Құқық шығармашылығының түсінігі және парламент негізгі заң шығарушы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2013 в 16:55, реферат

Краткое описание

1990 жылы қазанның 25 жұлдызында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы» Декларациясын қабылдау арқылы, өзінің егемен мемлекеттігін жариялаған, 1993 жылғы Конституцияда оны бүкіл әлемге паш еткен жас егемен Қазақстан Республикасының әр кездегі жоғары, басты мақсаты шынайы құқықтық, демократиялық мемлекет құру, дамыған ұлттық нарықтық экономиканы қалыптастыру, түрлі ұлт өкілдерінің теңдігіне, ықпалдастығына негізделген ұлттық саясатты дамыту, Республика халықтарының рухани-адамгершілік қасиеттерін нығайту болып табылады. Бұл мақсаттарға тиісінше идеяларға қаныққан реформаларды қарқынды жүзеге асыру арқылы қол жеткізуге болады. Ал түбегейлі республикалық реформаларды іске асыру берік, жетік заңдылық базасын жасамай мүмкін емес. Реформалардың жүзеге асырылуы заң шығару процесінің тиімді тетіктерін орнықтырумен, заң шығару қызметін жетілдірумен, республикада заң шығармашылығының деңгейін ең бір жетік жоғары сатыға көтерумен байланысты. Демократиялық, азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет орнату бағыты заң жүйесін терең қайта бағдарлауды, бүкіл құқықтық институттарды негізді түрде реформалауды, бұрын басталған реформалардың үрдісін жылдамдатуды талап етеді.

Содержание

КІРІСПЕ 4

1-тарау. Құқық шығармашылығының түсінігі және парламент негізгі заң шығарушы ОРГАН РЕТІНДЕ
1.1. Құқық шығармашылығы ұғымы, мәні 6
1.2. Қазақстан Республикасы Парламенті заң шығарушы орган ретінде 16

2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАРЛАМЕНТІНІҢ ЗАҢ ШЫҒАРУЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
2.1. Парламенттің заң шығару үрдісінің шегі мен сатылары 32
2.2. Қазақстан Республикасы Парламентінің заң шығару қызметінің тиімділігін арттыру жолдары 51

ҚОРЫТЫНДЫ 59

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 61

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word (2).docx

— 113.96 Кб (Скачать документ)

Жүйелі түрде құқықтық зерттеулер жүргізу арқылы заңдылықтың  даму жолдары туралы, мәселелердің өзектілігін анықтау туралы ғылыми ақпараттар алуға болады.[8.356]

Тек болжауда ғана емес, жалпы  заң шығару процесінде құқық ғылымдары, олардың ережелері мен қорытындылары  пайдаланылады. Ғылыми ережелер мен  қорытындылар заң жобасы қызметінде стратагиялық роль атқарады десек артық  болмайтын болар. Әсіресе, құқық  және мемлекет теориясы мен Қазақстан  Республикасының конституциялық құқығы. Олар жобаланудағы заң мен ондағы күқықтық нормалар сәйкес келуі тиіс негізгі өлшемдерді анықтайды. Мұнысымен  олар жоба жасаушыларға, жобаны талқылаушыларға  өз қызметінің мақсаттары мен негізгі  бағыттарын, тиісті мақсаттарды жүзеге асыру жоддары мен амалдарын  дұрыс анықтауына мүмкіндік туғызады, конституциялық қатынастардың даму зандылықтарын ашады және әрекеттегі конституциялық құқық нормаларының ары қарай жетіле түсуінің негізгі  бағыттарын анықтайды.          

 Заң шығармашылығының  тиімділігі заң шығарушылардың, заң жобасын дайындауға тартылатын  тұлғалардың құқықтық санасына  негізделеді. Егер шығарылу жолына  қарамастан кімнің болса да  шығарған заңы тиімді, сапалы  болса, ондай заң азаматтар  мен құқық қолданушылардың тарапынан  қолдауға ие болары сөзсіз. Сондықтан  да заң шығарушы заңның сапасын  көрсететін қоғамдық пікірді,  әртүрлі есептерді ескеру, тыңдау  барысында азаматтардың, қоғамның  қабылданудағы заңға қатысты  теріс көзқарастарын байқаса,  онда ол заңның тиімді әрекетін  қамтамасыз етуге және толығымен  немесе белгілі шамада кез-келген  теріс факторлардың әрекетін  жоюға қабілетті заңи амалдар  мен тәсілдердің тиісті жүйесін  жасап, оны актіде бекіте алады.  Тиісінше, заң шығарушы орган  өзі шығарып отырған заңның  қоғамның қолдауына ие болуы  үшін қажетті заңи жолдарды  таппаса, онда мұндай заң тиімсіз  әрекетке душар болады. Сондықтан  да, заң шығарушылардың кәсіби  ой-санасы заңи нормалардың қоғамдық  қатынастарға әсер етуінің тиімділігін  толығымен ескеруге бағытталған  болуы керек. 

 

 

  

 

ҚОРЫТЫНДЫ 

 

Қазақстанның және біраз  шетелдік заң шығармашылығын, олардың  адамдардың еріктерімен байланыстығын  зерттеп біз заң шығармашылығы  өмірде болып жатқан түрлі процестерден, өмірлік зандылықтардан туындайды, олармен байланыста болады әрі ол қоғамдық процестер заң шығармашылығына  белгілі бір шектеулер қояды  деген ғылыми пікірлерді басшылыққа ала отырып тиімді заң шығармашылығын қалыптастыру үшін ол қоғамдық процестердің мазмұнын ашу керек деген түйінге  келдік. Парламенттің заң шығару қызметі  өмірде болып жатқан, тарихи қалыптасқан, әлеуметтік, экономикалық, саяси процестерден туындайды, олармен өзара байланыста болады. Бұл жағдайлардың бірі адамдардың еркінен тыс, тарихи қалыптасса, келесі бірі сананың шегінде болады. Объективтік  негіздер мен субъективтік факторлар  қандай да бір заңның шығарылуына  қозғау салады, заңның мазмұнын қалыптастыруға ықпал етеді. Қоғамдық қатынастарды кұқықтық реттеудің тиімді, қажетті  деңгейде болуы объективтік зандылықтарды  тану жөніндегі субъективтік қызметтің  дұрыс жүргізілуіне байланысты. Объективтік  негіздерді тану, оларды талдау арқылы болашақ заңдылыққа қаншалықты әсер ететінін байқау білу заң шығармашылығының тиімді болуының бір шарты. Сол себепті  де ғылым заң шығармашылығының объективтік  негіздерін танудың ең бір жетік  жолдарын анықтауы, оның нәтижелерін  тиімді үйлестіруі керек.

Біз ғылыми зерттеуімізде  нақты бір құқықтық жолдармен  заң шығару процесін жетілдіру арқылы заңның сапасын көтеру үшін ұсыныстар  жасауды басты мақсат ретінде  бекітіп, заң шығармашылығын жетілдіруге, сол арқылы заңның тиімділігін арттыруға  ықпал ететін тұстарды назардан тыс  қалдырмауға, Парламентте заң шығару процесінің жүзеге асырылуын неғұрлым тереңірек зерттеуге тырыстық. Осы  орайда біз заң жобаларын палаталарда  қарау кезінде қандай да бір заң  жобасына байланысты білдірілген құнды, бағалы пікірлерді әркезде де ескеріп, олардың ескерілмей қалуы мүмкін жағдайларын болдырмау керек  деп шештік және оған қатысты өзіміздің  ғылыми ұсынысымызды негіздедік. Тиісті шешімге келуіміздің себебі тереңнен тамыр алады. Ашып айтсақ, заң жобасы жөнінде біршама пікірталастар  мен қызу талқылаулардың тәжірибеде орын алуы қабылданар заң жобасына қатысты сындарлы, жетік шешімнің табылуына ықпал етуі мүмкіндігін  бүгінгі өмір дәлелдеп отыр. Сондай-ақ тарихи тәжірибе пікірталастарда бағалы, құнды пікірлердің дер кезінде  тиісінше бағаланбай, байқалмай қалып  отыратын жайлардың кездесетінін де жоққа шығармайды. Заң жобасы бойынша  тиімді, бағалы идеялардың заң мәтінінде  тиісті көрінісін таппай қалуы ықтималдығын заң шығару процесін реттейтін актілерден байқауға болады. Нақты айтсақ, Конституцияға  сәйкес, Қазақстан Республикасының  Парламентінде заңдар көпшіліктің  мақұлдауымен (жай көпшілік, абсолюттік көпшілік) қабылданады және осы орайда бүгінде түрлі идеялар мен  ұсыныстарды білдірушілер, қолдаушылар  мүндай көпшіліктің мақұлдауына  өз позицияларын түсіндіру, тіпті заңсыз лоббизм арқылы да өзгелерді өз жақтарына  тарту нәтижесінде қол жеткізу  практикасы қалыптасып отыр. Заң көпшіліктің  дауыс беруімен қабылданатындықган, онда негізінен депутаттардың бір  тобының көзқарастары білдіріледі. Әрине, азшылықга қалған депутаттар пікірлері талқылаулар кезінде  ескерілуі де мүмкін, бірақ ол тиісті заңда ондай пікірдің көрініс  табуының кепілі болып табылмайды. Олай болса, көпшілік дауысқа санаулы ғана дауыстың жетпеуі себепті тиісті үсыныстар қабылданбай қалуы әбден мүмкін жағдай. Ал, ондай ұсыныс, пікірлерде бағалы, қүнды идеялардың болмауына кім кепіл бере алады? Сондықтан азшылықта қалған депутаттар үсынған маңызды әрі пайдалы идеялардың қоғам өмірінен жоғалып кетпей, дер кезінде бағалануы, ұсынылуы үшін заң жобалары бойынша талқылаулар кезінде депутаттар арасында пікірлер бытыраңқылығы байқалып жатқандай болса, дауыс беруге дейін осы мәселелер бойынша палатаның келістіру отырысын өткізу мақсатқа сай болар еді деген қорытынды жасадық және оңда депутаттар айтқан кейбір қайшы идеялар бойынша ымырағы қол жеткізу, позицияларды жақындастыру мәселесі қойылғаны абзал.

Заңдар арқылы құқықтық реформаларды жүзеге асыру, қоғамда заңдылық режимі мен темірдей тәртіпті қалыптастыру, тұрақтылықты қамтамасыз ету мүмкін болатындықган және мұның бәріне қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу жолымен ғана қол жеткізілетіндіктен заңдар шығаруға байланысты қызмет қоғамдық дамудың қай кезеңінде болмасын орталық назарда болып отыр. Сол  себепті де, Қазақстан Республикасындағы  бірден-бір заң шығарушы – Парламенттің негізгі міндеті халықтың ерік, мүддесін көздейтін қоғамдық қатынастардың  маңыздылық дәрежесін анықтау және оларды жоғары дәрежеде реттеуге саяды. Заң шығармашылығының көмегімен  жоғарыда аталғандай жетістіктерге  жету үшін заңдардың әрбір азамат үшін жоғары бағалы, құнды болуы  шарт. Ал, ол үшін заңның әділ, қарапайым, демократиялық және халықтың еркі мен  мүддесіне лайық болуы керек. Олай болса, заң әділдік, халықтың еркіне сай келушілік, рухани жетілгендік  көрсеткіштеріне жауап бергенде ғана оның сөзсіз орындалуы мен сақталуына үміттенуге болады. 

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

I. Нормативтік  актілер:

1.     Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған Конституциясы. – Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 7 қазандағы № 284-1 заңымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген ресми мәтін. - Алматы: Жеті жарғы, 2002. - 52 б.

2.     Қазақстан Республикасының «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңы. 02.11.1995ж. /"Заң"ДБ5.0. версия ҚР Әділет Министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы.

3.     Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы»Конституциялық заңы.16.10.1995ж./ СД Қазақстанның заңнама базасы: анықтама жүйесі "Юрист". Компания ЮрИнфо 1996 - 2004.

4.     Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы»Конституциялық заңы.18.12.1995ж./ "Заң"ДБ5.0. версия ҚР Әділет Министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы.

5.     Қазақстан Республикасының «ҚР Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы» Конституциялық Заңы. 07.05.1997 /  "Заң"ДБ5.0. версия ҚР Әділет Министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы.

6.     Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңы. 24.03.1998 ж. / СД Қазақстанның заңнама базасы: анықтама жүйесі "Юрист". Компания ЮрИнфо 1996 - 2004.

7.     Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заңы. 26.06.1998 ж. /  "Заң" ДБ 5.0. версия ҚР Әділет Министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы.

8.     Қазақстан Республикасының «Төтенше жағдай туралы» Заңы. 08.02.2003 ж. //ҚР Парламентінің Жаршысы. - 2003. - № 3.- 44-57 б.

9.     Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасы 
20.09.2002 //Заң газеті. - 2002. - 2 қазан - 2-3 б.

10.ҚР Парламентінің регламенті  туралы ҚР Парламентінің қаулысы  20.05.1996 ж. // ҚР Парламентінің жаршысы. - 1996. - № 6-7.

11. Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламенті туралы. 23.02.1999 СД Қазақстанның заңнама базасы: анықтама жүйесі "Юрист". Компания ЮрИнфо 1996 - 2004.

12. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің регламенті 08.02.1996 // ҚР Парламентінің Жаршысы. - 1996. - № 3.- 21-63 б.

13. Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында заң жобалау жұмысын ұйымдастыру ережесі. 11.09.2000 жылғы ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген // ҚР ПҮАЖ. - 2000. - № 40. - 29-31 б. 

 

 

 

II. Арнайы әдебиеттер:

1.     Абдукаримова З.Т. Проблемы повышения эффективности 
законодательной деятельности Парламента Республики   Казахстан: 
Автореф. к.ю.н.. - Алматы, 2000. - с. 30.

2.     Амандықова С.К. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы. - Астана: Фолиант, 2000. - 176 б.

3.     Атаманчук Г.В. Теория государственного управления. Курс 
лекции. - М.: Юр. лит., 1997. - с. 400.

4.     Алексеев С.С. Общая теория социалистического права. Вып. 
3 - Свердловск: Средне-Уральское книжное издательство, 1966. - 
с.212.

5.     Әбдікәрімов О. Заң шығару органы және уақыт талабы // 
Заң және заман. - 2000. - № 2. - 4-7 б.

6.     Баймаханов М.Т. О некоторых формах воздействия Конституции на развитие и функционирование текущего законодательства // Право и государство. - 2001. - № 1. - с. 15-18.

7.     Бурлаков     Л.     Законы     должны     отражать     уровень 
демократизации // Юридическая газета. - 2000. - 12 апреля.

8.     Вильчинскас Ш.К. Конституционные основы законодательной деятельности союзной республики: Автореф. к.ю.н., М, 1988. - с. 26.

9.     Елекеев И. Демократизация законотворческого процесса и стабильность законодательства // Заң және заман. - 1997. - № 5. - с. 35-42.

10.Законотворческий процесс  в Республике Казахстан: состояние  и проблемы /Парламент Республики  Казахстан. Институт государства  и права Министерства науки  – Академии наук. - Алматы, 1997. - 624 с.

