Г.Н. Потанин және қазақ зиялылары: саяси және рухани көзқарастарды тарихи талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Января 2014 в 08:00, автореферат

Краткое описание

Кіріспеде жұмысқа жалпы сипаттама беріліп, тақырыптың өзектілігі мен ғылыми жаңалығы көрсетіліп, мақсаты мен міндеттері, зерттеу нысаны анықталды, методологиялық негізі айқындалып, хронологиялық шеңбері, практикалық маңызы көрсетілді. Бірінші тарау «ХІХ Ғ. екінші жартысындағы – ХХ ғ. басындағы демократияшыл орыс және қазақ зиялыларының көзқарастарын зерттеудің методологиялық мәселелері» деп аталады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

потанин.doc

— 436.50 Кб (Скачать документ)

       Осы кезеңдегі қазақ зиялылары  алдында да қазақ даласын ашықтан- ашық отарлау саясатына білек түріп кіріскен империялық жүйемен пәрменді күрес жүргізу үшін ең алдымен бүкіл қазақ жұртының басын біріктіруді мақсат еткен әрекеттер жасап сонымен бірге орыс қоғамының ішінде ресіми билікке қарсы оппозицияда тұрған саяси күштердің қолдауына сүйену керек еді. Сан жағынан аз, әлеуметтік саяси күресте жинаған тәжрибесі мардымсыз ұлттық интеллигенция үшін бұл жеңіл желпі емес істерді көтеріп алып кету оңайға түспегені анық. Міне осы жерде орыстың алдыңғы қатарлы интеллигенциясынан алар үлгі көп еді. Ә. Бөкейхановтың сөзіне жүгінсек халық пен халықтарды жақындастыратын көпір демократиялық мәдениет және дәстүр. Белгілі ғалым Г.Н. Потаниннің өмір жолы және ұстанған бағыттарымен таныстыруды көздеген мақаласында қазаққа өнер білім басқа жұртпен бірге теңдікке жету үшін керек екенін айтып: « Қазақты автономия қылсақ Қараөткел- Алаштың ортасы, сонда университет салып қазақтың ұлын, қызын оқытсақ « Қозы  Көрпеш Баян сұлуды » шығарған, Шоқан, Абай, Ахмет, Міржақыпты тапқан қазақтың кім екенін Европа білер еді- ау дейтін Григорий Николаевич» деп жазған еді [31].

        Патшалық билік пен жаңа қалыптаса бастаған ұлт зиялылары арасындағы егес қазақ қоғамында Ресейдің демократиялық интеллигенциясынан үлгі алған ресми билікке қарсы тұрған саяси оппозицияның қалыптасуымен аяқталды. Сондай ақ ол ұлттық мемлекеттік дербестік және тәуелсіздік идеясын жаңа сапада қайта көтерді. 1917 жылдың соңына қарай өмірге келген Алашорда және Түркістан (Қоқан) автономиясының үкіметі ұлттық элитаның жігерлі еңбегінің нәтижесі ғана емес сонымен қатар болашақ тәуелсіздіктің тарихи тамыры болды деуге болады.

      ХХ ғ. басындағы қазақ зиялыларының ғылыми дүниетанымының қалыптасуында Г.Н. Потаниннің де елеулі үлесі болғанын атап кеткеніміз жөн. Г.Н. Потанин үшін жергілікті тұрғындар арасынан шыққан ғалымдардың өз мәдениетіне деген қызығушылығы жақсы таныс еді, ол «терең ойлай алатын адам өзін-өзі тануға ұмтылады, сол арқылы өз халқына деген этникалық тамырластығын ұғынып, өткен тарихына деген мақтанышы оянады» деп білген еді [23,46]. Қазақ зиялыларының көшбасшысы Ә. Бөкейханов Г.Н. Потанинге үлкен алғыспен, тамаша жүрек жылуымен қараған. Оның өмірбаянын жаза отырып, оған ғалым ретінде терең толғаныспен, шынайы сезіммен сыйпаттама берген. Империялық идеялогияның қылышынан қан тамып тұрған кезінде, тіпті ғылымның өзіне үстемдік еткен тұсында, саясаттан аулақ нағыз адамгершілік, ар-ожданы таза адамдардың ара қатынасы да олардың ұлылығының көрінісі болса керек. Сонымен, зерттеу жұмысымыздың негізгі қорытындыларына тоқталар болсақ оны төмендегідей тұжырымдармен айқындауға болады:

      Г.Н. Потаниннің қоғамдық саяси көзқарастарының қалыптасуында елеулі орынды студенттік кезеңі құрайды. 1852 жылы  Г.Н. Потанин Сібір кадет корпусын бітіріп, офицер ретінде әскерге қызметке кіріседі. Бірақта саяхатқа, ғылымға деген қызығушылығы оны әскери қызметтен кетуге мәжбүрлеген.  Алғашқы саяхаттары, атап айтқанда Жетісу сапары, Семейдегі Ф.М. Достоевскиймен кедесуі, Ш. Уәлиханов пен И. Пирожковтың басшылығымен Омбыдағы жас казак офицерлерінің үйірмесімен танысуы, Я. Капустин үйінің мүшелерімен, петрашевшіл С.Ф. Дуровпен, атақты ғалым-профессор П.П. Семеновпен, Г.Чернышевскийдің досы В.П. Лободовскиймен кездесулері      Г.Н. Потаниннің саяси сабақ алуына, өмірлік ой-тұжырымдарының қалыптасуына және оның болашақтағы ғылыми шығармашылығына зор әсерін тигізді деп айтуға болады.

      Сібірде  айдауда жүрген кезде ол ғылыми ізденістерге бет бұра бастаған еді. 1874 жылы жер айдаудан босаған соң саяхатқа дайындалып, 1878 жылы Монголия, Урянхай өлкесі, Қытай мен Тибетке саяхат жасады. Міне дәл осы кезде оған қазақтың біртуар ұлы Ш. Уәлихановтың және П.П. Семеновтың әсері күшті болды. Бұл оның ғылымға деген бетбұрысына алып келді деп қорытынды шығаруға болады. Оның саяхаттарының нәтижесі ғылыми баяндауларға ұласып, Шығыстану ғылымына қосылған үлкен үлеске айналды.

      Г.Н. Потаниннің өміріндегі келесі бір айшықты беттер «Сібір облысшыларымен» болған қарым қатынасында жатты. Облысшылар идеясы алғаш Сібірде емес Петербургте пайда болды, оны жерлестік негізде сібірлік студенттер құрған еді. Бұлардың құрылтайшыларының құрамында: Г.Н. Потанин, Н.М. Ядринцев,  ақын И.В. Федоров(Омулевский), жазушы Н.И. Наумов, тарихшы С.С. Шашков және т.б. болды. Облысшылар теориясының басты ұстанымы – Сібірді Европалық Ресейдің отары деп таныту, сондықтан бұл орталықтың тонаушылық, басқыншылық әрекетін қатты айыптады. Сонымен, Г.Н. Потанин мүше болған облысшылардың қызметін қортындылар болсақ, ол саяси қозғалыс ретінде толық қалыптаспаған, болашағы бұлыңғыр, жергілікті сібірліктердің ғана мүддесін көздеген ауқымы тар қозғалыс болған еді. Сондықтан да оның тамаша жетістіктерге жетуі шектеулі болды.

       Келесі, үлкен бір мәселе Г.Н. Потанин мен қазақ зиялыларының арақатынасы. Бұл мәселені қозғағанда біз ең алдымен өз зерттеуімізде қазақтың аса дарынды ұлы Шоқан Уәлиханов пен Г.Н. Потаниннің өз ара қыл өтпес достығын, адамгершіліктік және ғылыми байланыстарының ықпалдастығын деректер арқылы талдап, негізгі қортындыларын шығардық. Екі халықтың ақыл ой кемеңгерлерінің үлгі тұтарлық бұл достығы ұрпақтарға сабақ боларлықтай еді. Г.Н. Потаниннің қазақтардың шаруашылығы, салт дәстүрлері, ауыз әдебиеті мен мәдениеті туралы шығармаларының дүниеге келуіне және осы бағытты ұстануына Ш.Ш. Уәлихановтың әсері мықты еді. Ойымызды қорытар болсақ, екеуінің де мақсат мүдделері үндесіп жатты. Олар өмір бойы тыным таппай ғылым жолында еңбек етіп, халқына қызмет ету туралы армандарын жүзеге асырумен болды. Азияның алып далалы аймағының «ашылмаған ақтаңдақтарын» алғаш Европаға танытқан жиһангез қос ғалым есімдері бір­бірінен ажырағысыз еді.

       Тағыда  бір Г.Н. Потаниннің ғылыми ізденістеріндегі ерекше орынды оның қазақ зиялыларының бірі Мұса Шормановпен шығармашылық байланысы алады. Бұлардың өзара шығармашылық қатынастары аса жемісті болды деуге болады өйткені, Мұса Шорманов қазақтардың салт дәстүріне, тарихына қатысты мәліметтерді ел ішінен ерінбей жинақтап Г.Н. Потанинге жіберіп отырған еді. Қазақ этнографиясымен Европалықтардың таныстығы Мұса Шормановтың мәліметтері мен Г.Н. Потаниннің оны өңдеп жариялаулары арқылы жүрді деуге болады.

      Г.Н.  Потаниннің ақпан төңкерісінен  кейінгі Алаш көшбасшыларымен  арақатынасы, әсіресе Ә. Бөкейхановпен байланысы мұрағат деректері арқылы сараланды. Бұл байланыстың Сібір облысшылары мен Алашордашылардың өзара ықпалдастығын айқындауда мол мәлімет көзі болатындығы айқын еді.

      Келелі  мәселенің бірі Г.Н. Потанин  мен Жақып Ақпаевтың арасындағы  байланыстар. Бұлар негізінен бұрын көпшілікке таныс емес Омбы Томскі мұрағаттарындағы жабық қорлардан алынған деректер арқылы талданды. Әсіресе, олардың өзара алысқан хаттарының мазмұны адамға тән жылылық пен шынайы достық сезімге толы. Сонымен қатар сол кездегі, бірқатар қазақ зиялыларымен, атап айтқанда Ә. Ермеков, Н. Құлжанова, А. Біржақсин М. Дулатов және тағы басқаларымен Г.Н. Потанин тығыз шығармашылық және адами - достық байланыста болды.

       Жоғарыда  айтылғандардан шығатын қорытынды  мынадай: Г.Н. Потанин бір сөзбен айтқанда сегіз қырлы бір сырлы тұлға. Ол бірде қоғам қайраткері, ағартушы-ғалым, өлкетанушы, мәдениеттанушы, жиһангез географ, этнограф, фольклоршы болса,  бірде отаншыл патриот, ұлтжанды және халықтар мен ұлттар теңдігін насихаттаушы, отарлық езгіге қарсы шыққан адам ретінде көрінді. Қазақ зиялыларымен де арақатынасы өте нәзік, адамгершілік пен шынайы достық сезімге толы болды.

     Г.Н. Потаниннің  ғылыми мұрасы Шығыстануға, өлкетануға, ботаника мен зоологияға, қазақ этнографиясы мен ауыз әдебиетіне және тарихына қосылған асыл қазына деуге болады. Сондықтанда, Г.Н. Потанинді өз заманының ірі тұлғасы деп бағалаған дұрыс.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1 Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптасуының тұжырымдамасы. – Алматы: Қазақстан, 1995. – 32 б.

2  Бердяев Н. А. Русская идея. Основные проблемы русской мысли ХІХ – начало ХХ вв. // Вопросы философии. - 1990. - № 1 - С. 77–91.

3 Славинский М.А. Русская интеллигенция и национальный вопрос // Интеллигенция в России. – Спб.: Земля, 1910. – 259 с.

4 Ленин В.И. Шаг вперед, два шага назад // Полн. собр. соч. – М.: Политиздат, 1985. – Т. 8. – С. 219-317.

5 Шоқай М. Ұлттық зиялы // Шоқай М. Таңдамалы. – Алматы: Қайнар, 1998. – Т. 1. – 174-179-бб.

       6  Нива. -1888. - № 5.

     7 Адрианов А.В. К биографии Г.Н. Потанина // Сборник к 80-летию дня рождения Григория Николаевича Потанина. - Томск, 1915.

       8 Обручев В.А. Григорий Николаевич Потанин. Жизнь и деятельность. – М.-Л., 1947. – 247 с.

       9 Марғұлан А. Очерк жизни и деятельности Ч.Ч. Валиханова // Валиханов Ч.Ч. Соб. соч. в 5 т.– Алма-Ата, 1984. - Т. 1. – С. 9-79.

       10 Өтениязов С. Шоқанмен қайта кездесу. – Алматы: Қазақстан, 1990. - 240 б.

      11  Касымбаев Ж.К. История города Семипалатинска (1718-1917). – Алматы: АГУ им. Абая, 1998. – 276 с.

      12 Сагалаев А.М., Крюков В.М. Г.Н. Потанин: Опыт осмысления личности. – Новосибирск: Наука. Сибирское отделение, 1991. – 231 с.

      13 Катанаев Г.Е. Н.И. Потанин и его русские предшественники по разведкам в Средней Азии, с приложением путевых журналов Н.И. Потанина // Записки Зап.- Сиб. отдела РГО. - Т. 38.

      14 Этнографическое обозрение. - 1915. - № 3-4.

      15 Обручев В.А. Григорий Николаевич Потанин // Люди русской науки. – М.-Л., 1948. - Т. 1.– 600 с.

      16 Шиловский М.В гг.). Сибирские областники в общественно-политическом движении в конце 50-х - 60-х годах ХІХ века. - Новосибирск, 1989.

     17 Шиловский М.В. Политические процессы в Сибири в период социальных катаклизмов. 1917-1920 гг. – Новосибирск: Сибирский хронограф, 2003. – 428 с.

      18 Малышева М.П. Национально-территориальное размежевание Сибири и Казахстана (1919-1922). – Семипалатинск: СГУ им. Шакарима, 1999. – 266 с.

