Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2013 в 16:55, реферат
1990 жылы қазанның 25 жұлдызында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы» Декларациясын қабылдау арқылы, өзінің егемен мемлекеттігін жариялаған, 1993 жылғы Конституцияда оны бүкіл әлемге паш еткен жас егемен Қазақстан Республикасының әр кездегі жоғары, басты мақсаты шынайы құқықтық, демократиялық мемлекет құру, дамыған ұлттық нарықтық экономиканы қалыптастыру, түрлі ұлт өкілдерінің теңдігіне, ықпалдастығына негізделген ұлттық саясатты дамыту, Республика халықтарының рухани-адамгершілік қасиеттерін нығайту болып табылады. Бұл мақсаттарға тиісінше идеяларға қаныққан реформаларды қарқынды жүзеге асыру арқылы қол жеткізуге болады. Ал түбегейлі республикалық реформаларды іске асыру берік, жетік заңдылық базасын жасамай мүмкін емес. Реформалардың жүзеге асырылуы заң шығару процесінің тиімді тетіктерін орнықтырумен, заң шығару қызметін жетілдірумен, республикада заң шығармашылығының деңгейін ең бір жетік жоғары сатыға көтерумен байланысты. Демократиялық, азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет орнату бағыты заң жүйесін терең қайта бағдарлауды, бүкіл құқықтық институттарды негізді түрде реформалауды, бұрын басталған реформалардың үрдісін жылдамдатуды талап етеді.
КІРІСПЕ 4
1-тарау. Құқық шығармашылығының түсінігі және парламент негізгі заң шығарушы ОРГАН РЕТІНДЕ
1.1. Құқық шығармашылығы ұғымы, мәні 6
1.2. Қазақстан Республикасы Парламенті заң шығарушы орган ретінде 16
2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАРЛАМЕНТІНІҢ ЗАҢ ШЫҒАРУЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
2.1. Парламенттің заң шығару үрдісінің шегі мен сатылары 32
2.2. Қазақстан Республикасы Парламентінің заң шығару қызметінің тиімділігін арттыру жолдары 51
ҚОРЫТЫНДЫ 59
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 61
4. Құқықтық актілерді орындамағаны үшін тиісті мемлекеттік-құқықтық актілерде Парламентпен белгіленген мемлекеттік-құқықтық жауаптылықты бекіту.[10.57]
Заң шығармашылығының нәтижелерін
экономикадан және адамдардың күнделікті
өмірінен, қоғамның әлеуметтік және рухани
салаларынан, халықаралық қатынастардан
және өмірдің өзге салаларынан, сондай-ақ
бүкіл қоғамның, әрбір адамның
да заң шығармашылығының тиімділігіне
қатысты өз пікірінен байқауға болады.
Осылардың негізінде заң
Заң шығармашылығының тиімділігінің дәрежесін тиісті қызметке қатысатын субъектілердің есептерінен көруге болады. Олар: Үкімет мүшелерінің палата алдында беретін есептері, Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауы, депутаттардың өз сайлаушылары алдында есеп беруі, оларды Парламент қызметі туралы ұдайы хабардар етіп отыруы.
Заң шығармашылығының тиімділігін бағалаудың маңызды құралы болып әркезде де қоғамдық пікір табылады. Қоғамдық пікір заң шығармашылығы туралы көптеген адамдардың көзқарастары, пайымдаулары, санасы мен ерік-жігері негізінде қалыптасады. Ол тұрақты түрде заң шығармашылығының нәтижелерін азаматтардың, қоғамның мүдделерімен, қажеттіктерімен шамалап, салыстырып, ара қатынасын белгілеп отырады.
Заң шығармашылығына қатысты біраз бағалау жұмыстарын бұқаралық ақпарат құралдары атқарады. Ол үшін бұқаралық ақпарат құралдарының (радио, баспасөз, теледидар) дербес және тәуелсіз болғаны керек. Өйткені, олар өз мәні бойынша өмірдің шындығы үшін күресетін, көзқарастары, талдаулары мен бағалаулары объективті болатын құралдар. Бұқаралық ақпарат құралдары заң шығармашылығының тиімділігін объективті түрде бағалауы үшін олар жеке әлеуметтік, саяси топтардың емес, жалпы қоғамның ойлауын көрсетіп отырулары тиіс.[17.371]
Заң шығармашылығы қай кезде де тиімді, пайдалы болуы үшін әрқашанда заң шығармашылығы қызметінің жағдайын таддап және бағалап, тиісінше заң шығармашылығының тиімділігінің алғышарттарын анықтап отыру қажет.
Заң шығармашылығының тиімділігінің
негізгі бір алғышарты -оның мақсатқа
сай болуы. Сонымен қатар, заң
шығармашылығының тиімділігі дәрежесін
көрсететін тағы да бір көрсеткіш -
бүгінде мемлекетімізде жүргізіліп
жатқан құқықтық реформалар. Бүкіл
халықтың ерік-мүддесіне сүйене отырып
шығарылған заң - кұқықтық реформалардың
жетік, кеңінен жүргізілуінің
Заң шығармашылығының тиімділігінің келесі бір шарты - заң шығармашылығы қызметінің зандылығы. Заң шығармашылығының ғана емес, жалпы кез келген нормативтік актінің тиімділігін бірінші кезекте оның конституцияға, заңдарға және неғұрлым жоғары деңгейдегі нормативтік актілерге сәйкестілігіне байланыстырады.
Заң шығармашылығы заңдылықсыз тиімді жүзеге аспайды. Зандылық заң шығармашылығы барысында тиісті мақсатқа жету керектігіне қол жеткізеді. Өйткені, зандылық құқықтық тәртіппен бірге заң шығару органының мәртебесін, оның өзге органдармен өзара байланысын нығайтады, олардың мүшелері арасында тиісті, қажетті қатынасты пайда болғызады, жалпы алғанда, заңдардың сапасын көтереді. Заңдылық - бұл заң шығармашылығының нәтижесі - заңның өмірде жүзеге асуының тетігі.[4.212] Ол Қазақстанды кұқықгық мемлекет ретінде қалыптастырудың негізгі алғышарты бола отырып, қоғамның қажеттіктері мен мақсаттарын қамтиды және әр мүдделердің тең болуы мен қоғамдық келісімді мүмкін ететін жол болып табылады. Заң шығармашылығы қызметінің зандылығы оның нәтижесі - заңның да заңды (легитимді) болуын шамалайды. Легитимді заң - бұл заң шығарушымен белгілі тәртіпті сақтай отырып шығарылатын, халықтың көпшілігінің мүддесін қамтамасыз ететін, Конституцияның 1-бабының 2-бөлімінде аталған қағидаларды: қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықты, бүкіл халықтың игілігінде экономикалық даму мен қоғамдық патриотизмді, мемлекет өмірінің мәселелерін демократиялық амалдармен шешуді негіз етіп алатын заң.
Заң шығармашылығының тиімділігіне
қол жеткізу үшін зандылық тиісті
қызметке қатысушылардың әрбірі үшін
міндетті және біркелкі, яғни ол Парламенттің,
оның палаталарының барлық органдарында,
әрбір депутаттармен бірдей ұғынылуы
және жүзеге асырылуы керек. Алайда, практика
әркезде де заңдылық мүндай бола бермегендігін
дәлелдейді. Нақты айтсақ, КСРО дәуірінде
заңдылық Жоғарғы Кеңес қызметінің
ең бір алғашқы, негізгі қағидасы
ретінде бекігенімен, шындығында ол
тиісті дәрежеде болмады. Оны әркезде
де құдыретті коммунистік
Қандай салада, қандай тұрғыда болмасын, мейлі ол заң шығармашылығы және мемлекет өмірінің басқа жақтары болса да зандылықтың мәні бір. Г.В. Атаманчук заңдылықтың мәні құқықтық нормаларда (жүріс - түрыс ережелерінде) белгіленген позитивтік міндеттердің орындалуы тиістігінде, рұқсат етілгендердің пайдаланылуы және тыйым салынғандардың сақталуы керектігінде, ал заң болса мемлекет, қоғам және нақты адамның өмірінде өз рөлін шынайы атқаруы керектігінде, - дейді ол.[3.400] Расында да заң белгілеген ережелер орындалмаса және ол өмірде өз орнын алмаса, заңдылықтың мәні де болмас.
