Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2013 в 20:15, реферат
Кәсіпорынның нақты бір жобаға қатысты инвестициялық іскерлігінің жалпы реттелуі жобалық цикл түрінде қалыптасады.
Қойылған мақсатқа жету үшін жобалық талдаудың алдына келесі міндеттер белгіленеді:
Іске асырылатын жобалардың іс жүзінде кедергі болар шектеулерді және шаралардың өзгерістерін есепке ала отырып қол жеткізетін нәтижеге баға беру.
Жоба бойынша жұмсалатын қажетті ресурстардың көлемін анықтау және олардың әр түрлі шаралар бойынша салыстыру.
Жобаның және оны іске асырылу жолдарының бірнеше болуына қарай ең тиімді жобаны қабылдауға немесе ең тиімді нұсқаны таңдауға шешім шығару.
Жобаны іске асырудан түсетін табыстарды бағалау және оны инвесторлар арасында бөлу.
4.Жаңа өнім шығару мақсатында кәсіпорынды кеңеуту. Жобалардың бұл түрі жаңа стратегиялық шешімдердің нәтижесі болып табылады және бизнестің мәнінің өзгерісін қозғауы мүмкін. Жобаның осы түрі үшін талдаудың барлық кезеңдері теңдей дәрежеде маңызды болып келеді. Жобалардың осы түрлерін әзірлнген кезде жіберілген қате кәсіпорынды неғұрлым сәтсіз жағдайларға алып келетінін атап кеткен жөн.
5.Экологиялық жүгі бар жобалар.
6.Шешім қабылдаудағы маңыздылығы аса жоғары емес жобалардың түрі. Мұндай жобалар жаңа офис салу, жаңа автомобиль сатып алу және т.с.с. қамтиды.
Болашақ инвестициялық жобаның бизнес идеясы тұжырымдалғаннан кейін, кәсіпорын сол бизнес идеясын іске асыра ала ма деген сұрақ туады. Бұл сұраққа жауап беру үшін кәсіпорынның тиісті экономикалық саласының жағдайы мен сала шеңберіндегі кәсіпорынның салыстырмалы
жағдайын талдау керек. Талдаудың осы түрі
инвестициялық жобаны әзірлеу мен оны талдаудың алдан ала
саланың пісіп – жетілуі;
кәсіпорынның бәсекеге жарамдылығы.
Саланың пісіп-жетілуін оны даму жағдайының төрт түрінің біреуіне жатқызу арқылы талдау қалыптасқан: эмбрионалдық, өспелілік, пісіп жетілген немесе ескірген. Екінші критерийге сәйкес, кәсіпорынның тиісті сала шеңберінде оныңбәсекеге жарамдылығын орнату керек. Басқаша айтқанда, тауар мен қызмет көрсетудің мақсатты нарығында берілген кәсіпорынның басқа кәсіпорындармен салыстырмалы жағдайын анықтау. Әдетте кәсіпорынның негізгі алты жағдайын қолданады: басым, мықты, тұрақсыз, әлсіз, өмір сүре алмайтын.
Кәсіпорынның пісіп- жетілу критерийі мен бәсекелік қабілетін салыстыру арқылы кәсіпорынның өмір сүру циклының матрицасын құруға болады және ол матрица конструктивті сипатқа ие болады: кәсіпорынның жағдайын қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамуы бойынша қағидалық кеңестер береді. [4,4-7бб]
Жобаны талдаудың алдан ала кезеңінің соңғы нәтижесі көрсетілген критерийлер бойынша нақты бір кәсіпорынның жағдайын белгілеу болып табылады, яғни берілген кәсіпорынның матрицадағы нақты «торға» жататындығын білдіреді.
Талдаудың алдын ала кезеңі уақыт бойынша ұзақ болмауы керек
және алдын ала кезеңінде жасалатын қорытындылар сапалық бағаларға негізделеді. Соған қарамастан, бұл кезең келесі екі себепке байланысты қажет
стратегиялық инвестормен ары қарай қатынас жасау барысында саланың пісіп-жетілуі мен кәсіпорынның бәсекелік жағдайы туралы мәселелер міндетті түрде қозғалады және бұған алдын ала дайындалу керек;
егер кәсіпорынның басқарушылары талдауға назар аудармаса, онда стратегиялық инвестор бұл жұмысты өзі атқарып, оң нәтижелерге келмеуі мүмкін.
1.2 Инвестициялық жобаның өмірлік циклі
Кез келген инвестициялық жоба
Кәсіпорынның нақты бір жобаға қатысты инвестициялық іскерлігінің жалпы реттелуі жобалық цикл түрінде қалыптасады және ол циклдың келесі кезеңдерге ие.
