Бейнелеу өнерінің түрлерімен таныстыру. Батик техникасын жетк меңгеру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Мая 2013 в 15:55, дипломная работа

Краткое описание

Батик өнері өте ертеде дамыған. Индонезияның Ява аралында алғаш рет дүниеге келді. Алғашқы маталардың өндірісіне дейін малайзиялықтар заттарын алып келіп аралда, ағаштын қабығына, өрнектерді жабайы аралардың балқытылған балауызы арқасында, өсімдік бояғыш заттармен қалған орындарды содан соң бояп отырған. Маталар пайда болған соң бұл әдістің негізі – балқытылған балауызбен сурет түсіру – сол жұмыстың сәндеуге де қолдана бастады. Матаға жағылған балауыз бояу түстерін өткізбейді яғни механикалық түрде резерв жасайды. Содан соң матаға түрлі түсті бояуды жаға беруге болады. Балауыздың осы бір қасиеті арқасында – ежелгі әдістердің бірі матаны әрлеудің негізі каланды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Батик ДЖ.docx

— 445.62 Кб (Скачать документ)

Сабақтың  жоспары:

І.     Ұйымдастыру  кезеңі:                  3 мин

ІІ.    Жаңа тақырыпты  түсіндіру        15 мин.

ІІІ.   Жаңа сабақты  бекіту.                20 мин

          ІV.    Қортындылау                                5 мин

           V.    Үйге тапсырма                              2 мин 

 

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңін өткізгеннен кейін,  өткен сабақтарды еске түсіру мақсатында бірнеше сұраққа сөзжұмбақты шешу арқылы  жауап алып алуға болады. шешілген сөз жұмбақтың жауаптарымен байланыстыра отырып, жаңа сабақты түсіндіруге кірісімез. ең бірінші матаны көркемдеп өңдеу өнерінің даму тарихымен таныстырып кетіп, қолданатын құрал-жабдықтарымен таныстырып олардың қолдану қызыметін толық түсіндіріп кеткен  жөн.

Келесі кезең  матаның көркемдеп өңдеудің   түрелерімен олардың орындалу ерекшеліктерімен  таныстырып, соның ішінде суық батикті  осы сабақтың үстінде оқушыларға орындатып шығуымыз керек.

Сабақтың артында  қортындылауды көрме ретінде  өткізіп оқушылардың жұмыстарын бағалау керек. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Бейнелеу өнеріндегі қолөнер  әрбір халықтың тарихымен бірге  жүздеген жылдар бойы жасасып келе жатқан өнер. Оның қарапайым жарасымдылығы  мен өмір қасиетіне жарасымдылығы  уақыт өткен сайын артып, тұтынушылары да көбейді.

Халқымыздың әл-ауқаты жақсарған  сайын оның мәдениеті де бұрын-соңды  болып көрмеген дәрежеде дамыды. Үй жиһаздары, төсек-орын, киім-кешек, ер-тұрман, ыдыс-аяқ, түс-кілемдер сияқты мүліктер халқымыздың дәулетіне айналды. Халық тұрмысындағы өру, тоқу, тігу мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу  сияқтылардың бәрі де халықтық қол өнерге жатады.  Бұлардың қай-қайсында талай ғасырлық тарихы бар. Қазақ халқы өзінің күнкөріс тіршілігіне қажетті үй-жайды  қалай салуды, киім-кешек тігуді, азық-түлік өңдіруді қалай кәсіп  етіп пайдалана білсе, әсем бұйымдар да жасапөмірде сән-салтанат құра білді. Сондықтан халық қолөнерінің  қандай түрі болса да халық өмірімен, сол халықтың қоғамдық тарихымен  және күнкөріс кәсібімен тығыз байланысты болады. Халықтың қолөнерге әдет-ғұрып  жабдықтарымен қатар, аң аулауға, мал  өсіруге және егіншіліке қатысты  құрал-жабдықтар кіреді. Киіз үйдің  сүйегін (кереге, уық, шаңырық) ағаш кереует, кебене, сандық жасау, кілем, сырмақ, алаша, ши, түрлі бау-басқұрлар тоқу, арқан  керіп есу, көнкен және илеуді теріден  қайыс таспа қолдан  кепкен әрі  иленген теріден таспа тілу, өрімдер  өру, қолдан әр алуан ыдыс-аяқ жасау, алтыбақан, асадал, бесік жасау т.б. көптеген заттарды халық шеберлері, өнерпаздар өз қолдарымен жасап, түрлі  нақыштармен әшекейлейтін болды. Ертеден  біздің заманымызға дейін сақталған  мазарлар мен ескерткіштердегі, діни түрлі құрлыстардың қабырғалары  мен мұнараларындағы сәнді ою-өрнектер ағаштан қиюлап, тастан қашалып жасалған діңгектер – халықтық қолөнердің тамаша туындылары. Саз балшықты күйдіріп, ағашты майлап кептіру,шақпаққа қу жасап, оны тұтанғыш ету, бейіт, қорған, мешіт  және тағы сол сияқтыларды салған балшықты қыл, жүн, шөп-шалап арастырып  илеу, тәсілдерді өте ертеден халықтың іздену талабына, қоғам тану процесінің әсерінен туған ақыл-ойлар. Халқымыз тұрмыстық бұйымдар жасауға киіз, ағаш, мүйіз, асыл тастар, темір қолданылған.