Зандылықты тұрақтандырып,
оған кепіл бергенде ғана ол жүзеге
асады. Ал, бұл екі жағдай (тұрақтылық,
кепілдендіру) заңдылықты қамтамасыз
ету шараларын іске қосқанда ғана
жасалады. Заң шығару барысында әрқашан
заңдылық қағидасының тұрақтылығын
ұстап отыру үшін зандылықтың
қажеттігін ұғыну, сезіну және оны қүрметтеу
қажет. Сондай-ақ, зандылыққа қол жеткізу
тиісті тәртіпті сақтаусыз болмайды.
Олай болса, тәртіп - бұл заңдылықпен
қатар заң шығармашылықтың
- депутаттар бір-біріне
және Парламент палаталарының,
комиссияларының және басқа
- депутаттар өз сөздерінде Парламент депутаттарының және басқа адамдардың ар-намысына, қадір-қасиетіне нүсқан келтіретін негізсіз кінә айтып, дөрекі, қорлайтын сөз қолданбауы керек;
- депутаттар заңсыз және
күш қолданатын әрекеттерге
- депутаттар Парламент
палаталарының, оның
-депутат шешеннің сөзін бөлмеуі керек;
-депутаттың басқа депутаттың
карточкасын алып дауыс
-депутат зорлық-зомбылық,
көз алартушылыққа, қорқыту
Парламенттің заң шығару барысында Үкіметпен, өзгеоргандармен, бірлестіктермен байланыс жасауы, халықтың ой-пікіріне сүйенуі - заң шығармашылығының тиімділігінің келесі біршарты. Бұл айырым белгі заң шығармашылығының демократиялықдеңгейін қамтиды. Себебі, заң шығармашылығында халықтың ой-пікіріне, азаматтардың бірігуінің көзқарастарына назар бөлінеді. ҚРПарламенті заң шығаруға мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін, шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшыларын, мамандарды тарта алады. Демек, ол тиістішығармашылық барысында барша жүртшылықгың пікірін ескереді,мұның өзі қажетті де сапалы заңдарды қабылдауға ықпалынтигізеді. Жалпы, заң жобасы заңға айналардың алдында, барлық әлеуметтік топтардың мүдделерін ескере отырып, қаралып жатқан нормативтік құқықтық актінің сапасы мен өзектілігін кәсіби түрғыдан бағалауға мүмкіндік беретін заңдарда көзделген рәсімнен өтеді. Заң шығарушы орган заң шығармашылығында белгілі бір маңызды заңның жобасын бүкілхалықтық талқылауға шығару арқылы олардың ой-пікірін зерттеу, олармен байланыс жасауды жөн тапқан. Заң шығармашылығының тиімділігін қамтамасыз ету азаматтардың, қоғам мүшелерінің көзқарастарын ескермейінше болмайды. Халықтан үлкен қолдау тапқан заң ғана тиімді болады және өмірде тез жүзеге асады. Заң шығармашылығында халықтың ой-пікірімен санасудың маңызды жолының бірі - заңның жобасының бүкілхалықтық талқылауға шығарылуы. Заң шығармашылығы туралы пікірді саяси партиялар да қалыптастырады. Олардың заң шығармашылығына қатысу мүмкіндігі - бүгінгі күннің шынайы көрінісі.
Заң шығармашылығы қызметін
реттейтін Қазақстан
Парламенттің заң
Заңи болжау туралы айтсақ, ол белгілі бір деңгейде құқықтық құбылыстардың даму перспективаларын жүйелі түрде зерттеу ретінде қаралады, яғни мемлекеттік-құқықтық процестердің болашақ жағдайын, олардың өту қарқынын, жүзеге асырылуының нақты мерзімдерін үзіліссіз зерттеу ретінде. Болжау ғылыммен байланысты.
Информация о работе Құқық шығармашылығының түсінігі және парламент негізгі заң шығарушы