Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2013 в 16:55, реферат
1990 жылы қазанның 25 жұлдызында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы» Декларациясын қабылдау арқылы, өзінің егемен мемлекеттігін жариялаған, 1993 жылғы Конституцияда оны бүкіл әлемге паш еткен жас егемен Қазақстан Республикасының әр кездегі жоғары, басты мақсаты шынайы құқықтық, демократиялық мемлекет құру, дамыған ұлттық нарықтық экономиканы қалыптастыру, түрлі ұлт өкілдерінің теңдігіне, ықпалдастығына негізделген ұлттық саясатты дамыту, Республика халықтарының рухани-адамгершілік қасиеттерін нығайту болып табылады. Бұл мақсаттарға тиісінше идеяларға қаныққан реформаларды қарқынды жүзеге асыру арқылы қол жеткізуге болады. Ал түбегейлі республикалық реформаларды іске асыру берік, жетік заңдылық базасын жасамай мүмкін емес. Реформалардың жүзеге асырылуы заң шығару процесінің тиімді тетіктерін орнықтырумен, заң шығару қызметін жетілдірумен, республикада заң шығармашылығының деңгейін ең бір жетік жоғары сатыға көтерумен байланысты. Демократиялық, азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет орнату бағыты заң жүйесін терең қайта бағдарлауды, бүкіл құқықтық институттарды негізді түрде реформалауды, бұрын басталған реформалардың үрдісін жылдамдатуды талап етеді.
КІРІСПЕ 4
1-тарау. Құқық шығармашылығының түсінігі және парламент негізгі заң шығарушы ОРГАН РЕТІНДЕ
1.1. Құқық шығармашылығы ұғымы, мәні 6
1.2. Қазақстан Республикасы Парламенті заң шығарушы орган ретінде 16
2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАРЛАМЕНТІНІҢ ЗАҢ ШЫҒАРУЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
2.1. Парламенттің заң шығару үрдісінің шегі мен сатылары 32
2.2. Қазақстан Республикасы Парламентінің заң шығару қызметінің тиімділігін арттыру жолдары 51
ҚОРЫТЫНДЫ 59
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 61
Құқық шығармашылығының түсінігі және парламент негізгі заң шығарушы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1-тарау. Құқық
шығармашылығының түсінігі
1.1. Құқық шығармашылығы
ұғымы, мәні
1.2. Қазақстан Республикасы Парламенті заң шығарушы орган ретінде 16
2-тарау. ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАРЛАМЕНТІНІҢ
ЗАҢ ШЫҒАРУЫ ЖӘНЕ ОНЫ
2.1. Парламенттің заң шығару
үрдісінің шегі мен сатылары
2.2. Қазақстан Республикасы
Парламентінің заң шығару
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
1990 жылы қазанның 25 жұлдызында
«Қазақстан Республикасының
Заң шығару міндеттілігі ең
алдымен негізгі заң шығарушы
орган Қазақстан
Мәселенің өзектілігі мен
оның кейбір қырларының толық реттелмеуі
зерттеу мақсатын анықтайды. Оның жаңалығы
мен құндылығы қаралатын
Дипломдық жұмыстың зерттеу
объектісі болып Қазақстан
1-тарау. ҚҰҚЫҚ
ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ТҮСІНІГІ
1.1. Құқық шығармашылығы ұғымы, мәні
Құқық шығармашылығы құқықтық реттеу жүйесінде негізгі бір орталық орынды алады. Ол қоғам өміріне қажет нормаларды өмірге әкеліп, кемшілік-кемістігі барларын өзгертіп, уақыты жеткенін жаңарта отырып, барлық қоғамдық, мемлекеттік институттардың құқықтық негізін жасайды. Мұның өзі ғылым аддында құқық шығармашылығымен байланысты мәселелерді терең, жан-жақты зерттеу қажеттігін белгілейді. Құқық шығармашылығына байланысты мәселелерді зерттеуге қай кезеңде болмасын ғалымдар кең, мол назар аударып отыр. Құқықтың жалпы теориясы саласында құқық шығармашылығының мазмұнына және жағдайына терең зерттеулерді Кеңес заманында С.С. Алексеев, О.А. Гаврилов, А.В. Мицкевич, Р.О. Халфина т.б. көптеген ғалымдар жүргізсе, бүгінде құқық шығару, оның бір түрі - заң шығару мәселесін кеңінен зерттеп, жетілдіру жолдарын ұсынып отырған ғалымдар да жеткілікті. Олар - белгілі ғалым-заңгерлер: С.З. Зиманов, В.А. Ким, Ғ.С. Сапарғалиев, С.К.Амандықова, С.С. Сартаев, М.Т. Баймаханов, С.А. Табанов, М. Құл-Мұхаммед т.б.
Құқықтың жалпы теориясы мамандарының еңбектеріне сүйене отырып құқық шығармашылығын анықтасақ, ол мемлекеттік құқықтың және оның жеке салаларының дамуын және жетілуін қамтамасыз ететін, халықтың еркін көрсететін тәртіп ережесін жасау мен нормативті бекітудің тұрақты процесін білдіреді. Құқық шығармашылығы - қоғамдық қатынастарды жеткілікті құқықтық реттеуді жүзеге асырудың табиғи алғышарты болып табылады. Құқық шығармашылығының түпкі нәтижесі - құқықтық нормалардың мәтінінде көрініс тапқан жаңа (өзгертілген немесе нақтыланған) ережелер.