Әрине қолөнер халық қажетін  өтейтін тамаша үлгілері көп. Солардың табылмай жатқан түрлері де баршылық.

Міне, мәдени мүраны көне деп  қарамай, оны байырғы байлығымыз деп қарап, халқымыздың тұрмыс қажетін  өтеуге тиімді пайдалануымыз керек.

Бүгінгі білікті маман  –жұмыскер өз саласындағы өндірістік міндеттерді жақсы артқарып ғана қоймай, оған қоса, жобалай білуі, дұрыс  шешім қабылдап шығармашылық жұмыстарды да орындай алуы қажет. Себебі, ғылымның қарқынды дамуына  және жаңа  технологиялардың енуіне байланысты кез келген кәсіптік мамандыққа қойылатын талаптар үнемі  өзгертіліп отырады. Осыдан келіп әр адамға өмірде 2-3 мамандықты игеру қажеттілігі  туындайды. Оқушылар «Технология» оқулығы  арқылы «Ауыл шаруашылық», «Конструкциялық  материалдарды өңдеу», «Киім тігу», «Тағам әзірлеу» технологияларымен  танысады. Сол арқылы өз беттерімен еңдек етуге, бұқаралық кәсіпті  игеруге бағыт алады.

«Қолөнер» бөлімінде ұлтымыздың салт-дәстүріне тән көптеген бұйымдарды жасаудың әдіс-тәсілдерімен қатар, олардың  теориялық негізді оқып үйретіледі. Мұндағы жасауға арналған бұйымдардың  түп-нұсқасын кәдесый міндетінде беруге болады ( асадал, келі-келісап, күбі, сандықша,т.б.). Ондай бұйымдарды алғашқыда кәдесый  ретінде беріп үйренсе, қолдары  жаттыға келе кез-келген бұйымды  жасаудың шебері бола алады. Қазақ шеберлері  жасаған зергерлік бұйымдар туралы мәліметтер алады. Мұндай бұйымдарды жасау  үлкен шеберлікті, биік талғамды, қажыр-қайратты талап етеді. Жоба жұмыстарын жасағанда, өздеріне ұнаған зергерлік бұйымдардың  қарапайым түрлерін таңдап алып, оларды жетілдіру жолдар қарастырылады.

Сәндік қолөнер түрлерімен танысу барысында ұлттық аспаптарымыз –домбыра, қылқобыз сыйкәде үлгілерін  жасап, жатығады.

Сан алуан кәсіпкердің  негізі болып табылатын жұмыс  түрлерінің практикалық жағымен  қоса сол жұмыстар жайында теориялық  білімде беріледі. Сондай-ақ әр-түрлі  техникамен жұмыс істеу кезіндегі  қауіпсіздік ержелері қарастырылған. Ол талаптарды сақтауға аса мұқият болулары керек. Білім негіздерін өмірдегі тәжірбиемен ұштастыра отырып, балалардың кәсіптің қай саласына бейім екендігін  анықтауға болады.            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер.

