Ж Аупбаев - журналист, публицист

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 11:03, дипломная работа

Краткое описание

Осы мақсатқа сай диплом жұмысының алдына мынадай негізгі міндеттерді шешу мәселелері қойылды:
- Жанболат Ауытбаевның журналистикаға келіп, баспасөз ісіне араласуына, публицист ретінде қалыптасуына әсер еткен қоғамдық-саяси, әлеуметтік-тарихи факторларды анықтау;
- Жанболат Ауытбаевның журналистік қызметінің хронологиялық кезеңдерін саралап, қазақ баспасөзінің дамуына қосқан үлесіне баға беру;
- қаламгер публицистикасының қоғамдық-саяси салмағы мен идеясын, тақырыптық сипатын қазіргі заман шындығымен байланыстыра, сабақтастыра талдау;
- журналистің публицистикалық шығармаларының қоғамдық-саяси мәні өткір, мейлінше өзекті екенін бүгінгі заманның талап-талғамы тұрғысынан бағалап, дәлелдеу;
- Жанболат Ауытбаевның публицистикалық еңбектерінің басты сипатын, басқа публицистерден дараланатын негізгі ерекшеліктерін айқындау;
- публицист шығармаларының жанрлық әр алуандылығын, стильдік, тілдік ерекшелігі мен образ жасаудағы журналистік әдіс-тәсілдерді қолдану шеберлігін саралау;
- журналистің көркем-публицистикалық очерктерінің әдеби, публицистикалық тіл кестесіне талдау жүргізу;

Содержание

Кіріспе........................................................................................................3-6
1 Ж. Ауытбаевтың журналистік ғұмырбаяны..............................................7-31
1.1 Журналисттік қызметтегі алғашқы қаламгерлік ізденістер.........................7
1.2 Облыстық, республикалық басылымдардағы публицистикаларының проблематикасы.....................................................................................................15
1.3 Қазақ баспасөзін өркендетудегі публистистикалық еңбектерінің мәні....................................................................................................23
2 . Ж. Ауытбаевтың журналистикасы......................................................32-58
2.1 Қаламгер журналистикасының тақырып ауқымы, мазмұн тереңдігі..................................................................................................................32
2.2 Ж. Ауытбаев көсемсөздерінің жанрлық түр алуандығы, стильдік айшықтары.............................................................................................................40
2.3 тілши сухбаттары мен мақалаларындағы әдеби-көркем, публицистикалық тіл кестесінің ерекшеліктері......................................................................48
Қорытынды..............................................................................................59-60
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................61-63

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жандос Аупбаев журналист.doc

— 537.50 Кб (Скачать документ)

Потьмадағы лагерьде Құнанбай Бейсенұлы деген қария жатады сол кезде. Алашорда үкiметiне iшi жылып, үйiр-үйiр мiнiс көлiгiн берген ол әуелi Сiбiрге айдалып, кейiн осында тұрақтаған. 37 жыл бойы тұтқын болған. Туған жерi Ақмола облысындағы Жолымбет елдi мекенi екен.

Кәмел көрген саяси тұтқынның бiрi Құлмағамбетов деген жiгiт. Алаштың Тоқтар есiмдi тағы бiр азаматы да ұлтшылдығынан запа шегiп осында жазасын өтеп жатқан болып шықты.

Бұлардың бәрi ұлт тәуелсiздiгiн аңсады, сол үшiн соққыға жығылды, ар-намысы тапталды. Қамаудан шыққан соң да көзтүрткi болды. Ел өз тiзгiнiн өзi ұстаған тұста да егемендiкке емiн-еркiн еркелей алған жоқ.

Тағы да: «Неге?» – деген сұрақ кес-кестейдi.

Бұл сауалға азын-аулақ жауап бергендеймiз. Оның көл-көсiр себебi қоғамның тереңiнде. Ал қоғам дертiнен әлi айыға қойған жоқ. Себебi, ауру батпандап кiрiп, мысқалдап шығады.

