Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 11:03, дипломная работа
Осы мақсатқа сай диплом жұмысының алдына мынадай негізгі міндеттерді шешу мәселелері қойылды:
- Жанболат Ауытбаевның журналистикаға келіп, баспасөз ісіне араласуына, публицист ретінде қалыптасуына әсер еткен қоғамдық-саяси, әлеуметтік-тарихи факторларды анықтау;
- Жанболат Ауытбаевның журналистік қызметінің хронологиялық кезеңдерін саралап, қазақ баспасөзінің дамуына қосқан үлесіне баға беру;
- қаламгер публицистикасының қоғамдық-саяси салмағы мен идеясын, тақырыптық сипатын қазіргі заман шындығымен байланыстыра, сабақтастыра талдау;
- журналистің публицистикалық шығармаларының қоғамдық-саяси мәні өткір, мейлінше өзекті екенін бүгінгі заманның талап-талғамы тұрғысынан бағалап, дәлелдеу;
- Жанболат Ауытбаевның публицистикалық еңбектерінің басты сипатын, басқа публицистерден дараланатын негізгі ерекшеліктерін айқындау;
- публицист шығармаларының жанрлық әр алуандылығын, стильдік, тілдік ерекшелігі мен образ жасаудағы журналистік әдіс-тәсілдерді қолдану шеберлігін саралау;
- журналистің көркем-публицистикалық очерктерінің әдеби, публицистикалық тіл кестесіне талдау жүргізу;
Кіріспе........................................................................................................3-6
1 Ж. Ауытбаевтың журналистік ғұмырбаяны..............................................7-31
1.1 Журналисттік қызметтегі алғашқы қаламгерлік ізденістер.........................7
1.2 Облыстық, республикалық басылымдардағы публицистикаларының проблематикасы.....................................................................................................15
1.3 Қазақ баспасөзін өркендетудегі публистистикалық еңбектерінің мәні....................................................................................................23
2 . Ж. Ауытбаевтың журналистикасы......................................................32-58
2.1 Қаламгер журналистикасының тақырып ауқымы, мазмұн тереңдігі..................................................................................................................32
2.2 Ж. Ауытбаев көсемсөздерінің жанрлық түр алуандығы, стильдік айшықтары.............................................................................................................40
2.3 тілши сухбаттары мен мақалаларындағы әдеби-көркем, публицистикалық тіл кестесінің ерекшеліктері......................................................................48
Қорытынды..............................................................................................59-60
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................61-63
Азаматтық борышымды өтеп келгеннен кейін КазГУ-дің журналистика факультетіне сырттай оқуға түстім. Сессия сайын Жанболаттыкіне келемін. Өздері үйден-үйге көшіп жүреді. Ешқашанда қабақ шытып қарсы алған емес. Құдай қосқан қосағы Ләззат та жайдары қалпымен жаны қалмай тұрады. Газет жұмысы қайдан оңай болсын. Жанболаттың жанкешті еңбегін мен сонда көрдім. Күнде жұмыстан келген сайын апыл-ғұпыл тамақтанып алып жазу үстеліне отырады. Неткен төзім, неткен жігер десеңізші. Басына қағаз қалпағын киіп алып, жан-тәнімен жазу әлеміне беріліп кетеді. Ештеңеге елең етіп қоймайды. Таңның атысымен жұмысына жиналып жатады.
Кейде әңгіме құрудың реті келіп қалады. Сонда анда-санда ол «Иә, так, атасын нәлет» деген сөз тіркестерін жиі-жиі айтып қояды. Мен себебін сұрасам ол: «Иә, дегенім қолыма алған жұмысыма көңілімнің толғаны. Так дегенім, енді не жоспарым болмақ. Атасын нәлет дегенім, оңынан болмай, орайын таппай жатқан шаруаның жайы ғой» деп қысқа қайырады. Осылайша жұмыс істеу оның берік ұстанымына айналған. Оның ұқыптылығы мен ұтқырлығына, адамдық асыл қасиеттерден айнымайтын қарапайымдылығына қайран қалмай тұра алмайсың. Отырған орынтағын бұлдамайды.
Жанболаттың жан-жары Ләззат жан сырын жасырмайтын, жайдары қалпынан жаңылмайтын жаратылысы бөлек адам ғой. Аузын ашқаннан-ақ көмекейі көрініп тұрады. Әңгімешілдігі де әдемі-ақ. Кейде ол Жанболаттың балалық шағы мен бозбала кездерінің қалай өткендігі жайында, ұстанған принциптерінің қандай болғанын ақиқат аумағынан алыс кетпей, ашық айтып беруімді сұрайды. Ол жағынан мен бөгелмеймін. Жанболаттың өмір өткелдерінің боямасыз болғанын ой елегінен өткізе отырып, Ләззатқа баяндай бастаймын.
Табиғаттың оған тартқан сыйының бәрі де үлбіреген қалпында үйлесімін тауып тұрады. Адам алдындағы биязылығы, сырбаздығы мен сыпайылығы, өсек-аяң мен өтірік айтуды жаны сүймейтіндігі, кейбіреулер сияқты кеудесін ұрғылап мақтануды жек көретіндігі, орнынан тұрмай, орасан жұмыс атқарса да, бәз біреулер сияқты жарты әлемге жар салмайтынын бабына келтіріп, тілімнің жеткенінше айтып беремін. Әсіресе, оның ауылға барған кезінде араласып-құраласқан, көзі көрген адамдардың о дүниелік болып кеткенін естігенде мазасыз күйге түсіп, солардың үйлеріне кіріп, көңіл айтып шыққанша тағат таппайтынын тіліме тиек етіп, тізбектеп жөнелемін.
Бұл Жанболаттың «өліге иман, тіріге береке» тілеп жүретін бедерлі де безбенді қасиеті екені даусыз. Сондай-ақ оның туысқаншылыққа, көңіл жықпастыққа, алалап-бөлелеуге салынбай, қандай шаруаға болсын турашылдығымен, ала жіпті аттамайтынын, адам баласына қылдай қиянаты жоқтығы мекендестері үшін үлкен мәртебе болып жүр. Біз сонысына қуанамыз.
«Ел құлағы елу» деген емес пе. Бірде Ләззат «Мектепте жүргенде қыздардың біразы Жанболатқа ғашық болыпты» дегенді естіп едім. Әрине, оларды одан қызғанбаймын. Оны мен сезімнің шарпуы деп ойлаймын. Осыны айтып берші» деп орынды сұрақтың төбесін қылтитқаны. "Естіген құлақта жазық жоқ» демей ме?. Ләззатқа бұл сыбыстың бекер еместігін алдына жайып салдым. Ол қыздардың аттарын да атап жібердім. Сонда оның жарқын жүзінен қылаудай да қызғанштың белгісін байқамадым. Сүйген жарға деген адалдықтың айналы белгісі осы болатын шығар.
Мектептің озат оқушысы, қоғамдық жұмыстардың белсендісі, әрдайым пәндік олимпиадаларда алдына жан салмайтын Жанболаттың ұстаздар ұжымы мен мектеп оқушыларының алдындағы беделі биік. Ол туралы газеттерге шығып жатқан материалдарды қоссаңыз, оның тұлғасы одан әрі зорая түседі. Ондай жалынды жасқа қыздар қалай жан-тәнімен ғашық болып, жүрегінің төрінен қалай орын бермесін. Бірақ, Жанболаттың қыздың соңынан қырындап жүгіргенін көрмеппін. Ол уақытта мектепте апта сайын би болатын. Жанболаттың сонда би алаңына бір рет келіп, би дүбірін қыздырғанын көзіміз шалмапты.
Замандастарымыз бен қатарластарымыз оның осынау жұмбақ әрекетіне шеттерінен аң-таң болып жүретін. «Өзі жақсы адамға бір кісілік орын бар» деген қанатты қағида тектен-текке айтылмаған сияқты. Қыздардың қоғадай жапырылып, оған өлердей ғашық болып жүргенінде ешқандай да жасырын сыр жоқ. Дағыстанның дара ақыны Расул Ғамзатовқа 100 қыздың ғашық болғанын кім білмейді. Осы жағын құбылтып, құлпыртып айтқанымда, Ләззат кәдімгідей мәз болып қалатын.
Студент кезінде оның демалысқа келгенін ести салысымен үйіне барамын. Сонда қарап жүрген, не демалып жатқан Жанболатты көрмеймін. Қолына шырт түкіріп қойып, қорасына шөп шығарып немесе бас алмай отын бұтап жатқанының үстінен түсемін. Картоп күтімі тағы бар. Кейде шанамен немесе қол арбамен су әкеле жатады. Оның әкесі мен шешесі де алтын адамдар ғой. Әкесі Әлихан колхоздың темірден түйін түйген ұстасы болатын. Кейіндеп токарлықты бесаспаптарша меңгеріп алды. Қолынан келмейтіні жоқ. Халықтың ақ ниетті алғысына бөленіп жүргенін жиі еститінбіз. Тыным таппайтын еңбекқор еді. «Әке көрген оқ жонар» демекші оның осы қасиеті Жанболатқа жазбай дарыған.
Ал, анасы Нұрша болса, табалдырығын аттап кірген адамның асты-үстіне түсіп, бар сый-сияпатын көрсетіп, қу жаны қуырдақ болып кететін адам болатын. Бар тілеуі Жанболаты мен Аққағазының жарқын болашағының қамы еді. Аққағаз әпкесінің қағілездігін де халық жақсы көретін. Ал, сүйген жары Ләззат пен балалары Ардақ, Айнұр, Елдосы оның қас-қабағына қарап, қайтсек көңілінен шығамыз деп құрақ ұшып тұрады. Айрандай ұйып тұратын отбасылық сыйластықтары қандай жарасымды. Немересі Санжар қызықты қылығымен баурап алатын балапандары.
Он бес кітаптың авторы атанған Жанболаттың өз ұстанымы бар журналист, көсемсөзші, жазушы екенін халық жақсы біледі. Баспасөздегі ел ағасы атанып кеткен «Егемен Қазақстан» газетіндегі жауапты қызметке табан ет, маңдай терін сарп етіп келе жатқанын кім де болса жоғары бағалайды. Оның таланты мен жанкештілігін қаламдас әріптестері бүге-шігесіне дейін қалдырмай жазып тастағаны елге аян. Жанболаттың адам баласына жақсылық жасағысы келіп тұратынын талай-талай көргеніміз бар. Өзіме де үнемі қол ұшын беріп тұратынын қалай ұмытайын. Оның үлкенге ізетін, кішіге құрметін көрсетуден аянып қалған жері жоқ. Оны тектіліктің төресі деп айтсақ, тірліктегі іс-қимылы осы айтқанымызға сай келеді.
Осы жерде өткен өмірдегі мына бір жайдың ойыма оралып тұрғаны. Ауылда қыстың бір қыраулы күнінде үйге Жанболат келіпті: «Дәрілік облипиха, (сауысқанның тамағы) керек болып тұрғаны. Таң қараңғысында соған шықсақ» деді. Мен бұлтартпай келістім. Соғатын сойылымызды, палаткамызды, шелегімізді қамдап алып, тоғайға тарттық. Қар қалың. Аяз деген қарып тұр. Біздің тірлігіміз мандымай-ақ қойды. Қанша ұрғыласақ та палаткаға дәндер онша түсіңкіремейді.
Мен «Жанболат, мына жұмысымыз өндімей жатыр ғой. Одан да қарашырғанақтың сабақтарын сындырып алып, үйден қайшымен қырқып алайық. Жеңіл болады» дедім. Мұныма тіксініп қалған Жанболат: «Жоқ, олай болмайды. Обал емес пе? Біз бұлай істесек, қалғандар не істемейді. Осы да жетіп қалар. Қанағат керек, қанағат», – деп жолға жинала бастады. Міне, оның арының тазалығы, адалдығы. Қиянат атаулыға аттап баспайтын кіділігі мен кірпияздығы бұл. Ол осындай ақиқатты бұрмаламайтын адалдығымен сүйсіндіреді.
Баяғыда оның қолынан «Комсомольская правда» газеті түспейтін. Одан онысының мән-жайын сұрағанымда, «мұндағы табиғаттың тамыршысы, Лениндік сыйлықтың лауреаты Василий Песковтың жазғандарын қалт жібермей, қадағалап оқимын. Онын қазақ тілінде шыққан «Таңғы шық» деген кітабы бар. Соны оқып көрші. Табиғаттың құндақталған құпияларына қанығасың» дегені. Шынында да сол кітапты оқығаннан кейін жансарайым ашылып сала берді. Содан кейін Жанболаттың «Жанарымда – туған жер», «Таңсәрі мен талтүс», «Мынау ғажап дүние» атты кітаптарын қайта оқып шықтым. Табиғат көріністерімен астарлап берілген ауыл азаматтары мен замандастарымның жан сырларын тереңдеп көңіліме тоқыдым. Жанболат прозалық шығармалар жазып жүргенінен де хабардар еткені бар еді. Жақсылықтың ерте-кеші жоқ қой. Бір күні олары кітап болып жарық көріп қалар деген үміттемін.
Жанболат кітапты рухани азығым деп бағалайтын. Үйіне барып қалғанымда қарыстай-қарыстай қалың кітаптарды жатпай-тұрмай оқып жататын. Бір күні маған: «Қалада кітап деген қат болып барады. «ЖЗЛ» сериясымен шығатын кітаптардың біразына қолым жетпей жүргені. Ауылда көп ала бермейтін шығар. Егер мүмкіндігің болса, осы кітаптар жағынан көмектесіп тұрсаң» деп өтінішін айтқаны. Оның бұл өтінішіне қалай жан шыдасын. Алып-ұшып кітап дүкеніне барсам, айтқан кітаптары бар екен. Сонда сыншы Сағат Әшімбаев ағамды жазбай таныдым. Ағаның қуанышында шек жоқ. Көптеген кітаптар алыпты.
