбіндегі
ел», «Бір қиырдан… Бір қиыр!»
тәрізді сафари хикаяларын
«Ол өмірге келгенде
дүние дүбірлі оқиғаларға толы
еді. Қалай дейсіз ғой? Бұл кезде
алыстағы Абиссиния жері от-
– Кейін барша жұрт «замана трагедиясы» деп атап кеткен 37-ші жылғы нәубет басталғанда мен бір жасқа жаңа ғана толған сәби екенмін, – деді Олжас аға Медеу іргесіндегі үкінің ұясындай дача терезесінен қылаулай жауған қарға көз тастаған күйі ойлана тіл қатып. – Есейе келе білдім, оның ызғары біздің отбасымызды да қарып өтіпті. Олай дейтінім – туған әкем, әскери қызметкер Омар Сүлейменовтың сол зобалаңда халық жауы атанып, атылып кеткендігі. Анам Фатиманың айтуынша, ол кісі республикамыздағы тұңғыш құрылған қазақ атты әскер полкінің офицері болған. Еске түсірейік, Сталин 37-ші жылғы нәубетті ойластырғанда бұл бағыттағы «ұйымдастыру жұмысын» ең алдымен барлық жердегі ұлттық әскери бөлімдерді таратудан бастады емес пе? Сөйтіп, олардағы басшы командирлер құрамын атып-асып, лагерьлерге айдауға жібергені мәлім. Менің әкем, міне, осы кезеңнің құрбаны. Ол сол кезде ұсталып, хабарсыз кетті. Рас, кейін тарихшы Лев Николаевич Гумилев маған өзінің репрессия жылдарындағы көрген азабын сөз ете келіп, түрмеде Омар Сүлейменов деген адаммен жылға жуық уақыт бірге жатқанын, сөзіне, сырт келбетіндегі ұқсастықтарға қарағанда ол кісінің менің әкем екенін айтып сендіргені бар. Бұдан басқа ешқандай дерек жоқ.
Ақын аға осы сөздерді айтты да ауыр күрсінді. Күрсінетін жөні бар. Неге десеңіз, әңгімеміз жоғарыдағыдай көңілсіз, қиын жайтты еске алудан басталып кетті емес пе? Оның үстіне бұл күні Алматының ауа райы да онша оңып тұрған жоқ болатын. Астана аспаны біртүрлі тұнжыраңқы, тұмандатқан күйде еді».
…Шымыр штрих. Көп жайдан сыр шертіп тұр. Артық-ауыс ештеңе айта алмайсыз. Бір Алланың алқауымен алапат сұрапылдан аман қалған үлкен ақынның тағдыры, ғұмыр белестері кімді болсын қызықтырары сөзсіз. Ал асылдың сынығы, тектінің тұяғы, есімі орбитаға шығып кеткен аңыз-адаммен емен-жарқын тілдесіп, әңгіме өрбіту үшін де қаламгерлік батылдық, биік өре керек-ау.
***
– Жанболат фамилиясын неге өзгертті?
Қаламдас ағайындармен кездескенде осы сауал үнемі алдымнан шығып жүрді.
Әрқайсысына жеке-жеке қалай түсіндіресің. Реті келді. Айтайын. Оқиға былай болған еді.
…Жылашар нөмірде (2001 ж.) Жанболаттың «Ашылмаған аралдар» аталатын төл айдарымен «Диссидент» очеркі шығып бара жатқан-ды. Ол өзінің материалына тұңғыш рет мынадай подпись қойған – Жанболат Әлиханұлы (Аупбаев). Әдеттегідей кешкісін мерекелік газеттің әзірленген ең соңғы беттерін жалбыратып апарып Бас редактордың заңғарадай бөлмесіндегі дөңгелек үлкен үстелге жайып тастап, редактораттың мүшелері шұқшиып қарай бастаған. «Егемен Қазақстанға» жаңадан басшы боп келген Сауытбек Абдрахманов әр бетке ықтияттап жанар жүгіртіп, келесі бетке үңілген күйі:
– Жәке, ендігі жерде подписіңізді осылай жазасыз ба? Жақшадағы фамилия қашанға дейін тұрмақ, – деді жымиып.
– Бұдан былай аты-жөнімді өстіп жазбақшымын, Сәке. Жаңа төлқұжат алдым. Атамның аруағы риза шығар маған. Ендігі жерде дүниелеріме өз әкемнің атын қоямын. Наурызға дейін оқырманның көзі үйренсін, сосын жақшадағы фамилияны алып тастаймын ғой.
Жанболаттың мына сөзінен
кейін ештеңеге зер сала
Міне, содан бері де
бір мүшел айналыпты-ау!? Сөйтсе
де, оқырман қауым сүйікті
***
Қадірлі оқырман, белгілі
журналист жайындағы жазбамызды
Біз бүгін қырық
жылдан бері қоян-қолтық, тонның
ішкі бауындай қатар келе
***
…Кейіпкеріміз жөніндегі
деректерді түйіп-түйіп
Жанат ЕЛШІБЕК,
жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты.
