Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2015 в 20:06, реферат
Республикамыз тәуелсіздік алғаннан кейін ата тарихымыз бен мәдени құндылықтарымызды ыждағаттылықпен қайта зерттеуге кірістік. Азаттықпен келген шығармашылық бостандық тарих ғылымында да түбейгелі өзгерістерге жол ашты. Жоғары оқу орындарында Қазақстан тарихы пәнін оқытуға ерекше мән беріле бастады. Өйткені, тарих - ғылым мен пән ретінде аса маңызды білім саласына жатады. Бүгінгі жас ұрпақ өз елінің, жерінің, ата-бабаларының тарихын біліп, оның жақсысынан үйреніп, жаманынан жиреніп қорытынды жасауы тиіс.
Қазақ халқының негізін қалаған Ақ Орда хандарының ұрпақтары Жәнібек пен Керей "қазақтарының" Әбілқайыр "өзбектерінен" этникалық құрамы жөнінен де, әлеуметтік-мәдени дамуы, кәсібінің тегі, материалдық тұрмысы, шаруашылығы жөнінен де еш айырмашылығы болмады. Қазақ хандығы Ақ Орда, Әбілқайыр хандығы мемлекеттігінің тікелей жалғасы болды.
Ақ Орда мемлекеттін, Әбілқайыр хандығын, Моғолстанның солтүстік бөлігін (Жетісуды) және Ноғай Ордасын қазақ халқының ірі-ірі этникалық топтары мекендеді. Осы мемлекеттерде мемлекеттік даму, шаруашылық, мәдениет саласында моңғолдар жаулап алуының теріс зардаптарын біртіндеп жоюмен бірге XIV-XV ғасырларда қазақ халқынын одан әрі бірігу, топтасу процесі жүріп жатты. Моңғолдар жаулап алуының зардаптарын жоюдың бүкіл кезеңі бойында, Қазақстан аумағында Ақ Орда, Әбілқайыр хандығы, Моғолстан, Ноғай Ордасы өмір сүрген кезең бойында нақ қазақ мемлекеттігін нығайту міндеті алда тұрды. Этникалық жағынан жақын топтардың саяси бытыраңқылығын жою, саяси және шаруашылық байланыстардың үзілуіне әкеп соққан үздіксіз соғыстары мен талас-тартыстарды жою, сол үшін сол кезде-ақ іс жүзінде халық болып қалыптасқан қазақ тайпалары мен руларын мемлекет етіп біріктіру міндеті барынша қажет болды. Оны нақты шешуге біртұтас мемлекет құру жәрдемдесе алатын еді. Ол кейінгі ғасырларда қазақ халқынын топтасуын, оның этникалық аумағының тұтастығын халықтың сан ғасырлық мәдениетінің дамуын қамтамасыз еткен Қазақ хандығы болуға тиіс ед
11-14 дәріс.
Қазақстан және Ресей. Патшалық Ресейдің онтүстік Қазақстанды жаулап алуы және оның салдары.
Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы қазақтың билеуші тобының Ресеймен жақындаса түсуіне түрткі болды. Тәуке хан өлгеннен кейін қазақ хандығының ішкі жағдайы қиындай түсті. Тәукенің орнына Қайып сұлтан аға хан болды. Кіші жүздегі иеліктердің бірін билейтін Әбілқайыр хан өзінің Қайыпқа бағынышты, оған тәуелді екенін мойындайды. Бірақ көп ұзамай-ақ 1723 жылы аға ханның атағын Әбілқайыр алады.
Орта жүз бен Кіші жүздің көптеген билері де Әбілхайырды хан деп танымады, осының салдарынан қазақ жері жеке-жеке хандық, сұлтандық иеліктерге бөлініп кетті. Қазақтың ішкі саяси жағдайының тұрақсыздығы мен феодалдық бытыраңқылығын пайдаланған жоңғар феодалдары қазақ жеріне басып кірді. 1723 жылы басталған бұл жойқын, әрі тұтқиылдан шабуыл Қазақ хандығының берекесін кетірді.
