Ғылым ретіндегі Қазақстан тарихының мақсат, міндеттері және оны зерттеудің өзектілігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2015 в 20:06, реферат

Краткое описание

Республикамыз тәуелсіздік алғаннан кейін ата тарихымыз бен мәдени құндылықтарымызды ыждағаттылықпен қайта зерттеуге кірістік. Азаттықпен келген шығармашылық бостандық тарих ғылымында да түбейгелі өзгерістерге жол ашты. Жоғары оқу орындарында Қазақстан тарихы пәнін оқытуға ерекше мән беріле бастады. Өйткені, тарих - ғылым мен пән ретінде аса маңызды білім саласына жатады. Бүгінгі жас ұрпақ өз елінің, жерінің, ата-бабаларының тарихын біліп, оның жақсысынан үйреніп, жаманынан жиреніп қорытынды жасауы тиіс.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дәрістер курсы(1).doc

— 662.00 Кб (Скачать документ)

Қазақстан «Хрущев декадасы» жылдарында (1953 – 1964 жж.)

1953 жылы наурызда Сталин қайтыс болғаннан кейін бұл ғалымдар мен жазушылар қуғындаудан құтылды. Сталиннен кейін Кеңес Одағын басқарған Хрущевтың кезінде де Қазақстанның саяси жағдайы жақсы болмады. Көп жыл Қазақстан партия ұйымын басқарған Шаяхметов орнынан алынып, оның орнына Республика халқының пікірі сұралмастан орталықтың тағайындаған адамдары қойылды.

Республиканы 1954-1955 жж. Пономаренко, 1955-1956 жж. Брежнев, 1956-1957 жж. Яковлев, 1957-1960 жж. Беляев, 1960-1962 жж. Қонаев, 1962-1964 жж. Юсуповтар басқарды. Кеңес одағын Хрущевтың басқарған жылдары Оңтүстік Қазақстанның 4 ауданы көрші Өзбекстан Республикасына берілді. Қазақстанды Юсупов басқарған жылдары Алматы және Талдықорған облыстарының жерінде ұйғыр автономиясын құрып, астанасын Алматы қаласы ету әрекеті жасалды. Солтүстіктегі 5 облыстан тың аймағын құрып, Ресейге қосу, Маңғыстау облысын Түрікменстанға беру әрекеттері жасалды. Бұл әрекеттерге сол кездегі Қазақ ССР жоғарғы Кеңесінің төрағасы Жұмабай Тәшенов қарсы шықты. Осы әрекеті үшін ол орнынан алынды. 1964 жылы қазан айында Хрущев орнынан түскеннен кейін бұл әрекеттер іске аспай қалды.

1964 жылдан Қазақстан Компартиясын  қайта басқарған Д. А. Қонаев 1972 жылы  Өзбекстанға берген 4 ауданның екеуін  қайтарып алды, ал екі аудан, 500 мыңға жуық мал сол күйінде Өзбекстанда қалып қойды.

1956 жылы партияның ХХ  съезі болды. Осы съезде Хрущев  «Жеке басқа табыну және оның  зардаптарын жою» туралы баяндама  жасады. Бұл баяндама алғаш рет  Сталиннің еліміздегі 1937-1939 жылдары  аралығында жүргізген жазықсыз  жазалаулары туралы ашық айтылып, оның зардаптарын жоюға шақырды. Соған байланысты жазықсыз жазаланған мыңдаған адамдар түрмеден босатылып, тағылған саяси айыптар алынды.

Соғыстан кейінгі жылдары 700-дей кәсіпорын қатарға қосылды. Оның ішінде Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты, Өскемен су-электр станциясы, Бұқтырма су-электр станциясы, Қарағанды 2-жылу электр станциясы, Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаттары бар. 1960 жылы Қазақстанда 32 млн. тонна көмір өндірілді. 1953 жылы Қарағанды металлургия комбинаты іске қосылды. Сондай-ақ Маңғыстау өңірі ірі мұнайлы аймаққа айналды.

Қазақстанда салынған заводтардың барлығы шикізат өңдеуге арналғандықтан адам денсаулығына үлкен зиянын тигізетін заводтар болды. Өскемендегі, Ақтөбедегі, Шымкенттегі, Жамбылдағы химфарм, сары фосфор, мырыш өңдеуші заводтар осындай заводтар еді.

