Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Мая 2013 в 15:55, дипломная работа
Батик өнері өте ертеде дамыған. Индонезияның Ява аралында алғаш рет дүниеге келді. Алғашқы маталардың өндірісіне дейін малайзиялықтар заттарын алып келіп аралда, ағаштын қабығына, өрнектерді жабайы аралардың балқытылған балауызы арқасында, өсімдік бояғыш заттармен қалған орындарды содан соң бояп отырған. Маталар пайда болған соң бұл әдістің негізі – балқытылған балауызбен сурет түсіру – сол жұмыстың сәндеуге де қолдана бастады. Матаға жағылған балауыз бояу түстерін өткізбейді яғни механикалық түрде резерв жасайды. Содан соң матаға түрлі түсті бояуды жаға беруге болады. Балауыздың осы бір қасиеті арқасында – ежелгі әдістердің бірі матаны әрлеудің негізі каланды.
Бастауыш сыныптағы сәндік сурет салу сабақтарында «Түзу сызық бойына өрнектер салу», «Түйе табан оюын_салу», «Геометриялық ою-өрнектерді бейнелеу», «Гүлдің суретін оюға айналдыру», «Бірнеше гүлдің суретін бір түзудің бойына орналастыра безендіру» тақырыптарына сабақтар ұйымдастырылады. Мұғалім сабақта ою-өрнектерді салу жолдарын, тақтаға көрсетіп, сонымен қатар, алдын ала дайындалған таблицалар бойынша ою-өрнектерді бейнелеу жолдарын оқушыларға көрсетеді. Ою-өрнектерді кезеңге бөліп бейнелеу әдістері көрсетіледі.
Бастауыш сыныптағы бейнелеу
өнері пәнінің сәндік сурет салу
сабақтарында оқушылардың шығармашылық
қабылеттерін дамыту мақсатында белгілі
жаттығулар жасауға үйретіледі. Ол
әсіресе ою-өрнектердің
Сәндік сурет салу сабағында оқушыларға үй тапсырмасы беріледі. Үй тапсырмасы үйдегі тұрмыста қолданылатын көркем бұйымдармен, қайта танысу, олардың қарапайым түрлерінің формасын бейнелеу оларды безендірген ою-өрнектерін сол нұсқасына қарап бейнелеуге бағыттарын қамтиды.Сәндік сурет салу сабағының негізгі мақсаты оқушыларды сәндік қолданбалы өнер бұйымдарымен таныстыру, сәндік қол өнердің негізгі түсініктерін меңгеру, сәндік сурет салу ептейлігін артыру, ою-өрнектер салу дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Бастауыш сыныптағы бейнелеу өнері сабақтарының бір түрі тақырып бойы ша сурет салу деп аталады. Тақырып бойынша сурет салу сабақтарында оқушыларға «Табиғат көріністері», «Жыл мезгілдері», «Жаңа жыл», «Қысқы каникул» т.б. тақырыптары бойынша өмір көріністеріне қарап өздеріне жақын заттар мен құбылыстарды еске түсіру, елестету арқылы және ойдан құрастырып сурет салуға жаттығады.Тақырыптық сурет салуға балалардың үйретудің түпкі мақсаты оқушыларды табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу, әсемдік талғамын дамыту, байқау арқылы көркем образдар жасауға жаттықтыру, қалам, бояу құралдарымен жұмыс жасауға талпыну, ойлау қабілеттерін дамыту болып табылады. Сонымен қатар бейнелеу өнеріндегі табиғатты бейнелеу ерекшеліктерімен таныстыру, суретшілердің шығармаларындағы табиғат көріністерін бейнелеу әдістеріне талдау жасап көрсету, оқушылардың тақырьш бойынша композиция құрастыру дағдыларын қалыптастыру міндеттері көзделеді.
Тақырыптық сурет салу сабағының көрнекілігі ретінде бейнелеу өнеріндегі табиғат көріністері бейнелеген Ш.Уәлихановтың «Теріскей
Алатау», Ә.Қастеевтің «Таудағы
жайлау», М.Кенбаевтың «Асауды ұстау»,С.Мамбеевтің
«Жайлауда» атты картиналарының репродукциялары,
Бейнелеу өнері сабақтарының
бір түрі - әңгіме сабақ деп аталады.
Әңгіме сабақтың мақсаты оқушыларды
еліміздің даңықты
Бейнелеу өнері туралы
әңгіме сабақ үшінші сыныптан бастап
жеке дара сабақ түрінде жүргізіледі.
