Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2013 в 20:15, реферат
Кәсіпорынның нақты бір жобаға қатысты инвестициялық іскерлігінің жалпы реттелуі жобалық цикл түрінде қалыптасады.
Қойылған мақсатқа жету үшін жобалық талдаудың алдына келесі міндеттер белгіленеді:
Іске асырылатын жобалардың іс жүзінде кедергі болар шектеулерді және шаралардың өзгерістерін есепке ала отырып қол жеткізетін нәтижеге баға беру.
Жоба бойынша жұмсалатын қажетті ресурстардың көлемін анықтау және олардың әр түрлі шаралар бойынша салыстыру.
Жобаның және оны іске асырылу жолдарының бірнеше болуына қарай ең тиімді жобаны қабылдауға немесе ең тиімді нұсқаны таңдауға шешім шығару.
Жобаны іске асырудан түсетін табыстарды бағалау және оны инвесторлар арасында бөлу.
Қаржылық қызметтен
ақша ағынының бөлігі қосылады: кіріс
ағындарында – тартылған
Есеп қадамын несиені алу және қайтару, сондай-ақ пайыздық төлемдер қадам басына (немесе аяғына) келетіндей алу ұсынылады.
Тиімділіктің көрсеткіштерін есептеудің алдында ақша ағындары (қажет болған жағдайда) есептеудің әрбір қадамында ақша ағынының сомалық сальдосы теріс болмайтындай түрленеді.
Жобаның қаржылық жүзеге асуын бағалау кезінде ағындары келесі өзгерістермен қабылданады:
қаражаттарының кіріс ағыны ескеріледі;
Акция ұстаушылары үшін жоба тиімділігінің есептеулерін келесі жорамалдарды ескере жүргізу ұсынылады:
1. акцияларға қатысты ғана
2. дивиденттерді төлеу үшін
3. жобаны жүзеге асыруды
2012 жылғы 1 тоқсан қорытындысы бойынша ТШИ туралы статистикалық ақпарат
Ағыны
ҚР Ұлттық банкінің статистикалық деректеріне сәйкес 1993 жылдан бастап 2012 жылғы 31 наурыз аралығында Қазақстан экономикасына тікелей шетелдік инвестициялар (ТШИ) 152,5 млрд. АҚШ доллары тартылды.
2012 жылғы 1 тоқсанда Қазақстан экономикасына ТШИ 5,9 млрд. АҚШ доллары тартылды, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 11% артық (5,3 млрд. АҚШ доллары).
2012 жылғы 31 наурыздағы жағдайы бойынша инвестор елдер бөлінісінде (тәуелсіздік кезеңінде) негізгі инвесторлар Нидерланды (38,3 млрд. АҚШ доллары, 25%), АҚШ (22,6 млрд. АҚШ доллары, 14,8%), Ұлыбритания (11,5 млрд. АҚШ доллары, 7,5%) және Франция (9,3 млрд. АҚШ доллары, 6,1%) болып табылады, оларда инвестициялардың үлесі 5% және тартылған инвестицялардың жалпы көлемі одан артық. Сондай-ақ тікелей шетелдік инвестициялардың ең көп көлемі Қытайда (6,3 млрд. АҚШ доллары, 4,1%), Италияда (5,9 млрд. АҚШ доллары, 3,8%) және Ресей Федерациясында (5,3 млрд. АҚШ доллары, 3,5%) байқалады.
2012 жылғы 1 тоқсандағы инвестор елдер бөлінісінде негізгі инвесторлар Нидерланды (3 млрд. АҚШ доллары, 51,6%), Қытай (545,0 млн. АҚШ доллары, 9,3%) және Канада (327,5 млн. АҚШ доллары, 5,6%) болып табылады, инвесторлар үлесі 5% және тартылған инвестицялардың жалпы көлемі одан артық. Сондай-ақ тікелей шетелдік инвестициялардың ең көп көлемі Францияда (245,1 млн. АҚШ доллары, 4,2%), Ұлыбритания (227,8 млн. АҚШ доллары, 3,9%) және АҚШ (176,4 млн. АҚШ доллары, 3%) байқалады.
2012 жылғы 31 наурыздағы жағдайы бойынша экономикалық қызмет түрлері бойынша (тәуелсіздік кезеңінде)ТШИ ағынының ең көп көлемі кәсіби, ғылыми және техникалық қызметке (геологиялық барлау және іздестірулер жүргізу бойынша қызметтегі артықшылық) – 60,8 млрд. АҚШ доллары (39,9%), тау-кен өндіруші өнеркәсіпке және карьерлерді игеруге – 47,4 млрд. АҚШ доллары (31,09%), өңдеуші өнеркәсіпке – 15,8 млрд. АҚШ доллары (10,4%) бағытталған.
