Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2015 в 20:06, реферат
Республикамыз тәуелсіздік алғаннан кейін ата тарихымыз бен мәдени құндылықтарымызды ыждағаттылықпен қайта зерттеуге кірістік. Азаттықпен келген шығармашылық бостандық тарих ғылымында да түбейгелі өзгерістерге жол ашты. Жоғары оқу орындарында Қазақстан тарихы пәнін оқытуға ерекше мән беріле бастады. Өйткені, тарих - ғылым мен пән ретінде аса маңызды білім саласына жатады. Бүгінгі жас ұрпақ өз елінің, жерінің, ата-бабаларының тарихын біліп, оның жақсысынан үйреніп, жаманынан жиреніп қорытынды жасауы тиіс.
Әбілқайыр Дешті Қыпшақтағы өз жақтастарының қыруар күшіне, далаға жиырма жыл бойы үстемдігін жүргізген өз қуатына сүйенгендіктен де Сырдария қалаларын тез басып алды. Бұл жағдай өзара ағайындас Шайбани ұлысы мен Орда ұлысы тайпаларының арасындағы қырғи қабақ қатынастарды бұрынғыдан бетер шиеленістіре түсті. Өйткені Әбілқайырдың қалалар мен оның төңірегіндегі алқаптарды алуы Жәнібек пен Керейдің және оған тәуелді, Сырдария бойы мен Қаратау өңірінде көшіп-қонып жүрген қазақтардың мүдделеріне қайшы келді. Бұл олардың арасындағы күрестің қайта жанданып, қазақ сұлтандары мен оларға қарасты рулар мен тайпалардың көшіп кетуіне әкеліп соқтырған аса маңызды себеп болды. 1456-1457 жылдары Сығанақ түбінде қалмақтардан күйрей жеңілген Әбілқайыр Түркістанның талан-таражыға түскенқалаларын тастап шығып, Дешті-Қыпшаққа кетуге мәжбүр болды. Жеңілудің басты себебі оның мемлекетінің ішкі әлсіздігінде жатыр еді. Шыңғыс әулеті арасындағы толассыз қырқыстар мен алауыздықтар, рулар мен тайпалардың көшпелі ақсүйектерінің оқшаулыққа ұмтылуы, феодалдық жоғары топтар мен қатардағы көшпелі және жартылай көшпелі бұқара арасындағы қайшылықтардың шиеленісуі, ішкі және сыртқы соғыстар мемлекеттің шаңырағын шайқалтып, күйреу дәрежесіне жеткізген еді. 1468 жылы Жетісу жорығы кезінде Әбілқайыр қаза тапты. Қазақ хандығының құрылып, нығаюына байланысты Шайбани әулетінің Шығыс Дешті Қыпшақтағы билігі тоқтады.
Ноғай ордасы. Алтын Орда ыдырап, Ақ Орданың әлсіреуі нәтижесінде Қазақстанда бой кетерген мемлекеттік құрылымдардың бірі - Ноғай Ордасы еді. Ноғай Ордасы XIII ғ. екінші жартысында бөлектене бастады. Бұл процесс XIV ғ. әмір Едіге тұсында жалғасып, оның баласы Нұраддиннің (1426-1440) кезінде аяқталды. Ноғай Ордасы Еділ мен Жайықтың арасындағы созылып жатқан жалпақ дала мен құмды, таулы жерлерді мекендеді. Орталығы Еділдің төменгі бойында немесе Сарайшық (Жайық) ауданында болатын. Шығысында ноғайлар Жайықтың сол жағалауы бойында көшіп жүрді, олардың көшіп жүретін жерлері солтүстік-шығысында Батыс-Сібір ойпатына дейін, солтүстік-батысында Қазанға дейін, оңтүстік-батысында Арал теңізі мен Каспий өңірінің солтүстігіне дейін жететін, ал кейде олар Маңғыстау мен Хорезмге барып жүретін.
Ноғай Ордасы негізінен Жайық пен Еділ арасын жайлаған негізгі тайпа манғыттардан тұрды, сол себепті де бұл ұлыс "Маңғыт жұрты" деп атанды. "Ноғай", "ноғайлықтар", "Ноғай Ордасы" деген терминдер әдебиетте алғашқы рет тек XVI ғ. басында ғана пайда болды. Сонымен қатар Ноғай Ордасының құрамына қоңырат, найман, арғын, қаңлы, алшын, қыпшақ, кенгерес, қарлұқ, алаша, тама және басқа ру тайпалар кірді.