1) Жобаның қалыптасуы. (кей уақытта "идентификациялау" термині қолданылады). Бұл кезеңде кәсіпорынның жетекшілерінің жоғары құрамы кәсіпорынның ағымдағы жағдайына анализ жасап, кәсіпорынның арықарай дамуының пайдалы бағыттарын анықтайды. Анализдің нәтижесі бизнес идеясы түрінде толтырылып, кәсіпорынға неғұрлым маңызды есепттерін шешуге бағытталған. Бұл кезеңде идеяның жүзеге асуындағы неғұрлым көбірек көндіретін аргументациялар бар болу керек. Кәсіпорынның арықарай дамуында бірнеше идеялар пайда болу мүмкін. Егер олардың барлығы бірдей дәрежеде пайдалылығымен және іске асатындығымен ұсынылса, онда өңдеудің соңғы кезеңінде олардың ішінен неғұрлым тиімдірегін қабылдау үшін осымен қатар бірнеше инвестициялық жобалар өңделеді.
2) Жобаны өңдеу (дайындау). Жобан
3) Жобаның экспертизасы. Жобаның іске асуының алдында оның квалификацияланған экспертизасы - жобаның өмір-сүру циклының керекті кезеңі. Егер жобаның қаржыландырылуы негізінде стратегиялық инвестордың қаржысымен(несиелік немесе тікелей) іске асса, онда инвестордың өзі экпертизаны жүргізеді, мысалы болашақта жобаны іске асыру процессінде ақшасының көп бөлігін жоғалтуынан гөрі бұл кезеңде беделді бір консалтингтік фирмасына кететін ақшасының кейбір бөлігін жұмсауды қалау мүмкін. Егер кәсіпорын инвестициялық жобаны өзінің құралдарының басымдылығымен іске асыруын жоспарласа, онда жобаның экспертизасы жобаның негізгі жэағдайларының дұрыстығын тексеру үшін де керекті.
4) Жобаны іске асыру. Бұл кезең бизнес-идеяның дамуынан бастап жобаның іске қосылу мезетіне дейін толық қамтиды. Бұл жерге іскерліктің барлық түрінің орындалуына көз салынады және мемлекеттің ішіндегі реттеуші органдарының мен шетелдік немесе отандық инвесторларының бақылауы кіреді. Берілген кезең жобаның іске асуының негізгі бөлігін де қамтиды, ал оның мақсаты шығатын инвестицияны жабу үшін жобамен өндірілетін ақша ағымдарының жеткіліктігін тексеру және инвесторлардың салынған ақшаларынан күтетін қайтарылымдарын қамтамасыздандыру.
5) Нәтижелерді бағалау. Бұл жобаның соңында және жобаны орындау процессі кезінде жүргізіледі. Бұл іскерлік түрінің негізгі мақсаты жобаға салынған идеялары мен олардың іс жүзіндегі орындалу дәрежесі арасындағы нақты кері байланысын алу болып келеді. Ұқсас салыстырулардың нәтижесінде жобаны құрастырушылардың құнсыз тәжірибесі қалыптасады және оны құрастыру кезінде мен басқа жобаларды іске асырғанда қолдануға мүмкіндік береді. [5,29-31бб]
Барлық инвестициялық жобаларды төрт түрге бөлуге болады:
Тәуелсіз
Өзара шектеуші
Өзара толықтырушы
Өзара ықпал етуші.
Инвестициялық жобалар басқалардың жүзеге асуы әсер етпеген жағдай да ол тәуелсіз болып табылады.
Өзара шектеуші-бұл жоба кезінде басқа бір жоба әсерінен басқалардың жүзеге асырылу мүмкіншілігі болмайтын жобалар.
Инвестициялық жобалар бір уақытта
Өзара ықпал етуші-бұл жоспарланған жобаның жүзеге асырылу әсерінен қосымша тиімділік әкелетін жобалар.
Инвестициялық жобаның
Инвестициялық жобаның ерекшеліктеріне байланысты келесідей типтерге бөлуге болады:
Шағын жобалар-бұл өзінің ерекшелігіне байланысты өте аз шығынды қажет ететін, мақсаты-пайда табу болып табылатын шағын кәсіпкерелікті жүзеге асыруға бағытталған шаралар кешенін сипаттайды.Шағын жобаларды іске асыру мерзімі-қысқа және орта мерзімді болады.
