Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2013 в 16:55, реферат
1990 жылы қазанның 25 жұлдызында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы» Декларациясын қабылдау арқылы, өзінің егемен мемлекеттігін жариялаған, 1993 жылғы Конституцияда оны бүкіл әлемге паш еткен жас егемен Қазақстан Республикасының әр кездегі жоғары, басты мақсаты шынайы құқықтық, демократиялық мемлекет құру, дамыған ұлттық нарықтық экономиканы қалыптастыру, түрлі ұлт өкілдерінің теңдігіне, ықпалдастығына негізделген ұлттық саясатты дамыту, Республика халықтарының рухани-адамгершілік қасиеттерін нығайту болып табылады. Бұл мақсаттарға тиісінше идеяларға қаныққан реформаларды қарқынды жүзеге асыру арқылы қол жеткізуге болады. Ал түбегейлі республикалық реформаларды іске асыру берік, жетік заңдылық базасын жасамай мүмкін емес. Реформалардың жүзеге асырылуы заң шығару процесінің тиімді тетіктерін орнықтырумен, заң шығару қызметін жетілдірумен, республикада заң шығармашылығының деңгейін ең бір жетік жоғары сатыға көтерумен байланысты. Демократиялық, азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет орнату бағыты заң жүйесін терең қайта бағдарлауды, бүкіл құқықтық институттарды негізді түрде реформалауды, бұрын басталған реформалардың үрдісін жылдамдатуды талап етеді.
КІРІСПЕ 4
1-тарау. Құқық шығармашылығының түсінігі және парламент негізгі заң шығарушы ОРГАН РЕТІНДЕ
1.1. Құқық шығармашылығы ұғымы, мәні 6
1.2. Қазақстан Республикасы Парламенті заң шығарушы орган ретінде 16
2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАРЛАМЕНТІНІҢ ЗАҢ ШЫҒАРУЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
2.1. Парламенттің заң шығару үрдісінің шегі мен сатылары 32
2.2. Қазақстан Республикасы Парламентінің заң шығару қызметінің тиімділігін арттыру жолдары 51
ҚОРЫТЫНДЫ 59
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 61
Заң шығармашылығы заңдарды
қабылдау нәтижесіңде оны
"Заң шығару процесі"
мен "заң шығару қызметін"
бөлетін ғалымдардың келесі
Тікелей мағынада заң шығару
процесі Республика Парламенті қабырғасында
басталатын, жүзеге асырылатын қызметтерді
қамтиды. Ол еліміздің негізгі заңында
бекітілген. Қазақстан Республикасының
Конституциясының түсіндірме сөздігінде
белгіленгендей, ол заң шығару бастамасын
оның субъектілерімен жүзеге асыру
құқығынан, яғни заң жобасын Мәжіліске
енгізуден басталады. Олай болса, тікелей
мағынада заң шығару процесі - бұл
Парламенттің заңдар шығаруға бағытталған
қызметтерінің жинақталған, кезектілікпен
жүзеге асырылатын сатылары, тәртібі.
Заң шығару бастамашылығы құқығы
оның бірінші сатысы болып табылады.
Тікелей мағынада заң шығару процесі:
біріншіден, Парламенттің заң шығару
қызметінің процессуалдық жағын
білдіреді, екіншіден заң шығару
жөніндегі әрекеттердің бір-бірімен
жалғаспалы байланысы және кезектілікпен
жүріп отыруының реті болып табылады,
үшіншіден, ол Конституциямен, заңдармен,
регламенттермен нормативті реттелген
сатыларды көрсетеді. Оның нормативті
реттелуіне көз салсақ, заң шығару
процесі (тікелей мағынада) - бұл
заң жобасын Парламентке
Заң шығару процесінің тұрақты нормативтік реттелуі біріншіден, зандардың мазмұнды дайындалуын қамтамасыз ететін өзара байланысты институттардың жүйесін белгілеуге мүмкіндік береді; екіншіден, қоғамдық пікірді, халықтың еркін біддіруін көрсету мен оны пайдаланудың демократиялық нысандарын бекітуге; үшіншіден, заң жасау мен қабылдау процесінде мемлекеттік биліктің жоғары органдарының қызметінің әртүрлі нысандарын қолдануды көрсетуге мүмкіндік береді.
Кең мағынада заң шығару процесі Парламент Мәжілісінде заң шығару бастамашылығы құқығын жүзеге асырудан басталатын әрекеттерден өзге оған дейін болатын, нақты айтсақ, заң шығару бастамашылығы құқығын жүзеге асырғанға дейін атқарылатын әрекеттерді де қамтиды. Парламент шегінде болатын қызметтер, жоғарыда аталғандай Мәжіліске заң жобасын енгізуден бастап, занды жариялаумен аяқталатын іс-қимылдар болса, оған дейін жасалатын әрекеттер - бұл заңи реттелуге деген қажеттіліктерді анықтау, оларды зерттеу, заңды қабылдауға себепші болатын, ықпал ететін жағдайларды бағалау, заңды қабылдаудың мүмкін нәтижелерін саралап, салмақтау, заң жобасын жасау, оны сараптамадан өткізу, келістіру және тағы басқалары. Олай болса, заң шығару процесін кең мағынада түсіну оның екі кезеңді: Парламентке дейінгі және парламенттік кезеңді қамтитындығын көреміз.
Ғалымдар арасында заң шығару процесіне қатысты көзқарастар әртүрлі болғандықтан, оның шекарасын да түрліше анықтау кездеседі. Заң шығару процесінің шекарасы қандай болуы оның сатыларына, сондай-ақ заң шығару процесі ұғымын қалай түсінуге байланысты. Біраз жоғарыда атап кеткеніміздей, заң шығару процесін заң шығару органының ішінде жүргізілетін әрекеттермен түсінетін ғалымдарды заң шығару процесінің шекарасына қатысты мынадай көзқарас ортақтастырады: заң шығару процесі - бұл субъектілерінің бірі заң шығарушы орган болып табылатын құқықтық қатынастарда жүзеге асырылатын әрекеттер. Ал, бұл әрекеттер үшін заң шығарушы органның қатысуы міндетті. Бұдан байқайтынымыз, тиісті көзқарасты қолдаушы ғалымдар заңдарды жасау процесін заң шығарушы органның қызметінің шеңберімен шектейді. Заң шығару процесін білетін адамға мұндай пікірдің жеткіліксіз негізделгенін байқау қиын емес. Себебі, заң шығару процесі жобаның заң шығарушы органда ғана өтуі процедурасымен бітпейді. Бұл түсінік бойынша заң шығару процесінің шеңберіне заңға қол қою, жариялау секілді ең бір маңызды кезең қосылмайды. Заңдарды ресми жариялау заң шығару процесінің соңғы, қажетті кезеңі. Онсыз заң шығару процесі аяқгалды деп есептелмейді, онсыз заң күшіне енбейді.[6.35]
Жоғарыда айтып кеткеніміздей,
кең мағынада заң шығару процесі
Парламентке дейін болатын іс-
а) өзекті жағдайларды зерттеу, белгілі бір қоғамдық қатынастың құқықтық реттелуінің объективтік қажеттіліктерін тану, мәселенің жеке және бірнеше адамның санасында көрінуін айқындау, зерттеу, өртүрлі әлеуметтік топтардың мақсаттары мен мүдделерін зерттеу;
б) объективтік және субъективтік факторларды бағалау, нақты болжалған жағдайларда әртүрлі әлеуметтік факторлардың өрекеттерінің әсер ету және бағыттылық күшін анықтау;
в) құқықтық реттеудің пәні, мақсаттары мен бағыттарының шектерін анықтау;
г) өзекті жағдайлардың оң және теріс кезеңдерін ашу, құқықтық реттеудің әртүрлі варианттарында сол кезеңдердің дамуын божамдау, жетілген құқықтық амалдарды таңдап алу;
д) құқықтық реттеудің мақсаттары мен бағыттарына сәйкес келетін жүріс-тұрыстың жетілген үлгілерін қалыптастыру;
е) заңның идеяларын қалыптастыру және оның жобасы бойынша жұмыстың қажеттілігін негіздеу.
Екінші кезең - жобалы кезең.
Бұл кезең заңның жобасын жасау
туралы ресми шешім қабылдағаннан
бастап, құқық шығарушы органның қарауына
заң жобасын енгізумен
а) заң жобасын жасау туралы шешім қабылдау;
б) жобаны дайындау;
в) жобаны талқылау;
г) жобаны келістіру;
д) жобаны пысықтау.
