Ғылым ретіндегі Қазақстан тарихының мақсат, міндеттері және оны зерттеудің өзектілігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2015 в 20:06, реферат

Краткое описание

Республикамыз тәуелсіздік алғаннан кейін ата тарихымыз бен мәдени құндылықтарымызды ыждағаттылықпен қайта зерттеуге кірістік. Азаттықпен келген шығармашылық бостандық тарих ғылымында да түбейгелі өзгерістерге жол ашты. Жоғары оқу орындарында Қазақстан тарихы пәнін оқытуға ерекше мән беріле бастады. Өйткені, тарих - ғылым мен пән ретінде аса маңызды білім саласына жатады. Бүгінгі жас ұрпақ өз елінің, жерінің, ата-бабаларының тарихын біліп, оның жақсысынан үйреніп, жаманынан жиреніп қорытынды жасауы тиіс.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дәрістер курсы(1).doc

— 662.00 Кб (Скачать документ)

Бұл күндері Қазақстанда жағдай бір қалыпты болды. 20 тамызда Н.Назарбаев арнайы мәлімдеме жасап, төтенше комитетінің іс-әрекеттерінің ешқандай заңға, Конституцияға сәйкес келмейтінін ашық айтты. Осы оқиғадан кейін Одақтық шартқа басқаша көзқарас туды. Бұл оқиға Одақтың ыдырауын шапшаңдатты. 1991 жылы 8 желтоқсанда Белоруссияда Россия, Белоруссия, Украина басшылары тәуелсіз мемлекеттер достастығын құру туралы келісімге қол қойды. Сонымен бірге 1991 жылы 21 желтоқсанда Алматыда тоғыз мемлекеттен тұратын тәуелсіз мемлекеттер достастығы құрылды. Алматы кездесуінде КСРО-ның ыдырап, ТМД-ның құрылғаны туралы Декларация қабылданды.

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін «Тәуелсіздік туралы заңын» жариялады. Оның негізгі тұжырымдарын қысқартып айтатын болсақ, 1 бабында былай дейді: Қазақстан Республикасы тәуелсіз, демократиялық және құқтық мемлекет. Ол өз территориясында үкімет билігін толық иеленеді, өзінің ішкі және сыртқы саясатын дербес белгілеп жүргізеді.

2-ші баб. Қазақстан Республикасы  барлық мемлекеттерімен өзара  қатынас халықаралық құқ принциптері бойынша құрады.

3-ші баб. Қазақстан Республикасының  бүкіл территориясында Қазақстан  Республикасының Конституциясы  мен заңдары, сондай-ақ ол таныған  халықаралық құқ нормалары қолданылады.

4-ші баб. Қазақстан Республикасының  территориясы қазіргі шекараларында бітұтас, бөлінбейтін және қол сұғуға болмайтын территория болып табылды.

5-ші баб. Жер және оның  қойнауы, су, әуе кеңістігі, өсімдіктер  мен жануарлар дүниесі, басқа  да табиғи ресурстар, экономикалық  және ғылыми техникалық потенциал  Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің негізін құрай отырып, тек қана соның меншігінде болады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы.

Қазіргі уақыттағы Қазақстандағы саяси реформалар. Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін саяси саладғы мақсаттар мынадай басты міндеттерге жұмылдырылды. Күшті Президенттік басқару бағытындағы мемлекеттің дамуы, көппартиялық жүйені құру; тұрақты экономикалық реформаны қамтамсыз ету; көп бағытты әскери-саяси және экономикалық одақтармен келісімдерге келу, демократиялық құқықтар мен адам бостандығын сақтай отырып, Қазақстанның әлемдігі саяси салмағын көтеру, әлемдік қатынаста Қазақстанның геосаяси жағдайын пайдалану болды.

Мемлекеттік елтаңбалардың заңды түрде қалыптастыру жұмыстары басталды. Осындай жұмыстардың нәтижесінде Жоғарғы Кеңес суретші Шәкен Ниязбеков жасаған мемлекеттік елтаңбаны, архитекторлар Жандарбек Малибеков пен Шота Уалиханов жасаған мемлекеттік елтаңбаларға жоғарғы баға берді. Ән ұранның авторлары Мұзафар Әлімбаев, Қадір Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және Жадыра Дәрібаева болды. 1992 жылы 4 маусымда жоғарғы Кеңес жаңа мемлекеттік рәміздерді бекітті. Осы жылдардағы саяси өмірдегі басты міндеттердің бірі еліміздің жаңа Конституциясын  қабылдау болды. Конституция халықтың талқылауына ұсынылды. Жоғарғы Кеңесте және халық арасында: экономикалық мәселелер, жерге жеке меншік. Қазақстанның әкімшілік-территориялық құрылымы, мемлекеттік тіл төңірегіндегі пікірлер қызу талқыланды.