Ірі жобалар-бұл белгілі бір ортақ мақсатқа арналған
көптегн жобалардан тұратын мақсатты
бағдарламаны білдіреді.Бұл бағдарламалар
халықаралық,мемлекеттік,
Мульти жобалар-бұл жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қайта құру,жаңғырту және жаңадан құру мақсатындағы бағдарламаларды білдіреді.Бұл жобаларды іске асыру-қысқа және орта мерзімді сипатта болады.
Халықаралық жобалар - экономикада біршама күрделі және құндылығымен, сонымен қатар атқаратын рөліне байланысты басқалардан ерекше.Бұл жобаның басты ерекшелігі-оны іске асыру барысында нарықтан қажетті құрылыстық жобалар мен материалдар алынып пайдаланылады.Сондай-ақ,ортақ мақсатты бар және бірлескен түрде қаржыландыруды қажет ететін бағдарламаны сиаттайды.Халықаралық инвестициялық жоба оған қатысушы мемлекеттер немесе қаржылық ұйымдар арасында алдын ала жасалынған келісімшарттар негізінде жүргізіледі. [6,69-71бб]
Сонымен қатар, кез келген инвестициялық жоба оны дайындау, іске асыру барысында үш кезеңді басынан өткізеді:
1-кезең. Инвестициялау алдындағы кезеңде жобалау объектісінде кәсіпорынның болашақ мүмкіндіктері зерттеледі.Инвестициялар туралы шешімдер алдын ала қабылданады.
Мемлекеттік-кешендік сараптама бойынша республикалық бюджет қаражаттары есебінен жүзеге асырылатын, заңға сәйкес мемлекеттің қолдауын талап ететін, үкімет кепілдігіне шетелдік несие арқылы жүзеге асырылатын, заңға сәйкес мемлекеттің қолдауын талап ететін, үкімет кепілдігіне шетелдік несие арқылы жүзеге асырылатын инвестициялық жобалар жатады. Құжаттарды тексеру нәтижесінде экспорттық қорытынды шығарылады, яғни инвестициялық жобаға экономикалық, теникалық, қаржылық және әлеуметтік баға беріледі. Бұл кезеңде жобаны жүзеге асыру мүмкіндіктері талданады.
Инвестициялау алдындағы кезеңнің өзі үш сатыдан тұрады:
инвестицияға қажетті ресурстарды іздестіру;
жобаны алдын ала дайындау,яғни оның жобалық сметасының құжаттарын дайындау;
жобаны жасауды аяқтау
және оның техникалық,экономикалық,
Сондай-ақ,бұл кезеңде келесідей шаралар жүзеге асырылады:
инвестициялық санаға жобалық идеялардың ауысу мақсатымен инвестициялық мүмкіндіктерді анықтау
жобаның жағымды және жағымсыз жақтарын көру мақсатында техника-экономикалық дайындық жүргізу жобаның нақты артықшылықтарын анықтау мақсатында бизнес-жобаның бөлімдерін құру жобаның сараптамасын жасау.
2-кезең. Инвестициялау кезеңі. Бұл жобаны таңдап алуды,объектінің модельдері мен сызбаларын дайындауды,құнды толық,дәл есептеуді қамтиды.Бұл сатыда қаржылық,заңнамалық ұйымдастыру негізі,құрылтай құжаттары дайындалады.Басқарудың ұйымдастырылу құрылымы,техника мен технология таңдалады және маркетингтік зерттеу жүргізіледі.
Инвестициялау кезеңі де үшш сатыдан тұрады:
келісім жасау,тендер жұмыстарын ұйымдастыру
құрылыстық,монтаждық жұмыстарды ұйымдастыру
жоба бойынша құрылыс жұмыстарын аяқтау.
Шаралары:
- инвесторлармен, жабдықтаушылармен, мердігерлермен жүргізілетін мәмілелердің, келісімшарттардың қорытындыларын жасау
- тартылған инвестицияның көлемін анықтау
- құрал-жабдықты монтаждау
- жер учаскесін алу
- өндірістің бас жоспарын дайындау
- мамандарды қабылдау және оқыту
- маркетинг жүргізу
3-кезең.Үшінші кезеңде құрал-
Жаңадан құрылған объектілерді игеру және пайдалану кезеңі де үш сатыдан тұрады:
- монтаждау
- өндірісті іске қосу
- жобаны аяқтау және пайдалануға беру
Шаралары:
- өндіріс мониторингі,яғни нақты мәліметтерді жоспарланған мәліметтермен салыстыру
- теріс жақтарды табу және олардың себептері.
Жоғарыда аталып өткен кезеңдердің жүргізілуінің өзіндік тәртібі болады: