Г.Н. Потанин және қазақ зиялылары: саяси және рухани көзқарастарды тарихи талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Января 2014 в 08:00, автореферат

Краткое описание

Кіріспеде жұмысқа жалпы сипаттама беріліп, тақырыптың өзектілігі мен ғылыми жаңалығы көрсетіліп, мақсаты мен міндеттері, зерттеу нысаны анықталды, методологиялық негізі айқындалып, хронологиялық шеңбері, практикалық маңызы көрсетілді. Бірінші тарау «ХІХ Ғ. екінші жартысындағы – ХХ ғ. басындағы демократияшыл орыс және қазақ зиялыларының көзқарастарын зерттеудің методологиялық мәселелері» деп аталады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

потанин.doc

— 436.50 Кб (Скачать документ)

      ҚР ҒА  сирек кітаптар қорында бұрынғы  КСРО кезінде әдебиет және  өнердің Орталық мемлекеттік  мұрағатынан Дала генерал-губернаторы  Г. Колпаковскийдің Г.Н. Потанинге Ш. Уәлиханов туралы жазған хаттары сақтаулы. Онда Шоқанның сот бөлімін құру мәселесі бойынша жүргізген жұмысы айтыла отырып, өз тарапынан Г. Колпаковскийдің Шоқан шығармаларын шығаруға көмек көрсететінін айтқан. Осы қордағы келесі Н.И. Веселовский  Г.Н. Потанинге жазған екі хаты бар. Онда Ш. Уәлиханов шығармаларын алмағандықтан, ұзақ уақыт жауап жазбағанын айтқан [27]. Екіншісі Шоқанның өмірбаянын жазу туралы айтқан. Бұл хаттарды біз      Г.Н. Потанин мен Шоқанның қарым-қатынастары туралы жазғанда пайдаландық.

      Келесі  бір хаттың тобын Борис Георгиевич  Герасимовтың хаттары құрайды (1872-1937/38). Ол хаттарда Н. Құлжанова, Ә. Бөкейхановтар т.б. туралы мәліметтер бар.

      Ф. Катыбаевтың Г.Н. Потанинге жазған үш хатында ақыл-кеңес сұрап, әрі өзінің  Г.Н. Потанинге деген ықыласын білдіргені байқалады.

Николай Иванович Ассановтың 22 наурыз 1908 ж. Бийскіден жазған хатында монғол тілін Бийскіде оқыту туралы жазған. С. Шормановтың да Григорий Потанинге жазған хаты біз үшін үлкен қазына деуге болады. Сонымен қатар Семенов-Тянь-Шанскийдің немересінің жазған хатынан біз      Г.Н. Потаниннің адамгершілік қасиетінің мол болғанын байқадық [28].

     Г.Н. Потанин мұрағатында Орта және Шығыс Азияны зерттеу туралы Орыс комитетінен жазылған В. Радловтың хатында Орыс комитетіне Г. Потанинді мүше қылу туралы дипломды беретіні туралы айтылған.

      Г.Н. Потаниннің шетелге сапары туралы деректерді біз оның өз еңбектерінен алдық. Сонымен бірге Тибетке саяхаты кезінде Г.Н. Потаниннің шақыруына Рабдановтың келісімі туралы телеграммасы сақталған.

Телеграммалардың біразы қазақ зиялыларына жазылған. 1917 жылы 12 желтоқсандағы мәжілісте қабылданған және І Құрылтай жиналысы атынан 2-Украина радасына, 3-Қырғыз съезіне жолданған телеграммада «құрметті төраға Г.Н. Потанин» деп қол қойған. М. Тынышпаевтың Омбыға Ә. Бөкейханға жіберген телеграммасы Алаш Орда мәселесіне қатысты талдауда қолдандық. Томскге, Ә. Бөкейханов Сібір бірлестігіне, Торғай ұйымы жалпықырғыз съезіне бес делегат жіберетіні туралы хабарлаған.

 Алаш-Орданың әскери  бөлімі, Алаш-Орда мен Сібір өкіметінің  арасындағы қарым-қатынас туралы да құжаттар алға қойған мақсатты шешуге көмектесті [29]. Жалпы осы Сібір бірлестігіне жіберілген телеграммалар Қазақстанның әр қаласынан жіберілген. Оларды біз әр бөлімнің мазмұнын ашуға пайдаландық.

Сібір съезінде берілген делегат карточкалары делегаттардың құрамын талдауға көмектесті. Соның ішінде біздің қолымызға түскен карточканың ішіндегі үшеуінің иесі «Алаш» партиясының мүшесі болған. Олар К. Сейдалин, А. Тұрлыбаев және И. Тұрмұхамедовтар.

