Құқық шығармашылығының түсінігі және парламент негізгі заң шығарушы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2013 в 16:55, реферат

Краткое описание

1990 жылы қазанның 25 жұлдызында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы» Декларациясын қабылдау арқылы, өзінің егемен мемлекеттігін жариялаған, 1993 жылғы Конституцияда оны бүкіл әлемге паш еткен жас егемен Қазақстан Республикасының әр кездегі жоғары, басты мақсаты шынайы құқықтық, демократиялық мемлекет құру, дамыған ұлттық нарықтық экономиканы қалыптастыру, түрлі ұлт өкілдерінің теңдігіне, ықпалдастығына негізделген ұлттық саясатты дамыту, Республика халықтарының рухани-адамгершілік қасиеттерін нығайту болып табылады. Бұл мақсаттарға тиісінше идеяларға қаныққан реформаларды қарқынды жүзеге асыру арқылы қол жеткізуге болады. Ал түбегейлі республикалық реформаларды іске асыру берік, жетік заңдылық базасын жасамай мүмкін емес. Реформалардың жүзеге асырылуы заң шығару процесінің тиімді тетіктерін орнықтырумен, заң шығару қызметін жетілдірумен, республикада заң шығармашылығының деңгейін ең бір жетік жоғары сатыға көтерумен байланысты. Демократиялық, азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет орнату бағыты заң жүйесін терең қайта бағдарлауды, бүкіл құқықтық институттарды негізді түрде реформалауды, бұрын басталған реформалардың үрдісін жылдамдатуды талап етеді.

Содержание

КІРІСПЕ 4

1-тарау. Құқық шығармашылығының түсінігі және парламент негізгі заң шығарушы ОРГАН РЕТІНДЕ
1.1. Құқық шығармашылығы ұғымы, мәні 6
1.2. Қазақстан Республикасы Парламенті заң шығарушы орган ретінде 16

2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАРЛАМЕНТІНІҢ ЗАҢ ШЫҒАРУЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
2.1. Парламенттің заң шығару үрдісінің шегі мен сатылары 32
2.2. Қазақстан Республикасы Парламентінің заң шығару қызметінің тиімділігін арттыру жолдары 51

ҚОРЫТЫНДЫ 59

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 61

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word (2).docx

— 113.96 Кб (Скачать документ)

Құқық шығармашылығы - бұл  мемлекеттің құқық нормаларын жасау  жөніндегі қызметі. Жай ғана емес, саналы, ерікті, ғылыми негізделген, белсенді қызметі. Мемлекеттің құқық шығармашылығы  қызметі негізінде экономикалық және өзге қоғамдық қатынастар заңды  нормалар түрінде көрініс табады. Мемлекет осы қатынастарды құқықтық қатынастар ретінде рәсімдейді, дамуына  әсер етеді.[6.15] Құқық шығармашылығының қызметі арқылы экономикалық және өзге де қоғамдық әлеуметтік қатынастар жалпы  құқықтық қатынастарға айнала отырып, қайтадан басқа жаңа әлеуметтік қатынастарға әсер ету үшін құқықтық нормаларда бекітіледі. Қандай да бір әлеуметтік қатынастардың қоғамдық дамудың  мұқтаждықтарының анықталуы, оларды құқықтық реттеудің қажеттілігінің пісіп-жетілуі  құқық шығармашылығының басталуына себеп болады. Құқық шығармашылығы  нәтижесінде қолданымдағы құқық  жүйесін толықтыратын немесе өзгертетін қажеттіліктер, алғышарттар заңи шынайы, құқық ережелеріне айналады, нормативтік  актілерде белгіленеді.