Үшінші кезең - құқық шығармашылығы шешімін қалыптастыру кезеңі. Бұл кезең заң актісін шығару жөніндегі әрекеттерді -жобаны құқық шығарушы органда талқылауға енгізгеннен, жариялағанға дейінгі әрекеттерді қамтиды. Бұл кезең бірнеше сатыдан тұрады:
а) жобаны құқық шығарушы органның қарауына енгізу;
ә) жобаны комитеттерде қарау;
б) заң жобасын пленарлық отырыста талқылау және мәні бойынша шешім қабылдау;
в) заң жобасын бекіту;
г) заң актісін жариялау".
Парламентке дейінгі кезеңдер
Конституцияда бекітілмеген. "Нормативтік
құқықтық актілер туралы" Заңда
олардың біразы көрініс тапқан, ашып
айтсақ заң актілерінің жобаларын
дайындауды жоспарлау, заң жобаларын
әзірлеу (дайындау), жобаны мүдделі
органдармен және ұйымдармен келістіру.
Заң жобасын Мәжіліске
- әлем елдерінің Конституцияларын, заңдылық актілерін, кажетті құжаттарды жинау;
- оларды түбегейлі түсіну, зерттеу;
- тиісті заң жобасына қатысты сәйкес баптарды талдау, байланысын анықтау;
- заң жобасын құрастыру және оны мамандар мен сарапшыларға беру;
- тиісті мамандардың
Бұдан байқайтынымыз, заң шығарушы органға дейін, нақты айтсақ,заң шығару бастамасы құқығының жүзеге асуына дейінгі әрекеттер де асқан білімділік пен жауаптылықты қажет етеді.
Заң шығару процесінің сатыларын
анықтауға байланысты өзгешелік
Қазақстан ғылымында да кездесіп
отырады. Тиісті мәселеге қатысты өзгеше
пікірді қазақстандық ғалым С.К.
Амандықованың еңбектерінен байқаймыз.[2.165]
Ол заң шығару процедураларын келесідей
бес сатыға тиянақтайды «Заң шығарушылық
процесінің бірінші сатысы Парламентте
заң шығару процесі сатысынан
басталады. Бұл сатыда заң шығару
бастамасының субъектілері Мәжілістің
қарауына заң жобаларын енгізеді.
Заң шығарушылық процестің
«ҚР Парламенті және оның депутаттарының
мәртебесі туралы»
1. заң шығару бастамашылығы;
2. заң жобасын Мәжілісте қарау;
3. заң жобасын Сенатта қарау;
4. қол қою жәнезаңды жариялау.
ҚР Парламентінің күрделі заң шығару қызметін осындай бес сатыға тиянақтауға болады. Заң шығару процесінің бұл сатылары -процедуралық әрекеттердің дербес кезеңі, тиісті нормативтік актіні жасауға бағытталған өзара тығыз байланысты әрекеттердің ұйымдық бөлшектенген кестесі. Заң шығару процесінің белгілі бір сатысының аяқталуы нормативтік актіні жасау жөніндегі жұмыстың жаңа бір дербес сатыға өткендігін куәландырады. Әрбір жаңа сатыда жасалып жатқан актінің жаңа сапасы пайда болады.
Заң шығару процесінің сатыларына жеке-жеке тоқталмас бұрын, заң шығару процесінің өзге жағын ашып қарауды жөн көріп отырмыз. Конституцияның 49-бабының 1-бөлімінде көрсетілгендей, Қазақстан Республикасы Парламенті заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғарғы өкілді орган. Бұл норма оның бірден-бір заң шығаратын орган болып табылатындығын бекітпейді. 53-бапта (4-тармақ) анықталғандай Қазақстан Республикасы Президенті және республикалық референдум туралы заңға сәйкес халық референдум арқылы заңдар шығаруы мүмкін. Олай болса, жоғарыда көрсеткен заң шығару процесінің түсініктері мен шектері тек Парламенттің заң шығару қызметіне байланысты мәселелер. Заң шығару процесінің Парламентке дейінгі және Парламенттік кезеңдері, сатылары Президенттің және референдум арқылы халықтың заң шығармашылығына жатпайды.
Информация о работе Құқық шығармашылығының түсінігі және парламент негізгі заң шығарушы