XIV ғ. аяғында саяси аренаға
шығып, Ноғай Ордасының негізін
қалаған Едіге 1396-1411 жылдар аралығында
Алтын Ордада бүкіл билікті
өз қолынан шығармай, оны өзі
тағайындаған хандар арқылы
Едіге түрік тектес халықтардың тарихи зердесінде өшпес із қалдырды. "Ел қамын жеген Едіге" деп ардақтаған халық оның тұлғасын: "Артынан келіп қарасам, қаhардан пайда болғандай, алдынан келіп қарасам, лапылдан пайда болғандай,"- деп сүйсіне жырға қосты. Ол 1399 жылы Литва-Польша әскері мен Тевтон ордені рыцарьларының біріккен жасақтарына күйрете соққы берді. 1408 ж. Едіге орыс әскерлерін талқандап, Мәскеуге дейінгі жерлерді жеңісті жорықпен жүріп өтті. Оның есімі тарихи шежіре жылнамалардың бәрінде де үлкен құрметпен аталды.
Ноғай Ордасында бүкіл саяси билік пен экономикалық өмір шын мәнінде Едіге ұрпағы маңғыт әмірлерінің қолында болды және оны рудағы жасы үлкендігіне қарай мұраға қалдырып отырды. Алтын Ордадан бөлектенген бірқатар иеліктердің аумақтарында Шыңғыс ұрпақтарынан қайсыбір адамды хан көтеру Едіге ұрпақтарының келісімінсіз жарамсыз деп танылатын дәстүр болған. Шығыс Деті Қыпшақтың саяси өмірінде XV ғасырда Едігенің ұрпақтары Уақас би, Мұса мырза, Жаңбыршы және басқалар зор рөл атқарды.
Ноғай Ордасы мен Қазақ хандығы халықтарының жақын туыстығы туралы Ш.Ш. Уәлиханов айтқан болатын. Ол алғашқы қазақ ханы Жәнібек тұсында достық қатынаста өмір сүрген ноғайлар мен қазақтарды "екі туысқан Орда" деп атаған. Мұндай қатынастар кейін де, меселен, деректермелерде "қазақтар мен ноғайлардың ханы" аталатын Хақназар хан тұсында XVI ғ. ортасында да сақталды.
XVI ғ. Ноғай Ордасының Орыс мемлекетімен сауда-экономикалық және саяси байланыстар бірте-бірте қалыптаса бастады. XVI ғ. екінші жартысында Казан және Астрахан хандықтары Ресейге қосылғаннан кейін Ноғай ордасы бірнеше дербес иеліктерге ыдырап кетті, оның ыдырау процесінде халықтың бір бөлігі Кіші жүз құрамына енді. Солтүстік-шығыста тұратын ноғай рулары Сібір иеліктеріне қарап кетті.
9-10 дәріс. Қазақ
территориясындағы этникалық
Қазақ халқының қалыптасуы. Ғылыми әдебиетте этнос (яғни халық-тайпа, жұрт, ұлт) ұғымы жалпыға ортақ сыртқы кескін-кейпі ғана емес, едәуір тұрақтанған ерекше мәдениеті (тілін қоса) мен мінез-құлқы бар, сол сияқты өзінің біріңғай екенін және басқа этникалық топтардан бөлектігін түсінетін сана-сезімі бар, оның бұл қасиеті өз атымен (этноним, мысалы "қазақ") бекітілген, адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты бір тұтастығын білдіреді. Этностың құралуын және оның тұтастығын бұдан былай да сақтап қала беруі үшін ол жайлаған территорияның біріңғай тұтастығы және қажет. Адамдарды өзге этностардан бөліп ерекше етіп керсететін жалпыға ортақ кескін-кейпі пайда болуы үшін олар ұзақ уақыт бойы бір-бірімен ұдайы аралас-құралас тұруға тиіс, ал мұндай жағдай олар тек біріңғай тұрақты бір территория шебінде қоныстанғанда ғана болуы мүмкін, бұл әсіресе этностың құрылуы, бас қосып бірігуі кезеңінде өте-мөте қажет болады.
XV-XVI ғғ. қазақ халқы мен
оның этникалық аумығының
Қазақ халқының құрылуына себеп болған этникалық процесстердің бастау көзі мүлде ежелгі уақыттан - алғашқы қауым қоғамының ыдырау дәуірінен барып шығады да өз дамуында оның бірнеше кезеңі айрықша көзге түседі. Антропологиялық мәліметтерге қарасақ этникалық даму барысында ұзақ замандар бойына халықтың еуропатекті түрі тұрақтанып сақталып қалады да , кейінірек жүре келе азды көпті моңғолтекті түрге қарай өзгере бастайды. Тілдік хал-ахуал да өзгермей тұрмайды, ежелгі тайпалардың иран тілі бірте-бірте сатылап, осынау территорияның кейінгі қоныстанушыларының тілі түрік тіліне орын береді. Қола дәуірінде мал өсірумен, егіншілікпен шұғылданған, бет-бейнесі еуропатектес болып келетін андроновтық үнді-иран тайпаларының орнын ерте темір кезеңінде оңтүстік пен шығыс облыстарда - скифтерге туыс, көшпелі малшаруашылықты сақ тайпалары, солтүстік пен батыс облыстарда -савромат тайпалары басады.
Қазақстандағы және күллі Евразия территориясының далалық аймақтарындағы этникалық процесстің шешуші кезені б.з. 1-мың жылдығының орта кезінде Солтүстік Моңғолиядан Амударияға дейін - Жетісуды қосқанда - оңтүстік және оңтүстік-батысқа қарай созылып жатқан орасан зор территорияға біртіндеп түрік тайпалары тарап, мекендей бастады.
VI ғ. көне түрік мемлекеті - Түрік қағанатының, содан кейін Батыс Түрік қағанатының ұйымдасуы түрік тілді тайпалардың батыс жеріне тасқындап келуіне, сөйтіп Қазақстанның жергілікті халқын түріктендіруге, антропологиялық түрдің бірте-бірте моңғолдануына, түрік тайпаларының белгілі бір территорияда тұрақтап қалуына себепші болды, Бірқатар түрік мемлекеттері пайда болған дәуірде Қазақстан жеріндегі этникалық процесстерде бірігу әрекеті күшейе түседі. Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы Түркеш қағанаты VII- VIII ғғ. Шу мен Іле арасындағы аумақты территорияның тайпаларын біріктірді. Жетісу жеріне Батыс-Алтай мен Тарбағатай арасында жатқан облыстан ауып келген қарлық тайпалары федерациясына (ҮІІІ-Х ғғ.) қарлықтың өздерімен бірге, «қарлық» атымен тізе қосқан түріктілді тайпалар енеді.
ІХ-ХІ ғғ. Оғыздар мемлекеті Оңтүстік Қазақстан территориясында Сырдария алқабы мен Арал-Каспий алқабының тайпалары мен этникалық топтарын сол сияқты Жетісудан жылжып барған көшпелі түрік тайпалары мен этникалық топтарының басын біріктірген еді.
Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық аудандарында VIII-XI ғғ. өздерінің ерте феодалдық мемлекетін құған Қимақ саяси бірлестігінің құрамына көшпелі және жартылай көшпелі түрік тайпалары кіреді. Ең ірі тайпаларының бірі - қыпшақтар Қимақ мемлекетінің мұрагері болып қалады.
Қазақстаннын оңтүстік және оңтүстік шығысындағы халықтар мен тайпалардың өзара шауашылық және мәдени әрекеттестігі мен этникалық-саяси жағынан біріге түсуіне Х-ХШ ғғ. Орта Азия мен Шығыс Түркістанда, Оңтүстік және Оңтүстік-шығыс Қазақстанның орасан зор аумағын алып жатқан Қарахандар әулеті мемлекетінің құрамында ұзақ уақыт болуы себебін тигізеді.
Қыпшақ тайпаларының мемлекеттік бірлестігі (ХІ-ХП ғғ.) Ертістен Орал мен Еділге дейін, тіпті одан әрі Батысқа қарай ұшы-қиыры жоқ кең территорияда жайылып жатқан түрік тайпаларының этникалық-саяси және шаруашылық-мәдени байланыстарына қолайлы жағдай туғызады.
XIII ғ. бас кезінде Шығыс
және Оңтүстік Шығыс
Моңғол жаулаушылығы тұтас алғанда Қазақстан территориясындағы этникалық процесс барысына қатты ықпал жасады. Халықтың дені қырылып-жойылып, құлдыққа алынып, ел-жұрт шебінен алысқа жер аударылып жіберілді. Қазақстандағы түрік тайпаларының қалған бөлігі жаңа саяси құрылымдар арасына - Жошы, Шағатай, Үгедей ұлыстарының арасына бөлшектеніп кетеді, бірақ территорияларды шектеп белгілерде бұрыннан қалыптасқан этникалық шекара есепке алынады. Қазақстан территориясындағы халықтар құрылуының бұрынғы эволюциялық жолы кесіліп тасталады. Халықтың этникалық құрамы, оның этникалық-әлеуметтік ұйымдасу түрлері, өмір тіршілігінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы және басқалары қатты өзгереді. Дегенмен жүре келе моңғолдар қалың түрік арасына сіңіп, түріктеніп кетеді. Олардың тілі мен әдет-ғұрпын қабылдайды. Моңғол империясы құрылып, ұлыстар ұйымдасып біткеннен кейін тайпалар мен халықтардың бұрын осы жерді мекендегендері де, шығыстан келгендері де бар - бәр-бәрінің араласып тіл табысу, бірлесу процестері жеделдей түседі.
