Құқық шығармашылығының түсінігі және парламент негізгі заң шығарушы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2013 в 16:55, реферат

Краткое описание

1990 жылы қазанның 25 жұлдызында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы» Декларациясын қабылдау арқылы, өзінің егемен мемлекеттігін жариялаған, 1993 жылғы Конституцияда оны бүкіл әлемге паш еткен жас егемен Қазақстан Республикасының әр кездегі жоғары, басты мақсаты шынайы құқықтық, демократиялық мемлекет құру, дамыған ұлттық нарықтық экономиканы қалыптастыру, түрлі ұлт өкілдерінің теңдігіне, ықпалдастығына негізделген ұлттық саясатты дамыту, Республика халықтарының рухани-адамгершілік қасиеттерін нығайту болып табылады. Бұл мақсаттарға тиісінше идеяларға қаныққан реформаларды қарқынды жүзеге асыру арқылы қол жеткізуге болады. Ал түбегейлі республикалық реформаларды іске асыру берік, жетік заңдылық базасын жасамай мүмкін емес. Реформалардың жүзеге асырылуы заң шығару процесінің тиімді тетіктерін орнықтырумен, заң шығару қызметін жетілдірумен, республикада заң шығармашылығының деңгейін ең бір жетік жоғары сатыға көтерумен байланысты. Демократиялық, азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет орнату бағыты заң жүйесін терең қайта бағдарлауды, бүкіл құқықтық институттарды негізді түрде реформалауды, бұрын басталған реформалардың үрдісін жылдамдатуды талап етеді.

Содержание

КІРІСПЕ 4

1-тарау. Құқық шығармашылығының түсінігі және парламент негізгі заң шығарушы ОРГАН РЕТІНДЕ
1.1. Құқық шығармашылығы ұғымы, мәні 6
1.2. Қазақстан Республикасы Парламенті заң шығарушы орган ретінде 16

2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАРЛАМЕНТІНІҢ ЗАҢ ШЫҒАРУЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
2.1. Парламенттің заң шығару үрдісінің шегі мен сатылары 32
2.2. Қазақстан Республикасы Парламентінің заң шығару қызметінің тиімділігін арттыру жолдары 51

ҚОРЫТЫНДЫ 59

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 61

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word (2).docx

— 113.96 Кб (Скачать документ)

1993 жылдың 13 желтоқсанында  Жоғарғы Кеңес өзінің конституциялық  мерзімінің бітуіне шамамен бір  жарым жылдай қалғанда өзін-өзі  тарататындығын хабарлады. Оның  бірнеше себептері бар: Жоғарғы  Кеңестің Үкіметпен және Президентпен  қатынасының қажетті дәрежеде  болмауы, оның өз ішінде кеңестік  ағымдарды қолдайтын депуттардың  болуы, яғни ескі билік пен  оның орнына келген жаңа биліктің  күресі, көрші Ресей Федерациясындағы  билік үшін күрес пен онда  саяси дағдарыстың ушығуының  әсері, инфляцияның өсуі, экономикадағы терең дағдарыстар, ебедейсіз құрамы мен депутаттардың көпшілік бөлігінің негізгі жұмыстарынан қол үзбегендігі. Бір мемлекеттік организмде екі бастама өмір сүрді және бір-біріне қарсы тұрды. Жаңа бастама - президенттік билік, билікті бөлу және өзара шектеу қағидасы, биліктің қоғам алдында жауаптылығы. Және ескісі - ол Кеңестер жүйесінің сатысы, олардың шексіз монополиясы және кез-келген шешім үшін ұжымдық жауапсыздық. Ескі жүйені қолдаушылар бұларды пайдалануды жөн көрді. Екі топтың өткір саяси күресінің майданы болып ҚР Жоғарғы Кеңесі мен оның конституциялық заң шығармашылығы болды. Осылардың ішінде ең бір негізгісі ретінде, яғни Жоғарғы Кеңестің өзін-өзі таратуына әкеп соқтырған фактор ретінде Ресейдегідағдарыс танылды.[16.245] Ресейдегімемлекеттік дағдарыстың, кеңестік биліктің мүддесін білдірген РФ Жоғарғы Кеңесі мен саяси реформаны жүргізуші Президенттік құрылымның ашық күресінің өсуі шамасы бойынша Қазақстанда да заң шығару және атқару биліктері арасындағы қатынастың тұрақтылығы өзгере бастады. Қазақстан Республикасы Ресей Федерациясымен тек экономика саласында ғана тығыз байланыста болған жоқ. Ресейде"Ақ үйдің" құлауы қарсаңында және кейін калыптасқан жағдайлар, Федералдық Жиналысқа сайлау, сондай-ақ Ресей Федерациясының жаңа Конституциясы төңірегіндегі пікірталастар Қазақстанның саяси жағдайында көрініс таппауы мүмкін емес еді. Бұл мәселені С.З.Зиманов ашып жазды.[11.352] Осы және өзге де ғалымдардың еңбектерімен танысу XIIсайланған Парламенттің таратылуының себептерін анықтауға мүмкіндік береді. Демек, бұл - көрші елдегі тұрақсыздық пен дағдарыстың Қазақстан Парламентінің жағдайына, қалыпты жұмыс істеуіне тигізген кері әсері.