Асылында дәуiрi жазбай таныған шын ардақтылар көп емес. Заманындағы бай-патша, қолбасшы, игi жақсылардың өмiрбаянын жалықпай жазып қалдырған Плутарх та ғұмыр кешкен уақытының сүйiктi құлы бола салған жоқ. Ұлы адамдардың қатарына ол Қайта өрлеу дәуiрiнде қосылды. Бұл тұста адамның ел алдындағы жеке ерлiгi, дара қасиетi дәрiптелген едi. Атақты дерекнамашы Ағарту заманы мен Француз революциясы кезеңiнде және бiр ардақталған. Ол шақта азаматтық парасат бәрiнен жоғары қойылған едi.

Бәлкiм, бiзге адамның ұлттық қаһармандығы мадақталатын қайта жаңғыру кезеңi қажет шығар. Жетпiс жыл бойы жалған ұрандар мен жалған қаһармандардан шаршаған ел дүр сiлкiнiп алуы керек-ақ қой.

Жанболат тапқан, тасада қалған тағдырларды елжiремей, емiренбей әңгiмелей алмайсың. Олардың әрқайсысы қазақ жұрты бастан кешiрген қиын тағдырдың бiр-бiр бөлшегi.

1887 жылы Орынбордағы кадет  корпусын үздiк бiтiрген соң, Мәскеудегi Александровск әскери училищесiн  тауысып, Орта Азиядағы 2-шi Түркiстан бригадасына қызметке келген қазақ ұланы Оспан Көбеевтiң ғұмыр дерегi көшқұлаш роман¬ға арқау боларлықтай. Осекең содан бастап кiлең қып-қызыл оттың iшiнде жүрген. 1904-1905 жылдары орыс-жапон соғысына қатысады. Атақты Порт-Артур шайқасында жараланады. Жазыла сала майдан¬ға қайта кiредi. Ерен ерлiгi үшiн офицерлiк Георгиев кресiмен марапатталған. Патшалық Ресейдiң басқа да қақтығыстарында көзге түсiп, подполковник шенiнде елге оралған жерлесiмiз 1919 жылы күзде Мұстафа Шоқаймен кездеседi. Сөйтiп Алаш ардақтысын Кетiк (Форт-Шевченко) портынан эмиграцияға кететiн алыс сапарға шығарып салады. Мұны қызылдар кешiрмейдi. Кейiн, яғни, арада тура 10 жыл өткен соң осы оқиғаны естерiне түсiрген НКВД қадiрмендi қарияны Гурьевке апарып атып тастайды.

Жанболаттың қаламы арқылы қалың қауыммен қауышқан Iкей Мизамұлы да өзгеге ұқсамайтын өмiр иесi. 21 жасында батальон командирi болып, атақты Халхин-Гол шайқасында ерекше ерлiгiмен танылған қаһарман қазақ жiгiтi ол – Моңғолияның тұңғыш Халық Батырларының бiрi. Жат жерде жүрiп жан берген ұланды мұндай қадамға итермелеген не нәрсе деген ой да қылаңытады санада. Ол намыс дер едiк. Иә, қазақы намыс!

Осы елде жүрiп генерал-майор дәре¬жесiне көтерiлген ұшқыш Хамза Зайсанов тiптен ғажап тұлға. Бiртуар қазақтың нағыз өзi. Шетел, жат жұртта жүрiп Моңғолия Әуе қарулы күштерiнiң қолбасшысы болған қандасымызға қалай мақтанбассыз, қалай таңданбассыз?! Осындай жаужүрек жан өткен ғасырдың 50-шi жылдары атажұртын аңсап Қазақстанға келгенде шенеунiктер жылы шырай танытпапты. Қамыға-қамыға керi қайтыпты. Жатқа жадағай, жақынға одағай бола салатын түсiнiксiз мiнезiмiзден түңiлсе керек.