Сонымен, Қазақстанның ХҮІІІ ғасырдың 30-жылдарының бас кезіндегі ішкі және сыртқы саяси жағдайы жоғарыда айтылғандай өте қиын жағдайда болды. Әбілқайыр ханға Тәуке кезінде басталған Ресей мемлекетімен қатынас жасау саясатын жалғастырып, Қазақ хандығының күресу тәжірибесі өз күшімен сыртқы жаулардан түпкі сақтанып қалу мүмкіндігінің жеткіліксіз екенін көрсетті. Сондықтан да, Әбілқайыр хан сыртқы шапқыншылықтардан қорғану үшін және хан билігін нығайтуға қажет күшті тіректі солтүстік-батыстағы көршісі – Ресей мемлекетінен іздеуге мәжбүр болды. Әбілқайырдың Түркістаннан Ырғыз жағына кетіп қалуы, Кіші жүз жеріне Ресейдің қол астындағы қалмақ пен башқұрт феодалдарының қазақ жеріне тынымсыз шабуылдарын күшейтті.
Ресей патшасына бодан болуы туралы 1730 жылы қыркүйектің 8 күні хат жазып, елшісі Сейітқұл мен Құлымбетті орыс мемлекетінің астанасы Петербургке жіберді.
Әбілқайырдың бұл тілегін Анна Ионовнаның үкіметі қабылдап, қазақтарды Ресейдің қарамағына алуға ұйғарды. Содан соң 1731 жылы 19 ақпанда императрица Аннаның Әбілқайыр ханға және бүкіл қазақ халқына олардың Ресей бодандығына қабылданғаны туралы грамотасын тапсыру үшін және Кіші жүз қазақтарынан ант алуға Сыртқы істер коллегиясының тілмашы әрі дипломат А.И.Тевкелев басқарған елшілері келді. Елшілер Қазақстанның Ресей қол астына алынғандығы туралы Ресей патшасы Анна Ионовнаның Әбілқайыр атына жазылған грамотасы мен қазақ сұлтандары үшін көптеген сый-тартулар алып келеді.
1731 жылы қазан айының 7-10 күндері
Кіші жүздің ханы Әбілхайыр
бас болып 27 сұлтан Ресейдің қол
астына бодан болғандығын
ХҮІІІ ғасырдағы Қазақстандағы саяси жағдай, түптеп келгенде, Ресей мен Қазақстан қарым-қатынасында жаңа кезең болғандығын естен шығармауымыз керек.
1735 жылы желтоқсанның аяғында
Орта жүздің Ресей қол астына
қабылдануын қуаттаған жаңадан
сайланған Күшік хан мен Барақ
сұлтан Орта жүзге Ресей
Кіші жүз бен Орта жүз бодан болғаннан кейін де қазақ даласында саяси жағдай түзеле қойған жоқ. Ресей патшасы өз алдына нақты міндеттер қойды. Біріншіден, Ресей империясының шығыс шекараларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Екіншіден, қазақтармен айырбас сауданы кеңейту және қазақ жерін Шығыс елдермен сауда жасаудағы дәнекерлік мақсатта пайдалану болды. Патша үкіметінің бұл міндетттері А.И.Тевкелевке берген сыртқы істер коллегиясының нұсқауынан анық байқауға болады.
Ресей патшасы Кіші жүз ханы Әбілқайыр мен оның айналасындағы адамдарды пайдаланып, қазақ даласына өз ықпалын нығайта түсті.
ХҮІІІ ғ. соңы мен ХІХ ғ. бірінші жартысындағы Қазақстан. 1734 жылы Кириллов экспедициясын Орынбор өлкесіне аттандырып жатып, патша үкіметі оның алдына мынандай талаптар қояды:
Қазақстанда отаршылдық кезеңінің басталуы.
Осы 1731 жылғы келісімді көп ұзамай Ресей патшалығы бұзды. Ресейге бағынышты қалмақтардың, башқұрттардың, казак-орыстардың қазақ еліне шабуылы тоқтаған жоқ. Ор өзенінің бойына салынған қорған-қала Орынбор Әбілқайыр үшін емес, бүкіл қазақ даласын басып алуға арналған бекініс болды. Көп ұзамай Кіші жүзде – Переволоцкая, Новосергеевка, Чернореченская, Кулагинская, Калмыковская, Иргульская, Орская, Сажерная, Губернинская сияқты казак-орыстардың әскери бекіністері қаптап кетті.