      19 Нұрпейіс К. Алаш һәм Алашорда. –Алматы: Ататек, 1995. – 256 б.

20 Қойгелдиев М.Қ. Алаш қозғалысы. Оқу құралы. – Алматы: Санат, 1995. – 368 б.

21 Озғанбай Ө. Мемлекеттік Дума және Қазақстан. – Алматы, 1995.

22 Мадуанов С.М. Взаимоотношения казахов с другими соседними народами Центральной Азии в ХVIII-начале ХХ вв. (политические и социально-экономические аспекты). – Алматы, 1995. – 276 с.

23 Хабижанова Г.Б., Валиханов Э.Ж., Кривков А.Л. Русская демократическая интеллигенция в Казахстане. (Вторая половина ХIХ-начало ХХ в.). / Под ред. Койгельдиева М.К. – М.: Русская книга, 2003. – 288 с.

24 Асылбеков М.К. Железнодорожники Казахстана в первой русской революции (1905-1907 гг.). – Алма-Ата: Наука, 1965. – 181 с.

25 Галиев В.З. Караванные тропы (Из истории общественной жизни Казахстана ХVII-XX веков). – Алма-Ата: Атамура, 1994. – 128 с.

26 Потанин Г.Н., Васильева М.Г. «Мне хочется служить Вам, одеть Вас своей любовью». Переписка. / Сост. Н.В. Васенькин, Г.И. Колосова. – Томск: изд. Томского университета, 2004. – 418 с.

      27 Письма Веселовского Н.И. к Потанинну Г.Н. //  Центральный Госархив литературы и искусства СССР. Ф. 381. Опись 1. Ед. Хр. № 2. Редкий фонд АН РК. Письмо № 179.

      28 Письмо Р.Д. Семенова-Тян-Шаньского. Архив Г.Н. Потанина // Научная библиотека ТГУ. Отдел редких рукописей и книжных памятников.

       29  Томск облыстық мемлекеттік мұрағаты. 0578 қор. 1-тізбе. 4-іс.  6-7-пп.

 30  Потанин Г.Н. Русская девица Дарига в киргизской сказке // Этнографическое обозрение. - 1890. - № 24.

31 Қойгелдиев М. Ұлттық саяси элита. Қызметі мен тағдыры (ХVІІІ – ХХ ғғ.). Зерттеулер. – Алматы: Жалын, 2004. - 400 б.

 

Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған  еңбектер

 

      1 Сібір кадет корпусының түлектері: Г.Н. Потанин және Ш. Уәлиханов // Отан тарихы. 2006. - №2. – 58-67-бб.

      2  Г.Н.  Потанин және Нәзипа Құлжанова  // Материалы международного теоретико-методологического  семинара «Основные приоритета  продвижения Казахстана в число  наиболее конкурентоспособных государства» Актюбинский государственный педогогический институт. - Актөбе-2006.  299-304-бб.

      3  Г. Потаниннің Тибет аймағы мен Қытайға жасаған екінші саяхаты // Қазақ өркениеті. -2006. - №2. – 5-12-бб.

      4 Потанин және халық ауыз әдебиеті // Қазақ тарихы. - 2006.-  №4. - 17-19-бб.

      5 Г. Потаниннің Азия елдеріне саяхаты // Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Хабарлары. –«Қоғамдық ғылымдар» сериясы. - 2006. - №4. – 10-12-бб.

     6 Григорий Потанин – қоғамдық-саяси қайраткер // ҚазҰУ Хабаршысы. -Тарих сериясы. – 2006. - №1. – 141-144-бб.

      7 Г.Н. Потанин және қазақ зиялылары // ҚазҰУ хабаршысы. - Тарих сериясы. – 2006. - №2. – 194-198-бб.

      8 Г.Н. Потанин – исследователь истории казахского народа // Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 15 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция материалдары. –Алматы: Шет тілдер іскерлік карьера университеті. –2006. – С. 143-146.

      9 Г. Потаниннің ғылымға бетбұрысының басталуы // «Каспий-Еуразия халықтары тағдырында: тарихы және ынтымақтасу болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдар жинағы. – Атырау-2006. – 30-33-бб.

      10 Қазақ қоғамын зерттеудегі Г.Н. Потаниннің орны мен ролі // «Жаһандану және әлеуметтік-гуманитарлық танымның мәселелері» тақырыбындағы философия ғылымдарының докторы, профессор С.Б. Бөлекбаевтың 60-жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция. – Алматы-2006. – 422-426-бб.

11 Г. Потанин қазақ өнері мен ауыз әдебиеті туралы // Әлемдік мәдени және білім беру кеңістігіндегі өнер. Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы 19-20 сәуір.  - Алматы-2006. – 433-436-бб.

Информация о работе Г.Н. Потанин және қазақ зиялылары: саяси және рухани көзқарастарды тарихи талдау