11.Зиманов С.З. Конституция  и Парламент Республики Казахстан. - Алматы: Жеті жарғы, 1996. - с. 352

12.Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030. - Алматы: Білім, 1997. – 17 бб.

13.Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның  екі палаталы тұңғыш Парламенті - еліміздің заң шығармашылығындағы  жаңа кезең // Егемен Қазақстан. - 1996. - 31 шілде.

14.Кенжалиев З.Ж. Қазақстан  Республикасының 
Конституциясы және құқықтық саясат тұжырымдамасының іске асу 
кезеңдері // Вестник КазНУ. Серия юридическая. - 2003. - № 2 
(27). - 44-47 бб.

15.Қазақстан Республикасы  Конституциясының түсіндірме сөздігі  /Қазақстанның даму институты. - Алматы: Жеті жарғы, 1996. – 368 б.

16.Концепция развития  российского законодательства /Инст. 
законодателъства       и       сравнительного       правоведения       при 
Правительстве Российской Федерации. - М., 1994. - с. 245.

17.Копабаев О.К Конституционно-правовые  основы организации и функционирования  государственной власти Республики  Казахстан (проблемы теории и  практики): Дисс. д.ю.н. - Алматы, 2000. - с. 371.

18.Конституция Республики  Казахстан. Комментарий / Под ред.  Сапаргалиева Г.С. - Алматы: Жеті жарғы, 1998. - с. 432.

19.Мамонов В.В. О механизме  отражения интересов участников  правоотношений в законодательстве  Казахстана // "Әділеттің" ғылыми  еңбектері. - 1997. - №1. - с.77-79.

20.Мухтар Кул-Мухаммед. Нужен  ли закон о лоббировании // 
Юридическая газета. - 2000. - 26 апреля.

21.Научные основы советского  правотворчества /Отв. ред. Халфина  Р.О. - М.: Наука, 1981. - с. 320.

22.Наурызбаева     Р.К.      Правотворчество     Правительства 
Республики Казахстан: Дисс. к.ю.н.. - Алматы, 1995. - с. 169.

23.Парламент и законодательная  власть Казахстана /Отв. ред. Таранов  А.А. - Алматы: Жеті жарғы, 1995. - с. 157.

24.Проблемы совершенствование  советского законодательства /Под  ред. Самощенко И.С. - М.: Юр. лит., 1977. - 271 с.

25.Сартаев С.С. Главное  - профессиональность // На страже. - 
1994. - 17 сентября

26.Сапарғалиев Ғ.С., Ибраева  А.С.. Мемлекет және құқық теориясы. - Алматы: Жеті жарғы, 1998. - 192 б.

27.Сапарғалиев Ғ. Қазақстанның  бірыңғай мемлекет ретіндегі 
идеологиясының мәселелері // Ақиқат. - 1999. - № 9-10. - 3-11 б.

28.Сартаев С. Кәсіби  Парламенттен күтеріміз көп // Халық Кеңесі. - 1994. - 20 қаңтар.

29.Спасов Б.П. Закон  и его толкование. - М.: Юрид. лит., 
1986. - с. 248.

30.Таранов    А.А.,    Айтимова    Б.С.    Научная    концепция 
законопроекта // Известия НАН РК. - 1993. - № 4.

31.Табанов С.А. Совершенствование  законодательства: теория и опыт  Республики Казахстан. - Алматы: Жеті  жарғы, 1999. - 288 с.

32.Хасанов Е.М. Заңды  қазақ тілінде даярлап, қабылдайтын 
күн туар ма екен? // Право и государство. - 2000. - № 1-2.

33.Чудаков М.Ф. Конституционное  (государственное) право зарубежных  стран. - Минск: Харвест, 1998. - с. 784.

34.Ямпольская Ц.А. Общественные  организации и развитие советской  социалистической государственности. - М.: Юрид. лит., 1965. - 197 с.

Информация о работе Құқық шығармашылығының түсінігі және парламент негізгі заң шығарушы