Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Мая 2013 в 15:55, дипломная работа
Батик өнері өте ертеде дамыған. Индонезияның Ява аралында алғаш рет дүниеге келді. Алғашқы маталардың өндірісіне дейін малайзиялықтар заттарын алып келіп аралда, ағаштын қабығына, өрнектерді жабайы аралардың балқытылған балауызы арқасында, өсімдік бояғыш заттармен қалған орындарды содан соң бояп отырған. Маталар пайда болған соң бұл әдістің негізі – балқытылған балауызбен сурет түсіру – сол жұмыстың сәндеуге де қолдана бастады. Матаға жағылған балауыз бояу түстерін өткізбейді яғни механикалық түрде резерв жасайды. Содан соң матаға түрлі түсті бояуды жаға беруге болады. Балауыздың осы бір қасиеті арқасында – ежелгі әдістердің бірі матаны әрлеудің негізі каланды.
Бейнелеу өнерінің әрбір мұғалімі оқу мен тәрбиеге жауапты болып табылады, ол оқушылардың іс-әрекетіне бағыт беріп, басшылық көрсетеді, жұмысты ұйымдастырады. Педагогтың басшылық пен бағыт берушілік рөлінсіз, әрбір оқушыны үнемі бақылаусыз мектептегі оқу-тәрбие жұмысының нәтижелі болуы мүмкін емес.
Мектептегі бейнелеу өнерін
оқыту, жалпы білім беру мақсатын
көздейді. Ол балаларды қоршаған ортаны
тануға көмектеседі, олардың байқампаздығын
арттырады, зат формасы мен бояу
түсін ажыратуға үйретеді, заттарды
өзара салыстыруға
Мұғалім мектеп оқушысының алдында әлемдік әлемін ашып көрсетеді, эстетикалық талғамын дамытады, тануға, жоғары шеберлікке, қоршаған ортаны әдемі де әсем етуге үлес қосуға тәрбиелейді. Педагог бұл айтылғандарға, балаларды үлкен өнердің шығармаларымен таныстыру барысында жігер беру арқылы ғана емес, бейнелеу сауаттылығына оқыту барысында жетуіне болады.
Оқушы бейнелеу сауаттылығының негіздерін тек қана мұғалімнің көмегімен меңгереді. Баланың сурет салуға деген алғашқы қадамынан бастап жетекші және тәлімгер өте қажет. Нұсқаға қарап сурет салуды бастағанда оқушы, суретке қалай кірісерін білмейді, неден бастау қажет, таза қағазды қалай игеру керектігін ойланады. Тәжірибелі педагог оған, жұмысты бірнеше кезеңдерге бөлудің, қандай бірізділікпен оларды жүзеге асырудың жолдарын көрсетеді.
Нұсқаға қарап сурет салуға оқыту барысында педагог ең алдымен нұсқаны бақылау мен қабылдауға баса назар аударады. Дұрыс көре білу қабілетті адамға туғаннан беріледі. Сол үшін балаларды жастық шағынан бастап, заттарға мұқият қарауға үйретіледі. Олардың назары зат формасы мен бояуына, өлшемдер қатынастарына аударылады, заттың конструкциялық құрылымын талдауға үйретіледі.
Нұсқаны талдау алдында мұғалім
оқушылардың назарын, салынатын
затқа аударып: зат формасының сипаты
қандай? өлшемдер қатынастары қалай?
Қайсысы үлкен-биіктігі ме әлде ені
ме? Заттың беті қалай жарықтанған?
Оның түсі қандай? Осылай етіп оқушыларды
нұсқамен алдын ала таныстыру, нұсқаны
онан әрі оқып үйренуге негіз болып
табылады. Мұғалім мұнан соң, онан
әрі тереңдеп бақылауға көшеді: ол
нұсқа құрылымының негізгі
Оқушы оқу нысанын айқын елестету үшін, ол ең бірінші форманы тұтастай көре білуі қажет, мұнан соң бұл заттың маңызды бөліктерін, олардың маңызды элементтерінің орналасуын, яғни нұсқаның құрылымдық бірлігін нақты және айқын көре білуі тиіс.
Мұғалімнің түсіндіру
сөзі барлығына түсінікті болу үшін,
мұғалімнің сөзі суреттермен сынып
тақтасына иллюстрациялармен
Оқушы нұсқамен танысып болған соң, оның суретін салуға көшеді. Педагог олардың алдына жаңа оқу міндеттерін қояды, оны белгілі жүйе бойынша бейнені құрастыру үрдісінде бақылауды ұйымдастырады, нұсқа құрылым ерекшеліктеріне зейін аударылады.
Сурет салу кезінде педагог, оқушылардың ойлауына бағыт беріп, қолдау көрсетіп отырады. «Оқушы үшін ойлаудың», «Ол үшін сурет салып берудің» қажеті жоқ оқушы өзінің ой жаттығуын жасап, өз дағдыларын арттырып отыруға тиіс бірақ, олардың бейнелеу еңбектерін, көзден таса етуге болмайды. Егер оқушы бейнелеу барысында қиындықтан өз бетінше шыға алмаған жағдайда, кезінде қосымша сұрақтар беру, тұспалдап айту арқылы уақытында жәрдем беріледі.
Бастауыш сыныптарда балалар әлі нұсқаны талдауға дағдыланбаған кезде, бейне құрылысын салу кезінде суреттен алғашқы алған әсердің негізінде орындайды. Олар нұсқаға аз көңіл бөледі, тіпті нұсқаны суретпен салыстыруды білмейді. Оқушы назарын жанама бақылаудан бастай отырып, нұсқаны нақтылы талдауға біртіндеп үйретіледі. Сурет салу барысында оқушылар, асықпай, абайлап және бірізділікпен бір қиындықтан екінші қиындыққа өтіп отырады.
Егер оқушы сурет салу
барысында бейне көрінісін
Мұғалім қатені жөндеу техникасын оқушының сурет дәптеріне салып көрсетеді. Қателерді жөндеу оқушы қатенің болу себебі мен оны жөндеу әдістерін түсінуі үшін, ол мұғалімнің тыңғылықты түсіндіруімен қатар жүргізіледі.
Тәжірибеде бұл ереже үнемі сақтала бермейді. Мұғалім тек қана «дұрыс емес», «қате» деп айтып, қате қай жерде және оны қалай түзетуге болатындығын түсіндіре білмейді. Сондықтан қатені уақытында көрсетіп, уақытында оқушыға жәрдем берілуі қажет. Егер педагог кешігіп қалатын болса онда оқушыға оны түзету әлде қайда қиындай түседі.
Оқушылар сурет салуды бастағанда мұғалім сыныптағы өз жұмысын қалай ұтымды ұйымдастыруына болады? Ол 2-3 минут түсіндіруден соң сыныпты аралап шығып, балалардың жұмыстарын бақылайды. Қателердің бар екенін байқаса оған балалардың назарын аударады. Сонымен мұғалімнің бірінші аралауынан соң әрбір бала ескерту алып жұмысты әрі қарай қалай дұрыс алып бару туралы кеңес тыңдайды. Ол бірінші аралаудан соң, қайтадан, аралауды бастаған бірінші балаға қайта оралады. Егер мұғалім барлық оқушыға тән қатені көретін болса, балалардың бейнелеу жұмысын тоқтатып, олардың назарын жаңағы қатеге аударады. Мұндай түсіндіру мәні тақтаға көрсетіледі. Алдымен мұғалім қатенің жіберілу себептерін нақты түсіндіріп алып, онан соң тақтаға түзету жолдары көрсетіледі.
Оқу материалдарын түсіндіргенде
мұғалім алдында бір ғана міндет
болған тиіс – ол оны барлық оқушы
түсіну үшін барлық мүмкіндіктерді жасау.
Мұғалімнің әрбір сөзі балаға түсінікті
болуы шарт.Оқу материалдарын
баланың қабылдауына жеңіл
Егер педагог материалды қарапайым және тартымды түсіндірсе, барлық оқушы оны мұқият назар сала тыңдайды. Ал егер мұғалім материалды түсініксіз мәлімдесе, оларды шатастырып алса, оқушылар біртіндеп оны тыңдауды доғарады.
Педагогикалық практика кезінде біз оқушы мен мұғалімнің ара қатынасындағы мынандай құбылысты байқауға тура келеді. Мұғалім сыныпқа кіргеннен барлық балалардың назарын өзіне аударады. Олар мұғалімнің қарамағында, ендігі жерде оқушылардың назарын өзіне қаратып ұстап тұра ала ма немесе бұл мүмкіндіктен айрылып қала ма ол өзіне байланысты.Тәжірибелі мұғалім оқушылардың зейінін өзіне қарата отырып, оны төмендетіп алмай, ұтымды түрде сабақтың тақырыбына өтеді. Тәжірибесі аз педагог өз оқушыларының жұмылған назарын назарынан жиі айырылып қалады. Кейде сабақ тақырыбын түсіндіруге мән бермейді, кейде балаларды қызықтыра алмайды, кейбір жағдайда оқу материалдарын түсініксіз етіп, береді. Мұның бәрі оқушылардың оны тыңдамауына алып келеді.
Көп жағдайларда сабақтың төмен деңгейде өтуі, балаларға емес, мұғалімге де байланысты. Мысалы: бейнелеу өнері туралы әңгіме сабақта көптеген балалардың оны дұрыс тыңдамай отырғанын байқайды. Ол сабақты үзіп, қажетті тәртіпті орнатып, қайтадан бастайды. Бірақ тағыда сол нәтиже. Мұғалім бұл оқушыларды ештеңемен қызықтыра алмайсың деп ойлайды. Бірақ оның себебі басқада.Бұл жерде мұғалім балаларға түсініксіз сөздер мен терминдерді көп қолданды. Ол өз сөздерінде «эксперсия», «фактура», «суретші заттарды тонда жақсы шешеді», «суретші лиссировканы пайдаланады» деген сөздер қолданылып, ол терминдердің мәндерін ашып көрсетуді, қажет деп ойламады. Мұның бәрі балаларды жалықтырып, оларға түсініксіз болды, мұнан соң оларға қызықсыз болып көрінеді.
Сәндік және тақырыптық сурет салу сабақтарындағы оқу үрдісін ұйымдастыру әдістемесіне ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Көптеген мұғалімдер бұл сабақтарда оқушыларға толық еркіндік беріп, өзінің белсенділігін төмендетіп алады. Бұл мұғалімдер оқушылар бұл сабақтарда тапсырмаларды өз бетінше орындауы тиіс деп есептейді. Кейбір мұғалімдер екінші сыныптағы сәндік сурет салу сабақтарында, алдымен ою-өрнектерді халық қолөнері бұйымдарынан қарап салса немесе мұғалім ұсынған схема бойынша құрастырса, екінші сабақта олар өз бетінше шығармашылықпен сәндік сурет салуы керек деп ойлайды. Бұл дұрыс емес. Мұғалім оқушылардың бейнелеу әрекетінен бөлініп қалуына болмайды. Керісінше ол балаларға басшылық жасап, күрделі шығармашылық міндеттерді шешуге көмектеседі.
Ритм, симметрия және ассиметрия
ережелері мен заңдылықтарымен
сәндік сурет салу сабақтарында балаларды
таныстыру барысында педагог
балалардың шығармашылық инициативасын
жоғалтпайды, керісінше шығармашылық
фантазиясын белсенділендіре
Мұндай жаттығулар оқушылардың ойы мен шығармашылық қиялын арттырады. Сонымен қатар композициялық ережелері мен заңдылықтарын мұғалімнің білуі оған оқу тәрбие үрдісін дұрыс жолға қоюға жәрдемдеседі, ал оқушылар көркем өнерпаздың деңгейден алып шығып, сауатты бейнелеуге жол ашады.
Тақырып бойынша сурет
салу сабағын оқыту бейнелеу өнері
мұғалімінің ерекше қызмет формасы.
Мектептегі практика көрсеткендей, кейде
бейнелеу өнері мұғалімдері тақырыптық
сурет салу бойынша сабақтың тақырыбын
айтумен шектеледі де, балалар
өз білгендерін бейнелеумен
Бастауыш сынып оқушыларын тақырыптық сурет салуға жігерлендіру педагог онша қиындық туғызатын жағдай емес.