ХҮІІІ ғасырдың 40-шы жылдары үздіксіз қан төгіс, қарулы қақтығыстардан титықтаған қазақтар мен ойраттар өзара жақындасуға қадам жасауға мәжбүр болды. Бірақ, орыс үкіметі мен Орынбор әкімшілігі Орта жүз бен Кіші жүздің жоңғарлармен жақындасуына кедергі жасап бақты. Орынбор комиссиясының бастығы И. Кириллов 1734 жылы мамыр айында патша Анна Ионовнаға жазған жолдамасында «Үш жүз ынтымақты болғанда, бірлескен күшпен жауларын жеңе алар еді»-деп пайымдады.
1740 жылдың қыркүйегінде қазақ
даласына құрамында поручик Д.
Осы фактілердің өзі-ақ патша үкіметі мен жергілікті билік органдары өздерінің қол астына кірген елге әскери және дипломатиялық жәрдем беру ісіне аяқасты қарағанын байқауға болады.
Ресей империясы ХҮІІ ғасырдың аяғында-ақ Ертістің жоғарғы жағынан, ХҮІІІ ғасырдың басында Бұқтырма, Үлбі өзендерімен және Зайсан көлін басып, өз жері деп есептеген. Орыс үкіметі Кіші жүздің Ресей қарауына кірісімен қазақ көшпенділерін өздері жасаған линиялар мен бекіністерін әрірек ығыстыруға барынша күш салды. С.Д. Асфендияровтың мәліметтеріне қарағанда, әскери линиялар жартылай қоршау ретінде Қазақстанда (Каспий, Атырау) теңізінің жағалауына Ертістің жоғарғы сағасына дейін жеткен. Бұл уақытқа дейін Орал, Сібір, Орынбор әскери құрамалары құрылып, оларға жер бөлініп, басқа да жеңілдіктер берілген.
Орынбор губернаторы Неплюевтің 1842 жылғы шешімі патша Елизоветтаның 1756 жылғы қабылданған жарлығы бойынша Кіші және Орта жүздің руларына Жайық пен Ертіс арқылы мал айдап өтуге, Есіл мен Тобылдың төменгі сағаларын жайлауға тиым салып, бұл шекаралық өңірге алдын-ала бекіністер тұрғызылды.
Шекара бойындағы он шақырымдық қаптапқа жақындауға рұқсат берілмейтін болды. Қазақ жүздері мен руларының басшылары айтылған өзендерден әрі-бері өтуге тиым салынуына талай қарсылық білдірді. 1761 жылы Ресей патшалығы Бұқтырма бекінісін салды. Қазақ еліне отарлаудың қамытын берік кигізу мақсатында стратегиялық маңызы бар, маңызды деген нүктелерге берік бекіністер шебін құрып алып, патша үкіметі елді өлкедегі отаршылар санын көбейту қамына кірісті.
1745 жылы мұнда Астрахань
1744 жылы өз еріктерімен Қазан татарлары көшірілген еді.
Жалпы алғанда, ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысында ерікті шаруалар келіп қоныстана бастаса, Орынбор өлкесіне помещиктермен қоса Ресейден әкелінген шаруалар да көшірілді.
1807-1828 жылдары Орынбор өлкесіне
мемлекеттік шаруалар
Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресі 200 жылға созылып келіп, ел басқарған батыр, ақылды билердің ұйымдастыруымен халқымыз жеңіске жетті.
Алайда, осы жеңіс үшін талай жыл күрескен, сол күрес жылдарында саны азайып, әлсіреген елімізге ресей империясы біртіндеп, бірде алдап-арбап, бірде әскери күшпен келіп отарға айналдырды. Тәуелсіздік арманға айналып, зор өкініштерге әкелді.
1781 жылы Абылайдың қайтыс болуы,
оның толып жатқан ұрпақтары
арасындағы кикілжіңдер хан
1817 жылы Бөкей хан, ал екі жылдан
соң Уәли хан қайтыс болды.
Ресей билігі таралған
Жаңа реформаны әзірлеуді патша үкіметі граф М.М. Сперанскийге жүктеді.
1822 жылғы 22 маусымда патша «Сібір
губернияларына арналған
«Сібір... мемкемелеріне» сәйкес, азиялық Ресей 2 генерал-губернаторлыққа: орталығы Тобыл болған Батыс Сібір, орталығы Иркутск болған Шығыс Сібір генерал-губернаторлығына бөлінді. Біріншісіне Тобыл, соңғысының құрамына Томск губерниялары енгізілмекші болып ұйғарылды.
Орта жүздегі дәстүрлі мемлекеттілікті таратып, хан атағын «мүлде артық» деп жойып жіберген үкімет Сібір қазақтары туралы жарғыға сүйеніп, басқарудың жаңа нысанын енгізді. 3-тарауға сәйкес, Оңтүстік-батыс Сібірді мекендеген қазақтар «көшпелі бұратаналар сословиесі» болып есептелінді және тең құқықтарды пайдаланды, ал «сібір қазақтары елі» ең алдымен 1838 жылы Батыс Сібір қазақтарын шекаралық басқару құрылғанға дейін Омбы облысына бағынып келген сыртқы округтерден құралды.
Жарғымен міндеткерлік пен салықтардың жаңа санаттары енгізілді. Бұл орайда М. Сперанский мен оның төңірегіндегілер әдейі бесжылдық жеңілдік белгіледі немесе көшпелі халықтың барлық санаттарын барлық алымдардан босатты; мұндай бетбұрыс бұрынғы феодалдық жүйе бойынша міндеткерлік атқаруға: көшпелі аудандарда зекет пен соғым, егіншілікті аудандарда ұшыр төлеуге дағдыланған халық наразылығының алдын алуға ұмтылысқа байланысты болса керек.
ХІХ ғасырдың басында Бұқтырма, Өскемен бекіністерінің Петропавлдың, Семейдің маңызы едәуір арта түсті.
Алғашқы сыртқы округ – Қарқаралы округі 1824 жылғы 8 сәуірде ашылды. Жаңадан құрылған округке кірген болыстар құрамында 20 мыңдай шаңырақ, шамамен алған есептеулер бойынша, 60000-ға дейін ер азамат болды.
Бұдан кейін бірқатар сыртқы округтер: 1825 жылы - Құсмұрын, 1826 жылы - Баянауыл, 1831 жылы - Аягөз (Сергиополь), 1832 жылы Ақмола округтері құрылды.
1822 жылы Орынбор губернаторы
П.К. Эсеннің қатысуымен
Сонымен Орта және Кіші жүзде хандық, феодалдық мемлекеттіліктің жойылуы, бір жағынан, қазақ қоғамының өзінде ішкі рулық талас-тартыстардың жалғасуы салдарынан, екінші жағынан, патша үкіметінің әскери-әкімшілік әрекеттерінің нәтиежесінде болды. 1822 жылғы Сібір қазақтары туралы жарғы, 1824 жылғы Орынбор қазақтары туралы жарғы алғашқы патшалық реформа ретінде, бүкіл дәстүрлі билік құрылымын қиратып, әлеуметтік-саяси және шаруашылық өмірдің барлық жақтарын қамтыды, қазақ қоғамы ішіндегі, ең алдымен патшалық өзгерістерді, негізінен, қиналмай қабылданған шеп маңайындағы ауылдар арасындағы және кең далада еркін көшіп жүріп, көшпелі тәуелсіздіктің ең берілген жақтаушылары ретінде сұлтандардың, билердің ақыл беруі бойынша патшалық өзгерістерге көнбегендер арасындағы онсыз да өткір қайшылықтарды тереңдетіп, Кавказдағы, Еділ бойының түркі тілдес аймағындағы және далалық табиғи ландшафты реформаның іске асырылуын белгілі бір дәрежеде қиындатқан Қазақстандағы отаршылдыққа қарсы топтардың бірігуін күшейте түсті.