Тұрғылықты халықтың мемлекеттің  құқық шығармашылығына қатысуы  қай кезеңнің болмасын негізгі мәселесі.  Бүгінде халық құқық шығармашылығын тікелей референдум арқылы заң шығаруға қатысу, ерік білдіру арқылы жүзеге асырса, күні кешегі тарихымызда бұқараның референдумнан өзге, қоғамдық ұйымдардың қызметтері арқылы мемлекеттің құқық шығармашылығына кеңінен қатысқанын көреміз. Кеңес өкіметі кезінде қоғамдық ұйымдардың, нақты айтсақ, Бүкілодақтық Ленин Комсомол Жастар Одағының, кәсіподақтар мен ерікті қауымдардың т.б. заң шығармашылығының бастамашысы ретінде болуы, ВЦСПС-тің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындау мен оларды бекітуге қатысуы, т.б. қоғамдық ұйымдардың құқық шығармашылығы әрекеттерінің кеңінен қоддау тапқандығы соншалық, қоғамдық ұйымдардың нормативтік актілер шығаруы ғылымда жалпы құқық шығармашылығының амалдарының бірі ретінде бекініп, ол құқық шығармашылығын анықтауға негіз болды.

Ашып айтсақ, Кеңес заңгері  Ц.А.Ямпольская және т.б. кейбір ғалымдар құқық шығармашылығы деп нормативтік  актілерді қабылдау жөніндегі мемлекеттік  органдардың қызметін ғана емес, сондай-ақ мемлекеттің құқық шығармашылығына  бұқараның катысуының әртүрлі нысандарын халықтың тікелей құқықшығармашылығы мен қоғамдық ұйымдардың жеке нормативтік  актілерді шығаруын) анықтайды.[34.197] Кеңес өкіметінде қоғамдық, саяси  ұйымдардың құқық шығармашылығы  олармен дербес және мемлекеттік  органдармен бірге жүзеге асырылған. Қоғамдық саяси ұйымдардың дербес құқық шығармашылығының  мәні  мынада: норманың мазмұнын өздері белгілейді, норманы мемлекеттік органдар тарапынан бекіту қажет етілмейді. Мысал ретінде, ВЦСПС Президиумының қаулысыменбекітілген  "Положение  о  техническом  инспекторе  профсоюзов"(26.08.66) актісін келтіруге болады. Бұл актісімен ВЦСПС кәсіподақтардың   техникалық инспекторларына құқықтар бере отырып, кәсіпорындар, мекеме, ұйым басшыларына жұмысшылар мен қызметшілердің еңбектерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде қатал міндеттер жүктеді. Бұл акт нормаларының орындалмауы жауапкершілік туындатады. Мемлекеттік органдармен бірлесе құқық шығару кезінде қоғамдық ұйымдардың мемлекеттік органдармен байланыстығы көрнекі ашық түрде болады. Бұл байланыс бірлескен құқық шығармашылығының қоғамдық ұйымдар үшін де, мемлекеттік орган үшін де жалпы құқықтық негіздерінде және норманы өмірде жүзеге асыру мен оны бұзушылықтан қорғау барысында байқалады. Ц.А. Ямпольскаяның құқық шығармашылығын мемлекеттік органның қызметімен қатар, бұқара көпшіліктің,мемлекеттің құқық шығармашылығына қатысуының нысандары ретінде анықтауы сол кезеңдегі құқық шығармашылығының демократиялық нысандарының дамуының, қолданылуының көрінісідеуге болады. Әртүрлі қоғамдық ұйымдар мен референдумдахалықтың нормативтік актілер қабылдауы мәні бойынша халықтыңмемлекеттік еркін білдіруі болып табылды. Бұқараның мұндайқұқық шығармашылығы мемлекеттің қатысуынсыз болмайтыныхақ.

Қоғамдық ұйымдардың нормативтік  құқықтық актісі мемлекеттің оған берген өкілеттіктері негізінде шығарылды.[10.624]

Бүгінде де халықтың референдум арқылы құқық шығармашылығы мемлекетпен  байланысты жағдайда. Яғни республикалық  референдум өткізу туралы шешім болғанда ғана референдуммен заң шығарылуы  мүмкін. Ал, ондай шешімді ҚР Конституциясының бабының 10 тармағына сәйкес Республика Президенті болуы тиіс: өзінің, Республика Парламентінің, Үкіметтің және сан  жағынан республиканың барлық облыстарын, астанасы мен республикалық маңызы бар қалаларын тең мөлшерде біддіретін республикалық референдумға қатысу құқығы бар екі жүз мыңнан кем  емес республика азаматтарының. Тиісті бастамашылықтың болуы республикалық  референдум өткізу туралы шешім қабылдауға міндеттемейді.