Ескі билік пен оның орнына келген жаңа биліктің күресі де XIIшақырымдағы Жоғарғы Кеңестің мерзімінен бұрын таратылуында анықтаушы  болды. Бірақ, бұл қақтығыс-күрес  өмірдің әр түрлідеңгейлерінде өз "ізін" қалдырғанымен, оларды Жоғарғы Кеңестің өмір сүруіне ешбір қауіп туғызбады, еліміздің конституциялық дамуының шегінен шықпады деп санайтындар  да табылып жатты. Бұл шақырымдағы  депутаттық корпус жайсыздық туғызатын  жағдайда қалыптасқан еді. Жалпы  депутаттық мандаттың тоқсаны қоғамдық бірлестіктерге бекітіліп берілді. Бұл қадам Жоғарғы Кеңес құрамына коммунистік партиядан өзге саяси, қоғамдық құрылымдардың өкілдері болып  табылатын заң шығармашылығымен шынайы айналысуға лайық, халықтың еркін  білдіруші  адамдардың  сайлануына  мүмкіндік беретін  қадам  еді. Бірақ, ол кезде еліміздің басынан кешкен жағдайы бұған да өз көлеңкесін түсірмей қоймады. Бұл мәселені ашып түсіндіретін О. Әбдікәрімовтың мақаласына жүгінуді жөн санаймыз. Нақты ашсақ, "...1993 жылы еліміз өзгеше әлеуметтік-экономикалық және саяси жүйеде өмір кешкен болатын. Коммунистік партияның, лениндік комсомолдың тұғырдан түскеніне 2 жыл өтті, кәсіподақтар ендігі жерде "коммунизм мектебі" болудан қалды, олар өз өкілдерін Жоғарғы Кеңеске жіберіп отырған басқа да бірқатар қоғамдық бірлестіктердің үйіріміне еніп кетті. Оппозиция болса әлсін-әлсін заты да, аты да жоқ қоғамдық бірлестіктерден квота бойынша сайланған депуттардың жариялылығы туралы мәселе көтеріп отырды". Бұл да айналып келгенде депутаттық корпустың көңіл-күйіне әсер етпей қойған жоқ. Қазақстандағы жергілікті өкілді органдар - халық депутаттарының жергілікті Кеңестері мен жергілікті атқарушы органдардың өзара қатынасының теріс жақтары да Жоғарғы Кеңестің таратылуына жағдай жасады. Мұның себебі былай түсіндіріледі: Қазақстанда да ТМД-ның басқа елдеріндегідей тігінен билік қатынасы болды. Жергілікті жерлерде басқару тетігі Президенттің өкілі - жергілікті әкімдер мен бұрыңғы жүйені аңсаған коммунистік белсенділерден тұратын жергілікті Кеңестердің қолында болды. Мұндай екі түрлі топтардың арасындағы келіспеушілік, басқарудың қос билікте болуы тиісінше Жоғарғы Кеңес пен атқару билігі арасында түсініспеушіліктің болуын туындады. Жергілікті өкілді органдар өздерін Жоғарғы Кеңестің өзін-өзі тарату туралы шешімді қабылдауына дейін таратты. Олар Конституция жүкгеген міндеттерді атқара алмайтынын, қоғамдағы өзгерістерге, қайта құрушылықтарға кедергі келтіріп отырғандарын түсінген еді. Демек, тек Ресейдегісаяси тұрақсыздық қана емес, сондай-ақ Қазақстанның өз ішіндегі аталмыш жағдайлар да қоғамның саяси өмірінде тұрақтылықтың бұзылуына мүмкіндіктер тудырды.

XIIшақырымдағы Жоғарғы  Кеңестің қызметінде, құрамында  қанша кемшіліктер болса да, оған  қаншама теріс факторлар әсер  етсе де оның жетістіктерін,  сындарлы іс-әрекеттерін ешкім  жоққашығара алмайды. Қоғамдық  дамудың өтпелі, тұрақсыз кезеңінде  қызмет ете отырып, ол Қазақстанның  мемлекеттілігін, заңдылық жүйесін,  экономикалық дербестігін қалыптастыруға, саяси тұрақтылығын сақтауға  үлкен үлес қосты. Нақты ашып  айтсақ, бұл Жоғарғы Кеңес бүкіл  әлемдік, тарихи маңызы бар  "Қазақ ССР-інің мемлекеттік  егемендігі туралы" Декларация  мен "Қазақстан Республикасының  мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Конституциялық заңын және екі  жылға жуық әзірлеу, талқылау  жұмыстарынан кейін 1993 жылдың 28 қаңтарында  жаңа жас, демократиялық, тәуелсіз  және біртұтас, егемен мемлекеттің  - Қазақстанның бірінші Конституциясын  қабылдады. Өтпелі, күрделі жағдайларда  мұндай актілер қабылдау,әрине,зор  еңбектің жемісі. Бұларға қоса, Жоғарғы  Кеңестің XIIшақырымы 1990 жылдың 24 сәуірінде  "Қазақ ССР-нің Президенті қызметін  тағайындау және Қазақ Советтік  Социалистік Республикасының Конституциясына  (Негізгі заңына) өзгерістер мен  толықтырулар енгізу туралы" заң  қабылдап, Қазақстанның алғашқы  Президентін сайлады, Семей облысындағы  ядролық полигонда сынақтарды  тоқтату туралы қаулы қабылдады,  Қазақстан Республикасының дербес  азаматтығын белгілейтін "Азаматтық  туралы" заң, нарықтық экономика  талаптарына сай заңдылық жүйесін  қалыптастырды, ақша айналымының  құқықтық негіздері мен нысандарын  белгілейтін "Қазақстан Республикасындағы  ақша жүйесі туралы" заң шығарды.  Қызмет еткен жылдар аралығында, яғни 1990 жылдың сәуірінен 1993 жылдың  желтоқсанына дейінгі кезеңде  Жоғарғы Кеңес 265 заң қабылдаған. Міне, осының бәрі де XIIшақырымдағы  Жоғарғы Кеңестің орасан жұмыстар  тындырғанын дәлелдейді.

XIIIшақырымдағы Жоғарғы  Кеңеске сайлау 1994 жылдың наурызында  жаңа сайлау заңы негізінде  баламалық тұрғыда өтті. Бұл Жоғарғы  Кеңес Қазақстан тарихында тұңғыш  рет халықпен сайланған депуттардан  құралған, тұрақты негізде қызмет  еткен орган еді. Алайда, бұл  Жоғарғы Кеңес те өзін-өзі таратқан  XIIшақырымдағы Жоғарғы Кеңестің жүріп өткен ізінен шыға алмады. Кеңес заманында КПСС-тің тапсырмасы бойынша жұмыс істеген Парламенттің қызметіндегі кемшіліктер және кезеңдік жұмыстың кері нәтижелері бұл сайланған Жоғарғы Кеңестің іс-әрекетінде де өз көрінісін бермей қоймады. Сондай-ақ, депутаттардың алмасып отыруы тетігінің жоқтығы мен сол кездегі өтпелі кезеңнің күрделі жағдайына қарай көзқарастары алшақ депутаттық корпустық болуы және заң шығармашылық жұмысында біршама депутаттардың жеткілікті тәжірибесінің болмауы да XIIIшақырылымдағы Жоғарғы Кеңестің қызметіне әсер етпей қоймады. Ақыр аяғында, Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты 1995 жылдың наурыз айында Орталық Сайлау Комиссиясының елдің заң шығару органына сайлауды ұйымдастыру жөніндегі кейбір шешімдерінің Конституцияға сәйкес келмейтіндігі туралы қаулы қабылдады. Нәтижесінде 07.03.1994 жылы және 22.01.1995 жылы сайланған Iдепутаттардың өкілеттіктері Конституцияға сәйкес емес деп танылып, Жоғарғы Кеңес таратылды.