Құқық шығармашылығы тікелей мағынада құқықты жасау ретінде, нәтижесі қоғамда әрекет етуші құқықты белгілеу болып табылатын қызмет ретінде анықталады. Бұл тұрғыдан құқық шығармашылығы ұғымын ашу жалпы «құқық», «қоғамда әрекет етуші құқық» түсініктеріне тоқталу, оларды анықтау міндетін қояды.
Мемлекет және құқық теориясы
іліміне сәйкес құқық та мемлекет
секілді қосымша өнімнің болуы,
жеке меншіктің қалыптасуы, адамдардың
мүліктік және әлеуметтік теңсіздігі,
рулық әдет-ғұрыптардың
Демек, құқық - бұл нормативтік актілерде көрініс тапқан, қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жүйесі. Ал, құқық нормаларының мұндай жүйесін, яғни құқықты пайда болғызатын қызмет - ол кұқық шығармашылығы болып табылады.[10.624]
Заң ғылымында құқық шығармашылығын билікке ие болатын халықтың немесе билік етуші таптың еркінің заңға, нақтырақ айтсақ, жалпыға міндетті ережеге айналуы деп түсінетін пікір бар. Мұндай таптық мазмүнды көзқарасты марксизм бағытындағы барлық дерлік ғалымдар қолдайды деп айтуға болады. Кеңес өкіметінің орта шеніне қарай құқық шығармашылығын таптық сипатта емес, мемлекеттік қызметтің нысаны ретінде анықтайтын пікірлер етек жайды. Мемлекеттік билік, мемлекет құқық нормаларының пайда болуының тікелей факторы, құқықты жасайтын күш болып танылды. Расында да біртұтас мемлекеттік билік құқықты жасайтын әлеуметтік-саяси күш болып табылады. Мемлекеттік билік мемлекеттің әлеуметтік-саяси қызметінің мазмұны - құқықтың қалыптасуының тікелей қайнар көзі. Мемлекеттік билік — бұл мемлекеттің тікелей өзімен немесе өкілеттік беру арқылы тұрғылықты халықпен жүзеге асатын қоғамдық биліктің бір түрі болып табылатындықган, нақ осы мемлекеттік билік - қызметі құқықты жасайтын күш. Кейбір жағдайларда мемлекет құқық нормасын жасауды тікелей халыққа береді. Алайда, халықтың референдум арқылы құқық нормасын қабылдауы мемлекеттің қатысуынсыз болмайды. Демек, мемлекет өз халқымен бірге құқық шығармашылығының әлеуметтік субъектісі, ал оның қызметі - құқық шығарудың тікелей күші болып табылады.
Құқық шығармашылығын мемлекеттік
биліктің мазмұнымен ғана байланыстыра
отырып анықтау жеткіліксіз деп
есептейді ғалымдардың келесі бір
тобы. Олардың ойынша құқық шығармашылығы
мемлекеттік қызметтің мазмұны
ғана емес, ашып айтсақ, мемлекеттік
биліктің саясаты қандай болса, оның
белгілеген құқықтық нормаларының мазмұны
да сондай болады деп қана анықтау
емес, сонымен қатар ол мемлекет
қызметінің ұйымдық - құқықтық нысаны
да. Тиісті көзқарасты ұстанушы ғалымдардың
бірі - А.В.Мицкевич өз пікірін былай
негіздейді: «Құқық шығармашылығы тиісті
қоғамда құқықтық нормаларды қандай
органдар, қандай тәртіппен жасайтынын
белгілеуге мүмкіндік беретін белгілі
ұйымдық нысандарда көрсетілген. Құқық
шығармашылығын мемлекеттік қызметтің
ұйымдық-құқықтық нысаны ретінде үғыну
оның құқық жасау процесінде алатын
орнын анықтау үшін маңызды». Осы
топтағы көзқарастардың ішінде құқық
шығармашылығын кеңінен толығырақ
анықтайтын мына бір пікірге тоқталу
жөн болар. Яғни "құқық шығармашылығы
- бұл халықтың еркін білдіретін,
қоғам дамуының мақсаттарына жетуте
бағытталған, қоғамдық қатынастарды нормативтік
құқықтық реттеуге деген қажеттіктерді
анықтау жөніндегі және анықталған
қажеттіліктерге сәйкес жаңа құқық
нормаларын шығару, әрекет етудегі
құқықтық нормаларды өзгерту мен
жою жөніндегі мемлекеттің
Құқық шығармашылығы - бұл
мемлекеттің жалпы заңды
Қазіргі Қазақстандық және
Ресейлік ғалымдардың бәрі дерлік құқық
шығармашылығын - қоғамның объективтік
әлеуметтік қажеттіліктері мен мүдделерін
тануға негізделген, құқық нормаларын
жасау, өзгерту және жою жөніндегі
мемлекеттік қызметтің ерекше нысаны
ретінде анықтайды. Алайда, Ю.В.Мальцев
құқық шығармашылығын тек мемлекет
қызметінің нысаны ретінде анықтау
біржақты және толық емес дейді және
өзінің мүндай қорытындыға келуін Л.С.Явичтің
пікірі арқылы негіздейді. Яғни, Ю.В.Мальцев
"тек қана құқық құру процесі
емес, сондай-ақ жеке заңи нормалардың
шығу тегі заң шығарушының қызметінің
шегінен шығады, себебі әдеттегі көпшілік
жүріс-тұрыстың және жаратылысы бойынша
құқықтық катынастардың фактілік үлгілерін
заң шығарушы ақыл-есте калыптасқан
қандай да бір тиянақты императивтен
құрастырмайды, ол өмірдің өзінен алады"
деп есептейтін Л.С.Явичтің пікірін
қолдайды. Ю.В.Мальцев құқық
Информация о работе Құқық шығармашылығының түсінігі және парламент негізгі заң шығарушы