Қазақстан халқының еркін  заңға, жалпыға міндетті құқықтық нормаларға айналдыру - бұл тиісті қызметтің  жалпы бағытын көрсететін жетекші, бастапқы идеялармен қатаң сәйкестікте, яғни белгілі бір қағидалар негізінде  жүзеге асырылатын процесс. Мемлекеттің  кез-келген қызметі секілді құқық  шығармашылығы да белгілі бір  қағидалармен сәйкестілікте жүзеге асады. Оларды нақты атап айтсақ, жоғарыда тоқталған - құқық шығармашылығының демократиялығы және жариялылығы. Демократиялық  қағидасы бұқара халықтың мемлекеттің  құқық шығармашылығына катысуының жолдары мен дәрежесін көрсетсе, жариялылық-құқық шығармашылығы  қызметінің көпшілік үшін ашық, қолайлы  процесс екендігін белгілейді.

Қазіргі ғалымдардың құқық  шығармашылығының бастапқы идеясы ретінде  көрсететін келесі қағидалары: құқық  шығармашылығының кәсіпқойлығы, заңдылығы, ғылымға негізделгендігі және құқық  қолдану тәіжрибесімен байланыстығы.

Құқық шығармашылығының кәсіпқойлығы қағидасы құқық шығармашылығының сапасымен, құқық шығармашылығы шешімін  қабылдау жолдарының, тетігінің тиімділігімен  тікелей байланысты. Мұндай қызметке заң жобасын жасау жөнінде  кәсіптік білімі мен тәжірибесі бар  жетік мамандар (заңгерлер, саясаттанушылар  т.б.) катысулары тиіс.

Құқық шығармашылығының келесі қағидасы - құқық шығару процесінің ғылыми сапасын көтеру (ғылыми негізділігі) қағидасы. Бұл үшін қоғамның саяси, экономикалық, мәдени-әлеуметтік жүйелерін  жан-жақгы зерттеп, олардың ғылыми тұрғыдан талаптарын анықтап, қорытынды  тұжырымдар жасап, оны қалай сапалы заңға айналдыру жолдарын, бағыттарын белгілеу қажет. Ол ғылыми тұжырымдарды тәжірибеден, тексерістен өткізіп  алған абзал. Құқық шығармашылығындағы зандылық - құқық шығармашылығының келесі қағидасы. Жаңа қабылданатын нормалар Конституцияның талаптарына сәйкес өмірге келуі қажет. Тек қана қабылданатын нормалар ғана емес, сондай-ақ оларды (нормативтік  актілерді) дайындау, қабылдау және жариялау, яғни бүкіл құқық шығармашылығы  процесі Конституция, заң шегінде, нақты талаптарға сәйкестікте жүзеге асырылуы керек.

Құқық шығармашылығының қағидаларының  ішінде аталмай қалғаны - оның құқық  қолдану тәжірибесімен байланыстығы қағидасы. Бұл қағиданы негізгі ғалымдар тобы құқық шығармашылығының ғылыми негізділігі қағидасымен бірлікте қарайды. Алайда оны жеке бөліп қарайтын ғалымдар да бар. Бұл қағиданың мәні мынада деп айтуға болады: кұқық  қолдану практикасы кұқық шығармашылығы  қызметінің нәтижесі болып табылатын  нормативтік құқықтық актілерді  өмірде жүзеге асыруға бағыттала  отырып, құқық шығарушыға өз еңбегінің  жемісін бағалауға, оның тиімділігі, сапасы туралы хабардар болуға, құқық  шығару қызметін жетілдіріп отыруға  көмектеседі. Құқық қолдану тәжірибесімен  байланыста ғана құқық шығарушы өзінің кемшіліктерін, қателіктерін анықтайды, құқық шығармашылығына деген  қажеттік-мұқтаждықтарды ашады.