1993 жылы 28 қаңтарда Жоғарғы  Кеңес тәуелсіз Қазақстан Республикасының  жаңа Конституциясын қабылдады. Бұл бірінші Конституциямыз, елімізде демократияны дамытуда, құқықтық мемлекеттің заңдық базарларын қалыптастыруда, Қазақстанның әлемдік қауымдастықпен байланысын дамытуда үлкен роль атқарды.

Сонымен бірге бұл Конституциядағы көптеген әлеуметтік жеңілдіктер, экономикадағы нарықтың заңдарымен сәйкес келмеді. Сондай-ақ еліміздегі Президент билігін күшейту және заң шығару саласын жетілдіру қажеттігі де туындады.

Соған орай 1995 жылы шілде айының басында бүкіл халықтық талқылауға жаңа Конституцияның жобасы ұсынылды. Бүкіл халықтық талқылаудан кейін 1995 жылы 30 тамызда жаңа Конституциясының жобасы бойынша Республикалық референдум болды. Бүкіл халықтық референдумда дауыс берген халықтың 89% жаңа Конституцияны қабылдауға дауыс берді. 30 тамыз мемлекеттік мереке, Конституция күні деп жарияланды. Бұл жаңа Конституцияның мынадай негізгі баптары бойынша өзгешеліктер бар. Президенттік басқаруға байланысты, заң шығарушы парламентке байланысты, жерге байланысты, халыққа білім беруге байланысты, денсаулық сақтауға байланысты және тілге байланысты.

1995 жылы 29 сәуірде Президенттің  өкілеттілігін 2000 жылға дейін ұзарту  туралы бүкіл халықтық референдум  болды. Референдумға қатысқан халықтың 95% Президенттің өкілеттілігін ұзартуға  дауыс берді.

Экономикалық даму. Қазақстан  Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін әлеуметтік-экономикалық байланыстардың үзілуіне байланысты жұмыс істеп отырған кәсіпорындар бірінен соң бірі тоқтап жатты,  соған орай, жұмыссыздық көбейіп кетті, тұрмысқа қажетті тауарлардың жаппай тапшылығы үдей түсті. Асқынған инфляция шарықтап кетті. Мәселен 1991-1993 жылдар аралығында еліміздегі инфляция деңгейі 2.200 пайызға дейін өскен. 

Қазақстан ТМД-ның басқа елдері сияқты, нарықтық экономика жолына 1992 жылдың қаңтар айынан аяқ басты. Алғашқы кезде елімізде өзара байланысып жатқан екі міндетті шешу қажет болды:

-  экономиканы тұрақтандыру  және дағдарыстан шығару;

-  нарықтық қатынастарды  құру және дамыту.

Еліміздің алғашқы кездегі әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясы Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың 1992 жылы жарияланған «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» және 1993 жылы көрген «Қоғамның идеялық бірігуі - Қазақстанның дамуының кепіл» деген еңбектерінде жарияланды. Олар:

  • реформаларды ойдағыдай жүзеге асырудың сөзсіз саяси шарты ретінде тұрақтылық пен ұлтаралық татулықты қамтамсыз етуі;
  • меншіктің мемлекеттік және мемлекетті емес нысандарын қамтитын әлеуметтік рыноктың шартты және практикалық базасын жасау;
  • өзінің барлық азаматтарының жеткілікті әл-әуқат дәрежесін қамтамасыз ететін қоғам құру;
  • адамның еркіндігі мен құқтарын сақтау, дүниежүзілік экономикада бекем шептерге ие болу негізінде Қазақстанның дүние жүзілік қауымдастықтағы лайықты беделін қалыптастыру;
  • демократиялық өзгерістерді тереңдету, саясатта алуан пікірлікті қамтамасыз ету;
  • Қазақстанның дамуы үшін шетел инвестициясын тарту және пайдалану;
  • Ұлттық валютаны енгізу және оның ішкі, сыртқы еркін айналымын қамтамасыз ету.

Сонымен елімізде жүргізілген экономикалық реформаның алғашқы кезеңі. 1992-1993 жылдардың аралығы болып табылады. Бұл кезең экономиканы түбегейлі қайта құрудан, яғни жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшуден басталып, ұлттық валютамызды енгізгенге дейін аралықты қамтиды. Нарықтық экономиканың заңдық базасы құрылды. Сыртқы экономикалық қатынас, оның ішінде шетел капиталын тарту, банкі саласын қалыптастыру шаралары жүргізілді.

Экономикалық реформаның екінші кезеңі 1993 жылы қараша айында ұлттық валютамызды енгізуден және өзіміздің макроэкономикалық саясатымызды қалыптастырудан басталды. Ұлттық теңгеміздің енгізілуі еліміздің экономикалық және саяси өміріндегі үлкен маңызды оқиға болды.

