Бейнелеу өнерінің түрлерімен таныстыру. Батик техникасын жетк меңгеру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Мая 2013 в 15:55, дипломная работа

Краткое описание

Батик өнері өте ертеде дамыған. Индонезияның Ява аралында алғаш рет дүниеге келді. Алғашқы маталардың өндірісіне дейін малайзиялықтар заттарын алып келіп аралда, ағаштын қабығына, өрнектерді жабайы аралардың балқытылған балауызы арқасында, өсімдік бояғыш заттармен қалған орындарды содан соң бояп отырған. Маталар пайда болған соң бұл әдістің негізі – балқытылған балауызбен сурет түсіру – сол жұмыстың сәндеуге де қолдана бастады. Матаға жағылған балауыз бояу түстерін өткізбейді яғни механикалық түрде резерв жасайды. Содан соң матаға түрлі түсті бояуды жаға беруге болады. Балауыздың осы бір қасиеті арқасында – ежелгі әдістердің бірі матаны әрлеудің негізі каланды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Батик ДЖ.docx

— 445.62 Кб (Скачать документ)

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту барысында мүғалім балардың қиялын дамытуға көңіл бөлуі тиіс. Адам қиялы адамның көңіл күйімен  байланысты, сонымен қатар өнердің  өзі көңіл күйге әсер етеді. Сондықтан  бейнелеу өнері мұғалімі оқушылардың  елестетулерін жинақтау процесін реалдық  өмір шындығынан бастап, қиялмен шығармашылықпен  өмірмен байланысты жаңа елестетулерге  дейін бағыттауға болады.

Жаңа ашылымдар, шығармалар жасау үшін қажетті маңызы бар  балалардың таң қалу, ырзалық сезім  қабілеттеріне қолдау көрсету және сақтау бейнелеу өнерін оқыту мақсатына  кіреді.

Таң қалу ғылым мен өнерде жаңа ашылымдарға қозғау салатындығына  ғылымдар мен суретшілер  аса  көп мән берген. Эйнштейн ересек адамдардың таң қалу қабілеттерінің жойылуына өкініш білдірген. Ол егер бұл қабілет адам өмірінің соңына дейін сақталғанда, ұлы ашылымдардың саны мұнанда көп болар еді, -деп  есептеген.

7. Бейнелеу өнерін оқытудың  маңызды міндеттерінің бірі -оқушыларды  өнердің даңықты шығармаларымен  таныстыру. Мұғалім өнер туралы  әңгіме кезінде графика, кескіндеме, мүсін, сәулет, сәндік қолданбалы  өнердің түрлері туралы әңгіме  қозғайды. Өнер туралы әңгіме  оқушыларды адамзат мәдениетінің  даму тарихымен, өнердің даңықты  шығармалармен, ұлы суретшілердің  өмірі мен шығармашылығымен, белгілі  кезеңнің стилімен, бұрынғы және  қазіргі даңықты өнер адамдарымен  таныстырады.

Мұғалім міндеті өнердің  мәнін қарапайым, түсінікті, лайықты  формада бала санасына дейін жеткізу  болып табылады. Ол үшін бейнелеу өнерінің түрлерінің ерекшеліктерін атап көрсетіп, олардың жанрларына түсінік беру қажет. Өнер шығармасының көркемдік  ерекшеліктерін талдап, оқушылардың  қөзқарасы мен ойлау қабілеттерін қалыптастыру аса маңызды міндет болып табылады. Әңгіме кезінде мүғалім  оқушыға өнер шығармасының көркемдік  ерекшеліктері мен онан алған  әсері туралы ойларын айтуға мүмкіндік  туғызады. Шығармаға оң баға берген оқушыны мадақтап, ал егер ол суретші  шығармасындағы басты және бағалыларын  түсінбеген жағдайда лайықты түзету жасап, түсініктемелер береді.

Бейнелеу    өнерімен    таныстыру    өмірдегі    және    өнердегі әсемдікті  түсінуге, отан мен табиғатты сүюге  бағытталады.Әңгіме барысында мұғалім  балалардың назарын өмір шындығының көркемдік бейнеленуі мен орындау  техникасына талдау жасау арқылы өнер шығармасын тани білуге үйретеді.