1949 жылы 29 тамызда Семей  өңірінде ядролық зарядты тұңғыш  сынау өткізілді. 1949-1963 жылға дейін  жер үстіне 113 жарылыс жасалды. 1964 жылдан бастап 1989 жылға дейін  жер астында 343 сынақ жасалған. Бұның  барлығы полигонға жақын тұратын халықтарға өте үлкен зардабын тигізді. Кеңес Одағы коммунистік партиясының орталық комитетінің 1954 жылғы ақпан-наурыз пленумында Қазақстанда, Сібірде, Оралда, Қиыр Шығыстың кейбір аудандарында жаңа тың жерлерді игеруге шешім қабылданды.

Қазақстандағы тың жерлерді игеру ғылыми түрде зерттелмей өте асығыс жүргізілді. Тың игергеннен кейін Қазақстан 6 рет Отан қоймасына 1 миллиард астық берді. Бірақ бұл миллиардтар шын мәнінде ауа райы қолайлы жылдары ғана алынды. 1954-1960 жылдары Қазақстанда 25 миллион гектар жер жыртылды, кейінгі жылдары оның мөлшері 35 млн. жеткізілді. Ғылыми түрде зерттелмей асығыс түрде көп мөлшерде жердің жыртылуы салдарынан 9 млн.-ға жуық жер жартылай сондай-ақ толығымен эррозияға ұшырады. Республиканың ежелгі халқы – қазақтарды тыңды игеруге шақыру назардан тыс қалды. 1954-1958 жылдары Ресейден және Украинадан 640 мың адам әкелді, кейінгі жылдары олардың саны 1,5 млн.-ға жетті. Бұл республиканың демографиясына үлкен өзгеріс әкелді. Қазақтар өз жерінде азшылық болып 1962 жылғы санақ бойынша республика халқының 29%-тін құрады.

Сонымен бірге Қазақстанның географиялық жағдайы да үлкен өзгеріске ұшырады. 1954-1964 жылдардың ішінде тың өлкесі құрамына енген бес облыста 200-ден астам селолық және ауылдық кеңестердің аттары орыс тіліне өзгертілді. Жалпы республика бойынша 3500 елді мекендердің жер-сулардың аттары өзгертілген.

Әр түрлі Московский, Астраханский, Бауманский, Ростовский сияқты әр түрлі аттар пайда болып, бұрынғы атаулар алынып тасталды. Сонымен қатар тыңды игерудің мал жайылымына тигізген зияны үлкен болды. Мал жайылымдық жерлер азайды. Жылқы 3 есе, түйе 5 есе азайды. Тыңды игеру жылдары солтүстік облыстарда 700-ге жуық қазақ мектептері жабылды. Бұл қазақ тілінің дамуына үлкен зиянын тигізді. Бір мезгілде шет жақтардан өте көп адамның келуіне байланысты, оларға дер кезінде жағдай жасалмады. Соның салдарынан 1959 жылы Теміртау қаласында үлкен ереуіл болды. Ереуілдің себебі тамақтың сапасыздығы, ешқандай дұрыс жағдайдың жасалмауы болды. Ереуілге шыққан халыққа қарсы армия күштері жіберіліп, ереуіл үлкен қан төгіспен басып тасталынды.

          Қазақстан 1960 ж. екінші жартысы мен 1980 жылдар – бірінші жартысында.

1965-1985 жылдары республиканың  өнеркәсібі біршама өсті. Өнеркәсіпті  дамыту үшін 40 млрд. қаржы жұмсалды. Химия, мұнай саласы 3 есе, машина жасау 5 есе өсті. Мыңға жуық өнеркәсіп орындары мен цехтар қосылды. Олардың ішінде Ақтаудағы пластмасс заводы, Қарағандыдағы резина бұйымдарын жасау заводы, Павлодар мен Шымкенттегі мұнай өңдеу заводы. Екібастұз және Ермак ГРЭС-тері, Қапшағай ГРЭС-і. Жайрам кен байыту комбинаты, Ақтау қаласындағы атом реакторы болды. Өнеркәсіп саласынан Қазақстан Украина мен Ресейден кейінгі үшінші орынды алды, 70-80 жылдардағы Қазақстанның барлық өнеркәсіптері шикізат өндіруге бағытталған артта қалған өнеркәсіп  орындары болды. Халық тұтынатын товарлардың 60%-ке жуығы Қазақстанға басқа республикалардан әкелінді. Бұл жылдары Қазақстан орталыққа қорғасын, мырыш, титан, магни мен қалайының 70%-ін фосфор мен хромның 90%-ін, күмістің 60%-ін, мыстың 30%-ін жыл сайын 142 миллион тонна көмір, 30 млн. тонна астық өндіріп беріп келді. Қазақстандағы өнеркәсіптердің 50%-ке жуығы орталықтағы министрліктерге бағынды. Орталық Қазақстаннан шығарылған өнімдерді шет елдерге шығарудан жылына 1 миллиард 700 млн. доллар пайда түсіріп отырды. Оның аз ғана бөлігі Қазақстанға берілді. Одақтық министрліктер Қазақстанның әлеуметтік дамуына, ұлттық кадрларды дайындауға көңіл бөлмеді. Қазақстан жеріндегі экологиялық апат аймақтары Арал мен Семей полигонның зардаптарын жоюға ешқандай көмек көрсетілмеді. 70 жылдардан бастап Кеңес еліндегі экономикада, мәдени-саяси өмірде тоқырау белең алды.

Республикадағы барлық мәселелер командалық-әкімшілік әдістермен шешілді. Жоғарыдан жоспар бекітіліп берілді. Бұл кәсіпорынды қандай шығынға да қарамай жоспарды орындауға мәжбүр етіп, тұтынушыларды өндіріске ықпал ету мүмкіндігінен айырды. Өндірістердегі еңбек коллективтерінің мүддесі ескрілмеді. Экономикадағы дағдарысты құбылыстардың салдарынан халық шаруашылығының өнімдері тоғызыншы бесжылдықта 12%, оныншы бесжылдықта 3,6%-ке орындалмады. Сол кездегі еліміздің басшылары ана съезбен мына съездің аралығында экономикадағы көрсеткіштер жылдан жылға өсіп келе жатыр деп жалған ақпараттар беріп отырды. 1970 жылы табысы аз шығыны көп совхоздар мен колхоздардың жалпы саны 15%-тей болса, олар 1985 жылы 51%-ке өсті. Өндірістің өсу қарқынының төмендеуі, өнім саласының нашарлауы, ғылыми-техникалық прогресс саласындағы артта қалушылықты күшейтті.

Кеңес елі кибернетика, компьютерлендіру, автоматтандыру сияқты салалар бойынша алдыңғы қатарлы капиталистік елдерден 50-60 жылғы артқа қалып қойды. Жоғарыдан қатаң әміршілдік басқару, еңбекке ақы төлеудегі теңгермешілдік, мемлекеттік меншіктің монополиясы, еңбекшіні меншіктен және еңбек нәтиежесінен алыстату, өндірісті басқарудағы демократиялық бастамалардың тежелуі салдарынан жұмысшы табының шығармашылық белсенділігі күрт төмендеді.

Осы жылдары Одақтас республикалардың құқықтары шектеліп, нақты егемендігі жоқ автономия ретінде дамыды. Қазақстан орталықтың бір шет аймағы болып қалды. Ұлттардың өзін-өзі билеуі іс жүзінде ұмыт болды. Орыс емес халықтардың тілі, әдет-ғұрып, ерекшелігі ескерілмеді. Кеңес халықтары мен ұлттарының дамуындағы орыс мәдениетінің ролін асыра бағалау процесі жүрді. Біздің тарихымыздың бір бөлігі болып табылатын көшпелілік цивилизациясы мен шығыс мәдениеті жауып тасталды. Адамдардың тарихи санасын жою процесі жүрді. Қазақстанда тіл саясатын тек ұлтаралық қатынас тілін ғана қолдап, ол ұлт тілі туралы айтылмады. Қазақ тілі тек тұрмыстық саламен шектеліп, іс жүргізуге, мемлекеттік дипломатиялық әскери өмірде, жоғары мектептерде қолданылмады. Кітаптың 95%-і орыс тілінде басылды, теледидар хабарларының 70%-і орыс тілінде болды.

Осы жылдары басқаша ойлаудың барлық түрі қудаланады. Әдебиет пен өнер саласындағы бірқатар интеллигенттер қуғынға ұшырады. Ақын О.Сүлейменовтың «Аз и Я» деген кітабы ұлтшылдық, пантюркистік деп қуғынға түсті. Философия институтының коллективі даярлаған «Дәстүрлі қазақ өнерінің дүниетанымы» деген кітапты басып шығаруға тиым салды. Антрополог Исмағұловтың «Қазақстанның этностық геногеографиясы» деген кітабы идеялық тұрғыдан зиянды деп табылды.