Келесі бір мандатқа Ә. Бөкейханов 1918 ж. 19 тамызда Айдархан Тұрлыбаевты Томскіге облыстық Сібір думасына Сібір және Алаш автономиялары арасындағы өзара қатынас мәселесімен іссапарға жіберетіні туралы жазып, қол қойған.  Зерттеуде Сібір облыстық думасының хаттамалары да қолданылды. Атап айтқанда, 9 маусым 1918 жылғы кеңестің хаттамасынан Г.Н. Потаниннің өтінішін Батыс Сібір Комиссариаты жүзеге асырғанын жазылған. Ал № 9 хаттаманың қосымшасында Г.Н. Потаниннің кеңестің құқы мен құрамы жөнінде айтқаны жазылған.

Сібір облыстық думасы туралы «Голос народа» газетінде көлемді материал сол кезде-ақ жарияланған. А.И. Герценнің «Колоколы» туралы материалдар да септігін тигізді.

Г.Н. Потаниннің өз еңбектері  деректердің негізгі тобын құрайды. Г.Н. Потанин мен К.В. Струвенің  Зайсанға жасаған саяхаты туралы Шығыс Қазақстанның тарихы, этнографиясы, географиясы туралы біраз мәлімет береді. Зайсан мен Қара Ертістегі балық шаруашылығы қазақтардың негізгі шаруашылығының бірі болғанын дәлелдейді. 1864 ж. Г.Н. Потаниннің Шығыс Тарбағатайға саяхаты туралы жазғаны бұл жерде ауылдардың қалай құрылғаны туралы мәлімет береді. Қазақстанның шығысындағы қалалары ішінен Григорий Потанин Семей туралы әсерлі жазған.    
     Халықтың эпосы жөнінде жиналған көптеген материалдар және азиаттық тайпалардан жинақталған материалдар 2 томды құрайды: “Солтүстік-батыс Монғолия”, ал екінші том Тибет саяхатына арналған. Өмірінің соңғы жылдары Г.Н. Потанин жаңа дерек жинауға шамасы келмеген кезде өзі жинаған еңбектерді қайта өңдеген. Г.Н. Потанин аспан ұлы Исус Христос культын батыста емес, шығыста, орталық Азияда ертеректе қалыптасты дейді.

     Азиаттық  халық эпосын өңдеуде Григорий Потанин біртіндеп шығармалар жаза бастады. «Ортағасырлық эпостағы шығыс әуендері» 1899 жылы жарық көрді. “Орыс қызы Дариға” еңбегін Г.Н. Потанин тибет, монғол атауларымен салыстырып жазған [30]. “Гректік эпос пен орыс фольклоры”, “Саламан патшасы Сала” 1912 ж. басылып шықты. “Солтүстік Азияның ерке аспан ұлы” Томскіде 1916 ж. жарық көрген. Сібірдегі төңкеріс туралы А.В. Адриановтың мақаласына қатысты өз пікірін берген.

Жергілікті жерде ғылыми деректердің жинақталуын Г.Н. Потанин өлкенің саяси және ғылыми жағынан оянуы деп білді. Москва мен Петербургте деректердің жинақталуын Г.Н. Потанин «Сібірді тонау» деп санады. Жергілікті жерде ғылыми орталықтар құрып, сол жерде зерттеуге қажетті дүниелерді шоғырландыру қажеттігін айтты. Г.Н. Потаниннің ойынша, адамдар ұжымының бірігуіне этнографиялық немесе тарихи-дәстүрлі қағиданы емес, территориялық-экономикалық қағиданы ұстану керектігін айтты. Мысалы, Щапов дамытқан земск-облыстық және табиғи ғылыми теорияларды Г.Н. Потанин облыстық теориясында негізге алды деуге болады. Г.Н. Потанин облыстық ағымның өкілі болғандықтан соның бірінші тарихшы болды деп санауға болады. «Сібірдегі облстық тенденция» (Томск, 1907) деген брошюрада  ол бұл ағымның тарихын, оның теориясын жасады. Г.Н. Потанин бұл ағымның әлеуметтік базасын іздейді. Г.Н. Потанин оның әлеуметтік негізі Сібір шаруалары деп санады, өйткені олар өздерін Еуропалық Ресейден бөліп алды дейді. Қалай болғанда да Сібір Ресейдің отары деп дәлелдеуге тырысты. Оның бұл теориясына Сібір тарихшысы М.К. Ветошкин қарсы шыққан болатын. Г.Н. Потаниннің пікірінше, Сібірдің халқы ерекше этнографиялық тип, жүйкелері тозған халық деп баға берген. Сібір патриоты болған Г.Н. Потанин орталық өкімет Сібір үшін бәрін істегенімен, жергілікті әкімшілік өлкенің байлығын тонап, халыққа қарсы саясат жүргізді дейді.

ХІХ ғ. баспасөз материалдары да негізгі дерек көзі болды. Мысалы, «Тобыл губерниялық ведомостілері» Түменде 1897 жылға дейінгі нөмірлері жинақталып кітап болып шықты. Осы 2007 ж. бұл газеттің шығуына 150 жыл толды. Соған байланысты бұл басылым қолға алған Г.Н. Потаниннің бірнеше мақалалары осы газетте басылып тұрған. Оларды біз осы жаңа басылымнан пайдаландық. Г.Н. Потаниннің шығармалар жинағының үш томдығы Павлодарда 2005 жылы жарық көрді.

Томск – Ресей Федерациясындағы халқының саны аз орталық. 1917 жылға  дейін халқының саны да көп, алып жатқан жері де үлкен Ресей империясы  губерниясының орталығы болды. ХІХ-ХХ ғ. басында әкімшілік басқарманың  аймақтық орталығы болды. Мұнда Азиаттық Ресей территориясы бағынған министрлік мекемелер орналасты. Сондықтан Томск облыстық мемлекеттік мұрағатында көптеген құжаттар сақталған. Оның ішінде Қазақстанға қатысты материалдар да көп. Өкінішке орай, мұрағаттың көрсеткіші ескірген (путеводитель 1960 ж. жасалған), қорлардың нақты жайын көрсетпейді, идеологияның ықпалы басым болғаны әсер еткен. Осы мұрағаттағы Р-72 қоры «Сібір облыстық думасы» деп аталады. Онда Алаш-Орда мүшелерімен байланыс туралы біз жоғарыда сипаттаған мәліметтер бар.

1914 ж. шыққан «Сибирская  жизнь» газетінде Г.Н. Потаниннің «Естеліктері» шыққан. Олар Томскіде сақталған. Ондағы кейбір материалдарды пайдаландық. Әсіресе бізді Г.Н. Потаниннің монғолдар туралы жазғаны қызықтырды. 1917 жылғы «Голос Свободы» газетінен Уақытша Сібір кеңесінің құрылуы және Алаш зиялылары туралы мәліметтерді сұрыптап алдық.  «Сибирская старина» журналында Г.Н. Потанин туралы мақалалар жиі жарияланды. Соның бірі оның соңғы саяхаты туралы мақалада Ә. Ермековпен қарым-қатынасы туралы мәлімет бар. «Қазақ» газетінен біз Алаш зиялыларына қатысты материалдарды пайдаландық. Г.Н. Потаниге қатысты Саматовтың «Потанин баяндамасы» мақаласын алдық.

Г.Н. Потаниннің еңбектері  Сібірді зерттеу институтының қызметіне  байланысты шығып тұрды. Ал осы институттың құрылуы туралы мұрағатта материалдар нақты берілген. Атап айтқанда, Халық Ағарту министріне институтты құру туралы съезд бюросының хаты сақталған. Институттың мақсаты, ережелері сияқты құжаттар толығымен дайындалған.

“Алаш” қызметіне  байланысты құжаттар мен материалдардың жинақтарын деректерге жатқызамыз. Бұл жинақтардағы материалдарды қолдану диссертацияның деректік негізін кеңейтіп, ХХ ғ. басындағы қоғамдық-саяси оқиғаларды сипаттауға көмектеседі. Маңызды деректер ретінде “Қазақ энциклопедиясы” шығарған “Қазақ” газеті, “Айқап” журналы болып табылады. Бұл жинақтардан жалпы мәселелермен бірге Ә. Бөкейхановтың, А. Байтұрсыновтың, Т. Рысқұловтың, С. Садуақасовтың, т. б. еңбектерін пайдаландық. Ә. Бөкейхановтың шығармаларын Алашқа қатысты мәселелерді шешуде пайдаландық. Ә.Бөкейханның 1903 жылы Санкт-Петербургте Семенов Тянь-Шанскийдің редакциясымен басылып шыққан Императорлық Орыс Географиялық Қоғамының «Россия. Полное Географическое описание нашего отечества» атты көп томдық кітабының 17-томына енген «Исторические судьбы киргизского края и культурные его успехи» еңбегінде қазақ өлкесі тас дәуірінен бастап көрініс тапқан.

 А. Байтұрсынов «Ер Сайын» поэмасында Г.Н. Потанин туралы жазған. Ал,  “Н.Қ. ханымға” деген өлеңін А. Байтұрсынов Нәзипа Құлжановаға арнаған. Сонымен қатар Х. Досмұхамедов еңбектерін де Алаш Орданың қызметін талдауда пайдаландық. Ж. Ақпаев еңбектерінде Алашқа қатысты құнды мәліметтер берілген.

     “Алаш” партиясының бағдарламасы, Бүкілқазақтық І-ІІ съездің материалдары да дерек ретінде қолданылды. Осы кездегі оқиғаларға қатысты кейбір материалдарды Қазақстанның қазіргі заман тарихына қатысты деректер жинағынан пайдаландық. Сонымен қатар Орынборда өткен съездердің материалдарын, облыстық съездердің материалдарын біз Алаш және Сібір автономиясын талдағанда пайдаландық.

       Семей  географиялық бөлімшесінің ұйымдастырушысы,  белсенді мүшесі, ұзақ жылдар  бойы айнымас төрағасы қызметін  абыроймен атқарған шіркеу қызметкері  Борис Георгиевич Герасимов есімі  Семей өңірін зерттеуші ретінде  әйгілі. Оның тарих алдында ағартушылық, ғылыми-зерттеушілік еңбегі ұшан-теңіз. Б.Герасимов Ресей археологиялық Комиссиясы мен Императорлық Географиялық Қоғам рұқсатымен археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп, ғылыми саяхаттарында этнографиялық мәліметтер жинаумен қатар Семей өңірінің Зайсан, Өскемен уездері мен Змеиногорскіде статистикалық зерттеулер жүгізді.

     1905 жылғы «Записки...»  ІІ басылымында Б.Герасимовтың 1904 жылы 14 наурызында бөлімшенің Басқару  комитетіне мүшелікке қабылданғаны  туралы мәлімет бар. 1915 жылғы «Записки...» Х басылымындағы ғылыми хроникада Семей бөлімшесінің іс басқарушысы Б. Герасимов Семей облысының оңтүстік шығыс бөлігіне археологиялық және тарихи статистикалық зерттеулер жасауға жолсапарға жіберілгені туралы айтылады. 

     Б. Герасимов Шығыс Қазақстан өлкесін көлікпен де жаяу да шарлап, көптеген ғылыми экспедицияларға қатысып, құнды деректер жинаған. Оның қаламынан туған жүзден аса ғылыми еңбектері мен екі мыңнан астам тарих, этнография, география, археология мәселелеріне байланысты мақала, очерктері әлі күнге дейін құндылығын жоғалтқан жоқ. Жасаған зерттеулері: «Поездка на Рахмановские минеральные ключи»; «Поездка в Южный Алтай»; «Из Алтайских поговорок»; «Сказки собранные в западных предгорьях Алтая»; «К вопросу о рациональном пчеловодствъ на Алтай». (Краткая заметка) с 10-ю чертежами Алтайского улья; «Ссыльные поляки в Семипалатинской области» (Краткий исторический очерк), «Поездка на Барлыкские минеральные источники 1903 г.»; «Бычки в Иртыше»; «Градь в Устькаменогорске» еңбектеріне негіз болды. «В долине Бухтармы» (Краткий историческо-географический очерк с 3 таблицами цифр) очеркі үшін өлкетанушы Б.Герасимов 1912 жылы Императорлық Ресей Географиялық Қоғамының күміс медаліне ие болды.  Бұл очерк шынайы өмірлік және тарихи этнографиялық мәліметтерге негізделіп жазылған. Автор каторгаға айдалғандар мен Алтай зауыттарынан қашқандардың Бұқтарма өлкесіне орналасуын боямасыз бейнелеген. Б.Герасимов  тұрғындардың этнографиялық құрамын, олардың киімін, әшекей бұйымдарын шебер суреттей білген.

     Ол Шығыс Қазақстанда  ғылыми сапарда жүріп тамаша  адамдармен кездесіп, ғылыми қоғамдармен,  Сібір мен Қазақстанды зерттеуші  көрнекті ғалымдармен хат алысып, ғалымдар өмірін зерттеп В.Н.  Белослюдов, Е.П. Михаэлис, В.В. Сапожников  Г.Н. Потанин туралы өмірбаяндық еңбектер жазды.  Б.Герасимовты СССР Ғылыми академиясының Географиялық Қоғам Кеңесі ғылыми зерттеулері үшін алтын, күміс медальдермен марапатталған.

Зерттеуде мына  құжаттар мен материалдардың жинақтары қолданылды: «Сборник узаконений о киргизах степных областей», «Прошлое Казахстана в источниках и материалах», «Материалы по истории Казахской ССР», «Материалы по истории политического строя Казахстана», «Полное собрание законов Российской империи», «Сборник узаконений о киргизах степных областей», «Казахско-русские отношения в ХҮШ-ХIХ вв.» т.б. 

    «Г.Н.  Потаниннің саяси және ғылыми  көзқарасын қалыптастырудағы алғы  шарттар» атты екінші тарауда Г.Н. Потаниннің өскен ортасы, Сібір кадет корпусының Г.Н. Потанин дүниетанымын қалыптастырудағы ролі, Г.Н. Потанин және П.П. Семенов-Тяньшанскийдің ұстаз бен шәкірт ретіндегі байланысы, Монғолия мен Қытайға саяхатының шығыстану ғылымына қосқан үлесі,  Шығыс Тарбағатай туралы зерттеулерінің маңызы қарастырылған.

       Г.Н. Потаниннің туған жері ХVIIІ ғасыр аяғында Ямышево маңызды әкімшілік және сауда орталығы болды, тіпті Омбыдан да маңызды еді, өйткені мұнда Ертіс бойынша әскери линияның бастығы мен үлкен гарнизон тұрды. Мұнда қонақ үй, мешіт болды. Тұз алу үшін және өз тауарларымен қоса Тобыл, Томск, Алтайдан, Қашғардан, Түркістаннан көпестер келетін. Омбының дамуына байланысты біртіндеп Ямышевоның да мәртебесі түседі.

      Ресми  атпен Сібір кадет корпусы  деген атпен белгілі Омбы кадет  корпусы ХІХ ғасырдың 40-жж. басында әскери казак училищесі құрамы есебінен қайта құрылған еді. Бұл училище 20-жж. губернатор Петр Михайлович Капцевич тұсында құрылған болатын. Ол 1822-1828 жж. Батыс Сібір генерал-губернаторы қызметін істеді. Сперанский Сібірдегі ағарту ісіне Капцевичті тартқан, өйткені 20 наурыз 1823 ж. жазылған рапортта ағарту чиновниктерінің кемшіліктері және сібірліктердің кедейшіліктен Еуропалық Россияның университеттерінде білім ала алмағандықтан, Сібірде жоғары оқу орындарын ашу қажеттігі туралы баяндалған. Училищеде оқытылатын пәндердің саны орта оқу орындарындағы пәндер құрамына теңесетін. 250 орындық училище тікелей казак балалары үшін ашылып, казак әскери жасақтары қаражатымен жабдықталды. Мұғалімдер құрамы да казактар еді, жартысы офицерлер, жартысы урядниктер болатын.

      “Естеліктерінде” Г.Н. Потанин “Әкем мені Омбыға 1846 ж. әкелді. Бұл кезде оқу орнының келеңсіз жағдайы тоқтаған еді. Біздің келуіміздің алдында казак училищесін кадет корпусы деп атау жөнінде хабарланады. Жаяу әскерлер офицерлері және азаматтық чиновниктердің балаларын қабылдау заңдастырылды. Олардан кадет корпусы құрамында рота құру, ал казактардан эскадрон құру белгіленеді. Жаңа киім (обмундировка), оқу бөлімін жақсарту, училищенің ішкі құрылымын жөндеу, жаңа мұғалімдер  мен тәрбиешілерді астанадан әкелу сияқты жұмыстар алға қойылады. Алайда мен оқу орнына революцияға дейінгі жағдайында келдім”, - деп жазған. Омбы кадет корпусында Г.Н. Потаниннің болашақ ғылыми-әдеби қызметіне Қазақстанда туған Ф.И. Костылецкий, Е.И. Старков сияқты ұстаздарының ықпалы жоғары болған. Г.Н. Потанин 1852 жылы 17 жасында хорунжий шенімен корпусты бітіреді. Семейге 8-казак полкіне жіберілген Г.Н. Потанин қызмет жолындағы мәнсапты, материалдық игілікті армандаған жоқ. Ол сонау балалық шақтағы арманын жүзеге асыруды ойлады. Қазақстанға саяхаты басталып, Қапалда болды, Іле өзенінің оңтүстігінде, Ыстықкөлде болады. 1854 ж. Г.Н. Потанин қызмет еткен отряд «Верный» қамалын салады. Осындай іс сапарларын  Г.Н. Потанин қағазға түсіріп отырған.

Информация о работе Г.Н. Потанин және қазақ зиялылары: саяси және рухани көзқарастарды тарихи талдау