Еліміз 1992 жылдан бастап нарықтық қатынасқа көшкеннен кейін мемлекеттік нысандар жаппай жекешелендірілді. Өйткені, жекешеледіру экономикалық реформалар саясатының басты бағыттарының бірі болды. Содан бергі аралықта республика бойынша жеке кәсіпорындардың үлес салмағы 80 пайыз, соның ішінде өнеркәсіпте – 86, ауыл шаруашылығында – 95, құрылыста – 84, көлікте – 96 пайыз.

Ұлттық өнім өндірісінің ортақ көлеміндегі жеке сектордың үлесі 50 пайыз, оның ішінде өнеркәсіпте – 40, ауыл шаруашылығында - 90  пайызға жуық, құрылыста – 60, саудада – 85 пайыз болып отыр. Сөйтіп, ел экономикасында жеке сектор басым болып отыр. Сөйтіп, ел экономикасында жеке сектор басым болып отыр. Қазіргі уақытта «Жеке меншік кәсіпорындарда 4,7 млн. адам жұмыс істейді, бұл экономикада жалпы еңбекпен қамтылғандардың 77 пайызын құрайды. Елімізде миллионға жуық азамат еңбек ететін 400 мыңдай шағын және орта бизнес нысандары жұмыс істейді.

Республикамыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы, негізінен алғанда шикізат кешенінің даму бағытын тікелей байланысты болып отыр. Олай дейтініміз Қазақстан әлеміндегі шикізат қоры бай елдердің қатарына жатады және экономикасы шикізат өндіруге бағытталған. Қазақстан фольфрам, ванадий, уран және барий қоры жөнінде бірінші орын алса, әлемдік мыс қорының 10 пайызын, қорғасынның – 19, мырыштың – 13, темірдің – 10, көмірдің – 9, марганецтің – 25, хромий кендерінің – 30 пайызын иеленіп отыр.

Тәуелсіз Қазақстан Республикасы экономикалық дамуда көптеген қиыншылықтарды басынан кешіре отырып, ілгері дамып келеді. Жетістіктері баршылық. Мәселен, 2000 жылы ішкі жалпы өкімінің өсімі 9,6% болды. Өндіріс көлемі – 14,6%, жүк тасымалдау – 13,3%, сыртқы тауар айналымы – 56,7% өсті. 2000 жылы елдің экономикалық өсімі 10%-ға жуық көтерілді. 2001 жылы бұл көрсеткіш 12%-ға артты. Соның нәтижесінде әлеуметтік сала бойынша жалақы мен зейнетақы деңгейін көтеріп, ТМД елдері арасында алдыңғы қатарға шығуға мүмкіндік туды.

Қазақстанның ішкі экономикасын көтеру арқылы инвестициялық ахуалын жақсартуға негіз қаланды. Он жылдың ішінде еліміздің экономикасына 18,5 млрд. доллар көлемінде тікелей шетелдік инвестиция құйылды.

Қоғамдық – саяси даму.

Қазақстандағы көп партиялық жүйенің қалыптасуы. Еліміздегі демократиялық процестердің жандануына байланысты 80-жылдардың аяғы 90-жылдардың бас кезінде Республикамызда түрлі бағыттағы қозғалыстар мен партиялар құрылды. Олар: экологиялық бағыттағы «Невада-Семей» қозғалысы, Балқаш пен Арал проблемалары жөніндегі комитет, Азат қозғалысы, белгілі бір ұлттың немесе ұлттық топтардың мүддесін көздейтін «Единство», «Алаш», «Желтоқсан», Қазақстан социал-демократиялық, Халық конгрессі тәрізді партиялар еді. 90 жылдардағы құрылған саяси қозғалыстардың бірі «Азат» қозғалысы еді. Халқымыздың тәуелсіздік алуы жолындағы қажырлы еңбек еткен саяси қозғалыстардың бірі «Азат» ұйымы болғандықтан оның жарғысына тоқтала кетейік.

  1. Қазақстанның «Азат» республикалық қозғалысы еріктілік негізде Қазақстан азаматтарының басын қосатын саяси ұйымы. «Азат» Қазақстан жерінде гуманистық, әлеуметтік мұраттар мен ұлттық әділеттілікті мақсат ететін иманжүзді қазіргі дәуірге сай ұлттық демократиялық тәуелсіз мемлекет орнату жолында күреседі.
  2. Қазақстанның толық саяси және экономикалық тәуелсіздігіне жету, ел басқаруда «Халық үкіметі» принципін қатаң сақтау, ұлттың өзін-өзі билеу саясатын іс жүзіне асыру, олардың саяси-әлеуметтік қамқоршысы болу «Азат» қозғалысының басты мақсаты.