Атап өтілген оқу –тәрбие  міндеттерін жүзеге асыру үшін мүғалімге  өнерді таныстырудағы белгілі жүйені ұстанып, оқушылармен жүмыс жүргізудің әртүрлі әдістерін қолдану қажет. Әрбір оқу сабақтары өзінің лайықты  әдіс мен іс-әрекетке деген ерекше қатынасты қажет етеді. Бұл қызметте әсіресе дәрістерді өткізуге деген  тапқырлық пен педагогтық шеберлік маңызы орын алады.

Мұғалім оқушыларға өнерді таныстыруда үлгерімге жеткізу  үшін оқушылардың меңгеретін білімі мен дағдыларының көлемін біліп  оқушылармен қандай жұмыс әдістерін  таңдап алу керектігін білуге тиіс. Бұл міндеттер бейнелеу өнерін оқытудың бағдарламасында қарастырылған. Бірақ  оқу бағдарламысы мұғалім қызметінің ерекшеліктерін көрсетпейді. Ең бастысы  бағдарлама туралы білім формалды емес, ойластырылған, теориялық білімдерге сүйенген білім болуы тиіс.

Мектеп бағдарламасын  талдау сурет сабақтарының мазмұнына  кіретін нақты мәселелерді ашып көрсетуді қажет етеді.

 

 

3.2 Мектептегі  бейнелеу өнері сабақтарының  мазмұны 

Мектептегі бейнелеу өнері  сабақтарында оқу-тәрбие міндеттерін  шешуде сабақтың төрт түрі қарастырылады. Олар нұсқаға қарап сурет салу сабағы, сәндік сурет салу сабағы және өнер туралы әңгіме сабақ.

Бастауыш мектептегі бейнелеу өнері сабақтары бірінші сыныптан, төртінші сыныпқа дейін жүргізіледі. Бастауыш сыныпта бейнелеу өнері  сабақтарына 108 сағат берілген. Оның 35 сағаты нұсқаға қарап сурет  салу сабағына, 24 сағаты сәндік сурет  салу сабағына, 37 сағаты тақырып бойынша  сурет салу сабағына, 12 сағаты өнер туралы әңгіме сабағына бөлінеді. Бұл  сабақ сағаттары оқу жылдары  бойынша төмендегі түрде бөлуге болады.

 

Сабақ түрлері

әрбір сыныптағы сағат  саны

І

II

III

Барлығы

Нұсқаға қарап сурет салу

6

6

7

19

Сәндік сурет салу

16

16

15

47

Тақырыптық сурет салу

10

10

10

30

Өнер туралы әңгіме

4

4

4

12

Жалпы саны

36

36

36

108


 

Бұл тәртіп бойынша бастауыш сыныптағы бейнелеу өнері сабақтарының ішінде нұсқаға қарап сурет салу сабағына 19 сағат, сәндік сурет салу сабағына 47 сағат, тақырыптық сурет салу сабағына 30 сағат, өнер туралы әңгіме сабақтарына 12 сағат берілген. Енді осы сабақтарды жеке қарастырамыз.

Нұсқаға қарап сурет салу сабақтары.Нұсқаға қарап сурет  салу сабағы бейнелеу өнерін оқытудың негізі болып табылады. Бұл сабақтарды өткізудің мақсаты оқушыларды бейнеленетін заттардың нұсқасына қарап бейнелеуге үйрету болып табылады. Заттардың  формасын, өлшемдерін, түр-түсін дүрыс  қабылдауға үйрету, олармен таныстыру  барысында заттың қасиеттерін сараптауға үйрету міндеті қойылады.