Бірінші және екінші сыныптардағы бейнелеу
өнері туралы әңгіме басқа сабақтардың
қүрамында өткізіледі. Мысалы, нұсқаға
қарап сурет салу барысында А.Ғалымбаеваның
«Дастархан» натюрморты туралы әңгіме
өткізіп, соңынан балалар нұсқаға
қарап қарапайым заттарды салады.
«Бейнелеу өнерінің түрлері» тақырыбы
бойынша өтілген сабақта
Қорыта айтқанда, оқушылардың көркемдік білімдері нұсқаға қарап сурет салу, тақырыптық сурет салу және бейнелеу өнері туралы әңгіме сабақтарда белгілі бір сурет салу барысында, немесе өнер туындысын қабылдау барысында игеріледі. Оқушылардың көркемдік білімдерінің құрылымы бейнелеу сауаттылығын құрайтын жарық пен көлеңке, перспектива, түстану, композиция, симметрия, заңдылықтары туралы білімдерден және бейнеленетін көріністі қағаз бетіне орналастыра білу, зат құрылысын салу, зат көлемін көрсете білу, кеңістікті бейнелеу икемдіктері мен дағдыларынан құралады. Ал мұғалімнің оқушыларға көркемдік білім беру әдістері: салатын нұсқаны талдау, бейнелеу жолдарын көрсету, жаңа сабақты түсіндіру, көрнекілікті сабақта қолдану, оқушылардың бейнелеу жұмыстарына басшылық көрсету, өнер туындыларына және бұйымдарына көркемдік талдау жасау іс-әректтер жүйесінен құралады.
Халқымыздың өнегелі мәдениет
үлгілерінің бірі – бейнелеу өнері
қаншама дәуірдің тарихи ағымымен
бірге жасап дамып келеді. Қазақ
халқының өмір-тұрмысына тереңдей үңілсек,
мәдениет дәстүрінің үзілмей бүгінгі
ұрпаққа жетуіне бірден-бір
Өзінің тәрбиелік мәнін бүгінге дейін жоғалтпай келе жатқан көркемдік педагогиканы, қазіргі таңда мектеп өміріне енгізу, бейнелеу өнері сабақтарында қолдану заман талабына айналып отыр.
Орта Азия мен Қазақстан жері мәдениеті дамыған өркениет орталығы болғандығы көпшілікке мәлім. Сыры кетсе де, сыны кетпей сақталып келе жатқан әсем ғимараттар, тас мүсіндер, сарайлар, халықтың тұрмысында қолданылған сәндік қолданбалы өнердің інжу маржандары жастардың көркемдік талғамын дамытуға дәнекер болары сөзсіз. Бұл жерде айта кететін өкінішті жағдай – көшпелі еліміздің көркем мәдениетін жас ұрпақтың игілігіне пайдалану кешеуілдеп, оларды мектеп оқушыларына көркемдік білім мен әсемдік тәрбие беру бағдарламасына тыс қалуы. Бұл ұстанылатын басты бағыт жас ұрпаққа халықтың мәдени дәстүрін оқушыларға таныстыру, ата-бабамыздың тұрмысында жиі қолданылған қарапайым заттарды салуға үйрету, олардың формасымен, түр-түсімен т.б. көркемдік ерекшеліктерімен таныстырудың әдіс тәсілдерін болашақ мұғалімдерге көрсету.
Бейнелеу өнері сабақтарында
оқушыларды халқымыздың көркем мәдениетімен
бейнелеу өнері туралы әңғіме сабақтарында
таныстырумен қатар, оларды құрайтын көркем
бұйымдарды нұсқасына қарап саллудың
орны ерекше.Оқушылардың ұлттық бұйымдарды
нұсқасына қарап салуы, немесе ұлттық
салт дәстүрлер көріністері
3.3 Түстану заңдылықтарын көркемдік білім жүйесінде оқыту әдістері.
Бейнелеу өнерін оқытудағы негізгі мақсаттың бірі – оқушыларға көркемдік білім беру болып табылады. Оқушыларға көркемдік білім берудің
құрылымы бейнелеу өнерінің
сауаттылығын құрайтын бейнелеу өнерініңзаңдылықтарын
меңгеру мен бейнелеудің
Осындай мәселенің шешімінің
әлі күнге дейін табылмауы, бейнелеу
өнерінің түстану ілімі мен оның
мазмұнының қысқаша болсада әліге
дейін толық еместігі, оны жинақтап,
бейнелеу өнері пәнін оқытудың теориялық
материалы ретінде танудың
Түстану мәселелері туралы ғылыми, педагогикалық, өнертанымдық әдебиеттерді сараптау әлі де болса, бұл мәселені – бейнелеу өнерін оқыту мазмұнының бір саласы ретінде қарастыру қолға алынбағандығы белгілі болды.