Осы құрылған партиялармен қозғалыстардың ішінде ұлтаралық тыныштықты бұзып, келеңсіз қылықтарымен көрінгендері де болмай қалған жоқ. Мәселен, «Единство» партиясының қабылданған құжаттарында, партия халықтың барлық топтарын біріктіреді, ұлтына қарап бөлінуге жол бермейді, қозғалыс ұлтшылдықтың, шовинизмнің, ұлтына қарай артықшылық жасаудың кез келген көріністеріне қарсы күреседі делінген. Ал іс жүзінде олар Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліне қарсы күресуде. Тек славян халықтарының мүддесін көтеруде.

1994 жылға дейін Қазақстанда  арнайы әділет министрлігінің тіркеуінен өткен мынандай партиялар мен қозғалыстар болды.

Партиялар:

  1. Қазақстан социалистік партиясы.
  2. Қазақстан Республикалық партиясы.
  3. Қазақстан Халық Конгресі партиясы.
  4. Қазақстан коммунистік партиясы.
  5. Қазақстанның халықтық-кооперативтік партиясы.

Қозғалыстар:

  1. «Невада-Семей»
  2. «Азат»
  3. «Қазақстан жұмысшы қозғалысы»
  4. «Лад» республикалық славян қозғалысы.

1995 жылдан бастап елімізде  жаңадан құрылған саяси партиялар  пайда болды. 1995 жылы қаңтар айында  Қазақстанның «Өрлеу» партиясы  құрылды. Партия еліміздің әлеуметтік қорғансыз бөлігі: әйелдер, мүгедектер, зиялы еңбек қызметкерлерінің мүддесін қорғайды делінген. 1995 жылдың бас кезінде Қазақстанның аграрлық партиясы құрылды. Оның басты мақсаты ауыл шаруашылығы саласы халқының әлеуметтік-экономикалық және саяси мүддесін қорғау болды.

Сонымен бірге 1999 жылы елімізде «Отан», Азаматтық партия сияқты жаңа партиялар да пайда болып, саяси процесстерге белсене араласуда. Бұлардың қатарын 2002 жылы наурыз айында құрылған «Ақ жол», 2003 жылы желтоқсан айында құрылған «Асар» партиялары толықтыра түсті. Сонымен, Тәуелсіздік алғаннан бергі саяси процестерді қортындылайтын болсақ, ол бірнеше кезеңдерден тұрады.

Бірінші кезең (1991-1993 жж.) бұрынғы саяси жүйені өзгертіп, жаңа саяси жүйені қалыптастыруға бағыт алынды. Бір партияның билігі жойылып, көппартиялық жүйе енгізілді. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары кеңейтілді. Елімізді парламенттік-президенттік басқару формасы қалыптасты.

Екінші кезең (1994-1995 жж.) саяси жүйедегі еліміздің саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени, психологиялық, геосаяси, ұлттық ерекшеліктерін қарастыру процессі жүргізілді. Алғаш рет еліміздегі Жоғарғы Кеңеске баламалы түрде сайлау өткізіліп, жергілікті жерлердегі өкілетті билік өкілдері қалыптасты.

Үшінші кезеңде (1996-1998 жж.) 1995 жылы референдумда қабылданған Конституция, Президенттік басқару формасына өтуде заңдық тұрғыдан бекітіп, алдағы уақыттағы саяси жүйенің даму бағытын айқындап берді. Елімізде екі палаталы кәсіпқой Парламент және басқа да саяси жүйе институттары құрылды.

Төртінші жаңа кезең 1998 жылдың қыркүйегіне бастау алады. Бұл кезең Президенттің Қазақстан халқына арналған жолдауын жария етуден және 1998 жылы күзде еліміздің Конституциясына және басқа заңдық актілеріне өзгеріс енгізуден, Парламенттің құқықтарын кеңейтуден басталды. Сайлау жүйесіне реформа да жүргізілді.

Рухани даму.

Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін қоғам өмірінің өзекті салаларының бірі ретінде мәдениет құрылысы саласына айрықша назар аударыла бастады. Өйткені, еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, бұрын қағажу көрген тілімізді, өнерімізді, ұмыт бола бастаған салт-дәстүрімізді, жалпы мәдениетіміздің даму деңгейі көтеріп, қолдау аясын кеңейтуге мүмкіндік туды.

Мемлекетіміздегі мәдени құрылысының үлкен бір бөлігі – білім саласы. Сондықтан-да, тәуелсіздік жылдары қазақ балабақшалары мен қазақ мектептерін ашу жолында көптеген жұмыстар атқарылды. Мәселен, 1989 жылмен 1993 жыл аралығында 4 жылда қазақ мектептерінің саны 839-ға көбейген.

Информация о работе Ғылым ретіндегі Қазақстан тарихының мақсат, міндеттері және оны зерттеудің өзектілігі