1979 жылы жазда орталық  Қазақстан басшыларымен, жергілікті  қазақ халқымен сананспай Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Көкшетау  облыстарының бірсыпыра аудандарынан орталығы Ерейментау қаласы етіп, Қазақстанда неміс автономиялы облысын құру туралы шешім қабылдады. Автономиялы облыс құру, қазақ халқының заңды қарсылығын туғызды. Олар Ақмолада, Ерейментауда, Көкшетауда митингілер өткізіп, «Қазақстан бөлінбейді», «Неміс автономия болмасын» деген ұрандар көтерді.

 

          27-30 дәріс.  Тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуы мен калыптасуы.

1985 жылдан бастап елімізде  қайта құру процесстері басталды. Қайта құру процестері Кеңес  Одағы Коммунистік партиясының 1985-1991 жылдар арлығында бірінішісі хатшысы болып істеген М. Горбачевтың есімімен тікелей байланысты болды. 1985 жылы СОКП Орталық комитетінің сәуір пленумында «Әлеуметтік-экономикалық дамуда» жеделдету бағыты жарияланды. Әлеуметтік салада мектептерді компьютерлендіру, маскүнемдіктен күрес, еңбексіз табыс табумен күрес мәселесі қойылды. 1987 жылы СОКП орталық комитетінің қаңтар пленумы елімізді экономикалық және саяси реформаларға бастама болды.

Экономикалық реформаларды дамытуда екі бағыт бойынша жүргізу көзделді. Бірінші мемлекеттік өндіріс орындарының өзін-өзі билеуін кеңейту, екіншісі, экономикадағы жеке меншік сектордың рөлін кеңейту еді.

Сонымен бірге саяси өмірде М. Горбачев «жариялық» түсінігін енгізді. Соның нәтиежесінде елімізде қордаланып қалған саяси өмірдегі көптеген мәселелер жарыққа шығып, демократия ұғымдары қанатын жая бастады. Горбачев өкімет басына келгеннен кейін, бұрынғы экономикадағы және басқа да салалардағы артта қалушылықты жойып, Кеңес елінің экономикасын көтеру мақсатын қойды.

Сонымен бірге 1988-1991 жылдары КСРО-ның сыртқы саясаты түбірінен өзгеріске ұшырады. Жаңаша саяси ойлаудың нәтижесінде алғаш рет Америкамен соғыс қару-жарақтарын жасаудан жарысу тоқтатылып, әлемдегі соғыс қаупін болдырмау шаралары іске асырылды. Алыс және орта қашықтыққа ататын ракеталарды жоюға келісті. 1988 жылдан бастап Кеңес әскерлері Ауғанстаннан шығарыла бастады.

Қайта құру жылдарындағы Қазақстандағы елеулі оқиғаның бірі Алматыдағы 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі болды. Халықтың, әсіресе жастардың көтерілуіне 1964 жылдан 1986 жылға дейін үздіксіз басқарған Дінмұхамед Қонаевтың зейнетті демалысқа шығып, оның орнына Қазақстанға белгісіз Ресейдің Ульяновск облысын басқарған Колбинді тағайындалуы түрткі болды. Сол кездегі әміршіл-әкімшіл жүйе қазақ халқының мүддесін ескермеді, онымен санаспады. 17 желтоқсан күні жастар алаңға қолдарына плакаттар алып, бейбіт демонстрацияға шықты. Ол плакаттарда «Лениндік ұлт саясаты жасасын!»,  «Әр халықтың өз ұлттық көсемі болуы керек», «Ешқашандай ұлтқа артықшылық берілмесін» деген сияқты ұрандар жазылған еді. Ешкіммен ақылдаспай командалық әдіспен шешуді үйренген сол кездегі империялық жүйе демонстрацияны күштеп қуып таратты. Демонстрацияларға қатысушылардың саны американдық Хельсинки тобының деректері бойынша 30-мыңға жеткен. Демонстрацияны қуып тарату үшін 50 мың әскери адамдар, 20 мың милиционерлер, 16 мың жасақшылар жұмылдырылды. Колбин бастаған топ өздерінің арсыз қылықтарын жабу үшін демонстрацияға қатысқандарға «балалар бақшасын қиратты», «балалар әлемін талқандады» деген жалған ақпарат таратып, жала жапты.