  1. Алексеев С. О колорите.-М.: Изобразительное искусство, 1974.
  2. Ағатаев А. Жаңа қазақ педагогикасы- қазіргі өмір талабы. // ¥лағат.- 2004.-№6
  3. Аманжолқызы А. Жаңаша оқыту- уақыт талабы. // Ұлағат. 2005
  4. Арай  Т.   Мектеп  мұғалімдерінің  кәсіби  құзіреттілігі. 
    //Бастауыш мектеп. 2006/8-9
  5. Әбжанова Т. Жапсырмалау. // «Мектептегі   технология. Технология в школе» № 5.- 2008
  6. Әл-Фараби Ғылымдарының шығу туралы. Алматы, «Наука», 1987ж
  7. Байжігітов Б. Өнер тарихы мен теориясы. «Ислам әлемі». Алматы. 1999. Бейсенов С, Бейсенова М. Сәндік қолданбалы өнер түрлерін жаңартып, жаңарту - біздің парызымыз. // Бейнелеу өнері жэне сызу.2007.-№3
  8. Бөрібекова Ф. Мұғалім іскерлігін қалыптастырудың бір жолы.//¥лағат.-2003/4
  9. Дүйсебаев С. Білім мазмұнын қайта қарау керек. // Қазастан мектебі.-№ 2
  10. Жеделов Қ. Халық педагогикасымен ұлттық қолөнеріміздің оқытылуы //Басауыш мектеп.-2007.-№27
  11. Жұмахан К. Қолөнер материалдарын технология сабақтарында оқытудың теориялық негіздері. А, 2008
  12. Жүмахан К. Қазақ сәндік - қолданбалы өнер түрлерінің  иллюстративтік анықтамасы. А, 2006
  13. Виппер Б.Р. Графика введения в историческое изучение искусства. –М.: Изобразительное искусство, 1985.
  14. Ежелгі дәуір әдебиеті «Орхон ескерткіштері тексті». Алматы, 2 кітап «Анна тілі», 1991ж.
  15. Ефимов А.В. Цвет в Японском школе. //Техническая эстетика,-1978.-№4.
  16. Соловев С.П., Астрова Г.Е. Цвет в интерьере общеобразовательных школ. –М.:1973.
  17. Қайдаров Ә., Ахтамбердиев З., Өмірбеков Б. Түр-түстердің тілдегі көрінісі. –Алматы: Ана тілі, 1992.
  18. Қасиманов С., Қазақ халқының қолөнері» Қазақ мемілекет баспасы – 1962
  19. "Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді  тұжырымдамсы". // Қазақ тарихы.- 2004.-№ 1
  20. Құдайбердіұлы Ш. Өлеңдер мен поэмалар. Алматы, «Рауан», 1999ж.
  21. Қасыманов С. Қазақ халқының қол өнері. Алматы, 1999ж.
  22. М.В. Постнова. Гильоширование. Исскусство выжигание по ткани. 1985.
  23. М.О. Синеглазова. Распишем тканль сами. М., Профиздат. 1998.
  24. Моника Стоплман, Кэрол Кроу. Ткани и другой текстиль. Норинт. СПб., 2000
  25. С.К.Кожахина. Батик. Ярослава Академия развития, 2000.
  26. Ситцевый букет. Альбом для раскрашивания. М.Малыш. 1985.
  27. Некрасов Б.Б. Учебник общей химии. Москва, «Химия», 1972г
  28. Некрасов Б.Б. Учебник общей химии. Москва, «Химия», 1972г.
  29. Павлов Б.А. Курс органической химии. Москва, «Химия», 1969г.
  30. Павлов Б.А. Курс органической химии. Москва, «Химия», 1969г.
  31. Тойлыбаева А. Сәндік қолданбалы өнердің мәні. // 
    «Мектептегі технология. Технология в школе». № 5.- 2008.-11
  32. Уайдин Ч. Қазіргі білім беру жүйесі оның артықшылығы 
    мен қайшылықтары. // Қазақстан мұғалімі. 2006.- 2 қаңтар.- 6.2.
  33. Үршігітова Б. Білім беру үрдісін жетілдірудің қазіргі 
    таңдағы бағыттары. // бастауыш мектеп. 2005.-№ 9
  34. Шоланов   Қ.Білім   деңгейі   бәсекеге   лайық   па.   // 
    Парасат.2005.-№1.
  35. Шилинбекова Т. Оқыту қажеттілігінің қажетті шарты.// 
    Қазақстан мектебі. 2006.-№5

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша

 

 

 

 


Информация о работе Бейнелеу өнерінің түрлерімен таныстыру. Батик техникасын жетк меңгеру