Балалардан жазда не көргендігін
сұрасақ болды, олардың суға шомылу,
балық аулау, даладағы еңбек туралы
еңбектерін ойына түсіреді. Бұл балаларды
бейнелеу іс-әрекетіне жігерлендіру
үшін жеткілікті, бірақ мұғалім балаға
бақылаушы ретінде қарап, оларды
басшылықсыз қалдыруға
Тақырыптық композиция бойынша жұмыс сюжетті іздеуден басталады, ол мұғалімнің міндеті – сол жастағы балалардың жасына лайық, соған қызығатын композиция сюжетін таңдауға көмектесуі тиіс. Композиция тақырыбын таңдауға ең алдымен баланың бұрын көргендері, қоршаған орта туралы елестеулері жәрдемдеседі.
Адам бұрын көрген қабылдау мен елестету тәжірибелерін қолданбайынша шығармашылықпен жаңа нәрсені жасау, қиялдау мүмкін емес.
Суретшілер мен жазушылар жаңа шығарма жасау барысында, өмірден алынған нақты образдар арқылы шығып отырады. Тіпті фантастикалық образдарды жасау барысында да суреткер өмір шындығынан алынған адамға белгілі образдық элементтеріне сүйеніп отырады.
Тақырыптық сурет салу
сабағында шығармашылық қиялды дамыта
отырып, осы айтылғандарды есепке
алуы тиіс. Сондықтан оқушылардың
ой белсенділіктерін арттырып, композициялық
ойды табудан бастап, суретті аяқтағанға
дейін олардың жұмыстарына
Оқушылар композицияның эскизін жасардан бұрын мұғалім суреттегі бейнелеу обьектілерінің көптігі тақырып мазмұнын ашуға септігін тигізе бермейтіндігін ескертеді. Композициядағы артық нысандар идеялық мазмұнды ашып көрсетуге кедергі келтіруі де мүмкін.
Балаларды композиция негіздеріне оқыту оларға композициялық ережелері мен заңдылықтарын оқытудан басталады. Кейбір суретшілер, өнертанушылар, педагогтар композицияның нақты да қатал заңдылықтары жоқ, сондықтан оған оқытудың қажеті де жоқ, композиция деген суретшінің табиғи дарынымен оның интуициясына байланысты жеке адамның іс-әрекеті деп есептейді.
Бірақ Көркемөнер академиясында өз шәкірттеріне композицияның ережелері мен заңдылықтарын оқытқан. Қазіргі күнде де суретші-педагогтар осы суретті оқыту дәстүрін жалғастырып келеді. Сурет саласындағы академиктер М.Т. Манизер композицияның он ережесін, А.М. Лаптев – бес ережесін, академик А.А.Дейнека – бес ережесін көрсеткен. Академик В.Н. Яковлев біздің бейнелеу өнерінде тақырыптық картина композициясының жиырма заңдылығы мен қырық жеке ережесі бар екендігін айтқан.
Осы мәселеге байланысты бір қатар композиция тақырыптық картиналарда кездесетін заңдылықтарын қарастыруға болады. Олар: симметрия және ассиметрия, тепе-теңдік және ритм, статика және динамика, қосалқылардың бастыға бағынуы, көру орталығын бөліп көрсету және картина композициясындағы ең бастыны бөліп көрсету.
Композициядағы симметрия заңдылығы композицияның оң және сол бөліктерінің тең болуын қажет етеді.
Ассиметрия бейне
Композициядағы симметриялық тепе-теңдіктің бұзылуы, композициядағы қозғалысты тудырады, картинаға құбылыстың элементін кіргізеді.
Тепе-теңдік картинаның композициялық беріктілігін көрсетеді.Бұл жағдайда картинаның оң және сол жақ беттеріндегі көріністердің бірдей (яғни айнаның шағылысуындай) болуы шарт емес, бірақ ол болуға тиіс. Бұл тепе-теңдік мынадай түрлерде болуы мүмкін. Мысалы, картинаның бір бөлігі адам фигураларымен толтырылса, басқа бөлігі үйлермен ағаштармен толтырылады; түстер мен тоналдық қатынастарды шешу барысында – бір картинаның жоғарғы бөлігі жарық түстермен, төменгі бөлігі қараңғы түстермен теңестірілуі мүмкін.
Информация о работе Бейнелеу өнерінің түрлерімен таныстыру. Батик техникасын жетк меңгеру