Ол кісіге Жанболаттың жасаған өтінішін айтып едім, тіптен қуанып кетті. «Жанболаттікі ақыл екен. Ауыл дүкені бай екен. Мен келген сайын мұнда соқпай кетпеймін. Қажетімді алып, қарық болып қаламын» деп маған тұрған кітаптардың қайсысын оқуым керек екенін түбегейлі түсіндіріп шықты. Сонда Сағат ағаның жанашырлық ықыласына риза болғаным соншалық, қуаныштан жарылып кете жаздадым. Айтқан өтінішін аяқсыз қалдырмағаным үшін Жанболат ағынан ақтарылып, алғысын айтып жүрді. Халықтың жүрегіне қаламгерлігімен ұялап қалған оның орны мен үшін қашан да қара үзіп, дараланып тұрады.
Адамның басынан не өтпейді дейсіз. Ол осыдан біраз уақыт бұрын аяқасты қатты ауырып, пышаққа ілінді. Ол кезде әкесі Әлихан да екі дүниенің ортасында жатқан еді. Сонда Жанболат «әкеме топырақ та сала алмайтын болдым-ау» деп арпалысқа түсіпті. Қатты жүдеп, жүнжіп кетіпті. Оны мен үлкен ғалым Кеңес Үшбаев ағамыздан естідім. Сол кезде оның жанына араша түскен, бірге істейтін басшысы Сауытбек Әбдірахмановтікі нағыз ерлік деуге тұрарлық екен. Әйтпесе оның тағдыры немен тынары неғайбыл еді.
Сәукеңнің жасаған бұл жақсылығын Жанболат еміс-еміс емірене есіне алып қояды. Оған деген Ләззаттың да ризашылығы шексіз. Қасынан қарыс қадам шықпай, күндіз-түні қарап отырған Ләззаттың сол кезде Жанболат үшін жүрегі қорқыныштан шайлығып, ол да күтпеген жерден операцияға түсті. Оған да Сауытбектің туған бауырындай көмегін көрсетіп, барын салғанын Жанболаттың отбасы үнемі ауыздарынан тастамайды. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген қанатты қағида Сауытбек сияқты асыл азаматтарға арналып айтылғандай әсерге бөлейді. Халықтың қамын ойлаған адам осындай болса керек. Қазір оған деген халықтың шынайы ықыластан туған пейілі өзгеше. Біз соған ризамыз.
Биылғы қыстың аяғына таман Жанболат үйге келіпті. Оның қашан болсын шаруасы тығыз болып, асығыс-үсігіс жүретін әдеті. Бұл жолы да солай. Онша көп сырласа алмадық. Бала-шағамның жағдайын жаны қалмай сұрастырып жатыр. Бір кезде қолындағы қоржынының ішінен өзінің «Ашылмаған аралдар», «Біртуарлар», «Ұлылардың ұрпақтары» атты қарыстай-қарыстай қалың үш кітабын сыйға тартты. Баспадан жаңадан шыққан беті екен. Жанболат кеткеннен кейін бала-шағамыз болып, оның осы кітаптарына бас қойдық. Жанболаттың кітаптарының жаман болғанын көрген жеріміз жоқ. Бұл кітаптарын да бәріміз сүйіне оқып шықтық. Сонда оның осы еңбектеріне Жанболаттың ел алдында берген есебі екен ғой деген түйінмен тоқтам жасадық. Шындығында да солай екені анық.
Аспантаулар аясы атанып кеткен Нарынқол ауылындағы қасиетті Хантәңірдің әулие шоқысына және бір-бірімен тізбектеле жалғасып жатқан Тянь-Шань сілемдеріне қараған сайын ойыма Жанболат оралады. Оның қыран тұмсығына теңеген Ақбұлақ шыңы да халықтың жүрегінде жатталып қалды. Жанкештілігімен жарқырап тұрған жампоз Жанболат Аупбаев туралы не айтуға болады? Ол халық әлдеқашан мойындап қойған қадірлі қайраткерлер сапында.