Құқық шығармашылығының бұл  қағидалары белгілі бір қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу негізінде  халықтың еркін нормативтік құқықтық актіге айналдырумен байланысты, нормативтік  актілерді дайындау, шығару, өзгерту, жою процестеріне қатысатын органдар  мен  ұйымдардың  қызметінің  бастамаларын көрсететін категориялар, жетекші идеялар. Құқық шығармашылығының қағидаларын дұрыс  анықтай  отырып және олардың іс жүзінде жүзеге асуын қамтамасыз ету арқылы құқық шығарушы тиісті шығармашылықтың тиімділігін көтереді, құқық шығармашылығын ғылыми негіздейді. Аталған қағидалар біріншіден, құқық шығармашылығының негізгі, объективті қажетті жақтарын көрсетеді; екіншіден, құқық шығармашылығы процесіндегі тұрақты заңи байланыстар мен қатынастарды сипаттайды; үшіншіден, өз мазмұнында құқық шығармашылығының нақты нышандары мен ерекшеліктерін қамтвды. Құқық шығармашылығының аталмыш қағидалары (демократиялығы, кәсіпқойлығы, заңдылығы, ғылыми негізділігі жөне кұқық қолдану тәжірибесімен байланыстығы)  - қай уақыттың болмасын құқық шығармашылығының бастапқы, анықтаушы идеялары.[15.368]

Құқық шығармашылығы - құқықтық реттеу механизмінің негізгі, бастапқы сатысы. Мемлекет құқық нормасын жасай  отырып, құқық қолданушы және құқық  қорғаушы амалдардың барлық жүйесін  әрекетке қосады және осылай жеке адамдардың, ұйымдардың, қоғамның дамуына әсер етеді. Демек, құқықтық реттеу тиісті субъектілер  үшін нақты кұқықгар мен міндеттер  туындайды, жауапкершілік белгілейді. Құқық шығармашылығы арқылы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу тиісті қажеттіліктің болуымен байланысты. Ал, құқықтық реттеуге деген қажеттілік келесі жағдайларда пайда болуы  мүмкін:  1. Құқықтық реттелуді қажет ететін қоғамдық қатынастардың жаңа саласы пайда болады; 2. Экономикалық және әлеуметтік процестердің қарқынды дамуы себепті бұрын реттелген қатынастардың құқықтық реттелуін өзгерту қажеттігі пайда болады. Құқықтық реттеуге деген қажеттілікті анықтау, оның бағытын анықтайтын факторларды зерттеу құқық шығармашылығының басталуының себепшісі. Қоғамдық қатынастарды құқық шығармашылығы арқылы құқықтық реттеу барысында адамдардың, халықтың ерік мүддесі алдыңғы кезекке шығады, тиісті нормативтік құқықтық актілерде бекітіліп, белгіленеді. Құқық  шығармашылығы – бұл халықтың ерік-мүддесін бекіту, жалпыға міндетті заңды ережелерді қалыптастыру жөніндегі қызмет. Осы қызмет нәтижесінде мемлекеттің құқық жүйесі жасалады. Демек, құқықтық жүйенің қалыптасуы жеке нормативтік актілерді жасау арқылы жүргізіледі.

Нормативтік құқықтық акт - бұл құқық шығармашылығының соңғы  аяқтаушы түйіні және тікелей заңды  нәтижесі. Қандай нысанда көрсетілгеніне қарамастан, ол белгілі бір құқықтар мен міндеттер белгілейтін заңдық маңызы бар акт болып табылады. Осы тұрғыдан алсақ, құқық шығармашылығы - бұл сырттай қарағанда нормативтік  құқықтық актілерді дайындау, талқылау, бекіту және жариялау амалы ретінде  болады. Әрбір жаңа нормативтік акт - құқықтық жүйенің дербес бөлшегі. Құқық шығармашылығының нәтижесінде  құқықтық жүйеге жаңа нормативтік акт  қосылып отырады.[15.375] Құқық шығармашылығы - бұл бірыңғай, дәйекті іс-қимылдардың тәртібі. Сондықтан құқық шығармашылығына әсер ететін, көмектесетін, ол үшін қажетті шаралар мен  жағдайлар жасайтын, бірақ нормативтік актілерді жасау жөніндегі жұмыстың қандай-да бір кезеңі болып табылмайтын іс-әрекеттер құқық шығармашылығы процесіне кірмейді, - деп А.С. Пиголкин дұрыс көрсетеді. Нақты айтсақ, заң актілерін жетілдіру туралы ұсыныстар, қандай-да бір құқық шығарушы органның қызметін жақсартуға байланысты жалпы ұйымдық шаралар құқық шығармашылығына жатпайды. Құқық шығармашылығы заңи маңызы бар әрекеттердің жүзеге асырылуының тәртібін белгілейтін қызмет. Сондықтан ол қызмет нормативтік құқықтық актіні дайындау мен қабылдау жөнінде қоғамдық қатынас пайда болғанда ғана жүзеге асады.

Құқық шығармашылығы құқық  нормаларын әртүрлі амалдармен, ашып айтар болсақ жаңа ереже белгілеу, ескіні жаңарту, яғни өзгерту, сондай-ақ, толықтыру және бұрын қабылданған  нормаларды жоюдың түрлі амалдарын  қолданып жасайды. Құқық шығармашылығының жолдары алдымен құқық нормаларының қалай жасалатынына қарай ажыратылады. Құқық шығарудың негізгі амалдарына бізге тарихтан белгілі, сондай-ақ бұдан  біраз бұрынырақ, алдында жазылып  кеткен мына әдістерді жатқызуға  болады. Олар: құқық нормасын шығару, әдет-ғұрыптарды тану және сот үлгілерін  жасау. Нақтырақ ашып айтсақ, 1) құқық  шығармашылығы органының қатысуынсыз  қалыптасқан құқықтық сипаттағы  нормаларды мемлекеттің тануы. Бұған  әдет-ғұрыптарды мемлекеттің тануын жатқызамыз; 2) нақты іс бойынша мемлекет органдарының шешімдеріне нормативтік  сипат беру (үлгі прецедент); 3) нормативтік  актілерді жасау жөніндегі мемлекеттің  қызметі. Бүған дейін де атап кеткеніміздей, қазіргі Қазақстанның құқық шығармашылығының жолдары: нормативтік актіні уәкілетті  органдардың шығаруы, нормативтік  актіні референдуммен халықтың қабылдауы. "Нормативтік құқықтық актілер  туралы" ҚР заңының 1 бабында құқық  шығармашылығын жүзеге асыратын уәкілетті  органдардың мазмұны ашылған. Яғни, уәкілетті органдар - ҚР Конституциясында, көрсетілген занда, сондай-ақ сол  органдар мен лауазымды адамдардың құқықтық мәртебесін айқындайтын заңдарда белгіленген өз құзыретіне сәйкес нормативтік  құқықтық актілер қабылдауға хақылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік  органдары мен лауазымды адамдары: ҚР Президенті, ҚР Парламенті, Үкіметі, ҚР Конституциялық Кеңесі, ҚР Жоғарғы  Соты, Орталық сайлау комиссиясы, орталық  атқарушы органдар, ҚР Ұлттық Банкі, өзге де мемлекеттік органдар. Олардың  қабылдайтын нормативтік құқықтық актілері - бұл құқықтық нормаларды белгілейтін, олардың қолданылуын  өзгертетін, тоқтататын немесе тоқтата  тұратын жазбаша ережелердің  жиынтығы, ресми құжат. Аталған уәкілетті  органдардың құқық шығармашылығы  қызметі заң негізінде және оны  орындау үшін жүзеге асырылады. Олардың  құқық шығармашылығы қызметінің бағыты мынада: нормативтік құқық  актілерін қабылдау арқылы қоғамдық қатынастарды құқықтық жолмен реттеу. Нормативтік құқықтық акт қандай жолмен шығарылғанына қарамастан, ол кұқық шығармашылығына деген  құқықтық болуының нәтижесі. Құқық  шығармашылығына құқық - бұл нормативтік  актінің қандай-да бір түрін шығаруға (қабылдау, өзгерту, толықтыру немесе жою) заңмен белгіленген құқық. Нақты  талдасақ, құқық шығаруға деген құқық  біріншіден, заңдылықпен көрсетілген  тәртіптің түрін және шамасын  білдіреді; екіншіден, құқық шығармашылығына  деген құқықтың қайнар көзі болып  тек қана нормативтік құқықтық актілер  табылады, яғни мұндай құқыққа ие болу нормативтік актіде белгілену арқылы ғана мүмкін болады. Құқық шығармашылығына  құқық  -  бұл тиісті құқығы бар  субъектілердің құзыретінің бір бөлшегі.