Астана
Жанболат Аупбаевтың «Ашылмаған аралдар» кітабындағы суретші Қайырбай Зәкіровпен сұхбаты.
Шабыт траекториясы
Эрмитаждағы живопись
шығармаларынан алған әдемі
Дәл осындай
жағдай қызылордалық қылқалам
шебері Қайырбай Зәкіровті ң
облыс орталығында өткен
Дұрыс түсініңіздер, құрметті оқырман, біз бұл жерде барлық жаңалықты тек Қайырбайға ғана теліп, жақсылық атаулыны бір соның басына үйіп-төгейік деп отырған жоқпыз. Мәселе – басқада. Ол оның күрмеуі көп күрделі жанр- графиканың бояуға тапшы, детальға бай қыр-сырын қалай игеріп, бұл саладағы бүгінгідей тамаша жетістікке қалай қол жеткізді деген сауалға жауап іздеуге тырысу.
Осыны ойлағанда сонау алпысыншы жылдардағы «хрущевтік жылымық» кезінде елді өз туындыларындағы тосын шешім, тың үрдісімен елең еткізген Салихиддин Айтбаев, Мақым Қисамединов сынды суретшілер еске түседі. Олардың жаңашылдығы неде еді? Жұртшылық жақсы білетін болар, өнер үшін түрі –ұлттық, мазмұны – социалистік, бағыты – интернационалистік ұранын ұстанған кеңестік идеология ол кездері Батыстағы кубизм, конструктивизм және сюрреализм сияқты ағымдарға шошына қарайтын. Айтар ойын астарлап, тұспалдап жеткізеді демесе, Пабло Пикассо, Ренато Гуттузо сияқты саңлақ суретшілер жүріп өткен бұл жолдан үркетіндей, оны құбыжық көретіндей ештеңе жоқ еді. Қайта ол ағымдар қылқалам иелерін әлемдік өркениеттің озық үлгілері деңгейінде ойлауға үндейтін. Батыс сурет өнеріндегі осы мектепті біздегі тоталитарлық жүйе « буржуазиялық кертартпа бағыт» деп қанша мансұқтағанымен мәскеулік қылқалам шебері Э. Неизвестный, алматылық графиктер С. Айтбаев пен М. Қисамединов ол айыптауларға мойынсұнған жоқ. Олар аталмыш ағымдардан қажетті деген синтездік ньюанстарды бойларына үнсіз сіңіре отырып, өз шығармаларына сыздықтата енгізу арқылы жаңа үрдіске жол ашты. Біздің кейіпкеріміз Қайырбек Зәкіров – сол тұлғалардың шәкірті әрі лайықты ізбасары. Ол міне, 25 жыл бойы аталмыш дәстүрді нағыз творчество өкіліне тән интуициямен байыта дамытып, табандылықпен жалғастырып келеді.
Осындай сабақтастықтан бастау алған жанкешті еңбектің нәтижесінде ол ширек ғасырға жуық уақыттың ішінде ойлы, жұмбақ көрініске толы 100-ден астам картиналар сериясын өмірге әкелді. Бұлардың ішінде , әсіресе, «Арал туралы триптих», «Базар жырау» кітабына иллюстрация» , «Түс көру», « Ежелгі Жент қаласы туралы фрагменттер», «Шыңғыс Айтматов шығармаларын оқығанда», «Балалық шаққа саяхат», «Дала. Тұлпар. Кеңістік» туындыларының орны бөлек. Аталмыш шығармаларды зер салып көрген кім-кім де болмасын оған әсте бейжай қарап, бейтарап қалмасы анық. Олар сол сәтте сан түрлі сезім толқынысын бастан кешіріп, сан қилы ой сілеміне берілері сөзсіз. Осы орайда көп көрерменнің бірі ретінде біз де сондай өз көңіл-күй әсерлерімізден туған пайымдауларымызды ортаға салуды жөн көріп отырмыз.
Қайырбайдың шоқтығы биік дүниелерінің бірі, көп суретттен тұратын « Базар жырау» кітабына иллюстрация» сериясы. Біріншіден ол – графикалық туынды. Өнердің бұл саласы жүрген жерде бояу түрлерінің шектеулі болатыны белгілі. Демек, графикамен иллюстрация жасау өмірдің мың сан құбылған таңғажайып әлемін тек екі түрдің – ақ пен қараның шарпысуына көгендеу деген сөз. «Базар жырау» сериясындағы детальдарға суретші осы тәсілмен келіп, бояу тапшылығын ешкімге сездіртпейтін жоғары шеберлік арқылы алып шыққан.