Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2015 в 20:06, реферат
Республикамыз тәуелсіздік алғаннан кейін ата тарихымыз бен мәдени құндылықтарымызды ыждағаттылықпен қайта зерттеуге кірістік. Азаттықпен келген шығармашылық бостандық тарих ғылымында да түбейгелі өзгерістерге жол ашты. Жоғары оқу орындарында Қазақстан тарихы пәнін оқытуға ерекше мән беріле бастады. Өйткені, тарих - ғылым мен пән ретінде аса маңызды білім саласына жатады. Бүгінгі жас ұрпақ өз елінің, жерінің, ата-бабаларының тарихын біліп, оның жақсысынан үйреніп, жаманынан жиреніп қорытынды жасауы тиіс.
Қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының бірінші кезеңі (1731-1837 жж.). Сырым Датұлы басшылығындағы ұлт-азаттық көтеріліс. ХҮІІІ ғасырдың 70-80 жылдары хан мен сұлтандар билігі, патша әкімшілігі арқылы күшейіп отырса, старшиналардың елді басқару ісі шектеле бастады. Олардың әрекетінің негізі хандық билікті жою. Бұл сол кездегі қазақ қоғамындағы дағдарыстың басталғанын көреміз.
Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс 1783 жылы басталады. Сырым Байбақты руының старшинасы болған. Гавердовскийдің жазуына қарағанда, Сырым өте бай адам болған. Нұралы ханның Сырымның қарындасын алуы, хан тұқымымен құда болуы – сол кездегі Сырымның би болғандығының дәлелі.
Сырым басқарған антифеодалдық қозғалыстың басталуы 1783 жылғы оқиғаға байланысты болды. Сол жылы Сырым ауылының үстінен орыс саудагері Филипп Григорьев өтіп бара жатқанда, қазақтар шабуыл жасап тонайды. Осыған байланысты Орынбор Экспедициясы Сырымға, «құрметті старшина, сіздің ру арасындағы беделіңізді ескере отырып, Григорьевтің тоналған заттарын қайтарып беруге көмектеседі деп сенеміз», - дейді. Бұдан кейін Сырымды Тополин бекінісінде тұтқындап, Орал қаласында түрмеге жабады. Бұл оқиғаның болуына негізгі себеп – Жайық казактары жағына шыққан Шаганов деген старшинаны Сырым қолға түсіріп, Хиуа хандығына сатып жібереді. Оны тұтқындаудың себебі де сол Шагановтың өшін алу еді.
1783 жылдың тамыз айынан бастап
Жайық казактары Сырым мен
Нұралы ханның ауылына
1785 жылы көктем айында Сырым
бастаған қазақтар
Көтеріліске қарсы Орынбор шекара комиссиясы жазалаушы әскери топтар ұйымдастырады.
1785 жылы ақпан айының 17-сі күні
Орынбор қаласынан Елек
Сырым бастаған ұлт-азаттық қозғалысы 1791-1792 жылдары кең етек алмағанмен, патша үкіметі үшін өте қауіпті болған.
1795 жылы Кіші жүзде Есім хан болып тағайындалды. Оның тағайындалуын Сырым қолдамады. Бұл оқиғаға орай Сырымның ханға қарсы қарулы қозғалысы басталды. 1797 жылы наурыздың 26-нан 27-не қараған түні Краснояр бекінісінен бес шақырым жерде Есім ханды өлтіріп, ауылдарын тонап кетеді. Орал атаманы Донсков әскер жинап, Сырымды ұстауға шығады. Бұл жорыққа Бөкей, Қаратай да 800 адамнан қатысады. Сырым бұдан кейін Сыр бойына көшіп кетеді. Патша әкімшілігі сұлтан топтарын қолдап, хандық билікті қайтадан қалпына келтіреді.
Сырым Датұлы заманында мемлекетті үлкен деңгейде ойлай отырып, қазақ даласында тұңғыш рет реформатор болған. Бұған дәлел 1786 жылы хандық биліктің орнына «халық кеңесін» енгізеді. Сырым аға старшина болған кезде Кіші жүзде 1785 жылы, 1786 және 1787 жылдары съездері шақырылады. Сырымның бұл ұсынысынан бар мәселені демократиялық, көпшілік жолмен шешуге тырысқаны байқалады. Бұл - ел билеудің демократиялық жаңа формасы.
Сырым Датұлының ұлт-азаттық қозғалысы өз заманында қазақ даласындағы ең ауыр екі жағдайдан алып шыға алды. Отаршылдық тынымсыз шабуылын тидырса, өрісі тарылған Жайықтың арғы шүйгін жайылымдарына шығуына жол ашылды.
Бөкей ордасындағы И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлының басшылығындағы болған көтеріліс (1836-1838 жж.).
ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары аралығындағы отарлау саясаты қазақ еңбекшілері үшін өте ауыр жағдайға әкеліп, екі бірдей қанауға түсірді. 1837 жылдағы Кіші жүз қазақтарына түтін салығын енгізу, ол сұлтандар мен билер әртүрлі сылтаулармен қазақ кедейлерінен салық алып тонап отырды. Сол сияқты ХІХ ғасырдың 30-шы жылдарының екінші жартысында Бөкей ордасының ханы Жәңгір старшиналардың әлеуметтік билігін тежеп, жерлерін тартып алып, өзінің тума-туыстарына үлестіріп беріп, Ордадағы қазақ кедейлеріне ханның салығы көбейді, салықты төлеу, қарапайым күн көріс ауырлады. Осының барлығы қазақ халқының ашу-ызасын келтіріп, отарлық саясатқа және қанауға қарсы шығып, ұлт-азаттық қозғалыстың кең етек ала бастауына әкелді.
ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары арасында Кіші және Орта жүз даласында Ресей империясының отарлық саясатына қарсы өз елінің тәуелсіздігі үшін күрескен қазақ халқының ұлдары Исатай мен Махамбет болды.
ХІХ ғасырдың 20-30 жылдары Еділ және Жайық өзенінің аралығында орналасқан Бөкей хандығында әлеуметтік қайшылық күшейіп, қанаудың ауыр болуы, қазақ руларының Кіші жүзге қайтып күшейді, бұл құбылысқа хан басшылығы мен Орынбор әкімшілігі де қарсы болды.
1835 жылы Жәңгір хан Адай руына Қарауыл Қожаны тағайындап, бұл өңірде тұрған старшиналар мен ауылды бағындырды. Соның ішінде 1812 жылдан Беріш руының старшыны болып келген Исатай ауылы да кіреді.
1837 жылы қыркүйектің 16 күні Исатай мен Махамбет Қарауыл Қожа ауылына шабуыл жасап, кедейлердің өшін алып, қозғалыс бүкіл Бөкей ордасына кең жайыла түсті. Бұны естіген Орынбор генерал-губернаторы Перовский, Ордаға Покатилов бастаған Жайық казактарының құрамын жібереді. Олардың мақсаты Исатайды тұтқындап Орынборға алып кету еді. Бірақ Исатайды қолға түсіре алмайды. Қазан айының бас кезінде Исатай хан ордасына келіп 12 шақырым жерге келіп орналасады. Екі жеті хан ордасына шабуыл жасамай, ханмен хат алысып, өзінің талаптарының орындалуын күтіп жатады. «Хан ордасына келген кезде Жәңгір хан уақытты ұту үшін Исатаймен келіссөз жүргізе отырып, Орынбордан көмек сұрайды. Қазан айының 17 күні Перовский Орынбордан подполковник Генсті Бөкей ордасына аттандырды. Подполковник Геке Орынбордан шығып Орал қаласына келеді.
Полковник Меркульевке әскери казактарды алып Исатайдың ауылына шабуыл жасау керек екенін білдіреді, бұл кезде Исатай ауылы Теректі-Құмда болатын. Бұл кезде Исатай ешқандай шара қолданбай хан ордасын қоршап жатқан болатын. Жалпы Исатай мен Махамбет соғыссыз ханды көндіруді ойлаған. Полковник Меркульевтің әскери құрамдары қараша айының 7-күні Исатайдың ауылына келіп, ауылын ойрандап, Исатайдың семьясын тұтқындайды. Бұл хабар Исатайға жеткеннен кейін бір түнде хан ордасынан шығып ауылына көмекке кетеді.
Қарашаның 8- күні Исатай әскері Меркульев жасақшыларын қоршап, ауылдарының адамдардын босатуын талап етеді, егер босатпаса, онда соғысатынын айтады. Қоршауда отырған Меркульев күштің тең емес екенін біліп, Исатайдың талаптарын орындап, өзі хан ордасындағы Генске қосылуға кетеді. Сөйтіп орыстардың әскери құрамдары соғыссыз беріліп, Исатай әскері жеңіске жетеді. Халық қозғалысының мәні өзгереді. Исатай мен Махамбет бастаған халық қозғалысы тек қана ханға қарсы емес, ханды қолдап отырған Орынбор әкімшілігіне қарсы күреске шығады.
Қарашаның 9 күні Генс хан ордасынан шығып Исатай ауылына келе жатқан Жайық казактарымен қосылу үшін Берекелі-Қуаға бағыт алады. Бірақ Генс қарсы жақ күштермен Бекетай ауылында кездесіп, тосыннан Тас-Төбе құмына қарай жүруге бұйрық береді.
Сөйтіп 1837 жылы қараша айының 15 күні Тас-Төбеде болған соғыста күштің тең болмауы себепті Бөкей ордасындағы Исатай мен Махамбет бастаған халық қозғалысы жеңіліс табады. Бұл шайқаста Исатай бастаған жігіттер 60 адамнан айырылады, баласы Ақия өледі, көптеген жігіттер қолға түседі.
Тас-Төбе шайқасынан кейін Бөкей хандығындағы қозғалыс жеңіліс тауып, оның басшылары Исатай мен Махамбет жасырынып жүріп, Жайық арқылы Кіші жүз жеріне өтіп кетуге күш салады. Жайық казактары бірнеше рет қолға түсіруге әрекет жасайды. Желтоқсан айының 12-нен 13-не қараған түнде боранды пайдаланып Жайық казактарының Еменхимин мен Баксай бекіністерінің арасынан өтіп Кіші жүз даласына жетеді.
Исатай мен Махамбет бастаған халық қозғалысы Кіші жүзге өткеннен кейін де тоқтамайды. Кіші жүзде Хиуа ханының қолдауымен орыстарға қарсы күреске шығады. Исатай Кіші жүзде 2000 қол жиып, Кіші жүздегі Орыс патшасының қолшоқпары болып жүрген Баймұхаммед Айшуақовқа қарсы күреседі.
Осы кезде Кіші жүзде Жоламан Тіленшіұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс кең етек алып, Торғай және Елек өзені бойындағы Кенесары қозғалысына қосылуға бағыт алған болатын. Сондықтан Орынбор генерал-губернаторы Перовский соғыс министрлігімен келіспей, маусымның 28 күні подполковник Генсті шақырып, әскери құрам құрып, далаға баруға бұйрық береді. Полковник Генс Орынбор және Жайық казактарынан 150 адам және екі зеңбірек қаруымен, азық-түлік алып, шілденің 6-сы күні далаға енеді. Осы шайқаста Исатай ерлікпен қаза табады.
Қазақ халқының ер жүрек батыры Исатай Тайманұлы өлгеннен кейін халық қозғалысы жеңілді. Исатайдың досы Махамбет Өтемісұлы аман қалған достарымен Хиуа хандығына өтеді. Одан кейін Орынбор әкімшілігі қолға түсіріп Орынборда соттап, Атырау өңіріне жібереді. Орынбор әкімшілігі сотының үкіміне риза болмаған Баймұхаммед жігіттері 1846 жылы қыркүйек айында Махамбетті үйінде отырған жерінде қонақ болып келіп өлтіріп кетеді.
Қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының екінші кезеңі (1837-1870 жж.). К. Қасымұлының ұлт-азаттық көтерілісі. Қазақтардың ХҮІІІ-ХІХ ғасырларды болған барлық басқа ірі көтерілістерінен Кенесары көтерілісінің ерекшелігі, - оған үш жүздің бұқара халқы түгел қатысты. Көтерілістің бүкіл халықтылығы, кең қанат жаюы, айқын көрінген саяси сипаты Кенесары көтерілісінің өзіне тән ерекшелігі еді деу керек. Көтеріліске қатысушы рулардың саны 1843-1845 жылдары көбейе түскен. Кенесарыны анағұрлым белсене қолдағандар: Қыпшақ, Төртқара, Жағалбайлы, Табын, Тама, Бағаналы, Шекті, Алшын, Керей, Жаппас, Арғын рулары т.б. Кенесары көтерілісіне ру шонжарлары – билер және басқа ірі феодалдар қатысты. Мысалы, Ш. Едігенов, Шорман Күшінов, Мұса Шорманов т.б.
Кенесары 1837 жылы көктемде, өзі көтеріліске шығар алдында, патша үкіметін Көкшетауда және Ақмолада, яғни Кенесарының өзінің тұрған жерінде бекініс жүйесін салудан бас тарту қажеттілігіне көзін жеткізу үшін әрекеттер жасаған болатын. Бұл кезде Қоқан хандығы иелігінде көшіп-қонып жүрген Кенесары, осы мақсатпен патша үкіметіне арнап, наразалық білдірген бірнеше хат жолдады. «Ата – бабаларымыз мұра еткен, - деп жазды ол осындай хаттардың бірінде, - Есіл, Нұра, Ақтау, Ортау, Қарқаралы, Тобыл, Құсмұрын, Оралға дейінгі Тоңзақ т.б. қазіргі патша тұсында бізден тартып алынып, ол жерлерде бекіністер салынып, сонысымен тұрғындарды өте қиын жағдайға ұшыратуда. Бұл тек біздің болашағымыз үшін ғана емес, сонымен бірге бүгінгі өмір сүруімізге де қауіпті». Күткендей-ақ бұл хаттар жауапсыз қалды.
Орта жүздегі бытыраңқы көтеріліс ошақтары Кенесарының басшылығымен 1837-1838 жылдар аралығында біртұтас қозғалысқа біріге бастады.
1838 жылы Ақтау мен Ақмола
1838 жылдың аяғына қарай Кенесары
Ырғыз бен Торғай жаққа көшті.
Ол кезде бұл жерлер Орынбор
әскери губернаторлығына
1841 жылы қыркүйекте қазақтың
үш жүзінің өкілдері жиналып
Кенесарыны ата-бабамыздың
Орынбор әкімшілігімен уақытша бітімге келген кезде, 1841-1842 жылдары Кенесары Қоқан хандығының қол астындағы қазақ жерлерін қайтару үшін күрес жүргізеді. Соғыс нәтижесінде, Созақ, Сауран қалалары азат етіледі. Түркістанды қоршайды. Қоқан хандығы келіссөз жүргізуге мәжбүр болады.
1842 жылы В.А. Перовский Петербургке
қызметке кетіп, оның орнына генерал-