Тура жолдағы ұстаған туын түсірмей келеді. Қазір ол пайғамбар жасына қарай қадам жасап келеді. Жанболат нағыз кемел кезеңнің келісті шағында. Оның халқына берер несібесіне қажыры мен қайраты жетерлік. Қолындағы қаламы шыңдалған, егеулі найзадай қайраулы қалпында. Ол көздеген нысанасын қалт жібермейді. Оған деген халықтың сенімі мығым. Жанболаттың ауылдасы әрі әріптес сыйласы ретінде ол туралы менің жазарым енді ғана басталған сияқты. Ең бастысы – басымыз аман, бауырымыз бүтін болса екен.
Өмір тұрар сілкініп санасында,
Жаны құштар жақсылық жарасымға.
Хантәңірден қалқыған бала қыран,
Алдындағы ұмтылған бар асуға.
Кенде емес, үлкеннен бата алудан,
Көш басында өзінің қатарынан.
Жазғандары жаныңа шуақ төгер,
Олжалы ол әр жолғы сапарынан.
Алыс пенен жақынға ардақ аты,
Халқының қастер тұтар қолқанаты.
Өмір жолы өзге үшін бір кітаптай,
Осы болар, жампозы, Жанболаты, – деп сөзімнің соңына өлең шумақтарымен нүкте қойғым келеді.
Автор: Қанат ТӘКЕБАЕВ,
Қазақстан Журналистер одағы сы
Қорытытындыға:
Заман Қазақстан газетінің 1996 жылы 9 тамызда жарыққа шыққан санында Ораз Қауғабайдың Жанболат Аупбаевттан алған «Жаяу журналист» атты сұхбаты шығады.Сол сұхбатта Ораз Қауғабай Жанболатқа «Сіз кімнің командасындасыз» деп сұрақ қойғанда..Ж.А. былай жауап береді.
«Бұрын бұл сөз спорттағы футбол, волейбол ойыншыларының тобына ғана байланысты айтылушы еді. Енді ол саясатта да реңк алып жүр. Қауіпті дер едім мұны. Неге десеңіз, жүз - жүзге,ру– руға бөлініп келген қазақ енді команда деп топ жинасақ жетіскен екенбіз...Бірақ қойылар сұрақ қойылып қалды ғой.Сауалдан жалтарды деп ойламауыңыз үшін өз пікірімді айтайын. Мен ешқандай бастық, әкім не министрдің командасында емеспін. Мен халықтың командасындамын.»
Жанболат Аупбаевтың ересен еңбек пен мұқалмас жігерді бейнелеген тағы бір туындысы Жалғыз желкен жалтылдап... деп аталады. Әңгіме кіріспесінде автор қысқы кешті , қаһарлқ аязды суреттеп келіп, ашық теңізде балық аулайтын балықшыларға ойысады. Әңгіме иесі қалың қопаның ара-арасындағы шәуіші жоқ қара су иірімдеріне соңғы ау сыбайларын саумалап түсірген Оразбай есімді балықшының балықшылар қосының есігінен кіріп келген шақты баяндап келіп былай дейді: ...Суық ауа қос ішіне лап қойғанда алқақотан отырған жұрт пеш жаққа қарай ығыса берді. Олар Шығым қарттың әңгімесіне елтіп кетсе керек, Оразбайдың түн қатып келген суыт жүрісіне онша мән бере қоймады. Жалғыз желкен сол желкен еңбектің желкеніндей көрсетеді және сол желкен кезекті еңбек сапарына аттанды деп жазады Аупбаев.
Тұрсын ЖҰРТБАЙ. Түйiн
Осы қазақтың мақал-мәтелiнiң астарында, Абай айтқандай, бiр кiлтипан бар. Мәселенки: “Әкеге тартып ұл тумас, шешеге тартып қыз тумас”, – дейдi де, сол шындық үшiн қымсынғандай, “игi едi” дегендi қосып қойып: “Әкеге тартып ұл туса игi едi, әке жолын қуса игi едi”, – деп сөздiң артын жұмсарта жөнеледi. Бұл өзiнiң ұрпағына өзiнiң көңiлi толмаған атаның айтқаны ма, әлде, ұлынан көңiлi қалған әкенiң айтқаны ма. Жоқ, өмiрiнiң екiндiсi ауып, ақшамы үйiрiле бастаған қамкөңiл қарияның аңсары ма? Кейде, осы заманның тiлiн бiлiп қалдық дейтiн бiздiң өзiмiзге, Құранды ежiктеп оқитындай ғана сауаты бар әкемiздiң бiлгенi мен түйгенi бiзден көп, әлдеқайда терең, данагөй, сол тәубешiл мейiрiмдi жанның ақылы жетпей тұрғандай сезiледi. Сондайда: “Шынымен сол қара шалға тартып тусам ғой, орны толмай жүрген талай өкiнiшке қалмас едiм,” – деп шарасызданатын сәттерiм есiме түседi.