Бейнелеу өнерінің түрлерімен таныстыру. Батик техникасын жетк меңгеру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Мая 2013 в 15:55, дипломная работа

Краткое описание

Батик өнері өте ертеде дамыған. Индонезияның Ява аралында алғаш рет дүниеге келді. Алғашқы маталардың өндірісіне дейін малайзиялықтар заттарын алып келіп аралда, ағаштын қабығына, өрнектерді жабайы аралардың балқытылған балауызы арқасында, өсімдік бояғыш заттармен қалған орындарды содан соң бояп отырған. Маталар пайда болған соң бұл әдістің негізі – балқытылған балауызбен сурет түсіру – сол жұмыстың сәндеуге де қолдана бастады. Матаға жағылған балауыз бояу түстерін өткізбейді яғни механикалық түрде резерв жасайды. Содан соң матаға түрлі түсті бояуды жаға беруге болады. Балауыздың осы бір қасиеті арқасында – ежелгі әдістердің бірі матаны әрлеудің негізі каланды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Батик ДЖ.docx

— 445.62 Кб (Скачать документ)

Композициядағы ритм бір  ғана зат бейнесінің қайталанып келуінен, немесе бір ғана фигура қозғалысына  қайталанып келуінен құралады. Ритм заңы суретшіге қозғалыстың құрылымдылығы  мен үздіксіздігіне жәрдемдеседі.

Статика заңдылығы дене мен  сызықтардың қозғалыстарының тұрақтылығын, композицияны вертикаль және горизонталдық  жағдайлардағы қалпын нақты мүшелеуді  талап етеді.

Динамика заңдылығы, керісінше, дене қозғалысы бағыттарының күрт өзгеруін, картинадағы фигуралардың диоганал, спирал, зигзак  қозғалыстарымен  орналасуын қажетсінеді.

Қосалқылардың  ең бастыға  бағынуы заңдылығы бойынша суретшіге  картинадағы заттар бейнесінің біреуі арқылы көрермен назары ерекше аударылып, барлық заттар басты зат бейнесіне  бағындырылуы тиіс.

Көру орталығын бөліп  көрсету заңдылығы бойынша басты  элементті әдеттегідей емес орналасуымен айқындалады. Бірақ ол көрерменге әдейі  жасалған сияқты болып көрінбеуі  тиіс. Мысалы, суретші А.К.Сабрасовтың  «Ұзақтар ұшып келеді» атты картинасында орталық вертикаль композиция осі  білінеді. Перспектива  заңдылығына  сәйкес көру орталығы горизонт сызығының  бойында орналасуы тиіс.Бірақ  суретші картинада көру орталығын  горизонт сызығынан жоғары, ұзақ  қарғалар бейнесіне апарып орналастырған.

Әрине балалар мұндай күрделі  міндетті шеше алмайтыны белгілі. Дегенмен, әрбір жастағы оқушыларға өздеріне лайық білім көлемі мен дағдыны  меңгерту, оқу материалдарын берудің  әдістері болатындығын айту орынды. Бірақ  мұғалім қай жерде бейнелеу сауаттылығына  тартып оған жетекшілік көрсетсе, үлгерімі көзге бірден көрініп тұрады.

Оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі формасы сабақ болып  табылады.Оқу материалдарын оқу  жылының белгілі күндеріне, айларына, тоқсандарына бөлу оқу жоспарының сапасын  қамтамасыз  етеді. Әрбір сабақтың қарқындылығы, жаңа оқу материалының сапасымен, 45 минут бойы әрбір оқушыға  берілетін физикалық жүктеменің  мөлшерімен анықталады. Мұндай жүйе оқушыға  артық жүк түсірмей, оқуға берілетін  уақыт мөлшерін ұтымды пайдалануға  жол ашады. Сабақтардың қатал  апталық сабақ кестесі бойынша  анықталады. Бұл мұғалімге  оқу  бағдарламасы бойынша жұмысты жыл  бойына жоспарлауға жәрдемдеседі.

