Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2015 в 20:06, реферат
Республикамыз тәуелсіздік алғаннан кейін ата тарихымыз бен мәдени құндылықтарымызды ыждағаттылықпен қайта зерттеуге кірістік. Азаттықпен келген шығармашылық бостандық тарих ғылымында да түбейгелі өзгерістерге жол ашты. Жоғары оқу орындарында Қазақстан тарихы пәнін оқытуға ерекше мән беріле бастады. Өйткені, тарих - ғылым мен пән ретінде аса маңызды білім саласына жатады. Бүгінгі жас ұрпақ өз елінің, жерінің, ата-бабаларының тарихын біліп, оның жақсысынан үйреніп, жаманынан жиреніп қорытынды жасауы тиіс.
XVI ғасырлардың 40-жылдарында
Жетісуда Қазақ хандығының
ХV-ХVІ ғасырлар деректемелеріндегі меліметтер "Та'рих-и Рашидиде" кслтірілген Қазақ хандығының Шығыс Дешті Қыпшақта емес, Батыс Жетісуда (Шу мен Талас алқаптарында) іргесі қаланғаны туралы мағлұматты тікелей немесе жанама түрде растайды. Зайн ад-дин Васифи (XVI ғ) "Бадаи ал-вакай" атты шығармасында тап осы аймақты "Қазақстан" деп атауы көңіл аудартады.
Қазақ билеушілерінің алдында олар мемлекет болып бөлініп шыққан бойдан-ақ жаңадан пайда болған мемлекетті нығайту, мемлекет құрамына қазақтар мекендейтін аумақтарды қосып алу мақсатымен оның шекарасын кеңейту міндеттері, сондай-ақ хандықты көрші мемлекеттердің жер жөніндегі талаптарынан қорғау міндеттері тұрды. XV ғасырдың соңғы үштен бірінде қазақ хандарының Шайбани ұрпақтарымен және Моғолстан билеушілерімен өзара қатынастарын сол міндеттер анықтады.
60-жылдардың аяғы мен 70-жылдардың
басында Әбілқайыр хан
1470 жылдың қысына қарай Қазақ әміршілері Түркістанда едәуір ілгері басты. Жәнібек ханның Үлкен ұлы Махмұд сұлтан Қаратау етегінде Созақты алды. Басқа бір ұлы Еренші сұлтан Сауранды иеленді, енді Керей ханның өзі Түркістанға жақындап келді. Қазақстанның оңтүстігінде қазақтардың іс-қимылының жандануы Мұхамед Шайбанидің Мауереннахрға Темір ұрпақтарының қол астына шұғыл түрде кетуге мәжбүр етті. Шайбанилік сұлтандарға Түркістаннан кетуге кеңес беріп, Мұхамед өз иеліктеріне қазақтардың шабуыл жасау қатерінің бетін бұрмақ болды. Екі жылдан кейін Темір ұрпақтарынан әскери көмек алған Мұхамед Шайбани Түркістанға келіп, бірқатар бекіністерді басып алды. Сырдарияның сол жағалауындағы Аркөкті, соған сүйене отырып Шығыс Дешті Қыпшақ шекарасына беттеп, Сығанақты басып алды. Сол кезге қарай Ноғай ұлысының басшысы Мұса мырза Түркістанға жақындап келіп, Мұхамед Шайбанимен одақтасуға ұмтылды. Бұған Бұрындық басқарған қазақ әскерлерінің Батыс Жетісудан Түркістан шекарасына асығыс келіп жетуі кедергі жасады. Әскербасыларының бірі қазақтың болашақтағы ханы Қасым сұлтан болатын. Осы оқиғалар туралы хабарлаған деректемелерде Бұрындық хан мен Мұхамед Шайбани арасындағы шайқас Қаратау тауының Соғұнлұқ асуында өтті. Шайқаста Жәнібек ханның ұлы, Созақ әміршісі Мұхамед Сұлтан қаза тапса да, Мұхамед Шайбани жеңіліске ұшыраған. Мұхамед Шайбани Түркістаннан Маңғыстауға кетуге мәжбүр болды. Бұрындық хан Сығанақты алды.
Сонымен, Жәнібек пен Керей хандар, содан соң, соңғысының ұлы Бұрындық хан басқарған Қазақ хандығы XV ғасырдың 70-жылдарында Орталық Қазақстан даласында нақты саяси күшке айналды.
80-жылдарда және 90-жылдардың
басында Мұхамед Шайбани
Қазақтар мен олардың одақтастарына қарсы толассыз жүргізілді деуге болатын үш жылдық күрестегі жеңістер Мұхамед Шайбаниді 1486 жылдары Түркістанды тастап шығып, Хорезмде соғыс сәттілігін іздестіруге мәжбур етті.
80-жылдардың аяғы - 90-жылдардың басында Ташкент пен Сауранда билік құрған моғол ханы Сұлтан Махмұдтың (онын әкесі Жүніс хан 1487 ж. Ташкентте өлген еді) қазақ хандары мен Шайбани ұрпақтарының Сыр бойындағы қалалар үшін күресіне араласып, бірде бір жағын, бірде екінші жағын қолдай отырып, өзінің Түркістандағы ықпалын кеңейтуге тырысуы сәтсіз болған жоқ. 1488 жылы ол Темір ұрпағының әкімі Мұхамед-Мазидті Отырардан қуып шықты. Сыр өңірінде қазақтарға қарсы өзге одақтас ету үшін Отырарға Мұхамед Шайбаниді шақырды. Моғол ханынан қолдау тауып және Отырарға сүйене отырып, Мұхамед Шайбани тағы да екі үлкен бекініс-қала Сауран мен Ясыны (Түркістанды) басып алды.
Қазақ хандары мен Мұхамед Шайбани арасындағы соғыс қимылдары XV ғасырдың соңғы онжылдықтарында толассыз жүріп жатты және ғасыр аяғына қарай уақытша бітіммен аяқталды. Бұрындық хан өзінің екі қызын шайбанилік сұлтандарға ұзатты. Шайбани ұрпақтары Отырар, Ясы (Түркістан), Аркөк, Үзкент қалаларында өз жағдайларын табанды күреспен нығайтып, олардан Темір ұрпақтарының әкімдерін ығыстырып шығарды. Ташкент пен Сайранда моғол ханы Сұлтан Махмұд отырды. Түркістан аумағының орталығы Сығанақта, Сауранда, Қаратаудың Созақпен қоса алғандағы жапсарлас ауданы және онын теріскейі мен күнгейіндегі, Сырдарияның төменгі ағысындағы басқа да қоныстар, Арал өңірі Қазақ хандарының қолында қалды.
XV ғасырдың аяғына қарай
қазақ хандарының мемлекеті
XV ғасырдың екінші жартысында Моғолстанда қалыптасқан ішкі жағдай, сондай-ақ аймақтағы әскери-саяси оқиғалар моғол хандарының Оңтүстік-Шығыс Қазақстандағы ықпалының біртіндеп әлсіреуіне, ал сонан соң, XVI ғасырдың басында толық жойылуына және бұл өлкенің қазақ тайпаларының олардың билігінен шығуына негіз жасады. Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның қазақтары біртіндеп Моғолстан хандарының билігінен шығып, басқа аудандардың қазақтарымен бір мемлекетке - Қазақ хандығына бірікті. Оңтүстік-Шығыс Қазақстан халқының кейіннен бір әулет хандарының (Моғолстандағы Шағатай ұрпактарының) билігінен шығып, басқа әулет хандарының (Жошы ұрпақтарының - Ақ Орда хандары ұрпақтарының) билігіне көшуі неліктен көп шиеленіс туғызбағанын этникалық тегінің, тарихи тағдырларының ортақтығымен, достық қатынастарының дәстүрлігімен түсіндіруге болады.
XVI және XVII ғасырлар қазақ
халқының тарихында айырықша
орын алады. Осы ғасырларда қазақ
хандары бұрын әр мемлекеттің
құрамында болып келген қазақ
руларын біріктіре отырып, бүгінгі
теуелсіз Қазақстан
Бұрындық хан басқарған жылдары (1480-1511) стратегиялық және экономикалық маңызы бар, Сыр бойындағы Сауран, Сығанақ, Созақ, Түркістан қалалары үшін Әбілқайыр ханның немересі Мұхаммед Шайбани басқарған өзбектер мен қазақтар арасында 30 жылға жуық күрес жүрді. Қазақтардан ығысқан Мұхаммед Шайбани 1500 жылы Мауереннахр жеріне басып кіріп, ондағы билікті Әмір Темір әулетінен тартып алады. Аз уақыттың ішінде күшейіп алғаннан кейін ол Сыр бойындағы қалаларды басып алу үшін бірнеше жорықтар жасады. 1510 жылы Көк Кесене шайқасында Қасым сұлтан басқарған қазақтар Мұхаммед Шайбани әскеріне қарсы ұрыста ірі жеңіске жетіп Сыр бойындағы қалаларға берік орнықты.
XVI ғасырдың басында Моғолстан
ханы Жүністің ұрпақтары
Моғолстанның орталық өңірі - Жетісу жерінің көбі және оны мекендеген қазақ тайпалары Қазақ хандығына қосылды.
Қасым хан басқарқан жылдары (1511-1518) қазақ халқының саны 1 миллионға жетіп, қуатты мемлекетке айналды.
Қазақ халқы дербес халық ретінде Батыс Еуропаға әйгілі болды. Қасым хан Мәскеу князі III Василиймен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.
Әмір Темірдің ұрпағы, Үндістандағы Ұлы Моғол империясының негізін салған ұлы жазушы Бабыр өзінің атақты "Бабырнама" кітабында: "Қазақ халқының бұрынғы-соңғы хан-сұлтандарының ішінде Қасым хандай құдіретті әмірші болған емес. Оның үш жүз мың әскері бар еді" деп жазған. Сонымен бірге тарихшы Мұхамед Хайдар Дұғлат "Тарихи Рашиди" деген еңбегінде: "Шыңғыстың ұлы Жошы ханнан соңғы жерде бұл жұртта Қасымнан асқан кұдіретті хан болған жоқ" деп жазды.
Қасым хан алғашқы қазақ заңы "Қасқа жолды" жарыққа шығарды. Бұл заң қазақтар арасында бұрыннан қалыптасқан әдет-ғұрып ережелері негізінде жасалды.
Бұл заңның сол кездегі мұсылман елдердегі жаппай қолданылып, жүрген ислам дінінің заңынан өзгеше, көшпелі қазақ өміріне үйлесімді етіп жасалды. Халық арасында бұл заң "Қасым ханның қасқа жолы" деп аталды.
Қасым ханның тұсында Қазақ хандығының территориясы қазіргі территориямыздың негізгі аймақтарын біріктірді.
Хандықтың шекарасы батыста Жайыққа, Оңтүстік-батыста Сырдың оң жағалауы, Аралдан Маңғыстауға дейінгі жерлерді алып жатты, солтүстікте Ұлытауға дейігі жерлер, оңтүстік-шығыста Жетісудың көп бөлігі қарады.
Қасым ханнан кейінгі Қазақ хандығын басқарған Мамаш (1518-1523), Тахир (1523-1533), Буйдаш (1533-151557), Тоғым (1533/34-1537/38) хандардың кезінде өзара ішкі таластың салдарынан біршама әлсіреп, өзбектермен және моғолдармен күресте, Қасым ханның кезінде ие болған жерлердің біразынан айырылып қалды.
Қазақ хандығы Қасым ханның баласы Хақназар ханның басқарған жылдары бұрынғы күш-қуатына ие болды.
Хақназар Қазақ хандығын 42 жыл (1538-1580) биледі. Ол дарынды қолбасшы, қажырлы қайраткер, сонымен бірге сыртқы саясатта дипломат екенін керсетті.
Хақназар хан басқарған жылдары Қазақ хандығының батыстағы шекарасында ірі өзгерістер болды.
Бұл кезде батыста күшейе түскен орыс мемлекеті шығысқа қарай жылжып 1552 жылы Қазақ хандығын, 1556 жылы Астрахан хандығын басып алды. Осы жағдайға байланысты, Еділ мен Жайық арасындағы ұлан-байтақ территорияны мекендеген Ноғай Ордасы ыдырай бастады. Ноғай ордасындағы қазақ тайпалары Қазақ хандығына келіп қосылды.
Ноғай ордасының әлсірегенін пайдаланып Хақназар Ноғай ордасының көп бөлігін өзіне қосып алды. Соған байланысты Хакназарды "қазақтар мен ноғайлардың ханы" деп атаған. Ноғай Ордасы 1569 жылы өзінің мемлекет ретінде өмір сүруін тоқтатты.
Сонымен бірге Хақназар Моғолстан мемлекетінің Жетісуға жасаған бірнеше жорықтарына тойтарыс берді. Орта Азиядағы күшейіп келе жатқан Бұқар ханы II Абдаллахпен өзара көмектесу жөнінде шарт жасасты.
XVI ғ. 60-70 жылдары соғыс
қимылдары тоқтап, бейбітшілік орнады.
Қазақтардың Орта Азия
1580-1582 жж. Шығай ханнан
кейін Қазақ хандығын
Қазақ хандығы күшейіп алғаннан кейін 1598 жылы Тәуекелдің басшылығына Орта Азияға басып кіріп, Ташкент, Әндіжан, Самарқант қалаларын басып алды.
ХҮІІ ғ. және ХҮІІ ғғ. басындағы Қазақ хандығы.
Тәуекел хан 1598 жылы Бұқара қаласын коршауда жараланып, Ташкент қаласында қаза болды.
Оның орнына болған Есім хан өзбектермен бітім шартын жасасты. Бұл шарт бойынша Ташкент қаласы өзінің аймағымен қоса Қазақ хандығына қарады.
Қазақтар 1798 жылға дейін Ташкент қаласында билік жүргізді.
Тәуекелден кейін Қазақ хандығының тағына отырған Есім хан (1598-1628) бүкіл саналы өмірін ат үстінде өткізген, Қазақ хандығының шекарасын кеңейту, қорғау жолында халқына өлшеусіз қызмет етті. Халық оны "Еңсегей бойлы ер Есім" деп атады.
Есім ханның кезінде Бұқар ханы Иманқұл, Ташкент, Түркістан аймағын қайтару үшін 1612-1620 жылдары қазақтарға бірнеше рет соғыс ашты. Бұл соғыстарда қазақтар өз жерлерін қорғап қалды.
Сонымен бірге Есім ханның кезінде қазақ жеріне ойрат тайпалары да бірнеше рет шапқыншылық жасады. Бұл шапқыншылықтарға қазақтар тойтарыс беріп отырды. Есім ханнан кейін қазақ хандығының тағына оның баласы Жәңгір отырды.
1635 жылы Батыр Қонтайшы
бытырап жүрген ойрат