Біртіндеп шаруашылық өмірі де қалпына келеді. Қазақстанның түскей бетіндегі қаладар қайта жаңарып, бұрынғы отырықшы мәдениет зоналарындағы егіншілік ошақтары жаңғыра бастайды, тауар айналымы кеңейіп, әртүрлі облыстар халықтарының шаруашылық саласында қарым-қатынас орнығады, бұл әрине тайпалар мен тайпалар бірлестіктерінің, басқа да этникалық-саяси топтардың өзара байланысын, алыс-берісін қамтамасыз етеді. Бұл процестердің бәрі Ақ Орда, Әбілқайыр хандығы, Ноғай Ордасы мен Моғолстан мемлекеттерінің құрылып нығаюына байланысты болатын. Ақ Орданың, Әбілқайыр хандығы мен Ноғай Ордасы халықтарының этникалық құрамы бірдей еді. Оларда сол уақытттың жазба деректерінде жинақтауыш этно-саяси термин "өзбек" атымен белгілі болған түріктілді тайпалар мекендеді. Бұл тайпалардың көпшілігі қазақтың Орта және Кіші жүздерінің құрамынан белгілі. Оның басқа бөлігі ХҮ-ХҮІ ғасырлар шамасында Орта Азияға өздерімен бірге "өзбек" атын ала кетеді.
Моғолстан құрамына кірген Жетісуды орта ғасырлар деректерінен жинақтауыш этно-саяси термин "моғолдар" атымен белгілі болған тайпалардың негізгі бөлігі қазақтардын басқа бұтағы - Ұлы жүз құрамына кіреді. Моғолдардың енді бір бөлігі Шығыс Түркістанға барып, ұйғырлар қатарын толықтырады, ал үшінші бөлігі - тән-шән өңіріне өтіп, қырғыздарға сіңісіп кетеді. Халықтың, бұрын моңғол ұлыстарында болғаны сияқты, ұзақ уақыт ХІҮ-ХҮ ғғ. жеке мемлекеттер құрамында болғаны жоғарыда айтылған факторлар әсерін күшейте түседі, соның нәтижесінде Қазақстан жерінде үш жүз түрінде бірнеше этникалық бірлестік торабы пайда болады. Қазақ жүздерінің әрқайсысының көшіп-қонатын жолдары мен жерлері, ілгеріде аталған мемлекеттер территориясының негізгі бөлігімен сәйкес келетін жалпыға ортақ этникалық территориясы болады. Ұлы жүз Сырдариядан бастап Жетісу жерін түгел жайлайды. Орта жүз Орталық Қазақстан аудандары мен Солтүстік- Шығыс Қазақстанның бір бөлігін қоныс етеді. Сырдарияның төменгі жағы, Арал теңізінің жағалауы, Каспий ойпатының теріскей бөлігі Кіші жүздің мекені саналатын. ХҮ ғ. екінші жартысы мен XVI ғ. қазақ халқының негізгі этникалық территориясын мемлекет етіп біріктіру (Қазақ хандығын құру және территориясын кеңейту) халықтың да қалыптасу процесінің аяқталуын тездетті.
Қазақ хандығының Әбілқайыр хандығы мен Ақ Ордадан, сол сияқты Моғолстаннан бір айырмасы - оның аналардан гөрі кең, тиянақты этникалық негізгі қалыптасып біткен халқы болды. Моңғол жаулаушылығынан кейін тұңғыш рет Шығыс Дешті-Қыпшақтың Түркістан мен Жетісудың күллі түрік рулары мен тайпалары түгелге жуық бір мемлекетке біріктірілді.
ХҮ ғ. екінші жартысынан бастап, осы бір қалыптасқан халық көршілері арасында да сол заман оқиғаларын көрсететін жазба деректерде де "қазақ" атымен белгілі болды. Деректерде бұл термин әуелгі кезде әлеуметтік мәнінде қолданылып, «өз мемлекетінен, тайпасы мен руынан оқшауланып шығып, шытырман оқиғалар іздеуге мәжбүр болған адам". (В.В.Бартольд) мағынасында қолданылады. "Тарих-и Рашиди" мен өзге деректерде "қазақ" атауы Жәнібек пен Керей бастап Жетісуға көшіп кететін саяси топты білдіру үшін бастапқыда "өзбек-қазақ", сосын "қазақ" түрінде пайдаланылады. ХҮ ғ. "өзбек", "қазақ" терминдерінің этникалық мәні болмайды. Мысалы, Ибн Рузбихан XVI ғ. бас кезінде былай деп жазады: "Шыңғыс хан иеліктерінен шыққан, асыл текті үш тайпаны өзбектерге жатқызады. Қазір (олардың) біреуі - шайбанилер, ал оның мәртебелі ұлы ханы бірқатар ата-бабаларынан кейін солардың билеушісі болып келеді және болып отыр. Екінші тайпа - қазақтар, олар барша әлемге күш қайратымен, ержүрек батылдығымен әйгілі, үшінші тайпа - маңғыттар, олар патшалары астраханнан".