Желтоқсан көтерілісін зерттеу үшін М. Шаханов бастаған Қазақ КСР жоғарғы Кеңесі комиссиясы құрылды. Бұл комиссиясының анықтағанындай ішкі істер министрлігі – 2236, мемлекеттік қауіпсіздік комитеті - 2212, прокуратура-2401 адам ұстаған. Жалпы 8500 адам ұсталған. 99 адам әр түрлі мерзімге сотталған. Ек адам Рысқұлбеков пен Әбдіқұлов ату жазасына кесілді. Артынан кешірім жарияланып Рысқұлбековтың жазасы 20 жылға, Әбдіқұловтың жазасы  15 жылға ауыстырылды. Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Спатаев сынды жастар Желтоқсан көтерілісі салдарынан қаза тапты.

Желтоқсан көтерілісі күшпен басылғаннан кейін қазақ жастарын қуғындау басталды. 264 адам жоғарғы оқу орнынан шығарылды. Жоғарғы оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды. Жалпы 90 мыңға жуық қазақ жастары басқа аймақтарға кетуге мәжбір болды.

1986 жылғы СОКП орталық  комитетінің 25 желтоқсандағы мәжілісінде  қазақ жастарының демократиялық  бой көрсетуі «қазақ ұлтшылығының  көрінісі» деп бағаланды. Тек үш жылдан кейін ғана 1989 жылы Қазақстан жоғарғы Кеңесі бұл бағаны айыптап, қазақ жастарының қозғалысын демократиялық қозғалыс деп әділ бағасын берді.

Қазақстанның тәуелсіздігінің жариялануы.

Қазақстанның тәуелсіздік алуы және тәуелсіздік туралы заң.  1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады. Сөйтіп, Қазақстан 260 жылға созылған отарлық бұғаудан құтылып, өз алдына дербес мемлекет құруға мүмкіндік алды. Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін, әлемдік нормалары қатаң сақтай отырып, әлемдік қауымдастықпен байланысқа көшті. Қазақстан 1992 жылы 2 наурызда Біріккен ұлттар ұйымына мүше болып қабылданды. Қазіргі уақытта Қазақстан дүние жүзінің ірілі-кішілі мемлекеттерімен тең дәрежеде байланыс жасауда. Қазақстанды әлемнің 140-қа жуық елдері ресми таныды. Қазақстан 50-ге жуық мемлекеттерде өз елшіліктерін ашты. Қазақстан дүние жүзінде территориясы жағынан 9-шы, адам саны жағынан 50-ші орын алады. Бүгінде тәуелсіз Қазақстанда 130 ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрады. Соның ішіндегі негізгі қазақ халқы 1997 жылы демограф, ғалым Мақаш Тәтімовтың есептеуі бойынша, 8 млн.-ға жетіп, Республика халқының жартысынан астамын құрап отыр. Дүние жүзі бойынша қазақтардың саны 12 млн.-ға жетті.

Тәуелсіз мемлекеттер достастығының құру (ТМД).

1990 және 1991 жылдары еліміздегі  басты мәселелердің бірі жаңа  Одақтық келісімге қол қою  болды. Жаңа келісім шартқа 1991 жылы 20 тамызда қол қою көзделген  еді. 1991 жылы тамыздың 19-ы мен 21-і  арасында Кеңестер Одағында әскери  төңкеріс әрекеті жасалды. Төңкерісті ұйымдастырушылар Г. Янаев, О. Бакланов, В. Павлов елде төтенше комитет құрды. Олар ел Президенті М. С. Горбачевті үш тәулік бойы Форостағы демалыс үйінде қамауда ұстап, өз еркімен Президенттік өкілдігінен бас тартуды талап еткен. Сонымен бір мезгілде, 19-20 күндері әскери бөлімдер күшімен Россия жоғарғы Кеңесінің үйін басып алуға бірнеше рет әрекет жасады. Ельцин бастаған Россия басшыларын халық қолдады. Соның нәтижесінде төңкерісшілер Ақ үйді басып ала алмады.

Информация о работе Ғылым ретіндегі Қазақстан тарихының мақсат, міндеттері және оны зерттеудің өзектілігі