Оқу-тәрбие жұмыстарын жоспарлауға  кіріспес бұрын, мұғалім бейнелеу өнерін оқытудың бағдарламасын оқып танысуы  міндетті. Бағдарламада негізгі тапсырмалар  мен нұсқалық қойылымдардың тізімі беріледі, бейнелеу өнерін оқыту курсының әрбір жыл бойынша, әрбір тапсырмаға берілетін сағаттар саны, орындау  мүмкіндіктері айқындалады.

Оқушылардың әрбір тоқсанда, әрбір сыныпта алатын бейнелеу өнері  білімдері мен меңгеретін бағдарламаларының  көлемі бөліп көрсетілді.  Педагогикалық қызметті жаңа бастаған педагогтар бұл оқу бағдарламаларында бар, мұны бөліп көрсетудің  қажеті жоқ деп есептейді. Оқу бағдарламасында әрбір жылға бөлінген оқу тапсырмаларының бірізділікпен күрделенуі көрсетілгенімен, оқыту әдістемесінің көптеген жеке сұрақтары қарастырылмайды. Педагогикалық үрдіс – шығармашылық үрдіс.

Сондықтан оқу бағдарламасы  қатып қалған нәрсе емес, іс-әрекетке деген жалпы басшылық бағдар ретінде  тану қажет. Бағдарламада тек қана негізгі  бағыт беріледі, ал оны жүзеге асыру, көптеген жеке мәселелерді шешу, жұмысты  ұйымдастырушының, мұғалімнің өзінің ісі.

Кейбір жас мұғалімдер,  бағдарламада орындауы мүмкін емес нұсқаулар  берілсе оны қалай іс жүзінде  асырамыз деп сұрайды. Мысалы, бейнелеу өнері туралы әңгіме сабақта қолдануға, дүкеннен тауып алуы мүмкін бола бермейтін  картина репродукциялары беріледі. Немесе бағдарламаның нұсқаға қарап  сурет салу бөлімінде ауылдық  жерлерде табыла бермейтін заттарды натюрморттық қойылымға қоюы ұсынылады.

Оқу бағдарламасы көрсетілгендердің  бәрін бірдей орындауды талап  етпейді. Ол оқушыларды қандай суретшілермен  таныстыру қажеттігін және оның қандай шығармасы, шығармашылық келбетін айқын  ашатындығын көрсетеді. Егер мұғалімде  бағдарламада көрсетілген қандайда бір суретшінің картинасының репродукциясы  табылмаған жағдайда, оны сол суретшінің басқа шығармасымен ауыстыруына  болады.

Натюрморттың қойылымдарға байланысты да осыны айтуға болады. Бағдарлама тек қана зат формасының күрделік деңгейін көрсетеді, егер мұғалімде  көрсетілген заттар болмаған жағдайда оны осы күрделілік деңгейіндегі басқа формамен ауыстыруға мүмкіндік  беріледі.

Сондықтан, бағдарлама бойынша  оқу жұмысын жоспарлау барысында, мұғалімге біріншіден, оқу материалдарының  негізгі мазмұнын бөліп көрсету  қажет; екіншіден, оның өзінің қолында  бар дидактикалық материалдардың мүмкіндіктерімен санасуы тиіс.

Мектептегі бейнелеу өнерінің  мұғалімі өзінің жеке жұмыс жоспарын жасау барысында әрбір сыныпқа  арнап жылдық жоспар жасауы қажет. Мұндай жылдық жоспарлардың ең дұрысы жылдық иллюстративтік жоспар етіп, жасау. Бұл  жылдық жоспар жыл бойғы жұмыс  мазмұнын көрнекті түрде елестетуге мүмкіндік береді.