Саналы ғұмыры Қытайда өткен Хасен генералдың өмiр жолы бiр кездерi ерiксiз шетел асқан қайран қазақтың бүкiл трагедиясына тұнып тұр. Ханьсу елiнiң соңғы императорларының бiрi Фу-Э тақтан түскен 1910 жылы үдере көшкен Ыбырайым қарияның ұрпағы талай қысылтаяңды бастан өткередi. Оң-солын танып үлгермеген жеткiншек қытай партизандарына қосылады. Қолбала болады. Барабан соғып, кернейшiлiк қызмет атқарады. Жүрекжұтқан барлаушы ретiнде танылады. Ақыры 1936-1939 жылдары Мао-Цзе-Дунның оққағары болады. Кейiнгi өмiрi өзiнше бiр үлкен әңгiме.

«Ашылмаған аралдар» кiтабындағы Жанболат толғаған осындай күрделi тағдырлардың тәлiмiне тоқталсақ, мына жайларды айтпай кете алмас едiк.

Қазақ халқының жоғын жоқтағандардың жанкештiлiгiне, қайсарлығына демеу болған ұлттық рух жайлы бiз әлi қабырғамыз қайысып тебiрене алмай келемiз. Сол құдiретi күштi рухты әлдекiмдер әлдебiр қияннан, алыс тарихтан iздейдi. Бүгiнде айдың арғы бетiн қопарушылар көп, ал өз кезеңiмiздiң рухани қайнарларын философиялық негiзде сараптаушылар жоқтың қасы. Ұлттық тәуелсiздiкке деген 60-шы жылдардағы ұмтылыс пен құлшыныс жайлы әлеуметтiк зерттеу барынша жұтаң. Тiптi айтылып, жазылып жүр деген Желтоқсан көтерiлiсiнiң өзiн соңғы уақытта оңдырмай бәсеңсiтiп алдық.

Осы олқылықтың орнын толтыру үшiн бiзге бүгiнде не iстеу керек?

Ең алдымен Жанболат Аупбаев, басқа да ұлтжанды қаламгерлер тауып жазған Арман Қаниев, Зейнолла Игiлiков, Кәмел Жүнiсовтер құрған саяси ұйымдар, Мәскеудегi Мұрат Әуезов жетекшiлiк еткен «Жас тұлпар», Ақмоладағы 1979 жыл¬ғы ереуiл туралы зерттеу мен 1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан оқиғасының жаңа деректерi орта мектептер мен жоғары оқу орындарының бағдарламаларына енуi тиiс. Бұл осынау ерлiкке барған жастардың қаһармандығы тарихи жадымызда қалуы үшiн де, қазақтың ұлттық рухы ешқашан да жасымағанын паш ету үшiн де қажет.

Талданып отырған еңбекпен таныс¬қанда тоқтаған байламымыз осындай.

Жинақтың тiлi барынша қарапайым. Кей сәт ойлайсың: қандай күрделi тағдырлар әңгiмеге өзек болған, бәлкiм толғана, тебiрене жазылса дұрыс-ау дейсiң. Алайда, автор таңдаған баяндау тәсiлi сол тағдырлардың өзiндей қарапайым әрi түсiнiктi екенiн пайымдап, ол ойыңнан қайтасың. Себебi...

Орыстың көрнектi жазушысы В.Г.Короленконың «История моего современника» деректi еңбегiн оқыған қаламгерлер: «Кейiпкерлерiңнiң бастан кешiргендерi трагедиялық ғаламат бiр көркем шығарма жазуға сұранып-ақ тұр екен. Неге очерк тiлiн таңдадың?» – десе керек. Жазушы оларға: «Рас, байғұстардың көрмегенi жоқ. Кездескен қиындықтары боямалаусыз-ақ тебiрентедi. Егер мен сол қиындықтарды көркем тiлмен кестелесем, ақиқат қалпынан айырылып қалады ғой», – деп жауап берiптi. Ал қорланғандар мен қор болғандардың жыршысы Ф.Достоевский болса: «Мына бiр өсиетiмдi есте сақтаңдар: ешбiр оқиғаны ешбiр қақтығыс-шиеленiстi ойдан шығармаңдар. Өмiрдiң өзiнде не бар, соны алыңдар. Өмiр бiздiң ойдан шығаратындарымыздың бәрiнен де бай. Кәдiмгi күнделiктi өмiрдiң беретiнiн ешқандай ой-қиял бере алмайды. Өмiрдi құрметтеңдер»,– дейдi.