Құқық шығармашылығы - бұл  құқықтық қызметтің неғұрлым күрделі  және жауапты сатысы. Оның нәтижесінде  қоғамның санасы және мемлекеттің саясаты  жүріс-тұрыс нормаларына айналады.

ҚР Конституциясының 49-бабының 1-тармағына сәйкес ҚР Парламенті заң  шығару қызметін жүзеге асыратын жоғары өкілді орган. Заң шығарушылық және өкілді сипат қай елдің болмасын Парламентіне тән қасиет. Халықпен тікелей және жанама құрылатын бұл  орган бүкіл халықтың атынан өкілдік  етеді және азаматтардың билікті  жүзеге асыруының негізгі нысаны болып табылады. Ол халықтың, яғни мемлекеттегі барлық азаматтардың мақсат-мүдделері  мен еркін білдіруші ретінде  қарастырылады. Сондықтан да Парламенттің негізгі бағыты: тұрғылықты халықтың ерік-жігерін, мүдделерін тану, зерттеу  және оларды заңдарда бейнелеу, өз депутаттары  арқылы халықтың мемлекетпен тікелей, тұрақты байланысын қамтамасыз ету. Оның халық өкілдігі деп аталуының  мәні міне осында. Тарихқа көз жүгіртсек  халықтың өкілдік тұжырымдамасы XVIII - XIX ғасырларда-ақ қалыптасқанын байқаймыз. Ұлт (халық) нені ойлайтынын Парламент  өзі біледі деп есептеледі, сондықтан  да заңдар және өзге актілер шығару арқылы халықтың еркін білдіріп отырады. Депутаттар үшін ең бастысы - бүкіл  халықтың еркін білдіре отырып, азаматтардың мүдделерін қанағаттандыру туралы қамқорлық.

Билік бөлу қағидасына сәйкес Парламентке заң шығару билігі еншіленген. Ол жоғары өкілді орган бола отырып, заң шығару қызметін жүзеге асырады. ҚР Парламентінің заң шығару билігі оның заңдарды қабылдау жөніндегі өкілеттіктерінің жиынтығын білдіреді. 1995 жылы қабылданған  Конституцияға сәйкес Парламент  Кеңес уақытындағыдай мемлекеттік  биліктің жоғарғы органы емес, сондай-ақ 1993 жылғы Конституцияның қабылдануымен  жаңа мәртебеге ие болған заң шығару қызметін жүзеге асыратын бірден-бір  орган емес, ол жай ғана "заң  шығару қызметін жүзеге асыратын жоғары өкілді орган". Және де оның мемлекеттік  биліктің жоғары органы ретінде танылмағаны  былай тұрсын, бірден-бір заң шығару органы ретінде жаңа Конституцияда  белгіленбеуі кездейсоқ емес. Жаңа Парламенттің заң шығару қызметімен айналысатын бірден-бір орган  болу қабілеттігінен айырылу себебі заң шығару қызметі халықпен референдум арқылы және Конституцияда көрсетілген  жағдайларда ҚР Президенті тарапынан  жүзеге асуы мүмкін. Олай болса, нақтырақ ашып, заң шығармашылықтың Қазақстан  Республикасындағы жолдарының келесідей  бірнеше түрлерін көрсетуге болады:

1.                            Қазақстан Республикасы Парламентінің заң шығаруы;

2.                            Парламенттің ҚР Президентіне заң шығару құқығын беруі, яғни Президенттің заң шығаруы;

Информация о работе Құқық шығармашылығының түсінігі және парламент негізгі заң шығарушы