Түстану мәселесін қарастырған
кейбір еңбектерде термин сөздерге терең
мән беріп, оларға түсіндірме жасаумен
шектеліп, анықтамалар мен ережелерін
беру, жіктеу олқы соғып жататындығы
жасырын емес. Сондықтан түстану
заңдылықтарын балаларға
Түстану – түс туралы ілім жүйесі. Түстер хроматикалық және ахроматикалық болып бөлінеді. Хроматикалық түстерге түрлі-түсті түстер жүйесі кіреді. Ахроматикалық түстерге ақ және қара түстер жатады. Барлық хроматикалық түс үш параметрмен ашықтылықпен, түстік өңмен және қанықтылықпен сипатталады. Ахроматикалық түстер бір-бірінен тек бір белгісі бойынша – ашық (ашық сұрғылт немесе қара сұрғылт) бойынша ерекшеленеді. Түстік өң бұл «қызыл», «сары» және т.б. сөздермен анықталады. Мысалы қызыл, таза қызыл немесе сұрғылт қызыл. Бұл қызылға қосылған сұрғылт қоспа түстің өңін өзгертпейді қызыл түс қызыл болып қалады. Ахроматикалық қоспадан, хроматикалық түстің қанықтығы азаяды. Мұндай қоспада ахроматикалық түс неғұрлым аз болған сайын, оның қанықтығы арта түседі.
Хроматикалық түстерді шартты түрде жылы түсер және суық түстердеп бөлінеді. Жылы түске түс спектрінің сары-қызыл бөлігі, ал суық түскекөгілдір бөлігі жатады, жылы түстерді күн мен оттың түсімен, суықтүстерді аспан, су мен мұздың түсімен сиппатауға болады. Күлгін жәнежасыл түстер аралық жағдайда пайда болады. Бұларды басқа түстермен қатынасына байланысты бірде жылы, бірде суық түске жатқызуға болады.Түстік шеңбер бірге қатар қойылған түстерден құралған шеңбер. Бұлшеңбер, сары, сарғыш қызыл, қызыл, қызғыш қоңыр, жасыл көк, көк, күлгінкөк, болып жалғасып отырады. Негізігі түстер сары, қызыл және көк түстер болып табылады. Контраст түстер – бір біріне қарама қарсы түстер. Ақ түске, қара түстер қарсы ақ пен қызыл т.б. түстер конраст сипатын береді.
Түстердің қасиеттерін зерттеу бізге түстердің психологиялық физикалық қасиетін, этнокөркемдік атауларын анықтауға мүмкіндік береді.
Психолог ғалымдар түстің
адамға әр түрлі әсер туралы бірқатар
зерттеулер жүргізгендігі белгілі.
Мысалы қызыл түске көп қарау,
немесеқызыл түске боялған
сезіледі, ал суық түсті бөлме жаздың күні адамға салқындағандай әсерберетіндігі анықталған.
Сол сияқты заттардың салмағына байланысты болатын түстердің қасиетін мынадан білуге болады. Мысалы қара жасыл көк түске боялған жүк машинасы өте ауыр сияқты болып қабылданса, нақ сондай формадағы машинаның түсі ақшыл көкке боялса оның салмағы жеңіл сияқты болып көрінетіндігі белгілі болған.
Түстерді тану барысында
олардың символдық түрде
Қазақ халқында түстердің белгілі бір атаулары болған. Жылқының түсіне байланысты ақ боз, күрең, қара торы, шабдар, буырыл, құла, ала, т.б. атаулармен атаған.
Картиналардағы түстердің берілуінің өзіндік ерекшеліктері болады. Мысалы, таңертеңгі мезгілді бейнелейтін картиналарда көкшіл түстер басым болса, кешкі мезгілді бейнелейтін картиналарда қызғылт түстер басым болып беріледі. Күндізгі мерзімді бейнелейтін картинадағы заттардың түстері өзінің табиғаттағы қалпында бейнеленеді. Ал егер, заттық бетінің фактурасы жылтыр болып келсе, оған сол заттың жан-жағындағы заттардың түстері әсер етіп, өзінің табиғи түстері азғана өзгеріп көрінуі бейнеленеді.
Информация о работе Бейнелеу өнерінің түрлерімен таныстыру. Батик техникасын жетк меңгеру