Жанболаттың кейiпкерлерi кешкен өмiрге де ою-өрнектiң қажетi жоқ. Олардың бiразы дүниеге ешбiр айғай-шусыз келiп, өмiрдегi ел қажетiне, ұлт мүддесiне байланысты туған ерлiктерiнiң атақ-даңқын саудаға салмай, мына фәни жалғаннан қоңыраулатпай, қоңыр тiрлiк кешумен аттанды. Ендi бiразы қарапайым елдiң қа¬бырғасы қайысқан кезде қаһарлы ғасырдың жанарына жасқанбай қарады да азаматтық парызын арыстанша арпалысып адал атқарды. Сөйтiп, бүгiнде қазанат қалпымен жаңа заман – нарықтағы қиын тiр¬лi¬гiне қамықпай, қанағат деп жүрiп жатыр. Соларды тарих тасасынан алып шыққан қаламгерлердiң де ұлттың рухы алдында еңсесi биiк. Ерлiктi дәрiптей бiлу, сол ер¬лiктi жасаумен бiрдей.

 

Алдан СМАЙЫЛ,

жазушы,

Қазақстан Республикасы

Мемлекеттiк сыйлығының Лауреаты.

Астана.«Қазақ әдебиеті» газеті 2009 жыл 12 маусым

 

Жампоз жанкештілігімен жарқырайды

 

Қазақ журналистикасында өзіндік жаңашылдығымен, қаламының қарымдылығымен, парасаттылық пайымдылығымен, таланттылық тағылымымен ерте танылып үлгерген Жанболат Әлиханұлы Аупаевтың жазғандарын халық қалт жібермей, қадағалап оқитыны ешқандай дәлелдеуді қажет етпейді. Оның қаламынан шыққан шығармашылық туындылары жайлы белгілі қаламгерлердің көсіле ой толғап тастағаны көпке мәлім. Нарынқол топырағында бала кезімізден тай-құлындай тебісіп өскендіктен мен оның есею жылдарына қалай бет алған қырларына тоқталып өткенді жөн санадым.

Қайсы жердегі болсын, өткен ХХ ғасырдың 60 жылдардағы балалары мен қыздарының бітімі мен болмысы, ой-санасы мен таным-талғамы, өмірге деген өзіндік көзқарасының өлшемі бөлекше еді ғой. Бет-әлпеттерін күн қақтаған, қатқан қара қайыстай олардың кез келгенінің «Аман бол, адам бол, құлыным!» деген ата-анасының ақ тілеуінен адасқан жерін көрмедік. Сабақтан тыс уақыттарында шаш етектен келетін үй шаруасына бастарының байланып жатқаны. Соның өзі де бір сағынышқа толы сартап болған дәурен екен-ау...

 

Осындайда мектеп қабырғасында жүрген кездеріміз еріксіз еске түседі. Мен Жанболаттан бір сынып төмен оқимын. Ол уақытта оқушыларға бойын күтіп, сәндікпен айналысатын салтанат деген жоқ қой. Аяқта керзі етік, бұтта қырланбаған шалбар, үстіден күпәйке, бастан қарабайыр малақай, мойыннан қызыл галстук түспейді. Комсомол қатарына ілінгенімізде омырауымызда значоктың қадалып тұруы, қатып қалған заңдылық болатын. Айнымас дәстүр бойынша қалыптасып кеткен сол кездегі тәртіп пен реттілік сондай еді.

Иә, сонда мектептегі әр дүйсенбіде 15 минуттық үзілісте өтіп тұратын линейканың маңызы ерекше болатын. Онда оқушылардың үлгеріміне бастан-аяқ қанық болатынбыз. Осы салтанатты жиындарда Жанболаттың және әпкесі Аққағаздың оқу озаттары қатарында екеніне әбден қанығып алдық. Екеуінің сыныптастары да олардың өте жақсы оқитынын мақтанышпен тілдеріне тиек ететін. Озат оқушы ретінде аудандық газетке суреттері және олар жайлы мақалалар шығып жататын.