Мұғалім бұл сабақтарда нұсқаға  қойылған заттардың формасына өлшемдер қатынасына, жарық пен көлеңке  құбылысына, көз деңгейінен жоғарғы  немесе төмен болуы сияқты ерекшеліктеріне  талдау жасайды. Мысалы, оқушы жалаудың суретін салу алдында мұғалім  оған өлшемдерінің қатынастарына көңіл  аударады. Үлкен өлшемнің көлденеңінен бағытта кіші өлшемнің тігінен бағытты  орналасқандығына, түстерінің аспан  көк екендігіне және ондағы жарық  пен көлеңке, ою-өрнектер көріністеріне  оқушылардың назары аударылады. Мұғалімнің мұндай жүйелі түрдегі талдаулары нәтижесінде  оқушылардың көру аппараты арқылы алынған  әсері талдау, сараптау қабілеттері  артып отырады. Нұсқаға қарап  сурет салу барысында оқушы зат  туралы мәліметтері толыға түседі. Сурет салу барысында бала нұсқаны  мұқият қарап, оның қүрылымындағы ерекшеліктерін табуға талпынады. Бастауыш сыныптағы  зат формасын тану екі бағытта  жүргізіледі бірі-көру арқылы (яғни нұсқаға қарап сурет салу) және ұстап білу арқылы жүзеге асады.

Нұсқаға қарап сурет салу сабақтарында мұғалім зат формасы  туралы дұрыс түсініктер бере отырып, жарық пен көлеңке, перспектива, түстану, анатомия туралы ғылыми мәліметтер негізінде оқушылардың ойлау  қабілеттерінің дамуына ықпал етеді.

Сурет салушыға зат формасының сипатымен қатар оның құрылымына көңіл аудару қажет. Зат формасы, үлкен және кіші бөліктерден тұрады. Кейбір заттар симметриялық ал кейбір заттар симметриялық емес бөліктерден  тұратындығы көрсетіледі. Адамдар  мен жан жануарлардың формасындағы    симметрия    және    әр    түрлі    өсімдіктердің    заттардың формаларының ерекшеліктері  сабақта талдап көрсетіледі. Мұндай талдаулар мен   қатар   суреттер   салу   нәтижесі   оқушылардың   ойлау   қабілеттерін Сонымен  баланы сурет салуға үйрету адамның  жалпы дамуына әсер етеді.

Сурет сабағында мұғалім  оқушы алдында қандай міндет қойсада, оны шешу ойлау белсенділігін  арттыруды қажет етеді. Оқулық суретті  салу барысында нұсқаны танып  білу маңызды. Нұсқаны танып білу жай қарап көру емес ол зат туралы толық емес, жеке дара түсініктерден  бастап, зат туралы толық елестетудің  болуын көздейді. Оқушы нұсқаға қарап  отырып, сурет салу барысында нұсқаны  мұқият қарайды, оның ерекше сипатын зат құрылымын айқындауға талпынады. Соның нәтижесінде зат туралы түсініктер, ойлау мен ой қорытындылары анықталып, нақтылана түседі.Сонда ғана салатын нұсқаны көруге, ойлануға, өлшеуге, салыстыруға мүмкіндік туады.

Сурет салу барысында зейін  маңызды орын алады. Мысалы, кубтың перспективалық көрінісінде оның ені  мен биктігі бірдей болып көрінуі мүмкін, бірақ шын мәніндегі өлшемдері әр түрлі. Сол сияқты балаларға жапырақтың суретін салдыру барысында бала, оның формасының сипатын түсіне алмайды, ал егер олар сол жапырақты басқа қайың, қарағай, терек, шырша жапырақтармен салыстырып көретін болса онда, салатын жапырақтың формасының сипатын анықтауға мүмкіндік туады. Мұнан шығатын қорытынды балаға зат формасын қабылдауға, суретін салуға өлшемдер қатынасын, формасын, құрылымын салыстырудың орны ерекше. Сонымен қатар балалардың зейін тәрбиелеудің маңызы үлкен.