XIIшақырымдағы Жоғарғы  Кеңес секілді XIIIшақырымдағы  Жоғарғы Кеңестің қызметінде  де құптарлық ештеңе болмады,  өздерінің конституциялық тағайымдарын  орындамады деуге болмайды. Жоғарғы  Кеңестің әрбір шақырылымы өздеріне  берілген уақыт ішінде Қазақстанның  мемлекеттілігін қалыптастыру мен  дамытуда өз үлесін қосты. XIIIсайланған  Жоғарғы Кеңес өзі жұмыс істеген  уақыт аралығында (1 жыл ішінде) 8 заң қабылдады. Олардың бірі - ерекше маңызы, мән бар заң  актісі Азаматтық Кодекс (жалпы  бөлімі) еді. Сонымен қатар, атқару  билігімен дұрыс, оң қатынас  қалыптастырылды. Ал, бұлар ескерілмей, тиісті бағамын алмай қалатын  жағдайлар емес.

1995 жылдың аяғында халық  пен оның өкілдері заң шығару  билігінің кәсіби органы - екі  палаталы Парламентті құрды. Ол  сондай-ақ жоғары өкілді орган.  Парламенттің жаңаша құрылуының  әдісі, оның кәсіби құрамы "өкілдікті"  сипаттайтын белгі ғана емес, ол сондай-ақ халықтың еркін  білдіретін Парламенттің қызметінің  жемісті болуының қажетті шарты  болып табылады. 1995 жылы және 1999 жылы  құрылған Парламент бұрынғылардан  тек екі палаталы құрылымы  ғана бойынша емес, сондай-ақ партиялық  құрамы бойынша да өзгеше. Егер  Жоғарғы Кеңестер тек бір ғана -коммунистік партия мүшелерінен  тұрса, кейінгі Парламенттер үшін  көппартиялық сипат тән. 1995 жылы  сайланған Парламентте алты саяси  партиялардың өкілдері болды.  Олар: Қазақстанның халық бірлігі  партиясы (17 адам), демократиялық (12), коммунистік (2), социалистік партиялар  (2), Қазақстанның халықтық кооперативтік  партиясы (2) мен Халық Конгресі  партиясы (1).

Партиялар тұрғылықты халықтың әр түрлі топтарының еркін білдіреді, әрбір партияның қоғам өмірінің тиісті салаларына қатысты өз көзқарастары мен пікірлері болады. Ал, шынайы Парламентаризм халықтың түрлі жіктерінің мүдделері, пікірлерінің сан алуан  өрісі тоғысқан, еркін шығармашылық ахуалы үстемдік еткен жерде ғана туындайды. Оның үстіне сапалы заң шығару процесі үшін сындарлы саяси оппозицияның болғаны да пайдалы, өйткені ақиқат пікірталасынан туындайды ғой. Демек, заң шығарушы органда кәсіби, әлеуметтік көзқарастары мен саяси бағдары, кәсіптік даярлық деңгейі жағынан түрлі адамдардың болуы мемлекет алдында тұрған мәселелерді шешу барысында терең, жан-жақты, дәйекті ой-пікірлердің, негіздемелердің туындалуына себеп жасайды.

Парламентаризм мәселесін  зерттеу 1995 жылғы Конституцияға  сәйкес құрылған қос палаталы Парламенттің бірінші және екінші сайланымының да заң шығармашылығына қосқан үлесін ашып көрсетуді қажет етеді. 1996 жылдың 30 қаңтарынан 1999 жылдың 29 карашасына дейінгі  кезеңде бірінші сайланған Парламент 500-дей заң қабылдады. Оның ішінде 17 конституциялық заң, 5 кодекс қабылдады (қылмыстық кодекс, қылмыстық істер  жүргізу кодексі, азаматтық кодекс (ерекше бөлім), азаматтық істер жүргізу  кодексі, қылмыстық атқару кодексі). Сондай-ақ, азаматтарға қатысты және экономикалық салаға байланысты біршама  маңызды зандар қабылдады. Экономика  саласына бағытталған "Валюталық  реттеу туралы", "Шағын кәсіпкерлікті  мемлекеттік қолдау туралы", "Бағалы қағаздар рыногы туралы", "Табиғи монополиялар туралы" т.б. зандар республикамызда  шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға, экономиканы жандандыруға база жасады, зор ықпал етті деп айтуға болады. Ал, мұндай заң актілерінің қабылданып, бүгінде өмірде іске қосылуы бірінші  сайланған Парламенттің заң шығармашылығының шынайы көрсеткіші болып табылады.

Екінші сайланған Парламент  өз қызметін 1999 жылдың 1 желтоқсанынан  бастады. Бұл Парламент негізгі  заңымызға енгізілген өзгертулерге сәйкес Палаталарының өкілеттік  мерзімі ұзартылған, жаңа сайлау ережелеріне  сәйкес құрылған орган болды. Парламент  депутаттарының құрамына төрт саяси  партияның өкілдері енді. Парламент  осы уақытқа дейін қабылдаған 300-ге тарта заңдардың ішінде "Қазақстан  Республикасындағы жергілікті мемлекеттік  басқару туралы", "Қазақстан  Республикасының сот жүйесі мен  судьялардың мәртебесі туралы", "Мемлекеттік қызмет туралы" заңдар, Әкімшілік құқық бұзушылықтартуралы Кодекс т.б. маңызды актілер барын  айта кеткен жөн болар. Бұл заңдардың  кейбірінің қабылданылуы жеңіл, жылдам болса, келесі бірі - ұзақ уақытқа созылып, кідіріп барып қабылданды. Мұның  дәлелі ретінде "Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару  туралы" заңды келтіруге болады. 1999 жылдың аяғынан қызмет ете бастаған Парламент жұмысының мұндай көрсеткіші - халықтың күткен біраз үмітінің ақтала басталғанының және қазіргі Парламенттің жемісті нәтижелерінің көрнекі  дәлелі.

Шетел мемлекеттерінің Парламентаризмін зерттеуде олардың конституциялары  Парламенттің өкілеттіктерінің көлемдерін белгілейтінін кездестіруге болады. Заң қабылдау жөніндегі өкілеттіктер Парламенттердің жалпы құзыреттерінің ең алғашқыларының, негізгілерінің бірі ретінде танылады. Біраз елдердің Парламенттері заң шығармашылығынан өзге қаржылық құзыреттерге де ие. Ал, келесі бір елдерде Парламент  тіпті соттың құзыреттерін де атқаратыны белгілі. Мысалы, Англияда Парламенттің жоғарғы палатасы - жоғарғы сот  инстанциясы ретінде ресми бекітілгені  бәріне аян. Парламент құзыретінің  мұндай әртүрлілігі мынадай пікір айтуға себеп болады: әр елде Парламент жағдай бола қалса, біздің ошақ қасы сарапшыларымыз мұны демократиялық нормалардың бұзылуына балар еді. Егер олардан Францияның жайын сұрай қалсаң, Еуропаның осынау мемлекетіндегі демократияның салтанаты туралы айтып тауыса алмас еді".ҚР Парламентінің заң шығармашылығы қызметінің аясына Конституцияның 61-бабының 3-бөлімінде аталған 11-тармақшаға жиналған қоғамдық қатынастар кіреді. Олар:

1)       жеке және заңды тұлғалардың құқық субъектілігіне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, жеке және заңды тұлғалардың міндеттемелеріне мен жауапкершілігіне;

2)     меншік режиміне және өзге де мүліктік құқықтарға;

3)       мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызметінің, мемлекеттік және әскери қызметтің негіздеріне;

4)                 салық салуға, алымдар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілеуге;

5)                 республикалық бюджетке;

6)                 сот қүрылысы мен сотта іс жүргізу мәселелеріне;

7)                 білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға;

8)                 кәсіпорындар мен олардың мүлкін жекешелендіруге;

9)                 қоршағанортаны қорғауға;

10)            республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысына;

11)            мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қатынастар.