2012 жылғы 1 тоқсандағы экономикалық қызмет түрлері бойынша ТШИ ағынының ең көп көлемі кәсіби, ғылыми және техникалық қызметке (геологиялық барлау және іздестірулер жүргізу бойынша қызметтегі артықшылық) – 2,05 млрд. АҚШ доллары (35%), ақпарат пен байланысқа – 1,6 млрд. АҚШ доллары (27,6%), тау-кен өндіруші өнеркәсіпке және карьерлерді игеруге – 1,38 млрд. АҚШ доллары (23,6%), өңдеуші өнеркәсіпке – 0,43 млрд. АҚШ доллары (7,4%) бағытталған.
Жылыстауы
2004 жылдан бастап 2012 жылғы
31 наурыз кезеңінде шетелге
2012 жылдың 1 тоқсанында ТШИ-дің жалпы көлемі 769 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 50%-ға (1 539 млн. АҚШ доллары) аз.
2012 жылғы 31 наурыздағы
жағдай бойынша инвестор елдер бөлінісінде
(2004 жылғы кезеңде) ТШИ жылыстауының ең көп көлемі Нидерланды
(21,8 млрд. АҚШ доллары, 65,8%), Ұлыбритания
(3,3 млрд. АҚШ доллары, 10%) және Ресей Федерациясы
(1,8 млрд. АҚШ доллары, 5,4 %) бағытында байқалады.
2012 жылғы 1 тоқсандағы инвестор елдер бөлінісінде ТШИ жылыстауының ең көп көлемі Нидерланд (385,2 млн. АҚШ доллары, 50,1%), БАӘ (341,0 млн. АҚШ доллары, 44,4%) және Швейцария (102 млн. АҚШ доллары, 13,3 %) бағытында байқалады.
2012 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша экономикалық қызмет түрлері бойынша (2004 жылғы кезеңде) ТШИ жылыстауының ең көп көлемі қаржылық және сақтандыру қызметтеріне (12,2 млрд. АҚШ доллары), көтерме және бөлшек саудаға, автомобильдер мен мотоцикльдерді жөндеуге (10,4 млрд. АҚШ доллары) және өңдеуші өнеркәсіпке (4,1 млрд. АҚШ доллары) бағытталған.
2012 жылғы 1 тоқсандағы экономикалық қызмет түрлері бойынша ТШИ жылыстауының ең көп көлемі көтерме және бөлшек саудаға, автомобильдер мен мотоцикльдерді жөндеуге (458,4 млн. АҚШ доллары) және кәсіби, ғылыми және техникалық қызметке (455,6 млн. АҚШ доллары) бағытталған. [32]
ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен, егер бастапқыда инвестицияны жүзеге асыру жетекшілері өз бетінше инвестицияға қатысты шешім қабылдай алатын кәсіпорынның жұмысы болып көрінсе, онда мұндай жағдайда ең әуелі шешімнің зардаптарын бағалауды үйрену керек, өйткені инвестициялардың жүзеге асырылмауы да өзінше бір стратегия. Инвестициялық стратегиясы деп ұзақ мерзімді мақсаттар кешені және оларға жетудің анағұрлым тиімді жолдарын таңдау түсініледі.
Елімізде индустриалды-
Индустриалды-инновацияны дамыту мен
оны жүзеге асыруда инновациялық қордың
рөлі ерекше. Қазақстанда инновациялық жүйені дамытуға арналған барлық
алғы шарттар бар: ғылыми әлеует, инновациялық
және қаржылық инфрақұрылым, инновациялық
кәсіпкерлік. Бұл технопарктер мен бизнес-клубтардың
құрылуын, ғылыми зерттемелерге гранттердің
бөлінуін, сонымен бірге өндірісте инновациялық
жобалардың іске асырылуы мемлекеттік
–жекеменшік әріптестік тәсілдерінің
кеңінен қолдануын көздейді. Ұлттық инновациялық
қор жобаларды дамытудың әртүрлі кезеңдерінде
қаржыландырады: идея мен үлгі жасауынан
бастап өндірістің кеңейтуіне дейін. Ұлттық
инновациялық қордың қаржыландыруының
тетігі –жоба құнынан 49 пайызға дейін
үлестік инвестиция салу.
Жалпы қазіргі таңда индустриалды-инновация картасы –елімізде
жағымды инвестициялық ахуал, бизнеске
қолайлы белбеу қалыптастырып отыр. Осындай маңызды қадамдардың
арқасында еліміздің қаржы-
Елбасы атап көрсеткендей,
2010 жылы экономикадағы өсімнің жеті пайызын
осы жылы іске қосылған жаңа кәсіпорындар қамтамасыз еткені белгілі.
Ал биылғы жылы осынау индустриалды дамудың
үлесі ел экономикасын тағы да 2,6 пайызға
арттыра түседі деп күтілуде.
Бүгінде Қазақстанның жолы – индустриалды
инновациялық дамудың кең арнасына айналып
отыр.
Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының негізінде ағымдағы жылдың өзінде бірнеше объектілер іске қосылды. Бірінші жартыжылдықта бес объекті өз ісін бастады.
Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуда инновациялық жобаларды қажет ететін өнеркәсіптің кейбір салалары да жоқ емес. Біз аграрлық елміз және біздің осы салада ресурстарымыз бар. Еліміз агроөнеркісіптік қуаттардың жетілдіру мен асыл тұқымды шаруашылықтардың дамытуымен айналысуы керек. Сонымен қатар тек шикізат экспортымен ғана шұғылданбай, ауылшаруашылық өнімнің терең өңделуіне ерекше назар аударуы өте маңызды. Бұл үшін үздік агротехниканы қолдану маңызды, қатерлі егін шаруашылығы аймағында жоғары өнімділікті қамтамасыз ете алатын ииновациялық энергия және су сақтайтын технологияларды жетілдіру қажет. Келесі маңызды сала – бұл металлургия өнеркәсібі. Бұл жерде шетелге металл сынығын сату емес, түпкілікті өнім өндірілуі үлкен маңызға ие. Біз IT-технологиялар саласында да артта қалмауымыз керек. Сонымен қатар энергия сақтау, био және нанотехнологияларды дамытуға күшті бағыттау маңызды. Үлкен ғылыми әлеует химия өнеркәсібінің дамытуында да сақталады. Біз үшін перспективті салаларды анықтап алу және әрі қарай осы салаларды жетілдіру негізінде жалпы тұрақты дамуға қол жеткізуге болады.
Қазақстандық кәсіпорындардың халықаралық деңгейде бәсекелестік қабілетін арттыратын маңызды фактор – инновациялық жобаларға салынатын инвестицияларды ынталандыру болып табылады. Елімізде инновациялық жобаларды жүзеге асыру үшін инвестициялар тарту бойынша біршама тәжірибе жинақталған, мысалға, Қарағанды, Екібастұз, Өскемен, Шымкент қалаларында инновациялық сипаттағы жобалар іске асырылған болатын. Айта кету керек, жаңа өндірістердің басты ерекшілігі – бастапқы шикізат көзі ретінде техногендік өнімдер, өнеркәсіптік тауарлар және өндірістік қалдықтар қолданылды, ал негізгі шикізат көздері, баршаға мәлім, экспортқа және басқа елдерге жөнелтілуде.
Сонымен қатар, қазіргі таңда Қазақстанда инновациялық қызметтің қажетті инфрақұрылымының жоқтығынан, инвестициялық жаңалық ашқан кәсіпорындар бірқатар қиындықтарға тап болады. Сол себепті жаңа технологияны ойлап табудан, оны жүзеге асырып, өндіріске енгізуге және өнімдер шығаруға дейін ұзақ уақыт кетеді. Атап айтсақ, қаржы институттары, әдетте, технологилық сипаттағы инвестициялық жобаларды тәуекел деңгейінің жоғары болатындығына байланысты қаржыландыруға құлықсыз. Сондай-ақ, несиелерді кепілдендіруге жоғары талаптар қойылады, ғылыми-зерттеу жұмыстарының құнын бағалау механизмі жоқтың қасы, несиелердің мөлшерлемелік деңгейі әлі де болса жоғары деңгейде қалып отыр.
Жоғарыда айтылған мәселерді шешумен қатар, инвестициялар туралы заңнаманы да жетілдіріп, инвестициялық белсенділікті арттыратын жағдайлар жасау керек. «Инвестициялар туралы» жалғыз заң еліміздегі инвестициялау және инвестициялық жобалау мәселелерін шешуге жеткіліксіз. Атап айтқанда, тікелей, қоржындық және ішкі инвестицияларды тарту арқылы инвестициялық жобаларды тиімді құруға және жүзеге асыруға кедергі болып тұрған келесі жағдайларды айтуға болады:
Индустриялық-инновациялық даму үшін жағдайлар жасау ұлттық инновациялық жүйелерді дамыту, индустриялық дамуды және техникалық реттеу мен метрология жүйесін дамытуды инвестициялық қамтамасыз ету сияқты мақсаттарға қол жеткізумен негізделген.
Ұлттық инновациялық жүйенің негізгі элементтерін қалыптастырудың 1-ші кезеңінде (2005 – 2007 жылдар) Ұлттық инновациялық қорды, Ғылым қорын, Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығын, 8 өңірлік технопаркті, 11 отандық және шетелдік венчурлік қорларды қамтитын қаржы және инновациялық инфрақұрылым құрылды.
Бүгінде «ҰИҚ» АҚ 563 жобаны қарады, оның ішінде: 176 инвестициялық жоба, 383 ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық әзірлеме, 4 жоба NIF$50K жыл сайынғы конкурсының жеңімпаздары. 2010 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша тау-кен өндіру, мұнай-газ, химия және медицина өнеркәсібі, машина жасау, ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы, ақпараттық технологиялар саласы, құрылыс, металлургия саяқты салаларда 46 ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық әзірлемелер мен 5 инвестициялық жоба аяқталды.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы 14.12.2012.
2. Омарова А.К. Инвестицияны қаржыландыру және несиелеу: Оқулық – Алматы: Таугуль Принт, 2009-236б.
3. Әлжанова Н.Ш. Инвестициялық жобалау: Оқу құралы. – Алматы. 2007-35-37бб.