Оқушылардың белсенді зейінін  тәрбиелеуде ешбір оқу пәні, нұсқаға  қарап сурет салу сияқты мүмкіндікке  ие бола алмайды. Нұсқаға қарап сурет  салу оқушылардың кеңістік туралы ойлауы мен қиялын дамытады. Перспектива  құбылыстарының қарапайым ережелерімен танысу, кеңістікті ойлаудың күрделі  екендігін көрсетеді. Үш өлшемді  көлемді затты жазықтық бетінде  бейнелеу, оқушының кеңістік туралы ойлауының  қажет екендігін көрсетеді. Барлық графикалық ой, бейнеленетін затты  көру дағдысына негізделеді. Сондықтан  сурет салушы заттың конструкциялық құрылымын, бөліктерінің өзара байланыстарын, форма сипатын, заттың кеңістіктегі қалпын елестете білу қажет.

Оқушылардың айқын образдық елестету қабілеттерін дамыту, нұсқаға  қарап сурет салу, есте сақтаудың  дамуына ықпал етеді. Адам өмірінде есте сақтаудың ролі ұшан теңіз. Нұсқаға  қарап сурет салу тек қана образдық есте сақтаумен шектеліп қалмай, сол  сияқты қозғалыс, эмоциялық және сөздік-логикалық  естердің дамуына ықпал етеді.

Оқушының зат туралы айқын  елестетуінің негізінде қиял қабылеті дамиды. Нұсқаға қарап сурет салу кезінде абстракциялық ойы дамиды. Зат формасының құрылымына конструктивтік талдау абстрактылы ойлаусыз мүмкін емес, ол сурет салу барысында үнемі  зат құрылымына талдау жасап отырудың қажет етеді.

Зат формасын үйренудің басқа  түрлелеріне қарағанда абстрактілі  ойлау процесінің барлық уақытында, нұсқаға қарап сурет салудың  мүмкіндігіндей жағдай бола бермейді. Мүның бәрі сурет салуды үйрену адамның  жалпы дамуына әсер етеді.

Орта мектептегі нұсқаға  қарап сурет салу дегеніміз жарық  пен көлеңке

мүмкіндіктері арқылы карандашпен  сурет салуды ғана қарастырып қоймай, оған қоса кескіндеме өнерінің мүмкіндігі арқылы түрлі түсті бояулармен сурет  салуды білдіреді.

Кескіндемені оқытудың міндетіне  нұсқасына қарап, жеке затарды, қарапайым  натюрморты, ингерьерлер мен пейзаждарды  салуды көздейді. Кескіндеме элементтерімен танысу барысында оқушылар түрлі  түсті қарандаштармен, акварель және гуашь бояулармен жұмыс істеудің техникалық тәсілдерін меңгеруді көздейді. Бірінші сыныпта оқушылар акварельмен  табиғат заттарын (жапырақ, жәндіктер  т.б.) бояуларды араластырмай-ақ бір  түспен  бейнелеуге  үйретілді. Үшінші  сыныптан бастап, олар бояуларды араластыру арқылы заттың (түсіне жақын бояу түстерін табуға ұмтылады. Сонымен қатар олар түрлі-түсті бояуларды бірінің  үстіне бірін жағуды үйренеді. Төртінші сыныпта оқушылар акварельмен көлемді  формаларды (көкөністі, ыдыстарды) бейнелейді. Алғашқы кезде бұл заттарды ақ фонда бейнелесе, соңынан оларды жарық түсті фонда бейнелеуді үйренеді. Бесінші, алтыншы сыныптарда нұсқаға қарап сурет салу сабақтарында акварель бояуларымен бір топ  заттардың түстерінің қатынастарын бере білуге, зат көлемін беруге бағытталады. 

Бұл сыныптарда оқушылар жұмысты  ылғалды түрде жазу тәсілдерін қолдануға, түстердің бір-біріне ұласуы, түстерді бірінің бетіне-бірін қалау тәсілдеріне  бағытталады.

Кескіндемені оқу барысында  мүғалім оқушылардың қоршаған ортаны қуаныш сезімімен қабылдайтындығын ойынан шығармауы тиіс. Балалардың алғашқы әсерлері біртіндеп, ойға айналмауы  қажет. Сондықтан оқушыларды түстанудың ережелерімен, өзінің натурадан алған  әсерлерін түстер арқылы бейнелеуді қолдана білуге, заттар беттеріндегі жарық пен түстердің үйлесімін, көру арқылы қабылдағанынан алшақтатпай  бейнелеуге үйрету қажет.