Конституцияда бұл қатынастар "аса маңызды" деп, ал он бір  тармақшаға кірмейтін өзге қатынастар заңға тәуелді актілермен реттеледі  деп бекітілген. Заң шығару пәнін  құрайтын нақты 11-тармаққа жиналған мәселеге байланысты қатынастарға "аса маңызды  қоғамдық қатынастар" деген мәртебе  беру, өзге қатынастарды маңызы төмен  қосалқы деп ұғынуға ықпал  етеді. Белгілі ғалым профессор  Ғ.С.Сапарғалиев осы орайда «ғылым және ғылыми-техникалық прогресс саласындағы  қатынастар аса маңыздылардың қатарында  көрсетілмеген. Олардың қоғам, мемлекет үшін төтенше маңызын дәлелдемесе  де болады», - деп пікір білдіреді.[26.192] Бұл пікірмен келіспеуге болмайды. Өйткені, бүтінгі өмір аса маңызды  қоғамдық қатынастар шеңбері Конституция  белгілеген 11-тармаққа жинақталған  мәселелердің шегімен шектелмейтінін көрсетіп отыр. Ғылымда тиісті кеңістікті кеңейту қажет деген пікірлер де кездеседі. Алайда, аса маңызды  қоғамдық қатынастар кеңістігін кеңейту  ең бір тиімді шешім деп айта алмаймыз. Өйткені, тиісті қатынастар шегін кеңейтсек, олардың тобына бірнеше қатынастар қосылар. Заң шығармашылықтың ауқымы кеңейе түсер. Бірақ мұндай жол тек бүгінгінің ғана қажеттігіне жауап берер. Ал, ертеңгі күні ше? Қоғам дамуына, жалпы даму заңдылығына сәйкес ертеңгі күні аса маңыздылар қатарына адамзат, мемлекет, қоғам үшін мәнді, маңызды өзге де қатынастар кіруі мүмкін емес пе? Сол кезде Конституцияның 61-бабының 3-тармағына қатысты, бүгінгі күнде туып отырған сұрақ-сауалдар, пікірлер тағы да қайталанып келуі әбден мүмкін. Сондықтан да, заң шығармашылығының аясына кіретін 11-тармаққа жинақталған қатынастарды сақтай отырып, 61-баптың үшінші тармағын мынадай редакцияда өзгерткен дұрыс болар: "ҚР Парламенті мынадай қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдар шығаруға құқылы: (аталмыш 11 тармаққа жинақталған қатынастар тобы). Өзге қатынастар заңға тәуелді актілермен реттеледі." Яғни, ұсынып отырғанымыз "аса маңызды" сөзін алып тастау.

Ал, жалпы заң шығарудың  пәнін бұрынғыдай шексіз қалдырмай  нақты мәселелер шегімен шектеудің  өзі белгілі бір қажеттіліктен  туындап отыр. Заң шығару кеңістігін шектеуге қандайда бір қоғамдық қатынастарды заңмен емес заңға тәуелді актілермен реттеу мақсатты, тиімді болатыны ескеріліп  жол беріліп отыр. Кейбір кездері  Парламенттің ұзын сонар заң шығару сатыларына соқпай жедел түрде нормативтік  актілер шығарып, белгілі бір  қоғамдық қатынастарға әсер етуді қажет  ететін жағдайлардың кездесіп отыратын сәттері де болады. 1996 жылдың 29 тамызында  Конституция күніне арналған жиналыста  жасаған баяндамасында Елбасы заң  шығару кеңістігінің шектелу мәселесіне арнайы тоқталып өтті. "Парламенттің заң шығару құзыретінің аясы мен  шегін нақты анықтау...заң шығарушы өкіметті нашарлатпайды, қайта оның неғұрлым мақсаткерлікпен жұмыс  істеуіне жағдай жасайды, заң шығару жұмысының пәрменділігі мен сапасын  арттырады, оны қатаң конституциялық негізге қояды. Ал, бұл өз кезегінде, елдің конституциялық зандылық тәртібін нығайтады. Нақты белгіленген өкілет-құзыреттігі  бар Парламенттің саяси жүйені тұрақсыздықган, біздің білетініміздей, Парламенттік республикалардың іргесін жиі-жиі шайқап отыратын тұрақсыздықтан құтқаруға қабілетті екендігін де есте ұстау қажет", -деп айтты. Н.Ә. Назарбаевтың бұдан біраз бұрынырақ, 1996 жылдың 30 қаңтарында Парламенттің бірінші мәжілісінде сөйлеген сөзінде де осы мәселеге тоқталғаны белгілі.[13.23] Нақтырақ айтсақ, ол: "бұл (яғни заң шығару қызметінің шегін белгілеу) дұрыс қадам, өйткені әрбір мемлекеттік орган тек өзіне ғана тән өкілеттіктерді жүзеге асыруға тиіс", - деген еді. ҚР Парламентінің жалпы өкілеттіктерін бес топқа бөлугеболады:

Информация о работе Құқық шығармашылығының түсінігі және парламент негізгі заң шығарушы