Ленин орденді Мариям Айтленова, Шоғанбай Мұсаев, Әбіл Дәлденбаев, Тілеужан Сақалов, Төленді Мұстафаев, Жолдасбай Бекбердиев, Асқар Әбішев, Түймен Бұғыбаева, Бәтімқан Жазылбекова, Мариям Рахметжанова, Қырғызбай Айсабаев, тағы басқа мұғалімдер бізге Жанболат пен Аққағазды үлгі етіп, бетке ұстап айтып отыратын. Оңашада ой құшағында қалғанда, шіркін, солардай болсақ деп армандайтынбыз. Сондықтан болар мектеп оқушылары әпкелі-інілі екеуіне қатты қызыға қарайтын.

 

Жанболаттың үйлері көшенің ең ұшар басында. Біздікі бір қиырда. Менің Түрбек бауырыммен Жанболаттың аралары алшақ болмағаннан соң жақсы араласатын. Олар жаққа барғанымда кейде қызып жатқан ойындар волейболдың, футболдың үстінен түсетінмін. Жанболаттың спортты да жанындай жақсы көретінін сонда байқадым. Кейде тобымызбен Жағатал өзеніне тартып кетеміз. Суға жүзуден де ол алдына жан салмайтын. Сұлтан, Жетен, Алтай, Ақылжан, Жакен сияқты сыныптастарынан, көршілері –Төленді, Қырғызбек, Түрбек, Нұрландардан аралары бір елі ажырамайтын. Ұйымшылдықтары ұнасымды еді. Әудем жерде тұратыныма қарамастан мен де бірте-бірте олардың ортасынан табыла бастадым.

 

Бірде Жанболаттардікіне барудың реті келіп қалды. Есіктерінің алды мен үйлерінің іші тап-тұйнақтай жинақы екен. Жылы шыраймен қарсы алды. Қолында «Лениншіл жас» қазіргі «Жас алаш» газеті. Басқа газеттері үстелінде жатыр. Әдеби кітаптары молынан тұр. Мына қызықты қараңыз. Жанболат бір сәт төсегінің астына үңіліп, бір папканы алып шықты. Ұмытпасам, газеттің «Күмбез» айдарымен шыққан материалдарын жинақтап қоюды әдетке айналдырған. Бұдан басқа «Маздақ», «Аққу», тағы басқа айдарларына да папкалар ашып қойыпты. Әңгіме барысында Жанболаттың көп оқитынын анық аңғардым.

 

Оның газеттер мен журналдардан оқыған дүниелерін айтқанда, аузымды ашып, аң-таң болдым да қалдым. Көптеген кітаптарды оқып тастапты. «Халық айтса, қалт айтпайды» деген рас сөз ғой. Жанболаттың алғырлығы, танбас табандылығы, шынашақтай болғанмен шымырлығы, бәрінен де білім мен әдебиетке, өнерге деген құштарлығы, сонымен бірге ұстараның жүзіндей аунақшыған төрткүл дүниеге де алаңдаулы екені, оның ерте есейіп кеткенін аңғартты. Сол жолы Жанболатқа қатты таңырқап қайттым. Оның айналыса бастаған шаруасына менің де бүйрегім бұра бастады.

 

Бір күні аудандық «Советтік шекара» қазіргі «Хантәңірі» газетінде Жанболаттың бір топ өлеңдері басылыпты. Өз көзіме өзім сенбеймін. Онда біздің өлеңді онша ұғына бермейтін шағымыз ғой. Сол күні біздің үйден онша алыс тұрмайтын, кейін әйгілі жазушы-драматург атанған Баққожа Мұқаев жол үстінде кездесіп қалды. Аудандық газетте істейтін. Ол кісіден Жанболаттың өлеңдері жайлы сұрадым. Ағамыз кергіген жоқ. Көшенің бойындағы сылдырап су ағып жатқан арықтың жағасындағы көк майсаға жақсылап тұрып жайғасып алды. Туған інісі Ақылжан Жанболатпен бірге оқитын.

 

«Әй, Қанат-ай, Ақылжан екеуің Жанболаттан мыңдаған шақырым алыста жатырсыңдар. Сабақтың да шекесін қыздырып жүрген жоқсыңдар. Ал, әдебиет пен өнерді көп түсіне бермейсіңдер. Жанболатпен теңесу қайда сендерге. Ол өлең жазуды да, мақала жазуды да бес саусағындай меңгеріп алған. Одан түбінде мықты ақын немесе мықты журналист шығады. Белгілі ақын Еркін Ібітановтың қолынан өткен оның өлеңдері жаман болсын ба?! Көресіңдер әлі. Оның самғайтын шағы алда. Сондықтан да қарап жүрмеңдер. «Болмасаң да ұқсап бақ» дегенді естеріңнен шығармаңдар деп оның әр шумағының мәні мен мазмұнын асықпай түсіндіріп берді. Табиғат суреттерін мөлдіретіп-ақ кестелепті. Оның жазғандары бізді тапқырлығымен тәнті етіп, алдағы арманымызға адастырмас бағыт сілтеді. Бір өкініштісі, ол келе-келе өлең өлкесіне ат ізін салмайтын болды. өлең жазуды қойып кетті. Алайда аңсаған арман жолынан адасқан жоқ.

 

Біздің үй орталықтағы жолдың үстінде. Бірде үйге Жанболат келіп тұр. Екеуміз біраз әңгіме құрдық. Ойыма қайдан сап ете қалғаны, ақын Кеңесжан Шалқаровтың табиғат жайлы сыр шертетін бір өлеңін жатқа білетінмін. Соны өзімнің өлеңім деп оқып бердім. Ә, дегеннен-ақ күлімдеп отырған Жанболат өлең біткеннен кейін: «Әй, мынауың Кеңесжан Шалқаровтың өлеңі ғой. Тұңғыштар сериясымен шыққан «Таңғы шық» кітабынан оқығанмын. Бұған қалай дәтің барды. Әдеби тілмен айтқанда, мұны плагиат дейді. Мұндайға әуестенуіңді қой. Бірақ, сен бұл қателігіңді қалтқысыз мойындап отырсың. Бар әлем білетін бір данагөй «Жіберген қателігін мойындаған адам, ұлы адамнан кем емес» депті», – деп екі езуі екі құлағына жетіп, басын шайқап қойды. Сөйтіп, менің ойламаған жерден опық жегенім бар. Мұндай ағаттыққа барғаным маған үлкен сабақ болды. Жанболаттың қазақ поэзиясын бес саусағындай білетініне Баққожа ағаның айтқаны айдай келіп, сонда көзім жеткен еді. 

 

Мектепті өте жақсы бітірген Жанболат бірден КазГУ-дің журналистика факультетіне оқуға түсіп кетті. Мен болсам отбасылық жағдайыма байланысты оқуға бара алмай, солдатқа кеттім. Қиыр шығыстамын. Бір күні Жанболаттан хат келіпті. Ой, қуанғаным-ай! Ашып қарасам суретін де салыпты. Артына «Қанатқа! Студенттік өмір атты бес актылы драманың алғашқы актысынан экспозиция" деп аты мен жылын жазып қойыпты. Хатының арасында «Лениншіл жас» газетінің қиындылары жүр. Онда «Балауса» айдарымен өзінің курстастары Несіпбек Айтов, Асқар Егеубаев, Тұрсын Жұртбаев, Жүрсін Ермановтың өлеңдері шығыпты. Жанымдағы танкист әріптестерім оның хатындағы өмір туралы толғаныстарына қатты мән беріп, шеттерінен кәдімгідей ойланып қалды. Мен де жанымнан тастамай оқып жүрдім. Бұдан кейін де хаттары, газет қиындылары, суреттері үзбей келіп тұрды. Жанболаттың хаттарын оқыған сайын көкірегіме көп сыр түйіп, өмірге деген құштарлығым арта түсті.

Информация о работе Ж Аупбаев - журналист, публицист