Иллюстрациясыз жылдық жоспар жасау барысында мұғалімдер кейбір сабақ түрлерін тоқсандарға бөлуде өнер туралы әңгіме немесе тоқсан соңына нұсқаға қарап сурет салу сабақтарын жіберу сияқты сәтсіздіктерге жол береді. Мұндай жоспарларды ұтымды деп ойлауға  болмайды. Балалар мектептегі  сабақтарды бітіріп, жазғы демалысқа бейнелеу өнерінен әрі қарай жұмыс істеуге  көңіл күйі болмай шығады. Егер соңғы  сабақтар сәндік сурет салу немесе тақырыптық сурет салу болса, онда балалар  каникуль кезінде осы жұмыстарды әрі қарай жалғастыруға деген  ынталары арта түскен болар еді. Балалар  әдетте «Жазғы каникуль», «Жаңа жыл», «Бірінші мамыр», «Жаз» т.б тақырыптарға байланысты тақырыптық композициялар  жасап, сәндік жұмыстарды қызыға орындайды.

Иллюстрациялық жоспар осындай  кемшіліктерді бірден көруге мүмкіндік  береді. Мұнымен қатар иллюстративтік жоспарда оқу қойылымдарының сипаты және оның әдістемелік бағыттылығы  көрінетін болады.

Жылдық оқу жоспарын бәрінен  бұрын таблица түрінде, әрбір  сабақ, әрбір тоқсан, әрбір оқу  материалдары клеткаларға бөлініп  жасалынады. Әрбір клеткада, сабақ  түрі, сабақ тақырыбы, және жұмыс  мазмұны көрнекті түрде беріледі. Кейбір әдіскерлер иллюстративтік жоспарды орындау артық уақытты алатындығына байланысты мұндай жұмыс түрі артық  деп есептейді.Практика мұның керісінше  екенін көрсетті.

Мұндайлар жыл бойына бірнеше  рет жоспарына өзгертулер мен  толықтырулар енгізуіне тура келеді. Сөйтіп көптеген уақытын осы жұмыстарға кетіреді. Иллюстративтік жоспар көз  алдында болған жағдайда мұғалім, қай  жерде оқушыларға қандай бір немесе басқа тапсырманы беру қажеттігін айқын  бағдарлай алады. Сонымен қатар  иллюстративтік жоспар оқу материалдарын  әрбір жылға, әр сыныпқа күнтізбелік  жоспар, тақырыптық талдаулар мен  сабақ конспектілерін жасау жұмыстарын жеңілдетеді.

Оқу жоспарын жасаумен қатар  мұғалім сабаққа қажетті дидактикалық және әдістемелік материалдар жинақтайды. Бұларға әдістемелік және арнаулы  әдебиеттер, олардан цитат түріндегі  көшірмелер, аннотациялар, иллюстративтік материалдар, әр түрлі әдістемелік  материалдар (схемалар, плакаттар, приборлар) халық шығармашылығының үлгілері жатады.

Көлемі шағын оқу- әдістемелік  материалдар тақырыптарға бөлініп, жеке папкаларда немесе конверттерде сақталады. Өлшемі үлкен материалдар (репродукциялар, плакаттар, әдістемелік  таблицалар) үшін арнаулы папка арнау  қажет болады.

Мұғалімнің сабаққа дайындығының белгісі, оның тақырыптық талдаулар  жасауынан көрінеді. Онда әрбір сабақтың  нақты мазмұны анықталып, оқу  материалдарын меңгеру мен пысықтауға арналған оқу процесінің  құрылымдық әдістері көрсетіледі.

Жоғарыда көрсетілгендердің  бәрі мұғалімге сабақ конспектісін құрастыруға сенімді мүмкіндік  туғызады.

 

 

3.7 Сабақ мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі

формасы

Оқушылардың оқу-тәрбие міндеттерін  толығымен шешу сабақтарды іскерлікпен  ұйымдастыру мен өткізуге байланысты. Бейнелеу өнерінің әрбір сабағы аяқталған, мақсаты бар оқу пәнінің  жалпы  мақсаттары мен міндеттеріне байланысты  сабақтар жүйесінің бір бөлігі болып  табылады.

Орта мектептегі бейнелеу өнерінің сабақтары құрылымы жағынан  басқа пәндердің сабақтарынан айырмашылығы аз. Бұл сабақтарда да: ұйымдастыру  кезеңі, үй жұмысын тексеру, өткенді  пысықтау және қорытынды шығару бөліктері сияқты құрылымдар болады. Сабақтың бұл элементтері барлық сыныптарда, әр түрлі оқу жылдарында, бір оқу жылының өзінде, сабақтың белгілі бір немесе басқа кезеңдеріне бөлінген сағат саны әр түрлі болып өзгеріп отырады.

Сабақтар әр уақытта бірсарынды болмауға тиіс. Бейнелеу өнері сабақтары  түрі, формасы мен мазмұны бойынша  әр алуан болғандықтан бұл шартты орындау қиындыққа соқпайды. Нұсқаға  қарап сурет салу сабақтарында балалар  сурет салумен де, кескіндеме жұмыстарымен де айналысады; сәндік сурет салу сабақтарында  олар өрнектер құрастырып, шрифтерді  оқып, сәндік композициялар құрастырады, дизайн элементтерімен таныстырылады;  өнер туралы әңгіме сабақта олар архитектураның, мүсіннің, кескіндеменің, графикалық, сәндік қолданбалы өнердің  тамаша шығармаларымен танысады.

Нұсқаға қарап сурет салу, сәндік және тақырыптық сурет салу сабағы болсын, әрбір сабақты ұйымдастыру  барысында  уақытты ұтымды пайдалануға  көңіл бөлінеді. Әрбір сабақ мынандай бөліктерге жіктеледі:

1. Сабақты ұйымдастыру.  Бұған мұғалімнің сыныпта қажетті  тәртіпті орнату, сабаққа қатыспағндарды  сынып журналына белгілеу, балаларды  оқу жұмысына дайындау іс-әрекеттері  кіреді.

Сабақ басталар алдында жұмыс  орны дайындалып, нұсқа ретінде қойылатын  заттар мен басқа да материалдар  ертерек әкелініп, керекті тәртіппен  орналастырылады. Мұны ұйымдастыру  үшін кезекші оқушылар жұмылдырылады.

Бастауыш сыныптардағы бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінде оқушылардың  жұмыс орнын ұйымдастырудың мәні ерекше. Бұл үшін мұғалім балаға сурет салуға қажетті құрал-жабдықтармен белгілі тәртіппен орналастыруды, жұмыстан соң оларды жинап алып, арнаулы орындарға сақтауды үйретеді. Кейбір мектептерде бейнелеу өнері  кабинетінде оқушылардың альбомдары мен құрал-жабдықтары сақталатын арнаулы  шкафтар болады. Сабақ алдында  кезекші қалам, бояу және дәптерлерді  парталарға таратып, бояумен жұмыс  істеу үшін суды кішкене банкаларға құйып толтырады. Кір суды төгуге арналған шелек бұрышқа қойылады, бұл оқушының жұмыс барысында  суын ауыстырып отыруына мүмкіндік  туғызады.

Егер өткен сабақта  оқушыларға үй тапсырмасы берілген болса, ол тексеріліп, сыныпқа ортақ қателіктері  көрсетіледі және оны жөндеу жолдары  айтып түсіндіріледі. Үй жұмысын  тексеру барысында оқушылар өз суреттерін партаға қояды да, педагог аралап жүріп, суреттерді қарайды, ескертпелер  жасайды, жақсы және нашар орындағандарын сыныпқа көрсету үшін таңдап алады. Аяқталған үй жұмыстарының бағасы сынып  журналына толтырылады.

2. Жаңа материалдарды  түсіндіру.

Бұл кезеңде мұғалім жаңа тақырыптың мақсат міндеттерін түсіндіріп, тапсырманы қалай орындау керектігін көрсетеді, көрнекті құралдар – схемалар, сызбалар, әдістемелік таблицалар көмегімен  түсініктемелер береді.