Нұсқаға қарап сурет салу балаларға эстетикалық тәрбие берудің  тамаша мүмкіндігі болып табылады. Нұсқаға қарап пейзажды, ағашты, гүлді салу барысында бала табиғат  әсемдігіне, түстер мен формалардың  алуан түрлігі мен байлығына  қызыға түседі. Ол түтас заттың және оның бөліктерінің пропорциялық қатынастарын көре біліп, табиғат формаларының гармониясы мен ритмін, түстердің түрлі деңгейдегі реңдерін көре білуге үйренеді. Балалардың байқампаздығын елгезектігін дамыта отырып, біз эстетикалық тәрбие беру міндеттерін  шешеміз.

Сәндік сурет салу сабақтары.Сурет  салу оқушыларға графикалық сауаттылық негіздерін меңгертумен қатар олардың  шығармашылық қабілеттерін дамытады. Оқушылардың шығармашылық қабылетін  дамытудың ерекше мүмкіндігі сәндік сурет салу сабағы. Бейнелеу өнері  бағдарламасында ою-өрнектер құрастыру, альбомдарды безеңдендіру, бөлме  ішін безендіру тапсырмалары қарастырылған. Мұндай тапсырмалардың мектепте берілуі  кәсіптік қызметке дайындау емес, шығармашылыққа тәрбиелеу оқушылардың өз бетінше  жұмыс істеуіне жол ашу және қоғамдық пайдалы еңбекке тарту болып  табылады.

Бастауыш сыныптағы сәндік сурет салу сабақтарында оқушыларға сәндік өнердің көркем бұйымдары  таныстырылады. Бұл сабақтарда қазақ  қолөнерімен оқушыларды таныстыру  мынандай бағыттар бойынша жүргізіледі: қолөнердің түрлері; қолөнер шеберлері, қазақ киіз үйі; қазақ халқының ою-өрнектер; тұрмыста жиі қолданылатын сәндік қолөнер бұйымдары; сәндік өнер бұйымдарын жасау технологиясы; қолөнер шеберлерінің құрал саймандары; ұлттық киімдер мен ыдыс-аяқтар; ер тұрман ат абзелдері; қолөнер бұйымдарын жасауға қолданатын материалдар; шаруашылыққа қажетті бұйымдар т.б.

Қазақ сәндік қолданбалы өнер бұйымдарын оқушыларға таныстыру барысында  бұйымның көркемдік ерекшеліктеріне  талдау жасалады. Бұйымның қолөнердің қандай түріне жататындығы, оны жасаған  шебер, бетіне салынған ою-өрнектер, бұйымды  жасау технологиясы, қолданған құрал  саймандары материалдары туралы таратылып  айтылады. Осындай бағыттағы талдаулар  негізінде бала көркем өнер бұйымдарының көркемдік ерекшеліктері туралы қажетті білімдер жүйесін меңгерді. Қолөнер бұйымдарының атауларын  үйренеді. Осындай іс-әрекеттердің нәтижесінде балалардың көркем өнер білімдері жүйеленіп, олардың әсемдік  тарғамдары арта түседі. Мысалы, балаларға  кілем өнерін таныстыру барысында  кілемнің түкті кілем және тақыр  кілемдерге бөлінетіндігі, кілем сәндік өнердің жүнді көркем өңдеу түріне кіретіндігі айтылады. Мұнан соң  кілемнің бетіне салынған ою-өрнектің композициясына назар аударылып, оны  тоқуға қажетті материалдар қалай  дайындалатындығы, тоқу станогының құрамындағы  бөлшектерінің атаулары туралы мәліметтер беріледі. Арнайы дайындалған таблицалар бойынша кілемді тоқу технологиясымен  таныстырылады. Қазіргі шеберлердің  тоқыған кілемдерінің бірі үлгі ретінде  көрсетілді.

Информация о работе Бейнелеу өнерінің түрлерімен таныстыру. Батик техникасын жетк меңгеру