Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2015 в 20:06, реферат
Республикамыз тәуелсіздік алғаннан кейін ата тарихымыз бен мәдени құндылықтарымызды ыждағаттылықпен қайта зерттеуге кірістік. Азаттықпен келген шығармашылық бостандық тарих ғылымында да түбейгелі өзгерістерге жол ашты. Жоғары оқу орындарында Қазақстан тарихы пәнін оқытуға ерекше мән беріле бастады. Өйткені, тарих - ғылым мен пән ретінде аса маңызды білім саласына жатады. Бүгінгі жас ұрпақ өз елінің, жерінің, ата-бабаларының тарихын біліп, оның жақсысынан үйреніп, жаманынан жиреніп қорытынды жасауы тиіс.
Сөйтіп, Қазақстандағы губернаторлардың, уезд бастықтарының, болыстардың үкімет билігі барлық жерде жойылды.
Қазақстанның облыстары мен уездеріндегі уақытша үкіметтің сенімді тірегі Сібір, Орынбор, Орал және Жетісу Казак әскерлерінен құралған “Казак комитеттері” еді. Қазақ халқының көпшілігі патша құлатылғаннан кейін ұлттық езгі де құриды, уақытша үкімет Ресей халықтарының теңдігі мен туысқандығын қамтамасыз етеді деп сенді.
Қазақстандағы қос үкіметтің орталық аудандарға қарағанда әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты, аймақтық отар ретіндегі саяси жағдайына байланысты және көп ұлттылығына байланысты өзгешелігі болды.
1917 жылғы көктем және
жазғы айларда қазақ
Ақпан революциясы ұлт мәселесін шешкен жоқ. Қазақстанды отар деп білген буржуазиялық уақытша үкімет қазақ халқына ешқандай право берген жоқ. Мектептерде оқыту ісі және мекемелерде кеңсе ісі бұрынғыша тек орыс тілінде ғана жүргізілді.. Уақытша үкімет бұрынғы патша үкіметінің жер жөніндегі саясатын жүргізіп отырды. Өнеркәсіпті бұрынғыша шетел капиталистері мен орыс капиталистері билеп төстеумен болды.
Қазақстанда құрылған жұмысшы солдат депутаттары кеңесінің жұмысына келетін болсақ олар жергілікті халықтың мұң-мұқтажын ескермей Қазақстанда революциялық ұрандармен ойларына келгендерін істеді. Алғашқы кезде құрылған Кеңестер тек орыстардан тұрды. Аудандардағы билікті қолына алған жұмысшылар мен солдаттар ауылдарға келіп, үйлерді тінтіп, “революция мен оның құрбандарының” пайдасына деп халықтан көптеген салық алып, жақсы ат, қымбат кілем, алтын-күміс сияқты заттарды тартып алып кетіп отырған. Алғашқы кезде құрылған қазақ партияларымен қоғамдарының жұмысшы-солдат депутаттары Кеңесіне жақындаудан тартынғандығының басты себебі осы еді.
Міне, осындай қиын-қыстау кезеңде халқымыздың көзі ашық азаматтары елді осы қиындықтан алып шығу үшін әрекет жасады. “Шорай Исламия”, “Ғұлама қоғамы”, “Алаш” партиясы, “Үш жүз” саяси партиясы осы кезеңдерде пайда болған еді. Осы ұйымдар мен партиялардың ішіндегі халқымыздың тарихында елеулі орын алатыны “Алаш” партиясы. 1917 жылы 21-26 шілде аралығында Орынбор қаласында бірінші бүкіл қазақ съезі болды. Съездегі ең бірінші мәселе – мемлекеттік басқару туралы мәселе болды. «Ресейде демократиялық, федерациялық, парламенттік республика болуы керек. Қазақ облыстары автономия алуы тиіс» деген шешім қабылданды.
“Алаш” партиясының бағдарламасы
1917 жылы 21 қарашада “Қазақ” газетінде жарияланды. Бағдарлама
10 тармаққа бөлінген. Онда мынадай басты
мәселелер қаралған: Ресей демократиялық-федеративтік-
“Алаш” партиясымен бірге құрылып, халықты азаттық үшін күреске шақырған қоғамдық ұйымдардың бірі “Үш жүз” социалистік партиясы еді. “Үш жүз” партиясы алғашқы құрылған кезден бастап-ақ большевиктер жағына шығып, алаштықтарға қарсы болды. Бұл партияның қатарында жұмысшылар мен жатақтар көп еді. “Үш жүз” партиясы большевиктер жағында болғанымен олардың бағдарламаларының кейбір тұстары большевиктерден бөлек болды. Олар пролетариат диктатурасын мойындамады. Коммунистер партиясының қоғамдағы басшылық ролін мойындамады. Мемлекет басқару ісіне дінді араластыру керек деді. Сондықтан да 1920 жылы большевиктер бұл партияны таратып жіберді.
Қазақстанда ХҮІІІ ғ. 30-жылдарынан ХІХ ғасырдың 80-жылдарына дейінгі Ресейге қосылу кезеңі білім беру жүйесіне біраз өзгерістер енгізді. 1789 ж. Азиялық училище ашылды. 1813 ж. Орынбор училищесі, 1931 ж. Омбы, Семейде орысша білім беретін училищелер, 1836 ж. Өскеменде қазақ балаларына арналған интернат-училище, 1837 ж. Бөкей ордасында Жәңгір ханның ұйымдастыруымен қазақ балаларына арналған орысша және татарша білім беретін мектеп ашылды. 1844 ж. Орынбор училищесі негізінде Орынбор Неплюев кадет корпусы ашылды.
Қазақстан халқының тарихын зерттеуде И. Завалишин, Э.Мейер, А.Левшин сияқты орыс ғалымдар көп еңбек етті. Белгілі орыс ғалымы В.И.Даль Исатай мен Махамбет бастаған шаруалар көтерілісін қолдаған. “Бөкей мен Мәулен” повесін жазды. А.С.Пушкин Оралда “Қозы Көрпеш-Баян сұлу” поэмасын қағазға түсірген.
ХІХ ғ. төмендегі қазақ ақындары өмір сүрді:
Махамбет Өтемісұлы (1804-1846 жж.),
Шернияз Жарылғасұлы (1807-1867 жж.).
Сүйінбай Аронұлы (1822-1895 жж.).
Шөже Қаржаубайұлы (1808-1895 жж.).
Шаруалар мүдделерін қорғап, өз жырларына қосты. Музыка өнерін дамытуға Құрманғазы Сағырбайұлы (1818-1889 жж.) артына 60 күй қалдырған. Мысалы, “Көшкентай”, “Сарыарқа”, “Қызылқайың”, “Балбырауын”, “Адай”, “Көбік шашқан”, “Ақсақ киік”, “Ақтай” т.б.
Дәулеткерей Шығайұлы (1820-1887 жж.). Дәулеткерейдің 40-қа жуық күйібізге жеткен: “Желдірме”, “Құдаша”, “Ысқырма”, “Қосалқы”, “Тартыс” т.б., Тәттімбет Қазанғапұлы (1915-1962 жж.): “Балбырауын”, “Сал қоңыр”, “Былқылдақ күйі” т.б. Ықылас Дүкенұлы (1843-1916 жж.): “Қорқыт”, “Қоңыр күйі”, “Ықыластың күйі” т.б.
Әнші, ақын, сазгерлерден Жаяу Мұсаны (1835-1916 жж.), Біржан Салды (1834-1897 жж.), Ақан Серіні (1843-1913 жж.) айтуға болады.
21 – 26 дәріс. 1917 ж. Қазан төңкерісі және азамат соғысы. ХХғ. 20-30 жж. Қазақстан. Ұлы Отан соғысы. Соғыстан кеінгі жағдай.
Ақпан революциясының нәтиежесінде орнаған уақытша үкімет халықтың алдында тұрған көптеген мәселелерді шешіп бере алмады. Халықтың жағдайы бұрынғыдан да қиындай түсті. Ресейдің І-дүние жүзілік соғысқа одан әрі қатысуы көптеген қиыншылықтар туғызды. Міне, осы халықтың басындағы қиын жағдайды большевиктер пайдаланып қалуға тырысты.
Большевиктер «Барлық билік Кеңестерге берілсін!», «Жердің бәрі шаруаларға берілсін!», «Заводтар, фабрикалар жұмысшыларға берілсін!» деген ұрандар көтерді. Бұл большевиктік насихаттың елеулі әсері болды. Бұл ұрандарға сенген халық большевиктер жағына шыға бастады.
1917 жылы 24-шы қазанда Петербургте
қарулы төңкеріс басталды. Келесі
күні төңкеріске шыққан
Орталықта Кеңес үкіметінің орнауына байланысты жер-жерлерде, шет аймақтарда да Кеңес үкіметі орнай бастады.
Қазақстанда Кеңес үкіметін орнату 1917 жылдың қазан айынан 1918 жылдың наурыз айына дейін жүргізілді. Сонымен қатар Қазақстанда Кеңес үкіметі билігінің орнауының өзіндік ерекшеліктері және қиындықтары болды. Қазақстанда жұмысшы ұйымдары аз болды. Патша үкіметі тұсында қолайлы жерлерге орналасып, байып алған орыс шаруалары жерден айырылып қаламыз деп қауптенді. Сондай-ақ, Қазақстанда большевиктік топтар аз болды. Қазақ ауылдары бұл төңкерістің мәнін жете түсінген жоқ. Төңкерістің себептері, мақсаты тағы басқа жақтары күңгірт болды.
Қазақстанның ішкі өмірінде революцияға дайындық пісіп жетілмеген еді. Қазақ халқына революциядан гөрі отарлық езгігі қарсы күрес маңыздырақ еді. Сонымен бірге қазақ халқының көпшілік бөлігі қолдаған «Алаш» партиясы Кеңес үкіметін мойындамады. Оған қарсы шықты.
Осындай елдегі аласапыран кезде кейбір халықтар автономия жариялады. Мәселен, Башқұрт, Татар автономиялары құрылды.
1917 жылы 26-28 қараша аралығында Қоқан қаласында түркістандықтардың өлкелік төтенше съезі болған еді. Бұл съездің шешімімен Түркістан автономиясы (Қоқан автономиясы) деп аталған ұлттық өкімет құрылған болатын. Автономияның төрағасы Мұхамеджан Тынышпайұлы болды. Үкіметтің төрағасы Тынышбайұлы орнынан кеткен соң, оның орнына Мұстафа Шоқайұлы сайланды. Бұл үкімет Түркістанның ұлттық тәуелсіздігі мен тұтастығы жолында күреске шығып, небары екі ай ғана өмір сүрді. 1918 жылы ақпан айында Қызыл армия Түркістан автономиясына қарсы соғыс ашып, оны қарудың күшімен басып тастады. Бұл автономияның басты мақсаты Орта Азиядағы түркі халықтарын біріктіріп, өз алдына тәуелсіз автономия алу еді.
Ал 1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында Бүкілқазақтық ІІ съез өтті. Съезде Халел Ғаббасов автономия туралы баяндама жасады. Съез баяндаманы талқылап мынадай қаулы қабылдады:
Съездің шешімімен Алашорда үкіметінің төрағасы болып Бөкейханов сайланды. Съездің ұйғарымымен сайланған Алашорда үкіметінің министрлері мыналар: төраға орынбасары Халел Ғаббасұлы, ішкі істер министрі Мұхамеджан Тынышпайұлы, әділет министрі Ахмет Бірімжанұлы, оқу министрі Ахмет Байтұрсынұлы, ұлттық қорғаныс министрі Әлімхан Ермекұлы.
Азамат соғысы (1918 – 1920 жж.) халық трагедиясы.
1918 жылдың көктемінде азамат соғысы басталды. Ресейдегі ақгвардияшылардың басшылары Қазақстандағы Кеңес үкіметіне қарсы Чехославак корпусының бүлігін ұйымдастырды. Бұл бүлік Солтүстік және Солтүстік-Шығыс Қазақстанды қамтиды. Олар Петропавлды, Ақмоланы, Атбасарды, Көкшетауды, Павлодарды, Семейді басып алды. Қазақстандағы ақтар қозғалысының басты тірегі Орал, Сібір, Орынбор және Жетісу Казак әскері еді.
Чехославак корпусының бүлігі және соның артынша ішкі революцияға қарсы күштердің Кеңес үкіметіне қарсы қарулы күреске шығуы Қазақстандағы саяси жағдайды өзгертіп жіберді. Дутов әскерлері 1918 жылы 3 шілдеде Орынборды басып алып, Қазақстан мен Орта Азияны Орталық Ресеймен байланыстыратын темір жолды кесіп тастады. Азамат соғысы басталған кезде Қазақстандағы Кеңес өкіметіне қарсы батыста атаман Дутовтың әскерлері солтүстікте адмирал Колчактың әскерлері, Жетісуда атаман Анненковтың ірі әскери топтары күресті.
Ақгвардияшылармен күресу үшін Қазақстанда Орал майданы, Ақтөбе майданы, Сотүстік Жетісу майданы құрылды. Қазақстан жеріндегі ақгвардияшыларға қарсы ірі соғыс операцияларын Фрунзе, Тухачевский, Чапаев сияқты белгілі қолбасшыларымен қатар Иманов, Жангельдин секілді талантты командирлер басқарды.
Азамат соғысы басталғаннан кейін «Алашорда» басшылары Самарадағы құрылтай жиналысы комитетімен, Орынбордағы атаман Дутовпен және Омскідегі Колчакпен байланыс орнатты. Мұндағы «Алаштықтардың» мақсаты осылардың көмегімен қазақ халқына автономия әперу еді.
1918 ж. Алаш Орда үкіметі
бірқатар жарлықтар шығарды. Бұл
жарлықтар бойынша Алаш
Сонымен бірге қазақ еңбекшілерінен құрылған Қызыл әскер полктері де құрылды. 1918 жылы күзде Бөкей ордасында бірінші Қазақ Қызыл әскер полкі құрылды. Кеңестік Ресейдің Қазақстан мен Орта Азия кеңестеріне көрсеткен көмегінің айқын үлгісі Ақтөбе майданына қару-жарақ пен оқ-дәрі жеткізу жөніндегі экспедиция болды. Бұл экспедиция далалық өлкенің төтенше комиссары Әліби Жангельдиннің басшылығымен жүргізілді.
1919 ж. жазында Шығыс майдандағы
Колчак армиясының негізгі
1920 жылы сәуірде Қазақстандағы
ақгвардияшылардың соңғы
1919 жылы наурызда Бүкілресейлік Орталық Атқару комитеті Алаш ордаға кешірім жариялағаннан кейін, алаштықтардың шығыс бөлігі Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсыновтар Кеңес үкіметі жағына шықты. 1920 жылы батыс алаштықтар да Кеңестер жағына шықты.
Азамат соғысы жылдарында қазақ халқының жағдайы өте ауыр болды. Атаман Анненковтың жендеттері тарихта болмаған, бұрын-сонды адамзат баласы естімеген неше түрлі зұлымдықтарды істеді. Анненковшылар Аягөзге келгенде қаланың тең жартысын өртеп, 800-ге жуық адамды дарға асып, атқан. Семей қаласынан 50 шақырымдай жерде орналасқан Знаменка селосында жендеттер жергілікті тұрғындардың бірін қалдырмай бауыздап кеткен. Сонымен бірге азамат соғысы жылдарында Қызыл Армия жауынгерлерінің де халқымызға істеген зияны аз емес.
Қазақ кеңестік мемлекеттілігінің құрылуы.