Оқушылардың материалды қалай  түсінгендерін байқау үшін сыныпқа  сұрақтар беріледі.

Бейне құрылымын салу принциптерін ашу барысында мұғалім міндетті түрде өз түсіндірулерін сынып тақтасына  немесе арнаулы планшетке, бір бет  қағазға иллюстрация жасап көрсетеді.

Мұғалім бұл суреттерінде ұсақ түйекке дейін бейнелеп көрсетуі қажет емес. Оның мақсаты, оқушыларға шешуі қиын болып тұрғандарға  жәрдем көрсетіп, негізгі зат формасын құрудың дұрыс жолын көрсету. Бастауыш сынып оқушылары мұғалімнің тақтаға көрсеткен суретінің  ұсақ бөлшектеріне қызығушылық танытып, бұл кейде мұғалімнің сынып алдына қойған мақсатына жетуге көмектеспей  оған кедергі жасауы да мүмкін.

Тақтаға сурет салудың  бірізділігін көрсету барысында  біз схемалық сурет салудан, заттың көрінісін бөлшектерімен бейнелеуге өтеміз. Сурет салудың алғашқы  кезеңінде сурет құрылысын белгілі  схемаға салусыз өте алмайды. Бұл, мысалы, қайынның жапырағын көпқырлы геометриялық формаға, көбелекті-трапеция ішіне, горизонталь және вертикаль  ось сызықтарын жүргізу түрінде  көрініс табады. Мұндай зат құрылысын  салудың қосымша сызықтарды пайдалану  әдістері бейне көрінісін салуды дұрыс бастап, дұрыс жалғастыруға жол ашады.

Тақтаға салған суретті оқушылардың  бейнелеу жұмысы кезінде қалдыруға  болмайды. Себебі оқушылар тақтадағы  дайын суретті көшірумен айналысып, нұсқаға қарап сурет салудың  қажеттігін ұмытады.

Бірінші сыныптың бірінші  сабағынан бастап оқушыларға дұрыс  отыру, қалам мен өшіргішті пайдалану  ережелерін, сонымен қатар альбом мен қағазға дұрыс орналастыру ережелері үйретіледі(11-36).

Сурет қағазын сурет салу кезінде айналдыруға болмайтындығы  айтылады. Егер формат оқушының алдында  жатса, мұғалімнің түсіндіруіне ал оқушының түзу сызықтық бағыттарын түсінуіне  жеңіл болады.

Сурет салу барысында оқушы  еркін және түзу отыруы қажет. Педагог  оқушының түзу отыруын, суретті қол  созым жерде ұстауын және өз суреті мен нұсқаны үнемі салыстырып отыруына басшылық жасайды. Алғашқы  кезде қол саусақтары қозғалысының еркін болуына үлкен көңіл  бөлінуі тиіс. Қолдың бостандық қозғалысының дамуы сурет салу дағдыларының дамуымен қатар әріптер мен цифрларды  жазуына да жеңілдік туғызады.

Сонымен қатар сабақта  оқушылар түзу сызық сызу үшін сызғыш, қорап, панель құралдарын жиі пайдаланатындығы жиі кездеседі. Сондықтан оқушыларға барлық сызық қолмен, құралдың жәрдемінсіз, көз мөлшерімен салынатындығы айтып  түсіндіріледі.

3. Оқушылардың өзіндік  жұмысы. Жаңа материалдарды түсіндірген  соң балалар сурет салуға кіріседі. Мұғалім балалардың салған суретін  мұқият бақылайды. Балалардың  сурет салу кезінде мұғалім  сыныпты аралап, ескертулер жасап,  кейбіреулеріне қосымша түсініктемелер  беріп, кейбір жағдайда балалардың  суретіндегі қателерді жөндейді.

Информация о работе Бейнелеу өнерінің түрлерімен таныстыру. Батик техникасын жетк меңгеру